Қазақстан Республикасындағы сотталған адамдардың құқықтық жағдайы


СӨЖ
Тақырыбы:
Сотталған адамдардың құқықтық жағдайы
Орындаған:
Астана, 2017 ж.
Жоспар
1. Қазақстан Республикасындағы сотталған адамдардың құқықтық жағдайы.
2. Ресей Федерациясының сотталған адамдардың құқықтық жағдайы.
3. Қызылорда облысындағы сотталған адамдардың құқықтық жағдайы және бағдарламалар.
1. Жазаны өтеп жатқан адамдар, мемлекет азаматтары ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, белгілі бір құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бостандығына ие бола алады. Соның ішінде барлық сотталғандар жалпыға бірдей Адам құқығы Декларациясы баяндаған адам құқықтары мен бас бостандығын пайдаланады, тек оның шектелу тиістілігіне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.
Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесі болып қала беретіндігіне ерекше көңілаудару керек.
Сондықтан сотталғандарды қоғам өміріне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бірге қызмет етуге, мүмкіндік болған жерде, жұмылдыру керек. Сотталғандарды заңмен тікелей белгіленген жағдайдан басқа кезде азаматтық міндетін атқарудан босатуға болмайды.
Қамаудағы адам деп - ол қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сотталып, жеке бас бостандығынан айырылған кез келген адамды айтады.
Сотталғандардың құқығы мен бас бостандығы сот үкімімен және Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген мерзімге ғана шектелуі мүмкін.
Сотталғанның құқықтық жағдайын әр түрлі түсінуге болады, себебі, кейбір авторлардың ойынша сотталған азаматтар тек қана сотпен айырылған құқықтарынан басқа өздерінің барлық құқығына ие бола алады. Сонымен қылмыстық- атқару құқық нормалары құқықтың басқа салаларының нормаларына, әсіресе сотталғанның қимылына шек қою жағына ықпал етіп, өз әсерін тигізеді.
Екінші көзқарасты М. И. Федоров айтқан. Оның ойынша сотталғанды құқық шектеу тек қарапайым азамат құқығы көлемінің сандық азаюы жағынан қарау емес, оны қылмыс жасағаны үшін сотталғанның айрықша құқықтық жағдайының элементі ретінде қаралуы тиіс.
Осы көзқарасқа ортақтасқан- Н. А. Стручков. Ол сотталғанның құқықтық жайын, оған жүктелген субьективті міндеттердің жиынтығы және жазаны атқару кезіндегі ие болған құқығы ретінде түсінеді.
Қазақстандық жазушылардың ойынша, жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайы - ол әр түрлі құқық салалары нормаларында бекітілген және қылмыстық жазаны атқару кезіндегі сотталғандардың құқықтық жиынтығы арқылы айтылған жағдайы, заңды талаптары мен міндеттері.
Бас бостандығынан айырылған адамдардың бәрінің де, олармен адам баласына тән имандылықпен айналысуға, абыройын сыйлатуға құқығы бар. 2016 жылғы 16 желтоқсанындағы "Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық актіде" былай көрсетілген: "Пенитенциар жүйесінің қамаудағы адамдарға режим қойғандағы мақсаты- оларды түзеу және әлеуметті етіп қайта тәрбиелеу". "Барлық қамаудағылар адамгершілік қасиеті ретінде өздерімен сыйлы қарым- қатынаста болуды пайдалануға тиісті".
Жазаны орындау- мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, ол тиісті құқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады. Сотталғандарға жаңа міндеттер жүктеледі, оны обьективтік қажеттілік, тиісті оның мінез- құлқы деп түсінүі керек. Қазақстан Республикасының қылмыстық- атқару заңдарына сәйкес сотталғандар тиісті мәртебеге ие бола алады, оның негізгі субьективті құқық, заңды міндеттері және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген заңды талаптарымен қоса қылмыстық- атқару заңдары, сот үкімімен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледі.
Сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігіне құқығы бар. Жазаны атқарушы мекемелерде сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігі сотталғандардың мінез- құлқын қадағалау, олардың өздерін, меншікті заттарын, жайларын, сәлемдемемен алған заттарын тінту мен тексерулер жүргізу, жедел- іздестіру жұмысы, сонымен бірге басқа да аталған ұйымдар әкімшіліктерінің түрлі әрекеттерімен қамтамасыз етіледі. Ерекше жағдайларда сотталғандар мен дербес қызметшілердің қауіпсіздігін сақтау үшін түзеу мекемелерінде төтенше режим жағдайын енгізуге рұқсат етіледі.
Сотталғандар соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін де Қазақстан Республикасының азаматы болып қала береді, соған байланысты олардың түгелдей жеке басының ар- ождан конституциялық құқығы сақталады. Бұл әр адамның ажырамас құқығы және оны ешкім шектей алмайды.
2. Сотталғандардың құқықтық жағдайын Ресей Федерациясының Қылмыстық атқару кодексінің 10 -бабы бойынша анықталады. Бұл жерде заңды сақтайтын және сыйлайтын Ресей Федерациясы сотталғандардың заңды көзқарасы және бостандығы, олардың жеке қауіпсіздігі мен заңды қорғалуын толық қарастырған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот үкімімен қылмыстық және қылмыстық атқару заңнамаларында көрсетілген тәртіппен ғана шектелінеді. Ал қалған құқықтар мен бостандықтар Ресей азаматтарымен бірдей сақталынады және қорғалады. Мемлекет, өз барысында, сотталғандардың да заңды мүддесі мен қауіпсіздігіне кепіл береді. Бұл жерде тек сотталғандардың ғана емес, олардың туысқандары, жақындары, жұмыс коллективі, тағы олармен құқықтық қатынаста болатын барлық тұлғалардың мүддесін қорғайды. Мемлекет сотталғандарды белгілі бір қылмыс үшін жазалайды, бірақ жасалған қылмыстан басқа мүдделерін шектей алмайды. Бұл ереже түзеу мекемелері мен органдарында күнделікті орындалуы тиіс.
Жазасын өтеп жүрген адамдар қылмыстық және қылмыстық атқарушы заңдарда белгіленген шектеулерден басқа барлық Ресей Федерациясының азаматы ретінде құқықтар мен бостандықтарды қолданады. Сотталғандар азаматтық міндеттерден босатылмайды, бірақ федеральды заңдарда көрсетілген шектеулер бар. Мысалы: сотталғандар, жазасын өтеп жүргендер, армияға шақырылмайды, сайлауға қатыса алмайды және сайлана алмайды, балаларын жеке тәрбиелей алмайды. Бірақ сотталғандар өздерінің бұзылған құқықтарын жеке немесе өкілі арқылы қорғай алады.
Сотталған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Ресей Федерациясының шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы көрсетілген халықаралық шарттармен реттеледі, бірақ олар Ресей Федерациясының қылмыстық және қылмыстық атқару заңнамаларына қайшы келмеуі тиіс.
Сотталғандардың құқықтық жағдайын белгілеген кезде, ең бастысы, олардың құқықтық міндеттерін айқындау керек. Бұл сот үкімінің бірінші белгісі. Сотталған адам соттың жазасын барлық оның қиыншылықтары, ауырлығы, жағдайсыздығымен өтеуі керек. Бәрінен бұрын кодекс бойынша сотталған адам азаматтық міндеттерін, тәртіп сақтау, санитарлық және жеке тазалығын сақтауға міндетті. Осы адамгершілік нормалары бойынша, сотталғандардың жаза өтеу мекемелерінде тәртіптік, гигиеналық талаптарды, осындай жалпыазаматтық міндеттемелерді тиісінше атқармаған үшін арнаулы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Егер бостандықта адамгершілік нормаларын сақтау әр кімнің өз еркінінде болса, жаза өтеу мекемелерінде ерекше талаптар қойылған және оны міндетті түрде орындаулары керек.
Сотталғандарға жаза өтеу жағдайлары мен тәртібін айқындайтын федеральды заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді орындауға міндетті. Бұл талаптардың бәрі толығымен сотталғандарға жеткізілуі керек, өйткені олармен танысып, орындау арқылы тиісті нәтижеге жетуге болады. Әсіресе, сотталғандардың міндеттері мен белгілі бір тыйым салынатын жалпы ережелерді белгілейтін үкіметтің нормативтік құқықтық актілерді сотталғандарға кездесуге келетін, хат жазатын, сәлемдеме жіберетін туысқандары, жақын адамдары білуге тиіс.
Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясына яғни азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық акті де бас бостандығынан айырылған немесе жазаланған адамдар туралы баптар бар. Бұл баптар қамалғандарға қолданылатын адам құқығының негізін құрайды.
1) Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясының 5-бабында былай делінген: "Еш біреуде азаптауға немесе мейірімсіз, адамгершілікке жатпайтын немесе оның намысына тиетін айналысу мен жазалауға тартылмауы тиіс".
2) 2-бап бойынша Декларация жариялаған құқық пен бас бостандықтың ешкімді бөліп тастамай бәріне қатысы бар.
3) 10(2) бап - ерекше жағдай болмаған кезде жауапкер сотталғандармен, ал кәмелетке толмаған жауапкер ересектерден бөлек ұсталуын талап етеді.
4) 10(3) бап қамалғандармен қарым - қатынастың негізін белгілейді: "Пенитенциар жүйесінде қамалғандар үшін режим белгіленген, оның ең маңызды мақсаты - оларды түзеу мен әлеуметтік қайта тәрбиелеу".
3. Қызылорда облыстық прокуратурасымен Бас прокуратураның «Түрмедегілердің санын азайтудың 10 шарасы», «Колониялардағы жұмыспен қамту - 2017», «Ресоциализация: сен қоғамға керексің!» бас бостандығынан айыру орындарында жүзеге асырылатын жобасына ерекше мән беріледі.
Аталған жобаның мақсаты - сотталғандарды түзеу және оларды әрі қарай қоғамға бейімдеу болып табылады. Осы тұрғыда, барлығы 10 кәсіпкер қызығушылық танытып, түзеу мекемелерінде жаңа өндіріс орындарын ашты, қазіргі таңда 207 бас бостандығынан айырылғандар жұмыспен қамтылған. Одан басқа, 5 жазасын өтеуші қол өнер саласында жеке еңбекпен айналысу мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, қатаң режимді ЗК-169/5 колониясында «Бек-Ай-Групп» ЖШС-мен ағаштан бұйымдар жасау бойынша цехі қызметке қосылды. Егер өткен жылы кірпіш зауыты тек ЗК-169/4 қоныс колониясының аумағында болса, қатаң режимді ЗК-169/5 колониясында күйдірілген кірпіш өндіру зауытын іске қосу жоспарлануда. Осылайша, облыстағы колонияларда жұмыспен қамту 71% құрап, республика бойынша жоғарғы көрсеткіш екенін атап өткен жөн. Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтылуы олардың түзелуіне ықпал етуде. Бұған, түзеу мекемелеріндегі қылмыстылық ахуал көрсеткіштері дәлел болады. Мысалы, 2015 жылдың 6 айында сотталушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың саны 21, 5% (42-ден 33-ке), сонымен қатар, қасақана қылмыс жасау 61% (23-тен 9-ға) дейін азайған.
Облыс прокуроры Халидулла Дәуешов, - егер 2015 жылдың 6 айында жазасын өтеушілермен 2 қылмыс жасалса, биыл бірде-бір қылмыс тіркелмегенін атап өтті. Жыл сайын бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын босағандардың саны артуда: 2014 жылы - 229, 2015 жылы - 335 жазасын өтеуші құрайды, яғни 35% өскен. Түрмедегілердің санын азайту бойынша үрдісі жалғастырылуда, жыл басынан бері 175 адам босатылды.
Бүгінгі таңда жазасын өтеушілер кезекті рақымшылықты күтпестен, өз еңбектері мен тәртібі арқылы өзінің түзелгенін дәлелдеу мүмкіндігіне ие болды. Түрме реформасын жүзеге асыру туралы жобасы өзінің оң нәтижелерін беруде. Аталған жобаның аясында сотталушылардың арасында жазаны өтеу тәртібін бұзу саны, оның ішінде тәртіптік изоляторға тоғытылғандардың саны 18-ден 5-ке дейін азайды.
Сонымен қатар, тәртіпті сақтауға және бостандыққа шығуға мүдделік танытуда. Өндірісте жұмыс істеп және бұзушылыққа жол бермеген жазасын өтеуші шартты түрде мерзімінен босатылуына (сотталушылардың 42 өтінішінің 37 қанағаттандырылған), жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл түріне ауыстыруға (сотталушылардың 134 өтінішінің 117 қанағаттандырылған) құқылы. Облыстық прокуратураның бастамасымен жазасын өтеушілер мен олардың туыстарына жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру мәселесін түсіндіру үшін жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде, жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру 1-ден 35-ке дейін өсіп, айыппұл сомасы 11, 4 млн. теңгені құрады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды қоғамға бейімдеу мәселесі де прокуратураның тұрақты бақылауында. Осы бағытта «Жаза өтеу орындарынан босатылғандарды қоғамға бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін бастады. Мекемеде 11 қызметкер жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамту, білім алу, мамандықты меңгеру және басқа да мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
«Сен қоғамға керексің!» тақырыбында өткізілген өңірлік Форумы .
Құқықтық реформалар мен заңдарды ізгілендіру аясында Қазақстанды түрмедегі тұлғалары көп мемлекеттер қатарынан шығару белгіленген. Оның негізгі себептері, осыған дейін бас бостандығынан айыру жазасы кеңінен тағайындалып, жаза өтеу орындарынан босатылғандарға жүргізілген оңалту жұмыстарының тиімсіздігінен олар қайта қылмыс жасап, түзеу мекемелеріне қайталапоралатындары. Заңдарды ізгілендіру арқылы тағайындалатын қылмыстық жазаның қатаңдығын қайта қарап, балама жазаларды кеңінен қолдану айқындалған. Нәтижесінде, жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексте бас бостандығынан айыру жазасын тек аса қауіпті қылмыстар үшін тағайындау, ал әрбір төртінші қылмыс санатына (917-нің 226-на) балама жаза тағайындау қаралған. Бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау кеңейтіліп, орта дәрежелі санаттағы 60 қылмысқа қосымша (125-тен 185-ке) жазаның осы түрін тағайындау белгіленген. Түрмедегілердің санын азайту үшін сотталушыларға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындау арқылы әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіп, оларды қоғамға қайта бейімдеу тиімді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz