Кәсіпорнында ақша қаражаттарының қозғалысы мен есебінің тәртібін зерттеу



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты 2014 жылғы 17
қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:
Біздің Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін
барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс.
Біріншіден, қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен
эволюциялылығының қағидаты.
Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске,
жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем
қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге
тиіс.
Екіншіден, өзара тиімді ашықтық қағидаты.
Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен
инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы
жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі
арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең
ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық
одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге
байланысты[1].
Осыған байланысты ақша бұл әр мемлекеттің қаржылық жүйесінің маңызды
бөлінбейтін бөлігі. Олар теңге, доллар, рубль болып аталса да, ақша төлем
құралы, құнды сақтаудың құралы және есептеудің бірлігі ретінде барлық
экономикалық жүйелерде қолданылады.
Төлем-есеп айырысу қатынастарының жетілдірілуімен байланысты ақша
айналысының қолма-қол және қолма-қолсыз аяларында да арақатынас өзгерді.
Ақша қаражаттарының дұрыс есебінің құралдардың айналымдылығын
жеделдетуде экономикалық маңызы зор; кәсіпорындар арасында қолма-қолсыз
есеп айырысулар айналымға қажетті қолма-қол ақшаны қысқартады, сонымен
қатар айналым шығындарын азайтады. Ақша қаражаттары барлық есептесулерде
делдал болатындықтан, халық шаруашылығында құралдардың қалыпты айналымын
қамтамасыз ету үшін, нарықтық экономикада қызметті жүргізу үшін барлық
есептеулерді дұрыс және уақытылы орындау қажет. Өз кезегінде есептілік
операцияларының тиімділігі, көбінесе, ақша, есеп айырысу және несиелік
операциялардың бухгалтерлік есепке алынуының жағдайына тәуелді болады.
Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшуге байланысты шағын және ірі
сауда кәсіпорындарының саны өсті. Тауарлардың бағасын либерализациялауға
байланысты, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан кәсіпорындарға
деген бақылау айтарлықтай төмендеді. Сауда кәсіпорындарының үлкен бөлігі
жеке меншікке немесе еңбек ұжымының меншігіне айналды, сондықтан күн
тәртібінде кәсіпорындардың иелерінің меншігінің сақталуына бақылау
жүргізудің қажеттігі туралы сұрақ тұрды. Міне, сондықтан да ақша
қаражаттарының есебі өзекті мәселеге айналды.
Шағын еңбек сыйымдылығы мен аздаған бастапқы капитал тауарларды сату,
тауарларды сату-сатып алу бойынша делдалдық қызметтен пайда табуды
қамтамасыз етеді. Мемлекеттің үкіметі тарапынан шағын кәсіпкерлікке қолдау
көрсетуде батыл қадамдар жасалып жатыр, нәтижесінде Қазақстанда көптеген
жеңа жұмыс орындарының пайда болуына, халаққа қызмет көрсетуді жақсартуға,
мемлекетімізде орта тапты қалыптастыруға әкелуі тиіс. Қолдау Қазақстан
Республикасының Қазақстанда шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету
туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорнында ақша қаражаттарының қозғалысы мен
есебінің тәртібін зерттеу аудит және талдау, және оларды жетілдіру бойынша
ұсыныстарды дайындау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қойылған болатын:
- кәсіпорындарда ақша қаражаттарын есепке алу бойынша негізгі талаптар
мен ережелерді қарастыру, талдау негізінде жетілдіру жолдарын
дайындау;
- теңгедегі және валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысының
бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуын зерттеу;
- кәсіпорында ақша операцияларының бухгалтерлік есебін жетілдіру бойынша
ұсынысты дайындау.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу объектісі Nova - Цинк жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қорғасын және мырыш, жер қойнауын пайдалану барлау және өндіру жұмыстарын
атқарады. Кәсіпорынның басқарылуы дәстүрлі иерархиялық құрылымға сәйкес
жүзеге асырылады.Басқарудың басты органы Басқарма (правление) болып
табылады.. Мұндай қызмет кез келген өндірістің маңызды құрылымдық
бөліктерінің бірі болып табылады. Серіктестіктің кен өндіру, өткізу жағдайы
және оны ұтымды пайдалану кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің
қорытындыларына тікелей әсер етеді.
Кен өндірісінің кәсіпорын экономикасындағы және оның бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылатудағы орны ерекше маңызы зор. Ал бұл өз кезегінде,
мырыш, қорғасын жеке топтары кәсіпорынның жұмыс нәтижесіне қалай әсер
ететіні кәсіпорын үшін маңызды екенін білдіреді.
ТОО Nova - Цинк руднигінің туған жері Қарағанды облысы, Шет
ауданы, Ақжал кенті. Тау жұмыстары бұл районда бұрыннан бері жүргізіліп
келеді. Жұмыс істелініп жатқан карьердің жанында 19 – шы ғасырда
Семипалатинсктегі Попов негіздеген Аврора шахтасы орнатылған.
Жұмыстың жазылуының әдістемелік негізі болып – нормативті - құқықтық
заңдар, актілер, оқу құралдары, ережелер тағы басқалар, сонымен қоса
тәжірибелік материал ЖШС Nova - Цинк диплом жұмысын жазуда зерттеу
объектісі және басқа да ақпарат көздері табылады.

1. ҚАЗІРГІ ДАМУ САТЫСЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
РОЛІ МЕН МӘНІ

1. Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері

Ақшаның пайда болуы. Ақшаның металдық теориясын меркантилизм
мектебінің өкілі Томас Мэн (1571-1641 ж.) жасаған. Осы теорияға сай — алтын
мен күміс өзінің табиғатына қарай және олардың табиғи қасиетінің күш-қуаты
бойынша — ақша болып табылады. Ақшаның металдық теориясының дамуы тарихи
тұрғыдан ХҮІ-шы және ХҮІІ-шы ғасырларда болған. Ол Америкадан Еуропа
елдеріне алтын мен күмістің ағылуына байланысты жүзеге асқан. Тауар
өндірісі мен құн нысаны түрінің даму тарихы көрсеткендей, ақша — бұл тауар
өндірісі және құн түрі дамуының өнімі. Алтын мен күміс өз бетінше ақша
емес, олар қай уақытта да тауар өндірісіндегі адамдардың өндірістік
қатынастарын көрсеткен уақыттан бастап ақша бола алады. Алтын мен күмістің
ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес, бастысы — олардың
қоғамдық еңбектің өнімі болуында. Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі
тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында
қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық.
Несие қатынастары және ақшасыз есеп айыруға көшу, несие ақшасының
пайда болуы ақшаға деген номиналистік көзқарастың кеңірек тарауына алып
келеді. Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеясы мынаған саяды: ақша
тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады, бағалылығын
мемлекет бекітеді. Сондықтан ақша белгісінің алтынмен ешқандай байланысы
жоқ. Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж.Кейнсті және
американ экономисі Пол Самуэльсонды жатқызамыз. Дж. Кейнс Еңбекпен қамту,
пайыз және ақшаның жалпы теориясы (1936 ж.) кітабында мемлекеттің заңды
төлем құралы ретінде ұсынатынын қарастырған. Алтын бағалылығын жасанды
санаған, алтын құштарлығынан арылуға шақырған және мемлекет реттейтін
қағаз ақшаны жақтаған.
Американ экономисі Пол Самуэльсонның ойынша: Ақша — бұл әлеуметтік
шарттылық. Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл
зомбылық, бағалылықтағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысы жоқ.
Бұрын айтқанымыздай, осындай қорытындының негізіне несие ақшаның пайда
болуын жатқызамыз, себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және
олар айырбас құнына ие болады.
Сондықтан да мемлекет ішіндегі түпкі төлемнің сауда-саттығы кезінде
алтын талап етілмейді. Әлемдік нарыққа қатысты айтар болсақ, онда барлық
төлем есептеулерінің құралы тек алтын ғана болып табылады.
Ең соңында тарихтың пайдалы сабақтарын еске алуға тура келеді.
Номиналистік теорияның алғашқы идеясы Ертедегі Римде пайда болған. Сол
кездің өзінде мынадай хабар өмір сүрген: егер король немесе императордың
ақшаны ақша деп дәріптеген жарлығы болса, кез-келген ақшаның түрі, тіпті
алтын монетаның өзі төлем күшіне енеді. Осы хабарды практикада Рим
императоры Гай Калигулла (37-41 б.ғ.д.) жүзеге асыруға талпынды. Оған
барлық, өкімет билігі қолында сияқты көрінді. Ол өзінің жылқысын сенат
мәжілісіне алып келді. Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын
сүюді талап етті. Ешкім оған қарсылық жасай алмады. [2, с.5].
Ол кезде Индияда, Цейлонда, Африканың кейбір аудандарында ақша ретінде
каури деп аталған ерекше қабыршақ қолданылды. Олар өте сирек кездесетін,
оларды өндіру көптеген еңбекті талап етті, сондықтанда олар өте қымбат
бағаланды. Рим қазынасы тіпті азайған кезде күштілігімен танылған Калигулла
жарлық шығарды: Менің нұсқауыммен теңіз жағалауынан жиналған ұлу қабыршағы
ақша болып табылады. Алайда алып күш иесі императордың бұл жарлығының күл-
талқаны шықты: ешкім де бұл ұлу қабыршағын алмады, себебі олар ақша емес
еді.
Қазіргі әлемде мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Кейбір елдерде ақша
белгілері зомбылық, курспен шығарылды және олар ешқандай материалдық,
бағалылықтармен қамтамасыз етілмеген. Бірақ бұл жаңа ақша белгілерінің
курсы толыққанды шетел валютасына қарағанда жедел төмендеуде. Тұрғындар
одан құтылуға тырысады, сөйтіп толыққанды шетел ақша белгілерін ала
бастайды.
Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және
қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші
ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі - егіншіліктен қолөнер кәсібі
бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы
үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл
заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша
белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі массасы
көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі
массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі
XIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл кұймалар айналыста
болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта көптеген ақша өлшемінің
атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр,
марка - “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт - қадақ - орыстың бұрынғы 409,5
грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты
деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы (рубленая пополам) рубль деп
аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл, оның формасы да әр түрлі
болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста
алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданың баяу жүруіне
әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы,
ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы,
одан кейін жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңғыда екі жағында
сурет салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған.
Сейтіп, металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында
дөңгелек түріне келуі тауар-ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета
түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық катынастардың дамуына байланысты
тауар сатушылардың арасынан көпестер (купцы) бөлініп шығып, олар тауар
айырбасында тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монета деген заң
жүзінде кұрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен
тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын (проба -
монетадағы сап алтынның салмағы), массасын, типін, ремедиумын (заңды түрде
бекітілген нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия
ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын - аверс, сыртын -
реверс, жиегін - гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы) ақша
болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн (номиналы)
монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша
өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның
барлық қызметін атқарды. Толық құны жоқ ақша - монетада көрсетілген құн оны
соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды
ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда
(ұсақ) монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Ақша
айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты құнын
жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы
металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір
металдар қоспасынан (мыс-никель, мыс-мырыш) және алюминийден соғылады.
Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны
айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы.Ол пайда монетада көрсетілген құнмен
оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
XX ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация (көрсеткішін ірілендіру)
жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем
құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша
қызметін де орындамайды. Алтын мемлекеттің Ішкі айналы - мынан да, әлемдік
нарықтан да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.
Металл ақша айналысынын объективті заңдылықтары және капитализм
тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның
қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау
мүмкіндігін ашты. Қағаз акшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты
болды:
- біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы
ақша ретінде атқару ерекшелігіне;
- екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде
атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты.
- бұл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз себептерді қамтитын тарихи
ұзақ процесс:
- монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша
белгісіне айналуы. Мысалы, 1809-1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу
себебінен 19 млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;
- мемлекеттің және жеке адамдардың - жасанды ақша жасаушылардың (құл
иелену кұрылысынан бастап) монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны
саналы түрде бұзуы - ол қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның
асыл металл құрамын әдейі төмендетуі. Мысалы, Ресей патшасы Алексей
Михайловичтың (Петр І-дің әкесі) тұсында, яғни 1654-1662 жж. ең көп
мөлшерде мыс тиындар шығарылған. Нарықтык бағасы бар болғаны 12
копеек болатын 1 фунт мыстан 10 рубль болатын монеталар соғылды. Олардың
нақты құны номинал құнының 1-2 проценті ғана. Монетаны бұзу айырбас
процесін мүлдем кері кетірді. Ақшаның құнсыздануы шаруаларды,
кәсіпқойларды, ұсақ саудагерлерді көп шығынға душар етті. Олар патша
өкіметіне өздерінің қарсылығын білдіріп, 1662 жылы 25 маусымында
көтеріліске шықты. Тарихта ол "мыс бүлігі" деп аталды. Көтеріліс қатал
жаншылып, мыс монетаны соғу тоқтатылды. Бүлінген 100 мыс копеектің орнына 1
күміс копеек айырбасталды.
- мемлекет өз шығындарын өтеу үшін ақшаның қағаз белгілерін шығаруы.
Мысалы, Солтүстік Америка өзінің тәуелсіздігі үшін күресін қаржыландыру
мақсатында "континенттік" деп аталатын ақша шығарды. Оның мөлшерінің көп
болғандығы соншалық - бір арба провиантқа (әскер үшін азық-түлік) бір арба
ақша алмастырылды.
Сөйтіп, К.Маркстің сөзімен айтқанда: "өзінің айналыстағы делдалдық
ролінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады. Ол қырқылып, тіпті бір жапырақ
қағазға дейін жұқартылды"
Алғашқы қағаз ақшалар XII ғ. Қытайда пайда болса, оның кең тарауы XVII
ғ. аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алды. 1690 ж.
Солтустік Америкада, 1716 ж. Францияда, 1762 ж. Австрияда, 1795ж. АҚШ-та
қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы (ақша орнына
шығарылатын қағаз) Екатерина II-нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді.
Ақша императоршаның бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны “катенька” деп
атады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре
бастады.
Сөйтіп, қағаз ақша ("декретные деньги" - өкіметтің қаулысымен
қабылданған - "заңды ақша") - ол толық құнды ақшаның орнына айналым және
төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін
шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға
айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи
ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, солардың орнына пайда болды.
Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) - Қаржы министрлігі
(қазынашылық), немесе мемлекеттің Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет
өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей
пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді, яғни орталық
банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді.
Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының
(қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс -
мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.
Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп
атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері
(банкноталар, қазыналық билеттер қағаз ақшалар және ұсақ монеталар)
айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін
құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы
табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық банк банкнота
түрінде эмиссиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі - теңге). Екінші деңгейдегі
банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық
банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге
беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен
ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға болса, ақша тікелей
халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма-қол
ақшаның аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса (өзара есептесу,
негізінен, қолма-қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым көп бөлігі
халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдем ақы,
шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы, девиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды
сатудан түскен түсім және с.с. түрінде) беріледі.
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан
түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер
ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен
көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға,
жалгерлік ақы, айып пұл жэне т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық
бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін
клиенттердің (негізінен сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін
орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның
қайталама айналысы аяқталады.
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) - ол банктегі шот
иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе
ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының
басым бөлігін (90% - ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен
сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара
талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар
қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы банктік
және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар
бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. Бірінші
топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал
екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы,
жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер) және
бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу,
сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және
экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 ж.
Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған, ал Германия
-жирошотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады.
Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе
дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы
бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар
микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс
жүргізілуде.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекетімізде қолма-қол емес ақша
айналысы қарқынмен дамуда. Соның ішінде пластикалық карточкалар мен
вексельдер турал айтып өтейін.
Пластикалық карточка – қолма-қол ақша мен чектің орнына жүретін,
сондай-ақ иесіне банктен қысқа мерзімді қарыз алуға мүмкіндік беретін есеп
айырысу құралы. Клиенттің ағымдағы шотында қажетті ақша мөлшері болмай
қалса, онда белгілі бір лимидке (шектеу) дейін оған қысқа мерзімді несие
берілуі мүмкін. Пластикалық карточка негізінен бөлшек сауда айналымы және
қызмет көрсету аясында қолданылады.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде белгілі бір үлгімен жасалған оннан
аса несие карточкаларының түрлері бар. Олар: сапар шегуге арналған,
саудалық, бензин сатып алуға арналған (Виза, Мастеркард, Еврокард және
т.б.).
Қазақстанда Мастеркард және Виза үлгілерімен жасалған әлемдік несие
карточкаларын шығаруды 1992 жылы қараша айында алғашқы болып Әлем Банк
Қазақстан игерді, ал 1994 жылы бұл банк жегілікті дебет карточка -
әлемкардты шығарды. Қазіргі кезде осы үлгілердегі әлемдік несие
карточкаларымен өз клиенттеріне Тұран Әлем Банкі, Казкоммерцбанк, Халықтық
банк және т.б. қызмет көрсетуде.
Вексель – төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем
уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыз алушының сатушыға жазбаша
түрде берген құжаты. Алғашқыда вексель тауар өндірушілердің төлемді кейінге
қалдырып, бірінен-бірі тікелей (құжаттарын банк арқылы өткізбей) тауарларын
қарызға сатуы негізінде пайда болды. Сондықтан, тауарлы төлем міндеттемесі
коммерциялық вексель деп аталады. Демек, коммерциялық вексель тауармен
қамтамасыз етілген.
Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма-қол ақша төлейді.
Сонда сатып алушы (қарыз алушы) несие берушімен емес, банкпен есептеседі.
Банктің көрсеткен қызметі үшін алатын табысы – вексельді есептеу проценті
деп аталады.
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен?
Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл
ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық
тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын
белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады.
Сонымен ақшаның бірінші атқартын қызметі - ол өндірілген өнімнің құнын
өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының кажеті
жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша
ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан
бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін
тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда
ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші кызметі - айналыс құралы.
Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-
Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі
Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т -
ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды
бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер
енгізді. Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А - процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған
еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды
сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды
кейінге қалдыруға болады.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;
ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп,
ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын)
емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және
тауар-ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына
жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік
туғызды. Ол үшін нақты ақша - алтыннын символы ретінде кембағалы монеталар
мен кағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік
беріп, адамдар мойындауы кажет.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақытылы оған ақша төлеу
уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған
тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы
тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл -
тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы - несие
беруші (кредитор), ал сатып алушы борышкер (қарыздар) деп аталады. Сатып
алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз
өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп
қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет
көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:
а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды
өтеу;
г) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д) құқықтық - сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның
айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде
белгілі - бір уақытқа ақша қорын жинау керек.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие
ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың
жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың,
ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша
қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың
банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі
жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ
қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің
ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша және
несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметі
арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып,
әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар -
ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-
саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл кызметі қоғамның капитализге дейінгі
сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта
ақша "өзінен ұлттық мундирін шешіп", яғни алтын құймасы (995 сынама)
формасында айналысқа түседі. 1867 ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша
қызметін тек алтынға бекітті.
Әлемдік байланыстардың интенсивтендірілуі және несие катынастарының
дамуы, сонымен бірге әлемдік бірыңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық
айналымға алтыннын орнына кейбір ұлттық валюталарды енгізуге мәжбүр етті.
1922 ж. Генуяда өткен бірінші Халықаралық келісімде ағылшынның фунт
стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жарияланып,
халықаралық айна-лымға енгізілді. Екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте
(АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінің негізі бекітілді.
Бұл келісім АҚШ-тың долларына және фунт стерлингке резервтік валюта
статусын берді. Одан кейін дүниежүзілік ақшаның жаңа формалары пайда болды:
СДР - Халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу (ақша) өлшемі (1970
ж.), ЭКЮ - аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 ж.), оны Еуропа
валюта жүйесіне мүше-мемлекеттер қолданады. Ал 1999 жылдың 1 каңтарында
енгізілген жаңа валюта - еуро бірте-бірте ЭКЮ-ды айналыстан ығыстырады деп
күтілуде..
Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы
тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы
дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен
бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда.
Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де
кездеседі.
Әлемдік ақшалардың қызметі мемлекетер немесе әр мемлекеттерде
орналасқан заңды және жеке тұлғалардың өзара қатынастарында көрініс табады.
Мұндай қатынастарда ақша несиелік және басқа операциялар орындалғанда,
сатып алынған тауарлар үшін төлем жүргізілгенде пайдаланылады. Әр түрлі
мемлекеттермен меншікті құны бар толық бағалы ақшаларды қолданғанда, оларды
халықаралық қатынастарда пайдалану бойынша ешқандай күрделі қиыншылықтар
туындаған жоқ. Мұнда жеке мемлекеттердің ақшалары басқа мемлекеттермен есеп
айырысуда, әр мемлекеттің ақша бірлігінің нақты құнының негізінде,
қолданыла берді.[2, c.7]
Толық емес құнды ақшаға өту жүзеге асырылғаннан кейін, бұрынғы
тәжірибе қажетті деңгейде сәйкес келмей қалды. Жаңа жағдайларда мемлекеттер
арасындағы есеп айырысулар еркін конвертацияланатын валюталар (АҚШ доллары,
йена, Евро және т.б.) көмегімен жүзеге асырыла бастады. Бұл әлемдік ақша
қызметін еркін конвертацияланатын ақша бірліктері атқара алады дегенді
білдіреді. Еркін конвертацияланбайтын ақша бірліктері мұндай қызметті
атқара алмайды.

1.2 Кассалық шаруашылықты ұйымдастыру және ақша қаражатының
бухгалтірлік есеппен аудитінің мақсаты.

7-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IAS 7)
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікте көрсетілгендей, ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған
нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын
жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға ұйымның таза
активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем
қабілетін қоса алғанда) жəне түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің
деңгейі мен мерзімдеріне əсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат ұйымның ақша қаражаттары мен
баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады жəне
пайдаланушыларға əртүрлі ұйымдардағы ақша қаражаттарының болашақтағы
түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға жəне салыстыруға
арналған үлгілерді əзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ əртүрлі
ұйымдардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын
жеңілдетеді, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің əр алуан
əдістерін қолданудан келтірілетін əсерін жояды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы өткен жылдардағы мəлімет ақша
қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының жəне айқындығының
индикаторы ретінде жиі пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының
болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дəлме-дəлдігін тексеру кезінде
жəне пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы жəне бағалар
өзгеруінің əсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.Осы
Стандартта төменде көрсетілген мəндерінде мынадай терминдер
пайдаланылады:Ақша қаражаттарына ұйымның кассасындағы жəне ағымдағы
шотындағы ақша кіреді.Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі
ақша қаражаттары сомасына тез айналатын жəне олардың құны шамалы
тəуекелдікке ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.Ақша
қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының
түсімдері жəне төлемдері.
Кассалық операциялар Ұлттық Банктің осы сұрақтар бойынша талаптарына сәйкес
жүргізіледі. Бухгалтерия қызметкерлерімен орындалатын кассалық операциялар
орталықтандырылған ерекше бақылаумен бақыланады, оның жұмыс орны мүмкін
болғанынша кассаға жақын орналасуы керек. Бұл бақылаушы шығындар бойынша
кассалық журналды жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар дұрыс рәсімделмеген
құжаттар бойынша төлем жүргізілуі болмауын қадағалауы тиіс. Бекітілген
үлгілерге сәйкес ақша чектарындағы қол таңбалар мен мөр таңбаларының сәйкес
келуін бақылауға ерекше көңіл бөледі.
Ұйымның ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау және босату үшін кассасы
болуы тиіс.
Касса бөлімі бөлектендірілген және кассаның техникалық
қамтамасыздандырылу талаптарына сәйкес және қорғаушылық-өрт қауіпсіздік
сигнализацияларымен жабдықталған болады. Кассада осы кәсіпорынға тиесілі
болып табылмайтын ақша қаражаттарын және басқа да құдылықтарды сақтауға
болмайды.
Кассир материалды-жауапты тұлға. Ол кассалық операцияларды жүргізу
ережелерімен таныс. Онымен оның толық жеке материалдық жауапкершілігі
туралы келісімшарт құрылған.
Жазылып берілген касса ордерлер, кіріс касса құжаттарына жеке
ашылатын, Кіріс және Шығыс касса құжаттарының тіркеу Журналына тіркеледі.
Онда: кіріс немесе шығыс ордерінің номері және күні, қабылданған немесе
босатылған (жұмсалған) ақшаның мақсаты көрсетіледі.
Касса ордер бойынша ақшаны қабылдау немесе босату олардың рәсімделген
күніне ғана жүргізіледі.
Кассир кассалық операциялар есебін Касса кітапта жүргізеді, ол
номерленген, бауланған (прошнурована) және сургучтік мөр қойылған, оның
парақтарының саны басшының және бас бухгалтердің қолымен бекітілген болуы
тиіс.
Касса кітаптың парағы екі тең бөліктен тұрады: оның біреуін бірінші
экземпляр ретінде кассир толтырады, ол кітапта қалады, екіншісін екі
жағынанда көшірме қағаз арқылы толтырады. Кассирдің есеп беруі ретінде
парақтың қиылып алынатын бөлігі болып табылады. Есеп берудің бланкісі
операция соңына дейін бір күн бұрын қиып алынбайды. Жол бойынша соның
ішінде еңбекақыға да еңбекақы төлем ведомостері бойынша сомма көрсетіледі,
касса бойынша шығынға есептен шығарылмаған.
Кассалық операциялар көлемі үлкен болмаған жағдайда кассалық есеп
берулерді 3-5 күнде дайындалуына болады. Касса кітапта құжаттың номері,
ақша кімнен қабылданғаны және кімге босатылғаны, корреспонденттелетін шот,
сомма көрсетіледі.
Күнділікті кассир жұмыс күнінің аяғында кітапта қорытынды шығарып,
күннің аяғына қалдықты есептейді. Кітапқа түзетулер енгізуге болмайды.
Түзетулер кассирдің және бас бухгалтердің қолдарымен расталады. Касса
кітапты жүргізуді және кассалық операцияларды бақылау бас бухгалтерге
жүктелген.[3, c. 10]
Кіріс кассалық операциялар бойынша құжатайналым, клиенттерге түбіртек
беру және олардың шоттарына соммаларды есепке алу, тек кассаға нақты ақша
түсімі болғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс, салымшылардың тұлғалық
шоттарына ақша қабылданғанға дейін жазыла беретін азаматтардың салымдарына
жарналарын қосудан басқа жағдайларда. Бұл жағдайда жарнасын дәлелдейтін
құжат салымшыға кассаға нақты ақша түскеннен кейін ғана беріледі.
Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есебі Қазақстан
Республикасынң Ұлттық Банкімен бекітілетін кассалық операцияларды жүргізу
ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес кассадағы
операциялар есебін активті синтетикалық шоттардың 1000 Ақша қаражаты:
1010 Кассадағы ақша қаражаттары және бөлімінде жүргізіледі. Зерттеліп
отырған кәсіпорын бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес
жүргізіледы. Регистрлерде жазулар кассирдің есеп берулері бухгалтерияға
түскеннен кейін жүргізіледі. Шот корреспонденциялары бірдей соммалар
біріктіріледі. Ай аяғында регистрлерде есепті айдың қалдығы келесі айдың
бірінші күніне шығарылады, ол кассирдің есеп беруі бойынша Бас кітаптағы
1010 Кассадағы ақша қаражаты шотының қалдығымен сәйкес болуы тиіс.
Кассирден ақшаны қабылдау және оларды қаптарға орау, аға кассирдің
бақылауымен және банктің бұйрығымен осы қызметтер жүктелген, касса
қызметкерлерінің біреуімен жүзеге асырылады.
Келесі күні таңертең келіп түскен түсімді қайта санау және қабылдау
нәтижелерінің барлық құжаттары бекітілген тәртіпте түптестірілуі қажет.
Түптестірілген құжаттар аға кассирдің жауапкершілігінде кәсіпорынның банк
кассасында үш ай сақталады, ал бақылау парақтары – 10 жұмыс күні. Уақыты
өткеннен кейін аталған құжаттар жойылады.
Кәсіпорын кассирі банк кассиріне бас бухгалтер қол қойған, көшірмелік
қағаз арқылы, кәсіпорында түсімді және ақша қаражатын өткізуге бекітілген,
типтік нысандағы бланкілерде екі экземплярда жазылып берілген кіріс
кассалық ордерді ұсынады.
Құжаттың құрылуының дұрыстығын тексеріп, банк кассасының кассирі
соммаларды цифр мен жазу бойынша салыстырып, ақшаны қабылдағаннан кейін
атаулы штамп мөрімен бекіте отырып құжаттың екі экземплярына да қол қояды.
Кассир құжаттың екінші экземплярын банктің мөрімен бекітіп ақша тапсырушыға
береді, ал бірінші экземплярды өзіне қалдырады.
Кассаға ақша тапсырған бухгалтерге бас бухгалтер мен кассир қол қойған
ақша қабылдағаны туралы түбіртек (ордердің қиып алынатын бөлігі) беріледі.
Аға кассир бақылау ведомосінде әр кассир қайта санап, қабылдаған
ақшалай түсімдердің соммасын санайды, олардың бақылау парақтарының
нәтижесімен соммаларды салыстырады да сумкаларды кәсіпорынның бас кассиріне
тапсырады. [4, c. 35]
Бас кассир бақылау ведомосінің жалпы соммасын кәсіпорынның бас кассирі
құрған, банк кассасына тапсырылған түсімді қосқандығы, ведомостің
соммасымен салыстырады. Салыстыру кәсіпорынның ведомосінде банк кассасының
аға кассирінің және банктің бақылау ведомостерінің бірінде осы кәсіпорынның
бас кассирінің қолдарымен рәсімделеді.
Банк кассасының кассирі, ақшаны қабылдау аяқталғаннан кейін,
қабылданған ақша есебін жүзеге асырушы (аға кассирсіз), жалғыз өзі
кәсіпорынның бас бас кассирінің бақылауымен және қатысуымен салыстыру
жүргізіп, күн қорытындысын шығарады.
Кәсіпорынның бас бухгалтерімен құрастырылған, ведомос қорытындысына
сәйкес қабылданған ақшаның жалпы соммасының салыстырылуы кәсіпорынның
ведомосінде банк кассирінің және ведомосте осы кәсіпорынның бас кассирінің
қолымен рәсімделеді.
Кассадағы ақша қаражаттары теңгеде және валютада болады. Егер
кәсіпорын шетел компанияларымен қарым-қатынас жасаса, есеп жүргізгенде 1010
Кассадағы ақша қаражаты шотына 10101 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
және 10102 Кассадағы валютамен ақша қаражаты деп субшоттар ашамыз.
Сондай-ақ 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты шотына да сондай
шоттар ашамыз.
Қалған ақша қаражаты банк кассасына тапсырылады, сомманы есепке алу
ағымдағы банк шотында жүргізіледі. Осы жағдайда келесі жазу беріледі:
Дебет 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
Кредит 1010 Кассадағы ақша қаражаты кәсіпорынның ағымдағы банктік
шотына тапсырылған түсім соммасына.
Кассадан ақша қаражатын босату шығыс кассалық ордерімен немесе
кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қойған төлем ведомосімен
рәсімделеді. Егер шығыс кассалық ордеріне тіркелетін құжаттарда кәсіпорын
басшысының рұсат ету қолы болса, бас бухгалтердің қолы міндетті емес. Жеке
тұлғаға шығыс кассалық ордері бойынша ақша босатқанда кассир оның жеке
куәлігін ұсынуды талап етеді. Құжаттың атауын және номерін, кіммен, қашан
берілгені ордерде көрсетіледі. Қабылдаушы кассалық ордерде алған соммасын:
теңгені жазумен, тиынды цифрмен көрсетеді де, қол қояды.
Ақшаны сенімхат бойынша босатқанда шығыс кассалық ордерде, қосымша,
ақшаны алу сеніп тапсырылған тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты көрсетіледі.
Егер ақша босату төлем ведомосі арқылы жүргізілгенде онда Сенімхат
бойынша деп қол қойылады. Соңғыны шығыс касса ордеріне немесе ведомоске
тіркейді. [5, c.15]
Шығыс операцияларын жүзеге асыру үшін банк кассирі, касса меңгерушісі
кассирлерге кітапта есепті ақша соммасын қолхат негізінде береді.
Касса меңгерушісінен алынған есептілік мінтеттемесіне кассирдің алған
соммаларын, төленген құжаттардың саны мен соммасын және қолхат негізінде
касса меңгерушісіне қайта қайтарылатын есепті міндеттілік соммаларының
қалдығын кітапқа жазады.
Кассир есептілікке қажетті сомманы кассадан босатқаннан кейін касса
меңгерушісі айналым кассасында қалған ақша қаражаттарынтексеруге міндетті
және қалдық босатылған соммаларды есепке ала отырып санағандағы шот бойынша
кітаптағы күн басындағы қалдығымен сәйкес екеніне көз жеткізуі керек.
Банк мекемелері кәсіпорындар, серіктестіктер, ұйымдар және
мекемелердің ұсымдары бойынша, олардық өкілдеріне айналым кассасындағы ақша
қаражатының есебінен босату үшін, қолда бар ақша қаражаттарын алдын-ала
дайындау.
Қолда бар ақша қаражаттарын алдын-ала дайындау және орау келесі
тәртіпте клиенттерден алынған чектердің негізінде жүргізіледі:
а) алдын-ала дайындау міндеті жүктелген кассир касса мәліметтерін
дайындағаннан кейін қабылдаған шығыс құжаттарының дұрыстығын тексереді;
б) әр құжат бойынша жеке дайындалған ақша қаражаттары сыртқы тігістері
жоқ қаптарға салынады.
Клиенттердің қаптарды ашуы арнаулы бөлмеде, банк қызметкерлерінің
бақылануымен жүзеге асырылады, банк қызметкері қаптардың пломбаларын
шешеді.
Касса ордердің кіріс және шығыс құжаттары немесе оларды алмастырушы
құжаттар бухгалтериямен дәл және анық қаламмен жазылады. Өшірулер және
түзетулер енгізулер кассалық ордерде жіберілмейді.
Ағымдағы банктік шоттан кассаға ақша қаражаттары қабылданғанда келесі
корресподенция беріледі:
Дебет 10101 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Кредит 10301 Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты -
ағымдағы шоттан кассаға түскен ақша соммасы.
Кассаға теңгемен ақша қабылдау келесі жазуларда көрініс табады:
Дебет 10101 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Кредит 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі -
кассаға қызметкерлердің есептілік соммалары, еңбекақы, жетіспеушілік және
шығынғы ұшырау бойынша берешектері тапсырылғанда және т.б..
Дебет 10101 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Кредит 6010 Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс.
Кассадан теңгемен ақша қаражаттары босатылғанда келесі жазулар
беріледі:
Дебет 3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
Кредит 10101 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты - еңбекақы төлеу және
басқа да төлемдер, кәсіпорын персоналы мен лауазымды тұлғаларға төлемдер
төленгенде;
Дебет 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
Кредит 10101 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты - кәсіпорынның
қызметкерлеріне берілген соммалар.
Валютамен ақша қаражатының есебі кәсіпорын кассасының есебі сияқты
жүргізіледі, тек кіріс, шығыс кассалық ордерлерінде және кітапта ақша
қаражаттарының соммалар теңгемен және шетел валютасымен көрсетіледі.
Валюталық касса үшін жеке кітап ашылады. Шетел валютасымен операциялар
жасалғанда кәсіпорын бухгалтериясында келесі жазулар беріледі:
Дебет 10102 Кассадағы валютамен ақша қаражаты
Кредит 1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі - кассаға қабылданған валюталық түсім соммасы;
Дебет 10102 Кассадағы валютамен ақша қаражаты
Кредит 6250 Бағамдық айырмадан түскен кірістер - шетел валютасына
қатысты теңге бағамы төмендегенде пайда болатын бағамдық айырма соммасы;
Дебет 10102 Кассадағы валютамен ақша қаражаты
Кредит 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі -
кассаға тапсырылған валюта соммасына;
Дебет 10302 Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаттары
Кредит 10102 Кассадағы валютамен ақша қаражаты - валюталық шотқа
тапсырылған валюта соммасы. [5, c.27]
Қаржылық есептілікте ақша қаражаттары мен оның баламалары туралы
толық ақпаратты қамтитын Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
өзіне ақша құралдарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметтен өзгерістерге бөліп, субъектінің
кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды.
Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан
гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін ұсталады. Осылайша,
әдетте, инвестиция алынған күннен бастап үш ай немесе одан аз болатын өтеу
мерзімі болған кезде ғана ақша қаражатының баламасы анықтамасында болады.
Банктік овердрафттар, әдетте, қарыз алумен ұқсас, яғни қаржылық қызмет
ретінде қаралады. Солай бола тұрса да, егер банктік овердрафт талап ету
бойынша өтеуге жатса және субъектінің ақша қаражатын басқарудың
инструментарийінің ажырамас бөлігі болап табылатын болса, банктік
овердрафттар ақша қаражатының құрамдас бөлігі және ақша қаражатының
баламасы болып табылады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілікте кәсіпорын тиесілілігі
бойынша операциялық қызметке, инвестициялық және қаржылық қызметке
сыныпталған кезеңдегі ақша қаражатының ағынын көрсетеді.
Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражатының ағыны басым түрде
субъектінің пайда әкелетін қызметінен алынады. Осылайша, әдетте, олар
пайданы немесе залалды айқындау кезінде ескерілетін операциялар мен басқа
да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен алынатын ақша
қаражаты ағынының мысалдары мыналар болып табылады:
1) тауарларды сатудан және қызметтерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйым экономикасы
ЖШС TOYES CATERING кәсіпорынының қызметімен танысу
Ұйымның қаржы саясаты
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Iшкi аудит жүйесi - кәсiпорынның iшкi бақылауын күшейту тәсiлiнiң бiрi
Қорларды жіктеу және бағалау туралы
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы
Өнірістік жұмысшылардың еңбекақысы
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІ
Пәндер