Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ҚОСТАНАЙ ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІНІҢ МЫСАЛЫНДА

КАДРЛЫҚ ЕСЕБІН ЖОБАЛАУ

Қостанай, 2017

Мазмұны

Кіріспе3

1 Пән облысының зерттелуі5

1. 1 Техникалық тапсырма5

1. 2 Бағдарламалық өнімді құрастырудың негізі және тағайындалуы6

2 Өңдеу технологиясын құрастыру7

2. 1 Бағдарламалық өнімді құрастыру ортасына сипаттама7

2. 2 Деректер базасы және бағдарламалаудың логикалық құрылымы19

2. 2 Бағдарламаны орындау барысында қолданылған процедуралар34

3 Қолданушыға басшылық40

3. 1 Бағдарламалық өнімді қолдану технологиясы40

Қорытынды47

Қолданылған әдебиеттер тізімі48

Кіріспе

Соңғы кездерде болған өзгерістер есептеу техникасын және информатиканы тимей өткен жоқ. Мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін бағдарламалық қамтамасыздандыру персоналды компьютерлерде көп уақыттан бері қолданылып жатыр. Бірақ, өкінішке орай бұл бағдарламалар мәліметтерді сақтайтын элементарлық диспетчерлер болды және оларда қосымшаларды өңдейтін құралдар болған жоқ немесе өте қиын болды, сондықтан қолданушыға бағытталған толық қосымшаларды алмағанша компьютерді жақсы білетін адамдар олармен жұмыс істеуге тырыспады.

Қазіргі кезде ақпаратты сақтау және өңдеу қиын есеп болмайды. Адамдардың түсінігі бойынша, ақпарат - бұл ақша. Ақпаратты жоғалту немесе оның керек уақытта алмау ақшаны жоғалту болады. Осымен компьютерлік техниканың тез дамуын және мәліметтер қоймаларының басқару жүйелеріннің (МҚБЖ) тез дамуын түсіндіруге болады.

Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері, ақпараттың көлемі өте үлкен боса да, керек ақпаратты үлкен жылдамдықпен табуды қамтамасыздандырады. Осындай мәліметтер қоймаларының қолданушысы әр түрлі оған керек параметр бойынша іздуді орындайды. Сонымен қатар, мәліметтер қоймалары өте көп орын алмайды, мысалы, бірнеше мың жазулардан тұрытын мәліметтер қоймасы бір дискетаға сыйуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта көптеген тауарлық фирмалар және ұйымдар тауарларды сату және сатып алу есебін жүргізу үшін мәліметтер қоймасын қолданады. Бұл қолданушыға өте ыңғайлы, өйткені барлық әрекеттер автоматтандырылған.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - Оқу мекемесі Қостанай құрылыс колледжінде кадрлық есепті жүргізудің ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарлама Delphi тілінде жазылған. Бұл бағдарламалау тілі Windows - тың жеке қолданбалы бағдарламаларын, сонымен қатар корпоративті желілерде, Интернетте жұмыс істеу үшін тағайындалған әр түрлі тармақты комплекстерді құруды қамтамасыздандырады.

Берілген бағдарлама Windows’95 - тен бастап Windows - тың барлық версияларында жұмыс істейді.

1 Пән облысының зерттелуі

1. 1 Техникалық тапсырма

Оқу мекемесі Қостанай құрылыс колледжінің мысалында кадрлық есепті жүргізудің ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру бағдарламалық өнімді құрастыру қажет. Бағдарламалық өнім кәсіпорын жұмыскерлерінің деректерін, яғни тағайындалуын, орналасуын, еңбек ақысын, демалысын және т. б. басқаруы және есептеуі қажет. Бағдарлама мекеменің барлық жұмыскерлері бойынша ақпаратты сақтау қажет.

Оқу мекемесі Қостанай құрылыс колледжінде кадрлық есепті жүргізудің ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру бағдарламалық өнімі келесілерді қамтуы қажет:

  • бөлім құрылымынан;
  • жұмысшылар құрамынан;
  • жұмысқа алу бұйрығынан;
  • жұмыстан шағару бұйрығынан;
  • кадрлық өзгерістер бұйрығынан;
  • кадрлық құжаттар журналынан және т. б.

Қызметкерлер бойынша мәлімет екіге бөлінеді: негізгі және жұмыстан шығарылған қызметкерлер.

Оқу мекемесі Қостанай құрылыс колледжінде кадрлық есепті жүргізудің ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру бағдарламалық өнімінің негізгі бағыты - жұмысқа алу бұйрығын, жұмыстан шағару бұйрығын, кадрлық өзгерістер бұйрығын және кадрлық құжаттар журналын құру және оны керек уақытта басып шығару мүмкіндігі.

1. 2 Бағдарламаларық өнімді құрастырудың негізі және тағайындалуы

Мекемелерде кадрлар тізімінің есептерін жүргізу үшін бағдарламалық кешендерді дамыту қажет. Бағдарламалық кешендерді орындаудағы есептер қатарына келесілерді кіргізуге болады:

  • қызметкерлер бойынша мәліметтерді енгізу, іздестіру;
  • ақпараттарды редакциялау;
  • мәліметтерді өшіру, баспадан шығару;
  • кадрлық операциялардың орындалуы.

Бағдарлама қызметкерлердің нақты мәліметтерін тұрақты жұмысқа қабылдауы не болмаса жұмысқа уақытша қабылдауы қажеттілігі туралы мекемелерде кадрлар тізімінің есептерін жүргізуде пайдаланылуы мүмкін.

«Кадрлар бөлімі» деген мәліметтер қорын құрастыруды талап ету қажет. Мәліметтер қоры мекемелердегі кадрлық тізімдердің есептерін жүргізу үшін қажет. Бағдарламада қызметкерлер бойынша мәліметтерді енгізу функциясы, енгізілген мәліметтерді өшіру және саралау, қажетті ақпаратты баспадан шығару, сонымен қатар кадрлық операциялардың орындалуы болу керек.

2 Өңдеу технологиясын құрастыру

2. 1 Бағдарламалық өнімді құрастыру ортасына сипаттама

Оқу мекемесі Қостанай құрылыс колледжінің мысалында кадрлық есептеу бағдарламасын құрастыру үшін Borland Delphi бағдарламалық тілі таңдап алынды. Атап айтқанда, бұл ортаны таңдауға бірнеше себептер қарастырылды.

Біріншіден, Borland Delphi, тілдердің жылдам бағдарламасы болғандықтан, ол бағдарламаларды тез салыстыра отырып өңдеуіне көмектеседі. Ең бастысы форманы жобалау кезінде және онда компоненттерді орналастыру кезінде Borland Delphi бағдарламасының кодын автоматты түрде жасайды. Бұл кодқа берілген компоненттерді есептейтін сәйкес фрагменттерді қосады[1] .

Бүгінгі Borland Delphi - төтенше жылдам дамытылған жүйелердің бірінде ең күшті бағдарламалардың бірі болып, қазіргі кезеңдегі деңгейінде жеке қолданбалы Windows бағдарламасын құрастыруымен айналысады.

Borland Delphi ортасы - программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта[2] .

Borland Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады:

- негізгі терезе;

- объектілер тармағының терезесі;

- объектілер инспекторының терезесі;

- броузер (көру) терезесі;

- формалар терезесі; 6) программа кодының терезесі.

Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишын басу жеткілікті. Borland Delphi -ді алғаш шақырғаннан кейін «Borland Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Іпргізе коорпорациясының WEB-беттеріне кіруге мүмкіндік туады.

Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бүл терезе әкранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды[3] .

Бас терезенің барлық әлементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.

Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бүдан кейін ашылған көме Run меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар) . Олардың ішінен Customize-ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Сommands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны әкранға тасып апаруға болады[4] .

Borland Delphi ортасының 5-нұсқасынан бастап, үш жаңа интерфейстік әлементтермен толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан. Осы инструменттердің көмегімен программист Borland Delphi -дің қалған терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап, оны түзету файлында сақтап қоюына болады. Әдетте екі немесе үш терезенің негізгі конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі және отладка. Форма жасау кезінде әкранда форманың өзі, обbектілер тармағы мен обbектілер инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.

Терезелердің сәйкес өлшемі мен оны орналастырудың күйін келтіргеннен кейін, оны мысалы, «Design desk» деген атпен сақтауға болады. Кодтау режимін түзеткеннен кейін «Соde desk», отладкалық режимді «Debug desk» деген атпен сақтауға болады[5] .

Компоненттер палитрасы - Borland Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару әлементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т. б.

Батырмалар панелі тәрізді, компоненттер палитрасы да түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және Properties опциясын таңдағанда пайда болады[6] .

Формалар терезесі Windows жобасы - болашақта программа жазатын терезе болып табылады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows -дің интерфейстік әлементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан түрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады (бұл нүктелерді алып тастау үшін Тооl/Еnvironment Орtions меню командаларының көмегімен, Рreferences қойымтасындағы Display Grid ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет) .

Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта - қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өңдейтін қосалқы программаның аты болады[7] .

Броузер терезесіндегі әлементті тышқанмен екі рет белгілеу сәйкес обbектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе оны алғашқы сақтау кезінде орындалады. Аса күрделі емес оқу программаларын құруда броузер терезесін жауып қоюға болады. Броузер терезесін шығару үшін View Ехрlorer терезесін таңдаймыз.

Borland Delphi программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін ерекше тартымды. Бірнеше түйінді сөз үйреніп, Windows-та жұмыс істеу дағдылар болса жеткілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Paint сияқты дайын объектілерді әкранның қажетті орнына жай ғана тасымалдап отыруға болады.

Borland Delphi программалау жүйесі Windows-тың барлық офистік қолданбаларына енгізілген, бұл жағдайда ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.

Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы, нәтижелі бағдарламалық құралдарын қажеттілігі «жылдам өндеуші» жүйелі программалаудың пайда болуына әкеліп соқтырды, олардың ішінен Borland Delphi және Microsoft Visual Basic атап өтуге болады. Жылдам өндеуіш жүйелер негізінде (RAD-жүйесі, Rapid Application Development - қосымшаларды жылдам өндейтін орта) оқиғалы программалау мен визуалды жобалау технологиясы жатады, өндеу ортасы өзінің мойнына жұмыстың үлкен көлемін алады, программистке тек қана диалогті терезелерді құрастыруға және функцияларды өндеу. RAD-жүйесін қолданғанда программалаушының өнімділігі фантастикалық болып табылады[8] .

Borland Delphi - дегеніміз жылдам өндеу ортасы, программалау тілі ретінде Delphi тілі қолданылады. Delphi тілі - қатаң объекті бағытталған типті тіл, оның негізіне программистерге танымал Object Pascal жатады.

Borland Delphi ортасы - программистің аса тиімді жұмысын қамтамасыз етуші күрделі механизм. Визуалды ол бірнеше терезелермен бір уақытта жұмыс істеуді жүзеге асырады. Терезелер жартылай немесе толығымен әкранды жауып отыруы мүмкін, әдетте Excel-де немесе Word-да жұмыс істеп үйренген, оның қатан текстік процессіне жатыққан қолданушыға ыңғайсыз болып келеді. Тәжірибеленгенен кейін бұл ыңғайсыздық кетеді.

Жылдам өндеуіш жүйелер негізінде (RAD-жүйесі, Rapid Application Development - қосымшаларды жылдам өндейтін орта) оқиғалы программалау мен визуалды жобалау технологиясы жатады, өндеу ортасы өзінің мойнына жұмыстың үлкен көлемін алады, программистке тек қана диалогті терезелерді құрастыруға және функцияларды өндеу. RAD-жүйесін қолданғанда программалаушының өнімділігі фантастикалық болып табылады.

Borland Delphi-да программалауда екі процесс әрекеттеседі: программаның визуалды құрастыруында (Windows терезелерін жасауда), және кодты жазу процесінде, ол терезе әлементтеріне қажетті функционалдығын береді. Кодты жазу үшін код терезесі қолданылады, программаны құрастыру үшін форма терезесі қолданылады. Форма терезесімен код терезесінің арасында ажырамас байланыс бар оны Delphi қатаң қадағалап отырады. Ол дегеніміз формада қандайда бір компонеттің пайда болуы немесе жоюлуы кодтын өзгеруіне әкеліп соқтырады немесе керсінше кодтын жойылу компонентің жояды. Сондықтан программистер алдымен форманы құрастырады, содан соң код фрагментін жазуға көшеді.

Delphi тіліндегі бағдарламаның құрамына . dpr кеңейтілуі бар жобаның файлы және . pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлдары кіреді.

Объектілік типтердің негізгі қасиеттері- функционалды толықтығы және өрістер мен әдістерінің бір бірінен ажыратылмауы оларды бағдарламаның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай обьектілерді бір бағдарламадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті обьектіге бағытталған бағдарламалау тәсілдері деп аталады.

Модульдер - бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді. Модульдің коды бағдарламының бет алысын анықтайды.

Модуль басқа модульдерде жне бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін туғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар жиынтығанан тұратын бағдарлама. Модульдер қолданбалы бағдарламалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегментінде орналасады. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын бағдарлама. Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламаларды құруға болады.

Кез келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіріді: тақырыбы, интерфейстік бөлігі, орындалтын бөлігі, терминатор

Delphi-да программалауда екі процесс әрекеттеседі: программаның визуалды құрастыруында (Windows терезелерін жасауда), және кодты жазу процесінде, ол терезе әлементтеріне қажетті функционалдығын береді.

Delphi - ең күрделі жүйелердің бірі, бұл бағдарламалау тілі Windows - тың жеке қолданбалы бағдарламаларын, сонымен қатар корпоративті желілерде, Интернетте жұмыс істеу үшін тағайындалған әр түрлі тармақты комплекстерді құруды қамтамасыздандырады.

Delphi тілі Object Pascal тілінде жасалған. Borland (Turbo Pascal 1. 0 бастап) фирмасының Паскаль тілінің компиляторлары ең жылдам компиляторларының бірі болды. Қазіргі кезде Object Pascal - бұл жақсы компилятор түріндегі объектті- бағытталған тіл.

Объектті бағыттау принциптерінен жасалған қосымша - бұл кез келген операторлардың тізбегі емес, қатты алгоритм да емес. Объектті - бағытталған бағдарлама - бұл объекттердің және олардың қарым- қатынастарының жиынтығы. Мұндай жағдайларда жеке (басты) объект болып бағдарламаның қолданушысы болады. Ол негізгі, бірақ жалғыз емес қосымшаларды басқаратын жағдайлардың қайнар көзі болады.

Объектті кез келген мәліметтердің және олармен жұмыс істейтін әдістердің жиынтығы түрінде анықтауға болады. Мәліметтерді жазулардың өрістері түрінде қарастыруға болады. Бұл объекттердің сипаттамалары.

Бағдарлама қолданушысында және объекттерінде бұл объекттерді оқудың мүмкіндігі болу керек, сонымен қатар оларды кез келген түрде өңдеу және объектке жаңа мәліметтерді жазулары керек. Мұнда инкапсуляция принциптері маңызды болады. Осындай жағдай бойынша 2 мәселені қарастыруға болады.

Біріншіден, объект сенімді түрде жұмыс істеу үшін оның мәліметтерінің бүтінділігін және қайшылықсыздығын ескеру керек. Егер біз бұны ескермесек, онда сыртқы объект немесе қолданушы объектке дұрыс емес мәліметтерді еңгізеді.

Екіншіден, сыртқы объекттерді мәліметтердің ішкі жүзеге асыруының ерекшеліктерінен бөлу(айыру) керек. Мәліметтердің сыртқы тұтынушылары үшін тек қана қолданушылық интерфейс қолайлы болады - ол қандай мәліметтер, функциялар бар екендігін және оларды қалай қолдану екендігін сипаттайды. Ал ішкі жүзеге асыру - бұл объектті өңдеушінің ісі. Мұндай келуде өңдеуші кез келген уақытта объектті модернизациялайды, мәліметтерді сақтаудың құрылымын және көрсету формасын өзгерте алады. Мұндай принципті қолдану үшін көп жағдайда объектте мәліметтерге жасалатын қажет операцияларды қамтамасыздандыратын (мысалы: оқу, жазу, түрлендіру) процедуралар және функциялар анықталады. Бұл функциялар және процедуралар әдістер деп аталады. Мәліметтер және оларды оқу әдістерінің жиынтығы қасиет деп аталады. Қасиеттерді жобалау кезінде орнатуға болады. Оларды қолданбалы бағдарламаны орындаған кезде де өзгертуге болады.

Жеке мәліметтермен жұмыс істейтін әдістермен қатар объектте барлық жиынтықпен жұмыс істейтін және оның құрылымын өзгертетін әдістер бар. Сондықтан, объект қасиеттердің және әдістердің жиынтығы болады. Внешнее управление объектом осуществляется через обработчики событий.

Объекттердің кейбір жиынтығы туралы немесе бағдарлама туралы көрініс толық болмайды. Көп жағдайда күрделі бағдарлама - бұл объекттердің алдын ала анықталған жиынтығы ғана емес. Жұмыс істеу кезінде объекттер құрылып жойылулары мүмкін. Сондықтан бағдарлама құрылысы орындалу кезінде өзгеретін динамикалық құрылым болып табылады. Объекттерді құру және жоюдың мақсаты - компьютер және жад ресурстарын әкономдау. Есептеу техникасының дамуына қарамастан жад қашан да күрделі қосымшалардың мүмкіндігі болады. Бұл бағдарламалық жобалар күрделігінің, сонымен қатар техникалық қамтамасыздандыруының өсуімен байланысты. Сондықтан бағдарламаны орындаған кезде керек емес объекттерді жою керек. Бұл кезде онымен белгіленген жадтың облыстары да босатылады. Жадты динамикалық үлестіру мақсатымен барлық объекттерге оларды құру әдістері - конструкторлар және жою - деструкторлар жатады. Алғаш рет қосымшада (қолданбалы бағдарламада) болатын сол объекттердің конструкторлары бағдарламаны жүзеге асыру кезінде орындалады. Бұл уақытта қосымшада болатын барлық объекттердің деструкторлары қосымшаның жұмысы аяқталған кезде орындалады. Бірақ орындау кезінде әр түрлі жаңа объекттер (мысалы, құжаттардың жаңа терезелері) олардың конструкторлары мен деструкторларының көмегімен динамикалық түрде құрылады және жойылады.

Delphi ортасында жұмыс Delphi Өңдеудің Интегралданған Ортасында (ӨИО немесе Integrated development environment - IDE) жүргізіледі. Орта компоненттер орналасатын формаларды (қосымшада олар бірнеше болулары мүмкін) көрсетеді (береді) . Әдетте бұл терезелік форма, бірақ олар көрінбейтін формалар болулары да мүмкін. Формаға тышқанның көмегімен Delphi кітапханасында бар компоненттердің пиктограммаларын орналастырады. Қарапайым манипуляциялардың көмегімен бұл компоненттердің өлшемін және орналасуын өзгертуге болады. Бұл кезде жобалау кезінде нәтижені көруге болады - форманың түрін және онда орналасқан компонеттердің. Жобалау нәтижесін қандай да тышқанмен орындаған операцияны орындағаннан кейін көруге болады.

Delphi ортасында бағдарламалау екі үрдістің тығыз қарым - қатынасында құрылады: бағдарламаның визуалды көрінісін құру үрдісі (яғни Windows - терезелер) және кодты жазу үрдісі. Кодты жазу үшін бір терезе қолданылады, бағдарламаны құру үшін - Delphi - дің қалған терезелері, яғни форманың терезесі.

Формалар терезелерінде және кодта бар мәліметтер арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланысты Delphi байқайды. Бұл формада компонентті орналастыру, бағдарламаның кодын автоматты түрде өзгертуге әкелетінін білдіреді, және керісінше кодтың автоматты түрде қойылған фрагменттерін жою сәкес компоненттерді жоюға әкелуі мүмкін. Осыны есте сақтап программистер ең алдымен форманы құрып, оған компоненттерді орналастырады, ал содан кейін қажет болса жұмыс істейтін бағдарламада компонеттің қажет тәртібін қамтамасыздандыратын кодтың фрагментін жазады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеуді бастағанда Delphi оның Windows - та дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыздандыратын минималды қажет кодты құрады. Сондықтан қарапайым бағдарлама File New Application опциясын таңдағаннан кейін дайын болады.

Модуль жаңа форманы құрған кезде құрылады (бағдарламада бір емес, бірнеше, ондай формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкін) .

Бағдарламаны компиляциялау кезінде Delphi pas, dfm кеңейтілуі бар файлдарды және әр модуль үшін өстерді құрады: pas - файл бағдарлама кодының терезесінен алынған мәтіннің көшірмесінен тұрады, , dfm кеңейтілуі бар файлда форма терезесінде болатын мәліметтер сақталынады, ал өс - файылында екі файлдан алынған мәтіндерді машиналық инструкцияларға түрлендіру нәтижелері. Dcu файлдарын компиляторлар құрады және компоновщиктың жұмысы үшін қажет базаны береді. Ол бұл базаны ехе кеңейтілуі бар бір файлға түрлендіреді. .

Алғаш рет терезенің тақырыпшасы форманың тақырыбына сәйкес келеді: Formi. Тақырыпты өзгертуді Объекттер Инспекторының терезесінде жасау керек.

Procedure сөзі компиляторды бағдарлама - процедураның басталуы туралы ескертеді (Delphi - де бағдарламалар - функциялар қолданылуы мүмкін, бұл жағдайда procedure (процедура) орнына function (функция) сөзін қолданады) . Одан кейін TFormi. ButtonlClick процедурасының аты жазылады. Бұл ат - құрмалас: ол TForm1 классының атынан және Button1Click процедураның атынан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер банкі
Мониторинг түсінігі
Суды тиімді пайдалану. Сумен қамтамасыз етуге бөлек жүйелерді қолдану
Климаттық мониторинг
«Компьютерлік техника дүкені» мәліметтер қоймасын өңдеу
«Таныстыру бюросы» мәліметтер қорын өңдеу
Су ресурстары және оны қорғау
Алкилдеу процесі
Linux жүйесі
Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz