Мұрагерлік құқықты рәсімдеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 3

1 МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МҰРАГЕРЛІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР . . . 7

1. 1 Мұрагерлік түсінігі және мазмұны . . . 7

1. 2 Мұраның құрамы мен мұраның ашылу орны және уақыты . . . 12

2 ЗАҢ БОЙЫНША ЖӘНЕ ӨСИЕТ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК……. …. . 20

2. 1 Заңды мұрагерліктегі кезек тәртібі мәселелері . . . 20

2. 2 Өсиет бойынша мұрагерлік мәселелері . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ. . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . 35

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетеңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.

Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.

Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.

Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.

Қазақстанның азаматтық құқығы өз дамуының бiрнеше кезеңiнен өттi. Республиканың ауқымды кодификацияланған актiсi болып табылатын қазiргi Азаматтық кодекс осы заманғы азаматтық құқық идеяларын қамтиды. Кодекс тауар-ақша қатынастарын реттеудiң: меншiк нысандарының теңдiгi және оған қол сұғылмаушылық, шарттың еркiндiгi, азаматтық айналым субъектiлерiнiң теңдiгi тәрiздi негiзгi принциптерiн қалады. Азаматтық кодекс негiзiнде нарық экономикасын дамытуға жағдай жасаған заңдардың негiзгi пакетi жасалды [1, 3] .

Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтарға мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi [2, 15] .

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған немесе бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуге құқылы.

Өсиеттік бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің құрамына кіретін заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т. б. болуы мүмкін.

Ерте ме, кеш пе, әрбір азамат мұрагерлік құқықтарын ресімдеу қажеттілігімен кездеседі. Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кейбір жағдайларда туыстық қарым-қатынастардан мүліктік мүдде маңыздырақ болып, мұраға таласқан туысқандар бір-біріне жау болып кетуі де мүмкін. Мұрагерлік құқықтың негізгі ережелерін білу арқылы осындай келеңсіз жағдайларға жол бермеуге болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1072-бабына сәйкес мұралық мүлікті иелену үшін мұрагер оны қабылдауы тиіс. Бұрын, ҚазКСР-ның Азаматтық кодексі қолданыста болған кезде (1999 жылғы 1 шілдеге дейін) мұралық құқықтарды мұра қалдырушы адам қайтыс болғаннан кейін алты ай өткеннен кейін кез келген уақытта ресімдеу мүмкіндігі болатын. Қазір де тұрғындар осы тәртіп қолданылады деп ойлайды. Бірақ мына жағдайларды түсіндіріп өту қажет. Егер мұра қалдырушы адам 1999 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан аралығында қайтыс болса, алты айдың ішінде нотариусқа мұраны қабылдау туралы арыз беру міндетті емес. Ол арызды мұра ашылғаннан соң алты ай өткеннен кейін де, бірнеше жыл өткеннен кейін де беруге болатын, тіпті қазір де беруге болады. Өйткені, осы кезеңде ешқандай мерзімдер белгіленген жоқ болатын. Егер мұра 2007 жылғы 3 ақпаннан кейін ашылса, жағдай басқаша. Қолданыстағы Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде мұрагерлер міндетті түрде нотариалдық кеңсеге мұраны қабылдау немесе мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арыз берулері керек. Ал, егерде, бұл мерзім өтіп кетсе, 1999 жылғы 1 шілге дейін немесе 2007 жылғы 3 ақпаннан кейін ашылған мұраны азамат белгіленген алты айлық мерзімде қабылдап үлгермесе, ол мерзімді сот арқылы қалпына келтіруге тура келеді. Және сот бұл мерзімді кез келген жағдайда қалпына келтіре бермейді. Ол үшін мұрагер себепті жағдайлар салдарынан мұраны уақытында қабылдай алмағанын (мысалы, науқастанып қалу, ұзақ мерзімді іс сапар және т. б. ) дәлелдеуі қажет. Сонымен бірге, мұрагер сотқа мұраны қабылдауға кедергі болған себепті жағдайлар жойылғаннан кейін алты айдың ішінде жүгінуі тиіс.

Тақырып негізінде мұрагерлік дегеніміз-қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) -мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер шешімде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылуы уақыты болып табылады.

Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.

Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық және ресей ғалым-заңгерлердің арасынан азаматтық құқығындағы мұрагерлік құқық мәселесі, оның ішінде заң бойынша мұрагерлік мүлікке ие болу, сонымен қатар, мұрагерлік мүлікке өсиет бойынша ие болу мәселелері жөнінде Ынтымақов С. А., Суханов Е. А., Сергеев А. П., Толстой Ю. К., Данилов Е. П., Резникова Е. В., Грудцина Л. Ю., және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз. Дегенмен бұл тақырып қазақстандық ғалым-заңгерлердің еңбектерінде жанама түрде ғана сөз болып, қазақстандық ғалымдардың жазған еңбектерінде жан-жақты ашылып, толық зерттелуі жоқтың қасы екендігі ескерілген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім) . 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі - жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.

Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.

Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық - Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.

Курстық жұмыстың мақсатты. Жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерге талдау жасау. Осы мақсаттан туындайтын: мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақстандық заңдарды және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу, сонымен қатар, мұрагерлік ұғымы, түсінігі, түрлері, мұраның ашылуы, өсиет бойынша мұрагерлік, заң бойынша мұрагерлік, мұраны алу, халықаралық құқық нормаларына сәйкес заң бойынша мұрагерлік және оның ерекшеліктерін зерттеу мен тұжырым жасау.

Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті актілермен, мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық Кодекспен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.

Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Азаматтық құқықтағы мұрагерлік мүлікке ие болу процесін жетілдірудің теориялық ережелерін дамытуға, соның ішінде заң бойынша мұрагерлікке ие болу және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болу мәселелерін жетілдіруде едәуір үлес қосуында жатыр. Жүргізілген зерттеудің қорытындысы ғылыми-зерттеу жұмыста, сонымен қатар, оқу үдерісінде қолдануға болады.

Қурстық жұмыстың құрылымызерттеудің негізгі мақсаттары мен талаптарына сай келеді. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер

1. 1 Мұрагерлік түсінігі және мазмұны

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптармен, егер осы бөлімнің ережелерінің өзгеше туындамаса, біріңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік институтының қалыптасу тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасасып, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезіңінде, адамдардың қажеттіліктері қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін оны мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар.

Кейініректе шаруашылық мүліктері дамыған сайын, адамдардың қатынастары күрделене келе, тайпалық қатынастар әлсіреген кезде, қайтыс болған адамның мүлкі кімге қалады, оған кім ие болады деген сұрақ туындады. Осылайша қоғам әлеуметтік топтарға бөліне келе, жеке меншік қалыптаса түсіп, осылармен бірге мұрагерлік ұғымы да пайда болып, дами берді.

Рим құқығында мұрагерлік институты ерекше орынға ие. Мұрагерлік институты рим заңгерлерімен өңделген институт болды. Рим заңгерлері көптеген түсініктер мен ережелерді өңдеді. Мұрагерлік - қайтыс болған адамның мүлкінің бір немесе бірнеше тұлғаға өтуі. Мұрагерліктің нәтижесінде әмбебап құқыққабылдаушылық болады. Осы кезде рим құқығы сингулярлық құқыққабылдаушылықты да білді. Сингулярлық құқық қабылдаушылықты бойынша мұрагерге мұрагердің барлық құқықтарға емес, кейбір құқықтарға ғана өтеді. Мұрагерлік құқықтық нормалары мүлікке ие болу тәсілдеріне жатады. Рим заңгерлермен мұрагерлік құқықтық қажетті мұрагерлік, мұрагерлік трансмиссия, өситеттен бас тарту, ұсыну құқығы сияқты мұрагерлік құқықтың институттары өнделді.

Рим мұрагерлік құқығының дамуының қалыптасу кезеңін төртке бөлуге болады: Цивилдік құқық бойынша (heredіtas), преторлық эдикт бойынша (bonorum possessіo), императторлық заңдар және Юстиниан заңдары бойынша [3] .

Цивилдік құқық бойынша (heredіtas) мұрагерлік. Римде, барлық жерлердегі сияқты мұрагерліктің негізі заң бойынша мұрагерлік болады. Бұл бойынша мұлік отбасында қалып отырды. V кестеде екі негізгі қағида бекітілген: Мұрагерлер қайтыс болған адамның барлық борыштарын әр мұрагер өз үлестеріне қарай қабылдады және барлық талаптарды өзара бөлді.

Рим мұрагерлік институтының сиптаты, оның әр кезеңде де: memo pro parte testatus, pro parte іntestatus desedere potest - бір адамның мүлкі бір мезгілде өсиет бойынша мұрагерлік және заң бойынша мұрагерлікпен берілуі мүмкін емес деген ережемен анықталады.

Мұрагерлік құқығының бұл кезенде дамуы өсиет қалдырудың еркіндік қағидасының айқын болуымен ерекшеленеді. Когнаттық туыстық бұл кезеңде заң бойынша мұрагерлікпен құқық беріледі.

Преторлық құқық бойынша мұрагерлік. Цивілдік мұрагерлікпен қатар преторлық мұрагерлік бекітілді. Бұл туралы Цицеронның шығармаларында айтылған. Мұрагерлікке қатысты реформалар претормен респцублика кезеңінде басталып принципі дәуірінде аяқталды.

Агнаттық туыстыққа байланысты өмірін жаңа сұрақтары барлық әлеуметтік - экономикалық құрылымның өзгеруі претормен ескеріліп, қандық бойынша туыстық заң бойынша мұрагерліктің негізі бола отырып, алғаш рет преторлық құқықта танылды және император заңдарында көрініс тапты.

Претор мұрагерлік мүлікті иеленуге байланысты ерекше интердикт, бекітті. Бастапқыда бұл интердиктіні претор назарлықты қарағаннан кейін цивилдік құқық бойынша кімді мұрагер деп таныса соған берді. Мұндай жағдайда претор цивильдік құқықты дамытуға байланысты қолдану мақсатында әрекет етті. Бірақ, жақын туыс мұрагерді қабылдамаса, келесі туысқа өттпей иесіз болып қалатын немесе кез -келген тұлғаға берілетін, сондықтан осындай жағдайлардан арылу үшін мұрагерлік мәселесінің күрделігінен байланыста претор мұрагерлік иеленуді bonorum possessіo берді, яғни мұрагерлік келесі туыстарға берілді. Бұл жағдайда претор цивилдік құқықты толықтыру үшін әрекет етті.

Кейін, bonorum possessіo эмансипацияланған балаларына, яғни әкесінің билігінен шыққан балаларына және мұрагерліктен шеттетілген балаларына берілді. Бұл жағдайда да претор цивильдік құқықты түзету үшін, когнаттық туыстықты заң бойынша мұрагерлікпен байланыстырды.

Осылайша мұрагерлік цивильдік жүйесімен преторлық жүйе қалыптасты. Цивильдік норманың ескірген нормалармен орнына преторлық қағидаларға негізделген норма келді.

Император заңдарына бойынша мұрагерлік. Мұрагерлікке принципат дәуірінде әсірессе империя дәуіріне көп көңіл бөлінді. Осы кезенде мұрагерліктің преторлық жүйесіне негізгі бастамалары бекітілді.

Император қаулылары және сенатусконсульттар қандық туыстық тенденциясын дамытты және бұл аналық мұраға балаларының құқықтарының заңдаруының кеңейтті. Осы кезенде ана тарапынан туыстарға мүлікті мұраға қалдыру мәселелері қалыпына келтірілді.

Юстиниян құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқығының дамуы Юстиниян новелаларында аяқталды.

Мұранның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқытарымен міндеттері кіреді.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтары мен міндеттер:

1. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы.

2. Өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы.

3. Алименттік міндеттемелерді туындайтын құқықтармен міндеттемелері.

4. Зейнет ақы төлеу және жәрдемақы және еңбекпен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы.

Мүліктік құқытармен байланысы жоқ жеке мұліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес, ьқұқықтар мен басқа да материялдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асырудағы және қорғауы мүмкін.

Мұраның ашылуы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер шешімде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылуы уақыты болып табылады.

Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.

Мұраның ашылу орны. Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса - мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай -ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай -ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін. Мұра қалдырушы немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адам кірмейді. Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жарқын адамдарды мұрагнрлікке шақыруға не мұраның оларға тиісілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да. Заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиісілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіру өсиет болып саналады. Азамат өзінің барлық мүмкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобының кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай -ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндерместен заң юойнша мұрагерлердің біреуін, бірнешекін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұынылуы құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы. Мұра қалдырушы жасаған өсиеттің оны жасағанннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге мінднтті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ. Рим құқығында өсиет мұрагерлік заң бойынша мұрагерлікке қарағанда кейінірек пайда болды. Ульпиан өсиетке мынадай анықтама берді:Testamentum est mentіs nostrae іusta contestftіo іn іd sollemnіter factum, ut post mortem nostram valeat - өсиет еркімізді құқықтық білдіру, біз қайтыс болғаннан кейін әрекет ету үшін жасалған.

Өсиет заңды нәтиже беру үшін мынандай талаптар қойылады: а) бекітілген нысанда; б) белсенді өсиеттік құқыққаблеттік тұлға жасауы; в) енжар өсиеттік құқық қаблеттік тұлғаны тұлғанның мұрагерлік деп бекіту.

Гайдының айту бойынша: ерте құқықта өсиеттің екі нысаны болған. Бірінші жылында екі рет шақырылатын халық жиналыстарында жасалады. Өсиет қалдырушы ауызша нысанда өзінің еркін халыққа жариялады, мұрагерді тағайындады. Сонымен қатар легет туралы билік ете алатын, әйеліне және балаларына қамқоршы бекіте алатын. Екінші нысаны бойынша өсиет жария түрде болды. Соғыс кезінде өсиет қалдырушының еркі солдаттар алдында жарияланған[4] .

Өсиеттің екі нысанында кемшіліктер болды. Олар:

1) Өсиеттің екі нысаны да жария түрде болды, бұл көп жағдайда өсиет қалдырушының мүдделеріне сәйкес келмейтін;

2) Бірінші өсиет жылына тек екі рет жарияланатын, ал екіншісі әскер құрамына кірмейтін тұлғалар үшін, соның ішінде кәрі адамдар мен ауру адамдар үшін қолы жетпейтін өсиет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқықтың негіздері
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік
Заң және өсиет бойынша жүзеге асырылатын мұрагерлік
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Жылжымайтын мүлік экономикасында тұрғын үйлердің алатын орны
Мұра қалдырушының мүліктік және кейбір мүліктік құқықтары мен міндеттері ретіндегі мұрагерлік масса
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Рим құқығының қайнар көздері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz