ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
«ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН»
пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
(1-бөлім)
«Ішкі жұқпайтын аурулар» пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау.
Әдістемелік нұсқау « » пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасын талаптарына сәйкес құрастырылған.
Әдістемелік нұсқау 1513000 «Ветеринария» мамандығының білім алушыларына арналған
«Арнайы пәндер» ЦК отырысында қаралды.
Хаттама № «»2016жыл.
Колледждің әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Хаттама № «»2016жыл.
Мазмұны
Кіріспе
Жануарлармен жүмыс жасау және зерттеу ережелері
Жануарларды зерттеудің клиникалық жоспары Жануарларды жалпы зерттеу
Жүрек аймағын қарау, пальпация және перкуссиялау
Жүректі аускультациялау. Қантамырларды зерттеу
Жоғары тыныс алу жолдарын зерттеу
Кеуде қуысын зерттеу
Жануарлардың азық қабылдауын, ауыз қуысын, жүтқыншағын,
өңешін (жемсау) зерттеу
Жануарлардың алдыңғы қарындарын және ултабарын, ішектерін
зерттеу
Бауырды клиникалық және функционалдық түрғыда
зерттеу
Несепті және несептің бөлінуін зерттеу
Жануарларға катетеризация жасау техникасы және қуығына дәрілік
заттарды енгізу
Жануарлардың мінез-құлқын, басын, омыртқа бағанасын және сезім
мүшелерін зерттеу
Жануарлардың тітіркендіргіш және қозғыш аймағын зерттеу
Жануарларды рентгенологиялық зерттеу техникасын меңгеру
Рентген сәулесімен зерттеу тәсілдері
Ұсынылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, экономикасын жоғары деңгейге жеткізу мақсатында кәсіби біліктілігі жоғары ветеринар дәрігерлерінің алатын орны ерекше.
Өндірістік мал шаруашылығы орындарында, түрлі қүрылымдар мен емдеу орындарында алдын-алу, диагностикалық емдеу жүмыстарын дүрыс жолға қою ветеринария мамандарының кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.
Клиникалық балау бүл диагнозды дүрыс қойып емдеу және алдын алу шараларды дәлелдейтін ветеринарлық ғылымның бір бөлігі. Бүл пәннің үш зерттеу тақырыптары бар:
- Дәрігер техникасы;
- Симптомалогия;
- Клиникалық логика.
Дәрігер техникасы - жануарлар ауруларын зерттеу әдістерін баяндайтын үғым. Бүнда әрбір әдісті қолдану ережелері, олардың физикалық-химиялық негіздері, клиникалық маңызы көрсетілген.
Симптомалогия - ауру белгілері (симптомдар) туралы ілім. Бүл бөлімді үйрену кезінде, студенттер әрбір үлпа, ағза, мүше, торшалардың өзгерістерін талдап, олардың пайда болу механизмін, бір-бірімен қарым- қатынасын және байланыстарын түсінеді.
Клиникалык логика - мал дәрігердің аурутану жүмысының ең маңызды, аяқталу кезеңі. Бүл кезде (анализ) талдау мен синтезге сүйене отырып, дедукция мен индукцияны пайдаланып, логикалық қорытынды жасалады. Логикалық қорытынды жасау үшін терең теоретикалық білім, үлкен тәжірибе қажет.
Барлық ветеринарлық пәндердің жүйесінде клиникалық балау пәні аралық орын алып түр. Бір жағынан ол жалпы теоретикалық пәндерге сүйеніп (анатомия, физика, химия және т. б. ), негізделеді. Ал басқа жағынан, бүл пән барлық кейінгі (кезектегі) клиникалық пәндердің (жеке патология мен терапия, акушерлік, хирургия, эпизоотология, паразитология) негізі болып есептеледі. Себебі, әр аурудың емі мен алдын алуы алдымен ауру танудан басталады, ал ауруларды тану үшін дәл осындай жалпы тәсіл, әдістер мен шарттар қолданылады. Сондықтан, клиникалық балауды бүкіл клиникалық тәжірибенің негізі деп атайды.
Клиникалық балау курсы бойынша білім алушыларды жан-жақты дайындау үшін оқу-әдістемелік қүралында жүйелі түрде зерттеу мен аурудың клиникалық белгілерін дүрыс түжырымдата алатындай клиникалық зерттеу жоба-нүсқасы, ауру тарихы, курстық жүмыс және өзге ветеринарлық-клиникалық қүжаттамаларды қатесіз тіркеп-баяндау жобасы келтірілген. Оқу-әдістемелік қүралы мал дәрігерлерге де қажет болады деп сенеміз. Себебі, әрбір жүйенің зерттеу үлгісі мен кейбір аурулардың клиникалық белгілері көрсетілген. Осы жағдай басқа да клиникалық пәндер бойынша жазылатын курстық жұмыстарына көп көмегі тиері айдан анық.
Оқу жоспарына сай ветеринарлык медицина мамандығының білім алушыларына арналған бул оқу-әдістемелік құралы ауру малды клиникалық тұрғыдан зерттеп, дұрыс толық диагноз қойып, соңында сау және жоғары өнімді малдарды өсірудің жолдарын үйретеді деген сенімдеміз.
- ЖАЛПЫ ДИАГНОСТИКА НЕГІЗДЕРІ
№ 1 сабақ
Тақырыбы: Жануарлармен жумыс жасау және зерттеу ережелері
Сабақ мақсаты: Жануарларға емдік көмек көрсету кезінде бекемдеу мен қауіпсіздік техникасын меңгеру және оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Гармс қысқышы, бураулар), қолғаптар, халат, алжапқыш, дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, З. Н. Горяинов руминографы, ағаш бураулар т. с. с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
- Ауру жануарлармен жумыс жасау ережелері
Әдістемелік нұсқау
- Ауыл шаруашылық малдарымен жұмыс жасау ережелері
Ауру малды кішіпейілділікпен жайлап сипап, урмай, соқпай, үркітпей және айқай-шусыз жақындап устау керек. Малға жақындау үшін әр малдың ерекшеліктерін білу қажет.
Жылцыга алдыңғы жағынан таяп келіп жүгенінен устайды. Егер жылқы тыныш турмаса, онда жоғарғы ерніне немесе қулақтың түбіне бурау немесе қамшының бауын салып бурайды, сондай-ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын жоғары көтеріп турады.
Егер жануар байлаусыз турса, оны өзіне қарату үшін атын айтып шақырады, содан кейін барып қана әрекет етеді. Жануар арнайы станокта немесе жылқы бекемдеуге арналған орында турса артынан жақындамай, сәл жанынан жақындап жануардың басын буратын жағынан дыбыстайды.
Жалпы зерттеу немесе өңдеу жумыстарын жүргізу үшін жануарларды арнайы орындарға орналастырады, яғни жумыс жүргізу барысында жануар зерттеуші ветеринарлық мамандарға зиянды жағдай туғызбайтындай болуы шарт.
Термометрия, тік ішек арқылы зерттеу, тереңдік тазалаушы клизма және өзге де емдік жумыстарды жасаған кезде ветеринарлық дәрігерлер қауіпсіздік сақтау үшін алдыңғы аяқтарының бірін манипуляция жүргізетін жағына қарай көтеріп бекемдейді.
Ал артқы аяқ бөлігін зерттеу кезінде қауіпсіздік үшін артқы аяғын бекемдейді. Қызу қанды және спорттық жылқыларды зерттегенде арнайы бураулар мен ауыз қысқыштар салады. Ветеринарлық тәжірибеде жіпті бауы бар ағаш бураулар қолданады. Бурауды салу үшін жіптің тузағына қол салып, жоғарғы ерінді устап, алға қарай тартады, содан кейін сол қолмен тузақты ерінге орналастырып, қатты қысып бурайды. Кейбір жануарлар бурауларды көтере алмауы мүмкін, мундай жағдайда олар өздерін жайсыз устайды. Аталған жағдайда әртүрлі бекемдеуге арналған станоктар қолданады. Тыныш жануарларды станокта бос байлау арқылы, ал спорттық жануарларды іш тусынан қайыс өткізіп, бекемдеу қерек.
Ірі қара малына мойын жанынан келіп екі қолмен мүйізден устайды, егер мал тынышсызданса онда мурын қуысының шеміршегін қолмен немесе мурынға арналған қысқышпен қысады (1-ші сурет) .
Сурет 1 - Ірі қара малды мүйіз арқылы және мурнын қысқышпен
бекіту
Асау малдың артқы жағын зерттеу үшін оның артқы аяқтарын бекіту қажет. Ірі қара мал әдеттегідей артқы аяғымен сыртқа және артқа қарай теуіп жолатпайды. Сондықтан, малдың тура тікелей артынан туру қажет, немесе екі артқы аяғын ілмектеп байлайды. Осымен қатар, сирақтың үстінен ілмек байлап, немесе қуйрығымен тізе буынды іштен сыртқа қарай орап бекітеді. Асау буқалардың басын қабырғаға немесе бағанаға қатты, қысқа байлап тастайды.
Сондықтан ірі қара малды бекемдеу үшін танау шеміршегінен саусақпен қысу, Гармс қысқашы, Николаев қысқашы, танау сақинасы немесе дененің әртүрлі бөлігінен шектеу арқылы мүйізінен устап, жіптің көмегімен мойнынан, мүйізінен, басынан және танауынан бекемдейді. Түяқты тазалау және кесу кезінде тізе буыны түсына бүраулар салады.
Түйеге алдыңғы аяғының түсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқтадан үстау қажет. Түйені шөктіріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тастау керек. Тынышсыз түйелерге мүрындық кигізеді. Түйелер зерттеу кезінде баспен және артқы аяғымен оқыс-қимыл жасап, тістеп, көбік шашу арқылы зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан түйеге сақтықпен, алдыңғы аяқ түсынан жақындау керек. Бекемдеу әдістері жылқы мен ірі қара малындағыдай. Алайда, түліктік ерекшелігін ескере отырып, жануарды бекемдеуді үнемі бағып-күтуші маман жүргізген дүрыс.
Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан үстайды. Тексеру кезінде мал иесі мойнынан немесе мүйізден үстап түрады. Қажет болған жағдайда үстелге жатқызып бекемдейді.
Итті
тексерген кезде кандай жуас ит болмасын оған түмылдырық кигізу қажет (2-ші суретте бейнеленгендей), егер ол жоқ болса онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйінін бір үшын желкенің үстінен байлау керек. Мүндай іс-әрекеттер қожайынның көмегімен жүзеге асырылады. Иттерді жатқан күйінде бекемдеу үшін үсақ жануарларға арналған операциялық үстел қолданыладьғ
манипуляциялар кезінде мысықты орамалмен орайды. Танауына капронды байлам жасауға, ал аяқтарына теріден немесе резеңкеден жасалған қолғап кигізуге болады.
Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан үстау керек. Үркек (қорқақ) қүстарды зерттеу алдында басын орамалмен жабады. Суда жүзетін қүстарды (қаз, үйрек) адамның көзіне зақым келтірмес үшін оның басын қоса үстайды. Емдік- профилактикалық шараларды қолды созу арқылы, алшақ түрып жасайды.
Шошқаларды зерттеу кезінде күш салу, бекіту әдістер жарамсыз болады. Себебі шошқалардың қатты дауысы зерттеуге бөгет жасайды. Сондықтан, оларға азық беріп, абайлап жанына келіп, арқасынан сипап зерттеу жүргізеді. Керек жағдайларда арнайы қысқыш немесе ілмек арқылы малдың үстінгі жағын қысып бекітеді. Шошқаларды түрған қалпында, жоғарғы жақтан үстап, арнайы бекемдеуіш қүралдар қолдану арқылы станокта бекемдейді. Бордақылаудағы жас шошқаларды К. П. Соловьев үсынған қысқыш арқылы бекемдеген жөн. Жаппай емдік шаралар үйымдастыру үшін тар қоражайға айдау арқылы жүргізеді.
Зертханалық жануарларды бекемдеу әдістері. Қоянды орындыққа отырғызып, оның екі қүлағынан үстайды, немесе ақ жаймаға орайды.
Терісі багалы аңдарды ит тәрізді үстап-матайды.
Жабайы жануарлармен жұмыс жасау ережелері. Жабайы аңдар мен асау малды тексеру үшін оларға аминазин және басқа да басалқы дәрілерді егу арқылы жуасытып барып зерттейді.
Ауру малдарға дурыс диагноз қою үшін оларды жан-жақты тексерудің маңызы өте зор. Сондықтан да оқу барысында білім алушылардың бір жүйелі түрде жүргізілетін клиникалық тексеруге, әртүрлі малдарды тексергенде қауіпсіздікті сақтауға, ауру малдарға жақындау, ол үшін тексерілетін малдарды дүрыстап ноқталап үстау әдістеріне аудару керек. Ауру малды - өте қарапайым қимылмен сипап, үрмай-соқпай, үркітпей және қатты дыбыс шығармай жақын келіп үстау керек. Малды зерттеп тексергенде бауыры астына немесе аяғының маңында отыруға, еңкеюге, артқы аяғын түртуге болмайды. Ауру мал зерттеушіні көріп, сезуі қажет. Мал түрін және оның ерекшеліктерін ескере отырып оларға жақындап, содан соң үстап, байлап-матау қажет.
Бақылау сұрақтары:
- Өткізілетін жүмыстарды тиімді әрі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бекемдеу әдістері?
- Жылқыларға жақындау кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?
- Жылқыға термометрия жүргізу үшін қандай әдісті қолдану керек?
- Бүқаны тексеруге алып келу үшін қалай бекемдеу қажет?
- Ит пен мысықтарды бекемдеу әдістері, қауіпсіздік техникасы?
- Әртүрлі жануарларды бекемдеуге қандай қүрал-жабдықтар қолданады?
№ 2 сабақ
Тақырыбы: Жануарларды зерттеудің клиникалық жоспары
Сабақ мақсаты: Жануарларды жалпы және арнайы зерттеу әдістерін меңгеру және оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Гармс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш, дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, З. Н. Горяинов руминографы, ағаш бүраулар т. с. с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
- Жануарларды тіркеу
- Жануарларды жалпы зерттеу әдістері
- Арнайы зерттеу әдістері
Әдістемелік нұсқау
- Жануарларды тіркеу
Малдардың ауруларын ойдағыдай, жеткілікті түрде және дүрыс балау үшін, зерттеуді мейлінше толық өткізу керек. Себебі, неғүрлым жиналған ауру белгілері көп табылса, соғүрлым мал дәрігері де дәл, нақты диагноз қою үшін көбірек, өте маңызды мәліметтер жинақтайды. Сондықтан, тексеріп үйрену кезінде әрбір мүшені немесе маңызды белгісін жіберіп алмау үшін, клиникалық зерттеуді арнайы жоспар бойынша жасау қажет.
МАЛДАРДЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ
- Малмен алдын ала танысу:
- Малды тіркеу (регистрация)
- Анамнез жинау:
А) Өмір туралы анамнез Б) Ауру туралы анамнез
- Жалпы зерттеу:
- Г абитусты тексеру
- Конъюнктиваны, және басқа кілегей қабықтарды зерттеу
- Теріні және тері туындыларын тексеру (шаш, жүн, түк және т. б. )
- Лимфа бездерін зерттеу
- Дене қызуын өлшеу - термометрия.
- Арнайы зерттеулер:
- Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру
- Тыныс алу жүйесін зерттеу
- Ас қорыту жүйесін зерттеу
- Несеп бөлу, жыныс жүйелерін тексеру
- Жүйке жүйесін зерттеу
- Зат алмасуын зерттеу
- Қан жүйесін зерттеу
- Қосымша зерттеулер:
І. Бактериологиялық, рентген, серологиялық, зертханалық, микологиялық, аспаптар арқылы және т. б. зерттеулер.
МАЛМЕН АЛДЫН АЛА ТАНЫСУ
Емханаға келген малды тіркеу. Ауру малдың тіркеуін малдың иесінен немесе сол малды күтушіден сүрап, болмаса арнайы қүжатқа сүйене отырып жүргізеді. Келген мал емханадағы арнайы құжатка тіркеледі. Бұл кезде малдың мына мағлұматтары толтырылады:
- емханаға түскен күні
- кімнің немесе қай шаруашылықтың малы
- мал иесінің мекен-жайы (аты-жөні, шаруашылық атауы, мекемесі)
- малдың түрі (ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, шошқа, ит, т. б. )
- жынысы (сиыр, бұқа, өгіз, айғыр, ат, бие, қошқар, сек, шошқа, қабан, ешкі, теке, аталық, аналық)
- жасы (жылы, айы, күні)
- түсі мен ерекше белгілері
- тұқымы
- тірідей салмағы
- ені мен таңбасы
- кезекті нөмері (стационарлық ауру малдар журналы бойынша)
- малдың жеке, өзіндік ерекшеліктері
- клиникаға түскен және шыққан күндері
- аурудың соңы. Бул бөлімде сонымен қатар бастапқы және нақты диагноздар ескеріледі.
АНАМНЕЗ
Анамнез (грек сөзінен anamnesis - еске түсіру) - мал иесінен сұрап жинап алынған мал туралы мағлұматтар. Мал мағлұматы екіге бөлінеді:
- Өмір анамнезі (anamnesis vitae) - ауруға шалдыққанға дейінгі малдың өмірі туралы мағлұматтар.
- Ауру анамнезі (anamnesis morbi) - малдың ауыра бастаған кезінен кейінгі, ауруы туралы мағлұматтары.
Anamnesis vitae. Бул бөлім малдың ауруға шалдығуына дейінгі кезеңін сипаттайды.
- Шаруашылыққа осы мал кайдан және қашан келіп түсті, немесе ол үйдің малы ма?
- Қоражайда (ағаш, тас, темір бетонды, құрғақ не ылғалды, жарық, не қараңғы; төсеніші, желдетілуі жеткілікті не жеткіліксіз, жел соғуы бар болуы, мезгілімен қидың шығарылуы, не олай емес, механикаландырылған не қолмен), жабынды астында немесе ашық алаңдарда ұсталынуы (ұсталынуы байлаудағы не бос (боксты) . Күтімі. Моционы (белсенді, бей-жай не мүлдем жоқ) .
- Азықтандырылуы - азық рационының сандық және сапалық құрамы, бағалылығы, құндылығы, минералды, дәруменді қоспа азықтардың бар-жоқтығы, азықтандыру тәртібі. Азықтандыру түрі (жалпылама, топтық не жеке) .
- Суарылуы. Суарылу көздері (су құбыры, құдық, артезиан құдығы, өзен, көл, тоған), су мөлшері мен сапасы (тойғанынша, жеткіліксіз; құнарлы, таза, сапасыз, қоспалы), суарылу түрі (топтық не жеке) .
- Малдың шаруашылықтағы пайдаланылуы. Орындайтын жүмыс сипаты мен үзақтылығы, күш түсуі тәні, өнімділігі (тәуліктік және жылдық маусымды) .
- Қайта өндіруге пайдаланылуы. Буаздылығы мен төлдеуі (төлдеу саны, соңғы төлдеу мерзімі мен соңғы толыққанды үрықтандырылу мерзімі, суалу мен суалым уакыттарының үзақтылығы, төлдеу ағымы (оңай не ауыр), төлдеуден кейінгі кезең.
- Шаруашылықтың індеттік (эпизоотиялық) жағдайы (жүқпалы аурулардан сау немесе сау емес, нақты аурулар) . Ветеринарлық өндеулер мен диагностикалық зерттеу өткізулері (маңқа, туберкулез, бруцеллез т. б. ) .
Anamnesis morbi.
- Мал қашан және қандай жағдайларда ауруға үшырады (азықтандырысымен, жүмыс кезінде т. б. ) ?
- Аурудың басында және кейіннен аурудың қандай белгілері байқалды?
- Мал бурын ауырды ма (қашан, белгілері, диагноз) ?
- Шаруашылықта үқсас не өзге аурулар болуы. Бурын осыған үқсас аурулар болған ба (қашан, қаншалыкты үзақтылығы) ?
- Мал емделінді ме (қашан, кіммен және немен) ? Осы ем нәтижесі.
- Мал соңғы кездері қандай диагностикалық және алдын алу зерттеулерден өтті? Олардың нәтижелері.
- Жануарларды жалпы зерттеу әдістері
Малдарды зерттеген кезде әртүрлі әдістерді қолданады. Барлық әдістер жалпы, қосымша және арнайы (инструменталды, зертханалық) болып бөлінеді. Жалпы әдістерді әрбір малға, ауруға байланыссыз міндетті түрде жасайды. Жалпы зерттеуді жасап болғаннан кейін ғана, дәрігер арнайы немесе қосымша тексеру әдістерін үсынады.
Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдер. Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдерге қарау әдісі (көру), пальпация (сипау), перкуссия (соғу, нүқу), аускультация (тыңдау) және термометрия (дене кызуын өлшеу) тәсілдері жатады.
Қарау - inspectio - ең қарапайым тәсіл. Қарауды жарық жерде жүргізеді. Малды қарап зерттеген кезде басынан аяғына дейін үстінен, артынан, жан-жақтан байқайды.
Пальпация - palpatio - қолдың сезімі арқылы жүргізілетін тәсіл. Пальпация сыртқы және ішкі түрлерге бөлінеді. Сыртқы пальпация өз алдына беткейлік және терең болады. Беткейлік сыртқы пальпация кезінде алақанды тексерілетін жерге сипап, басып, дененің қызуын, ылғалдылығын, сезімталдығын және ауырсынуын анықтайды. Терең сыртқы пальпацияны бірге қосылған саусақтармен тексерілетін жерге перпендикулярлы қатты басып, ағзалардың көлемін, пішінін, консистенциясын, үстіңгі беткі қасиетін, ауырсынуын т. б. зерттеуге болады
Перкуссия - percussio - малдың денесін соққылау кезіндегі пайда болатын дыбыстардың өзгеруін анықтайтын тәсіл. Перкуссия тәсілі екі түрге бөлінеді: тікелей және жанама. Тікелей перкуссияны саусақтың ушымен тікелей малдың үстінен соққылап жасайды.
Жанама перкуссия дигиталды және инструменталды болады. Дигиталды перкуссия - бір қолдың саусағын малдың тексерілетін жеріне басып, екінші қолдың саусағымен оның үстінен соққылайды. Инструменталды перкуссияны жасаған кезде плессиметр аспабын малдың денесіне басып, үстінен перкуссиялық балғашықпен соққылайды.
Аускультация -
auscultatio -дене мүшелерінің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды тыңдау. Тыңдау үшін арнайы күралдар пайдаланылады, яғни стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп немесе малдың үстіне сүлгі жауып тікелей қулақпен естиді.
Термометрия - (грек сөзінен therme - жылу, metreo - өлшеу) - ауру малды зерттеген кездегі қажетті әдіс.
Кейбір ішкі ауруларында дене қызуының жоғарылауы немесе
төмендеуі клиникалық белгілерінен бүрын байқалады. Жүқпалы ауруларда жаппай (бірін қалдырмай)
термометрияны ауырып қалған малдарды айқындап табу әдіс ретінде қолданады (3-ші сурет) . Сурет 3 - Дене қызуын өлшеу барысы
- Арнайы зерттеу әдістері
Бул әдістерге арнайы қүрал-жабдықтар мен аспаптарды қолдану, зертханалық зерттеулер жатады. Мысалы: рентгенография,
электрокардиография, риноскопия, қан қысымын өлшеу, катетер, зонд енгізу, қан қүрамын, зәрдің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтау.
Әрбір ағзалар мен улпаларды тексеріп зерттеуге арналған арнайы тәсілдер көп. Мәселен, солардың бірқатарына тоқталар болсақ:
Ректоскопия (тік ішек арқылы қарап зерттеу) . Бул әдіспен зерттеудің маңызы зор, өйткені осы әдіспен тексеру арқылы тік ішектің қабынуын, жарылуын, жарасын, әртүрлі ісіктерін, сонымен қатар бөгде өзгерістерін анықтауға болады.
Сондықтан бул әдісті клиникалық тәжірибеде пайдалану ерекше болып есептелінеді. Бул әдіс негізінен арнайы аспап - ректоскоп арқылы жүргізіледі. Ректоскопияны пайдаланбас бурын, тік ішекті нәжістен тазартады, сонан соң тексеру жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz