Экономикалық контрабанданың түсінігі
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі.Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан
кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік
теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзгеде
заттарды осы Кодекстің 250-бабында, көрсетілгендерін қоспағанда, не
декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік
шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара
арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен
құндылылықтарды ірі мөлшерде өткізу — Қылмыстық кодекстің 209-бабында
көрсетілген экономикалық контрабандының түсінігін береді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынын, 1997 жылғы 18 шілдедегі №10
қаулысында "Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықтың заңдарын қолдану
жөніндегі тәжірибелер туралы" Қаулысында осы мәселеге терең талдау
берілген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодекстің 209-бабын, 250-бабтарына толық тоқталып, терең зертеп
экономикалық контрабанданың түрлеріне тоқталдық. Сонымен бірге Қазақстанда
белең алған Экономикалық контрабандалардан нақты мәліметтер келтіріп
контрабандаға қарсы күрес жолдарын ұсынылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе
одан жасырын, не кұжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап
пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің 250-
бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді
декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе
өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері
белгіленген тауарларды, заттар мен құндылыктарды ірі мөлшерде өткізу —
Қылмыстық кодекстің 209-бабында көрсетілген экономикалык контрабандының
түсінігін береді.
Экономикалық контрабандының тікелей объектісі кеден шекарасынан өткізілетін
тауарлар мен өзге заттарды (Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерді
қоспағанда) реттейтін қоғамдық қатынастар.
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Контрабанда кедендік бақылауға байқатпау, не жасыру немесе кедендік
сәйкестендіру құжаттарын не құралдарын алдамшылықпен пайдалану, не болмаса
жарияламау, жалған жариялау арқылы мынадай нәрселерді: есірткілерді,
психиканы қоздыратын, уыты күшті, улы, радиоактивті және жарылғыш заттарды,
қару-жарақты, әскери техниканы, жарғыш кұрылғыларды, мылтықтар мен оқ-
дәріні жаппай қырып жоятын қару түрлерін, осындай қаруларды жасау үшін
материалдарды, сондай-ақ арнаулы заңмен тиым салынған тауарларды, құнды
заттарды, т.б. мүліктерді республиканың кедендік шекарасынан өткізу әрекеті
түрінде көрініс табады. Мұндай қылмыстар адамға қолданылатын жаза түрлері
мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде (209, 210 және
250-баптарда) көзделген.
Итальянша сопtга - қарсы+bаnдо - үкімет өкімі деген сөзден шыққан бұл
термин ағ.- smuggling; фр. - сопtrebande; нем. - 1. (қызмет) Schmuggel
Копtrebande 2. (тауарлар) Schmuggelware, Копtrebande; түр. - 1. (қызмет)
gumruk kacakgiligi;; 2. (тауарлар) Каcак таl, каcак еsуа деп аталады.
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан
келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға
белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға
тыйым салынған тауарлар (стратегиялык мақсаттағы шикізат) әкетіледі.
Контрабанданың негізгі тікелей объектісі — мемлекеттің қаржылық қызметі.
Қосымша объектісі — Қазақстан Республикасының кедеңдік шекарасын кесіп өту
ережесі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факулътативтік
объектілеріне қоғамдық Қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі,
Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы
тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстық заттары — тауарлар мен басқадай заттар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан
Республикасындағы кеден ісі туралы заң күші бар Жарлығының 18-бабынын 18
бөлігіне сәйкес тауар дегеніміз — материалдық дүниенің кез келген
материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылық, қуаттың электр,
жылу немесе басқа түрлері және осы баптың 21 бөлігінде керсетілген көлік
құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21 бөлігінде сәйкес көлік
құралдарына халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын кез
келген кұрал, оған контейнер мен басқа да көліктік кұрал-жабдықтар жатады.
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже
белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу
қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы
Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және
оның тәртібі туралы қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік
және қоғамдық кұрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты,
нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ
порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және
басқа тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу
салынған заттар тізбесі сол қаулының №6. тіркемесінде берілген. Оған
ғылыми, көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі
затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық кұралдар, байланыс
кұралдары және жоғары жиілікті кұрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды
тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық
қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік кұралдары және басқалар кірген.
Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстар материалдық және басқа да
құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және
тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін,
қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық
қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған. ҚК-тің қарастырылып отырған тарауының
маңыздылығы осында.
Экономикалық контрабанда (209-бап)
Обьект
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын
кесіп өту ережесі
Обьективті
к жағы
Осы Кодекстің 250 бабында көрсетілгендерден басқа
тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде
кедендік шекара арқылы заңсыз тәсілмен алып өту.
Субьективт
ік жағы
Тікелей қасақаналық
Субьект
16 жасқа толған тұлға
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке
кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу
не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды
адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген
сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, занды
кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы).
1.1 Контрабанда
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жүйесінде
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалану құқығына кепілдік берген (26-баптың 4-тармағы). Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік - меншік
түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа,
қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды
шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы
қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және
мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа
кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Шаруа
(фермер) қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен занды тұлға болып табылмай-ақ,
шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар занда белгіленген тәртіпке сәйкес Әділет министрлігі
органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес кейбір кәсіпкерлік қызмет түрімен
айналысу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (ұйымдық-құкықтық нысанына
қарамастан) арнаулы рұқсат-лицензия алулары кажет. Лицензия — жеке немесе
занды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтің белгілі бір түрімен
айналысуға және оны жүзеге асырудың шарттарын белгілейтін ресми құжат болып
табылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар кәсіпкерлік
қызметпен айналысу үшін Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27
желтоқсандағы "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңына сәйкес тіркеуден
өтеді. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін корғайтын
қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады. Ондай қоғамдық қатынастар тізбегі
Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" 1997 жылғы 6 маусымдағы
арнайы Заңында көрсетілген.
Объективтік жағынан қылмыс мына төмендегі бірнеше балама әрекеттер арқылы
сипатталады:
а) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке

шектеу; б) жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не
оның қызметіне өзге де заңсыз араласу; в) сол сияқты заңды күшіне енген сот
актісін бұза отырып жасалған осы қылмыс; г) немесе үлкен залал келтіріле
отырылып жасалған осы әрекеттер. Ұйымдық-құқықтык
нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе
коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге — заңда
белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға кедергі жасау;
кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең құқығын бұзу,
жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық немесе
көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия
беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару; жеке
немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалық, ғылыми-
техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың, занды
тұлғалардың, мемлекеттік баскару органдарының занды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шектеу
немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер мен коммерциялық
ұйымның дербестігін шектеуге не оның қызметіне өзге де заңсыз араласуға —
өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз
өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді сұрыптап алуды, олардың бағасын
дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін, мүліктік
құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін, қаржысын келісім-шарт
негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сыртқы экономикалык қызметті жүзеге
асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай балама
әрекеттерден құралады: 1. Кәсіпкерлік кызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат
(лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз)
немесе лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті
тіркеуден өткізбей жүзеге асыру занда белгіленген тіркеу тәртібін бұзып,
бұл әрекетті жүзеге асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға — заңда белгіленген қайсыбір
кәсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу
жатады. Лицензия шарттарын бұзып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға:
лицензияда көрсетілмеген қызметті жүргізу немесе оның жүзеге асырылуы
тәртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға беру, қолданылу мерзімі өтіп кеткен
лицензияны пайдалану және т.б.
Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:
1) Кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласында
қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189 бабы),
заңсыз кәсіпкерлік (ҚК-тің 190 бабы), заңсыз банктік қызмет (191-бап),
жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатыннемесе
өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені
шектеу (196-бап), көріну жалған жарнама беру (198), тауарлық белгіні заңсыз
пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын
мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт
жарыстарының және ойынсауықтық комерциялық конкурстардыңқатысушылары мен
ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-
әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп
ережелерін бұзу(218-бап), табиғат жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу (225-
бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226
бабы);
2) Ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз
пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару )195-
бап), бағалы қағаздарды ұстаушылары тізіміне көріну жалған мәліметтер
енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көріну
жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және
есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (207-бап);
3)Қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алым маркаларын қолдан
жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап),
шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері
мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу
жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану
(220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұжымдарға салынатын
салықт ытөлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);
4)Сауда және халыққа көрсету чаласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-
саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-
бап), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (224-бап);
5)Экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік
ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зияндыбағдарламаларды жасау, пайдалану және
тарату )ҚК-тің 227 бабы).
1.2 Контрабандалық қылмыстың объективтік және субъективтік жағы.
Контрабандалық қылмыстың объективтік жағы — осы Кодекстің 250-бабында
көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде
кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған келесі кестедегі белсенді
әрекеттермен сипатталады:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, 1997 жылғы 18 шілдедегі №10

одан жасырын түрде өтуге (әртүрлі тәсілдерді қолданып заттарды жасырын
өткізу, кеден шекарасын сырт айналып кету, бір затқа екінші бір затты қосып
ізін жасыру т.б.) жатады.
Құжаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалануға кеден
органдарына әртүрлі жалған құжаттар немесе теңдестіру құралдарын көрсету,
көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау арқылы кеден шекарасынан өтуге
тырысу немесе заңсыз жолмен алынған құжаттар мен тендестіру құралдарын
алдап пайдалануға тырысулар жатады.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9 бөлігіне сәйкес Қазақстан
Республикасының кедендік шеқарасы арқылы алып өту дегеніміз — тауарларды
және көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының
кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты
әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізу құбырмен тасымалдау
көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді. Көрсетілген әрекеттерге
мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және
көлік кұралдарын алып кіру, онын ішінде, еркін кедендік қоймалардың
аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып
кіру — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту;
басқа жағдайларда — Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа,
не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлар мен
көлік құрадарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған
әрекеттер жасау, атап айтқанда — кедендік декларация беру.
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып
шыққанда — кедендік декларация беріледі, Сондықтан да, Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік
зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың, басқа бөлігіне алып
кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп
өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыкқанда, сондай-
ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін
кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде — кедендік
декларация берген кезден бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып
саналады.
Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылауды айналып өту;
2) кедендік бакылаудан жасыру;
3) кедендік ұқсастыру кұжаттарын немесе кұралдарын алдап пайдалану;
4) декларация жасамау;
5) кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу салынған
заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Контрабанда үшін қылмыстық
жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы қаулысының 5
бөлігіне сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарыдағы бірінші тәсілінде —
контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік
рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының зандарымен және кеден
органдарымен белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе рәсімдеу
жүргізетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы
заң күші бар Жарлығының 25 бабына сәйкес. Қазақстан Республикасының кеден
органдары белгілеген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жұмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік құралдарының
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысынан
тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен ғана
кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге құнды-
лықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды
қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көп.
Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне, таяқ,
шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Контрабанданың үшінші тәсілде кеден органдарына, сондай-ақ шекара бақылауын
жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай-
ақ жалған мәліметтер кірген кұжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, мөртабандар,
пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай кұралдарын пайдаланады
немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады.
Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі,
себебі — құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды
шикізат пен матералдарды, куат көздерін (мұнай, бензин. мазут), т.б. көптеп
алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет
ондаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді.
Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін кұжаттарды
бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың
қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің
міндетті нышандары болып табылады.
Контрабанда жасаудың. төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым
салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құндылықтар
мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация
беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді.
Жарлықтың З-бабының 4 бөлігіне сәйкес республиканың кедендік аумағының іші,
сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың параметрлері
кедендік шекара болып табылады.
Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа
заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер
тауарлардың құны бір мың айлық есептік керсеткіштен асса, контрабанда ірі
мөлшерде жасалған деп танылады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы — тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам
тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде
өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қалайды. Тауарлар
мен басқа заттарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адам
ойластыруы қажет.
Бұл бапты қалыптастырғанда жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін
себеппен мақсат қалып қойған. Контрабаңда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда
табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот практикасында
ескеріледі.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.Осы баптың 2 бөлігіне
сәйкес контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы бірнеше рет
жасау, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымы адамның жасауы, кеден бақылауын
жүргізуші адамға күш қолдану жатады.
Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан көп
рет жасалынса. Бұл жағдайда контрабанда үшін бұрынғы соттылығының
алынбағаны немесе жойылмағаны, не бұрын жасаған контрабандасы үшін адамның
кылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс.
2. Контрабанданың түрлері
2.1 Экономикалық контрабанданың дәрежеленген түрлері.
Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адамға қызметтік
борышы бойынша кеден немесе шекара бақылауын, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік немесе кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды немесе басқа
кұндылықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын және шекараны кесіп өтуге
рұқсат беретін адам жатады.
Өз қызмет бабын таңдалынып осындай адамдар жасаған контрабанда лауазымдық
қылмыстар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша саралауды талап
етпейді.
Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар жалпы
негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң
нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы
саралаушы нышанға сілтемесіз КК-тің контрабанда туралы бабының тиісті
бөлігімен жауапқа тартылады (КР Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 9 тармағы).
Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы жасау
дегеніміз — күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш колдануға ұрып-
соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе ауыр) залал келтіру,
т.б. жатады. Егер кеден бақылауын жүргізетін адамды өлтірсе, онда бұл
әрекет ҚК-тің 206 және 96-баптарынын жиынтығы бойынша саралануға тиіс.
Психикалық қысым жасағанда денсаулыққа зақым келтіремін немесе өлтіремін
деп қорқытады.
Контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3 бөлігіне сәйкес,
контрабанданы ұйымдасқан топтың яғни контрабанда жасау үшін алдын ала
бірлескен тұрақты бір топ адамның жасауы (ҚР Жоғарғы Соты Пленумы
қаулысының тармағы).
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz