Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ
ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1.Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Қылмыстық процестегі дәлелдеу пәні және дәлелдеу пәніне кіретін
мән-
жайлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Дәлелдемелерді
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...12
2.ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..28
КІРІСПЕ
Мемлекеттік құқықтық реформаны бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы
Президентінің қаулысында былай делінген:Қазақстан халқы,әлемдік
қауымдастық ажырамас бөлігі ретінде,демократиялық қоғам және құқықтық
мемлекет кұру жөніндегі шешімін Конституциялық түрде бекітті.Қоғамның
құқықықтық саласын терең реформалау қажеттілігі мынадан туындап
отыр,қоғамның экономикалық және саяси жүйесіндегі жүргізіп жатқан
құрылымдық өзгерістерге сай жаңаша оған құқықтық инфрақұрылымды талап
етеді.Сондықтан құқықтық реформа республикадағы саяси және экономикалық
өзгерістермен бірге жүру керек,кейбір жағдайларда бұданда алдыға қарай асуы
керек,себебі оларды реттеп отыру үшін қажет.
Соңғы жылдары қабылданған құқықтық мәселелерге байланысты заң
актілері,республика азаматтарынын бостандығы мен құқықтарын қорғауға және
заңдылықты нығайтуға бағытталған. Бірақта қоғамды демократиялық мемлекетке
айналдыру, әділсоттылықты жүзеге асыруда ізгілікті сипатқа ие
болады,қылмыстықпен күресудегі рөлі мен маңызын еш кемітпейді,сот тергеу
органдарының жауапкершілігін күшейте отырып,олардың істерінде заңдылықты
сақтау негізінде қабылданған шешімдердің сапалылығы мен қажеттілігін
арттырады.
ҚР Конституциясының 14 бабында былай делінген: Бәрі заң мен сот
алдында тең,кез-келген тұлға оған қатысты,оны кінәлі деп табатын соттың
шешімі заңды күшіне еңбейінше кінәлі деп табылмайды.Осыған сәйкес
сотталушының кінәсі әр бір белгісі бойынша тек жан-жақты толық және
обьеективті істің мән-жайларының зерттелуінің нәтижесінде толық дәлелденген
болса,ал дәлелдеу дәлелдемелердің негізінде жүзеге асырылады.
Дәлелелдемелердің алдын-ала тергеуде және сот тергеуінде аса зор
маңызы бар,өйткені тұлғаның қылмыс істегені туралы кінәлі не кінәсіз
екендігін көрсетуге мүмкіндік береді.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
Қазақстан Республикасында Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің
маңыздылығын зерртеп,осы дәлелдемелердің қылмысты ашудағы алатын орныерекше
екендігі және дәлелдемелерге байланысты басқа да мәселелер қарастырылады.
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ
Кез келген қылмыстық істі тергеу кезінде тергеу органдары,
прокуратура, сот нақты іске байланысты жүргізіліп отырған қылмыстық
процеске қатысты деректерді айқындауы тиіс. Белгілі бір қылмыстық істі шешу
үшін іс жүзінде қылмыс жасалғанына, қылмысты сол тұлға жасағанына және осы
әрекеті үшін жауапкершілікке тартылатынына көз жеткізу қажет. Істің барлық
айғақтары мен мән-жайлары шындыққа сәйкес анықталуы тиіс. Бұл мақсатқа
тергеу органдары, прокуратура, сот дәлелдемелердің көмегімен қол жеткізе
алады. Қылмыс фактісін анықтау - ол қылмыс шын мәнінде жасалғанын дәлелдеу
дегенді білдіреді. Ал айыпталушының кінәсін бекіту - оның осы қылмысты
жасағанын және сол үшін жауаптылыққа тартылатынын дәлелдеу болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығында дәлелдемелер теориясы институты
қарастырылған. Мұнда дәлелдемелердің түрлері, дәлелдеме пәні, дәлелдеме
процесі және оның сатылары айқындалады.
Дәлелдемелер іс үшін маңызы бар деректерді бекіту әдісі болып
есептеледі. Дәлелдемелердің көмегімен шын мәніндегі айғақтар айқындалып,
жалған пікір тудырған деректерден бас тартылады. Дәлелдемелер ретінде бүкіл
өз қызметі барысында тергеу және сот органдары басшылыққа алатын нақты мән-
жайлар саналады. Дәлелдемелер ретінде қабылданған қандай да бір
мәліметтердің істе бар болуы - оларды дұрыс, объективті деп тануды
білдірмейді. Бұл дәлелдемелер әрқашанда зерттелуге, тексерілуге және
бағалануға жатады. Осыған байланысты әрбір дәлелдеменің дәлелдемелік күші,
оның дұрыс немесе бұрыс екендігі, шынайылығы анықталады. Мәселен, куәнің
көрсетпелері- іс бойынша дәлелдеме болып есептеледі, бірақ осы дәлелдемені
тексеру және бағалау нәтижелері бойынша сот бір жағдайда оны дұрыс деп
тауып, екінші бір жағдайда қате, жалған дәлелдеме ретінде таниды.
Қылмыстық процесте дәлелдеме процессуалдық заңның талаптарын сақтай
отырып, тергеу және сот органдарымен қолданылуы мүмкін. Тергеу және соттың
іс мән-жайларын анықтауға көмек беретін барлық деректер заң белгілеген
талаптарға және қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес
бекітіліп, рәсімделуі тиіс.
Қолданыстағы ҚР Қылмыстық процес кодексінің 111-бабына сәйкес,
анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы кодексте белгіленген тәртіппен ҚР
Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе
болмағандығын, айыпталушының кінәлі не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ
істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде
алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып
табылады.[1]
Бұл деректер куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының
жауаптарымен сарапшының қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен, тергеу
және сот әрекеттерінің хаттамаларымен, өзге құжаттармен бекітіледі.
Жалпы алғанда, дәлелдемелердің түсінігінің екі мағынасы бар.
Біріншіден, дәлелдемелер - олардың негізінде қылмыстың болғандығы немесе
болмағандығы, белгілі бір тұлғаның кінәлі не кінәлі еместігі анықталатын
деректер. Ал екіншіден, дәлелдемелер – тергеу және соттың іс үшін маңызы
бар мәліметтерді алуға болатын қайнар-көздері.
Іс бойынша дәлелдеме болып табылатын деректер олар туралы белгілі бір
мәліметтердің көмегімен бекітіледі. Тергеу мен сот дәлелдемелерді қолдану
кезінде оларды екі мағынасында да зерттеп, бағалуы тиіс:
Аталған дерек туралы белгілі болған мәліметтер дұрыс па?
Егер дұрыс болса, онда сол деректен айыпталушының кінәлілігі туралы
қорытынды шығаруға бола ма?
Алдымен дәлелдеме аталған дерек туралы мәліметтің қайнар-көзі ретінде
бағаланады. Дәлелдемені бағалағаннан кейін, аталған дерек бекітілуге
жататын өзге деректің бар немесе жоқ екендігін дәлелдейтініне көз жеткізу
қажет.
Белгілі бір дерек туралы мәліметтерді дәлелдемені басқаша дәлелдеудің
әдісі деп айтуға болады. Мысалы, куәнің жауаптары деректің қайнар көзі
болып табылады және осы жауаптың көмегімен нақты дерек дәлелденуге жатады.
Іс бойынша бекітуді қажет ететін басқа дерек туралы қорытынды жасауға
көмек беретін дәлелдеме дәлелдемелік дерек деп аталады. Осылайша
дәлелдемелік дерек факт - бұл айыпталушының кінәлілігін өзге деректермен
бірге анықтауға ықпал ететін, іс бойынша бұрыннан белгілі дерек.
Дәлелдемелік деректердің көмегімен нақты іс бойынша зерттеу пәнін құрайтын
деректер бекітіледі, дәлелденеді. Істің негізін құрайтын бұл айғақ- басты
дерек деп аталады. Басты дерек - оған қатысты қылмыс құрамының бар екендігі
туралы іс бойынша зерттелетін мәліметтер. Басты дерек- күрделі ұғым, ол
бірқатар мәселелерден құралады: қылмыс оқиғасы, оны жасау жағдайлары,
қылмыскер тұлғасы, қылмыс жасау ниеттері, т.б.
Дәлелдеме түсінігінің екі мағынасын ажырату қажеттілігі дәлелдемелерді
ғылыми зерттеулерде және тәжірибеде қарастыруды біршама қиындатады. Заңи
әдебиеттерде дәлелдеме түсінігінің бір ғана мағынасы қолданылады, яғни, ол
– іс жүзіндегі деректер ретінде қабылданады. Дегенмен, дәлелдемелерді бір
ғана мағынада қолдана алмаймыз. Себебі, бір дерек екінші деректермен
дәлелденуі мүмкін. Фактілерді дәлелдеу процесінде тергеуші мен соттар бір
деректен екінші дерек туралы қорытынды шығарумен, осы деректердің
арасындағы себепті байланысты зерттеу қажеттілігімен кездеседі.
Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңында дәлелдемелердің екі түсінігі
қолданылады. Бұл - істің нақты мән-жайларын анықтау, іс бойынша объективті
шындықты бекітудің әдісі ретінде дәлелдемелердің негізінде туындайды.
1 1.1ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САТЫЛАРЫ
Дәлелдеу - бұл дәлелдемелердің көмегімен қылмысты жасағаны немесе
жасамағаны, тұлғаның кінәлі не кінәлі еместігі сияқты істі шешу үшін маңызы
бар және қылмыс жасаған тұлғаның жауаптылығын анықтайтын өзге де мән-
жайларды, деректерді бекіту. Басқаша айтсақ, дәлелдеу - қылмыстық іс мән-
жайларын түсіну үшін дәлелдемелерді қолдану болып табылады. Бұл мағынада
дәлелдеудің түсінігі "зерттеу" түсінігіне ұқсас келеді. Зерттеу - іс үшін
маңызы бар барлық мән-жайларды анықтау үшін дәлелдемелерді жинау, тексеру
және бағалаудан тұрады және алдын-ала тергеу мен сот мәжілісінде
жүргізіледі. Бұдан шығатыны, дәлелдеу - сотта тергеліп, қаралып отырған
қылмыстық іс бойынша шындықты тану процесі.
Істі дұрыс шешу үшін сол іс бойынша боъективтік шындықты табу, яғни,
қылмыс оқиғасын, осы қылмысты жасағандағы белгілі бір тұлғаның кінәлілігін
және жауапкершілік деңгейін анықтайтын барлық мән-жайларды толығымен
шындыққа сәйкес бекіту қажет. [4,]
Сотта қаралып отырған іс бойынша шындықты тану - күрделі процесс: іс
үшін маңызы бар мән-жайлар жекелеген дәлелдемелер жиналып, тексеріледі; бір
деректерден екінші деректер туындап, бірте-бірте барлық мән-жайлар
анықталады.
Аталған зерттеу процесі, деректерді табу тек дәлелдемелердің көмегімен
ғана жүзеге аысрылады. Осы әдістер арқылы қылмыскер әшкереленеді, сондай-ақ
дәлелдемелердің негізінде ғана тергеуші мен судья қылмысқа қатысты өз
қорытындыларын шығарады.
Дәлелдеу - іс бойынша шындықты тану құралы ретінде белгілі бір
логикалық ережелерге бағынады. Жинақталған деректер талданып, оның
жекелеген белгілері анықталып, қылмыстық оқиға жөнінде жалпылама қорытынды
шығарылады. Бұрыннан белгілі болған мәліметтердің негізінде бірнеше
болжамдар жасалады. Зерттеу әрқашанда индуктивтік жолмен-жекелеген
фактілерден жалпы қорытындыға келумен, сондай-ақ дедуктивті жолмен - жалпы
ережелерден жекелеген фактілерге келу арқылы жүргізіледі[8].
Әрбір таным процесі тәрізді, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі-
бұл біріншіден, тергеуші мен соттың жиналған дәлелдемелік құжаттармен
жүргізетін ой қызметі болса, екінші жағынан - ол дәлелдемелерді жинау және
тексеруге бағытталған әрекеттердің жиынтығы.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: дәлелдеу процесі -
қылмыстық істің мән-жайларын тану процесі болып табылады. Барлық дәлелдеу
процесі, яғни, зерттеу және тану белгілі бір процессуалдық тәртіпте
жүргізіледі, нақты бір процессуалдық нысанда көрініс табады. Бұл -
зерттелетін деректердің тиісті дәрежеде бекітілуінің маңызды кепілі болып
есептеледі.
Қылмыстық процестегі таным әрбір шынайы таным ретінде шындыққа жетуге
бағытталған және болуы мүмкін қателесудің алдын алады.
Сот қызметіндегі таным мен ғылыми зерттеуде зерттеушілер бірқатар
жағдайларда даулы қорытындылармен, болжамдармен қанағаттануы мүмкін. Ал
қылмыстық процесте мұндай қорытындыларға жол берілмейді, себебі, мұнда
адамның өмірі қарастырылып отыр; ондай мәселені біз болашаққа қалдыра
алмаймыз. Қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тартылған тұлғаның кінәлі не
кінәлі еместігіне байланыссыз, белгілі бір нәтижеге келу қажет.
Дәлелдеу процесі - дәлелдемелерге қатысты жүргізілетін қандай да бір
қызметтен көрініс табады. Бұл процесс заңда белгіленген тәртіппен жүзеге
асады және келесідей сатылардан тұрады:
- дәлелдемелерді табу;
- дәлелдемелерді зерттеу және процессуалдық түрде бекіту;
- дәлелдемелерді тексеру;
- дәлелдемелерді бағалау;
Оларға тоқталып кетейік:
1. Қандай да бір фактіні бекіту үшін алдымен дәлелдемелерді табу
қажет. Мысалы, куә ретінде жауап алынатын тұлғаны іздеп-табу, қылмыс ізіне
түсуге мүмкіндік беретін заттай дәлелдемелерді іздестіру.
Іс бойынша маңызды деректерді бекітетін барлық дәлелдемелерді
уақтылы табу - қылмыстық істі сәтті, дұрыс тергеудің және шешудің қажетті
шарты.
Іске қатысты табылған дәлелдеме процессуалдық заңмен белгіленген
тәртіпте тергеуші және сотпен қабылдануы тиіс. Мысалы, куәдан жауап алынып,
оның көрсетпелері тергеуші және сотпен тыңдалады. Әрбір дәлелдеме заңда
көзделген нысанда бекітіліп, тергеуші, сотпен мұқият зерттеледі.
Әрбір дәлелдеме тергеуші және сот қорытындыларының негізі болып
саналу үшін оның дұрыс не дұрыс еместігін тексеру қажет. Істе дәлелдеменің
болуы - сол деректің дәлелденгендігін білдірмейді: дәлелдеме күмәнді немесе
жеткіліксіз болуы мүмкін. Дәлелдеменің дұрыстығына көз жеткізу үшін оны
тексеру қажет. Дәлелдемелерді тексеру әдістері төмендегідей:
а) дәлелдеменің тікелей өзін зерттеу. Мысалы, куә қандай да бір
оқиғаны көргендігін айтса, одан жауап алынып, осы арқылы көрсетпенің
шынайылығы туралы қорытындыға келеміз.
ә) алдыңғы дәлелдемені бекітетін немесе одан бас тартқызатын жаңа
дәлелдемелерді табу. Мәселен, егер куә қандай да бір оқиға туралы хабар
берсе, бұл жөнінде өзге де куәлардан жауап алынады.
б) бастапқы дәлелдемені кейінгі дәлелдемелермен салыстыру. Әрбір
дәлелдемені басқа дәлелдемелермен салыстырып, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау қажет.
Әрбір дәлелдеме тергеу мен сотта тексерілуі тиіс. Ешбір дәлелдеме
тексерусіз, сенімге негізделіп қабылдануға жатпайды. Іс үшін маңызы бар
қандай да бір дәлледемені тексерусіз қалдыру немесе тиісті емес дәрежеде
тексеру- істі қате, бұрыс шешуге әкеп соқтыруы мүмкін.
Дәлелдемелерді бағалау - оны тексерудің нәтижесі болып табылады және
осы дәлелдемемен бекітілетін деректің бар не жоқ екендігін тану процесінде
көрініс табады. Басқаша айтсақ, дәлелдемелерді бағалау- деректердің
шынайылығы туралы қорытындыдан тұрады. Қылмыстық іс бойынша әрбір дәлелдеме
жеке-жеке бағалануға жатады. Осылайша ғана, іске байланысты жиналған
дәлелдемелердің негізінде істі дұрыс шешіп, барлық мән - жайларды шындыққа
сәйкес бекітуге қол жеткіземіз.
Дәлелдемелерді бағалау анализ және синтезден тұрады. Дәлелдемелерді
талдау мынаны білдіреді:
- жиналған барлық дәлелдемелерді бір - бірінен ажырату;
- әрбір дәлелдемені құрылымдық бөлшектерге бөлу, оның белгілерін айқындау;
- дәлелдеменің жекелеген элементтерін өзара және басқа дәлелдемелермен
салыстыру;
Ал дәлелдемелердің синтезі – іс бойынша жиналған дәлелдемелерден
қорытынды шығарып, сол дәлелдемелердің негізінде сотпен қаралған істің мән-
жайларын бекітуді білдіреді.
Дәлелдемелерді бағалау оны тексеруден бөлініп қарастырылмайды. Бір
жағынан дәлелдемелерді бағалау оны тексеруден туындап, тексерумен
қамтамасыз етілсе, екінші жағынан - дәлелдемені тексерудің өзі оны бағалау
деңгейіне байланысты.
Дәлелдемелерді қолдану процесі істің мән-жайларын толық және жан-
жақты зерттеуге, осы мән-жайларды шындыққа сәйкес бекітуге бағытталған.
Қылмыстық іс бойынша зерттеу пәні- белгілі бір жерде және уақытта
болған нақты оқиғалар болғанымен, бұл деректер, адамның әрекеттері, жүріс-
тұрысы, т.б. қоғамдық шарттармен тығыз байланысты.
Дәлелдеу процесінде диалектикалық әдісті қолдану іс үшін маңызы бар
деректер мен оқиғаларды олардың нақты өмірлік жағдайда және даму үстінде
жан-жақты тексеруден көрініс табады.[8]
Дәлелдемелерге қатысты процессуалдық нормалардың негізінде жатқан
қағидалардың жиынтығы сот дәлелдемелер теориясының негізін құрайды. Бұл
қағидалар қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңында және сот тәжірибесінде
қолданылады. Олар төмендегідей:
- объективті шындық – дәлелдемелерді қолданудың мақсаты және нәтижесі
ретінде;
- судьялардың ішкі сенімі- дәлелдемелерді бағалаудың негізі ретінде;
- кінәсіздік презумпциясы;
Айыпталушының кінәлілігін дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктелген.
Дәлелдеу міндеті арнайы атауға ие- "дәлелдеу жүгі" Кінәсіздік презумпциясы
қағидасына сәйкес, тұлға оның кінәсі заң жүзінде дәлелденгенге дейін
кінәсіз деп есептеледі. Бұдан шығатыны, айыпталушының кінәсін дәлелдеу оған
қатысты қылмыстық қудалауды жүргізетін мемлекеттік органдарға жүктелген.
Айыпталушының айыптаудан бас тарту құқығы бар, осылайша, айыпталушының өз
кінәсіздігінің дәлелдемелерін келтірмеуі- оның кінәлілігінің дәлелі ретінде
қарастырылмауы тиіс.
Алдын ала тергеуде айыпталушының кінәсін дәлелдеу тергеушіге, ал сотта
мемлекеттік айыптаушы- прокурорға тиесілі. Дегенмен, сот мәжілісіндегі
сотталушының кінәлілігін дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктелгені туралы
ереже, соттың прокурор ұсынған мәліметтердің негізінде ғана істі шешетінін
білдірмейді; Соттың істі толық зерттеу үшін қажетті шараларды белсенді
түрде қолдануға құқығы бар.
Жоғарыда айтылған кінәсіздік презумпциясы қағидасынан тергеу және сот
тәжірибесі үшін үлкен маңызы бар тағы бір ереже туындайды: кез келген күмән
айыпталушының пайдасына түсіндіріледі. Яғни, егер іс бойынша жинақталған
дәлелдемелер даулы болып, қарама-қайшылық тудырса, онда айыпталушының
пайдасына есептелетін шешім қабылдау қажет. Егер айыпталушының кінәсін
айқындайтын мән-жай күмән тудырса, сәйкесінше оған негізделіп, кінәлілік
және жауапкершілік дәрежесі туралы мәселені шешу кезінде есепке алмаймыз.
Ал егер айыпталушыны ақтайтын мән- жайға күмән келтірілсе, одан бас
тартпай, жауапкершілік деңгейін анықтау кезінде ескеруіміз қажет.
Кез келген күмәнді айыпталушының пайдасына шешу туралы ереженің
сезіктінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін ғана емес, қылмыстық
істі дұрыс шешіп, шындықты табуда маңызы зор.
2
3 1.2 ДӘЛЕЛДЕУ ПӘНІ
Дәлелдемелердің көмегімен сотта қаралған қылмыстық істің мән-жайлары,
деректері бекітіледі. Дәлелдемелер арқылы істі дұрыс шешу үшін бекітілуі
тиіс қылмыстық істің мән-жайлары дәлелдеу пәнін құрайды. Әрбір дәлелдеме
дәлелдеу пәнімен тығыз байланысты. Қылмыстық істі тергеу кезінде дәлелдеу
пәнін, яғни, іс бойынша анықталуға жататын деректердің шеңберін айқындау
қажет. Бұл алдын-ала тергеу мен сот мәжілісінің жоспарлылығын тергеуші
прокурор және сот әрекеттерінің бағыттарын қамтамасыз етеді. Дәлелдеу пәнін
құрайтын деректің шеңберін анықтай отырып, тергеуші мен сот істі дұрыс шешу
үшін қажетті дәлелдемелерді анықтауға мүмкіндік алады. Осылайша дәлелдеу
пәнін айқындау – іс бойынша зерттеудің шегі мен бағыттарын белгілеу деген
сөз.
Бекітілген деректің дәлелдеу пәніне кіретіндігін көрсететін
дәлелдемелердің қасиеті дәлелдемелердің іске қатыстылығы деп аталады. Егер
дәлелдемелермен бекітілген дерек дәлелдеу пәнін құрайтын мәләметтердің
шеңберіне жатқызылса, дәлелдеме іске қатысты деп танылады.
Әрине, тергеу барысында іс бойынша дәлелдеу пәні өзгеруі мүмкін,
сәйкесінше деректердің шеңбері де өзгеріске ұшырап отырады. Дәлелдеу пәнін
анықтау әрбір нақты қылмыстық істің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жалпы алғанда, дәлелдеу пәні қылмыс құрамының шеңберімен айқындалады.
Алдын ала тергеу өндірісінде және сот талқылауында төмендегі
мәліметтер дәлелденуге жатады:
1. Қылмыс оқиғасы қылмыс жасалған уақыт, орын, әдісі және өзге де мән-
жайлар
2. Қылмыс жасағаны үшін айыпталушының кінәсі
3. Айыпталушы жауаптылығының деңгейі мен сипатына ықпал ететін мән-
жайлар
4.Қылмыс арқылы келтірген зиянның сипаты мен мөлшері. Аталған мән-
жайларды жан- жақты зерттеу оларды нақтырақ сипаттауға мүмкіндік береді.
Алдымен қылмыс құрамының объективті және субъективті белгілерін жинақтаған
қылмыстық әрекеттердің деректері дәлелденуі тиіс. Бұл деректер өз
жиынтығында басты деректі фактті құрайды. Басты деректер келесідей
элементтерден тұрады:
- қылмыс оқиғасы. Әрбір қылмыс іс бойынша оған қатысты қылмыстық іс
қозғалған оқиға күмәнсіз бекітілуі қажет. Егер іс бойынша зерттеу пәнін
құрайтын оқиға толық анықталмаса, материалдық шындықты табу мүмкін
болмайды.
- ҚР ҚК-нің баптарында көзделген қылмыс құрамының белгілеріне
сәйкес болатын қылмысты жасау мән-жайлары. Егер қылмыс оқиғасы дәлелденсе,
нақты қандай қылмыс жасалғанын анықтау қажет.
- қылмысты айыпталушының жасауы. Дәлелденген қылмыс оқиғасы бар
болған жағдайда, қылмыс белгілі бір тұлғамен жасалғаны анықталады. Аталған
қылмыс айыпталушымен жасалғанын анықтау нақты зиян келтіру фактісін
белгілеумен байланысты. Бұл- айыпталушының әрекеттері мен зиянды салдар
арасындағы себепті байланыс дәлелдену қажет. Егер себепті байланыс болмаса,
айыпталушы туындаған салдар үшін жауап бермейді
- айыпталушының әрекеттерінде кінәнің болуы. Кінә - қылмыс құрамының
міндетті элементі болып табылады. ҚК-те көзделген әрекетті қасақана немесе
абайсызда жасаған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Қасақана қылмыс
үшін айыпталған жағдайда қасақаналық ойдың мазмұнын абайсызда жасалған
қылмыс үшін айыпталғанда- ол абайсыздық неден көрініс тапқанын дәлелдеу
қажет.
- айыпталушының жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-
жайлар.
- айыпталушының тұлғасын сипаттайтын мәліметтер - тұлғаның қызметтегі
және тұрмыстағы жүріс-тұрысы, өз міндеттерін атқарудағы қасиеті,
соттылығының бар не жоқтығы т.б.
Сонымен дәлелдеу пәніне кіретін басты дерек элементтерінің құрылымдық
бөлімшелері осындай.
Басты деректерден басқа дәлелдеу пәніне дәлелдемелік фактілер, яғни
қылмыстық- құқықтық мағынасы жоқ, бірақ басты фактіні бекітудің негізі
ретінде қолданылатын деректер де енгізіледі. Дәлелдемелік фактілер-
айыпталушыны әшкерелеуге немесе оны ақтауға бағытталған деректер болуы
мүмкін. Мәселен, айыптайтын фактілер- айыпталушының жәбірленушімен өзара
жағымсыз қарым- қатынастары, айыпталушыда қылмыс заттарының табылуы т.б.
болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандардан басқа дәлелдеу пәніне мынадай фактілер кіреді:
1. Қылмыстың салдары - толық зерттеліп, дәлелденуі тиіс: зиянның
ауырлығы, мемлекетке, жәбірленушіге келтірілген шығындардың мөлшері.
Қылмыстық әрекет салдарының ауырлығы айыпталушының жауапкершілік деңгейін
анықтауда және қылмысты саралауда маңызды рөл атқарады.
2. Қылмыстың жасалуына ықпал еткен мән-жайлар- қылмыс себептерін жою,
қылмыстың алдын - алу, қылмыстылықпен күресте сақтандыру шараларын қолдану
үшін көп үлес қосады.
Барлық мәліметтерді ескере отырып, дәлелдеу пәнін құрайтын фактілердің
келесі жүйесін құруға болады.
Дәлелдеу пәні.
І. Басты дерек.
А. 1) Қылмыс оқиғасы.
2) Қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес келетін қылмысты жасау
жағдайлары.
3) Қылмыстың айыпталушымен жасалуы.
4) Кінәнің болуы.
5) Айыпталушының жауаптылығын ауырлататын және жеңілдететін мән-
жайлар.
6) Айыпталушының тұлғасын сипаттайтын мән - жайлар.
Ә. 1) А тобындағы деректерді болдырмайтын фактілер.
2) Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән - жайлар.
ІІ. Дәлелдемелік деректер.
Кінәліні айыптайтын деректер.
Кінәліні ақтайтын деректер
ІІІ. Қылмыстың салдары.
ІV. Қылмыстың жасалуына ықпал еткен мән-жайлар
Нақты істер бойынша дәлелдеу пәнін құрайтын деректер өзара тығыз
байланыста болады. Бірқатар жағдайларда бұл байланыс соншалықты тығыз
болса, бір деректі екінші бір дәлелдемелерсіз бекіту мүмкін болмайды.
Айыптау пәніне байланысты дәлелдемелер айыптайтын және ақтайтын болып
2-ге бөлінеді.
Айыптайтын дәлелдемелер - бұл айыпталушыны әшкерелейтін немесе оның
жауаптылығын күшейтетін деректер. Оларға айыптаудың негізіне салынған
немесе кінәлінің жауаптылығын ауырлататын мән-жайларды бекіткен
дәлелдемелер жатқызылады. Сезіктіні әшкерелейтін айыптау дәлелдемелері
айғақты заттар (улика) деп аталады.
Ақтайтын дәлелдемелер - бұл айыптаудан бас тартқызатын, тұлғаның
кінәсіздігін, сондай-ақ оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды
айқындайтын деректер.
Дәлелдемелерді бұлай 2-ге бөлу шартты сипатқа ие, себебі, кез келген
уақытта барлық дәлелдемелерді осылай ажыратып қарауға мүмкіндік болмайды:
көптеген дәлелдемелердің мазмұнында айыптайтын және ақтайтын мәліметтер
кездесуі мүмкін. Кей жағдайларда дәлелдемелер бастапқыда айыптау үшін
қолданылып, кейін сот тергеуі барысында сипаты өзгеріске ұшырайды. Ендігі
бір дәлелдемелер "бейтарап" сипатта болады: олардың құрамында айыптайтын
және ақтайтын мәліметтер болмайды, бұлар тек жасалған қылмыс мән-жайларын
айқындайды.
Дәлелдемелерді осындай екі топқа бөлу дәлелдемелердің екі мағынасына
да қатысты болады. Мәселен, айыпталушы мен жәбірленуші арасындағы
мейірімсіз қатынастар туралы куәнің жауабы және осы қатынастардың өзі -
айыптау дәлелдемесі ретінде қарастырылады. Ал айыпталушының киімінде
табылған қан іздері жәбірленуші қанының тобымен сәйкес келмегендігі туралы
сарапшының қорытындысы осы сәйкессіздік фактісі – ақтайтын дәлелдеме
ретінде қолданылады.
Заң әрбір қылмыстық іс бойынша сезіктіні ақтайтын және айыптайтын мән-
жайларды, сондай-ақ оның кінәсін ауырлататын не жеңілдететін мәліметтерді
міндетті түрде іздеп-табуды талап етеді. Дегенмен, тәжірибеде айыптау
дәлелдемелерін жинауға көп көңіл бөлініп, ақтайтын дәлелдемелер шетте
қалдырылатын жағдайлар көптеп кездеседі. Бұл – заңдылық қағидасын бұзудың
көрінісі болып табылады. Сонымен қатар соттың айыптау үкімінде оның
қорытындысына негіз болған себептер көрсетілуі тиіс.
Егер істегі ақтаушы дәлелдемелер тексеріліп, олар жеткіліксіз деп
танылса, кез келген қылмыстық іс бойынша айыптау толық дәлелденген болып
саналады.
4 1.3 ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖІКТЕУ
Дәлелденуге жататын деректер туралы мәліметтер сол дәлелдемелерге
қатысты бастапқы және туынды дәлелдемелер болып бөлінеді.
Бастапқы дәлелдемелер деп бекітілуге жататын фактілер туралы
мәліметтердің алғашқы қайнар көзі болып табылатын деректерді айтамыз.
Ал туынды дәлелдемелер деп бекітілуі тиіс фактілер туралы ақпарат өзге
қайнар көзден алынған дәлелдемелерді айтамыз.
Дәлелдемелерді бұлай бөлу - өте үлкен маңызға ие. Тергеу мен сот
алғашқы қайнар көзден алынған дәлелдемелерге сүйенуі қажет, себебі басқа
жолмен табылған дәлелдемелер өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Әрбір қылмыстық іс бойынша мынадай қағида сақталуы тиіс: қандай да бір
факт туралы мәліметтерді ала отырып, аталған мәліметтердің бастапқы қайнар
көзін іздестіру қажет. Мәселен, егер куә басқа адамның сөзінен белгілі
болған мәліметтерді келтірсе, одан куә ретінде жауап алынады. Сөйтіп туынды
дәлелдеме бастапқы деректерге айналады. Бұл ереже алдымен қылмыстық
процестің негізгі қағидаларының бірі - тікелейлілік қағидасына сүйенеді.
Оған сәйкес, сот іс мән-жайлары туралы мәліметтерді бастапқы қайнар
көздерден қабылдауы тиіс. Аталған қағида сақталмаса, деректердің
дәлелдемелік күші төмендейді.
Дегенмен, туынды дәлелдемелер кейде істі дұрыс шешуде елеулі рөл
атқарады:
1. Туынды дәлелдемелер - бастапқы дәлелдемелерді табудың қажетті
құралы. Мысалы, тұлға іс үшін маңызы бар деректер жөнінде басқа адамнан
естіп, хабарлама жасайды. Бұл туынды дәлелдеме болып табылады. Бірақ бұл
арқылы тергеуші және сот аталған фактті тікелей өзі көрген адамды
анықтайды, яғни бастапқы дәлелдемені табады.
2. Туынды дәлелдемелер - бастапқы дәлелдемелерді тексерудің құралы.
Мәселен, куә өзі көрген оқиға жөнінде жауап берді. Бұл - бастапқы
дәлелдеме, бірақ куә ол туралы басқа адамға айтқан болса, сол тұлғадан да
жауап алынып, екеуінің берген мәліметтері тексеріледі.
3. Туынды дәлелдемелер, егер бастапқы дәлелдемелер жойылған болса,
олардың орнына қолданылуы мүмкін.
Әрбір дәлелдеме тексерілуге жатады, ал туынды дәлелдемелер өте мұқият
тексеруді қажет етеді, себебі ол оңай өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Дәлелдеменің басты деректі немесе дәлелдемелік деректерді бекітетініне
байланысты, дәлелдемелер тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Тікелей дәлелдеме басты деректі анықтайды. Мысалы, айыпталушының
қылмысты жасағаны туралы куәнің жауабы - тікелей дәлелдеме болып табылады.
Бірақ істе тікелей дәлелдеменің болуы айыптаудың дәлелденгендігін
білдірмейді. Кез келген дәлелдеме сияқты, тікелей дәлелдемелер тексеруге
және бағалануға жатады. Мәселен, куә болған оқиғаны бұрыс, қате түсінуі
немесе жалған жауап беруі мүмкін. Сондықтан тікелей дәлелдеме дұрыс қана
емес, жалған да болады.[6]
Жанама дәлелдеме басты деректі емес, дәлелдемелік деректерді бекітеді;
ол өз кезегінде басты факттің дәлелі болып саналады. Мысалы, кісі өлтіру
қылмысы бойынша айыпталушының жәбірленушіні өлтіремін деп алдын-ала
қорқытқаны жөнінде жасаған куәнің жауабы - жанама дәлелдеме болып келеді.
Осылайша, тікелей дәлелдеме қылмыс жасағаны үшін айыпталған тұлғаны сол
қылмыстың фактісімен, ал жанама дәлелдеме кінәліні басқа қосымша
деректермен байланыстырады.
Тікелей дәлелдеме басты деректі, тікелей, дәлелдемелік фактінің
көмегінсіз дәлелдейді, ал жанама деректер дәлелдемелік фактілерге сүйене
отырып, яғни жанама түрде дәлелдейді.
Тікелей дәлелдемелерде дәлелдемелік деректер болмайды деген ереже бар.
Бұл пікір кей жағдайда жоққа шығарылады. Мәселен, профессор М.М.Гродзинский
куәнің жауабы сияқты тікелей дәлелдеменің құрамында айыпталушының сол
қылмысты жасағанына бақылау жүргізу сияқты дәлелдемелік дерек болатынын
айтып көрсетеді.
Осыған дейін біз айыптау сипатындағы тікелей және жанама
дәлелдемелерді қарастырдық. Бірақ бұл деректер ақтау сипатында да болуы
мүмкін. Сезіктінің кінәсіздігіне, ол жасаған әрекеттерде қылмыс құрамының
жоқтығын дәлелдеуге тікелей бағытталған дәлелдемелер – тікелей ақтаушы
дәлелдемелер болып табылады.
Ал сезіктінің кінәсіздігін көрсетпейтін, бірақ айыптауды жоққа
шығаратын қандай да бір дәлелдемелік деректі бекітетін дәлелдемелер –
жанама ақтаушы дәлелдемелер болып саналады.
Қылмыс жасағаны үшін айыпталған тұлғаға қатысты тікелей ақтаушы
дәлелдеме ретінде алиби қолданылады. Алиби - "басқа жерде" деген мағынаны
білдіреді, яғни ол тұлғаның қылмыс жасалған сәтте басқа жерде болғандығын
дәлелдейтін деректер.
Енді жанама дәлелдемелерге тоқталып өтейік. Жанама дәлелдемелер деп
нақты істің мән-жайлары бойынша басты дерекпен себепті байланыста бола
отырып, бекітілуге жататын әр түрлі деректерді айтамыз. Сот тәжірибесінде
жанама дәлелдемелер ретінде қолданылатын деректер төмендегідей болып
келеді:
1.Қылмыстың заттай іздері яғни, әр түрлі объектілерде қалдырылған
іздер;
2.Қылмыскермен қалдырылған іздер;
3.Қылмыс жасауға қажетті құралдардың сезіктіден табылуы;
4.Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі болған заттың айыпталушыдан
табылуы;
5.Қылмыс жасалған уақытта айыпталушының сол жерде болуы;
6.Қылмыс жасауға ниеттің болуы;
7.Қылмыс жасағанға дейінгі айыпталушының әрекеттері;
8.Қылмыс жасағаннан кейін, қылмыс іздерін жасыруға және қылмыстық
қудалау жүргізуге кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер;
9.Қылмыс жасаудан көрініс тапқан, айыпталушының өмір сүрі әдісін
өзгертуі;
Айыптау сипатындағы қандай да бір фактілерді жоққа шығаратын, оларға
қайшы келетін кез келген дерек ақтау сипатындағы жанама дәлелдеме болып
табылады.
Жанама дәлелдеме бола алмайтын, бірақ қателесудің нәтижесінде сондай
дерек ретінде қабылданатын фактілер мынадай:
- іс деректеріне ұқсас, бірақ онымен себепті байланыста болмайтын фактілер;
- айыпталушыны жағымсыз жағынан сипаттайтын фактілер – тұлғаның бұрынғы
соттылығы, оның моральға жат қылықтары, т.б. Мұндай деректер жаза мөлшерін
тағайындау кезінде ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін;
- қылмыстық іс бойынша тергеу және сот талқылауы кезіндегі айыпталушының
жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, т.б.
Жанама дәлелдемелерді зерттеу, оларды тексеру және бағалау келесі
ережелермен сипатталады:
- жанама дәлелдемелер екіден артық болуы керек. Бір дәлелдеме іс бойынша
шешім шығарудың негізі бола алмайды.
5 2. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Іс бойынша анықталуға жататын барлық деректер осы деректер туралы
мәліметтердің қайнар көзі ретінде дәлелдемелердің көмегімен бекітіліп,
дәлелденеді. Мұндай әдіспен дәлелдеу пәнін құрайтын барлық деректер мен мән-
жайлар дәлелденеді.
Дәлелдемелердің түрлері ҚР-ның қолданыстағы қылмыстық процес
кодексінде төмендегідей болып белгіленген: куәлардың, жәбірленушінің,
айыпталушының жауаптары, сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер,
тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары, өзге де құжаттар.
Дәлелдемелердің көмегімен ғана іс үшін маңызы бар деректер
дәлелденеді, сол дәлелдемелердің негізінде айыпталушының кінәлілігі және
жауапкершілік деңгейі туралы мәселе шешіледі. Дәлелдемелердің қайнар
көздері заңда көрсетілген белгілі бір шарттарға сәйкес болуы тиіс және
заңмен қарастырылған процессуалдық нысанда көрініс табады.
Дерек туралы мәліметтердің қайнар көзі ретінде дәлелдемелердің сол
деректі бекіту құралы болу қабілеттілігі дәлелдемелерге жол берушілік деп
аталады. Кез келген дәлелдеме іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту үшін
жарамды бола бермейді.
Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес, егер белгілі бір мәліметтердің
қайнар көзін көрсете алмаса, онда куәнің берген іс жүзіндегі деректері
дәлелдеме ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz