Сүйінбай Аронұлының Бөрілі менің байрағым өлеңі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
КММ «№13 Жалпы орта білім беру мектебі»
Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» өлеңі
Жетекші: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
оқытушысы
Орындаған:
Қарағанды
2017
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерде дүниеге келген. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол жасынан жыраулығымен елге танылған, өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Жамбыл ақын «Менің пірім- Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы- жауынгер, ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Көроғлы», «Тотының тоқсан тарауы» дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігіменел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арсына танылған. Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене қатысқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай- болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Қазақ халқының тарихи- қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан- жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиямен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек айшықтарымен ерекшеленеді.
Сүйінбай - ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін жырлайды, ел үшін оттан да, судан да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды. Елдік, ерлік идеясы - Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идеясы.
Ақын шығармаларының бір парасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі - көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау хүн-түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, -
деп басталатын өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі, әр сөзінің саф алтындай салмақты мағынасы, елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр.
Төрт жолдың басындағы сөздердің: «Бөрілі, Бөгеліп, Бөрідей, Бөлініп» делінетін дыбыстық үндестігі де үлкен ақындық шабыт пен шеберлікті паш етеді.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен.
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен.
Жау тисе жапан далада,
Бөрілі найза атамыз.
Қарасайлап шабамыз,
Қызыл қанға батамыз.
Бәрі байрақ көтерсе
Бәрі байрақ көтерсе,
Жоқты жонып табамыз…
Бөрі басы - ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым.
Мұндай жігерлі сөздерді ерлікті, бірлікті қастерлеуші ғана емес, өзі де іркілмес ер, қайтпас батыр ақын ғана айта алса керек. Жазатайым бөрілі байрақ құласа, намыстан талқан боп күйреп қалатын, бөрілі байрақ астында қабақ шытпай қанға бататын, бөрілі байрақ көтерілсе, жоқты бар қылатын, барды зор қылатын, бөрілі байрақты көргенде қаны қайнап, қайраты тасып, бойын намыс кернейтін ерліктің, елдіктің жыры осылай-ақ жырланатын болар. Ақын елдіктің, еркіндіктің символы - бөрілі байрақ арқылы халықтың намысы мен жігерін қайрап, қанын қыздырып, бірлікке, ерлікке, елдікке шақырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz