Қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін қарастыру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау


Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» - экономикалық саясаттың басымдықтары туралы былай делінген:
2015 жылы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады.
Биыл республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.
Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет.
Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі - автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет.
Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.
Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар. [1]
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың басты қайнар көзі - қаржылық есептілікті халықаралық қаржы есептілігінің стандары ҚЕХС немесе шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған қаржы есептілігінің халықаралық стандары (ШОБ-қа арналған ҚЕХС (IFRS) сәйкесті құрастыру қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері де түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру.
Қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін қарастыру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау - дипломдық жұмысты басты мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазуда алдыға қойылған мақсатқа сәйкес зерттеуге мына міндеттер қойылды:
-қаржылық есептіліктің сипаттамасы мен маңызын ашу; шаруашылық субъектілерінің қаржылық есептілікті тиімді құрастыру арқылы жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау;
-қаржылық есептілік экономикалық заңдар мен құбылыстарын шаруашылық практикада жүзеге асыру құралы екенін дәлелдеу;
-кәсіпорынның қаржылық есептілігінің теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
-қаржылық есептіліктің нысандарына сипаттама беру және оларды құрастыру тәртібін ашып көрсету;
- ҚЕХС және ШОБ-қа арналған ҚЕХС бойынша қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштерін талдау;
-қаржы ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
Дипломдық жұмысты жазу барысында ақпараттық база ретінде ҚР заңдары, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Қаржы министрлігінің бұйрықтары, қаулысы, нұсқаулары, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚЕХС) мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған
Қаржы есептілігінің халықаралық стандары (ШОБ-қа арналған ҚЕХС) және ҚР Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары алынды. Негізгі әдістемелік нұсқау болып бухгалтерлік есеп және талдау барысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың оқу құралдары мен ғылыми еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалаларбухгалтерлік есептің үлгілік шот жоспары мен зерттелген тақырып бойынша бухгалтерлер мен экономистердің мақалалары қолданылды.
Дипломдық жұмыста зерттеу объектісі ретінде «Ислам kz» ЖШС материалы алынған. «Ислам kz» ЖШС-тігі құрлыс-монтаждық кәсіпорындардың бірі. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - «Ислам kz» ЖШС -тің қаржылық есептілігін ШОБ-қа арналған ҚЕХС -ке сәйкесті құрастыруы, есептіліктің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасаудың экономикалық механизмдері мен кәсіпорынның қаржылық есептілігі негізінде басқару тиімділігін кешенді зерттеу және оны ҚЕХС немесе ШОБ-қа арналған ҚЕХС- қа сәйкесті құрастырудағы негізгі мәселелерді анықтау.
«Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әліде жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айығақ ойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдар мен жүруде, алкей бір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. .
дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерл ерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «НұрлыЖол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын.
Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын» [1] .
Осы жолдауда бірінші қатардағы тапсырыс - щағын және орта бизнесті дамыту. «Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді».
Ол үшін отандық кәсіпорындар өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның нарықта белгілі бір стратегияны ұстауды және кәсіпорынның қаржылық талдауын жүргізуді талап етеді.
Басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды қаржылық есептілік береді.
Сондықтан, дипломдық жұмыстың бұл тақырыбы нарықтық экономика жағдайында маңызды болып табылады. Қаржылық есептiлiк ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады.
Есептілік мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады. Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
1 Қәсіпорынның Қаржылық есептіліктің экономикалық мәні
1. 1 Қаржылық есептіліктің сипаттамасы мен мазмұны
Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.
Қаржылық есептіліктің мақсаты, сипаттамасы, принциптері мен құру талаптары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» заңына (29. 12. 2014 жылғы өзгерістер мен толықрырулармен) негізделе отырып келесі дерективтік құжаттарда анықталған [2] :
- №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» және 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік» халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына[3] ;
-2015 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген «Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған Қаржы есептілігінің халықаралық стандарының» (ШОБ-қа арналған ҚЕХС (IFRS) 3, 4, 5, 6, 7, 8 бөлімдеріне[4] ;
- Қаржы министрінің2015 жылғы 31 қаңтардағы№ 50бұйрығымен
бекітілген «Ұлттық қаржылық есептілік стандартының» 3-ші «Қаржылық есептілікті жасау» бөліміне.
ШОБ-қа арналған ҚЕХС- ындақаржылық есептілік дегеніміз дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді деген ұғым берілген.
ШОБ-қа арналған ҚЕХС бойынша қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды [4] :
- есеп беру кезеңіндегі жағдай бойынша қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;
- пайдалар мен залалдарды анықтау кезінде танылған баптар (жиынтық табыс туралы есепте аралық қорытынды болып табылатын) және басқа жиынтық табыс баптарын қоса алғандағы кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптарын көрсетуші кезең ішіндегі жиынтық табыс туралы есеп; немесе, кірістер мен залалдар туралы жеке есеп және жиынтық табыс туралы жеке есеп. Егер кәсіпорын кірістер мен залалдар туралы есеп сияқты жиынтық табыс туралы есепті ұсыну туралы шешім қабылдаса, онда жиынтық табыс туралы есеп пайдалар немесе залалдар жолынан басталады, содан кейін басқа да жиынтық табыс баптары көрсетіледі.
- кезең ішіндегі капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік;
- кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік;
- есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ақпараттарды пайдалану.
Қаржылық есептілік - бұл есепті кезеңдегі ұйым жұмысының жағдайы мен нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі: қызмет жағдайы мен нәтижелері туралы жиын мәліметтерді көрсететін есеп жазбаларының ерекше түрі. «Қаржылық есептілік» ұғымының анықтамасы көп. Соның бірі, мынадай: «типтік кесте формасында табыс етілген және анықтау нәтижесінде Бас кітап шоттары бойынша сальдо топтастырылған, есепті кезеңдегі оның қызметінің қаржылық нәтижелері туралы ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар жүйесі».
№1 «Қаржы есептілігін ұсыну» ҚЕХС-де қаржылық есептілікке мынадай анықтама берген:жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттiлiктерiне сай келетiн есептiлiктiң ұсынылуын талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған есептілік. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi жеке өзi немесе жылдық есеп немесе бағалы қағаздар проспекті сияқты басқа ресми жарияланатын құжаттың құрамында ұсынылатын құжаттарды қамтиды[3] .
Қаржылық есептіліктің мақсаты өз пайдаланушыларына занды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есептілікті пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Есептілік процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтiзбелiк жыл болып табылады. Жаңадан құрылған ұйым үшiн бiрiншi есептi жыл ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды. Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбiр ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Ұйымның есепті күні өзгерген және кезең ішіндегі жылдық қаржы есептiлiгi бiр жылға қарағанда ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, ұйым қаржы есептiлiгiнде қамтылған кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге міндетті[3] :
- неғұрлым ұзағырақ немесе неғұрлым қысқарақ кезеңдi пайдалану себебiн;
- пайда мен зияндар туралы есептегі, капиталдағы өзгерiстер туралы есептегі, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептегi және түсіндірме жазбадағы салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактiсi.
Қаржылық есептiлiк ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетiлiп ұсынылады. Ұйымдар қаржылық есептілікті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей береді. Қаржылық есептiлiкке ұйымның басшысы және бас бухгалтерi немесе дара кәсiпкер қол қояды. Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ, бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер қол қояды.
Есептілік кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар:
- кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету;
- барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру;
- бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудіңүйлесімділігін сақтау;
- әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есептілік үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік» заңына сәйкес қаржылық есептіліктің негізгі қағидалары болып келесілер табылады: есептеу және үздіксіздік [2] .
Субъектінің бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы есепке алу және үздіксіздік қағидаттарына, сондай-ақ түсініктілік, орындылық, мәнділік, сенімділік, дұрыстық, бейтараптық, сақтық, толықтық сияқты сапалық сипаттамаларға негізделеді және операциялардың заңнама нысанын ғана емес, операциялардың экономикалық мәнділігін көрсетеді, олар қаржылық есептіліктерде көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олар үшін пайдалы етіп көрсетеді.
Есептеу. Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті. Соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады. Есептеу қағидаты пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсе активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, пайда мен зияндар (қаржылық есептілік элементтері) ретінде танылады.
Үздіксіздік. Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.
Сондай-ақ, қаржылық есептілікті жасау мынандай сапалық сипаттамаларға негізделеді:
Түсініктілік. Қаржылық есептілікте берілетін ақпарат бизнес, экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы жеткілікті білімі бар және ақпаратты тиесілі ынтазарлықпен зерделеуге ниет білдірген пайдаланушыларға түсінікті болатындай етіп ұсынылуға тиіс.
Орындылық. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс. Қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылдаған шешіміне пайдаланған мәліметтер өз септігін тигізуі керек. Қаржылық есептілікте берілетін ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, орынды болуға тиіс. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне оларға өткен, қазіргі немесе болашақ оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып немесе олардың бұрынғы бағалауларын түзете отырып әсер еткен жағдайда орындылық сапасына ие болады.
Салыстыру. Пайдаланушыларға компанияның әр түрлі есепті кезеңінің қаржылық есептіліктерін ұйымның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметінің нәтижелерінің өзгеру тенденциясын анықтау үшін салыстыруға мүмкіншілік жасау керек. Пайдаланушыларға сонымен қатар, есеп саясатындағы өзгерістер туралы ақпар беру керек. Кейбiр реттерде алдыңғы кезеңдегi (кезеңдердегi) қаржы есептiлiгiнде ұсынылған баяндаушы ақпарат ағымдағы кезеңде де мәнділігін сақтайды.
Сақтық. Ұйымның қызметі барысында көптеген оқиғалар мен жағдайларға қатысты әр түрлі сипаттағы белгісіздіктер туындамай тұрмайды. Мұндай белгісіздіктердің сипаты мен шамасын қаржылық есептілікте сақтық мәніне сәйкес ашқан жөн. Сақтық - бұл активтердің немесе кірістердің тым арттырылмауы, ал міндеттемелер немесе шығыстар тым төмендетілмеуі үшін белгісіздік жағдайында есептік бағаларды жүзеге асыру үшін қажетті субъективтік бағаларды қолдану кезінде белгілі бір сақтық дәрежесін сақтау. Сақтық пікірі активтерді немесе түскен пайданы әдейі төмендету немесе міндеттемелерді немесе шығыстарды әдейі арттыру үшін пайдаланылмауға тиіс. Басқаша айтқанда, сақтық біржақтылық үшін сылтау болып табылмайды.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есептілігін оның әртүрліесептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оныңкөмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Өзара есепке алу. Активтер мен мiндеттемелер және кірістер мен шығыстар өзара есепке алынбауға тиiс, бұған ол рұқсат етілген немесе қандай да болсын стандарт немесе түсіндірме талап ететін реттер кірмейді.
Активтер мен міндеттемелердің, кiрiстер мен шығыстардың жеке-жеке ұсынылуы маңызды. Пайдалар мен зияндар туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мәнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақшалай қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді.
Елеулілік және қорыту. Ұқсас баптардың әрбiр елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеулі болып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.
Қаржы есептiлiгi операциялардың көп санын немесе сипатына немесе мақсатына сәйкес құрылымы жағынан топтарға бiрiктiрiлген өзге де оқиғаларды өңдеу нәтижесi болып табылады. Біріктіру және сыныптау процесінің соңғы кезеңі жеке баптарды не тікелей баланста, пайдалар мен зияндар туралы есепте, капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшақаражатының қозғалысы туралы есепте, түсіндірме жазбада қалыптастыратын ықшамды және сыныпталған деректердi ұсынудан тұрады. Егер қандай да болсын жеке баптың өзі елеулi болып табылмаса, ол тікелей қаржы есептiлiгiнде, не ескертулерде басқа баптармен бiрiктiрiледi. Қаржы есептiлiгiнің өзінде оны жеке ұсынуды талап ету үшiн бап жеткiлiктi түрде елеулi болмайтын бап, қайткенде де, оны ескертулерде жеке-дара ұсыну үшiн жеткiлiктi түрде елеулi болуы мүмкiн[2] .
Алғашқыда айтылғандай есептілікке қойылатын негізгі талап оның анықтылығы мен тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есептіліктің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есептілік белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн.
Қаржылық есептілік кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып жинақталған деректерден жасалады.
Қаржылық есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады.
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі: есеп регистрлерінде, ведомосте, Бас кітапта.
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есептілік нысандарына көшіріледі: баланс, пайда мензияндар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
Төртінші кезең. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есептілік жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде бухгалтер қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есептілік тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік . Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жылдық қаржылық есептілік ҚР «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 19 бабына сәйкес мыналарға ұсынылады:
- Құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға) ;
- ҚР-ның статистика органдарында тiркелу орны бойыншаҚР-ның мемлекеттiк статистика органдарына;
- ҚР-ның мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттерiне сәйкес.
Қаржылық есептілікте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген есептіліктер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін[4, 486-б] .
ҚР-ның 2007 жылдың 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес шаруашылық субъектілер қаржылық есептілікті қаржылық есептілік халықаралық стандартарына немесе ШОБ-қа арналған ҚЕХС-қа сәйкес құрады.
ШОБ-қа арналған ҚЕХС- ыныңмақсаты мыналардың бухгалтерлік есепті жүзеге асыруы және қаржылық есептілікті жасауы болып табылады[4] :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz