Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

XVIII ғасырдағы Францияда қоғамдық пікір маңызды санала бастаған азаматтық қоғам институттары қалыптаса бастайды. Француз ағартушылары өз еңбектерiнде қоғам мен табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күшi, теңсiздiктiң себептерi, дiни наным, адам құндылықтары сияқты сұрақтарға жауап iздедi. Олар қоғам дамуының нəрiн парасаттылық пен саналылық, бiлiмдiлiк пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, ″ əлемдi пiкiр билейдi″ деген қорытындыға келдi.

Шарль Луи Монтескье - француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал заңгер және саяси ойшылы. Ол құқықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды. Монтескье француз қоғамының заң саласын толық оқып, жетік меңгеріп шыққандықтан елдегі экономикалық, әлуметтік және саяси келеңсіздіктерді айқын аңғарып отырды.

Ағарту дəуірінде өмір сүрген Вольтер өзінің уақытын былай бағалаған: «Біздің ғасырымыздың ең бір артықшылықтарының бірі - математика тікендерінен поэзия гүлдеріне оңай өтетін көптеген білімді адамдардың болуы». Вольтер - табиғи құқық мектебінің өкілі. Ол əрбір индивидтің ажырағысыз табиғи құқықтарын таниды: бостандық;

-меншік;

-қауіпсіздік;

-теңдік.

Ол ешқандай адам біреудің шешіміне тəуелді болмауы тиісдеп санады: «Бостандық тек қана заңға бағыну». Əрбір адам өз еркі бойынша меншігін басқара алады, «меншік рухы адамның күшін екі еселейді». Əркімнің еңбекке бостандығы бар, яғни «Ең қымбат баға беретінге өз еңбегін сату, себебі кімде меншік жоқ болса, онда оның еңбегі оның меншігі». Əркімнің ар-ождан бостандығы бар, сондықтан басқа дінді ұстанатындарға төзімсіздік құқығын жақтаған жоқ: «Төзімсіздікке негізделетін құқық - жабайы жəне қисынсыз. Ол жолбарыстардың құқығы, тіпті одан қорқынышты. Жолбарыстар өздерінің құрбандарын тек қана жеу үшін өлтірсе, біз бір-бірімізді параграфқа сай жоямыз». Табиғи құқық қатарына теңдікті қосты: «Барлық адамдар тең болып туады», «əрбір адам өзінің жан дүниесінде басқа адамдарға тең екендігіне сенуге құқығы бар». Осылай дей отырып, Вольтер теңдікті «бос қиялдағы жағдай» деп атады, яғни адамдардың арасындағы саяси жəне əлеуметтік теңдіктің мүмкін еместігін таниды.

Руссо ілімі бойынша, егемендік біреу, халық егемендігі. Халық - тұрғындардың үлкен бір бөлігі, мүліктік жəне жеке тəуелсіздігі бар ер азаматтар (кедейлер емес - якобиншілдер, марксистер) . Егемендік ажырағысыз жəне бөлінбейді (халықтың жалпы еркі) . Биліктің берілуі мүмкін, егемендік берілмейді. Осыған сай өкілдік билік үлгісі (парламент т. б) мен биліктің жіктелуін теріске шығарды. Заң шығару билігі халықпен тікелей жүзеге асырылуы тиіс. Атқару билігі (егемен) халық шешімімен құрылады, аралық звено арақатынасы. Заң шығару билігі - ерік, атқарушы билік - күш, оның орындаушысы. Атқару билігі халық үшін Үкіметті құрбандыққа шалуға дайын тұру керек, керісінше емес. Мемлекетті басқару нысандарын атқару билігіне қарай жіктейді: демократия кіші мемлекетке тəн, аристократия - орта, монархия үлкен мемлекетке тəн. Мемлекет нысаны бағынышты рөлде, себебі жоғары билік - халықта деп санайды. Заңмен басқарылатын барлық ел - Республика.

Руссо заңның 4 түрін ажыратады: саяси, азаматтық, қылмыстық, аса маңызды қоғамдық пікір, салт-дəстүр. Тек саяси заң ғана қоғамдық келісім аумағына кіреді. Заң шығару елдің географиялық факторына бағынышты болуы керек, халықтың пісіп-жетілуін де күту керек.

Аталған курстық жұмыста Шарль Луи Монтескьенің құқықтық ілімі жан-жақты зерртеледі. Шарль Луи Монтескье заң, мемлекет, әділеттілік жайлы ойларына анализ жасалған. Монтескьенің идеялары мен негізгі ойларының қазіргі кезге заманауи құқықтың ілімдегі қолданысы анықталған. Курстық жұмыста берілген мағлұматтар құқық саласында қызмет ететін мамандар үшін қажет болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі- француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал заңгер және саяси ойшылы Монтескье шығармаларының қазіргі таңдағы құқық іліммен байланысы.

Курстық жұммыстың зерттеу пәні-Шарль Луи Монтескье еңбектеріндегі құқық туралы ілімі.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыстың мақсаты Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу. Міндеттері:

-Монтаскьенің құқық туралы іліміне жалпы шолу жасау;

-Монтаскьенің өмірі мен қызметінінің негізгі кезеңдерін қарастыру;

-Мемлекеттік құрылыс жайлы көзқарастарын айта кету;

Деректері. Мамандардың осы тақырып бойынша еңбектері, мақалалар, арнайы басылымдар, оқу-әдістемелік және құжаттар болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тарау, алты бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде курстық жұмыста қолданылған әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.

1. XVIII-XIX ғасырдың басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер.

1. 1. Франциядағы XVIII ғ. саяси және құқықтық идеологияның негізгі бағыттары.

XVIII ғасырдағы Францияда қоғамдық пікір маңызды санала бастаған азаматтық қоғам институттары қалыптаса бастайды. Абсолютті монархия, діндік фанатизм тарихтың ескілігі (анохронизмі) ретінде қабылданады. Ағарту дəуірі келеді. Ұлы төңкеріліске дейін Францияда қауымдық қоғам орнаған, соған сай саяси-құқықтық ойлардың екі ағымы қалыптасады:

- Ағартушылар (Вольтер, Монтескье, Руссо), олардың арманы барлығына ортақ болатын заңдар арқылы жеке адамдарға бостандық беретін - сана билігіне (буржуазиялық құқықтық тəртіп орнату) жету. Қоғамда артықшылықтарға орын беретін қауымдық құқық орнына, заң алдындағы теңдік қағидасы келуі тиіс болды. Француз ағартушылары абсолюттік монархияны сынап, оған не конституциялық монархияны (Вольтер, Монтескье) не республиканы (Руссо) қарсы қойды;

- Коммунистік саяси құқықтық ойлар өкілдері (Мелье, Морелли жəне Габриель Бонно де Мабли) . Олардың арманы - коммунизм, «адам табиғатына» сəйкес келетін, еңбектің ортақтығын міндеттеу жəне ортақ меншікке негізделген құрылым болды.

Орта ғасырларда католик шiркеуi абсолютизмдi жəне феодалдық тəртiптердi қызғыштай қорғады. Монархиялық шексiз билiк пен əлеуметтiк теңсiздiктiң бəрiн құдай жаратты, бұларқұдай iсi деген соқыр сенiмдi халық арасында кеңiнен таратты жəне қолдады. Қайта өрлеу мен реформациядан кейiнақ Еуропаның көптеген елдерiнде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тəртiптерiн сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дiнге қарсы қойды, бас көтерiп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топтарының мүдделерiн қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дəуiрiндегi осындай жалпы ықпалды мəдени-гуманистiк қозғалыс ағарту деп аталып, оның өкiлдерi тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен ендi. Ағартушылық бағыттың кең өркен жаюына ағылшын жəне американ буржуазиялық революцияларының идеялары да едəуiр ықпал еттi. Ағартушылық бағыт сол дəуiрдегi жас буржуазия мен халық бұқарасының феодалдық құрылыспен оның идеологиясына қарсы күрестегi құрамды бөлiктерiнiң бiрiнен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны əлеуметтiк-адамгершiлiк идеалдар мен оны iске асырудың жолдарынiздестiрумен сипатталады. Адам қасиеттерiн құрметтеудi, қараңғылық пен бойкүйездiктi жеңудi, рационалды бiлiмдi халық арасына кең таратуды басты мақсат еткен ағартушылар ең алдымен, феодалдық тəртiптер мен шiркеу үстемдiгiн жоюды талап еттi. Олардың феодалдық тəртiптерге қарсы, жеке кəсiпкерлердiң еркiндiгi мен адам бостандығын жəне құқықтарын қорғау жəнеадамды, қоғамды шiркеу мен абсолютизм езгiсiнен азат ету жолындағы айтқан ой-пiкiрлерi мен үндеулерiнiң аса зор маңызы болды. Ағартушылық əр елдiң қоғамдық-тарихи ерекшелiктерiне қарай əртүрлi мазмұнда жəне сипатта көрiндi. Франциядағы ағартушылықтың көрнектi өкiлдерi Ф. Вольтер, И. Монтескье, Ж. Руссо, Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф жəне тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшiн озық идеялар ұсынды, бұл идеялар күнi өткен дəстүрлердi жойып, неғұрлым прогресшiл тəртiптердi енгiзуге бағытталды[1, 103б]

1. 2. Франциядағы ағартушылық дәуірі саяси-құқықтық ойдың негізгі белгілері мен ерекшеліктері.

Еуропадағы ағартушылықтың басты идеяларының бiрi адам құндылықтарын қадiрлеумен қатар, социалистiк идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың бiрiне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистiк мұратты бiлдiретiн əдеби шығармалар оған дейiнгi бүкiл дəуiрге қарағанда көбiрек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидiң ″ Табиғат кодексi немесе оның заңдарының нағыз рухы″, Г. Маблидiң ″ Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi туралы″, Г. Бабефтiң ″ Теңдiк″ жəне тағы басқа еңбектердi қосуға болады. Жеке меншiкке жан-тəнiмен қарсы болған Бабеф сол кезде өмiр сүрiп тұрған халықтық емесмемлекеттiк құрылысты құлатып, ″ халықтық мемлекет орнықтыру″ идеясын батыл жақтады. Оның ойы бойынша, мұндай мемлекеттi қастандық жолы-мен өзiнiң жақтастарының - яғни теңдiктi жақтаушылардың шағын тобы мен революционерлер дайындаған халық көтерiлiсi орнатады. Оның ″ Теңдiк″ манифесiнде көрстiлген ″ бiз қоғамдық меншiкке немесе дүние-мүлiктiң ортақтығына ұмтыламыз. Мұнан былай жерге жеке меншiк жоқ, жер ешкiмнiң де меншiгi емес. Бiз жердiң жемiсiн бəрiмiз де пайдалануды талап етемiз, солай еткiмiз келедi жəне жердiң жемiсi ортақ″ болуы адамдардың барлығын тұрпайы теңестiруге əкелiп соғатын қоғамдық құрылысты бiлдiрдi. Ағартушылық ойдың дамуына энциклопедистердiң де қосқан үлесi аз болған жоқ. Энциклопедистер атауының пайда болуына жазушы əрi философ Дени Дидро бастаған бiр топ ағартушылардың 1751 жылдан бастап ″Ғылым, өнер жəне кəсiп энциклопедиясын″ шығаруы себеп болды.

Оның авторлары қатарында Вольтер, Руссо жəне басқа да белгiлi ойшылдар болды. Олар сол дəуiрдегi ғылыми бiлiмдер мен алдыңғы қатарлы озық идеяларды бiр жүйеге келтiрудi жəне мазмұндауды, оны оқырманға көптеп таратуды мақсат етiп қойды. Озық идеялар ретiнде феодалдық-абсолюттiк тəртiптер мен шiркеу үстемдiгiн сынайтын ойларды негiзге алған олар, адам-ның бүкiл өмiр əрекетiнiң негiзiнде дiн емес, парасаттылық, оқу-ағарту жəне ғылым жататынына ерекше назар аударды. Олар дiн мен шiркеудi сынады, монархтардың жеке билiгiн, сосло-виелiк артықшылықтарды, шаруалардың феодалдық мiндеткерлiктерiн, басқа да ескiрген тəртiптердi айыптады. Адамзат үшiн мəдениет құндылығын баса көрсеткен олар сөз, баспасөз жəне ар-ождан бостандықтарының берiлуiн талап еттi. Адамдардың заң алдында ғана тең болуы мүмкiн екендiгiн ескерген олар заңның күштiлiгi мен əдiлеттiлiгiне ерекше назар аударды. Энциклопедияның басшысы Дидро ″ заңдар жақсы болса, мiнез де жақсы, ал заңдар кесапатты болса мiнез де кесапатты″ деп жазды. Энциклопедистер халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асы-ру үшiн мемлекеттiк басқару тəсiлiн өзгертуге, заңдарды реттеуге көп көңiл бөлдi. Олар бүкiл француз қоғамы (ұлты) сословиеге бөлiнген артықшылығы мен құқықтары шектелген ″ азаматтардан″ емес, заң алдында тең құқылы, тең мiндеттерi бар ерiктi азаматтардан тұруға тиiс деп жариялады.

Француз ағартушылары өз еңбектерiнде қоғам мен табиғат-тың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күшi, теңсiздiктiң себептерi, дiни наным, адам құндылықтары сияқты сұрақтарға жауап iздедi.

Олар қоғам дамуының нəрiн парасаттылық пен саналы-лық, бiлiмдiлiк пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байла-ныстырып, ″ əлемдi пiкiр билейдi″ деген қорытындыға келдi. Ағартушылық идеялары Франциямен қатар Италия, Англия, Германия, Ресей, Голландия, Солтүстiк Америка жəне тағы басқа елдерде кең қанат жайды. Ағартушылықтың гуманистiк-адам-гершiлiк идеялары мемлекет пен құқық туралы ғылымның даму бағыттарына, əдiстерiне жəне мазмұнына зор ықпалын тигiздi. Олардың озық ойлы идеялары ұлы француз революциясын дайындауда жəне оның барысында маңызды роль атқарумен қатар, оның идеологиялық алғы шарты қызметiн де абыроймен атқара бiлдi[2, 78б] .

1. 3XVIII-XIX ғ. Франциядағы саяси құқықтық ойлар.

Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1964-1978 жж. ) - француз жазушысы, философ. Əрекет етуші заңдардың əділетсіздігін, тирания, діннің төзімсіздігі жəне діндарлықты қатты сынады. «Философиялық хаттар» (1733), «Метафизикалық трактат», «Заңдар рухына» түсіндірме». Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылык еңбегінің көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген канатты сөзі де бар. Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жактай койған жок. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға төуелді болуды білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл Батысқа белгілі болды. Вольтердің ойшыл ретіндегі тарихи орны оның француз ағартушылығының бағдарламасын жасауымен, бірнеше іргелі-методологиялық мәселелерді қоюымен және дінді ағартушылық сынаудың негіздерін қалауымен анықталады. Вольтердің әлеуметтік идеялары француз буржуазиясының сауда-өнеркәсіп иелерінің мүдделерімен сәйкес келді. Объективті маңызы бойынша оның идеялары революциялық сипатта болды: олар қоғамның прогресшіл күшін феодалдық тәртіпті жоюға және абсолютизмді құлатуға бағыттады. Вольтер өзінің саяси теориясын жасамай тұрып, саяси-құқықтық ілімнің одан әрі дамуына негіз дайындаған идеологтардың қатарына жатады. Вольтер идеяларының ықпалын француз ағартушыларының бәрі азды-көпті сезінді.

Ағарту дəуірінде өмір сүрген Вольтер өзінің уақытын былай бағалаған: «Біздің ғасырымыздың ең бір артықшылықтарының бірі - математика тікендерінен поэзия гүлдеріне оңай өтетін көптеген білімді адамдардың болуы»[3, 49б] .

Шарль Луи Монтескье - француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал зангер және саяси ойшыл. Ол құкықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды.

Монтескьенің саяси-кұқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы - саяси бостандық. Оны шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады[4, 147б]

Жан-Жак Руссо (1712-1778 жж. ) - француз ойшылы, жазушы, халық егемендігі теориясының негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: «Ғылым мен өнер адамгершіліктің, адамзаттың тазаруына көмектесті ме деген сұрақ бойынша толғау» (1750), «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен негіздері туралы толғау» (1754), «Саяси экономика туралы» (1755), «Мəңгі бейбітшілік туралы ойлар» (1782), «Қоғамдықкелісім жəне саяси құқықтың қағидалары туралы» (1762) . Руссо саясат, қоғам, мемлекет, құқық мəселелерін халық егемендігі идеясы, қағидаларын қорғау тұрғысынан қарастырды, табиғи жағдай туралы көзқарас туғызуға қолданды. Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойьінша, жеке меншік болмайды, барлык адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни денсаулық кабілеттерінен ғана. Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойлы, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды". Қоғам мен мемлекет дамуында адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім - саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды. Жалпы ерік бойынша бағытталған бұл билікті Руссо егемендік дсп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар егемендігін білдіреді. Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың демократия, аристократия және монархиялық түрлерін карастырады. Оның. барлық формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшін, аристократиялық баскару орташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық, басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқылы[5, 96б] .

2. Шарль Луи Монтескьенің саяси құқықтық ілімдерінің жалпы сипаттамасы.

2. 1. Шарль Луи Монтескьенің саяси-құқықтық ілімінің теориялық негізі .

Шарль Луи Монтескье - француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал зангер және саяси ойшыл. Ол құкықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды.

Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748) . Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:

заң шығарушы,

атқарушы

сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты[6, 144б] .

Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.

Францияның феодалдық-абсолюттік тәртібі аяусыз сыналған "Парсы жазбалары" бір жылда сегіз рет жарық көрді. "Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлерінде" Монтескьенің ағартушылық және антидеспоттық идеялары Ежелгі Римнің қоғамдық, саяси және рухани өмірінің тарихи зерттеу тәжірибесімен және дәлелдерімен бекітіледі. Кең көлемде және жан жақты жазылған "Заңдар рухы туралы" еңбегі Монтескьені саяси және құқықтық ойдың бүкіл әлемдік тарихындағы танымал классиктердің қатарына шығады. Сол кездегі қоғамдық құрылыс пен шіркеудің қарсылығына тап болған бұл шығарма тиым салынған кітаптар тізіміне енгізілді.

Монтескьенің саяси-құқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы-саяси бостандық. Оның аталған шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығының тарихы
Адам құқығы туралы
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz