АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН
НАҚТЫЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың
түсінігі ... ... ... 3
1.2Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру кезінде қайта жаңғыртудың
процессуалдық
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..7
2ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1Тергеу экспериментіне дайындық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..15
2.2 Тергеу эксперименті хаттамасының
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .19
3ОҚИҒАН БОЛҒАН ЖЕРДІ
ҚАРАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...29

КІРІСПЕ
Қылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің,
айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге
тура келеді.
Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді оқиғаның болған
жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен
салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап
көреді.
Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орналасқан объектілерді
тергеуші өз көзімен көріп, олар женінде толық ақпарат алады. Айтылған
жауапты тексеру аркылы, оқиғаның болу жолын, осы жердін ерекшелігімен,
жағдайымен салыстырып, мұндайда қандай іздер калады, олар қай жерде қалуы
мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы
мүмкін.
Куәден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпкерден бе кімнен жауап
алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау үстівде әр
түрлі әдістер қолданылады. Сондай-ақ, дайындық жұмыстары жүргізілгенде
колданылатын тактикалық әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге
кірісер алдында тергеуші жоспар қүрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс.
Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыстық істің
жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұқият зерттелуі
тиіс.

АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ

АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ

Айтылған жауапты тексеру арқылы, оқиғаның болу жолын, осы жердің
ерекшелігімен, жағдайы меН салыстырып, мұңдайда қандай іздер калады, олар
қай жерда калуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелде мелер
тауып алуы мүмкін.
1960 жылға дейін процессуальдық заңда мүндай тергеу әрекеті жоқболатын.
Бірақ айғақты оқиға болған жерге шығын анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде
колданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін.
Кейінірек бұл іске керекті дәлелдеме іздеу өдісі дербес процессуальдьщ
тергеу әрекеті есебінде занда көрсетіліп, тергеуде жиі қодданылатын болды.
Әрине, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде басқа тергеу әрекетінін кейбір
элементтері, әдістері де қолданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстіңде
жауап та алынады, іздерді қарау әдістері де қолданылады, кей жағдайда
тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бұл тергеу әрекеті
жауап алумен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп
ұксастығы бар. Бірақ мұнда тергеу әрекетінің тек жекелеген кейбір әдістері
ғана аралас колданатындықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен
нақтылау езіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады.
Айталық, окиға болған жерде тергеудін жауап алудан айырмашылығы мынада:
оқиға болған жерде тексеру айғақ адамдар-дың қатысуымен жүргізіледі,
жауапта көрсетілген деректер оқиға болған жерде қайтара тексеріліп, кейбір
жауаптағы мәліметтерді қимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін
керсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғақты оқиға болған жерде тексеру
мен нақтылаудың ерекшелігі - танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді
танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы езі байқаған кейінгі
езгерістерді де баяндайды, езінің, кейде оқиғаға басқа да қатысушылардың
жекелеген әрекеттерін кимыл үстінде керсетеді.
Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты
аныктай түсу, жаңа дәлелдемелер алу мақсатында тергеуші оқиға болған жерді,
жекелеген объектілерді жауап берушіні қатыстыра отырып тексереді, егер
қажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп,
пысықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер табылса
тергеуші оны да іске пайдаланады.
Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрлағаны үшін жауапқа
тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, қылмыс жасаған жерін көрсетуге
ықыласын білдірді. Осыған байланысты оқиға болған жерге келгенде, есікті
қалай бұзғанын, құлыпты қайда лақтырғанын, ондағы заттарды қай жерлерден
(шкафтан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдықтарының нақты қай жерде
тұрғанын көрсетіп берді.
Айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-ақ алдын ала тергеу
кезінде берген жауаптың шындықка жататынын не жатпайтынын анықТауға
көмектеседі. Айталық, сезікті адам өзінің окиғадан бұрын осы жердегі
алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жаққа кетіп қалғанын аддында берген
жауабын айтқан болатын. Оқиға болған жерге келіп, қай ордан секірія тоғай
жаққа кеткенін көрсетуге келгенде 4 м ордан секіртуге болмайтыңдығына көзі
жеткен соң шындығын айтуға тура келді.

1.2 АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
ТӘСІЛДЕРІ

Куәден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпкерден бе кімнен жауап
алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау устінде әр
тҮрлі әдістер қолданылады. Сондай-ақ, дайындық жұмыстары жүргізілгенде
қодцанылатын тактикалық әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге
кірісер алдында тергеуші жоспар құрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс.
Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыстық істің
жедел-іздестіру шаралары кезіңде жиналған материалдары мұқият зерттелуі
тиіс.
Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу
әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы
жұмыстың бүкіл барысын пысықтауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде
откізілетін болса, оған қатысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің
турлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді қай жерге, қандай мақсатта
орналастыру қажеттігі айқындалуы кажет.
Дайындық кезінде жедел топтың кұрамы белгіленеді. Оның құрамына тергеуші
және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын
кинолог, сондай-ақ маман-криминалист, сот-сарапшысы басқа да кажетгі
мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды
іріктегенде тексерілетін істің курделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар
тексерудегі жағдайды түсініп, есте сақтай алатындай, кейін қажеттілік
туындаса жүргізілген әрекеттің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай
болуы керек. Егер қосымша куәгерлерді бір жерге бірнеше рет шақыру кажет
бол-са, олардың екінші қайтара шақырылмауын ескерген жөн.
Куәні немесе айыпталушыны оқиға болған жерге олардың келісімімен ғана
шығару керек.
Дайындық және тексеруді еткізу кезінде айыпталушының оқиға болған жерге
баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға
шын ниетімен комектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден
сытылып, құтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен байланыс
орнатуға, оқиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге немесе тергеушінің әлі
неге назар аудармағанын білуге тырыса-тынын естен шығаруға болмайды.
Аталған тергеу әрекетіне дайындық кезеңі әрекетке қаты-сушыларға тиісті
нұсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің мақсаты мен тәртібі,
қатысушылардың кұкығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі
мәселелерге айрықша назар аударылады:
а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығының
алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бұрынғы жауабында айтқан учаскелер
мен заттарды көрсетеді;
ә) барлық ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;
б) жауабы тексерілетін адамға сұрақ тек тергеушінің рұқсатымен беріледі,
қандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады.
Тергеуші де оз әрекетіне ете мұқият қарауы, яғни өзіне икемдейтіндей
әрекеттен немесе сұрақтан сақтануы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса,
айыпталушы немесе куә тергеушінің айтқанына ілесіп, оның сұрақтарын
мақұлдай беретін болса тергеу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала
жүргізілген тергеу кезінде тергеушінің ақиқатқа көзі жеткен, тек оны оқиға
болған жерде нықтай түсу қажет болғанда ғана мұндай әдістің қолданылуы
мүмкін.
Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды езі анықтап,
тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі
керек. Бұл белгілі бір объектілерді көрсету-ге де қатысты. Айталық,
айыпталушы қылмыс жасаған бөлмеге оның қай терезесінен кіргенін кәрсетуі
тиіс делік. Мұндайда: Сіз мына терезе арқылы кірдіңіз бе? деп сұрақ коюға
болмайды. Ойткені мұндай сұрақ жауап берушіні тергеушінің ыңғайы-на
құлауына итермелейді де, ақиқат толық ашылмай қалуы мумкін. Ал, егер
тергеуші айыпталушының бөлмеге осы тере-земен кіргеніне сезік келтірсе, ол
айыпталушыдан болған окиғаны қайталап көрсетуін сұрайды. Мұңдайда, айыпкер
жалған жауап берсе, абыржып, айтқанын дәлелдей алмауы немесе шындықты
мойындауы мүмкін.

1.3 АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДЫҢ
ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ

Көптеген криминалистер аталған екі тергеу әрекетінде де жай-жапсары мен
оқиға мән-жайларын жаңғыртудың әдісі (тәсілі) қолданылады және олардың
әрқайсысының шегінде таным тәсілі жүзеге асырылуының ерекшелігімен
сипатталады деп нақтылайды.

ҚР ҚПК-нің 238 бабында жаңғыртудың орнын таным әдісі ретінде қарастыратын
мақсат пен оны жүзеге асыру жолдары көрсетілгендіктен, яғни заңда бұрын
жауап алынған тұлға зерттеліп отырған оқиғаның жай-жапсаты мен жайларын
жаңғыртады деп тікелей көрсетілгендіктен осындай көріністе оқиға болған
жағдайдың жай-жапсары мен шарттарын тәжірибелік іс-әрекеттерді жүзеге
асырмай-ақ жаңғыртуға болады

Айғақты тексерудің ҚР ҚПК 238 бабында мақсаты анық көрсетілген. Ол
тактикалық жағынан жан-жақты негізделген (тәжірибелік әрекеттерге
қарағанда) және толық түрде талдауды қажет етпейді. Егер тергеу
эксперименті мен айғақты оқиға болған жерде тексерудің мақсатын
салыстыратын болсақ, онда олардың едәуір сәйкес екендігін көруге болады:
басты ортақ мақсат – іс үшін маңызы бар мәліметтерді тексеру және анықтау;
жаңа дәлелдемелерді анықтау; болжамдарды тексеру.

Тергеу эксперименттерін тәжірибелік әрекеттерге ғана, айғақты тексеруді —
оқиға болған жерде бұрын алынған айғақтардың жай ғана қайталануына әкеліп
тіреудің орнына жоқ деген қисынды мәселе туындайды. Тергеу әрекеттердің,
жай-жапсары және тәжірибелік әрекеттердің жаңғыруынан ғана емес, ал
танымдық қызметтердің тәсілдерін біріктіруден, дер кезінде және кәсіби
түрде оларды кемінде пайдаланудан құралуы тиіс деген заңды мәселе бой
көтереді. Әрине жаңғырту түсінігі айғақты тексеру, тергеу
эксперименті деген түсініктерден кең, біздің ойымызша, ол танымның
әдісіне, тәсіліне жатыстыра отырып айғақты тексеру мен тәжірибелік
әдістердің көмегімен алынған мәліметтердің маңыздылығын барынша толық
бейнелейді.

М.В. Салтевский мен В.П. Лукашевич, тергеу әрекеттерінің жіктеу
проблемаларын қарастыра келе, жай-жапсары мен оқиға мән-жайларын жаңғырту
ақпаратын күрделі қайнар көздерден алу барысында мүмкін екендігін негіздей
отырып көрсетті. әрі қарай олар күрделі қайнар көз — бұл  тергеу
әрекеттерінің танымдылық процесінде бір мезгілде пайдаланылатын мінсіз және
материалдық бейнелердің жиынтығы. Мінсіз бейне қылмыстың қабылданған
оқиғасының салдары болып табылады. Осының салдарынан олардың заттай бейнеге
түсетін кескін түрі Субьективті түрін немесе оның тәжірибелік жаңғыруын
көрсетуге келіп тіреледі.

Тұлға жай-жапсары мен заттарды жаңғырту арқылы бейнелеп көрсетеді, ал
тергеуші мен куәгерлер бұрын алынған айғақтармен салыстырады және тұлғаның
орны туралы дұрыс бағдарлап, өзінің болжамдарын растап тұрғанына көздерін
жеткізеді.

Бұл көзқарасты А.П. Филиппов пен Ю.Г. Коруховтар қолдады. Олар осы
түсінікті егжей-тегжейлеп, оны мынадай түрде түсіндіреді: айғақты тексеру –
алдын ала жауап алынған адамның зерттеліп отырған оқиғамен байланысты орын
мен обьектілерді айғақтарды бірге ұсына отырып көрсетуін қарастыратын
тергеу әрекеті. Бұл іс әрекет кейде басқа тергеу әрекеттерімен ұқсас
сипаттарға да ие бола алады, бірақ оларды ешқашан шатастыруға болмайды.
Айғақтарды тексеру танудан негізгі тактикалық ерекшелігімен айрықшаланады,
атап айтсақ, тану барысында тұлғаға обьектіні таңдау мүмкіндігі беріледі,
айғақтарды тексеру барысында белсенді әрекеттер орындай отырып ол өзі
обьектіге көрсетеді, немесе тұлға өз сөздерін оқиға болған жерде іс-
әрекеттерді көрсете отырып растайды.

Тергеу эксперименті түсінігін басқа тергеу әрекеттерінен айқынырақ бөліп
қарастыру қажет. Кейбір тергеу әрекеттерінің ұқсастығына қатысты айтсақ,
оларды жалпы таным әдістері біріктіреді. Тексеру маңызына қарай заттардың
өзіндік қасиетін анықтайтын жекелеген тәжірибелік әрекеттермен байланысты
болу мүмкін. Олар айтарлықтай бақылауды толықтырады және қылмысқа
байланысты жекелеген көріністерді жаңғыртуға зерттелетін обьектілерді
тереңірек талдауға мүмкіндік береді. Бірақ, тексеру оқиғаның болған
жағдайларының материалдық сипатын жасанды жаңғыртумен байланысты емес. Егер
зерттеліп отырған оқиғаның шарттары мен жағдайларын жасанды материалдық
жаңғырту керек болса, тексеру кешенді сипатта болады және арнайы тергеу
әрекеттерін, тергеу экспериментін өткізу қажеттілігі туындайды.

Айғақты тексеруді жауап алумен шатастыруға болмайды, олар, бәрінен бұрын
өткізу әдістерімен ерекшеленеді. Жауап алудың негізіне сұрастыру әдісі
жатқызылған, оның көмегімен тергеуші оны білушінің санасында айтқан кезінде
сақталып қалған ауызша ақпаратты алады және тергеушіге жазбаша түрде
сұрастырудың күшімен беріледі. Айғақты тексеру барысында зерттеуге
бағытталған, екі әдісті бақылау және сұрастыруды біріктіру жүзеге
асырылады. Егер жауап алу оқиға болған жерде жүргізілсе, онда осы жерде
айғақты тексеру туралы сөз қозғауға болмайды. Қорыта айтқанда, тиімді
пайдалану мақсатта анықтау мен айқын қойылған міндеттермен шартты болады.
Егер мақсат айқын да анық қойылса, онда бұл іздеуді жеңілдетеді. Айғақты
тексеру процесінде мынадай мүмкіндіктер пайда болады: оқиға болған жерде
болуға тиісті әлі де табылмаған іздерді табу және олардың оқиға мен өзара
байланысын түсіндіру; тұлғаның жай-жапсардың бар детальдары туралы
хабардарлығын тексеру бұл оның оқиға туралы білімін растайды; екі және одан
көп адамдардың бұрынғы берген айғақтарындағы қарама-қайшылықты жою; тұлға
белгілі фактілерін, құбылыстардың болу мүмкіндігін растайтын немесе теріске
шығаратын, тексеру барысында жай-жапсарды танып-білуге әсер ететін
обьектілерге көрсету мүмкін қылмыс оқиғасын толық және жан-жақты жаңғырту
үшін тергеу әрекеттерін өткізудің қатысушылары олардың міндеттері,
құқықтары т.с.с. туралы мәселе маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, берілген тергеу әрекеттерінің қатысушыларымен байланысты
кемшіліктерді ескеру қажет. Оларға алдын ала тергеудің мәліметтерін
жариялауда, қатысушыларды таңдауға қатысты тактикалық талаптарды бұзу да
жатады. Эксперимент кең танымдық мүмкіндіктерге ие С.А. Шейфер атап
көрсеткендей, іс жүзінде (тәжірибеде) бір қарағанда жаңа тергеу әрекеттері
сияқты болып көрінетін жаңа танымдық тәсілдерді қолдану басталады. Оларға
ол тактикалық эксперимент пен қайта жасауды жатқызады. Оның ойынша,
тактикалық оның ойынша тактикалық принципті түрде әр түрлі болып табылатын
жедел іздестіру – іс шараларымен іс жүргізу әрекеттерін біріктіреді. Бірақ
тактикалық эксперименті жекелеген тергеу әрекеті емес, тергеу
экспериментінің түрі ретінде қарастыру керек.

Криминалистикалық қызметте қайта жасау экспериментке қарағанда жиі
қолданылғанымен, шын мәнісінде кейде қайта жасаудың алдында эксперимент
тұрады. Қайта жасау туралы алдында оқиғаның алғашқы жағдайын жаңарту немесе
оқиға барысы туралы ерекше және басымырақ болғанда ғана айту қажет. Қайта
жасаудың танымдық құндылықты оның обьективті және субьективті жағынан
қарағандағы нақты алынған құндылығынан артық болған сәйкес жағдайы әділ
және жан-жақты болып табылады. Бұны тек қана дұрыс кіріс, сондай-ақ басқа
барлық қолда бар ақпараттың негізінде ғана бағалауға болады. Ол дайындалу
барысының өзінде жеткілікті көлемде алынуға тиіс. Эксперименттегідей оқиға
болған психологиялық жағдайды көрсету (еліктеу) қиындықтарды туғызады.

Бірақ, егер біз дәл баға алғымыз келсе, онда бұл факторларды жеткіліксіз
түрде бағалауға немесе ұмытуға болмайды. Қайта жасаудың өзі қоршаған ортаға
белсенді әсер етуімен шарттың және шындықтың өзгеруімен сипатталады.
Белгілі әрекеттердің тәсілдерінің процестердің және механизмдердің
заңдылықтарға экспериментті түрде енуінің арқасында қылмысты жасауға
итермелейтін немесе керісінше кедергі жасайтын жағдайлардың анықталуы
мүмкін, бұл оларды болдырмаудың қажетті шараларын барынша табысты әзірлеуге
мүмкіндік береді.

Тергеу экспериментінің түрлеріне техникалық экспериментті қосуды ұсынуға
болады.

Ол тактикалық эксперименттің бір түрі бола алады. Техникалық құралдарға
бірінші кезекте диагностикалық тұрғыдағы полиграф (вариограф) сияқты
техникалық құралдарды жатқызуға болады. Бұл мәселе көтерілген Н.И. Парутов
полиграфты жедел ақпаратты алу мақсатында пайдалануды ұсынды.

Полиграфқа балама болып компьютер жүйесі табылады, оның әрекет принципі
көрнеудің талдауына негізделген. Компьютердің көмегімен әңгімелесушінің
дауыстық сипаттамасын анықтауға болады. Бұл бағдарлама эмоциялық деңгейді
(эмоциялық жағдай және эмоцияның тітіркену деңгейі) когтинивті деңгейді
(айтылған ұсыныстармен келісу немесе келіспеу деңгейін анықтайтын дауыстық
бақыланбайтын элементі) және физиологиялық деңгейді (адамның жалпы
физикалық жағдайын көрсетеді) ғана зерттейді. Бұл жұмыс барысында тілдің
дауыстық сегменттерін телефон арқылы радио бойынша жазуға жеке әңгіме
барысында жинауға болады. Айғақты экспериментальды түрде тексеру қылмысты
ашу жолымен жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Ал осы бағдарламаны
пайдалану тактикасын өте мұқият түрде әзірлеу керек.

А.В. Дулов және П.Д. Нестеренко өз еңбектерінде тергеу эксперименттерінің
түрлерін жетік дайындау әрбір белгіленген жағдайда үлгілеудің, пішіндеудің
(макет) мүмкіндіктері мен маңызын айқын анықтауға жеткізуі керек. Авторлар
психологиялық тактикалық және эмоционалдық эксперименттерді пайдалануды
ұсынады.

Тактикалық эксперимент сияқты эксперимент түрі осыған ұқсас эксперименттер
тергеу болжамдарын барынша толық тексеруге және бағалауға, жаңа
дәлелдемелер алуға мүмкіндік беретіндігі мен қызығушылық танытуы мүмкін
екендігіне күдік тудырмайды. Тактикалық эксперимент жетік әзірлеуге мұқтаж,
әсіресе қазіргі кезде, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау жүріп
жатқан кезде ғалымдар ерекшелік мақсатты қылмыскерді ұстау және осы кезде
әшкерелеуді көрсетіп отыр, ал осы тергеу экспериментінің негізгі, қажетті
бөлігі деп бақылау арқылы жедел іздестіру ақпаратты жүзеге асыруды санау
қажет.

Эксперименттің бөлігі болып табылатын тек қана бақылау қылмыс әрекеті
туралы ақпараттың түсуімен қамтамасыз етеді, бақылау обьектісі болып
табылатын тұлғаның келісімінсіз жүзеге асырылуы тиіс. Бұл бақылауды
оқиғаның жай ғана көрінісіне теңестіруге болмайды оны техникалық
құралдарының көмегімен өсуін, кемуін белгілеу керек.

Тактикалық эксперименттің нәтижесінде біз барлық уақытта жаңа мәліметтер
алып отырамыз, олар басқа тергеу эксперименттеріне қарағанда ұсталған
адамның жасалған іс әрекеттерге қатыстылығын растайды және де әшкерелеуші
болады. Бірақ эксперименттің жалпы ғылымдық әдіс ретінде болатын және
тергеу эксперименті сияқты таным мүмкіндіктері бәрінен бұрын іс жүргізу
түрімен шектелгенін еске алу керек.

Ғылыми эксперимент – бұл мақсатты қайталанатын қызмет, жағдайларды
обьектілерді және басқаларды зерттеу туралы жорамалды тексеру және жаңа
мәліметтер алу мақсатында табиғат құбылыстарының, обьектілердің немесе
қоғамдық қатынастардың адамның ойында жаңғыруы.

Тергеу экспериментінің мәні болып сонында жай-жапсары мен мән-жайларын
жаңғырту және заң шегінде бақыланатын (қауіпсіз) тәжірибелік әрекеттер
өткізу қажет. Демек, эксперимент – түпнұсқа обьектілермен жасалатын
тәжірибелер (мысалы, заттай дәлелдемелермен), ал екінші жағынан бұл
үлгілерге жасалатын емтихан. Мұның үстіне ғылымда теориялық болжамдарды
тексеру үшін эксперименттің екі маңызды модификациясы қолданылады: ойдағы
(қиялдағы) (криминалистикалық қызметтің ажырамас әдісі). Эксперименттің бұл
модификациясы іс жүргізу кепілдігін емес танымдық білімдерді қарастырады.
Бұл психологиялық, эмоционалдық және басқа да эксперименттер болуы мүмкін;
үлгілеу эксперименті – бұл физикалық мәліметтерді, өлшемдерді ескеру арқылы
үлгілерге жасалатын емтихандар.

Үлгілеу эксперименті тергеу экспериментін өткізу барысында да (бұл бұрын
осылай болған), сот сараптамасын жүргізу барысында да нәтижелі қолданыла
алады. Осының салдарынан үлгілеу экспериментінің маңызын анықтау қажет
(тергеу эксперименттеуі шегінде).

Біздің ойымызша, үлгілеу обьектінің үлгісін құруды емес, оның жеткілікті
сәйкестігін дәлелдеуді қарастырады. Бұл обьектінің белгілі заңдылығын
үлгілеу арқылы талдауға және зерттеуге мүмкіндік береді.

Бір жағынан эксперименттер заттай жоспарланған обьектілермен (мысалы,
заттай дәлелдемелермен) өткізілуі мүмкін, екінші жағынан бұл зерттеу
үлгілерімен өткізіледі. Бұл жағдайда алынған мәліметтердің нақты болуына
талас жоқ, өйткені тәжірибелерді бірнеше рет қайталауға, жағдайларын
(шарттарын) өзгертуге болады, ал нәтижесінде, материалдық та, уақыт жағынан
болса да үнемдеуге болады. Біз тергеу экспериментінің танымдық
мүмкіндіктері компьютерлік техниканы пайдалану барысында айтарлықтай
артатыны туралы атап көрсеттік.

ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні және түрлері. Тергеу экпериментінің
мақсаты мен міндеттері. Тергеулік экспериментін жүргізуге дайындық.
Тергеулік экспериментке қойылатын талаптар. Тергеу экспериментін
жүргізудегі тактикалық тәсілдер. Тергеулік эксперимент нәтижелерін
хаттамаға, кинотүсірілімге, бейнежазбаға бекіту және оларға баға беру.

Тергеу эксперименті дегеніміз, ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы
оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу
арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін
тергеу әрекеті.

Бұдан туындайтын негізгі қағидалар: біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін
жүргізу үстінде алынған, іске катынасы бар деректердің, мәселелердің
шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы
тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе,
соған сәйкес, не ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы
өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтігі,
оның сол тексерілетін оқиға болган жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен
тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болган жағдайдың
өзін, тексерілетін іс-әрекетті бұлжытпай қайталауға болмайды, себебі ондай
жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен катар, тәжірибе арқылы
болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір негізгі бөлігі,
көріністері ғана сыни қайталанады.

Тергеу эксперименті - іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті
қолданудың айрықша бір нысаны. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде
қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын
аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше
қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжауын нықтай түседі. Тәжірибе
жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары қойылады: тәжірибе адамның
денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен
бірге ол катысушылардың құқығын бұзбайтындай, оларды қорлап,
кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің,
мәліметтердің шындығы ғана анықталып коймайды, сонымен бірге жаңа деректер
де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе
жәбірленушінің, куәлардың, айыпкердің жауаптарында, сондай-ақ басқа да
қосымша айғақтарда келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу
мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір
болжауларына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы,
орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Тергеу эксперименті - өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу
әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз
байланысты, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу
әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті - іске қатысты
қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне
ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне
тән міндеттері бар.

Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді.
Эксперименттің бірінші түрі - кейбір құбылыстың не әрекеттің айтылған,
көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Мысалы, белгілі
бір затты, нэрсені айтылған жағдайда көрсетілген адам көтеріп кете ала ма
немесе белгілі бір қашықтыққа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма,
айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның қолынан келе ме,
қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне
осындай толып жатқан сұрақтар төңірегіндегі шындықты анықтау.

Тергеу экспериментінің екінші түрі - белгілі бір жағдайда (қашыктықта)
болған оқиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма,
соны анықтау.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық
технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету,
интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату
материалдарын қолдану.

ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде –
эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент
жүргізілетін жерде өткізіледі.

Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде
тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хат-хабарға тыйым салу, хабарламаларды жол-жөнекей ұстау, сөйлескен сөздерді тыңдау және жазу
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Қылмысты тергеу кезінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Жауап алу және тергеп-тексеру
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы жəне жалпы шарттары
Жауап алу процессі
Пәндер