Шортанбай Қанайұлының Зар-заман толғауы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
КММ №13 Жалпы орта білім беру мектебі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының Зар-заман толғауы

Жетекші: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
оқытушысы ____________________

Орындаған: ____________________

Қарағанды
2017
Зар Заман - қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы "Зар заман" атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе "Зар Заман ақындары" деп атайды.
Зар Заман Ақындары - қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. М.Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын, жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің бағыт-бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын, тіршілігінің тынысын тамыршыдай дөп басып танып отырған. Іштен, тыстан келетін қауіп-қатерлерді алын-ала сезіп білген. Бұл өзгелерден артық туған ақын, жырауларға тәңірдің берген тән қасиеті болса керек. Олар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заман болса, шаттана, масаттана жырлаған. Ел басына күн туған аласапыранда отты жырларымен қалың қазақтың жігерін жанып, тұтастық пен бірлікке шақырған. Ал туған жеріне жатжұрттықтар сұқ көздерін сүзіп, шеңгелдеп қол сала бастағанда жыландай жылжып келе жатқан қасіреттен халқын сақтандырып жырмен зар жылаған. Жат пиғылдылардың елдің іргесін ірітіп, ырысын шашып, қазынасын қасықтап та, шөміштеп те таситынын елден бұрын аңғарған. Ақындар алмағайып заманда елдің жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтаруға халықты үндеп отырған.
Біздің дәуіріміздің ХVІІІ ғасырынан бастап Ресей патшалығы қазақ жерінде де отаршыл, озбыр саясат жүргізе бастады. Орыстар қазақ елін еріксіз билеп-төстеп, елдің шұрайлы, құйқалы өңірлерін емін-еркін егеленіп, халықты жерінен, әдет-ғұрпынан, дінінен бездіруге әрекет жүргізді. Әлімсақтан атадан балаға мирас болып, сан ғасырлар бойы алтын тіндей жалғасып келе жатқан қазақ қоғамындағы қалыптасқан құндылықтар орыс озбырлығының әсерінен өзгеріске түсті. Ел басқарудың жүйесі бұрынғыдан басқа сипат ала бастады. Халықты қисыны жоқ салықтармен, ретсіз алымдармен қанап, түкпір-түкпірде отаршылдықтың дендеп енуі, одан халықтың зардап шегіп, күйзеліске ұшырауының ақыры - тарих сахнасына елдің мұңын мұңдайтын бір шоғыр "зар заман ақындарын" шығарды. Олар қазақ халқының сол кезеңдегі мұң мен зарын, тарта бастаған азабын, көріп отырған теперішін, алдағы күнін ойлаған ұлт қайраткері дәрежесінде танылды. Өз заманының тамыр соғысын елден бұрын сезетін, өмір ағысының беталысын алдын ала біліп отыратын көріпкелдей сұңғыла ақындар күңірене небір толғауларды толғады, күрсіне тіл қатты. Ұлтқа қауіп-қатер жақындай түскенін естірте отырып, елді ата-баба дәстүрін қаймағы бұзылмаған күйінде сақтауға, ұлттық болмыстан ажырап қалмауға жалынды жырларымен үндеді. Осы арқылы халықты ел басына төніп келе жатқан қасіреттен сақтандырды.
Зауалды заманда ғұмыр кешіп, отарлық езгіге, орыс патшалығының қанауына түскен халықтың тағдырын запыранды зармен, күңіренген мұңмен жырлаған ақындар шоғырын қазақтың әдебиеттану ғылымына "зар заман ақындары" деп атайтын термин пайда болды. Бұл терминді ғылымға Мұхтар Әуезов 1927 жылы енгізген және зар заман ақындарының дәуірін бір ғасыр көлемі деп көрсеткен.
Осы зар заман ақындары шоғырында елге белгілі ақындар Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асандар болды.
Халықты зар илеткен зобалаң заманды жыр еткендердің бірі - ақын Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Қаратау өңірінде, Түркістан жерінде туылып, 1881 жылы Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында өмірден озған. Шортанбайдың өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары мен Бәйіш атты қызы болған. Сыр бойы мен Түркістан аймағындағы ірі дін өкілі Мәді (Маһди) қажы - (Диуана) қожаның ұрпағы Шортанбай жас шағында арабша оқып білім алған. Көкірек көзі ояу, білімпаз Ш.Қанайұлы көрген-білгендерін көңіліне түйіп, санасына орнықтырып отырған. Тәңірдің берген дарынының арқасында ол ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі қоғам қайраткерінің бірі болған ақын. Өз дәуірінің өмір шындығын айқын көрсете білген бірден-бір көреген ақын заманның, қоғамның әр саласын кеңінен қамтып, шынайы өмірді көзбен көргендей етіп бейнелеп берген ірі суреткер, өткір тілді жампоз жырау болды.
Діни сауатты Шортанбай Қожа Ахмет Иассауидің "Диуани Хикметінен" сусындап, оны жаттап өскен. Ислам діні жолындағы оқуының нәтижесі Шортанбайды ишандық дәрежеге жеткізді. Шортанбай ишан Түркістан өңірінде ислам дінін тарату жолында қызмет атқарып жүріп, Сарыарқаның Қарқаралысындағы Жамантай төренің жанына біраз уақыт қоныс аударады. Кейіннен Жанғұтты бидің қолқасымен Ақсу-Аюлы бойына қоныс жаңғыртады. Онда барған соң мешіт салдырып, медресе ашып бала оқытады. Өмірден озғанға шейін Жанғұтты бидің қамқорында болады.
Бойына туа бітті тәңірден берілген ақындық шабыт дарын иесін осы жолға түсірмей қой - майды. Жан-жақты сауатты, өлең-жырға әуес, сөзге шешен Шортанбай жиын, той-думандарда жырға ден қоя бастайды. Ақырында толғау айтса - толғап айтатын, жыр айтса - төкпелеп төгетін ақынға айналады. Қасиетті Түркістан жері оны ишан дәрежелі дін иесі етсе, Қарқаралы байтағына арқалы ақын ретінде танылады. Шортанбай шығармаларында ХІХ ғасырдағы қазақтың өмірі шынайы болмысымен суреттеледі. Әсіресе, елдің тұрмыс-тірлігі, жоқ-жұтаңдардың жағдайы ақынды қатты толғандырып, жат жұрттық келімсектердің қазақ жерін талапайға сала бастауы ақынға шаншудай қадалады. Елге жасалған отаршылдық, халыққа істелген қиянат ақынның көптеген шығармасына арқау болды, зар заманның келгенін күңірене жырлап, халқын төнген қауіптен қорғады.
Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір кітаптарда жариялана бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Аталған жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Бала зары", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет-насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" тағы басқа да шығармалары енген.
Кешегі кеңес заманында бірқатар толғаулары мен айтыстары С.Сейфуллиннің 1931 жылы шыққан "Ескі әдебиет нұсқаларында", С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1942 жылы жарық көрген "Қазақ әдебиетінің хрестоматиясында", 1962 жылғы "ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары" және1965 жылғы "Айтыс" жинағында жарияланған.
Ш.Қанайұлының "Бала зары" атты өлеңдер жинағы ХІХ ғасырдың 80-жылдарында Қазан қаласында баспаханадан басылып шыққан.
Келешекті көрегендікпен болжау, алдағы күндердегі елдің даму сипатындағы өзгерістерді көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп шынайы бейнелеп жырлау секілді зар заман ақындарына ортақ қасиет Ш.Қанайұлында да бар. Бұндай сипаттағы өлең мен толғаулар оның шығармаларында көптеп орын алады.
ақынның шығармаларының дені дерлік "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" мамыражай заманды аңсап, заман ағысының кері кетіп бара жатқанына налудан туған. Мысалы, "Зар заман" деген толғауында өткен заманның жақсылықтарын аңсау байқалады. Мұнда ақын заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болды, қорлар зор болды, ұрпақ ата-анасын тыңдаудан қалды деп торығады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Ахмет Байтұрсынұлы және «Зар заман» әдебиеті
Шортанбай поэзиясының тағылым қырларын ашу
Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Зар заман өкілдері мен шығармашылығы
Заман ақыр белгісі
Сабақ типі
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ МЕН ҚАЛЫҒҰЛ БАЙҰЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЗАР ЗАМАННЫҢ СИПАТЫ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Пәндер