Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылауды жүргізу ҚРҚІЖК-нің 238 бабымен реттелген.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау жәбірленушінің, куәнің, сезіктінің, айыпталушының тергеліп жатқан оқиғаға байланысты берген жауабының растығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы, тексерілетін іс-әрекеттің болған бағытын және орнын, жаңа нақтылы деректерді анықтау мақсатында жүргізілетін, заңда көрсетілген өзінше дербес тергеу әрекеті. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау істің мән-жайлары туралы қайталама жауап жүргізуді, қылмыс болған кездегі іс-әрекеттерді қайталауды, заттай дәлелдемелерді, іздерді, заттарды қарауды қарастырады.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер:

-жауап берушілер болжап айта алмай қиналған, ал тергеуші ол туралы білмейтін оқиға болған жерді табу;

-қылмыскердің қылмыс болған жерге бару және кету жолының маршрутын анықтау;

-тергеуші білетін қылмыс іздері немесе заттай дәлелдемелерді табу, бірақ олар туралы тергеуші ештеңе білген жоқ;

-бұрын тергеуге белгісіз болған куә мен жәбірленушіні анықтау;

Қылмысқа қатысы бар басқа қатысушыларды анықтау;

-қылмыс жасауға итермелеген нақты себеп пен шарттарды анықтау;

-жауап беруші адамның әрекеттеріне байланысты жекелеген жағдайларды нақтылау мен анықтау;

-қылмыс жасалған жерде оқиға болып жатқанда болған жағдайларды анықтау.

81. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауды жүргізудің және дайындаудың тактикалық ерекшеліктері

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың ерекшеліктеріне жататындар:

-тергеу әрекетін жүргізу барысында жауабы тексеріліп отырған адамның қатысуы міндетті және келісімі қажет;

-адам өз іс-әрекеттерін оқиға болған жердегі объектілермен қосып көрсету;

-тексеріліп жатқан адамның көрсетуіне сәйкес оқиға болған жерде іздер мен объектілерді іздеу;

-оқиға болған жердің жағдайын бұрын жауап алынған адамның түсігінігіне сәйкес бекіту.

Бұл тергеу әрекетінің мәні-жауабы тексеріліп жатқан адамның куәгердердің қатысуымен тергеушіге өзінің бұрын берген жауабына сәйкес тергеліп жатқан қылмысқа байланысты не ол не басқа оқиғалардың орнын ерікті түрде көрсетуінде және сол оқиғалар жайында жауап беруінде.

21. Атыс каруы сот-баллистикалык зерттеудiн обьектiсi ретiнде

Сот баллистикалык сараптама-бул ату каруын, ок дари, ату издерин зерттейтин криминалистикалык сараптаманын бир тури. Атыс каруы сараптамага сол табылган куйнде откизиледи, оны болшектеуге жане майлауга болмайды. Егер оны тасымалдау кезинде кауипсиздик максатында карудан октарды алып тастауга тура келсе, онда хаттамага ондагы патрондардын болганын, олардын жай-куйин толые сипаттап жазу керек. Ал егер револьверди алган кезде онын барабанынын камерасында атылган оксауыттар болса, оларды шыгарып алудын кажети жок. Атудын дал сол карудан болганын аныктау кезинде оны болшектеуди агыткыш илмекти баспай турып жасауга болмайды. Кару типти ылгалды жерден табылса да оны унгы каналыг суртуге жане майлауга болмайды. Ату изинен табылган заттарды баска болшектер араласып кетпеу жане богде нарселердин асери (сызу, майыстыру жане т. б. ) болмас ушин аркайсысын жеке-жеке каттау керек.

22. Атылған оқ пен гильзадағы іздер бойынша атыс қаруын идентификациялау.

Атылған снарядтар мен гильзалардағы іздерді жіктеу.

1. Механикалық әсер ету іздері-із қалыптасу құбылысын тудырады;

2. Статистикалық және динамикалық іздер-объектінің әсер ету бағыты бойынша.

3. Локальді әсер ету-аймағы бойынша әсер ету.

4. Басылған іздер-із қабылдаушы объектінің өзгеру сипаттамсы бойынша.

5. Беткі қабатты және көлемді іздер-із қабылдаушы объектінің өзгеру нәтижесі бойынша.

Атудың негізі іздеріне-снарядтан(оқтан, бытырадан, картечьтен) пайда болған зақымдар жатады. Снарядтың энергиясына, бөгеттің қаттылығына және қалыңдығына, олардың кездесу бұрышына байланысты зақымдар өтетін және өтпейтін болып бөлінеді.

Атудың қосымша іздеріне-атумен қатар жүретін құбылыстың әрекеттері нәтижесінде пайда болатын іздер. Жақын арақашықтықтан ату кезінде пайда болатын қосымша іздер жақыннан ату іздері деп аталады. Қосымша іздердің пайда болуында порохтық газдардың, оқпан аузының жалынының, порохтың өртенбеген түйірлері, капсюлдік құрамның ыдыраған бөлшектерінің, майлау бөлшектерінің және басқа да заттардың атқаратын рөлі улкен.

82. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауды жүргізудің барысы мен нәтижесін бекіту.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау дегеніміз бұрын жауап алынған адамның берген мәліметтерін қылмыс жасалған жерге апарып тексеру үшін жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауға тергеуші, куәгерлер және айғақберуші тұлғалар қатысады және маман криминалистте қатысуы мүмкін. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауда оқиғаорнына жауап алынатын адамның іздестірілу бағытына, жәбірленуші не куәгерге, қылмысқа қатысушыларға қатысты бұрын тергеу аппаратында болмаған жайттар алынуы мүмкін қылмыстың іздері не заттық дәлелдемелер табылады.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мақсаттары:

1. алынған мәліметтерді тексеру мен нақтылау;

2. жаңа дәлелдемелер алу;

3. Қылмысқа себеп болған жағдайларды анықтау

4 алынған жауаптың ішіндегі қайшылықтарды жою

Бұл тергеу әрекеті зерттеліп отырған оқиға бойынша бұрын жауап алынған адамның ерікті келісімі бойынша жүргізіледі. Ондайда ол: оқиға болған жерге апаратын бағытты көрсетеді, оқиғаның мән жайын сол жерде жаңғыртады, іс үшін маңызы бар заттарды, құжаттарды, іздерді көрсетеді және қажет болса оларды бейнелеп те береді. Сонымен қатар зерттеліп отырған оқиғада қандай заттың қандай рөл атқарғандығын және оның жүзеге асырылғандығын макет арқылы қайталайды. Өздерінің бұрынғы айғақтарын нақтылайды, айқындайды.

29. Автортанулық зерттеулер.

Криминалистік автортану-жазудың ерекшеліктерін саралау негізінде мәтіннің авторын сипаттайтын белгілерді. мәтінді құрастыру заңдылықтарын айқындауға бағытталған тәжірибелік ілімнің бір саласы.

Криминалистік автортану міндеттеріне жататындар:

-жазу және баспа тілінің белгілері бойынша құжаттың авторын анықтау;

-құжат авторының сауаттылық деңгейін анықтау.

35. Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша криминалистік теңдестірудің түсінігі, маңызы және міндеттері.

Адамның сыртқы бейнесі туралы криминалистік ілім криминалистік техниканың жеке саласы болып табылады. Габитология латынның habitus-адамның сыртқы бейнесі, кейпі, бет әлпеті және гректің логос-ілім деген екі сөздерінен пайда болған, қазақшаға аударғанда адамның сыртқы бейнесі туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Қылмыстарды тергеуде және жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде адамның сыртқы бейнесі бойынша оларды теңдестіру, идентификациялау қажеттілігі туындайды. Идентификациялау сезіктінің, жәбірленушінің тұлғаларын анықтау үшін жүргізіледі. Адамның сыртқы бейнесі бойынша идентификациялау әрбір адамның тек өзіне тән белгілерге ие болу себебінен мүмкін.

Адамның сыртқы бейнесі бойынша идентификациялау негізінде келесі қағидалар жатыр:

-әр адамның сыртқы бейнесінің жекелігі

-салыстырмалы тұрақтығы, яғни сыртқы бейнесінің өзгермейтіндігі;

-рефлекторлық, яғни түрлі материалдық кескіндерде қалу қабілеті.

Адамның сыртқы бейнесін қылмыскерді іздеу кезінде дұрыс суреттеу, сипаттау, бекіту және пайдалану үшін адамның бет-әлпетінің элементтері мен белгілерінің маңызы зор.

Бет-әлпеттің элементі дегеніміз бұл адамның сыртқы бейнесін зерттеу және бақылау барысында көзге түсетін мүшесі. Бет-әлпеттің белгілері дегеніміз бұл адам бейнесінің элементтерінің сипаттамасы. Адамның сыртқы бейнесінің элементтері мен белгілері өзіндік және ілеспелі болып екіге бөлінеді. Адамның өзіндік, яғни өзіне тән элементтері мен белгілері жалпы физикалық, анатомиялық және функцияналдық болып үш топқа бөлінуі мүмкін. Адамның сыртқы бейнесінің ілеспелі элементтері мен белгілері әрдайым болатын және алып жүретін болып екіге бөлінеді.

Әрдайым болатындарға-киім, бас және аяқ киімдері, көзілдірік, балдақтар, жіңішке таяқтар жатады.

Алып жүретіндерге-сөмкелер, портфельдер, сағаттар, қолшатырлары, ұялы телефондар, жазу құралдары, париктер, әшекейлер жатады.

37. Адамның сыртқы бейнесі туралы мәліметтер қайнар көздері.

Адамның сыртқы бейнелері туралы мәліметтер жинаудың деректі көздері субъективтік және объективтік болып екіге бөлінеді.

Субъективті дегеніміз ол адамның оймен басқа бір адамның сыртқы бейнесінің белгілерін көз алдына елестету. Объективтік қайнар көздерге фотосуреттер, кинокадрлар, бейнежазулар, рентгенограммалар, мәйіттің бетінен алынған құймалар т. б. жатады.

Адамның сыртқы бейнесінің белгілерін бекітудің аса маңызды түрі-жазбаша суреттеу, сипаттап жазу. Бұл екі түрге бөлінеді, біріншісі еркін суреттеп жазу, екіншісі жүйелеп сипаттап жазу.

Еркін суреттеп жазу оқиғаны өз көзімен көргендерден, куәлерден, жәбірленушіден жауап алу кезінде жедел-қызмет және іс жүргізу құжаттарында бекітіледі.

Жүйелеп сипаттап жазу адамның сыртқы бейнесінің белгілерін «ауызша портрет»әдісін пайдаланып суреттегенде қолданылады.

62. Алуды дайындау және жүргізу.

Алу-бул ис ушин манызы бар заттар мен кужаттардын кайда жане кимде екени анык болганда оларды жеке немесе занды тулгадан алып кою максатымен жургизилетин тергеу арекети. Алуды тергеуши далелди кауллы бойынша жургизеди. куагерлердин катысуымен ал кажет болган жагдайда маманын аудармашынын катысуымен жургизиледи. Алу кезинде тергеуши алынуга жататын заттар мен кужаттарды беруди усынады, ал будан бас тарткан жагдайда алу мажбурли турде жургизиледи. Алу жургизилип жаткан уй жайды немесе орында турган адамдарга жане осы уй жайга немесе орынга келген адамдарга алу аякталганга дейн ол жерден кетуге, сондай ак бир биримен немесе озге адамдармен сойлесуге тыйым салынады. Алу жургизилген кезде тергеуши иске катысы болуы мумкин заттар мен кужаттарды алумен шектелуи тиис. Айналымга салуга тыйым салынган заттар мен кужаттар олардын иске катыстылыгына карамастан алынуга тиис. Алынган заттар мен кужаттар куагерлерге жане катысып отырган баска да адамдарга корсетиледи, буып туйиледи жане алу жургизилген жерде мормен бекитиледи жане куагерлер мен буган катыстып отырган баска адамдардын кол коюымен куаландырылады.

91. Адам өлтірудің криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән жайлар.

Адам олтируге байланысты кылмыстык исти козгаудын барынша кен таралган турлери мыналар: майттин табылгандыгы туралы хабарлама; тири калгандардын немесе олардын туыстарынын, куалар мен жабирленушидердин арызы. Кинап олтирилген адамнын майтти немесе онын боликтери табылган немесе куагерлердин арызы тускен кездег бастап кылмыстык исти козгау туралы маселени шешу соншалыкты курдели нарсе емес, сонда да олимнин кездейсок жагдайдан немесе табиги себептерден ягни аурудан, кариликтен болуы мумкин екенин ескерген жон. Адамнын жогалып кетуине байланысты тусирилген арыз бойынша кылмыстык ис козгау кезиндн оны издеп табудын шаралары карастырылады, тек кана онын олтирилуи мумкин дегенималимет болган кезде гана кылмыстык ис козгалады. Аныкталуга жане далелденуге тиис ман жайлар: кылмыстын обьектиси бойынша-киси олтирудин курбаны ким болып табылады немесе кылмыстык арекет кимге багытталган? Жабирленуши каза болды ма? Олимнин себеби не болып табылады-олтиру, озин ози олтиру, кайгылы окига, табиги себептермен болган олим? Обьективтик тургыдан-адам олтиру кай жерде болган жане калмыстын изи табылдыма? Кылмыс кашан, кандай тасилмен жане кандай куралдын комегимен жасалды? Олтирудин издерин жасырудын тасилдери кандай? Биликти ман-жайлар жане кылмыстын жасалуына мумкиндик берген ман-жайлар кандай? Кылмыстан келген шыгындао кандай? Субьективти тургыдан-кылмыстын далели, максаты, киналиликтин пишини кандай? Субьектиси бойынша-киси олтируди ким жасады? Егер олтирушилер бирнешеу болса, онда олардын аркайсысынын роли кандай? Кылмыскердин билиетилиги кандай? Ол 14 жаска толганба?

Ә

4. 4. Әдіс түсінігі, криминалистика әдістерінің жалпы, жеке, арнайы әдістеріболып жіктелуі.

Әдіс-кең мағынасында шындықты тану, табиғи немесе қоғамдық өмір құбылыстарын зерттеу және қандай бір мақсатқа жету мен міндеттерді шешу тәсілі.

Криминалистік әдіс-ғылыми ұсыныстар жүйесі және соның негізінде қылмыстың жекелеген түрлері бойынша тергеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар.

Криминалистиканың арнайы әдістері -бұл танудың оюъектісін, міндеттерін және құрал жабдықтарын есепке ала отырып, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану мақсатында криминалистикада әзірленген әдістер. Олар техникалық -криминалистік және тактикалық-криминалистік болып бөлінеді. Техникалық криминалистік әдістер материалдық объектілерді анықтауды, ойдан шығаруды, зерттеуді, сақтауды қамтамасыз етеді. Крим. ң арнайы әдістері қатарына жарық бөлгіштік әдісі, одорологиялық әдіс, фотобейне арқылы тану әдісі, барлау әдісі т. б киреди.

Тактикалық крим. әдістер бұл тергеу және сот әрекеттері өндірісінің және тергеуді ұйымдастырудың жалпы әдістері. Әдіс-кең мағынасында шындықты тану, табиғи немесе қоғамдық өмір құбылыстарын зерттеу және қандай бір мақсатқа жету мен міндеттерді шешу тәсілі. Криминалистиканың арнайы әдістері -бұл танудың оюъектісін, міндеттерін және құрал жабдықтарын есепке ала отырып, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану мақсатында криминалистикада әзірленген әдістер. Олар техникалық -криминалистік және тактикалық-криминалистік болып бөлінеді.

Б

16. Бейнежазу мен фотографияны қолдануды процесуалдық бекіту.

Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады.

Бейнетаспаға жазу-киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы, технологиялы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады.

Бейнежазу тергелуші әрекеттің процесі мен қорытындысын тіркеуші қосымша құрал ретінде қолданылады. Ол динамикадағы, оны жүргізудегі қатысушылардың ерекшеліктерін, не ауыр және құрастырылған жағдайдың көлемін көрнекі құрал ретінде ұсынуға қажетті әрекеттерді тіркеуді талап етеді.

Тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері және жағдайдағы мәселелерді шешуде суреттегі қалатын негіз бейнежазу түрлері мен әдістерін анықтайды.

Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып (атағын, қызметін, фамилиясын атайды) өтеді, содан кейін бейнежазуды пайдаланып қылмыстық іс бойынша тергеу әрекетінің жүруін түсіндіреді. Соңынан ол тергеу әректіне қатысушыларды жеке атап өтеді (ірі жобамен түсіріледі), түсірілген күнді, мерзімді, орынды және түсіруші тұлғаны атайды.

Мына істерді жүргізгенде бейнежазуды қолданудың қажеті өте көп:

а) өрт, көліктік апаттар болған жайында оқиға туралы барынша ақпаратты жедел бекітуге қажетті жерлерді қарауда;

ә) бағалы заттар мен құрылыс құралдарын алу, оларды тыққан жерлерін тінту әдістерін бекіткенде;

б) тергеуші тәжірибе-сапалы әрекеттер мен олардың салдарын бекіткенде;

в) сұрақ-жауап алу, аудармашылардың қатысуымен жүргізілетін беттестіруде.

Фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу

Фото-кино-бейнетехника, дыбысжазу аппаратураларының кең таралуына байланысты оларды пайдалану нәтижелері (аппаратураның өзі де) қылмысты тергеу барысында жиі заттай дәлелдеме ретінде қарастырылады.

Фотосуреттер, бейнеленталар және бейнепленкалар: әр түрлі объектілердің материалдық бекітілген бейнелері болып табылады. Сезіктілерден алынған тергеу кезінде жасалған бұл құжаттар қылмыс оқиғасына байланысты немесе тергеу процесіне қатысты (тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелерін жазу) мәліметтерді қамтиды. Аталған құжаттарды көп жағдайда оқиғаға қатысушыларды анықтау үшін оның сипаты мен даму сатыларын (қоғамдық тәртіпсіздік, өрт кезінде құжаттық немесе жедел түсіру) анықтау үшін зерттейді. Кейде құжат, кино-пленка, бейнепленка мазмұнының өзгеріске түскенін, мәселен, фотосуретті қайта түсіріп монтаждағанын анықтау қажеттілігі туындайды.

Фотомонтаж белгілеріне бейненің жеке бөліктерінің-бас дене, киім шеттерінің аса боялуы жатады.

Жалған бейнепленкалар мен киноленталарды жасау кезінде олардың бөліктерін қиып алып тастайды немесе қосымша желімдейді. Мұндай әрекеттердің белгілері бейнелердің, жапсырылған орындардың кенет өзгеруінен көрінеді. Жасалған қылмыстың мән-жайын анықтауға фонограмма қамтитын ақпараттың маңызы зор. Фонограммалар қылмыс жасау құралы (мәселен, қорқыту және шошыту үшін, қорқытып алу мақсатында пайдаланылған), оларды жалған жасау кезіндегі қылмыстық қолсұғушылық заттары және тергеу әрекетінің барысын немесе қылмысты ашу процесінде жүзеге асырылатын жедел-іздестіру шараларын бекіту нәтижелері болуы мүмкін.

Аталған жағдайларда зерттеу объектілері ретінде магнитті ленталар, сымдар, дискілер және басқа ақпарат тасушылар болады. Олар іздердің екі тобын, механикалық және электроакустикалық әсер ету іздерін қамтиды. Механикалық іздер лента-созу тетігі мен дыбысжазу құралынан пайда болады. Ол іздер лентаның дыбыс жазылатын жағында шағын және ірі жолдар түрінде қалады. Оларды сәйкестендіру мақсатында пайдалануға болады.

Лентаның магниттік қабаты мен жазатын басының өзара әрекеттестігі нәтижесінде электроакустикалық іздер пайда болады. Олар ғана емес, сонымен бірге магнитофонның да белгілерін: дыбыс жолдары саны мен олардың көлемін, лентаның жылжу жылдамдығын, лентасозу тетігінің шуын, жазуды қосумен, тоқтауын, т. б. сипаттайды. Аталған объектілер мен іздер тобын зерттеу арқылы магниттік лентаны монтаждау белгілерін, яғни жазудың сүйемелдеуге сәйкессіздігін, электрлік соғу сипатының әр түрлілігін, магниттік лента бөлшектері сапасының әр түрлілігін, желімдеген жерлерінің болуын және т. б. анықтауға болады.

Фото-кино-бейнеқұжаттарды криминалистік зерттеу барысында түсіретін және зертханалық аппаратура, позитивтер бойынша негативтер, фотосуреттерде бейнеленген заттар, құрылыстар, жергілікті учаскелер, сәулесезгіш материалдар мен химиялық реактивтер, бейне және аудиожазба, құралдары, фонограммада жазылған адам дауыстары және басқа объектілер сәйкестендірілуі мүмкін.

Ішкі істер органдарында қылмысты тергеу және ашу міндеттерін орындау үшін құрамына бір қатар құжаттар енетін белгілі объектілердің криминалистік есебі ұйымдастырылған. Құжаттарды криминалистік есепке алудың негізгі міндеті жалған құжаттарды табу және оларды пайдаланушы тұлғалардың қылмыстық әрекетін тоқтатудан, кейбір жалған құжаттарды жасаумен айналасушы тұлғаларды анықтаудан және қылмысты тергеумен байланысты басқа да міндеттерді орындаудан тұрады.

23. Бөгеттегі атыстың іздері бойынша атыстың мән жайын анықтау.

Бөгеттерде атылған оқ іздерінің қалыптасу механизмі:

1 кезең:Шаппа соққысы капсюлге ұрғанна кейін патронның дәрісі лаулайды. Осының нәтижесінде пайда болған газ оқты гильзадан итеріп шығарып, оқпан каналымен жылжытады. Дәрі газының бір бөлігі, оқпан каналымен жылжып келе жатқан оқтың алдына түсіп, оқпаннан шығуға тырысады. Оқ алдындағы жиналған ауаны алға итереді. Ізінше ауа артынан аз мөлшерде оқпан газы өтіп, артынша оқ шығады.

2 кезең:Оқ артынан бұлт тәрізде оқпан газының негізгі бөлігі ыс тәріздес болып бөлініп шығады. Күйген газ бен ауадағы от тегі араласып, жарылыс пайда болады. Соңынан от жарқылдап, ату дыбысы шығады. Пайда болған бұлттың қатты бөлігі оқпен салыстырғанда аз салмақты болады, соңынан қатты жылдамдықпен жылжиды. Басында оқты басып озып, сосын ауа соқтығысына ұшырап жылдамдықты жоғалтады. Оқ газды бұлтты қуып жетіп, біртіндеп өзімен ала кетеді.

3 кезең:Оқпаннан шыққан оқ үлкен кинетикалық қуатта болады және ол бөгеттерге зақым келтіруі мүмкін. Снарядтан пайда болған зақымнан басқа, бөгетте құбылыс әсереінен ату соңынан із пайда болады. Зақым келтіру немесе бөгет түрінің өзгеруі, нәтижесінде снаряд әсерінен ату соңынан пайда болған құбылысты атудан қалған із дейді.

51. Болжаулардын тусiнiгi турлерi жасау жане тексеру.

Болжау дегенiмiз- бул Жорамал. Тергеу окигасына катысты тергеушiде, полициянын жедел-iздестiру кызметкерiнде, судьяда, сарапшыда туындаган жорамалдарды кылмыстык сот ондiрiсiнде болжа(версия) деп атау калыптаскан(кейiнгi латынша versio - бурылыс, тур озгерiс) . Болжауды кiм жасаганына байланысты оны тергеулiк, жедел-iздестiрулiк, сараптамалык, соттык деп атайды.

Егер логикада кез келген жорамал болжау бола алатын болса да, кез келген алдын ала жасалган пiкiр болжау деп аталмайды.

Бiрiншiден, тек тексеруге арнаулы окiлеттiлiгi бар тулгалар (сот ондiрiсiне ондай тулгалар: тергеушилер, жедел-iдестiру кызметкерi, сарапшы немесе сот) жасаган жорамалдар гана Криминалистiк болжау деп аталады.

Екiншiден, болжау- кез келген емес, тергеудегi окигага тутастай немесе онын жекелеген элементтерiне катысты жорамал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ
Қылмысты тергеу кезінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
Сот ісін жүргізудегі арнайы білімді қолданудың ұйымдастырушылық негіздері
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Хат-хабарға тыйым салу, хабарламаларды жол-жөнекей ұстау, сөйлескен сөздерді тыңдау және жазу
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz