Қазақ дәстүрі


Ізгі дәстүр
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бар. Олар -халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері танылады. Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өгермейтін нәрселер ем ес, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеуіне ілесіп, олардың озықтары одан әрі дамып, жаңғыра түседі, тозықтары қолданыстан қалып, ұмыт бола береді.
Дәстүрсіз халық жоқ. Барлық елдер секілді қазақтың да өз дәстүрі, ата-бабалары салған сара жолы, жөн-жобасы, бұлжымас заңы бар.
Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқын, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама - Ахмет Байтұрсынов қазақтың Құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді, сыйламағанды надан, тәрбиесіз, көргенсіз дейді.
Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә, бірақ әбден орынды баға. Ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды, жас ұрпаққа үйретеді. Салт-дәстүрді сыйламағандар ауыр жазаланады. Ата-баба дәстүрін, ғұрыпты аттамайды. Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл - ел-жұртыңды сыйлағаның.
Қазақтың туыстық, құда-жекжаттық, той-томалақ өткізу, өлім жөнелту, аруақ сыйлау, үлкенді, ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып, келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу, тоқтау, обал-сауап, дастархан, шаңырақ, қонақ сыйлау, т. б. салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көрегендік жатыр десеңізші. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты, мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан, көргенсіз болмағанда не болады?!
Қазақтың ертеден-ақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзіндік ізгі қасиеттері, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бар. Сондай киелі дәстүрлеріміздің бірі - рулас ел ұрпақтарының жеті атадан асқанша бір-бірімен қыз алысып, қыз беріспеуі. Бұл дәстүр - текті, дені сау, таза ұрпақ өсуінің кепілі. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені аян. Бабамыз «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп балаларына жеті атасын, шыққан тегін үйретуді парыз санаған.
Бұрын балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген.
«Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі балаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген.
«Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер арқылы есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.
Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәрбиесіне басты назар аударған. Ұлын - қонысым, қызын - өрісім деп ойлайтын туған халқымыз баласының тәрбиелі, өнегелі болып өсуін қадағалап отырған. «Үйінде ұл-қызы бардың көрінде сөнбес жұлдызы бар» деп түсінген. Халық балаға жасында берілген тәрбиенің маңызын ерекше ұғынған. Ұл-қыздың тәрбиесіне байланысты өмірлік ережелерді, өмір тәжірбиесінен алынған сөздерді ұрпақ тәрбиелеуде тиімді қолдана білген.
«Салтын сүйген - халқын сүйеді» немесе «Әр елдің салты басқа» деген дана халқымыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz