Ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер


Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

б) Қала экологиясы

в) Халық санының өсуі.

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  • Ресурстар проблемасы;
  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  • Энергетикалық проблема;
  • Демографиялық проблема;
  • Климаттың өзгеруі;
  • Экологиялық проблемалар;
  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  • Қауіпті ауруларды жою;
  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  • Қылмыспен және терроризммен күрес;
  • Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т. б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0, 004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1, 3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.

Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

Қала экологиясы

Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т. б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы.

Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:

  • көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі;
  • қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;
  • табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды ландшафтарға ауысуы;
  • адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
  • адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т. б. ) .

Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар:

  • Қалалық ортаны құруда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторларды біріктіру;
  • Сапалы өмір сүру ортасы жоғары дәрежеде болу үшін қаланы және оның маңайын жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен қамтамасыз ету;
  • Энергетиканы, өнеркәсіп орындарын, транспортты, суды пайдалануды, қалдықтарды және т. б. экологияландыру;
  • Тұрғындар қажеттіліктерін экологияландыру және осы қалалық ортаны құруға қатысы бар барлық адамдар санасында экологиялық этика негізін құру.

Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар алып жатқан территориялардың үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда - 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті.

Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0, 2-ден 2, 9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр.

Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».

Қалалардың демографиялык, және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге техногенді әсердің артуы тек қала маңында ғана емес, олардан біршама қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз, алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды құбылыс. Қала және қалалық орта сонда өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қалалық ортаны экологияландыру адамзат үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.

Халық санының өсуі.

Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.

Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды.

Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азық-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін.

Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революцияға» байланысты 1970- ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты Австралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989 жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға жетті.

Қортынды

«Жасыл революция» ғылыми-техникалық революцияның бір көрінісі - ауыл шаруашылығының қарқынды:

  • ауыл шаруашылығын техникаландыру (машина мен техникаларды пайдалану) ;
  • өсімдіктер мен жануарлардың жасанды жолмен алынған жаңа сорттарын қолдану;
  • химияландыру (улы химикаттар мен тыңайтқыштарды пайдалану) ;
  • мелиорация (суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту) жолдармен дамуы.

«Жасыл революцияның» екі түрі бар.

1. XX ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды. Оның бастамасын көтерген мексикандық селекционер Норман Берлоуг болды. Ол ескі сорттарға қарағанда өнімді 3 есе көп беретін жаңа «Мексикале» сортын сұрыптап шығарды. Н. Берлоугтан кейін басқа селекционерлер де жаңа жүғері, мақта, күріш сорттарын сұрыптап шығара бастады. Тек жем-шөппен ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен, сондай-ақ салмағы тез артуы үшін - өсу стимуляторларымен өсірілген өнімділіғі жоғары жануарлар пайда болды. Осы революцияның арқасында астықты дақылдардың өнімділігі 2-3 есе артып, өнімдердің ассортименті екі есе көбейді. Қазіргі шығарылып жатқан өнімдердің жартысынан көбі 1950 жылдарға дейін шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер, мысалы, Үндістан астыққа деген сұранысын өзі қамтамасыз ете бастады. «Жасыл революция» халықтардың тағамға деген сұранысын қанағаттандырғанмен, көптеген жағымсыз жағдайларға: топырақтың деградацияға ұшырауына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуіне және т. б. алып келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер
Ғаламдық экологиялық мәселе
Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелер
Ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Ғаламдық экологиялық проблемалар. озон қабаты
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Биосфера ғаламдық экожүйе.Биосфераның ғаламдық экологиялық проблемалары.Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Әлемдік мұхит проблемалары
Экологиялық проблемалар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz