Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның
түрлері. Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт
факторы маңызды рөл атқарады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы,
өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген
әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне
(аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі
немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.
Зеттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Мерзімнің маңызы -
оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады.
Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді;
азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер
кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім -
бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын
байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетінiміздей, заңдық фактiлер, өз
кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар
санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік
сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта
болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды
оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық
фактілер санаты болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мерзімнің түрлері. Мерзімді әр
түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне
қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық
салдарына қарай мерзім құқық түзететін, қүқықты өзгертетін және қүқықты
тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс
жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтан талап
қою мерзімі ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау болмайды.
АК-ның 179-бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға
дейін жасалған талапкердің өтiніші бойынша ғана қолданады.
Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі занда көзделеді және оны
тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды (АК-ның 177-бабының 2-тармағы).
Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін ұзартуға немесе
қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі - бұл осы уақыт
шегінде қойылған талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі.
Заң талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті талапкердің немесе
жауапкердің ерікті іс-әрекеттерімен байланыстырады. АК-ның 183-бабына
сәйкес, талап қою мерзімінің өтуі мынадай екі негіз бойынша үзіледі:
- белгіленген тәртіппен талап қою;
- міндеткер адамның борышты немесе өзге мiндеттерді мойындағандығын
дәлелдейтін әрекеттер жасауы.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бұл мән-жайлардың біріншісі
заңның талаптарына толық сәйкестікте сотқа шағымдануды, яғни ведомствоға
қарастылықты, сотқа дейінгі реттеуді, әрекетке қабілетті адамның талап
қоюын және т.с.с. сақтай отырып шағымдануды ғана қамтиды. Бұл тәртіптің
бұзылуы талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.
Талап қою, әдетте, дауды мәніне қарай шешуге және соттың шешімін
шығаруға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда талап қою мерзімі өзінен-өзі
қажет болмай қалады.
Ұсынылып отырған курстық жұмыста Азаматтық құқықтағы мерзiмдердiң
түсiнiгi түрлерi сонымен қатар талап қою мерзiмiнiң түсiнiгiмен және оны
есептеудiң ережелерi қарастырылған.
1. Мерзімдер.
1.1 Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері.
Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық
салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның
қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі
субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз
етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен
белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан
білетінiміздей, заңдық фактiлер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге
бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің
басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар
субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі
келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де
жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.
Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақыттың
өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде
де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не
шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты
болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген
мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде
басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да
болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-
тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-бабындағы 1-тармаққа сәйкес,
заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік
күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегеніміз - бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты
саны.
Оқиғалар дегеніміз - бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын
заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және
т.с.с.). Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң
актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті
түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның
мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға
қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен, АК-
ның 1042-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні,
ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн
көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне
енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның ұзақтығын көрсетумен
анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе
сағаттармен есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы). Мерзімді дұрыс
есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК-
ның 173-бабына сәйкес, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі
күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан
кейінгі келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж.
15 ақпанда жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан
басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал
мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт
бірлігіне қарай өзгеріп отырады.
Жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен
күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы). Мәселен, үш жылдық талап қою
мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады.
Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңдай күн жоқ айға
келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті
айлық жалдау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда
аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28
(немесе 29) ақпанында аяқталады.
Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы
мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан
- үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап
жүргізіледі.
Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде
қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен
есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен,
апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі
келесі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге
келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні
болып есептеледі. Бұл арада, мереке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс
күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн
болып есептеледі.
Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын анықтау
қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы
немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді. Егер мерзім
қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже
бойынша, мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс.
.Мерзімнің түрлері. Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге
болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот
мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық
түзететін, қүқықты өзгертетін және қүқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезенде
уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған
қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі.
Оны, әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де
анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.);
2) субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - бұл осы уақыт
аралығында қолданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар
сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге
беріледі;
3) тыйым салатын мерзім - бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында
белгіленетін мерзім. Мәселен, Нотариат туралы 1997 ж.14 шілдедегі ҚР
Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ
нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық
қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана
рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген;
кепілдік мерзім - сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға
арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын
кемшіліктерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзімді мемлекеттік
стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне,шарт, егер тіпті олар
мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да
кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін,сондай-ақ стандарттарда көзделген
мерзімнен едәуір ұзақ кепілдік мерзім белгілей алады. Кепілдік мерзімді
белгілеу тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін
өнімнің немесе орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;
шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды
талап ету құқығын бұзуына байланысты субъективтік құқықты бұзған адамға
белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру
мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымалдаудан
туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген
тәртіпте талаптар қойылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 1-тармағы);
6)азаматтық-қүқықтық міндеттерді орындау мерзімі – шартта белгіленеді.
Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті орындау
мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
7)азаматтық қүқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып
жүргеніндей, талап қою мерзімі.
1.2.Талап қою мерзімі.
Бұл бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім.
Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге
асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық қүқықтарды
қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған
азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім
талап қою мерзімі деп аталған.
Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:
- азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы
екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында
туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық
қатынастарға айқындық және жүйелілік енгізеді);
- соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді,
сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;
- шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың
белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара
бақылауды күшейтеді.
Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық
іс жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтан
талап қою мерзімі ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау
болмайды. АК-ның 179-бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі
шыққанға дейін жасалған талапкердің өтiніші бойынша ғана қолданады.

ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады:
1) жалпы мерзім;
2) арнаулы мерзім.
АК-ның 178-бабының негізінде талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып
белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап
қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ
арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін. Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді
арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген
жағдайларда ғана қолданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен сатып
алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша 6 айлық талап
қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзіммен салыстырғанда
арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені
көрінеді.
Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан, олар
заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс. Бұл
мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіндіруге болмайды. Заң актілері
жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген талаптар үшін арнайы мерзім
белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты талап қою мерзімінің
өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талап бойынша талап қою мерзімі өткенде
қосымша талап бойынша (тұрақсыздық айыбын өндіру туралы, кепіл болушының
жауапкершілігі туралы және т.с.с.) талап қою мерзімі де аяқталады. АК-ның
180-бабы талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген
немесе білуге тиіс болған күннен басталады деп белгілейді. Егер уәкілетті
адам өз құқығының бұзылғаны туралы білмейтін болса, онда ол, әрине, қорғану
құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының
бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады. Егер талапкердің
салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында анықталатын
болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән-жайы бойынша құқық бұзушылық
туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері талап қою міндеттемелері
бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орындалатын сәттен басталады.
Бұл ережеден өзгешелікті АК немесе өзге заң актілері белгілейді.
Кейбір мысалдар келтірейік:
1) кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасаған күннен бастап
кепіл болушыға немесе кепілге талап бойынша екі жылдық талап қою мерзімі
белгіленген (АК-ның 336-бабы);
АК-ның 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша
мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі зорлық
немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту
тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз
болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған
күннен бастап бір жыл болады (АК-ның 162-бабының 2-тармағы);
жекешелендіру процесі барысында жасалған сатып алу-сату шартының
жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі
шартқа қол қойылған күннен басталады.
Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі (талапты беру және борышты аудару)
талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтырмайды (ҚР
АК-ның 181-бабы).
Талап қою мерзімі көптеген жағдайларда басталысымен үздіксіз өтеді.
Алайда өмірде уәкілетті адамның белгіленген мерзім шегінде талап қоюына
кедергі жасайтын мән-жайлар тууы да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі сипатта
болады және талап қою мерзімін тоқтата тұру, үзу немесе қалпына келтіру
үшін негіз болады.
Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұрудың мәні бұзылған құқықты
қорғауға кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген
талап қою мерзіміне есептелмейді. АК-ның 182-бабына сәйкес талап қою
мерзімінің өтуін тоқтата тұратын негіздердің қатарына мыналар жатады:
- бой бермейтін (тежеусіз) күш - бұл осы жағдайларда ойда болмаған және
болмай қоймайтын, төтенше мән-жайлар. Бой бермейтін(тежеусіз) күш немесе
кездейсоқ мән-жайлар (су басу, жер сілкіну ғана емес, сондай-ақ
тәртіпсіздіктер, азамат соғыстары, ереуілдер) - бұлар көліктің, байланыстың
және т.с.с. қалыпты жұмысын бұзатын мән-жайлар;
- ҚР Президенті жариялаған міндеттемелердің осы түрін орындауды кейінге
қалдыру (мораторий). Мораторийдің бой бермейтін (тежеусіз) күштен
айырмашылығы - ол талап қоюға заңдық (нақты емес) кедергілер жасайды. Бұл
жағдайда Президент өзінің шешімімен міндеттемелердің орындалу мерзімін
кейінге жылжытады, осы арқылы қолданыстағы талап ету құқығын борышқорға
мәжбүрлеп орындатуды белгілі бір кезеңге доғара тұрады;
Жалпы мораторийдің барлық іс-әрекеттерге қатысы бар.
Жеке мораторий жекелеген іс-әрекеттерге ғана қатысты жарияланады;
талапкердің немесе жауапкердің соғыс жағдайына көшірілген Қарулы Күштер
құрамында болуы. Талапкерді немесе жауапкерді қамтитын соғыс жағдайлары
талап қоюды қиындата түседі. Алайда Қарулы Күштерге әскер қатарына немесе
әскери жиындарға жай шақырумен талап қою мерзімі тоқтатылмайды;
әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілінің болмауы. 14 жасқа дейінгі
әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілі - ата-аналары, ал қалған
жағдайларда - қамқоршылары болады;
тиісті катынастарды реттетін заңдардың немесе өзге де құқықтық актілердің
қолданылуын тоқтату. Заңның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді
құзіретті мемлекет органы қабылдауы мүмкін, ол іс жүзінде нормативтік
актінің күшін жоймастан, белгілі бір төтенше жағдайлар орын алған кезенде
оның қолданылуын тежейді.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру
туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы
төлемдерін тағайындау жәненемесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы
тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты, зейнетақы
төлемдері тағайындалғанға және немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы
тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан жәненемесе жүзеге
асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла
тұрады.
Талап қою мерзімінің өтуі, егер көрсетілген мән-жайлар талап мерзімінің
соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла
тұрады, ал егер бұл мерзім алты айдан аспаса - талап мерзімінің өтуі
кезінде тоқтатыла тұрады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға
дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса - талап мерзіміне дейін
ұзартылады (АК-ның 182-бабы).
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс оның үзілуіне негіз болған мән-
жайлар басталғанға дейінгі уақыттың талап қою мерзіміне есептелмейтінін
және оның жаңадан басталатынын білдіреді.

Бұл мән-жайлардың біріншісі заңның талаптарына толық сәйкестікте сотқа
шағымдануды, яғни ведомствоға қарастылықты, сотқа дейінгі реттеуді,
әрекетке қабілетті адамның талап қоюын және т.с.с. сақтай отырып
шағымдануды ғана қамтиды. Бұл тәртіптің бұзылуы талап қою мерзімінің
өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.

Ал егер дау шешілмей, өндірістегі іс тоқтатылмаса, талап қою мерзімі
бұдан былай да өзінің маңызын сақтап қала береді. Сонымен қатар, сотқа
талап қою мерзімінің ең соңғы кезеңінде талап қойылатын жағдайлар да болуы
мүмкін, және егер үзіліс қолданылмаса, онда талап қою мерзімі істі тындауға
дайындау барысында-ақ өтіп кеткен болар еді.
Талап қою мерзімінің өтуiндегі үзілістің екінші негiзі - бұл адамның
борышты мойындауын білдіретін іс-әрекеттерді жасауы, ол қысқаша түрде
борышты мойындау деп аталады. Ол ауызша немесе жазбаша түрде жасалған
борышты мойындау жолымен және әдетте борышты ішінара төлеуден тұратын
борышқордың іс-әрекеттерімен жасалуы мүмкін. Борышты мойындаудың, алайда,
өтіп жатқан талап қою мерзімі шегінде ғана мерзімді үзетін маңызы болады.
Талап қою мерзімі өткен соң борышты ішінара төлеу талап қою мерзімінің
өтуінде үзіліс туғыза алмайды.
Азаматтық кодексте талап қою мерзімін қалпына келтіру мәселесі ерекше
реттелген. Егер талап қою мерзімінің тоқтатылу және үзілу негіздері заңда
дәлме-дәл көрсетілген болса, онда өткізіп алған талап қою мерзімін қалпына
келтіру үшін мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерінің болуын анықтау
қажет.
АК-ның 187-бабының негізінде талап қою мерзімі мыналарға қолданылмайды:
- заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес
игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы
талаптарға. Бұл құқықтарды қорғаудан бас тарту жеке адамның
қоғамдағы маңызын кемітуге әкеп соққан болар еді;
- салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына.
Банктер салымшылардың ұйғарымын орындаудан бас тартатын жағдайда
салымдарды беруге мәжбүрлеу туралы талаптар тууы мүмкін. Мұның кез
келген салымшыларға және банктердің кез келген түрлеріне қатысы
бар;
- азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын
толтыру туралы талаптарға. Алайда талап қою мерзім: өткеннен кейін
қойылған талаптар талап қоярдың алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім
үшін қанағаттандырылады. Зиянның орнын толтыру міндеті
жәбірленушінің бүкіл өмірі бойында сақталады;
- егер меншік иесінің немесе өзге заңды иенің өз құқығының кез келген
бүзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (теріске шығаратын
талап жағдайында), кез келген құқық бұзушылықты жою туралы
талабына;
2. Талап қою құқығы мазмұны.
2.1 Талап қою құықығының түсінігі.
Кейінгі уақыттарда қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістер еліміздің
азаматтық сот ісін жүргізу саласына да ықпал етті. Талап қою құқығын іске
асыру мәселесінің ауқымына талап, талапқа құқық, талап қою кұкығы, талап
қою құқығының алғы шарттары және талап кою кұқығын іске асыру шарттары
кіреді. Талап қою құқығын іске асыру шарттары болатын мән жайлар, олар
істерді сотқа дейін алдын ала шешу тәртібін сақтау, істің осы соттың
қарауына жатуы, арыз берушінің іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі, арыз
талап қою құқығын өкіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz