Бухгалтерлік баланстың теориялық негіздерін зерттеу


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» - экономикалық саясаттың басымдықтары туралы былай делінген:

2015 жылы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады.

Биыл республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.

Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет. Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі - автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет.

Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.

Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар. [1]

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды, яғни бүгінгі таңдағы мәселеге үңілсек, Қазақстан Республикасында отандық бухгалтерлік есептілік стандарттарынан халықаралық есеп стандарттарына көшті.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” Заңына сәйкес ұйымның қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. пайда мен залал туралы есеп;
  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
  4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
  5. түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік туралы Заңына және 1 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкін.

Қаржы есептілігі - ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерін құрылымдалған түрде ұсынылуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігінің мақсаты экономикалық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең тобы үшін пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептілігі сондай-ақақ ұйым басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді. Мақсатқа жету үшін қаржы есептілігі ұйымның мынадай көрсеткіштері туралы ақпарат береді: активтер; міндеттемелер; капитал; кіріс пен шығысты қоса, табыс пен шығындар; иегерлерге арналған аударымдар және дивидендтердің төленуі; және ақша қаражатының қозғалысы.

Бұл ақпарат, қаржы есептілігіне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражатының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседі.

Қаржы есептілігінің толық жинақтығы мыналарды қамтиды:

(а) кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;

(b) кезең ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі есептілік;

(c) кезең ішіндегі үлес өзгерістері жөніндегі есептілік;

(d) кезең ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есептілік;

(e) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да.

Қаржылық есептілік жүйесінде негізгі орынды бухгалтерлік баланс алады. Актив пен пассив баптарының мазмұны сияқты, оның құрылысы да біздің республикамызда күрделі өзгерістерге ұшырап, халықаралық стандарттардың талаптарына жақындады. Нарықтық экономика жағдайында көптеген пайдаланушылар балансқа ерекше көңіл аударып, “Баланс” ұйымның айнасы деген сөз дәстүрлі болып кетті

Баланс - бұл шаруашылық кәсіпорнының ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай өлшеумен және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді.

Бухгалтерлік баланс шаруашылық ресурстарының қолда бар мөлшері мен жағдайын және көздерін, олардың құралуын қортындылайтын тәсіл.

Баланс шаруашылық ресурстардың көздерінің топталуы мен көріну жағдайын біріктірілген ақпарат түрінде камтамасыз етеді. Баланстың басқаша түрі кәсіпорынды тарату мәселесі қойылғанда құрылады. Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінін мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.

Сөйтіп, баланс шаруашылық орынының кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны мен мақсаты бойынша ерекшелене алады. Баланс мазмұны мен құрылымын кәсіпорын өзінше дербес белгілейді де, есеп саясатында бекітеді.

Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін. Баланс құрылу формасын әр кәсіпорын өзі таңдап алады.

Бухгалтерлік баланстың құрылуы туралы сұрақ таза техника есебінен тыс экономикалық және құқықтық мағынаға ие нарықтық экономика сұрақтарының санына кіреді.

Нарыктық инфракұрылымы дамыған көптеген елдерде бухгалтерлік баланстың формаларын заңдық реттеу ең алдымен баланстың материалдық мазмұнының (яғни сандық мәліметтердің) нарықтық қатынас мүшелері үшін басты фактор болып табылатындығымен байланысты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - бухгалтерлік баланстың теориялық негіздерін зерттеп, оның кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауының рөлі және оның банкротқа ұшырау мүмкіндігін бағалау.

Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі міндеттер қойылып, шешілген:

- бухгалтерлік баланстың пайда болу тарихы мен дамуын қарастыру;

- бухгалтерлік баланстың экономикалық мәні мен маңыздылығын ашу;

- нарық экономика жағдайындағы бухгалтерлік баланстың ролін анықтау;

- баланстық есеп берудің құрылымы мен мазмұнын ашу;

- басқарушылық шешімдер қабылдау үшін баланстық есеп беруді талдау;

- кәсіпорынның банкротқа ұшырау ықтималдылығын бағалауымен танысу.

Зерттеу негізі ретінде ЖШС «Маяк» алынды. Компания ЖШС «Маяк» келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- Жолдың құрылысы, механикаландырылған қазба жұмысы: жоспарлау бағыт карьерлерді қазуда, нығайту және топыр тығыздалу, дренаждық құрылғысы

- Жасанды құрылыстарды салу (көпірлер, су құбырлары, дренаж құрылымдар)

- Жол-құрылыс материалдарының әр түрлі пайдалана отырып жабындысы қоры

- Асфальт-бетон және темір цемент-бетон тротуарлардың орнату

- Бөгеттер, жолдарды жоғары жағалаулар беткейлерін нығайту

- Автомобиль жолдарының құрылысы

- Асфальт-бетон қоспаларын шығару

Қазіргі уақытта, барлық қажетті жол-құрылыс техникасын жабдықталған ЖШС «Маяк» ауысқан «жол салу және пайдалану кәсіпорны», «Қазақмыс Корпорациясы», байланысты қосалқы бөлімшелерімен өндірістік базасы, өз кемелермен асфальт зауақытын аутсорсинг арқылы жанындағы битум, темір жол тұйығы, сондай-ақақ осы жоғары білікті кадрларды ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздері - бұл заңдық актілер мен нормативті құжаттар, атты отандық және шетелдік экономистердің монографиялары, кезеңдік басылымдар, сонымен қатар зерттеліп отырған объектінің есептік мәліметтері.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып 2017 жылы 31 қантар ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», арнайы әдебиеттер, нормативті - құқықтық заңдар тәжірибелік материал (ЖШС «Маяк») және экономистердің ғылыми еңбектері табылады., актілер, кезеңдік басылымдар, ережелер тағы басқалар.

1 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС - ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПтіліктің НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік

Баланс - бұл шаруашылық кәсіпорнының ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай өлшеумен және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді.

Бухгалтерлік баланс шаруашылық ресурстарының қолда бар мөлшері мен жағдайын және көздерін, олардың құралуын қортындылайтын тәсіл.

Бухгалтерік баланс жылдық қаржылық есептіктің негізгі формасы болып табылады.

Баланс шаруашылық ресурстардың көздерінің топталуы мен көріну жағдайын біріктірілген ақпарат түрінде камтамасыз етеді. Баланстың басқаша түрі кәсіпорынды тарату мәселесі қойылғанда құрылады. Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінін мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.

Активтер - кәсіпорынның қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүліктік және мүліктік емес игілігінің құнын көрсетеді.

Міндеттеме - берешеккердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс-қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші берешеккерден өз міндетін орындауды талап етуге құқылы.

Капитал - бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған игіліктер. [2]

Кәсіпорынның балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір-бірінен елеулі айырмашылықтарымен ерекшеленеді.

Алғашқы баланс, ол кәсіпорын қызметінің басталуына бағындырылған. Кәсіпорынның бағыныштылығына қарай баланс жаңадан құралған орындар және бұрындары жұмыс істеген кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда кәсіпорынның балансы қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.

Баланс шаруашылық ресурстардың көздерінің топталуы мен көріну жағдайын біріктірілген ақпарат түрінде камтамасыз етеді. Баланстың басқаша түрі кәсіпорынды тарату мәселесі қойылғанда құрылады.

Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінін мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады. [3]

Сөйтіп, баланс шаруашылық орыннның кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны мен мақсаты бойынша ерекшелене алады. Баланс мазмұны мен құрылымын кәсіпорын өзінше дербес белгілейді де, есеп саясатында бекітеді.

Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен міндеттемелер және капитал сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін. Баланс құрылу формасын әр кәсіпорын өзі таңдап алады.

Активтегі немесе міндеттемелер және капиталдағы ресурстардың әрбір түрі баланс статьялары («баптары») деп аталады. Балансты оқу немесе талдау үшін баланс активі мен міндеттемелер және капитал бөлімдерге бірігіп жеке баптарға бөлінеді.

Баланс статьяларының орындары белгілі бір принциптерге бағынады, яғни әр алуан ресурстар түрлерінің сипаты мен талдау мен аудит талаптары белгілейді.

Активтер өздерінің өтімділік дәрежесіне қарай неғұрлым жоғары өтімділіктен төменгі өтімділікке қарай орналасады. Пассивтер міндеттемелердің жоғары жеделділіктен неғұрлым төменді жеделділікке қарай орналасады.

Сөйтіп, белгілі бір мезгілде қаржы ресурстарының кез келген түрі қайсы бір қүн ауқымымен сипатталады. Осындай барлық қүн ауқымдарының жинақтығы сол ресурстардың жағдайын керсетеді, оның ақпараттык моделі болып табылады. ақпараттық модель, (үлгі) қаржы ресурстарының жағдайы бухгалтерлік баланс болып табылады.

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары өндіріс саласына үздіксіз қатысады. Оның барлық шаруашылық құралдарының (мүлкінің) шамасын анықтау үшін және есепті кезеңге оларға экономикалық баға беру үшін әрі. қаржы-шаруашылық қызметін жедел басқару үшін ербір кәсіпорынның өзінің шаруашылық құралдары мен мүлкі туралы жалпылама мәліметтері болуы керек. Осындай жалпылау бухгалтерлік балансты құру жолымен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік баланстың сан алуан түрлері бар. Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

  1. Құру уақыты бойынша;
  2. Құрудың қайнар көздері бойынша;
  3. Ақпараттар көлеміне байланысты;
  4. Қызметінің сипатына байланысты;
  5. Меншік нысандары бойынша;
  6. Бейнелену көлемі бойынша;
  7. Тазарту тәсілдері бойынша.

1. Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мүмкін:

а) кіріспе; ә) ағымдағы; б) таратылу; ) бөлу; г) қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол, кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына, ал соңғы балансы аяғына құралады. Осыған орай, есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі; екіншіден, аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты атауымызға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды.

2. Балансты оны жасаудың қайнар кездері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлық; ә) кітаптық; б) бас.

Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана құрылады. Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысу) талап етіледі.

Кітаптық баланс тек қана ағымдағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде оларды тексермей алдын-ала түгендеу жүргізу жолымен жасалады.

Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

3. Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді:

а) біртекті; ә) жинақ; б) топтастырылған жинақ.

Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.

Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

Топтастырылған жинақ балансы - экономикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланстарын қосу жолымен жасалады. Мұндай баланстарды холдингтік компаниялар (басқа компаниялардың былау акция пакеттерін иеленушілер), өздерінің еншілес және тәуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.

4. Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.

Негізгі қызмет балансы - кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына сәйкес жасалған баланс.

Негізгі емес қызмет балансы - кәсіпорынның құрамында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қосалқы ауыл шаруашылығы, көлік шаруашылығының бар болуы. Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы деп аталады.

Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса, онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолымен негізгі қызмет балансында көрсетіледі.

  1. Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті басқару (муниципалдың), кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.
  2. Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді:

а) дербес; ә) жеке.

Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.

Жеке балансты кәсіпорындардыд құрылымдың бөлімшелері (цехтар, филиалдар және т. б. жасайды.

7. Тазарту тесілі бойынша баланстар баланс-брутто, баланс-нетто болып келеді.

Баланс-брутто - реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс («Негізгі құралдардың тозуы», «Материалдық емес активтердің амортизациясы») ;

Баланс-нетто - реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс.

Бухгалтерлік баланс мекеменің қаржылық есептілігінің негізгі нысаны болып табылады. Ол мекемелердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады.

Активтер - бұл дара кәсіпкер немесе мекеме өткен оқиғалар нәтижесінде былап отырған, болашта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар. Активте жасалған болаш экономикалық пайда - бұл мекемеге ақша қаражатының және олардың баламасының түсуіне тікелей немесе жанама ықпал ету мүмкіндігі. ақшалай қаражаттың мұндай түсімдері активтерді пайдалану немесе сату салдарынан болуы мүмкін. Бұл түсім мекеменің негізгі қызметінің бөлігі ретінде көрсетіледі.

Мекеменің активтері оларды сатып алу немесе жасау және басқа өткен оқиғалардың нәтижесінде, сондай - ақысыз (өтеусіз) түсудің нәтижесінде пайда болады. Көп активтердің экономикалық (физикалық) нысаны (негізгі құралдар, қорлар және т. б. ) бар болуы мүмкін, бір физикалық нысан активті анықтамайды. Мысалы, материалдық емес активтер (патенттер, тауарлық белгілер және т. б. ), сондай - дебиторлық қарыздар да активтер болып табылады, егер мекеме келешекте олардан экономикалық пайданың құйылуын күтсе және олар оның былауына алынса.

Активтердің болуын айқындаған кезде меншік құқығы міндетті болып табылмайды. Мысалы, жолдау құқығында иеленген мүлік, егер мекеме осы мүліктен түседі деп күтілетін пайданы былайтын жағдайда актив болып саналады.

Активтерге сондай - қаржылық инвестициялар, ақақшалай қаражаттар және т. б жатады. Активтер өнімді (жұмысты, тауарды, қызметті өткізуге) өндіру және өткізу үшін, өндірісті басқаруға және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.

ЖШС «Маяк» 31 желтоқсанға 2014 жылға қысқа мерзімді активтер саны 3154515 мың теңгені құрады (100 жол), ал ұзақақ мерзімді активтердің саны 3249205 мың теңгені құраған болса (200 жол), 31 желтоқсанға 2015 жылға қысқа мерзімді активтер саны 4216200 мың теңгені құрады (100 жол), ал ұзақ мерзімді активтердің саны 4866070 мың теңгені құраған (200жол) . Демек, кәсіпорын жағдайы жақсарған. (Қосымша А)

Міндеттемелер - бұл дара кәсіпкердің немесе мекеменің өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеттері, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Мысалы, негізгі құралдарды, қорларды сатып алу және қызметтерді қабылдау акысы төленуге тиісті есеп айырысу шоттарының пайда болуын тудырады (егер тек олардың ақысы алдын-ала төленбесе немесе төленуі белгіленіп қойылмаса ғана), қарыздар (кредиттер) алу оларды қайтару міндеттемесін тудырады.

Міндеттемелердің ажырамас сипаттамасы мекемеде нені болмасын, қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттемелердің бар болуы болып табылады. Міндеттемелер қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты тәжірибеден (практикадан) алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттемелер міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Тәжірибеден (практикадан) шығатын міндеттемелер - мынандай жағдайларда мекеменің іс - әрекетінен туындайтын міндеттемелер:

  1. саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан тәжірибесінде (практикасында) мекеме басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе;
  2. нәтижесінде мекеме осы тараптарда өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.

Міндеттемелер жарғы немесе шарт талаптарының нәтижесі ретінде күшіне енуі мүмкін. Мысалы, алынған қорлар мен көрсетілген қызметтер үшін төленетін сома. Міндеттемелер сондай - әдеттегі іскерлік тәжірибе (практика), дағды және жақсы қарым - қатынастарды ұстап отыру немесе тура жолымен қимылдау ниеті барысында пайда болады. Егер мекеме өз өнімінің олқылықтарын тіпті кепілдік мерзімі етіп кеткеннен кейін де түзетпек болса, қазірдің өзінде сатылып кеткен тауарларға қатысты жұмсалатын сома берешек болып табылады.

Кейде міндеттемелер тек шамалаған деңгейдегі дәлдікпен өлшенуі мүмкін. Кейбір мекемелер бұл міндеттемелерді резерв ретінде қарайды. Оларға қолданыстағы кепілдік міндеттемелер бойынша төлемдерді қамтамасыз ету құрылған резервтер, негізгі құралдарды жөндеу бойынша резервтер, еңбеккерлерге кезекші демалыс ақысын төлеу резервы және т. с. с.

Міндеттемелердің қазіргі және болашақ кезеңдерде болатындарының ара - жігін ажырата білу қажет. Мекеме басшысының болашақта активтер сатып алу жөніндегі шешімі міндеттемелердің пайда болуына себеп бола алмайды. Міндеттемелер, әдетте, актив алынғанда немесе мекеме активті сатып алу туралы келісімге қосылғанда ғана пайда болады.

Қолданыстағы міндеттемелердің өтелуі, әдетте, басқа тараптың шағымдарын қанағаттандыру үшін мекеменің экономикалық пайдаларды бейнелерін өзіне тартып отырады. Міндеттемелерді өтеу әртүрлі тәсілдермен:

  • ақысын төлеу;
  • өзге активтерді беру;
  • қызмет көрсету;
  • бұл міндеттерді басқа міндеттемелермен ауыстыру;
  • міндеттемелерді жеке капиталға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу
Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты
Шаруашылық субъектінің қаржылық талду негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру
Қаржылық талдау
Толық кіріс жөніндегі есептілік
Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Бухгалтерлік баланс және оны талдау әдістері
Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz