Студенттік топтың сипаттамасы және оны зерттеудің психологиялық әдістері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Пәні: Психология
Тақырыбы: Студенттік топтың сипаттамасы және оны зерттеудің психологиялық әдістері

Орындаған: Калиева Факизат
Тобы: МППП-703
Тексерген: Джумажанова Г.К. псх.ғ.к.

Семей - 2017
Студенттік топтың сипаттамасы және
оны зерттеудің психологиялық әдістері
Жоспар:
Кіріспе: Топ, жалпы топ дегеніміз не?
Негізгі бөлім:
1. Студенттік топтың сипаттамасы
2. Студенттік топты зерттеудің психологиялық әдістері
3. Студенттермен оқытушылардың қарым-қатынастарының психологиялық ерекшеліктері
4. ЖОО психологиялық зерттеу жұмыстарының ерекшеліктері
Қорытынды.
Топ -- әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы. Бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не топтық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі (әлеуметтік топ,бір топ оқушы,топталып оқу).Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.
1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).
2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);
3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).
4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).
5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).
6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.
7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.
8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.
Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) және жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі -- таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ -- жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.
Студент термині латын тілінен аударғанда, ынтамен жұмыс істеуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді. Студенттік ұжымында қоршаған ортаның қолайлы жағдайы, студенттің қалыпты тұлға ретінде дамуға көмектеседі. Студентік топта ; топтық көңіл-күй - ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы, ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді, ұжымдық пікір - ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақұлдау немесе ұялту, еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары - табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызығу ынталары жатады. Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті - оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен жүреді. Студенттің жеке басының қалыптасып, дамуына мынадай факторлар әсер етеді;
1.Психологиялық. Жеке тұлғаның қалпы мен қасиеттерін, психологиялық процесстердің бірлігін білдіреді. Бұл факторлардың негізгісі - психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, қасиет, мүмкіншілік). Бұларға психологиялық процесстердің ағымы мен психикалық жағдайдың пайда болуы тәуелді.
2. Әлеуметтік. Студентке қатысты белгілі бір социалдық топқа, ұлтқа, т.б. қатыстылығынан туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді.
3.Биологиялық. Бұған жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекстер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т. б.
Қазіргі кездегі студенттердің барлығы үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа өз білімдерін болашақ мамандықтарына бейімдейтін студенттер жатады. Бұл топтағы студенттер үшін болашақ жұмысқа деген қызығушылықтары мен сол жұмыста өздірінің қабілеттерін жүзеге асыру ең бастысы болып табылады. Екінші топты бизнеске бейімделген студенттер құрайды. Бұл топтағы студенттер өз білімдерін жеке іс ашудың құралы ретінде қарастырады, саудамен айналысады және т.б. Олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары бірінші топтың студенттерімен салыстырғанда төмен болады. Үшінші топтағы студенттерді, бір жағынан, анықталмағандар деп те атауға болады, екінші жағынан олар жеке бастық және тұрмыстық жағдайларға көңілдерін көбірек бөледі.Таным және білім саласындағы студенттердің қызметін үш негізгі топқа жіктеуге болады: Бірінші түрдегі тұлға оқудағы мақсаттар мен міндеттердің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай студенттердің білім саласы жоспардағыға қарағанда әлдеқайда ауқымырақ болады, студенттердің әлеуметтік белсенділігі оқу орны өмірінің түрлі формаларында танылады. Екінші түрдегі тұлға шағын мамандануға бейімделген. Мұнда да студенттердің танымдық қызметі оқу жоспарының шеңберінен асады. Студенттердің танымдық қызметінің үшінші түрі тек оқу жоспарымен ғана шектеледі. Бұндай тұлғалар - өнерлілігі жағынан да, белсенділігі жағынан да төмен болып табылады. Тұлғаның бағыт - бағдарының негізін оның қажеттіліктері құрайды, олар материалдық (киімге, тамаққа, тұрғылықты жерге деген қажеттілік) және рухани (танып-білуге, музыкаға, кітаптарға деген қажеттілік) болуы мүмкін. Қажеттіліктер ұмтылысты, эмоционалды күйді, құлшынысты тудырады. Қажеттіліктер саналы түрдегі, санасыз түрдегі және жарым-жартылай болуы мүмкін.Ең басты қажеттілік - қарым-қатынас қажеттілігі, жетістіктерге жету қажеттілігі. Студенттердің оқуға деген қызығушылықтарының терең әрі тұрақты болуы олардың тұлға болып қалыптасуының маңызды шарты болып табылады. Танымдық қызығушылықтар дамып, сонымен қатар сөне де алады. Оқуға деген қызығушылықтардың сөнуі оқудағы қиындықтардың туындауынан,оқытуметодикасы мен оларды ұйымдастырудың кемшіліктерінен туындауы мүмкін. Студенттің тұлға болып қалыптасуына дүниетаным, қоршаған ортаға деген
көзқарас әсер етеді.Мінез-құлық пен қайраткерлік ерекшеліктері темперамент айырмашылығы салдарынан туындайды. Сонымен қатар студент қызметі түрінде оның мінез-құлқы да сипатталады. Яғни оның жүріс-тұрысына әсер ететін мінез-құлық жиынтығы. Мінез-құлық дегеніміз бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болатын адамның қылықтарының жиынтығы. Ол, біріншіден, интеллектуалды қылықтар - аңғарушылық, ақылдылық, парасаттылық, ақыл орамдылығы; екіншіден, сенімділік, ақ көңілділік, сергектік, ширақтық; үшіншіден, мақсатқа талпынушылық, шыдамдылық, шешімділік; төртіншіден, адалдық, әділеттілік, жауапкершілік. Адамның мінез-құлқы әлсіз және мықты,тұйық және өзімшіл,тұтас және қарама-қайшы болады. Студенттің қызметі барысында байқалатын психологиялық ерекшеліктер оқу орнының программасын табысты меңгеруге, білімді болашақ маман ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.
Студенттік топ тұлғаның жоғарғы оқы орнындағы оқуы барысында әлеуметтенуінің маңызды агенттерінің бірі болып табылады. Топтағы адамдардың жүріс-тұрысы индивидуалды жүріс-тұрысқа қарағанда өзінше ерекше болып келетіні мәлім. Онда сенгіштік, конформизм, билікке бағыну механизмдерінің негізінде топтық нормалар мен құндылықтарға бағыну мен оның қалыптасуы есебінен топ мүшелері жүріс-тұрыстарының унификациясы, ұқсастығының өсуі сияқты, топқа өзінің жауаптық әсерін тигізу мүмкіндіктерінің өсуі де болады. Студенттік топта тұлға аралық (эмоциялық және іскерлік) өзара қатынастардың, топтық рөлдерді бөлудің және лидерді анықтаудың және т.б. құрылымдануының, қалыптасуының және өзгеруінің динамикалық үрдісі болады. Осы барлық топтық үрдістер студенттің тұлғасына, оның оқу іс-әрекетінің және кәсіби құрылуының жетістігіне, оның жүріс-тұрысына күшті әсер етеді.
Студенттік топтың ерекшеліктері мыналар:
1. Құрамының бірдейлігі (жастық айырмашылықтар әдетте 5 жастан көп емес), қызығулардың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерін анықтау
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі ба ғыттары
Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізін анықтау
Студент тұлғасының белсенділігі
Педагогикалық психология бойынша сабақтар
Психологияда стресті зерттеу және студенттердің түрлі өмір жағдайларында кездесетін стрестік күйлер
Ұжым психологиясы мәселесі
Студент жастардың әлеуметтену үрдісін психологиялық зерттеу
Пәндер