Дәріхананың ақпараттық жүйесін жобалау. Дәрілік заттарды есепке алу ішкі жүйесі


Қазтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті
Есеп-қаржы факультеті
Ақпараттық есептеуіш жүйелер кафедрасы
Курстық жОБА
Пән: «ЭАЖ-дегі жаңа технологоиялар»
Тақырыбы: Дәріхананың ақпараттық жүйесін жобалау.
«Дәрілік заттарды есепке алу» ішкі жүйесі.
Орындаған:
Жетекші:
Қарағанды 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жаңа заманға қарай кез келген кәсіпорынның қайсысы болмаса да, құжат ақпарат берудің негізгі әдісі болып табылады. Кәсіпорын бизнесінің сәтті жүргізілуі үшін ақпараттық ресурстардың сақталуы мен ұтымды пайдалануының маңыздылығы даусыз.
Дер кезінде шешім қабылдай білу және болған жағдайларға дұрыс көзқарас білдіріп, нарық өзгерістерін терең сезіну, білу басшылардың талантына ғана емес, тәжірибесіне де байланысты. Кәсіпорынды басқарудың білімділігі құжатайналым басқарудың дұрыс ұйымдастырылғанына да байланысты.
Жинақталған ақпараттың шын мәнінде тиімсіз пайдаланылуы (немесе одан сорақасы, одан айырылуы және т. б. ) бизнестің жойылып кетуіне әкеліп соғады. Уақытылы алынбаған құжат немесе ақпарат, біріншіден, жоғалған ақшаға, уақытқа және жіберіп алған мүмкіндіктерге әкеліп соғады. Осыдан келіп, кез келген кәсіпорында әр түрлі құжатпен жұмыс істесуде ерте ме, кеш пе ақпараттардың маңызды көлемін қауіпсіз түрде сақтау, өңдеу, жүйелеу мәселелері тұрады. Дәріхана қызметін оңтайландыруда ақпараттық жүйелердің атқаратын рөлі маңызды болып табылады.
Корпоративтік бизнес-ақпараттың тасқыны шығуы мен берілу түрлеріне қарай әр қилы екенін атап өту керек. Бірақ оларды сақтау түріне қарай шартты түрде электронды және қағазды құжат деп тіркеуге болады.
Қағаз құжаттардың көп болуы, сонымен қатар олардың тез шешімін талап етуі тәжірибешілерді автоматтандыруға көп көңіл бөлу керек, өйткені дамудың негізгі қызметі қабылданған шешімдердің тиімділігін көтеру болып табылады.
Шыққан деректер көлемінің ұлғаюы, кезінде ақпаратты өңдеудің және шешім қабылдаудың (қағаз нұсқасы) ескі технологиялары түскен материалдарды уақытылы, әрі жылдам қабылдауға кедергісін келтіреді. Одан келіп, ақпараттарды өңдеудің персоналды жүйесін жетілдіру, құжатайналымды ықшамдау, жеке компьютерлер негізінде автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу мәселесі тұрады.
Дәстүрлі құжатайналымнан (қағаз нұсқа) машинажазбаға көшу процесі түскен материалдарды талдаудың шапшаңдығын ұлғайтуға әкеліп соғуы мүмкін. Осыдан келіп, адам факторын баспай, керісінше, барлық құрылымның жұмысын нақты, әрі дәлірек ету автоматтандырудың үлесінде болып шығады.
Сол себепті электронды түрде ақпаратты өңдеу технологиясын енгізу, одан келіп түскен дәріханадағы дәрі-дәрмектер қозғалысын жедел бақылау, сондай-ақ ақпараттарды сақтаудың тиімділігін арттыру қажеттілігі туындайды.
Дәріхана жұмыс орнын автоматтандыру тапсырмасында жедел жинақтылық, ақпараттың бүтінділігі және сақтанушылығы, ақпаратты уақытысында өңдеу, ақпаратты рұқсатсыз қатынаудан сақтауды қамтамасыздандыру, ақпаратқа қатынау мүмкіндігін жоғарылату тапсырманың негізгі өзектілігі ретінде қабылданады.
Біздің қаланың дәріханалары қазіргі таңда дәрі-дәрмектерді тіркеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламаларды пайдаланады. Дәріханалар есебі мен дәрі-дәрмектерді тіркеу есебі бөлек жүзеге асырылады, яғни құрастырылған ақпараттық жүйелер аналогтары қолданылмайды. Курстық жұмыстың мақсаты «Дәрі-дәрмектерді есепке алу» ақпараттық жүйесін құрастыру. Бұл ақпараттық жүйе дәріхана жұмыстарын автоматтандыруға арналған:
- Дәрі-дәрмектерді тіркеу;
- Дәрі-дәрмекке тапсырысты рәсімдеу;
- Дәрі-дәрмектерді іздеу жұмысын қалыптастыру;
- Стандартты және еркін есептілік пен сілтемелерді автоматты құрастыру мен басып шығару;
- Ақпаратқа қол жетімділікті қалыптастыру;
- Ақпараттың толықтығын, өзектігін қамтамасыз ету;
Құрастырылған ақпараттық жүйе дәріхана жұмысын оңтайландыруға, мәліметтерді белсенді күйде қолдауға, нормативтік-анықтамалық ақпараттарды енгізуді жүзеге асыруға, әр түрлі есеп берулерді дайындауға, сонымен қатар сенімді, әрі толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Зерттеу саласының жалпы сипаттамасы
Дәріхана - дәрі-дәрмек дайындайтын және сататын мекеме немесе аурухана бөлімшесі. Ең алғашқы дәріхана 754 жылы Бағдатта ашылған. Қазақстанда тұңғыш Дәріхана - 1842 жылы Орал қаласында ашылған.
Дәріхана - тұрғындарға дәрігердің рецепті бойынша дәрі әзірлейтін не дайын фармацевтика өнімдерін беретін мекеме. Онда рецептісіз сатылатын дәрі-дәрмектер, науқасты үйде күтуге қажетті заттар да болады. 1932 жылы облысы дәріхана басқармасы құрылып, 1933 жылы тұңғыш дәріхана ашылды. Ұлы Отан соғысы кезінде облыста 7 дәріхана, 25 дәріхана пункті жұмыс істеді. 60 жылдары дәріхана саны 60-қа жетті.
Дәріхана үш құрылымдық бөлімшеге ие:
- Дәрі-дәрмектер қоры бөлімі;
- Дайын дәрі-дәрмектер бөлімі (ДДДБ) ;
- Рецептік өндіріс бөлімі (РӨБ) ;
Дәрі қоры бөлімінің негізгі қызметі:
- Дәрі-дәрмектерді қабылдау және оның өтуін есепке алу;
- Дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтауын қамтамасыз ету;
- Емхана кабинеттерінің және бөлімшелерінің тапсырыстары бойынша дәрі-дәрмектерді жіберу;
Дайын дәрі-дәрмектер бөлімінің басты міндеті:
- Өндірісте шығарылған дайын дәрі-дәрмектерді тұрғындарға өткізу;
- ВАЗ арқылы дайындаған дәрі-дәрмектерді тұрғындарға жіберу;
- Рецептурасыз дәрі-дәрмектерді жіберу;
Рецептік өндіріс бөлімінің қызметі:
- Емхана кабинеттерінің және бөлімшелердің тапсырыстары бойынша зарарсыз және зарарсызданбаған дәрі-дәрмектерді дайындау;
- Экстемпоралды рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді дайындау.
Дәріхана штаты 4 провизорлардан құралады:
Дәріхана Аманат Қарағанды қаласы, Гапеева көшесі, 9/2
Сурет 1. Дәріхана провизорлары.
Сурет 2. Дәріхана штаты.
Дәріхананың ең негізгі жұмыс көрсеткіші көтерме және бөлшектеу тоуарайналым болып саналады. Бөлімшелерден түскен тапсырыстар дәрі дәрмектер қажеттігін анықтайтын басты тұтқышы болып есептеледі. Дәрі дәрмектерді таңдау белгісіне төмендегі тұтынушы қасиеттері тән:
- Тиімділік;
- Қауіпсіздік;
- Сенімділік;
- Ыңғайлылық және қабылдау жайлылығы;
Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету:
- Медицина орталығы айсайын жүргізілетін тендер арқылы дәрі -дәрмектердін негізгі жабдықтаушысы. Мемлекет тапсырысы алдында тендер артықшылығы - дәрі-дәрмектердің саудалық атауларын және шыққан жерін көрсеткені, бұл дәрі-дәрмектерді генериктермен алмастыруына мүмкіншілік бермеуі.
- МТЖБ-ы арқылы айсайынғы тапсырыстары бойынша дәрі дәрмектерді жеткізеді.
- Мемлекеттік сатып алу бағыты бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізу.
Маркетинг тәсілі - дәрі-дәрмектер қорын жинақтау мақсатында дәріхананың сыртқы және ішкі ортасын жүйелі, мүмкіндігінше толық және тәуелсіз ұдайы зерделеу. Дәріхананың ішкі ортасы сатып алушылардың қанағаттандырылған және қанағаттандырылмаған сұраныстарымен, дәріхана жұмысы туралы статистикалық деректермен, қаржы қаражаттарының бөлінуі мен жұмсалуы туралы деректермен, дәріхананың ағымдағы және алдыңғы жылдардағы жұмысының салыстырмалы талдауы деректерімен анықталады. Дәріхана кеңесінің, сатып алушылар активінің, жекелеген фармацевттердің дәріхананы жинақтауға көмектесе алатын ішкі орта ретінде көрінуі мүмкін.
Жинақтауға көмек көрсете алатын дәріхананың сыртқы ортасы дәрі-дәрмектер, түрлі бағыныстағы дәріханалардың айырбас қорлары, сондай-ақ қаржы топтары бола алады.
Дәрі-дәрмектер қорын жинақтау бастапқы және ағымдағы жинақтау барысында жүзеге асырылатын дәрі-дәрмектерді алғашқы іріктеуден және дәрі-дәрмектерді жете жинақтау мен пайдаланылмайтын және ескірген дәрі-дәрмектерді есептен шығару жолымен қор құрамын және оны сатып алушылардың пайдалануын талдау нәтижелерін есепке ала отырып жүргізілетін қайталама іріктеуден құралады.
Автоматтандырылған жүйелері бар дәріханаларда құжатпен жабдықтау көздері туралы барлық мәліметтер компьютер жадына түсіріледі.
Дәріханаларымыздың бүгінгі күн талабына сай болуы, біріншіден, тұрақты және жігерлі дәрі-дәрмектерді тіркеудің арқасында жұмысты табысты түрде қамтамасыз ету болса, екіншіден, тиянақты, шындық және жедел түрде ақпарат беру мақсатында пайдаланушыларды қанағаттандыру болып табылады.
- Пәндік облысты сипаттау
1. Жүйенің тағайындалуы және оны құру мақсаттары
1. 1 «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ның тағайындалуы.
Дәріханалар қызмет көрсету бойынша маманның автоматтандырылған жұмыс орны кәсіпорын қызметкерлерін басқару мен ондағы дәрі-дәрмектер айналымының автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Оны қызметкерлерді басқару функцияларын (талдау, жоспарлау және есепке алу) автоматтандыру үшін қолдануды болжамдайды.
1. 2 «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ны құру мақсаттары:
- сенімді және оперативті ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және беру;
- ақпаратты өңдеуге кететін уақытты қысқарту;
- ақпаратты өңдеуге (дәрі-дәрмектерді енгізу, өңдеу және т. б. ) кететін уақыт шығындарын азайту;
- өңделетін ақпаратты қадағалау және есепке алу сапасын жоғарылату;
- дәріхана бөлімі жұмысының тиімділігін арттыру.
2. Автоматтандыру объектісінің сипаттамасы
2. 1 Объекті туралы қысқаша мәліметтер
Дәріхана қызмет көрсетулері келесідей міндеттерін ерекшелеуге болады:
- кәсіпорынды басқарушы қызметкерлерімен және мамандармен, мамандығы, кәсібі және квалификациясы кәсіпорын профиліне сәйкес келетін жұмыскерлермен комплектациялау;
- дәріхана қызмет көрсету қозғалысын, қызметкерлердің мансаптық өсуін қамтамасыз ету, қызметкерлерді жоғарылату үшін резервтерді дайындау;
- қызметкерлердің квалификациясының жоғарылауын қамтамасыз ету;
- жеке құрамды есепке алу;
- дәріхана қызмет көрсету резервін құру;
- дәріхана қызмет көрсетулерді тіркеу және дәріхана қызмет көрсету құжаттамаларын рәсімдеу;
- жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
Қызметтің міндеттері:
Дәріхананың барлық жұмыскерлері өз сатып алушыларының сұраныстарын қанағаттандыра бермейді, дәріхана қызметкерлері ұстамдылыққа және байсалдылыққа ие болуы тиіс. Қасақана теріс әрекеттер жасау сатып алушымен санаспау, сатып алушыны қанағаттандырмайтынын естен шығармау керек.
Дәріхана меңгерушісінің стратегиялық тапсырмаларын қамтамасыз етуге тиіс. Дәріхана меңгерушісі - басшылар кеңесіне дәріхананың қаржы жоспарын ұсынады және оның орындалуына жауап береді. Дәріхана меңгерушісі жыл сайынғы жоспарлардан басқа ұзақ мерзімді жоспардың әзірленуіне жауап береді, онда кәсіпорынның ұзақ мерзімдік мақсаттары айқындалуы керек және осы мақсаттарға жету стратегиясы орындалуы тиіс.
Дәріхана меңгерушісінің маңызды тапсырмалары марапаттау жүйесін және қызметкерлерден өндіріп алу жүйесін және оның сақталуын бақылау болып табылады.
Дәріхананың фармация менеджері - қызметкерлердің әкімшілік басқармасын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің штаттық жиынын жүргізеді, құжаттар айналымын реттейді, дәріханадағы жұмысты бақылайды. Дәріхана меңгерушісі қалыпты еңбек жағдайларын және қызметкерлердің демалысын қамтамасыз етуге (дер кезіндегі арнайы киіммен қамтамасыз ету, қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, шешінетін орынды, демалыс орындарын жабдықтау және т. с. с. ) .
Фармацевттардың тапсырмалалары:
- Біріншіден, ол сатып алушының барлық тілектерін толығымен қанағаттандырып, сондай-ақ ол қайтадан дәріханаға келетіндей етіп жұмыс істеуі қажет;
- Екіншіден, ол дәріхананың кіріс кіргізуін қамтамасыз ете отырып, дәріхана меңгерушісінің алдындағы міндеттемелерін орындауы тиіс.
Дәріхана меңгерушісінің қарамағына мыналар енеді:
1. Фармация менеджері;
2. Бас фармацевт;
3. Қауіпсіздік қызметі;
4. Қаржы жөніндегі менеджер;
5. Тазалықшылар.
2. 2 Автоматтандыру объектісінің эксплуатациялау шарттары туралы мәліметтер.
Аталған жүйе мамандар бойынша дәріхана бөлімі ішінде функционалданады. Ақпараттық жүйе қалыпты жағдайларда, яғни конструктивті температурада, қысымда, жарамсыздықтың шекті деңгейі кезінде функционалдау керек. Аталған жағдайлар «Өндірістік мекемелердің микроклиматқа қойылатын гигиеналық талаптар» атты СанПин-ге сәйкес келуі қажет.
2 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМІ
2. 1 Автоматтандыру объектісіндегі қолданылатын жүйенің сипаттамасы
1. Жүйеге тұтасымен қойылатын талаптар
1. 1 Жүйенің құрылымына және оның функционалдануына қойылатын талаптар.
Жүйе бірыңғай ақпараттық кеңістікте функционалдау қажет, деректерді өңдеу мен ұсынудың бірыңғай технологиясын қолдауы керек, деректерді бір рет енгізу принципі бойынша жүзеге асырылуы қажет, жүйені қолдану процесі аспаптық құралдардың бірыңғай жиынтық жүйелері шеңберінде болуы керек, жүйе ақпаратты сақтау құрылымының ашықтылығын қолдауы керек.
Дәріхана Аманат Қарағанды қаласы, Гапеева көшесі, 9/2
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО келесідей ішкі жүйелерден тұрады:
- ақпараттық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- бағдарламалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- лингвистикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- математикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- құқықтық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- әдістемелік қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- ұйымдастырушылық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- техникалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- технологиялық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі.
1. 2 Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасуға арналған байланыс құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптар.
Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасу үшін «клиент-сервер» архитектурасы бар жергілікті желісі ұйымдастырылуы қажет. Бұл қажеттілік келесідей маңызды факторлармен түсіндіріледі: ақпаратты параллельді өңдеу мүмкіндігі, деректер мен құрылғыларды бірге қолдану мүмкіндігі, ақпаратқа оперативті қатынау, ақпаратпен алмасу мен қызметкерлер арасындағы өзара әрекеттілік процестерінің жақсаруы.
1. 3 Құрылатын жүйенің өзара байланыс сипаттамаларына қойылатын талаптар, оның үйлесімділігіне қойылатын талаптар.
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО деректері дәріхана бөлімінің барлық жұмыскерлерімен қолданылуы қажет. «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО мен қызмет көрсетулер арасындағы ақпараттың алмасу процесі сәйкес құжаттарды жіберу жолымен жүргізілуі қажет. Сыртқы серіктестіктермен ақпаратты алмасу процесі интернет көмегімен жүзеге асырылуы керек.
1. 4 Жүйенің функционалдану режиміне қойылатын талаптар.
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ны қолдану кәсіпорынның жұмыс уақытыс кезінде жүзеге асырылуы қажет.
1. 5 Жүйенің диагностикасына қойылатын талаптар.
Техникалық құралдардың диагностикасы мен профилактикасы айына бір рет жүргізілуі керек. Деректер базасының диагностикасы бірқатар жазбаларды таңдау жолымен аптасына бір рет жүргізілуі керек. Деректердің тұтастығын тексеру қажет жағдайда жүргізіледі. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды тексеру қажет жағдайда жүргізіледі.
1. 6 Жүйенің перспективасы, жүйенің модернизациясы.
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ның модернизациясы екі бағытта жүргізілуі мүмкін: «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ның бағдарламалық қамтамасыздандырудың модернизациясы және оның техникалық қамтамасыздандыруының модернизациясы. Бағдарламалық қамтамасыздандыруының модернизациясы кезінде АЖО-мен жұмыс істеу үшін құрылған бағдарламаларда өзгертулер енгізілуі мүмкін немесе толықтырулар жүргізілуі мүмкін (мысалы, жаңа дәрі-дәрмектерді енгізу кезінде), сонымен қатар сатып алынатын бағдарламалық құралдар алмастырылуы мүмкін. АЖО-ның техникалық модернизациясы жаңа техникалық құралдарды сатып алу жолымен немесе ескі техникалық құралдарды модернизациялау жолымен жүргізілуі керек.
1. 7 Қызметкерлер саны мен квалификациясына қойылатын талаптар.
1. 7. 1 АЖ қолданушылар санына қойылатын талаптар.
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ның қызметкерлер саны штаттық кесте бойынша анықталады.
1. 7. 2 Қызметкер жұмысының талап етілетін режимі.
Кәсіпорын қызметкерлері жұмысының талап етілетін режимі - 9 00 -19 00 дейінгі толық жұмыс күні. Негізгі үзіліс уақыты 1 сағатты құрау керек. Демалуға арналған қосымша үзілістер қажығандық деңгейіне байланысты берілуі қажет.
1. 8 Жүйе сенімділігіне қойылатын талаптар.
Аталған жүйе құралдардың істен шығу процесіне, сондай-ақ электр көздеріне тұрақтылыққа ие болуы қажет. Жүйенің сенімді жұмыс істеуі үшін жоғарғы сенімді техникалық құралдар қажет. Сондай-ақ аса маңызды блоктарды автоматты резервтеу құралдары қажет.
Сенімділіктің құрамдас бөліктерін сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:
- дайындық коэффициенті
К г =Т:(Т+Т в ), (1)
мұндағы, Т в - қалпына келудің орташа уақыты, Т - ақаусыз жұмыс істеудің орташа уақыты.
- техникалық қолдану коэффициенті
К т. н. =Т:(Т+Т в +Т пр ×η), (2)
мұндағы, Т пр - бір қызмет көрсету сеансының орташа ұзақтылығы, η = n/r, n - қызмет көрсету саны, r - бас тарту саны.
Сенімділікке қойылатын талаптар келесідей апатты жағдайлар үшін тағайындалуы қажет:
- «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ның техникалық құралдарының істен шығуы;
- электр көзінің жоқ болуы;
- «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ның бағдарламалық құралдарының істен шығуы;
- «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО қолданушыларының қате әрекеттері;
- өрт, жарылыс және т. б.
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ның техникалық және бағдарламалық сенімділігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес келуі керек.
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-ны құрастырудың әртүрлі кезеңдерінде сенімділік көрсеткіштерін бағалау және қадағалау әдістері келесідей ерекшеліктерге жауап беруі қажет:
- көп функционалдылық;
- АЖО компоненттерінің өзара байланысының күрделі формалары;
- АЖО жеке компоненттерінің істен шығуының уақытша арақатынас рөлі;
- бас тартуынсыз және қалпына келу жұмысының орташа уақытты үлестіру заңдары.
1. 9 Жүйенің қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптар.
Жүйенің техникалық құралдарын монтаждау, қызмет көрсету, ремонттау және эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік шаралары ретінде келесідей стандарттармен орнатылған талаптар сақталуы қажет:
- СаНПиН 2. 2. 4/2. 8056-96 «Радиожиілікті диапазонның электромагниттік сәулеленуі»;
- МемСТ Р 50377-92 (МЭК 950-86) «Ақпараттық технология құралдарының қауіпсіздігі, соның ішінде электрлік конторлық құралдар»;
- МемСТ 27954-88 «Дербес есептеу машиналарының бейнемониторлары. Типтері, негізгі параметрлері, жалпы техникалық талаптар».
1. 10 Жүйе компоненттерін эксплуатациялауға, техникалық қызмет көрсетуге, ремонтқа және сақтауға қойылатын талаптар.
Жүйенің техникалық құралдарына қызмет көрсетуге уақыт бөлу қажет (айына бір рет) .
АЖО-ның қызметкерлері мен техникалық құралдарын орналастыру үшін жұмыс орындарын төле бөлмелерінде орналастыру рұқсат етілмейді. ДЭЕМ бар бір жұмыс орнына бөлінген аудан мөлшері 6, 0м 2 -ден, ал көлемі 20, 0м 3 -ден кем болмауы қажет.
Энергия жабдықтау желісі келесідей параметрлерге ие болу қажет: кернеу - 220В, жиілік - 50Гц.
АЖО-ның техникалық құралдарына қызмет көрсету үшін инженер-электронщик керек. Оның білімі орташа мамандандырылғаннан төмен болмауы тиіс (мүмкіндігінше жоғары) . Инженер-электронщик жоспар бойынша техникалық құралдарға қызмет көрсету үшін айына 1 кун немесе АЖО қолданушыларының өтініші бойынша техникалық құралдар істен шыққан жағдайда бөлу керек.
1. 11 Рұқсатсыз қатынаудан ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар.
Ақпаратты қорғау мынадай болуы қажет:
- бағдарламалық (құжаттарды тек оқу үшін ғана ашу және т. с. с) ;
- техникалық (электрондық кілттер) ;
- ұйымдастырушылық (парольдер, құлыптар, мекемелердегі сигнализациялар) .
1. 12 Ақпаратты сақтауға қойылатын талаптар.
Ақпаратты сақтау процесі келесідей жағдайларда қамтамасыз етілуі қажет:
- АЖО техникалық құралдарының істен шығуы;
- табиғи апаттар (өрт, су тасқыны, жарылыс, жер сілкінісі және т. б. ) ;
- ақпарат тасымалдаушыларын, жүйенің басқа да құралдарын ұрлау;
- бағдарламалық құралдардағы қателер;
- қолданушылардың қате әрекеттері.
Ақпаратты сақтау үшін электр көзінің өшуі кезінде деректерді бұзылудан қорғау үшін үзіліссіз электр көздерінің блоктарын қолдануды қарастыру қажет, деректерді сенімді сақтау үшін бірнеше дисктерде ДБ-ның күнделікті резервті көшірілуін жүргізу қажет.
1. 13 Сыртқы ықпалдардан қорғайтын қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар.
«Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алу» АЖО-да радиоэлектрондық қорғаныс құралдары болуы қажет. Жұмыс кезінде техникалық құралдармен құрылатын, сондай-ақ қосу және сөндіру кезінде пайда болатын радиокедергілер деңгейі радиожиілік бойынша Мемлекеттік комиссиясымен мақұлданған мәннен аспауы тиіс. Сонымен қатар АЖО-ның сыртқы ықпалдардан (найзағайдан, жарылыстан және т. б. ) қорғайтын арнайы қорғаныс құралдары қажет. Мекемені өндірістік бөгеттер мен электромагниттік өрістерден экрандау құралдарын пайдалану керек.
1. 14 Стандарттау мен унификация бойынша талаптар.
АЖО-ны функционалдау процесінде «Дәріханада дәрі-дәрмектерді есепке алуда» қолданылатын классификаторлар мен формалары бар құжаттар қолданылуы қажет. Сонымен қатар, АЖО шеңберінде бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдану ыңғайлылығы есебімен аталған құралдарды қолдану қажет.
2. Жүйемен орындалатын есептерге қойылатын талаптар.
2. 1 Автоматтандыруы қажет функциялар тізімі:
- қызметкердің анкетасы мен жеке карточкасы негізінде қызметкер туралы ақпаратты қалыптастыру;
- қызметкерлердің суреттерін графикалық түрде сақтау;
- жұмыс уақыты табелін қалыптастыру;
- ауруханалық парақтарын есепке алу;
- анкеталық деректер бойынша анықтамалықтарды қалыптастыру - «қызметкердің отбасы»;
- «Штаттық кесте» анықтамалығын қалыптастыру;
- жеке құрам бойынша бұйрықтар мәтіндерін қалыптастыру, олардың штаттық кестеге сәйкестілігін және демалыстар туралы ақпараттарды қадағалау;
- қызметкерлердің стажын есептеу және оны базада сақтау;
3. Қамтамасыздандыру түрлеріне қойылатын талаптар.
3. 1 Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
- деректерді сақтау, өшіру, іздеу мүмкіндіктері, сонымен қатар ДБ-ға қатынауды шектеу;
- барлық функционалдық міндеттердің құрылымдық-бірыңғай ақпараттық базасын ұйымдастыру (әдістемелік нұсқаулар, қосымша материалдар және т. б. ) ;
- деректерді оперативті өңдей және жеке анықтамалықтарды беру, ақпараттық базаны өзгерту, деректерді сенімді сақтау есебімен жүйенің тиімді функционалдануын қамтамасыз ету;
- классификаторлардың бар болуы;
3. 2 Лингвистикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
- Бағдарламалау тілі - Borland Delphi 7;
- MS Access ДББЖ;
- Деректерді енгізу-шығару шрифті - кириллица;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz