Өрт сөндіру және авариалық құтқару жұмыстары



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИАЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ - НІҢ ФИЛИАЛЫНЫҢ
МЫСАЛЫНДА РЕЛЯЦИОНДЫ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ

Дипломдық жұмыс

Қостанай, 2017
Мазмұны
1 Техникалық тапсырма 4
1.1 Құрастырудың негізі 4
1.2 Құрастыруды тағайындау 4
1.3 Бағдарламаға қойылатын талаптар 5
1.4 Техникалық құралдардың параметрлеріне және құрамына 6
қойылатын талаптар 6
2 Бағдарламалық өнімнің сипаттамасы 7
2.1 Бағдарламалық өнімде қолданылған бағдарлама туралы 7
2.2 Бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымдарына сипаттама 19
3 Қолданушыға нұсқау 42
3.1 Бағдарламаны қолдану әдісі 42
Қорытынды 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі 48

Кіріспе

Ақпараттық және компьютерлiк технологиялар әлемi, қазiргi кезде үлкен
дамулы ұмтылыстың жолында. Өткен жылдардың компьютерлiк технологиясын осы
уақытпен салыстырғанда, қазiргi компьютерлiк технология өзiнiң құз шыңына
жеттi.
Соңғы кездерде болған өзгерістер есептеу техникасын және информатикаға
тимей өткен жоқ. Мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін бағдарламалық
қамтамасыздандыру персоналды компьютерлерде көп уақыттан бері қолданылып
жатыр. Бірақ, өкінішке орай бұл бағдарламаларды мәліметтерді сақтайтын
элементарлық диспетчерлер болды және оларда қосымшаларды өңдейтін құралдар
болған жоқ немесе өте қиын болды, сондықтан қолданушыға бағытталған толық
қосымшаларды алмағанша компьютерді жақсы білетін адамдар олармен жұмыс
істеуге тырыспады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Қостанай облысы бойынша Өрт сөндіру және
авариалық құтқару жұмыстары қызметі - нің филиалының мысалында реляционды
деректер базасын жобалау.
Берілген дипломдық жобаның мақсаты Өрт сөндіру және авариалық құтқару
жұмыстары қызметі филиалының төтенше жағдайларды болғанын тіркейтін
операторға арналған, тіркеулерді, бригадалардың төтенше жағдай болған
уақытта шақыру, қайта жұмыс орнына келу кезеңдерін, бригада және онда жұмыс
істейтін қызметкерлердің тізімін қамтитын реляционды деректер базасын
өңдеу болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай міндет қойылды:
реляционды деректер базасымен жұмыс істеу үшін қолданушыға бағытталған
көптерезелі, ыңғайлы қосымшаны өңдеу. Бағдарлама Delphi тілінде жазылған.
Бұл бағдарламалау тілі Windows – тың жеке қолданбалы бағдарламаларын,
сонымен қатар корпоративті желілерде, Интернетте жұмыс істеу үшін
тағайындалған әр түрлі тармақты комплекстерді құруды қамтамасыздандырады.

1 Техникалық тапсырма

1.1 Құрастырудың негізі

Дипломдық жұмысты құрастырудың негізі болып Өрт сөндіру және
авариалық құтқару жұмыстары қызметі филиалының Өртке қарсы тұру
бөліміндегі операторлардың қызметін жеңілдету және жұмыс сапасын арттыру
үшін, реляционды деректер базасының болмауының себебінің салдары бойынша,
Мекеме басшысының тапсыруының негізінде бағдарламаны құрастыру қажеттілік
туғызды.

Бірінші кезекте бағдарлама анықталған талаптарға сәйкес және келесі
сұрақтарды шешуі қажет:
– тұтынушы – сервер архитектурасы;
– көп терезелі өте ыңғайлы интерфейс;
– бағдарлама өнімінің конфигурациясын өзгерту мүмкіншілігі.

1.2 Құрастыруды тағайындау

Бағдарламалық өнім Өрт сөндіру және авариалық құтқару жұмыстары
қызметі филиалының Өртке қарсы тұру бөліміндегі операторлардың
қызметін жеңілдетіп және жұмыс сапасын арттыруы қажет. Ол үшін бағдарламада
осы бөлімнің Операторларының қызметіне байланысты әртүрлі жағдайлар
қарастарылды. Атап айтсақ, бағдарлама арқылы төтенше жағдай болған жерге
бригаданың жібергенін көрсете аламыз, бригада қанша жұмыскерден тұратынын
және олар туралы толық мәліметтерді қамтиды.
Бағдарламаны өңдеу барысында өте көп көңіл бағдарламаның интерфейсіне
аударылды. Бағдарламаны жасау барысында тапсырушының, қолданушыларды
бағдарламамен жұмыс жасауға үйреткен жағдайда ешқандай қиындық туғызбаса
және бағдарламалық өніммен жұмыс жасау түсінікті түрде болса екен деген
ұсынысын ескеру қажет болды.
Бұнда пернетақтаны қолдану азайтылып оның орнының маусты қолдану арқылы
қамтамасыздандыру ескерілген. Бұл уақытты үнемдеп жұмыстың өнімділігін
арттыруға мүмкіндік туғызады. Бағдарлама қазіргі уақыт кезеңінде есеп
жүргізуі қажет. Бұл дегеніміз, кезкелген уақытта қойма бойынша ақпаратты
қарауға және онымен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу. Қазіргі уақыт кезеңінде
есеп жүргізу, яғни тауарды қоймадан жою, тапсырыстарды жоспарлау және т.б.
уақытында кәсіпорындағы қоймамен жұмыс жасау үшін ерекше роль атқарады.

1.3 Бағдарламаға қойылатын талаптар

Бұл бағдарламалық өнімнің өзінің анықталған талаптары бар. Ең алдымен,
бағдарламалық өнімнің қарапайымда, қолжетім интерфейсі болуы қажет.
Бағдарламада қолданушының талаптарын қанағаттандырып, мәліметтерді іздей
алатын алгоритм өнделуі қажет. Сонымен қатар, бағдарлама қолданушыға
реляционды деректер базасында сақталған мәліметтермен жұмыс жасауға
мүмкіндік туғызуы қажет.
Бағдарлама Windows 9x,Me,2K,XP басқаруында үйлесімді компьютерлердің
кезкелген ЭЕМ-де жұмыс істей алуы керек. Жұмыс істейтін оперативті жадының
мөлшері 50 мбайттан асып кетпеуі керек. Орнатқаннан кейінгі жұмыс істеп
отыратын қатты дискідегі орынның көлемі 20 Mb-н асып кетпеуі керек.
Бағдарламаны қосу және орнату кезінде қолданушыға қиындықтар туғызбауы
керек.
Қосымшаларды өңдеп шығу үшін Borland Delphi 6 интегралдық ортасы
зерттемесін пайдалану шешілді. Бұл орта визуалды емес компьютердің және
визуалды кітапханалар арқасында бағдарламалық өнімдерді жылдам және сапалы
өңдеп шығарады. Жалпы барлық қосымшаларды құру компоненттердің жұмысын
программистер логикалық бағдарламаларды өңдеуді өз қолына алады.

1.4 Техникалық құралдардың параметрлеріне және құрамына

қойылатын талаптар

Бағдарламалық өнімнің толыққанды жұмыс жасауы үшін техникалық
құралдардың параметрлеріне және құрамына қойылатын талаптар:
1. Windows операциондық жүйесі (98Millenium2000XP);
2. Pentium немесе Athlon жанұясының процессері;
3. Оперативті жадысының көлемі 64 Mb кем болмауы қажет;
4. Видеокарта 4 Mb кем болмауы қажет;
5. 800х600 пикселден төмен емес кеңейтілуі бар түрлі – түсті монитор;

2 Бағдарламалық өнімнің сипаттамасы

2.1 Бағдарламалық өнімде қолданылған бағдарлама туралы

Қостанай облысы бойынша Өрт сөндіру және авариалық құтқару жұмыстары
қызметі - нің филиалының мысалында реляционды деректер базасының
бағдарламалық өнімін өңдеуді Borland Delphi бағдарламалау тілі арқылы
жүзеге асыру шешілді.
Borland Delphi ортасы - программист жұмысының өте жоғары
тиімділігін қамтамасыз ететін орта[2].
Borland Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын
басқаратын алты негізгі терезе шығады:
- негізгі терезе;
- объектілер тармағының терезесі;
- объектілер инспекторының терезесі;
- броузер (көру) терезесі;
- формалар терезесі; 6)программа кодының терезесі.
Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишын басу жеткілікті.
Borland Delphi -ді алғаш шақырғаннан кейін Borland Delphi терезесі барлық
терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Іпргізе коорпорациясының
WEB-беттеріне кіруге мүмкіндік туады.
Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі
қызметті атқарады. Бүл терезе әкранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы
бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі,
пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы
орналасқан.
Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады.
Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын
қамтиды[3].
Бас терезенің барлық әлементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның
сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген
панельді терезеден алып тастауға болады.
Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды
келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бүдан кейін ашылған
көме Run меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және
олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize-ды
(настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді
қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Сommands терезесіндегі
тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны әкранға тасып апаруға болады[4].
Borland Delphi ортасының 5-нұсқасынан бастап, үш жаңа интерфейстік
әлементтермен толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан. Осы
инструменттердің көмегімен программист Borland Delphi -дің қалған
терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап, оны түзету
файлында сақтап қоюына болады. Әдетте екі немесе үш терезенің негізгі
конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі және отладка.
Форма жасау кезінде әкранда форманың өзі, обbектілер тармағы мен обbектілер
инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.
Терезелердің сәйкес өлшемі мен оны орналастырудың күйін келтіргеннен
кейін, оны мысалы, Design desk деген атпен сақтауға болады. Кодтау
режимін түзеткеннен кейін Соde desk, отладкалық режимді Debug desk
деген атпен сақтауға болады[5].
Компоненттер палитрасы - Borland Delphi ортасының ең басты байлығы
болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және онда
қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар.
Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне
орналастыра алатын қандай да бір басқару әлементін түсінеміз.
Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы
жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және
т.б.
Батырмалар панелі тәрізді, компоненттер палитрасы да түзетіледі. Ол
үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер
палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ
батырмасын басқанда және Properties опциясын таңдағанда пайда болады[6].
Формалар терезесі Windows жобасы - болашақта программа жазатын терезе
болып табылады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows
-дің интерфейстік әлементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру
батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және
тақырып жолынан түрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік
координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын
реттеу қызметін атқарады (бұл нүктелерді алып тастау үшін ТооlЕnvironment
Орtions меню командаларының көмегімен, Рreferences қойымтасындағы Display
Grid ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет).
Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте
түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта -
қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өңдейтін қосалқы программаның аты
болады[7].
Броузер терезесіндегі әлементті тышқанмен екі рет белгілеу сәйкес
обbектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе оны
алғашқы сақтау кезінде орындалады. Аса күрделі емес оқу программаларын
құруда броузер терезесін жауып қоюға болады. Броузер терезесін шығару үшін
View Ехрlorer терезесін таңдаймыз.
Borland Delphi программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін
ерекше тартымды. Бірнеше түйінді сөз үйреніп, Windows-та жұмыс істеу
дағдылар болса жеткілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Paint
сияқты дайын объектілерді әкранның қажетті орнына жай ғана тасымалдап
отыруға болады.
Borland Delphi программалау жүйесі Windows-тың барлық офистік
қолданбаларына енгізілген, бұл жағдайда ақпараттық технологияға ойшыл,
шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы, нәтижелі бағдарламалық
құралдарын қажеттілігі жылдам өндеуші жүйелі программалаудың пайда
болуына әкеліп соқтырды, олардың ішінен Borland Delphi және Microsoft
Visual Basic атап өтуге болады. Жылдам өндеуіш жүйелер негізінде (RAD-
жүйесі, Rapid Application Development – қосымшаларды жылдам өндейтін орта)
оқиғалы программалау мен визуалды жобалау технологиясы жатады, өндеу ортасы
өзінің мойнына жұмыстың үлкен көлемін алады, программистке тек қана
диалогті терезелерді құрастыруға және функцияларды өндеу. RAD-жүйесін
қолданғанда программалаушының өнімділігі фантастикалық болып табылады[8].
Borland Delphi - дегеніміз жылдам өндеу ортасы, программалау тілі
ретінде Delphi тілі қолданылады. Delphi тілі - қатаң объекті бағытталған
типті тіл, оның негізіне программистерге танымал Object Pascal жатады.
Borland Delphi ортасы – программистің аса тиімді жұмысын қамтамасыз
етуші күрделі механизм. Визуалды ол бірнеше терезелермен бір уақытта жұмыс
істеуді жүзеге асырады. Терезелер жартылай немесе толығымен әкранды жауып
отыруы мүмкін, әдетте Excel-де немесе Word-да жұмыс істеп үйренген, оның
қатан текстік процессіне жатыққан қолданушыға ыңғайсыз болып келеді.
Тәжірибеленгенен кейін бұл ыңғайсыздық кетеді.
Жылдам өндеуіш жүйелер негізінде (RAD-жүйесі, Rapid Application
Development – қосымшаларды жылдам өндейтін орта) оқиғалы программалау мен
визуалды жобалау технологиясы жатады, өндеу ортасы өзінің мойнына жұмыстың
үлкен көлемін алады, программистке тек қана диалогті терезелерді
құрастыруға және функцияларды өндеу. RAD-жүйесін қолданғанда
программалаушының өнімділігі фантастикалық болып табылады[9].
Borland Delphi-да программалауда екі процесс әрекеттеседі: программаның
визуалды құрастыруында (Windows терезелерін жасауда), және кодты жазу
процесінде, ол терезе әлементтеріне қажетті функционалдығын береді. Кодты
жазу үшін код терезесі қолданылады, программаны құрастыру үшін форма
терезесі қолданылады. Форма терезесімен код терезесінің арасында ажырамас
байланыс бар оны Delphi қатаң қадағалап отырады. Ол дегеніміз формада
қандайда бір компонеттің пайда болуы немесе жоюлуы кодтын өзгеруіне әкеліп
соқтырады немесе керсінше кодтын жойылу компонентің жояды. Сондықтан
программистер алдымен форманы құрастырады, содан соң код фрагментін жазуға
көшеді.
Delphi тіліндегі бағдарламаның құрамына .dpr кеңейтілуі бар жобаның
файлы және .pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлдары
кіреді.
Объектілік типтердің негізгі қасиеттері- функционалды толықтығы және
өрістер мен әдістерінің бір бірінен ажыратылмауы оларды бағдарламаның бөлек
бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай
обьектілерді бір бағдарламадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл
принципті обьектіге бағытталған бағдарламалау тәсілдері деп аталады[10].
Модульдер - бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын
бағдарламалық бірлік. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін
атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді.
Модульдің коды бағдарламының бет алысын анықтайды.
Модуль басқа модульдерде жне бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін
туғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен
және орындалатын операторлар жиынтығанан тұратын бағдарлама. Модульдер
қолданбалы бағдарламалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар
жадтың бөлек сегментінде орналасады. Жалпы модульдер бөлек орындала
алмайтын бағдарлама. Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламаларды
құруға болады.
Кез келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіріді: тақырыбы,
интерфейстік бөлігі, орындалтын бөлігі, терминатор[11].
Delphi-да программалауда екі процесс әрекеттеседі: программаның
визуалды құрастыруында (Windows терезелерін жасауда), және кодты жазу
процесінде, ол терезе әлементтеріне қажетті функционалдығын береді.
Delphi – ең күрделі жүйелердің бірі, бұл бағдарламалау тілі Windows –
тың жеке қолданбалы бағдарламаларын, сонымен қатар корпоративті желілерде,
Интернетте жұмыс істеу үшін тағайындалған әр түрлі тармақты комплекстерді
құруды қамтамасыздандырады.
Delphi тілі Object Pascal тілінде жасалған. Borland (Turbo Pascal 1.0
бастап) фирмасының Паскаль тілінің компиляторлары ең жылдам
компиляторларының бірі болды. Қазіргі кезде Object Pascal – бұл жақсы
компилятор түріндегі объектті- бағытталған тіл.
Объектті бағыттау принциптерінен жасалған қосымша – бұл кез келген
операторлардың тізбегі емес, қатты алгоритм да емес. Объектті – бағытталған
бағдарлама – бұл объекттердің және олардың қарым- қатынастарының жиынтығы.
Мұндай жағдайларда жеке (басты) объект болып бағдарламаның қолданушысы
болады. Ол негізгі, бірақ жалғыз емес қосымшаларды басқаратын жағдайлардың
қайнар көзі болады.
Объектті кез келген мәліметтердің және олармен жұмыс істейтін
әдістердің жиынтығы түрінде анықтауға болады. Мәліметтерді жазулардың
өрістері түрінде қарастыруға болады. Бұл объекттердің сипаттамалары.
Бағдарлама қолданушысында және объекттерінде бұл объекттерді оқудың
мүмкіндігі болу керек, сонымен қатар оларды кез келген түрде өңдеу және
объектке жаңа мәліметтерді жазулары керек. Мұнда инкапсуляция принциптері
маңызды болады. Осындай жағдай бойынша 2 мәселені қарастыруға болады.
Біріншіден, объект сенімді түрде жұмыс істеу үшін оның мәліметтерінің
бүтінділігін және қайшылықсыздығын ескеру керек. Егер біз бұны ескермесек,
онда сыртқы объект немесе қолданушы объектке дұрыс емес мәліметтерді
еңгізеді.
Екіншіден, сыртқы объекттерді мәліметтердің ішкі жүзеге асыруының
ерекшеліктерінен бөлу(айыру) керек. Мәліметтердің сыртқы тұтынушылары үшін
тек қана қолданушылық интерфейс қолайлы болады – ол қандай мәліметтер,
функциялар бар екендігін және оларды қалай қолдану екендігін сипаттайды.
Ал ішкі жүзеге асыру - бұл объектті өңдеушінің ісі. Мұндай келуде өңдеуші
кез келген уақытта объектті модернизациялайды, мәліметтерді сақтаудың
құрылымын және көрсету формасын өзгерте алады. Мұндай принципті қолдану
үшін көп жағдайда объектте мәліметтерге жасалатын қажет операцияларды
қамтамасыздандыратын (мысалы: оқу, жазу, түрлендіру) процедуралар және
функциялар анықталады. Бұл функциялар және процедуралар әдістер деп
аталады. Мәліметтер және оларды оқу әдістерінің жиынтығы қасиет деп
аталады. Қасиеттерді жобалау кезінде орнатуға болады. Оларды қолданбалы
бағдарламаны орындаған кезде де өзгертуге болады.
Жеке мәліметтермен жұмыс істейтін әдістермен қатар объектте барлық
жиынтықпен жұмыс істейтін және оның құрылымын өзгертетін әдістер бар.
Сондықтан, объект қасиеттердің және әдістердің жиынтығы болады. Внешнее
управление объектом осуществляется через обработчики событий.
Объекттердің кейбір жиынтығы туралы немесе бағдарлама туралы көрініс
толық болмайды. Көп жағдайда күрделі бағдарлама – бұл объекттердің алдын
ала анықталған жиынтығы ғана емес. Жұмыс істеу кезінде объекттер құрылып
жойылулары мүмкін. Сондықтан бағдарлама құрылысы орындалу кезінде өзгеретін
динамикалық құрылым болып табылады. Объекттерді құру және жоюдың мақсаты –
компьютер және жад ресурстарын экономдау. Есептеу техникасының дамуына
қарамастан жад қашан да күрделі қосымшалардың мүмкіндігі болады. Бұл
бағдарламалық жобалар күрделігінің, сонымен қатар техникалық
қамтамасыздандыруының өсуімен байланысты. Сондықтан бағдарламаны орындаған
кезде керек емес объекттерді жою керек. Бұл кезде онымен белгіленген жадтың
облыстары да босатылады. Жадты динамикалық үлестіру мақсатымен барлық
объекттерге оларды құру әдістері – конструкторлар және жою – деструкторлар
жатады. Алғаш рет қосымшада (қолданбалы бағдарламада) болатын сол
объекттердің конструкторлары бағдарламаны жүзеге асыру кезінде орындалады.
Бұл уақытта қосымшада болатын барлық объекттердің деструкторлары қосымшаның
жұмысы аяқталған кезде орындалады. Бірақ орындау кезінде әр түрлі жаңа
объекттер (мысалы, құжаттардың жаңа терезелері) олардың конструкторлары мен
деструкторларының көмегімен динамикалық түрде құрылады және жойылады.
Delphi ортасында жұмыс Delphi Өңдеудің Интегралданған Ортасында (ӨИО
немесе Integrated development environment — IDE) жүргізіледі. Орта
компоненттер орналасатын формаларды (қосымшада олар бірнеше болулары
мүмкін) көрсетеді (береді). Әдетте бұл терезелік форма, бірақ олар
көрінбейтін формалар болулары да мүмкін. Формаға тышқанның көмегімен Delphi
кітапханасында бар компоненттердің пиктограммаларын орналастырады.
Қарапайым манипуляциялардың көмегімен бұл компоненттердің өлшемін және
орналасуын өзгертуге болады. Бұл кезде жобалау кезінде нәтижені көруге
болады – форманың түрін және онда орналасқан компонеттердің. Жобалау
нәтижесін қандай да тышқанмен орындаған операцияны орындағаннан кейін
көруге болады.
Delphi ортасында бағдарламалау екі үрдістің тығыз қарым – қатынасында
құрылады: бағдарламаның визуалды көрінісін құру үрдісі (яғни Windows -
терезелер) және кодты жазу үрдісі. Кодты жазу үшін бір терезе қолданылады,
бағдарламаны құру үшін – Delphi – дің қалған терезелері, яғни форманың
терезесі.
Формалар терезелерінде және кодта бар мәліметтер арасында тығыз
байланыс бар. Бұл байланысты Delphi байқайды. Бұл формада компонентті
орналастыру, бағдарламаның кодын автоматты түрде өзгертуге әкелетінін
білдіреді, және керісінше кодтың автоматты түрде қойылған фрагменттерін жою
сәкес компоненттерді жоюға әкелуі мүмкін. Осыны есте сақтап программистер
ең алдымен форманы құрып, оған компоненттерді орналастырады, ал содан кейін
қажет болса жұмыс істейтін бағдарламада компонеттің қажет тәртібін
қамтамасыздандыратын кодтың фрагментін жазады. Жаңа бағдарламамен жұмыс
істеуді бастағанда Delphi оның Windows – та дұрыс жұмыс істеуін
қамтамасыздандыратын минималды қажет кодты құрады. Сондықтан қарапайым
бағдарлама File New Application опциясын таңдағаннан кейін дайын
болады.
Модуль жаңа форманы құрған кезде құрылады (бағдарламада бір емес,
бірнеше, ондай формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкін).
Бағдарламаны компиляциялау кезінде Delphi pas, dfm кеңейтілуі бар
файлдарды және әр модуль үшін өстерді құрады: pas – файл бағдарлама кодының
терезесінен алынған мәтіннің көшірмесінен тұрады, , dfm кеңейтілуі бар
файлда форма терезесінде болатын мәліметтер сақталынады, ал өс – файылында
екі файлдан алынған мәтіндерді машиналық инструкцияларға түрлендіру
нәтижелері. Dcu файлдарын компиляторлар құрады және компоновщиктың жұмысы
үшін қажет базаны береді. Ол бұл базаны ехе кеңейтілуі бар бір файлға
түрлендіреді. .
Алғаш рет терезенің тақырыпшасы форманың тақырыбына сәйкес келеді:
Formi. Тақырыпты өзгертуді Объекттер Инспекторының терезесінде жасау керек.

Procedure сөзі компиляторды бағдарлама – процедураның басталуы туралы
ескертеді (Delphi – де бағдарламалар – функциялар қолданылуы мүмкін, бұл
жағдайда procedure (процедура) орнына function (функция) сөзін қолданады).
Одан кейін TFormi.ButtonlClick процедурасының аты жазылады. Бұл ат -
құрмалас: ол TForm1 классының атынан және Button1Click процедураның атынан
тұрады.
Delphi тілінде класс деп бағдарламалардың функционалды аяқталған
фрагменттерін атайды. Классты бір рет құрып программистке оның көшірмелерін
әр түрлі бағдарламаларға немесе бір бағдарламаның әр түрлі жерлеріне қосуға
болады. Осындай келу бұрын жазылған бағдарламалардың фрагменттерін қолдану
есебімен бағдарламалаудың максималды жоғары өнімділігіне әкеледі. Delphi
құрамына Borland корпорациясының программистерімен құрылыған бірнеше
жүздік класстар кіреді (оларды стандарттық класстар деп те атайды).
Стандарттық класстардың жиынтығы бұл бағдарламалау жүйесінің мүмкіндіктерін
анықтайды.
Әр компонент қатаң анықталған классқа жатады, ал формаға қойылатын
компоненттердің барлық түрлері қосылған сандық индексімен бірге класстың
атын алады. Delphi қолданылатын келісім бойынша барлық класстардың аттары
Т әріпінен басталады. Осыған орай, TFormi аты Tform стандарттық класының
үлгісі бойынша құрылған класстың атын білдіреді. Егер мәтіннің басын кодтың
терезесінен қарасақ, онда мынадай жолдарды көруге болады:
type
TFormi = class(TForm)
Button1: TButton;
Label1: TLabel;
procedure ButtonlClick(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
varForm1: TForm1;
Строка
TForm1 = class(TForm)
Tform1 жаңа класын анықтайды, ол TForm стандарттық класынан құрылған
Form1: Tform1; жолы Formi атты бұл кластың бір түрін құрады. TForm
стандарттық класы бос Windows – терезесін сипаттайды, бұл уақытта TFormI
қойылған компоненттері бар терезені сипаттайды. Осы компоненттерді сипаттау
мына жолдардан тұрады:
Button1: TButton;
Label 1: TLabel;
Олар Buttoni (Кнопка!) компоненті TButton стандарттық класының түрін
көрсететінін белгілейді, ал Label (Метка 1) компоненті - TLabel класының
бір түрін.
TFormi. Buttonicick процедурасының атынан кейін жақша түрінде жазылған
шақыру параметрінің сипаттамасы жазылады
Sender: TObject
(Sender атты параметр TObject класына жатады).
Процедуралар бір емес бірнеше шақыру параметрлерінен тұруы мүмкін
немесе олардан тұрмауы да мүмкін. Шақыру параметрлері (егер олар болса)
процедурада жүзеге асырылған алгоритмді баптау үшін қызмет етеді.
Параметр Sender параметрінің көмегімен Button1Click бағдарламасы қандай
компонент OnClick процедурасын құрғанын анықтайды. Барлық жол
procedure TFormI.Buttoniciick(Sender: TObject);
процедураның тақырыбы деп аталады. Оны “;” символы анықтайды. Бұл символ
Object Pascal - де маңызды ролді алады, өйткені ол компиляторға тіл
сөйлемінің соңын көрсетеді. Жеке сөйлемдерден бағдарламаның барлық мәтіні
құрылады. Әр сөйлемнен кейін нүкте мен үтір қою керек – бұл тіл
синтаксисінің міндетті талабы.
Келесі жолдар процедураны анықтайды:
begin
end;
begin (басы) сөзі компиляторға процедураның жұмыс істеу алгоритмін
сипаттайтын сөйлемдер тізбектілігінің басын ескертеді, ал end (соңы) – бұл
тізбектілігінің соңы туралы.
Button1 кнопкасына басқан кезде басқару процедураға беріледі, бұл
begin мен end сөздерінің арасында бағдарламаның фрагментін жазуға болатынын
білдіреді.
Delphi-бағдарламасын құру үрдісі екі фазаға бөлінеді: форманы құру
фазасы және кодтау фазасы.
Форманы құру палитрадан компоненттерді таңдау және оларды формаға
орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Программист тышқанның көмегімен формада орналасқан әр компоненттін
орнын және оның өлшемін өзгерте алады.
Компонентке керек қасиеттерді қою үшін Инспекторлар объектілерінің
Properties беті қолданылады.
Компонент кез келген жағдайға жауап беру үшін программист жағдайлар
өңдеушісін құру керек және оның атын Инспекторлар объектілерінің Events
бетінде белгілеу керек.
Жағдайлар құрамдас атты өңдеуші процедура түрінде рәсімделеді. Аттың
бірінші бөлігі форма үшін кластың атын көрсетеді, екінші бөлігі біріншіден
нүкте арқылы бөлінеді және кез келген болуы мүмкін.
Процедура begin... end сөздерімен шектелген және Object Pascal тілінің
жеке сөйлемдерінен (операторларынан) тұрады. Әр сөйлемнің соңында нүкте мен
үтір қойылады.
Компоненттің қасиеттері бағдарламаны жүзеге асырған кезде өзгерілулері
мүмкін.
Delphi – визуалды бағдарлаушы саласындағы соңғы жетістік. Ол маңызды
басылымдар бойынша жоғары сапалы өнім ретінде танылған, бірнеше дүркін
марапатталған, мыңдаған құрастырушылар және қарапайым қолданушылар жеке
жұмыстарында осы бағдарламалау жүйесін таңдайды.
Жеке мәліметтермен жұмыс істейтін әдістермен қатар объектте барлық
жиынтықпен жұмыс істейтін және оның құрылымын өзгертетін әдістер бар.
Сондықтан, объект қасиеттердің және әдістердің жиынтығы болады.
Қостанай облысы бойынша Өрт сөндіру және авариалық құтқару жұмыстары
қызметі - нің филиалының мысалында реляционды деректер базасының
бағдарламалық өнімі бұл Windows операциялық жүйесінің қосымшасы болып
табылады және кезкелген жүйенің тізімдерімен жұмыс істей алады. Қазіргі
уақытта көпшілікке таратудың ең көп түрі Windows XP жүйесі арқылы жүзеге
асады. Осыдан барып, тестілеудің негізгі тірегі болып осы операциялық
жүйесі таңдалынып алынды.
Бағдарламаның әкімшіліктеу бөліміне арналған формасы көптеген
мәліметтер туралы мағлұмат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйытылған газдардың суыту қасиеті
Сұйытылған көмірсутекті газдарды пайдалану
Мұнай өндеу өндірісі
Өрт бөлімшелерінің өртті тоқтату жұмыстарын ұйымдастыру
Өрт сөндіру көлігі
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Өрттің шығу қаупі
Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік іс-әрекеті
Алматы қаласының өрт жағдайы
Өрт тактикасының міндеттері
Пәндер