Махамбет Өтемісұлының Ереуіл атқа ер салмай, Мұнар күн өлеңдері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

КММ «№13 Жалпы орта білім беру мектебі»

Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері

Жетекші: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

оқытушысы

Орындаған:

Қарағанды

2017

«Ереуіл атқа ер салмай» толғаулары көтерілістің алғашқы өрлеу тұстарын бейнелейді. 1837 жылы еді (қараша) жұлдызының 12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң, далаға қонады. Күн суық боран екен. Далаға қонып тұрған жұрттың көбі жылы үй, жұмсақ төсек, қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен. Махамбет елінің ертеңін ойлады. «Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңінің құрылымы күрделі. Бұл өлең ақынды- эпик ақын ретінде таныта түседі Бірақ өлең құрылымы өте қысқа жазылған. Өлең мұңды да қайғылы, елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі. Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы ойлар бере отырып, сөз тіркестері арқылы, ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады. Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән. Өлең жолдарында ереуіл ат, егеулі найза, тебінгі жер, терлі май, алты малта ас, ат үстінде, өзегі талып, түн қатып, темір қазық, қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр. Бұл өлең бір ғана бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен тұратын, шұбыртпалы өлең ұйқасымен, 19 тармақ, 1 шумақ, 17 дыбыстық қайталау үлгісінде жазылған өлең.

Махамбет - ақындықтың алдаспаны, намыстың наркескені. Махамбет мұрасы біздің ұлттық намысымызды қамшылайтын, жігерімізді жанитын қасиетімен қымбат та қастерлі.

Махамбет мұраларының қай-қайсысын танып-білсеңіз де көкала бұлт торлаған аспанның төсін қақ айырып, жарқылдаған найзағайдай бір ғажайып, ғаламат күш-қуатты сезінесіз. Онымен қоса дауылды даланың күзгі өртіндей ащы өкініш өзегіңді өртегендей болады. Осы жарқылдаған жырларды естігенде, асау да адуын мінезді, арқалы да аруақты ақынның өр тұлғасы асқақтап көз алдыңа келгендей болады. Өйткені Махамбет өлеңдерінде ұлтымыздың өлмес, өшпес, биік рухы, мұқалмас жігері, намысы, азаттыққа ұмтылысы, аһ деген арманы мен ыстық сезімі жатыр.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Өлеңнің негізгі идеясы - ел қамын, ел жайын ойлаған ақын ылғи да «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі - Елінің Ертеңі ғана.

Өлеңның негізгі мағынасын талдау.

Ереуіл - ұзақ жортуға төзімді де шыдамды, берік, мықты ат.

Еңку-еңку - кедір-бұдыр, ойлы-қырлы жер.

Тебінгі - тоқым қысқа болғанда аяқ киім мен шалбар балағын қорғайтын, ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі.

Терлік - тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі. «Найза саю ерліктен, ат жауыры терліктен»

Малта - сүзбеден сығып, домалақтап дайындаған уақ құрт.

Темір қазық - бір нәрсені байлауға арналған үшкір, кішірек келген жұмыр ағаш я темір.

Толағай - түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш.

Қоңыр салқын, егеулі найза, ереуіл ат - эпитет

Эпитет - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

Теңеу - зат пен құблыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.

Майдай - теңеу.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Тебінгі теріс тағынбай

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Темір қазық жастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?

Мұндай ұйқасқа жазылған өлең әдебиетте ассонанс деп аталады.

Ассонанс - ( французша assonanse - үндес) бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталанып келуі.

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Аллитерация (латынша - дыбыстас) бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі.

Өлең соңы риторикалық сұраумен аяқталып тұр.

Риторикалық сұрау - ешқандай жауапсыз-ақ өлеңнің өн бойында өзінен-өзі анықталып жататын сұрау. (грекше rһetor - ділмар)

Махамбет поэзиясының тілі-шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Шаруалар көтерілісінің шығу себептері
Махамбет Өтемісұлы жайында
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы
Махамбеттің күй мәдениеті
Махамбет Өтемісұлы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz