Су туризімінің ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Су туризмі
б) Су саяхаттарының маршруттары және су туризміндегі жеке жабдықтар
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Судағы туризм - сумен байланысты спорттың бір түрі.
Су спортының туризмі - өзен, көл, теңіз және су қоймаларымен үрмелі қайықпен (рафт), жиналмалы байдаркамен, катамаранмен, салмен және тағы да басқа құралдармен жүзуді айтады. Бұл тек спорт түрі ғана емес, сонымен бірге сауықтыру, демалыс қатарына жатады. Қазіргі таңда Алматы облысында салмен жүзу дамып келеді. Туризмнің осы саласы бірнеше салаға бөлінеді: өзенмен жүзу, рафтинг, желкенді қайықпен жүзу. Көбінесе өзендерде, көлдерде, теңіз және су қоймарында өтеді.
Бір топ адамның арнайы үрмелі қайықпен (рафт) өзен суында жүзуін рафтинг деп айтады. «Рафтинг» ағылшынның «рафт», «сал» деген сөзінен шыққан. Осы заманғы синтетикалық материалдардан жасалған арнаулы конструкциясы бар үрмелі қайыққа 4 адамнан 20 адамға дейін сияды. Соның ішінде 8 адамдық қайық көбірек таралған. Рафттың басты ерекшелігі суда аса орнықтылығы мен универсалдылығы. Алауан түрлі кедергілері мен тосқауылдары бар жартастар арасынан өтетін ағысы асау тау өзендерінде рафтинг кеңінен қолданылады. Сондықтан спорттың бұл түрінен денсаулыққа зақым келтіру қаупі зор.
Рафтингтен өзге де жүзу құралдары мен әдістері бар:
Байдарка - негізінен екі адамға арналған шағын қайық. Оны тегіс айдында да, тау өзендерінде де пайдаланады.
Катамарандар - екі корпустан құралатын барынша орнықты жүзу құралы. Онымен аса күрделі емес тау суларында жүзуге болады.
Каякинг - тау өзенімен төмен қарай құлдилау. Эскимос қайықтарының қазіргі түрі. Мұндай қайыққа жалғыз адам отырып, табиғаттың дүлей күшімен жалғыз алысады. Спорттың бұл түрі Алматы облысында енді ғана пайда болып жатыр.
Ашық су айдындарында желкенді қайық спорты дамып келеді.
Су туризмі
Су туризмі -белгілі бір су объектілері (өзендер, көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы (қайықтар, салдар т. б. ) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер. Су туризмінде қолданатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон қайықтар, кильді қайықтар, катамарандар, тегіс табанды қайықтар т. б. ) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше ( желдер, толқындар, сарқырамалар т. б. ) . Су саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында артылықшылықтары бар. Су туризмі палатканың салмағымен де, көлемімен де қысылмайды, ол өзімен бірге киім, балықтар аулау құралдарын, итін, көбірек азық-түлік алады[1] . Су туризмі спорттық туризмінің бір түрі болып табылады, ол су бетінде болатын арнайы маршруттық кедергілерді өтуді қамтиды. Ол да белгілі бір кедергілерден өтуді қарастырады. Су туризмі өзге де спорттық туризм түрлері сияқты дәрежелерді қамтиды. Ол дәрежесі бар және дәрежесіз деген екі топқа ажыратылады. Мысалыға, 1-ден 6-ға жейінгі дәреже түрі болса, 6-сы ең қиыны болып табылады. Су туризмі белгілі бір түрлерге бөлінеді: каякинг, рафтинг, желкенді қайық көмегімен және өзендерге сплав жасау. Аса қиын емес су жорықтары қарапайым үрлегіш қайық арқылы жүзеге асырылады. Су туризмімен айналысу үшін үрленгіш, ағаш дуалынан жасалған қайықтар қолданылады. Сонымен қатар, коммерциялық түрде сплав жасау үшін рафт жиі пайдаланады.
Су туризмі жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен тұйықтайды. Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Су саяхаттарының маршруттары және су туризміндегі жеке жабдықтар
Су саяхаттарының маршруттары жолың күрделілігіне, ондағы бөгет-кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты жеңіп өтуіне байланысты бес дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристердің жеңіл өтуіне болатын кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі күрделілікке ағысы тез ағатын таулы, орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін спорттық сипатта келеді, бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен болады.
Құрылуы бойынша су саяхаттарының маршруттары мынадай болады:
1) бір немесе бірнеше өзендер ағысы бойынша төмен қарай жүзу;
2) көл немесе су қоймаларын басып өтетін өзендердің ағысы бойынша төмен қарай жүзу;
3) жарты дөңгелекті маршрут - бұнда маршруттың бастапқы немесе дөңгелекті келетін бөлігін ағысқа қарсы жеңіп өтеді. Егер жарты дөңгелектің басы және соңы құрғақ жолмен біріксе, бұндай маршрут айналмалы (кругосветка) деп аталады;
4) топтың бір өзеннен басқаға қайықтары мен жүктерімен ауысып жүруі;
5) аралас типті маршрут. Маршрутты бастайтын немесе аяқтайтын су плоттарымен бірге болатын жаяу-су саяхаттары ең әйгілі;
6) цептік маршрут - бірнеше кезеңге бөлінген қандай да бір су жолы бойынша өтеді. Маршруттарын аяқтай отырып, топ қайықтарын сақтауға қалдырады, өздерінің саяхаттарын келесі каникулдық мерзімде жалғастырады;
7) цептік маршрутта бірнеше топтың арасында қайықтарды қолдануды бөле және кезеңдерді өту кезектілігін бекіте отырып, оны эстафеттіге айналдыруға болады.
Су туризміндегі жеке жабдықтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz