Саяси режим түсінігі



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ШЕТЕЛДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Мемлекеттік режимнің негізгі ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Саяси режимнің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 ШЕТЕЛДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМНІҢ ЖІКТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Демократиялық режим ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Авторитарлық режим ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 Тоталитарлық режим ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттің гүлденуінің ең басты алғышарттарының бірі болып ресми биліктің мемлекеттің ішкі мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды шешуде биліктің іс-әрекеттері болып табылады.Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құрутуралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды. Осы аталған дәйектер дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.
Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:
- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;
- жеке адамның бостандығының кепілділігі;
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;
- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;
- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;
- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы - шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.
Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.
Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.
Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.
1. Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді бұқаралық қозғалыстың диктатурасы деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда.
2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire - билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
3. Аристократиялық (грек сөзі - aristokratia) - қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.
4. Фашистік - (италия сөзі - (fascismo) бірлестік, байлау) - бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.
5. Либералдық - (латын сөзі - liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.
Дипломдық жұмыстың мақсаты саяси режимнің түсінігін, табиғатын ашу болып табылады.
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
* Саяси режим түсінігін ашу;
* Саяси режим түрлеріне сипаттама беру;
* Саяси режим мен мемлекет нысанының ара-қатынасын ашу;
Диплом жұмысына жас, егемен Қазақстан Республикасының Ата Заңы, одан туындайтын құқықтық заңдарды, әдістемелік негіз ретінде алдық. Алыстағы және жақындағы шетелдік арнаулы әдебиеттер, философиялық, әлеуметтік, психологиялық ғылыми зерттеулер кеңінен пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Мемлекеттік режимнің негізгі түсінігі

Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.
Саяси режим -- саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.
Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, саяси режим - абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік-саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады.
Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді.
Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады.
Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.
Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.
Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:
Билік көзі халықта;
Сөз бостандығы;
Сайлаудың ашық жүргізілуі;
Азаматтардың тең құқықты болуы;
Азшылықтың көпшілікке бағынуы;
Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.
Саяси ғылымда режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші - саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың қүқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болған режимдсрге болінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады: деспотиялык, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды-демократиялық, ли-бералды-демократиялық, бонапартистік, әскери, авторитарлық. тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық , социалистік, пролетарлық және басқа түрлері.
Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны - өте маңызды мәселе. Бұл жағдай қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көрсетеді. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың арасындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі саяси режим ұғымымен белгіленеді.
Қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдеделерін қалай біріктіруге болады деген әлеуметтік проблемалар мәңгілік болып қала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерделенген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің авторитарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Демократиялық және антидемократиялық режимнің өзінің ішкі бөлінуі (дифференциясы) және нақты түрі(модификациясы) бар.
Демократиялық режим дегеніміз - мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады.Сондай ақ барлық азаматтардың заң алдында тең праволық фактілеріне сүйенеді.
Саяси биліктің демократиялық режиіміне мыналар жатады:
1.Баламалы және белгілі мерзімде өткізілетін ашық сайлаулар .Үкімет сайлау нәтижесінде қалыптасады және көпшіліктің үкіметі болып табылады;
2.Жеке адамның құқығы мен еркіндігі заң жүзінде қорғалады;
3.Азшылық құқы жүзінде қорғалады.
Демократиялық емес тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып екіге бөлінеді. Демократиялық емес тәртіп түрлеріне мыналар жатады:
1.Мемлекеттік биліктің ел азаматтарынан толық тәуелсіз болу;
2.Заң орындарына атқару билігінің есеп бермеуі;
3.Жеке адамның мемлекеттік аппарат алдындағы дәрменсіздігі;
4.Жеке адам мен азшылық құқының аяқ асты болуы.
Демократиялық емес тәртіптің неғұрлым оспадарсыз түрі тоталитарлық тәртіп болып табылады.Оның негізгі белгілері мынадай:
1.Бүкіл қоғамның саяси өміріне ықпал жүргізетін бірден-бір бұқаралық парияның болуы;
2.Қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып отырған идеологияға мемлекеттің қожалықтың болуы;
3.Экономия мен саясаттың бірігуі,экономиканың саясаттануы;
4.Адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы;
5.Азаматтық қоғамның болмауы,жеке адамға террор мен зорлықтың қолдануы.
Тоталитарлық қоғамның тарихи мысалы ретінде фашизм мен сталинизмді атауға болады.
Сонымен, тоталитарлық жүйе дегеніміз - үстем билеуші элитаның күштеуге негізделген ұйымдасқан саяси үкіметі. Билеуші элита біртұтас бюрократиялық аппарат болып қалыптасқан және оны белгілі бір көсем басқарады.
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
1.Саяси және жеке тәртіпті бұзбау және өкіметке қарсы шықпау негізінде кейбір еркіндіктерге мақсат етілу;
2.Көппартиялықтың болуы;
3.Диктатураның идеологиялық болмауы.
Авторитарлық режинің мәні, діндік немесе саяси ұйымның шексіз билігі. Авторитарлық билік заңдастырылған әлеуметтік құқықты және легитімді болу мүмкіндігі(Сауд Аравиясы,Иордания т.б). Қазіргі кезде авторитарлық тәртіптің мынадай нақты түрлері бар:
- теократиялық тәртіп, яғни діндік элитаның абсолюттік билігі(Иран);
- әскери басқару - әскери жоғарғы шендегілердің билігі (Чили, Аргентина, Греция т.б елдерде болды)
- авторитарлық монархия - самодержавиенің монархтық трүрі(Сауд аравиясы, Иордания);
- жеке адам өктемдігі(тирания)-жеке адамның билікті басып алып уысынан шығармауы.
Авторитарлық режим айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел - билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтанбилік, билік құрушы субъекті өз беделінің сақталуы мен өсуіне үнемі қамқорлық көрсетеді. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушынығ келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады. Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассациативтік бірлестігінің бастапқы кезеңдерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, моральдық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авториторизм, авторитарлық - тек біртүбірлі сөздер емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

1.2 Саяси режимнің мазмұны

2 МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМНІҢ ЖІКТЕМЕСІ
2.1 Демократиялық режим

Демократия - сөзі (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.[1]
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.[2]
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда "халық кеңесі" жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны "бесжүздік" деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.
Сонымен қатар "халық соты" жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда "халықтық мінбе" жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның "Шумпетерлік" теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі[өңдеу]
Принциптері:
Билік органдарын сайлау.
Биліктің бөлінуі.
Саяси пікірдің әртектілігі.
Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
Заң.
Қоғамдық пікірді ескеру.
Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
Жариялылық.
Жүзеге асыру формалары
Сайлау өткізу, есеп беру.
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
Референдум өткізу.
Митинг, жиналыс.
Съезд, конференция, пленум.
Шеру, бой көрсетулер.
Сессия
Шетелге сапарлар.
Ереуілдер
Демократиялық қоғам белгілері[өңдеу]
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
Меншік түрлерінің әркелкілігі;
Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада[өңдеу]
Саяси пікірдің әр алуандығы;
Көппартиялылықтың болуы;
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
Оларды іс жүзінде қолдану;
Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
Оппозицияның болуы;
Рухани салада[өңдеу]
Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;
Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;
Әлеуметтік салада[өңдеу]
Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;
Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы[өңдеу]
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.
Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.
"Ақпараттық демократияның" негізін салушы Франция саясаттанушысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:
халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;
халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;
саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мештікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:
Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі.
Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар.
Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар.
Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес.
Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы.
Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы.
Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы.
Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.
Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар: Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.
Барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау. Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау. Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.
Демократиялық режим. Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады.
Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: Демократиядағы кедейшілік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қанша артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалықты жақсы.
Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмірдің қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады. Тарихи әдебиетте, саяси ойлар тарихында, негізі Афины қала-мемлекетінің ерікті ата-анадан туған азаматтары болған ежелгі гректік афины демократиясы толықтай сипатталған. Алайда Афины қала-мемлекетінің ересек тұрғындарының барлығының бірдей биліктік мәселелерді шешуге қатысу құқығы болмады. Қатысу құқығына құлдар, өте ірі қала-порт, экономикалық өмірдің орталығы Афиныға сауда, қолөнер, экономикалық пайда үшін келген әр түрлі тектегі келімсектер ие бола алмады. Афинылық демократия туыстық және сословиелік құрылымдардан шыққандықтан, ондағы демократиялық режимді қалыптастыратын әлеуметтік өмірдің агенті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режим түсінігі және түрлері
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Саяси режимдердің жіктелуі
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Мемлекет нысаны жайында
Пәндер