Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Шығармалары
б) Абай лексикасы және Музыкалық мұра
в) Абай және халық ағарту ісі және Аудармашылық қызметі
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) -- ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған Қара сөздері - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы Абай деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
Шығармалары және Қара сөздері
Абай өлең жазуды 10 жасында (Кім екен деп келіп ем түйе қуған...) бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -- Йузи-рәушән, екіншісі -- Физули, Шәмси. Сап, сап, көңілім, Шәріпке, Абралыға, Жақсылыққа, Кең жайлау өлеңдері 1870 -- 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы -- Қансонарда 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі -- өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі -- ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі -- өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік -- шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын Масғұт және Ескендір деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің -- сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы -- жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген кемшіліктерді себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөзде айтылған ой
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:
... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,
-- деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,
Бес нәрсеге асық бол,
- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,
-- деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Абай лексикасы және Музыкалық мұра
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал, өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар сөздердің кенеру дәрежесі қазіргі көздегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz