Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Алғашқы тәжірибе және алғашқы сабақтар
2.2 Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз елдің сыртқы саясатының негізін қалаушы
2.3 Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері
2.4 Қазақстанның ЕҚЫҰ – на төрелік етуі
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Сыртқы саясат - мемлекеттің өзге мемлекеттермен саяси, экономика-лық,
әскери және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасының жиынтығы. Мем-лекеттің
қауіпсіздігі, аумағының біртұтастығы, сырт мемлекеттермен дұрыс қарым-
қатынас жасауы сол елдің сыртқы саясатына тікелей байланысты.

Экологиялық қауіпсіздік, азық-түлік мәселесі,
бейбітшілікті сақтау, халық-тар, лаңкестік күрес, қуат көздерін сақтау,
ядролық қауіпсіздік сияқты әлемге ортақ мәселелер бар. Сондықтан
мемлекеттердің үстінен Сыртқы саясаттары-на ықпал ететін БҰҰ, Солт
Атлантик, НАТО, ШЫО т.б. мультиұйымдар қызмет етеді.
Халықаралық қатынастар арқылы анықталатын сыртқы саяси міндеттерді
жүзеге асыру мен ішкі саяси бағытқа арналған қолайлы сыртқы саяси
жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында кем дегенде екі жақтың, яғни екі
елдің өзара қарым – қатынас орнатуы сыртқы саясатқа тән сипат болып
табылады. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: шекара қауіпсіздігі,
қорғаныс, сыртқы экономикалық байланыс, сыртқы сауда, мәдени байланыстар,
ақпарат алмасу, ғылыми – техникалық байланыстар, инвестициялық қызмет және
т.б.
Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу
үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Еуразияның кең –
байтақ кеңістігіне орналасқан Қазақстан сияқты жас егеменді мемлекеттің
әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысуы өмір сүрудің және егемендікті
нығайтудың міндетті шарты екенін Н.Ә. Назарбаев түсінді.
Сондықтан да Президент Н.Ә. Назарбаев ел ішіндегі демократиялық
реформалардың жүзеге асуы үшін, Қазақстанның егеменді мемлекет болып
қалыптасып дамуы үшін, республиканың ұзақ мерзімді сыртқы саясатын
жүргізгенде жүргізгенде шетелдермен тығыз қарым – қатынаста болуы жағына
баса көңіл бөлу керек деп санады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Н.Ә.
Назарбаев тағдыр шешетін қадамдар жасады

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Алғашқы тәжірибе және алғашқы сабақтар
КСРО құлағаннан кейін Қазақстан қиын таңдау алдында тұрды: өз мүдде-
лерініңді барынша тиімді қорғау үшін қандай саясат жүргізу керек деген
сұрақ тұрды. Бұл міндетті жас мемлекеттің өзіне тән геосаяси орналасуы және
сонау отарлық заманнан бері мұра болып қалған күрделі демографиялық жағдайы
қиындата түсті. Тіпті М. Горбачевтың өзі дербес мемлекет ретіндегі
Қазақстанның болашағына сенімсіздікпен қарағаны мәлім. Негізгі ұлт
азшылықта қалған республиканың ішкі тұрақтылық үшін қалыпты жағдай жасауды
қамтамасыз етуге қабілеті жоқ, ол мүдделі державалардың араласуына мәжбүр
болады деп есептеді ол. Сол кездерде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі
негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін
орталық шешетін.
Тәуелсіздік алып, егемендігімізді жариялағанмен, әлемдік қауымдастық
Қазақстанға бірден құшағын жая қойған жоқ. Халықаралық қатынастардың
тізгінін қолға алу үшін көптеген проблемаларды шешіп, қиын кедергілерді
жеңу қажет болды. Қазақстан әлемдік саясаттың қайнаған қазанына түсті, оған
назар аударғандар аз болмады. Бұған себеп — табиғи байлыққа тұнып тұрған
кең-байтақ жер ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағынан Қазақстан еншісіне тиген
ежептәуір ядролық қару да еді. Мұңдай жағдай және Қазақстан жайында
шындықты білмеу Қазақстанды ядролық қаруын қоқандатқан мұсылман елдерінің
қатарына жатқызуға болатындай түсінік тудырды. Қазақстан Республикасы
егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы
саясатын ұлттық – мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады.
Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз елдің сыртқы саясатының негізін қалаушы
90 - жылдардың басында Қазақстанға М. Тэтчер, Дж. Бэйкер сияқты
белгілі саясаткерлер келіп қайтты. Олар республикадағы саяси және
экономикалық жағдайды барлап қарады. Республиканың қайта Президенті Н.
Назарбаевты АҚШ Президенті үлкен Дж. Буш кездесуге шақырды. Мәскеуде болған
бұл сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылды. Батыста Қазақстанға
халықаралық қатынастардың әлеуетті субъектісі және орталық азия аймағы
бойынша серіктес ретінде қарайтыны айқын болды. Ол дүниежүзілік
қауымдастыққа белсенді түрде кірісе бастады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Н.Ә. Назарбаев тағдыр шешетін қадамдар
жасады. Алдымен Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Мұндай шешімге келген
Қазақстан халықаралық қауіпсіздік мәселесіне өзінің жауаптылықпен
қарайтындығын білдірді және де аумағының бүтіндігімен қауіпсіздігіне қуатты
ядролық державалардың кепілдемесін алды. Ядролық қаруды таратпау және оны
сынауды тоқтату ісіне Қазақстанның қомақты үлес қосқандығын көпшілік
мойындап отыр, ал Президент Н.Ә. Назарбаевтың ынтасымен 1999 жылы тамыз
айында Республикаының Қарусыздандыру жөніндегі Конференцияға толық құқылы
мүше болып кіруі осының дәлелі. Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа (1968
ж) және ядролық сынауға тыйым салу режимін бұдан былай күшейтуді батыл
қолдап отыр. Сөйтіп Қазақстан ядролық қарусыз мемлекетке айналды. Бұл жақсы
ма, жаман ба? Бұл мәселенің төңірегіндегі пікірталастар әлі күнге дейін
толастаған жоқ. Қабылданған шешімге күмән білдіріп қана қоймай, оған қатты
сын айтатын адамдар да аз емес. Қазақстан өзін - өзі ерікті түрде
қарусыздандырады, демек, жаңа қауіп – қатердің алдындағы ұстаным әлсіретіп
алды деп санайды.
Алайда 90 - жылдардың басындағы жағдайға қайтып оралайық. Ол кезде
ядролық кеудемсоқтық Қазақстанға қымбат түсіп, Тәуелсіз мемлекет ретіндегі
тіршілік ету перспективасын жоққа шығаруы да ықтимал болатын. Біріншіден,
ұзақ уақыт бойы түпкілікті егемендікке ұмтылған біздің халқымыз халықаралық
оқшаулануға ұшырап қалуы мүмкін еді. Бұл біздің ұлтық мүддемізге қайшы
келері айқын. Екіншіден, Қазақстан аластатылған елдер арасына түсіп,
әрине, халықаралық экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық
артықшылықтарының бәрін пайдалана алмаған болар еді. Ал халықаралық
қоғамдастықта жаман атқа ие болған мемлекетке өз қаражатын беруге ешкім де
тәуекел ете алмасы белгілі болатын. Үшіншіден, ядролық мұрадан бас тартудың
өзі Қазақстанның халықаралық ұстанымын нығайту процесіне негіз болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай
Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және
өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев былай деп атап көрсетті: Меніңше, адамзаттың дамуы көбіне - көп
Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасы өз
саясаттың негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы
зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай
қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие. Қытай мен Қазақстан арасындағы
алғашқы ресми жақындасу 80- ші жылдардың орта шенінде байқалды. Ол кезде
кеңес –қытай қарым қатынастарында екі аса ірі социалистік державалардың
тайталасы мен егесінің екпіні әлі басылған жоқ еді. Дегенмен де болашақтағы
ретке келу белгілері көрініс бере бастаған: ҚХР - бұқаралық ақпарат
құралдарында кеңеске қарсы насихаттың бұрынғы пәрмені бәсеңсіді. Қытай
Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен
қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенеді. Өз
кезегінде, ҚХР-ның аумақтық тұтастықты құрметеуге міндеттенді. 1994 жылы
сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның
өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігі
айтпаса да түсінікті.
1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан
Республикасы арасында Шекара ауданындағы әскери саласындағы сенімді
нығайту туралы келісімге қол қойылды. Осы аталған бес ел Шанхай бестігін
құрды. Бұл ұйымның негізгі міндеттері: терроризмге, экстремизим мен
сепаратизмге қарсы іс- әрекеттер болып табылды. Шанхай ынтымақтастық
ұйымы қазіргі кезде өзінің саяси, қауіпсіздік және экономикалық күш –
қуаты жағынан Азияда ғана емес, әлемдегі ең беделді ұйымдардың біріне
айналып отыр.
Қазақстанның БҰҰ - дағы позициялары нығаюда. Біріккен Ұлттар Ұйы-мы –
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбри-тания
мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұй-ым. Ұзақ
жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше
рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі оңай бол-ған жоқ,
бақандай төрт жылдан астам уақытқа созылды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның
Біріккен Ұлтар Ұйымының мүшелікке қабылдануымен ерекшеленді. Еліміз БҰҰ Бас
Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес,
қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді
позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Сөйтіп, Қазақстан Бас
Ассамблеяның биік мінберінен халықаралық өзекті мәселелерге қатысты
ұсыныстар білдіруге мүмкіндік алды. Бүгінде Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымының көптеген құрылымдарымен тығыз қармы-қатыныста жұмыс істеп келеді.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіне қатысып келе жатқан жылдар
ішінде жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлес қосып жүрген мемлекет
ретінде танылды. Бұдан Қазақстанның бүгін және болашақта әлем халықтарын,
мәдениеттері мен конфессияларды етене жақын етуге үндейтін өркениеттер
арасындағы диологты әрі қарай дамытуға әркез дайын тұрған іргелі ел
екендігін көруге болады.
Енді біздің географиялық жағдайымыздың келер болсақ, жеріміздің
тиімсіз де жерлері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы.
Қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық
экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы
саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекттермен, оның
ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел,
біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып отыр. Екіншіден,
республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай
қазақтар тұрады. Екі елдің ара-қатынасы дұрыс болса, ел тыныш болады.
Сонымен, 1992 жылғы наурыз айының өзінде Н. Назарбаев Ресей Федерациясымен
түпкілікті шарт әзірлеуге кірісуге тапсырма берді. Бұл құжаттың маңыздылығы
туралы айтып жатудың өзі артық. 1992 жылғы 25 мамырда Президенттер Н.
Назарбаев пен Б. Ельцин Қазақстан Республикасымен мен Ресей Федерациясы
арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа салтанатты
жағдайда қол қойылды.
Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз
байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен қатынастарға алдыңғы қатарлы орын
берілді. Тегі бір, тарихы тамырлас, рухани бауырлас Туркиямен екі арада
өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен
алмасуға деген екі жақсы ұмтылыс бар. Сол сияқты Иран елдерімен де достық,
ынтымақтастықты дамытып, бекітуге келді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды
Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына
айналдыру туралы уағдаласты. Сонымен қатар Таяу Шығыс аймағындағы негізгі
мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Оман және Израильмен саяси және
іскер байланыстар орнатуда.
Президент Н.Ә. Назарбаев дұрыс бағыт беріп отырған республиканың
сыртқы саясаты өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, Қазақстанның жаңа тарихи
жағдайдағы мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдарының біріне айналды.
Тәуелдсіздік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижесі Президент Н.Ә.
Назарбаев ұсынған ұтымды сыртқы саяси стратегияны Қазақстанның бұлжытпай
жүргізіп отырғандығының жарқын дәлелі, бұл саясат Қазақстанның қауіпсіз
өмірін кешуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның
дүниежүзілік экономикаға үйлесімді кіруіне жағдай тудырады, оның
экономикалық дамуына жол ашады. Қазақстан әлемдік қауымдастықта
терезесі тең серіктес болудың қиын жолына түсті. Қазақстанның мемлекет
болып қалыптасуындағы, дүние жүзі алдында оның беделін көтерудегі Н.Ә.
Назарбаевтың атқарған рөліне ғалымдар алдағы уақытта баға беруге тиіс. Сөз
жоқ, адамның жеке басына туа біткен қасиеттің атқарар рөлі зор.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптеріне оның неғұрлым
маңызды және іргелі нормалары жатады, сол принциптердің мәнін және оларға
тән сипаттарды қамтитын бұл нормаларда ең жоғарғы императивтік заң күші
бар. Қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі принциптері мәртебесі жоғары
халықаралық ұйымдар мен форумдардың құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ
Жарғысында, 1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда,
1975 жылғы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Қорытынды
актісінде бекітілген.
1. Мемлекеттердің егеменді теңдігі принципі БҰҰ Жарғысында бе-
кітілген, онда: Ұйым өзінің барлық, мүшелерінің егеменді теңдік принципін
негізге алады делінген. Бұл принцип мемлекеттік егемендікті құрметтеуді
және оған мүше мемлекеттердің тең құқылығын және олардың өз тағдырын өзі
шешу құқығын мойындауды білдіреді.
Көреген және келешектен үлкен үміткер басшылардың бірі ретінде Н.Ә.
Назарбаев бұл принципті еш уақытта назарынан тыс қалдырған емес.
2. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі
егеменді теңдік принципімен тығыз байланысты. БҰҰ Жарғы-
сында Өз мәнінде белгілі бір мемлекеттің ішкі кұзырына жататын
істерге араласуға тыйым салынған. Бұл түсінікті тек аумаққа
қатысты деп қарастыруға болмайды.
Республиканың сыртқы саясатының алдында тұрған мақсаттардың ойдағыдай
жүзеге асырылуы үшін халыкаралық жағдайдың қолайлы болуы шарт.
Бірақ қандай жағдайда болмасын, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін
дамытып, нығайту сыртқы саясат саласындағы басты бағыт болып қалады. Біздің
еліміз келесі ғасырда ғалам көп полюсті болудан, өзіне тартатын күштер мен
бөлетін сызықтардан, біріне-бірі қарсы келуден, ішкі істерге араласудан
және саяси үстемдіктен арылады деген пікірге қосылады.
3. Мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы принципінің
мәні мынада:
мемлекеттер халыаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
максатында бірімен-бірі ынтымақтастықта болуға тиіс;
әлеуметтік жүйелерінің әртүрлі болуы мемлекеттер ынты-
мақтастығына әсер етпейді;
мемлекеттер экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық
сипаттағы халықаралық проблемаларды шешу мақсатында ынты-
мақтасулары қажет.
4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі. Бұл принцип-тің
негізінде шарт орындалуға тиіс деген бұрыннан келе жатқан қағида бар. БҰҰ
Жарғысының 2-бабында, оның мүшелерінің, өздері қабылдаған міндеттемелерді
адал орындауға міндетті екендігі айтылған6. Осы принципке сәйкес Н.Ә.
Назарбаев тиісті органдардың шарттық базаларды жүзеге асыруға қатысты
күнделікті салалық жұмысты жолға қоюын талап етеді. Мемлекеттік аппараттың
барлық деңгейіндегі қызметкерлер мынаны білуге тиіс: егер мемлекет басшысы
шетелдегі келіссөздерінде ынты-мақтастықтың белгілі бір бағытын немесе
жобасын қолдаса, бұл жоғары деңгейде қол жеткенді үзіп-созу, оған жете мән
бермеу қатаң жазалануы тиіс.
5. Күш қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпау принципі. Күш
колданбау немесе қолданамын деп қорқытпау принципі. БҰҰ Жарғысында былай
делінген: Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық
қатынастарында кез келген мемлекеттің аумақтық дербестігіне немесе саяси
тәуелсіздігіне қарсы да, Біріккен Ұлттардың мақсаттарымен сыйыспайтын
басқадай жолмен де күш қолданудан және қолданамын деп қорқытудан
тартынады. Күші немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі қазіргі
халықаралық қүқықтың қол жеткізген табысы. Оның маңыздылығы сонда, ол
мемлекеттердің соғыс ашу қүқығына тыйым салды.
6. Шекаралардың мызғымастық принципі. БҰҰ Жарғысының және 1990 жылғы
Халықаралык құқық принциптері туралы Декларацияның мазмүндарынан бұл
принциптің күш қолданбау принципінің құрама бөлігі екендігін көреміз. Ол
1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінде жеке дара бөлінді, онда әрбір
мемлекет басқа мемлекеттің халықаралық шекараларын бұзу мақсатында күш
қолданудан немесе күшпен қорқытудан тартынуға міндетті деп жазылған.
Актіге сәйкес, шекараларды зорлық әдістермен бұзуға жол берілмейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Депозит
Кәсіпқой мемлекет
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Қазақстанның ғылыми - техникалық саясаты мен ғылымды басқару жүйесінің қалыптаса бастауы
Әлеуметтік басқару жайында
Мемлекеттің экономикалық саясаты және оның белгілері
Пәндер