Қылмыстық құқықтың барлық ұғымдары мен категориялары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қылмыс құрамының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-9
1.2 Қылмыс құрамының міндетті элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-14
2.ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... .15
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-18
2.2 Қылмыс объектісінің қылмысты саралаудағы маңызы ... ... ... ... ... ...18-22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма бес жыл болды.Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 2014 жылы шілденің 3-нде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңда күшіне енді.
Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа Кодекстің қабылдануына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай қолданылмайды.1959 жылғы Қылмыстық Кодекс кеңістік таптық идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне негізделген еді.Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нориаларына негізделген.Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады.Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокурортура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді.Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған өылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан немесе ажазадан бостау сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс рекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көосетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады.Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауға әрбір азамат заңда белгіленген тіртіппен қорғануғв құқылы.Бұл мәселе тек қылсытық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қылмыс объектісі қылмыстық әрекеттің қоғамдық қаіптілік сипаты мен дәрежесін, қылмыстьқ заңмен қорғалатын әлеуметтік мәні бар қандай игіліктерге немесе қоғамдық қатынастарға және қандай дәрежеде зиян келтірітенін немесе келтірілуі мүмкін екендігін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі.Қылмыстың жалпы объектісі қолданыстағы қылмыстық заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастар берілген курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу пәні. Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.
Жұмыстың әдістемелік негіздері. Курстық жұмыс жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық талдау және жүйелеу әдістеріне әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізгі тұжырымдарына, сондай-ақ құқықтық құбылыстарды зерттеудің әдістемелік іліміне сүйене отырып орындалды. Зерттеу үрдісінде формалдық логиканың ережелері талдау мен қорыту, салыстырмалы құқықтық және статистикалық нақтылы-әлеуметтік әдістер пайдаланылды.
Жұмыстың нормативтік базасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық заң және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс өзінің құрылымы мен көлеміне қатысты осындай зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі тараудан, екі бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қылмыс құрамының түсінігі
Қылмыс қылмыстық құқықтың маңызды тиянағы болып саналады.Қылмыстық құқықтың барлық ұғымдары мен категориялары қылмыспен байланысты.Қылмыстық құқық ғылымы қылмысты ешбір өзгермейтін, ештеңеге тәуелді емес, абстрактілі категория ретінде емес, пайда болуы мен жалғасуы әлеуметтік құбылыстарға негіздерге нақты ақиқатты әлеуметтік категория ретінде қарастырылады.Қылмыстық құқық ғылымы қылмысты әрқашан бола бермейтін, адамзат қоғамының белгілі бір даму кезеңі:еңбекті қоғамды бөлісумен, жеке меншіктің қалыптасуымен, қоғамды топқа бөлумен, мемлекет пен құқықтың өмірге келуімен бірге пайда болатын тарихи өзгермелі категория болып табылады деп белгілейді.
Адамның мемлекеттегі қоғамдық қатынасқа елеулі зиян келтіріп, оны бүзатын қылығы қылмыс деп танылады.Мемлекет пен құқық болмаған алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қылмыс пен жаза ұғымы атымен болған жоқ.Осы кезеңде руға, тайпаға немесе жекелеген адамдар үшін зиянды және қауіпті қандай да бір кикілжің, әрекет туындай қалған болса, онда олар рудың немесе тайпаның атынан бұлтартпау шараларын қолдану арқылы күресетін болған, мысалы, рудан немесе тайпадан қуу, судан, тамақтан айыру және т.т.
Қылмыс ұғымының мазмұны қоғамдық-экономикалық формацияның өзгеруіне орай өзгеріп отырды, бірақ оның қылмыстық заңмен қорғалатын, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастар үшін қоғамдық қауіптілігін анықтайтын әлеуметтік мәні өзгеріссіз қалады.[2.44 б ]
Қазақстандық қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК 3-бабында, Қылмыс істеу, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады.Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды, деп айтылған ереже негіз болғанда ғана орын алады.
Сөйтіп, заң қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізі деп нақты бір қылмыстық-құқықтық нормамен қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бар адамның белгілі бір мінез құлқы әрекеті танылады.ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормалары нақты белгілерін суреттей отырып, қоғамдық қауіпті қандай әрекеттің қылмыс болып табылатынын анықтайды.Адамды қылмыстық жауаптылыққа тартып және оны кінәлі деп тану үшін оның қоғамдық қауіпті істеген әрекетінде қандайда бір қылмыс белгілерінің бар-жоқтығын анықтау керек.Адам қылмыстық жауаптылыққа тергеушіге, прокуорорға және сотқа қауіпті болып көрінгендігінен емес, қылмыстық құқықтық нормаларда белгіленген қылмыс белгілері бар қылық істегені үшін тартылады. Қылмыстық құқық ғылымында мұндай белгілердің жиынтығын қылмыс құрамы деп атау орын алған.
1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексі өзінің Қылмыстық жауапкершілік негіздемелері деген 3-бабында дәл сол жөнінде сөз болып отырғанымен, нормаға қылмыс құрамы терминін қоспаған. Қылмыс құрамы термині Қылмыстық Кодексінің Жалпы бөлімінің басқа баптарында пайдаланылған(Мысалы, ҚазКСР ҚК Қылмыс істеудің өз еркімен бас тарту деген 16-бабы).Бұның өзі қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылық мәселелерін біркелкі шешуге мүмкіндік берместен, қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша барлық оқулықтардын көрініс тапты.
Ғалымдардың көпшілігі, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылданға дейін қылмыстық жауаптылықтың негіздемесі жалғыз ғана қылмыс құрамы болып табылады деп санады.Авторлардың біразы қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде қылмыс құрамынан басқа мән-жайларды да санады. Мысалы қоғамдық қауіпті әрекетті істеудегі субъектінің тұлғалық қасиеттері.Басқа бір авторлар екі түрлі негіздеме: объективті - әрекет және субъективті - кінә, себеп болады деп санады.Кейбір ғалымдар қылмыстық жауаптылықтың екі негіздемесін атады, бірақ олар бұларды басқа өлшемдер бойынша; қылмыс құармын заңи абстракция ретінде және қылмыстың өзін материалдық негіздеме ретінде бөліп көрсетті.Осы соңғы айтылған қылмыстық жауаптылық мәселелері жөніндегі түсінік шын мәніндегі назар аудартады, бірақ дегенмен кейбір нақтылауды қажет етеді.
Шындығына келгенде, 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің 3-бабында екі негіздеме турасында айтылды. Негіздеме сөзі көпше түрінде қолданылады.Бір негіздеме адамның қоғамдық қауіпті әрекетті істеуі болып табылса, екіншісі - осы әрекеттің қылмыстық заңмен қарастырылуы болып табылады.Дегенмен, қылмыс құрамы термині бап мәтінінде көрсетілмесе де, әңгіме сол жөнінде болып отырғаны белгілі жай.Мұндай бекім, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесі қылмыс құрамы деп танылғанҚазКСР ҚК басқа да баптарын қорытындылау мен талдауға сай келеді.1959 жылғы ҚазКСР ҚК 3-бабымен қарастырылған нормадағы қылмыс құрамы термин сөзінің болмауы, заң шығару техникасын жетілдіру сияқты болып көрінген сияқты.
Сөйтіп, қылмыстық жауаптылық негіздеменің екі түріне ие болды деп айтуға болады: іс жүзіндегі - қоғамдық қауіпті әрекеттің болуы(адамның қылықтық әрекеті) және заңи - адамның осы қоғамдық қауіпті әрекетінде қылмыс құрамы белгілерінің болуы.Бұл екі негіздеме бір-бірімен тығыз байланыста болады, өйткені бұл екеуі де қылмыс деген ұғымды құрайды.Сондықтан оларды 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабында қылмыстық жауаптылықтың бірыңғай негіздемесіне біріктірген орынды болар еді.
Сөйтіп, адамның шындығында қоғамдық қауіпті істеген әрекеті, егер ҚР Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыс құрамдары болатын болса қылмыс деп танылады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қылмыс құрамдарының толық тізімі берілген.Әділ сот органдары адамның қылығында қоғамдық қауіптілік болып тұрса да, бірақ ол ҚР ҚК Ерекше бөлімінде қылмысдеп көрсетңлмеген болса, оны әрекет істегені үшін өзінің қарауынша қылмыстық жауаптылыққа тарта алмайды.Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Адамның қоғамдық қауіпті әрекеті - бұл шынайы болмыс, ал құрам - қылмыстық құқықтық нормалардың диспозицияларында қылмыс түсінігі ретінде берілген заңи ұғым.Мысалы, ҚР ҚК 185-186 бабында мемлекеттік опасыздық, ҚР ҚК 293-бабында - бұзақылық болады. Адам ҚР Қылмыстық кодексінің осы баптарында қарастырылған қылмысты істегені үшін, мысалы егер мемлекеттік опасыздық белгілері(шпиондық істеулен, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не ҚР қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген ҚР-ның азаматы істеген қасақана әрекеті) құрамының белгілер анықталыған болса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Аталған белгілердің біреуінің өзінің осы құрамда жоқ болуы бүкіл қылмыс құрамының жоқтығын білдіред, демек адамның істеген әрекеті де қылмыс болып табылмайды.ҚР ҚК 165, 257 және 175-баптарындағы көрсетілген құрамдардың өз өздігінен қылмыстық құқық ғылымында жиі түсіндірілетіндей қылмыстық жауаптылықтың жалғыз және жеткілікті негізі бола алмайды.Мемлекеттік опасыздық, бұзақылық, ұрлық үшін жауаптылық туралы норма бар, ал бірақ адамның қылығы болмайынша нағыз қылмыстық жауаптылық басталмайды.Қылмыстық жауаптылықты шынайы түрде қылмыс құрамының белгілері бар адам қылығы ғана тудырады.Сөйтіп, ғылыми абстракция ретіндегі қылмыстың құрамы емес, нақты қылмыс құрамының белшілері бар адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі ғана осы қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық негіздемесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1,2-тармағына сәйкес, егер әрекетте қылмыс құрамы болмаса, онда іс қозғалуы мүмкін емес, ал қозғалған іс тоқтатылуы тиіс.Әрекетте қылмыс ретінде құқықтық баға беру қылмыстық құқықтың нақты нормасында міндетті, заңи мәні бар, яғни қолсұғушылықтың осы сияқты неғұрлым жалпы және елеулі белгілерін суреттеу жолымен жүргізіледі.Өзіне тән көптеген қасиеттердің арасынан, мысалы көптеген кісі өлтірушіліктен заңшығарушы елеулі деген белгілерді іріктеп алып қылмыстың осы түрінің моделін құрады.Кісі өлтіруге неғұрлым тән белгілер деп заңшығарушы кінәнің сипаты мен адам өлімімен көрінетін қоғамдық қауіпті зардапты санайды.
Қылмыстың нақты құрамдарының белгілері негізінде қылмыстық құқық теориясы қылмыс құрамының жалпы ұғымын қалыптастырды.Ол ҚР ҚК Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыстың барлық нақты құрамдарының жинақтап қорытылған түрдегі мипатын қамтиды.
Қылмыс құрамы - бұл қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын, заңмен белгіленген, міндетті түрдегі объективті және субъективті белгілердің жиынтығы.
Қылмыстың нақты құрамы оның көмегімен заңшығарушының ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нақты нормасында қылмыстылықты ғана анықтап қоймайтын, сонымен бірге әрекеттің жазалауға жататындығын, яғни осы қылмыс үшін соттың қандай жаза және оны қандай шекте тағайындайтынын көрсететін міндетті түрдегі белгілердің жиынтығы.Осыған орай, қандай да бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адамдар емес, тек сот қана адамның істеген қылмыс үшін кінәлілігін және қандай қылмыстық жаза тағайындалатынын немесе басқа да қылмыстық шара белгіленетінін анықтайды деп білу керек.Мұндай негізді ереже ҚР Конституциясының 77-бабының 1-тармағында адамның кінәлі екендігі заңды енген сот үкімімен танылғанша ол істелген қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі деп белгіленген.
Соттың қылмыс істеген адамға қатысты жазаның түрі мен мерзімін таңдап алуы ҚР ҚК бабының анықталған нақты бөлігінің дұрыс сралануына қатысты болады. Бұл қағидадан сәл ғана қателесудің өзі заңдылықтың бұзылуы мен жөнсіздігіне, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын кемітуге әкеп соғады.ҚР-ның конституциялық құрылысы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп танылса, ал сол адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Сөйтіп, қылмыс құрамының мәні оның: а) қылмыстық жауаптылықтың заңи негіздемемен; ә) дұрыс сралану шартымен; б) соттың жазаның түрі мен мөлшерін немесе қылмыстық құқықтық сипаттағы басқа шараларды анықтау үшін негіздемемен; в) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепіліктерімен, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мен нығайтуға жағдай жасауымен көрінеді. [2.74-77 б ]

1.2 Қылмыс құрамының міндетті элементтері

Қылмыстық құқық ғылымы қылмыс құрамының теориялық үлгісін құра отырып, қылмыс құрамын элемент және белгі деген ұғымдарға бөледі.Дегенмен ескеру керек, кейбір оқулықтар мен басқа да ғылыми әдебиеттерде бұл ұғымдар әрқашан дұрыс қолданыла бермейді. Оларды бір-бірімен жиі шатастырады, атап айтқанда қылмыс құрамының белгілерін құрамның элементтері деп атайды.
Қылмыс құрамының элементі заңмен қылмыс деп танылатын қоғамдық қауіпті әрекеттің кез келген жағына сай келетін белгілер тобын қосып алатын құрам құрылымының құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір қылмыстық әрекет адамның мінез-құлқының объективті және субъективті қасиеттерінің бірлігін көрсетеді. Қылмыс құрамының элементтері қылмыстың түрлі жақтары: оның объектісіне, объективтік жағына, субъектісіне, субъективтік жағына сай келеді. Қылмыс құрамының белгілері қоғамдық қауіпті әрекеттердің ерекшелік қасиеттерін сипаттайды және бір құрамның бір құрамнан ерекшеленуіне мүмкіндік береді.Құрамның белгілері төрт топқа бөлініп және оның төрт элементімен сәйкеседі: а) қылмыс объектілерін сипаттайтын белгілер; ә) қылмыстың объективтік жақытарын сипаттайтын белгілер; б) қылмыс субъектілерін сипаттайтын белгілер; в) қылмыстың субъективтік жақтарын сипаттайтын белгілер. Қылмыстың объектісі мен объективті жақтарын сипаттайтын белгілер құбылыстың объективті шындығын көрсетеді және объективті белгілер деп аталады. Қылмыстың субъектісі мен субъективті жақтарына сипаттамасына жататын белгілері қылмыс істеген адамның субъективті ерекшеліктерін көрсетеді, сондықтан субъективті белгілер деп аталады. Қылмыс құрамы қашан да элементтері бойынша сай келеді, бірақ олардың белгілеріне өздерінше бөлек-бөлек болады.Мысалы, ұрлық (ҚР ҚК 188-бабы) құрамы көптеген белгілері бойынша тонау(ҚР ҚК 191-бабы) құрамымен сай келеді, бірақ қылмыс істеу әдісін сипаттайтын белгілер бойынша айырмашылықта болады.Ұрлық үшін жасырын алу тән болса, тонау үшін ашықтан ашық бетпе-беттік тән.
Қылмыс объектісі - бұл қылмыстың зиян келтіруімен қол сұғылатын дүгие.Кез келген қылмыс затқа, ақшаға, қанадй да бір затқа емес, қоғамдық қатынастарға қол сұғады.Дегенмен қылмыс объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын ғана кез келген қоғамдық қатынастар бола алады.Қылмыс объектісі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, ҚР Конституциясының құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі бола алады.Қоғамдық қатынастар - бұл қандай да игіліктер мен әлеуметтік құндылық салдарынан туындайтын адамдар арасындағы, ұйымдар, мемлекеттер және азаматтар арасындағы қатынастар.Соларды жүзеге асыру барысында материалдық құндылықтар мен игіліктер құрылады немесе адамдардың тұтынысы қанағаттандырылады. Осы аталған қатынастардың қасиеттерінен қылмыс объектісінің нақты мипаты да көрінеді. Нақ осы қол сұғылатын қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша ең бірінші кезекте қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты ашылады.Қоғам үшін қылмыс объектілер неғұрлым маңызды, құнды болған сайын, оған қарсы істелегн қылмыстың ауырлығы да соғұрлым жоғарылай түседі.
Сөйтіп, қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық нәтижесінде зиян келтірілетін немесе зиян келтірілуі мүмкін және осындай қолсұғушылықтардын қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделер мен объектілер болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымы объектілерді жалпы объекті, тектік объекті және тікелей объекті деп бөледі.Жалпы объекті - бұл барлық қылмыстар үшін жалпы тән объекті. Әрбір қылмыс ең ақырында қылмыстық заңның қорғауындағы қоғамдық игіліктің барлық жиынтығына қол сұғады. Сөйтіп, жалпы объекті - бұл қылмыстық заңның қорғауындағы қоғамдық қатынастардың, мүдделер мен игіліктердің барша жиынтығы.
Тектік объекті - бұл барлық қылмыстар үшін емес, жекелеген қылмыстар тобы үшін ғана жалпы саналатын объекті.Тектік объекті ауқымы кеңірек немесе тар біртектес қоғамдық қатынастарды, мүдделерді мен игіліктердің, бірақ біртектес қылмыстық топ қол сұғатын жалпы объектімен салыстарғанда көлемі кем жиынтығын құрайды.Тектік объекті барлық қылмыстарды бөлек тарауларға бөле отырып ҚР ҚК Ерекше бөлімінің жүйелерін құру үшін негіз болып табылады.Мәселен, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің 1-тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарды қарастырады.Олар тектік объектісі - жеке адамдар белгісі бойынша бірыңғай топқа біріктірілген.ҚР ҚК Ерекше бөлімінің жүйелерін құрудың бірыңғай қағидаларын ҚР ҚК барлық тарауларынан аңғаруға болады.
Тікелей объекті - бұл нақты бір қоғамдық қауіпті әрекет (қылмыс) істеу кезіндегі тікелей қол сұғылатын объекті.
Объектілерді жалпы, тектік және тікелей деп бөлу ортақ, ерекше және жеке деген ұғымға сай келеді.Мысалы, ұрлық кезіндегі (ҚР ҚК 188-бабы) қылмыстың жалпы объектісі - бұл қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы; тектік объектіде - меншіктік құқық; тікелей объектіде - нақты бір азаматтың нақты бір мүлікке деген меншіктік құқығы.
Объектіден қылмыс затын айыра білген жөн. Қылмыс заты - бұл қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы дүниенің нақты бір нәрсесі. Қылмыстың заты мен объектісі бір-бірімен табиғи байланыста болады.Зат қашанда қылмыс объектісі ретінде көрінетін қоғамдық қатынастардың элементі болып табылады.Мысалы, жинақ банкісінен ақша ұрлаудағы қылмыстың объектісі мемлекеттік меншік қатынасы, ал пәні заты - ақша.Назар аударатын болсақ, қылмыстық құқық теориясында қылмыс затын түсінуде кереғарлықтар бар.Кейбір ғалымдар оны тікелей объекті ұғымымен теңестіреді.
Қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыстың объективтік болмастағы сыртқы құбылысы.Демек, қылмыстың объективтік жағы - есту, көру, сезіну, иісін сезу мен дәмін тату арқылы келетін құбылыс.
Кез келген қылмыстың объективті қасиеті сыртынан қарағанда ең алдымен қоғам үшін қауіпті қоғамдық қатынастарға зиян келтірген немесе келтіруге бейімді әрекетпен немесе әрекетсіздікпен көрінеді. Қылмыстың объективті қасиеті әрекеттің әдісімен, уақытымен, қылмыстың істелегн орнымен және басқа жа мән-жайларымен көрінуі мүмкін.Көбінесе қылмыс адам, қоғам немесе қоғам үшін белгілі бір зиян бар салдарға әкеп соқтаырады.Қылмыстың бұл объективті құбылыстары қылмыстың нақты құрамын құрастыру кезінде заң жүзінде белгілер ретінде бекітіледі.Осыған байланысты кез келген қылмыстың объективті жақтары біріктірілген түрінде, яғни қылмыстың жалпы ұғымында қоғамдық қауіпті әрекет(іс-әрекет немесе әрекетсіздік) ретінде қылмыс істеудің әдісі, уақыты, орны, қаруы мен құралдарымен, қоғамдық қауіпті зардаптарымен және әрекет пен қылмыстық зардаптардың арасындағы себепті байланыстармен сипатталады.
Есте боларлық жай, объективтік жақтардың аталған белгілері заңшыарушымен қылмыстың әрбір нақты құрамына енгізілген.Бұл құрам екіншісінен белгілердің әртүрлі жиынтығымен айырмашылықта болады.Бірақ белгілердің біреуі тұрақты болады. Бұл - әрекет қылмыс деп танылады(ҚР ҚК 10-бабы).Заңшығарушы ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормаларында қылмыстың сол түрімен жасалуы мүмкін іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің нақты сипатын көрсетумен бірге басқа да белгілерін көрсетеді.Қылмыстық-құқықтың нақты нормасында объективті жақтардың белгілерін сипаттаудың бірнеше жолдары бар.Бір нормаларда заңшығарушы әрекет ретіндегі белгілерді және басқа да объективті белгілерді нақты сипаттайды.
Қылмыстың субъектісі - бұл істеген әрекеті үшін мемлекет алдында заң бойынша жауап беру міндеті жүктелуі мүмкін адам.Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың субъектісі болып Қазақстан азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар, есі дұрыс дәне белгіленген жасқа жеткен адам танылады.Сөйтіп, қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер болып субъектінің жеке табиғаты (жеке тұлға(, есінің дұрыстығы, белгіленген жас шамасы табылады.
Бірінші белгі - жеке тұлға - қылмыстың субъектісі тек қана адам болатындығын білдіреді.Заңды тұлғалар(мекеме, кәсіпорын, ұйым, қандай бір ұжымдар мен адамдар бірлестігі) қылмыстың субъектісі бола алмайды.Заңды тұлғалармен зиян келтірілген жағдайда қылмыс субъектісі болып осы зиянды келтіруге кінәлі деп танылған нақты бір жеке тұлға табылады. Адамның есінің дұрыстығы өз қылығының іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну және өз әрекетін басқару қабілеттілігін, яғни оның психикалық күйінің жағымды сипатын білдіреді. Қылмыс істеген кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады.Қылмыс істеген кезде он төрт жасқа толған адамдар кәмелетке толмағандығы ескеріліп, мемлекет алдында кейбір қылмыстар үшін ғана жауап береді.
Субъективтік жағы қылмыстың ішкі жағын сипаттайды (қылмыстың сыртқы құбылысына қарағанда оның объективті жағына сай келетінін(және қылмыс істеуші адамның ішкі дүниесін, оның санасы мен еркінде болып жатқан психикалық процестерді көрсетеді.Сондықтан да субъективтік жағы адамның қылмыс істеу кезіндегі немесе қылмысқа тікелей қатысы бар психикалық қызметі, әрекеті ретінде анықталуы мүмкін. Ол адамның бір-бірімен тығыз байланысқан ойы мен ырық процестерінің бірлігін білдіреді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
Құқық және құқықтық сана
Қылмыстық құқықтың кері күші - қылмыстық құқықтың кері күші
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Қазақ елінің әдет - ғұрып құқығындағы қылмыстық жазалар
Мамандықтың пәндер каталогы
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
Пәндер