Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан облысының Білім, жастар саясаты және тілдерді
дамыту басқармасы
ГУМАНИТАРЛЫҚ АГРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Малдәрігерлік істі ұйымдастыру пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖYenМЫС
Тақырыбы: Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік. Білім алушының аты-жөні: Исабек Асан Нурланүлы
Аксукент-2015ж
Арнайы пәндер ЦК отырысында қаралды.
Хаттама № 2015 ж
ЦК төрағасы:
Малдәрігерлік істі ұйымдастыру пэні бойынша курстық жұмысқа
ТАПСЫРМА
Топ: ВТЗЗ-4
Мамандығы: 1513000- Ветеринария
Оқушының аты-жөні: Исабек Асан Нұрланұлы Тақырыбы: Малдәрігерлік саласындағы кәсіпкерлік.
Қурстық жұмыстың жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның (индивидуалдық) ветеринарлық кәсіпкерлік іс эрекеті.
Ветеринарлық іс эрекетпен шұғылданушы кооперативтер кіші кэсіпорындар, серіктестіктер.
Ветеринарлық қызмет көрсетуші, препараттар және ветеринарлық бұйымдар өндіруші кіші кәсіпорындар.
Ветеринариялық қызмет көрсетуші серіктестіктер және т.б. бірлестіктер.
Жеке меншік ветеринарлық қызметті ұйымдастыру.
Жекеменшік кэсіпкерлік ветеринарлық қызметпен шұғылданушы субъектіге лицензия беру туралы ережелер.
Жекеменшік кэсіпкерлік ветеринарлық қызметті лицензиялаудың шарттары.
Мал шаруашылығымен шұғылданушы кәсіпорындардағы ветеринарлық қызметті ұйымдастыру.
Шаруашылықтағы ветеринария мамандарының жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары
Қорытынды.
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.
Орындалу мерзімі:
Курстық жұмыстың жетекшісі: Фатхуллаев Х.Х.
I. Кіріспе
Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соган орай ветеринарлық гылым құрамында жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы гылым пәндер кіреді. Ветеринарлық гылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру пәны бул біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты -- азық өнымдерны дамыту, мал өсіруші, шаруашылықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Сонымен қатар мемлекеттік, ведомсвтолық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде әлеуметтік экономикалық реформаның дамытуда ветеринарияның өте зор. Әлеуметтік экономиканың қайта құру нәтижелі деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Аудандағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік-экономикалық істің факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мэдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта вет еринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Өкінішке орай, Сайрам ауданыңда және көршілес аулдарда әлеуметтік-экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта қалғандай кері әсерін тигізіп отыр. Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында эртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ, ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқықтьщ құжаттар, білікті мамандарды даярлау, эртүрлі ветеринарлық қызметке арналған құрал-жабдықтар , препараттар, дәрі-дәрмектермен аспаптар жасау. Ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта құру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.
Пән құрамында ветеринарлық заңцылық жинағынан негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы , ветеринарлық санитарлық бақылау
ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жүргізу және тағы басқа тауарлар бар.
Пән тарауының әрқайсысында өзіне пән ветеринарияның ұйымдастыру экономикалық іс-әрекетті мэнісі, қыры, сипаты қаралады.
Мәселен ветеринарлық заңдылық деп - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т.б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар жергілікті экімшілік және барлық азаматтардың мал шаруашылығында ет-сүт, мал текті шикізат өндеуші өнеркәсіпте, көлікте , халық шаруашылығының басқа да салаларында ветеринарлық санитарлық қолайлықты қамтамасыз ететін қызмет тэртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру істі ұйымдастыру пәні ветеринарлық заңдылық қағидаларына сәйкес, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді, ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын , ветеринария мамандарымен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара қарым-қатынасын, сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін мемлекеттік және ведомсвталық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбек ақы төлеуді зерттейді.
Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу , емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.
Ветеринарлық статистика - малдардың ауруға, өлім-жітімге ұшыраушылығын, ауру таралуын, қолданылған шаралар тиімділігін және оның әр түрлі себептерге тәуелділігін(мал фермалары мен кешендердегі мал басы саны, ветеринарлық мамандар және қажетті ветеринарлық мүлікпен қамтамасыз етілуі) зерттейді.
Ветеринарияға жүргізілетін бухгалтерлік тіркеу мен есеп жұмыстары ветеринарлық шараларды қаржыландыру, втееринарлық жұмысқа арналған дүние-*мүлік пен қаржыны тіркеуге және ветеринарлық мекемелерге қаржы бөлу жоспарлары мен олардың шыгын сметасын құру тэртібін, қаражат пен дүние мүліктің үнемді эрі тиімді пайдалануын бақылауға бағытталган.
Пәннің өзекті тарауларының бірі - ветеринарлық-санитарлық қадағалау. Ол мал фермаларында, көлікте өңдеу ұқсату өнеркәсібінде, базарларында мемлекет шекарасында ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыруды және мал өсіру , жануарлар текті өнім мен шикізатына байланысты барлық кәсіпорындар мен ұжымдарда ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыруды зерттейді.
Ветеринарлық ғимараттар құрылысын салуды ұйымдастыру тарауында құрылыс алаңын таңдау, оны жергілікті жағдайға үйлестіру, қаржыландыру сметасын құру, құрылыс барысын бақылау және құрылыс жұмыстары аяқталған соң қабылдау мәселелеріне тоқталады.
Ветеринарлық бұйымдар мен мүлікке негізделген тапсырыстар жасауды ұйымдастыру, оларды құру тэртібі, ветеринарлық мүлік қорларын бөлу, ЗООВЕТ жабдықтау бірлестіктерінің , бөлімдерінің және дэріханаларының жұмысын ұйымдастыру, бөлінген ветеринарлық бұйымдар мен мүліктердің тиімді пайдаланылуын қадағалау мәселелержі ветеринарлық жабдықтау бөлімінде қаралады.
Ветеринарлық іс қағаздарын жүргізу тарауында ветеринарлық мекмемелер ветеринарлық қызмет топтары іс-қағаздарын Ауыл шаруашылық министрлігі нұсқаулары мен мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүргізу сөз етіледі. Бұл бөлімде соған орай ветеринарлық құжаттар, куэліктер, анықтамалар, актілер, хаттамалар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б. құжаттар жасау, толтыру ережелері мен тәртіптері баяндалады.
Ветеринария ісін ұйымдастыру, оның мақсаттары және маңызы.
1.1. Ветеринария ісінің мағынасы, мақсаттары және маңызы.
Ветеринарияның негізгі мақсаты - мал шаруашылыгының ветеринарлық- санитарлық сәттілігін сақтап, одан санитарлық сапасы жогары өнімдер мен шикізаттар өндіруді қамтамасыз ету. Сондай-ақ , ол халықты зооантропоноздардан сақтау, елімізді шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қоргау шараларында ұдайы жүргізіліп отырады. Ветеринария ісінің жалпы магынасы оның өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін, сан- алуан арнайы шараларды іске асыруда екені көрінеді.
Сондықтан ветеринария ісі деп, малды аурудан сақтандыру, емдеу, одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды зооантропоноздардан сақтау сияқт ы мемлекеттік, шаруашылық, қогамдық шаралар кешенін айтады.
Ветеринария ісінің жағдайы қоғамдық құрылысқа, өндірістің даму деңгейіне , материалдық-техникалық жабдықтауга, гылым мен мәдениеттің, ветеринария саласында білім берудің дамуына, кадрлар мен қамтамасыз етуге көп байланысты болады.
Бұрынгы Кеңес Одагының ьщырауы және оның құрамындағы елдердің егемендік алуы терең экономикалық реформаларга, нарықтық қатынастардың қалыптасуына әкеледі. Бұл жағдай өкінішке орай ветеринария ісінің бұрынғы қалпына кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығының күрт құлдырауы ветеринарлық қызметтің де ыдырауына және мал ауруларының таралуына согатына сөзсіз. Мұндай жагдай қоғамды да, мемлекетті де ешбір қанағаттандырмайды. Себебі, ветеринария ісінің төмен деңгейде мал ауруларына орасан зор шығындар жасауга мэжбүр етеді.Бұл - ветеринария ісін ұйымдастыру деңгейінің
экономикалық және әлеуметтік түйінді мэселелерін шешу үшін зор ықпалы бар екенін көрсетеді. Еліміздегі ветеринария ісінің жағдайын ныгайту үшін , Республика Үкіметі және мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар соңғы уақытта көптеген құқықтық нормативтік құжаттар қабылдап отыр. Соның ішінде Ветеринария туралы заң және оны дамыта түсуші бірсыпыра тіркес құжаттар бар. Үкімет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің құрылымын жетілдіру, мамандар дайындаудың сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мал шаруашылыгының ветеринарлық-санитарлық жағдайына, шаралардың тиімділігіне қатаң талап қою сияқты жұмыс жүргізілуде.
Ветеринария ісінің арнайы шаралар жүйесі ретінде халық шаруашылық немесе экономикалық зор маңызы бар, мэселен ветеринарлық қызметтің тікелей қатысуымен мал ауруларынан сақтандыру. Малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі. Осының өзі -ақ бұл істің экономикалық маңызын көрсетеді.
Ветеринарияның әлеуметтік маңызы - оның қалыпты зооантропоноздардан сақтандыру, қорғау шараларын жүргізуден көрінеді. Осыдан: адам медицинасы - адамды, ал ветеринарлық медицина - адамзатты емдейді - деген, қанатты сөздер пайда болған.
Ветеринария ісіне қорғаныстық мағына да беріледі. Мэселен, шекарадағы экспорттық-импорттық тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жұқпалы мал аурулары енуінен қорғау, шекаралық ветеринарлық бақылау мекемелеріне жүктелген.
Қазіргі кезеңде ветеринарлық-санитарлық талаптарга сай келмейтін көптеген шағын кэсіпорындар, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары және т.б. жеке меншік іскерлік құрылымдар пайда болуда. Бұл жағдай нарықтық экономика кезінде ветеринария ісінің маңызын арта түсетінін көрсетеді және м емлекеттік ветеринарияның Ветеринария туралы заңының орындалуын бақылауды күшейте түсуін талап етіп отыр.
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті ұйымдастыру Ветеринариядағы жеке меншік кәсіпкерлікпен шуғылданудың үлгілері және оның
қүқықтық нормативтік негіздері
Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңында еліміздегі ветеринарлық қызметтің бір тармагы жекеменшік кэсіпкерлік негізіндегі ветеринарлық қызмет деп көрсетілген Ветеринарлық қызметтің бұл түрі дамыған капиталистік елдерде кең тараған. Ол елдердегі ветеринария мамандарының басым көпшілігі (65-80% жуығы) жекеменшік іскерлік қызметпен шұғылданады.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде жекеменшік іскерлік ветеринарлық іс- әрекетпен шұғылданудың жаңа үлгілерімен құрылымдары біздің елімізде де пайда бола бастады. Олардың қатарына кооперативтер, жеке тұлға ретінде қызмет көрсетуші мамандар, серіктестіктер т.б. құрылымдар жатады.
Жекеменшік кәсіпкерлік іс эрекетпен шұғылданудың құқықтық нормативтік негіздері ҚР Ветеринария туралы және Лицензиялар беру туралы заңдарында айқындалып бекітілген. Осы заңдарға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ветеринарлық жекеменшік кэсіпкерлік іс әрекетпен шұғылдануға ерік берілген. Сол үшін бұл тұлғалар арнайы лицензия алуға тиісті. Лицензия үлгісін және оны беру тэртібін ҚР Министрлер Кабинеті бекітеді.
Ветеринарлық жекеменшік кэсіпкерлікпен шұғылданушы тұлғалардың қызметін басқару және бақылау мемлекеттік ветеринарияның орталық және жергілікті басқарушы органдарына жүктеледі. Бұл тұлғалар өз жұмысын атқару үшін лицензиялар беру туралы заңды және ветеринарияны басқарушы органдардың тиісті ережелерін басшьшыққа алуға, орындауға міндетті.
Жеке тұлғаның (индивидуалдық) ветеринарлық кәсіпкерлік іс әрекеті
Ветеринарлық медицина дэрігері немесе фель дшері Қазақстан Республикасының өз күшіндегі заңдарына сәйкес жеке тұлға ретінде ветеринарлық кэсіпкерлікпен шұғьшдануға ерікті. Сол үшін олар мемлекеттік ветеринарияның жергілікті органына лицензиясын жергілікті үкімет органының тиісті рұқсатын алып, салық инспекциясына тіркеулег міндетті.
Ветеринарлық кэсіпкерлікпен шұғылданушы мамандар жұқпалы аурулар пайда болғаны туралы ветеринарияның жергілікті органдарына жедел хабар беріп, өз тарапынан ауру көзі мен ошағын жою шараларын қолдануға міндетті. Эпизоотиялар барысында олар мемлекеттік ветеринария органдарының нұсқауларына сәйкес, ветеринарлық шараларды
жүргізеді. Орындалған жұмысы туралы кэсіпкер мамандар жергілікті ветеринарияньщ тиісті мекемелеріне есеп беріп отырады.
2.3. Ветеринарлық іс әрекетпен шұғылданушы кооперативтер кіші кәсіпорындар, серіктестіктер Ветеринарлық кэсіпкерліктер
Кооператив деп ветеринарлық медицина дэрігерлері, фельдшері басқа да мамандар мен жұмысшылардың (санитарлар, оператрлар және т.б.) өз еркімен құрған ұжымын айтады. Ол - шаруашылық есеп , өзін-өзі қаржыландыру және басқару негізінде ветеринарлық қызмет көрсететін ұжым. Ауыл шаруашылық бірлестіктердің бір түрі ретінде ол да өз жұмысына төлемақы алады. Сол үшін республикалық ветеринарлық орган бекіткен бағалар тарифін пайдаланады, кейде тұтынушымен келісім шарт бойынша белгіленген багалаларды пайдаланады.
Кооперативтің заңды тұлға ретінде дербес балансы және банкте есеп шоты болады. Ол жергілікті экімшілікте жаргысын тіркеген соң, ресми түрде құрылды деп саналады. Жарғы кооператив құруга ынталы ветеринария мамандарының жалпы жиналысында (кемінде 3 адам қатысқан) қабылданып, жергілікті үкімет органдарында бекітіледі. Кооператив мүшесінің пайлық үлесі де, жалпы жиналыста белгіленеді, кооператив жаргысы жалпы ережелер, негізгі мақсат пен іэс әрекет, копператив мүшелерінің кұқықтары, кооперативті басқару, өндірістік және әлеуметтік іс эрекет дейтін бөлімдерден тұрады.
Кооперативтің бюджеті, оның кұрамындағы мүшелердің еңбек ақысы, сайып келгенде мамандардың кәсіби шеберлігіне еңбек өнімділігіне, еңбекке қатысу коэффициентіне және басқа да экономикалық көрсеткіштерге байланысты.
Кооператив пен шаруашылықтар арасындағы қарым-қатынас өзара келісім шарт бойынша реттеледі. Шартта ветеринарлық шараларды орындау үшін, екі жақтың да міндеттері жауапкершілігі ашық айтылуы тиіс. Кооператив өз қызметін ҚР заңдарына , өз жарғысына, өндірістік субъектілермен жасасқан келісім шартқа, мемлекеттік ветеринарлық органдардың нормативтік-құжаттарына сэйкес жүргізуге міндетті. Оған жүктелген жұмыстар алдын алу шаралары жоспарына қосып жазылады.
Кооператив жасаған келісім шартқа бағалар туралы хаттама тіркелуі тиіс. Ол өзара есеп айырысу үшін қажет. Бұл құжат екі жақтан да қол қойылып, мөр басылып бекітіледі.
2.4. Ветеринарлық қызмет көрсетуші, препараттар және ветеринарлық буйымдар өндіруші кіші кәсіпорындар
Кіші кәсіпорындарды мемлекеттік ветеринарлық мекемелер құрады. Кіші кәсіпорындарға толық көлемде ветеринарлық қызмет көрсету немесе кейбір ветеринарлық жұмыстарды орындау, ветеринарлық препараттар және т.б. және өнімдер өндіру жүктеледі. Бұл типті кәсіпорындардың 200-300 адамға дейін жұмыскерлері болуы мүмкін. Осындай кәсіпорындардың бұрынғы үкімет тұсындағы үлгілері ретінде облыстық ветеринарлық санитарлық жасақ пен өндірістік ветеринарлық лабораторияны айтуға болады. Бұлар шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру негізінде әрқайсысы өзіне тэн бағытта жұмыс істеген еді. Кіші кәсіпорын өзін кұрушы мекеменің бақылауы мен дербес шаруашылығын жүргізеді. Бұлар өзара қарым-қатынасын келісім шарт бойынша жүргізеді.
Кіші кәсіпорын заңды тұлға , оның дербес балансы, банкте есеп-шоты, мөрі, штампы, ресми бланкісі бар оның қызметі өз жарғысы және ҚР өз күшіндегі заңдары арқылы реттеледі.
Кәсіпорын өз міндеттемелеріне өзіне тиісті мүлкімен кепілдік етіп жауап береді. Ол мемлекеттің және өзін құрушы мекеменің міндеттемелеріне жауап бермейді және керісінше мемлекет пен мекеме кіші кәсіпорынның міндеттемелері үшін жауапты емес, осыған орай кәсіпорын келісім шарттағы міндеттемелерін мемлекет қойған талаптарды және өз міндеттерін ескеріп жұмыс бағыттауға жоспарлауға, реттеуге ерікті.
Кәсіпорынның жарғысы жалпы жиналыста қабылданып, жергілікті әкімшілік органдармен бекітіледі және тіркеледі.
Осы сәттен бастап ол құрылды деп саналады және жұмысына кірісуге рұқсат етіледі. Жарғыда кәсіпорынның құқықтары, мақсаты, қаржысы , мүлкі оны басқару тэртібі, жұмысын тоқтату тэртібі көрсетіледі.
2.5. Ветеринариялық қызмет көрсетуші серіктестіктер және т.б. бірлестіктер
Серіктестіктер шаруашылықтағы ветеринария мамандары мен жұмысшыларының өз еркімен бас қосып ұйымдасуы негізінде құрылған жекеменшік кэсіпорын. Оның басты мақсаты шаруашылықтағы малдарға меншіктегіне қарамастан ветеринарлық қызмет көрсету, мал шаруашылығы өнімдерін дайындау және сатуға ветеринарлық бақылау жасау.
Серіктестік мал шаруашылығының жұқпалы аурулардан сәттілігі үшін және жұқпайтын аурулардың кең таралып, малды өлім -жітімге ұшыратпауы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол ветеринарлық қызмет объектілерінде қатаң ветеринариялық- санитариялық тэртіп орнатуға және ҚР Ветеринария туралы заңының оған тіркес басқа да нормативтік құжаттарының орындалуына жауапты.
Серіктестіктің толыққанды заңды тұлға ретінде дербес балансы, банкте есеп-шоты бар сондай-ақ оның мөрі, бұрыштама штампы, ресми бланкісі болады. Ол толық шаруашылық есеп өзін-өзі қаржыландыру өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейді, өз міндеттеріне өз дүние мүлкі мен қаржысымен жауап береді. Мемлекет міндеттемелері үшін ол жауапты болмайды. Серіктестік жергілікті үкімет тіркеген жарғысына және ҚР заңдарын басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алып шаруашылықпен жасасқан келісім шарт бойынша жұмыс атқарады.
2.6. Жеке меншік ветеринарлық қызметпен шұғылданушы субъектілердің табыс көздері және оның үлестірілуі
Жекеменшік кэс іпкерлік ветеринарлық қызмет өзіне берілген лицензиясы бойынша рұқсат етілген жұмыстарды гана орындайды. Мысалы ондай қызмет қатарына жататындар: Кеңес беру, диагноз қою, емдеу, алдын-алу шараларын жүргізу, ветеринарлық санитарлық жұмыс, хирургиялық жұмыс, шақыру бойынша көмек көрсету, ветеринарлық препараттарды , құрал-саймандарды, таңғыш материалды сату, лабораториялық зерттеулер.
Ветеринарлық қызмет көрсету бағалары жұмысты орындау үшін жұмсалатын шығындардың нормативтік мөлшеріне байланысты тағайындалады. Бұл шығындардың негізгі бабы еңбек ақыға бөлінген қаржы ол шаруашылықтарда ветеринарлық жұмыстарды орындау үшін жұмсалатын уақыттың типтік нормаларына және еңбекақының тарифтік мөлшеріне сәйкес есептеледі. Инфляциялық үрдіске байланысты бағалар уақытша болатын және олар өзгертіліп отырады. Соңғы жылдары ветеринарлық қызмет көрсету бағалары тұтынушы мен орындаушы тұлғалардың өзара келісім шарты бойынша да анықталып жүр.
Жекеменшік кэс іпкерлік ветеринарлық қызметпен шұғылданушы кэсіпорын бюджетінің кіріс және шығыс бөлімдері бар. Кіріс көрсетілген қызметі үшін алынған ақьщан препараттарды , тауарларды сатудан кредитке алынған қаржыдан және басқа да түсімдерден құралады. Бюджеттің шығыс бөлімі іргелі жарақтарды ұстауға (ғимараттар, техника және т.б.) дүние-мүлік, дэрілер мен биопрепараттар , ветеринарлық бұйымдар сатып алуға жұмсалған қаржьщан тұрады. Шығыс бөлімінің үнемі бақылауда болатын баптары - салықтарды (қосымша құн салығы, пайда салығы) өтеуге және еңбек ақы төлеуге жұмсалатын қаржылар. Еңбекақының жоғарғы мөлшеріне шек қойылмайды.
2.7.Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметпен шұғылданушы субъектіге лицензия беру туралы ережелер
Бұл ережелер Лицензия беру туралы заңға сәйкес мемлекеттік ветеринарияньщ республикалық органымен дайындалып ҚР Министрлер Кабинетінің шешімімен бекітіледі. Ережеде жекеменшік кэсіпкерлікпен шұғылданушыға лиценция беру тэртібі және лицензияланған ветеринарлық жұмыстардың тізімі белгіленеді. Бұл тізімдегі ветеринарлық жұмыстардың жеке түрлеріне тиісті үлгі бойынша лицензия беріледі.
Лицензия иесі Лицензиат ретінде ветеринарлық қызмет көрсетуге ықылас берілген заңды және жеке тұлғалар соның ішінде шетелдік тұлғалар да саналады).
Лицензия алу үшін ізденуші субъект мемлекеттік ветеринария органына тиісті құжаттарын тапсырады. Оларға жататындар: өтініш және тиісті үлгі бойынша
лицензиянатын жұмыстардың тізімі, тіркеу куэлігі мен жарғы көшірмесі, патент немесе лицензия ақысын төлеген түбіршек , ветеринарлық қызмет көрсету үшін қолданылатьш жұмыс орнының , объектілердің санитарлық-экологиялық талаптарға сэйкестігін көрсететін анықтама және т.б. құжаттар.
Лицензия беру туралы және оның мерзімі туралы шешім лицензиялық алқаның қорытындысына байланысты қабылданады. Лицензия тұрақты мерзімге немесе уақытша (белгілі мерзімге) берілуі мүмкін.
Республикалық және жергілікті мемлекеттік ветеринария органдары лицензияньщ әрекетін тоқтата тұруға немесе жоюға билікті . сонымен қатар, олар Лицензия беру туралы заңға сәйкес айып салуды да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Малдәрігерлік бақылауға жататын орындар
Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп
Малды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ішкі саудада ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымдастыру
Ауру малдарды тіркеу журналы
Жылқы тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
Ветеринарлық кәсіпкерлікке лицензия беру
Өтелмелі қызмет көрсету
Пәндер