Азаматтық процестегі тараптар түсінігі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
1. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАР . . . 3
1. 1Азаматтық процестегі тараптар түсінігі . . . 3
1. 2Азаматтық процестегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны . . . 14
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ БІРІККЕН ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАРАПТАР МӘРТЕБЕСІНЕ ӘСЕРІ . . . 28
2. 1Азаматтық процестегі біріккен қатысушылық түсінігі саралануы . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32
КІРІСПЕ
Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты анықталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін қателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мән беріледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастьар болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында бұл түсінік толықтай өңделген:
- тарап бұл даулы материалды - құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;
- тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі;
Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді. Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және нәтижесінде бір затты білдіреді. Осылай істегі тарап түсінігін материалды-құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды. Даулы материалды-құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады. Азаматтық істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға болмайды. Негізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан, тараптар болып материалды-құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері танылады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
Азаматтық іс жүргізу тараптарын толық түсініп, білу. Талапкер мен жауапкер процестің тараптары болып табылады, олар құқық туралы даулыларын сотта шешетін адам.
- I АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАР1. 1 Азаматтық процестегі тараптар түсінігі
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде 43-бабында іске қатысушы тұлғалар құрамына кіретін іс жүргізу қатысушыларының тізімі тараптарды анықтағаннан басталады. Бұндай құзыретті тараптарға қатысты мойындау олар іске қатысушы тұлғаларға тән келесі белгілерге сай келетінін білдіреді:
- іс шешіміне заңи қызығушылық таныту;
- істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады;
- өз алдына әрекеттер жасау құқығына ие;
- сот шешімінің және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтаманың заңды күшінің әсері таралады;
- заңмен белгңленген процессуалдық құқықтар мен міндеттерге иеленеді; [2]
Көрсетілген белгілердің ішіндегі заңи қызығушылық таныту ерекше мәнег ие. Даулы материалды - құқықтық қатынас қатысушылары ретінде тараптардың заңи қызығушылығының ерекшелігі іске қатысушы өзге тұлғалармен салыстырғанда тараптардың іс шешімінде материалды - құқықтық және процессуалдық қызығушылықтарының болуы болып табылады. Материалды - құқықтық қызығушылықтың мәні соттың талапкер үшін талапты қанағаттандыру немесе жауапкер үшін одан бас тарту туралы шығаратын шешімге байланысты пайда алу не оны сақтап қалу болады. Процессуалдық қызығушылық деп іске қатыса отырып сот өндірісіне қатысушы күтетін және оған ұмтылатын істі қарау мен шешудің процессуалдық нәтижесін түсінуіміз керек, яғни талапкер үшін бұл талапты қанағаттандыру туралы шешім шығаруды, ал жауапкер үшін талаптан бас тарту туралы шешім шығаруды күту. Екі тарап үшін де процессуалдық қызығушылық соттан тараптар арасындағы дауды шешетін шешім алумен байланысты болады. Тараптардың заңды мүдделері қарама - қарсы болып табылады. Себебі, тараптар материалды - құқықтық және заңды мүдде туралы дау жағдайында болады. Субъектілері істе тарап болатын құқық туралы дау, яғни даулы материалды - құқықтық қатынас сотта істі қараудың пәні болып табылады. Сот тараптар арасындағы құқық туралы дауды қарастырып шешім немесе тараптардың ерік білдіруіне байланысты, яғни талаптан талапкердің бас тартуымен не бейбіт келісім орнатумен байланысты істі қарауды тоқтату туралы анықтама шығарады. Осылай, сот актілерін шығару жолымен азаматтық құқықтық дау субъектілерінің тәртіп ережелері анықталады. Сондықтан сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты туындайтын салдар толық көлемде тек тараптарға ғана таралады.
Тараптар - бұл субъективтік құқықтары мен міндеттеріне байланысты сот қызметі жүзеге асатын тұлғалар. Сол себептен заң оларға сот шығындарын өтеу міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату жағдайларын қоспағанда) жүктейді. Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі тараптарды сипаттайтын келесі ерекше белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.
- қарама-қайшы материалды - құқықтық және процессуалдық қызығушылықтардың болуы;
- Заңды күшіне енген сот шешімі салдарының толық көлемде таралуы;
- Іс бойынша шығындарын өтеу;
Талап қою бойынша істі қозғаумен байланысты ғана тараптар арасындағы құқық туралы дау сотта қарау пәні болмайды. Құқық туралы даудың болуы ерекше талап өндірісінің де ерекше белгілерінің бірі болады. Әрекет етуші Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдылығы құқық туралы даулары ерекше талап өндіру тәртібінде шешіліетін субъектілерді іс жүргізудегі тараптар деп атауға мүмкіндік береді. Осы жерде келесі қорытынды шығады тараптар тек жай талап өндірідің ғана емес, сонымен қатар ерекше талап өндірудің тұлғалары болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 47-бабына сәйкес іс жүргізудегі тараптар болып талапкер мен жауапкер танылады.
Талапкер мен жауапкер - бұл құқықтары туралы дауды сот қарастыратын тұлғалар. Осылай азаматтық іс жүргізуде әр уақытта екі тарап болады. Олардың бірі талапкер, екіншісі жауапкер деп аталады.
Талапкер - бұл өз мүдделерін қорғау үшін талап қойған, не олардың мүдделеріне қатысты талап қойылған азамат пен заңды тұлға. Талапкер істе құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты туындаған құқық туралы дауы сот шешетін тараптардың бірі, яғни даулы құқық пен заңи мүдденің ықтимал субъектісі. [2]
Сотқа талап қою туралы шағымданған тұлға әрдайым талапкер болмайды. Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар не прокурор азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында шағымданған жағдайда да қозғалуы мүмкін. Бұнда келесі норма бекітілген: «Өзге тұлғалар құқықтары мен, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдануға заң бойынша құқығы бар тұлғалар мүддесіне қатысты іс қозғаған тұлғаларды сот туындаған іс туралы алдын ала ескертеді және олар сотта талапкер ретінде қатысады». Бұл жағдай өз кезегінде келесі басқа процессуалдық нормаларының мазмұнына негізделеді: егер талапкер прокурор ұсынған талаптармен келіспесе, онда сот үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне кері әсер етпейтін болса талапты қараусыз қалдырады. Егер мүдделеріне қатысты мемлекеттік орган яғни жергілікті өзін-өзі басқару органы, ұйым не жеке азамат іс қозғаған тұлға қойылатын талаптармен келіспейтін болса, онда сот үшінші тұлғаларға кері әсе етпесе істі қараусыз қалдырады. Тиісті құзыреті болғанда өкілдікке алушы атынан және оның мүдделерін қорғау үшін істе әрекет ететін сот өкілі талап қою арызына қол қоя және оны ұсына алады. Азамат әрекет қабілеттілікті толық не толық емес еселенетініне қарамастан іс жүргізуде тарап болып саналады. Талапкердің мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы тұлғалар сотта оның өкілдері жағдайына иеленеді. Яғни талап қою талапкерді анықтайтын белгі болып табылмайды. Іс бойынша талапкерді анықтағанда сот кімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтынын, материалдық пайданы алуда және мәжбүрлеп орындалатын сот шешімінің өзі үшін тиімді болуын күтуде кім қызығушылық танытатынын ескеру керек.
Жауапкер - өзіне қатысты талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Жауапкер бұл талапкердің пікірінше, оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған құқық туралы даудағы екінші тарап.
Іс жүргізуде тараптар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан басқа шетел құқығының субектілері, яғни шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңи тұлғалар, халықаралық ұйымдар олардың құқықтары дау қатысуымен Қазақстан Республикасының соттары құқық туралы дауды қарастыратын болса қатыса алады. Заңмен қарастырылған жағдайда заңды тұлға болып табыдмайтын мекемелер де тараптар бола алады. Іске тарап ретінде заңды тұлға емес мекеменің қатысу мүмкіндігіне М. А Викут көңіл бөлген: Азаматтық іс жүргізу кодексі Азаматтық іс жүргізуде заңды тұлға болап табылмайтын мекеменің тарап ретінде қатысуына бөгет етпейді. Істегі тараптар ретінде тек заңды тұлға болатын мекемелер ғана қатысады деген қорытынды процессуалдық нормалардан шықпайды. Заң шығарушы басқа анықтама «заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын» қолданған. Сондықтан тарап ретінде заңды тұлға болып табылатын, сонымен қатар заңды тұлға құқықтарын қолданатын мекеменің қатысуына жол беріледі. Заңды тұлға емес мекеменің тарап ретінде қатысуына мысал ретінде ұжымдық еңбек дауы бойынша азаматтық істі келтіруге болады. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдесінде қабылданған «Ұжымдық еңбек туралы» заңының 1-бабы 1-тармағында келесілер анықталған: Ұжымдық еңбек даулары - бұл мекемелерде еңбек ақысын төлеу мен жұмыс жағдайларын орнату және өзгерту, ұжымдық шарттар мен келісімдерді орындау, сондай-ақ әрекет етуші заңдылықтарды, ұжымдық шарттар мен келісімдерді қолдану мәселелеріне байланысты жұмыс беруші мен жұмысшылар ұжымы арасындағы келіспеушіліктер. Яғни құқық туралы дау тараптары жұмысшылар ұжымы талапкер және жұмыс беруші жауапкер болып табылады. Еңбек туралы заңдылықтың немесе өзге нормативті құқықтық актілерді қолдануға байланысты ұжымдық еңбек дауларын тараптардың бірінің өкілі берген арыз бойынша сот қарастырады. Құрылтай құжаттарына сәйкес өкілдік етуге құзыретті кәсіподақ органдары мен оның бірлестіктері, мекеме жұмысшылары жиналысында құрылған қоғамдық органдар мен оның бөлімшелері және өкілдіктері жұмысшылырдың өкілдері болып табылады. Тараптар іске қатысушы барлық тұлғалар сияқты құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады. Бірақ, азаматтық құқықтық дау субъектілері ретінде тараптарға талап қою қызметін жүзеге асыруға және оған шағымдануға, сондай-ақ құқық туралы дау объектісін иеленуге мүмкіндік беретін тек оларға тиіс процессуалды құқықтар мен міндеттер беріледі.
Заңда азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың нақты тізімі жоқ. Азаматтық іс жүргізуге қатысушыларын негізгі үш топқа бөлуге болады: Бірінші топқа сот пен сот орындаушысы; Екінші топты іске қатысушы тұлғалар құрайды. Олар тараптар, үшінші тұлғалар . Өз кезегінде олар екі топқа бөлінеді :
- іске өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын және іс шешілуінде материалдық және құқықтық қызығуы бар тұлғалар;
- іске өз атынан, бірақ басқа адамдар мүдделерін қорғау үшін қатысатын, сонымен қатар іс шешімінде тек құқықтық қызығуы бар адамдар.
Тараптар яғни талапкер мен жауапкер - азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары.
Талапты өндіру тараптары талапкер мен жауапкер болып табылады. Талапкер мен жауапкерлер ретінде жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Әрекет етуші азаматтық іс жүргізу заңдылығы азаматтық іске талапкердің қатысуының екі негізгі нысанын ажыратады.
Біріншіден, сотқа өзінің бұзылған не дауласушы құқығын қорғау үшін шағымданған тұлға талапкер болып табылады.
Екіншіден, талапкер болып өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдануға құықығы бар тұлғалар мен айыптаушы арызы бойынша қозғалатын істе қызығушылығы бар тұлға табылады.
Бірінші жағдайда істі талапкер бастайды, ал екіншісінде туындаған іс туралы хабарлаған сотпен іске қатысады.
Бұл нормаларды салыстыру талапкерді даулы құқығы не сот қарастыратын дауда заңмен қорғалатын мүдделерін иеленуші тұлға ретінде сипаттауға болады. Сонымен талапкер презумпциясы туралы айтуға болады. Бұл презумпция біріншіден, сотқа шағымданғанда хабарлайтын дәлелдемелер, екіншіден, даулы материалды-құқықтық қатынас қатысушыларының мүмкін тізімін анықтайтын құқық нормаларының бастамаларына негізделген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде жауапкердің нақты түсінігі жоқ. Біріншіден сотқа шағымданушы тұлғаның субъективтік құқықтары мен мүдделерін бұзушы тұлға ретінде, екіншіден талапкердің субъективтік құқықтары мен мүдделерін ықтимал бұзушы ретінде сот іске тартатын тұлға ретінде айтуға мүмкіндік береді. Яғни жауапкер бұл талап қойылған тұлға, сонымен қатар сот талап бойынша жауап беру үшін тартатын тұлға.
Талапкерге қатысты сияқты, жауапкерге қатысты өз презумпциясы әрекет етеді. Оған сәйкес негізінен талап қойылған тұлға (талап бойынша жауапқа тартылған) ақырында бұл талап бойынша жауап бермейді. Талапкер мен жауапкердің процессуалдық мүдделері өзара қарама- қайшы. Талапты өндіру кезінде іс тараптар атынан жүреді. Сот шешімі ең алдымен талапкер мен жауапкерге таралады. Тараптар іс бойынша сот шығындарын өтейді.
Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалды құқықтары мен мүдделерінде көрініс табадаы. Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделер сот қарауының пәні болып табылады. Сот шешімдерінің заңдылығы мен негізделуі іс бойынша барлық жағдайларды зерттеу мен бекітуді толық жүргізуге байланысты. Көбінесе бұл іске қатысушы барлық тұлғалардың ең алдымен тараптардың процессуалдық жағдайын дұрыс анықтаумен негізделеді. Іс қатысушысының құқықтық жағдайын дұрыс емес анықтау сот қателігіне әкеледі. Сондықтан іске қатысушылардың қайсысы тараптарға жататынын дұрыс анықтау өте маңызды. Бұл мәселені шешу тәжірибеде қиындықтар туғызады.
Азаматтық процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту азаматтық сот өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ азаматтық процессуалдық заңдылыққа тараптар түсінігін кірістіру туралы мәселе заңи әдебиеттерде даулы болып қала беруде. Теориялық жағынан ол дұрыс өңделмеген. Бұл азаматтық іс жүргізуде тараптар түсінігін зерттеудің жәнеодақтас республикалардың Азаматтық процестік кодексінде бекітілуіне ғылыми бастама қалыптастырудың маңыздылығына дәлел болады. Тараптар үшін іске тікелей жеке қызығуының болуы қажет. Бұл қызығушылық материалды құқықтық (сот шешімі бір бірімен олардың материалдық құқықтықжағдайына әсер етеді), сондай-ақ процессуалдық (олардың әр біреуі шешімнің өз пайдасына шешілуіне қызығушылық танытады) сипатта болады. Тараптар азаматтық істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады. Тәжірибеде Азаматтық істе тараптар әрдайым негізінен сот қарастыратын даулы материалдық құқықтық қатынас тараптары болмайды. Бұл іс шешілуіне дейін сот отырысында сот әрқашанда емес келесілерді:
- талапкер арызы негізделген бе жоқ па;
- сотқа шағымданушы тұлға қорғалуын сұрайтын субъективтік құқық иесі болып табылатындығын;
- оның құқығы шынымен бұзылды ма, жоқ па;
- Талапкер жауапкер ретінде тартуды сұрайтын тұлға құқықты бұзғандығын дұрыс анықтамауы бола алады.
Бұл судья істі қозғағанда талаптың және сот отырысында тексерілмеген өзге құжаттарға негізделген материалдық құқықтар сәйкестігімен оның бұзылуы туралы тек қана алдын ала пікірі болуымен анықталады. Сондықтан азаматтық істе талапкер мен жауапкер ретінде даулы материалдық құқықтық қатынастың нақты, соныменқатар мүмкін субъектілер қатысу жағдайлары ықтимал. Яғни, тұлғаны тарап деп тану үшін кем дегенде даулы материалдық құқықтық қатынас субъектісі болуы туралы негізделген түсінігі жеткілікті. Бұл тараптардың бірінші белгісі. Даулы материалдық құқықтық қатынас субъектілерінің іс тараптарының болуын тараптардың басқа белгісі - олардың іс шешіміндегі заңи қызығушылығының болуы анықтайды.
Тараптардың заңи қызығушылығы материалды құқықтық және процессуалдық болып жіктеледі. Талапкердің материалды - құқықтық қызығушылығы талапты қанағаттандыру туралы сот шешімінің оған әкелетін пайдасын алуды құрайды. Бұнымен талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін шығару талапкердің процессуалдық қызығушылығы негізделген. Жауапкердің материалдық - құқықтық қызығушылығы соттың талапкер алдында қандайда бір құқықтық міндеттемелері жоқтығын шешіммен бекітуді құрайды. Сондықтан оның процессуалдық қызығушылығы соттың талаптан бас тартуы туралы шешім шығару болады. Сонымен, талапкер мен жауапкер қарама - қайшы материалды - құқықтық және процессуалдық қызығушылықтар танытады.
Тараптардың заңи қызығушылықтары заңмен қарастырған жағдайда құқықтар мен мүдделерін қорғау туралы арызбен шағымданған тұлғалар қызығушылығынан ерекше болады. Бұл тұлғалардың мүдделері жеке сипатта емес және көбіне тек процессуалдық, яғни соттың сотқа құқықтарын қорғау үшіншағымданған тұлғаның пайдасына шешу болып табылады. Тараптар белгілеріне сонымен қатар шешімі мен заңды күшіне енген барлық материалды - құқықтық және процессуалдық салдардың (сот шешімінің обеътивтік және субъективтік шектері ) міндеттілігі де жатады. Дау пәніне жеке талаптар қоятын үшінші тұлғалардан басқа іске қатысушы өзге тұлғалар үшін заң күшіне енген сот шешімі тек кейбір салдар туындатады. Тараптар сонымен қатар іске өзінің субъективтік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін түсуімен сипатталады. Тараптар іс бойынша сот шығындарын заң бойынша не сотпен босатылмаса өтейді. Сонымен талапты өндіруге тараптарды сипаттайтын белгілерге жатады:
- істе заңи қызығушылықтың материалдық - құқықтық және процессуалдық болуы;
- өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс жүргізуге қатысу;
- сот шешімінің заңи күшіне енгенде оларға барлық материалды -құқықтық және процессуалдық салдардың тарауы;
- іс бойынша сот шығындарын толтыру;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz