Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер


ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
- ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНУІ
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ
Қорытынды
Сілтемелер
Әдебиеттер
КІРІСПЕ
«Барлық елдердің жастары, адамдар
ресурсының әлеуметтік өзгерістер,
экономикалық даму және техникалық
прогресс мақсаты дамуында негізгі
әрі басты итермелеуші күш болып табылады».
2000 жылға дейінгі және одан кейінгі
кезеңдерге арналған бүкіләлемдік жастарға
қатысты іс-әрекет бағдарламасы.
БҰҰ 50-ші сессиясының Бас ассамблеясы.
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан жастарының әлеуметтік- экономикалық хал-ахуалы. Қазіргі кезеңдегі Қазақстаннның жағдайы ескі құндылықтарды қайта бағалаумен жаңа құндылықтардың пайда болуы уақыт аралығындағы ерекше қиындықтвардың қалыптасуына алып келіп, түбірлі, жүйелі-құрлымдық өзгерістермен сиптталады.
Мұндай жағдайда әлеуметтік топтардың қызметтері ескірген конформистік әдіс тәсілдермен қалып қойған көзқарастар, жармсыз стереотиптерге байланысты емес, ерекше мағынаға ие болып, шығармашылықпен инновациялық потенциялды қажет етуде. Бүгінгі таңдағы жастардың бойыннан ерекше қасиеттер анағұрлым байқалады.
Саяси, әлеуметтік, экономикалық қайта қалыптасу мен өзгерістердің қарқындылығы қазақстандық қоғамға, қазқстандық жастардың дамуына кейде жағымды кейде жағымсыз әсер етті.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Қазіргі кезде жастар арасында әлеуметтік-психологиялық факторлардың психологиялық факторлар, психологиялық климат пен бейімделу, әлеуметтік өмірге деген қарым-қатнасымен реформаларды бағалауында өз-өзін дамыту мен анықтауға байланысты маңызды орынға ие. Бұл процестерді екі кезеңге бөлуге болады. Бастапқы кезеңінде соңғы (онжылдықтың бірінші жартысы) дамудың «барлығын және түгелімен терістеу»: басқаша өмір бейнесі, дүниетаным, құндылықтармен мақсаттар жүзеге асыру орын алды. ХХ ғасырдың 90-жылдары екігнші жартысында нарықтық қатнастардың қалыптасуы жастрадың санасымен іс-әр-екетіне жаңаша әсер етті. Осының негізінде олар өз-өзін тануға, бейімделуге, қоғамдағы орын анықтауға, мақсатын жүзеге асыруға ұмтыла бастады.
Дегенмен, Қазақстандағы құрлымдық өзгерістер жастардың әлеуметтік қабаттарына да қоғамның әлеуметтік құрлымындағы жастардың орнына едәуір өзгерстер енгізді. [1]
Қоғамның күрт қабаттарға бөлінуі ең алдымен жастар арасында мәртебелік топтық индивидуалдық деңгейдегі және жас ерекшелігі қабаттарының қалыптасуындағы мықты фактор болды. Бұл жастар арасындағы көптүрлі қарама-қайшы бөлінушілік пен мазмұндық даму тенденциясының дамуы деңгейімен түсіндіріледі. Бұл, әрине жастардың қоршаған ортаға қарым-қатынасымен әлеуметтік белсенділік деңгейін анықтайды.
Жалпы алғанда, бүгінгі күнгі Қазақстандық жастарды әлі толық түрде қоғамдық әрі экономикалық байланыстары мен қатнастары қалыптасып үлгермеген мәртебелері түсініксіз мемлекет пен қоғам алдындағы мінтеттемелірінен гөрі бостандығы көп әлеуметтік топ ретінде қарстырылады.
ҚР Агенттілігінің 1999 жылдың халық санағы берген мәліметтеріне сүйенсек, тұрғындар 14953100 адамды құраған. Оның ішінде 15-29 жас аралығындағы азаматтар - 3787700 адамды құраған, яғни жалпы тұрғындардың 25, 7 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда мұның сандық көрсеткіші анағұрлым өсе түскен. [2]
1995 жыл мен 2005 аралығынағы тұрғындар құрылымындағы (15-29) жастар үлесі (жыл басына дейін, пайыздық көрсеткіші)
Осылайша, тұрғындардың жалпы құрылымында жастар санының өсе түскені байқалады. Сонымен қатар, жастардың өз құрылымында маңызды өзгерістер орын алған. Егер де 1989 жыл мен 1999 жыл аралығындағы тұрғындардың сандық өзгеріс динамикасын қарастырсақ, тұрғындардың жалпы құрылымында жастар көрсеткішінің өсуі регрессивті процестердің нәтижесінен жүзеге асып отыр. [3]
Саясат қоғам мен адамзат өміріндегі басты құндылықтық-нормативтік өлшемдердің бірі болып табылатыны белгілі. Мағыналар мен белгілер арқылы адамдардың әділетті қоғамдық құрылысы, саяси институттары, әлеуметтік белгілері, биліктің индивид немесе нақты әлеуметтік топтармен қарым-қатынас түрлері туралы көзқарастары қалыптасады.
Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі саяси мәдениет үлгісі заңдылықтары мен қарама-қайшылықтарымен жастар арасындағы саяси бейімделушілік пен құндылықтардың қалыптасуында өзінің қызықты тенденцияларымен ерекше сипатталады.
Жастардың елдегі саяси ахуалдарды бағалауы . Жастардың саяси әлеуметтенуі оның ең алдымен саяси жүйелерге енуімен анықталады. Бұл ең алдымен қабылдау деңгейі, сонымен қатар әрекет етуші саяси жүйедегі саяси процестерді қабылдауы немесе қабылдамауына байланысты.
Социологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, еліміздегі саяси жағдайдың дамуын бағалауда пессимистік көңіл-күйде болған жастардың басым бөлігі біртіндеп, орташа және прагматикалық көзқарасқа ауысқаны байқалады. Қиын жағдайда деушілері - 21%, дағдарыста дегендері - 9%, жауап беруге қиналамын - 10%, жақсы дегендері - 8%, қалыпты деп жауап бергендер- 52% құрайды. Жастардың саяси ахуалды бағалауындағы көрсеткіштерді топтастырғанда байқағанымыз, қазіргі Қазақстан қоғамындағы жағдайды жақсы әрі қалыпты деп бағалайтындар 60 пайызды құрап отыр. Мұндай жағымды бағалу тұрақтылық пен дұрыс көзқарастардың қалыптасуы мен өсуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жастардың саяси процестерді бағалаудағы социометриялық көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінен байқалатыны анықталды. [4]
Соңғы жылдары жастар сана-сезімінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың жақсарғаны туралы сенімділіктің пайда болғанын білдіреді. (2000 жыл мен 2005 жыл аралығында 12 пайызға артқан) .
Қарама-қайшы пікірде болған 30, 1 пайыз сұралған жастардың жағдайды бағалауы қиын әрі дағдарыс жағдайында делінген. Бұл саясатқа деген сенімсіздікті байқататынын білдіреді. Дағдарыста деп жауап беруші жастар көбінесе Алматы қаласы (54 пайыз), Астана қаласы (50, 7 пайыз), Ақмола облысы (45, 8 пайыз), Қостанай облысы (45 пайыз), Батыс Қазақстан облысы (43, 6 пайыз) және Солтүстік Қазақстан облысы (41, 7 пайыз) құрайды.
Жастардың Қазақстандағы саяси өзгерістерді бағалауындағы жағымды көзқарастар жастардың әртүрлі мәліметтерге толық қол жеткізіп етене араласу деңгейі, өзінің саяси көзқарастары мен ойын ашық білдіре алу (бұқаралық тұрде де), ар-ұяты мен жеке пікірінің мүмкіндіктеріне сәйкес әрекет ете алуына да байланысты болуы Қазақстан жастарының басым көпшілігін толғандыратыны байқалады.
Ал, саяси ахуалды дағдарыста деп бағалаушылардың пікірі саяси жүйедегі өзгерістерге байланысты тұжырым болып табылатыны байқалады. Саяси жүйелердің өзгеру әдістері мен бағыттары қазақстандық жастардың қоғамдық сана-сеіміне ғана тікелей әсер етіп қоймай, бұл процесс қоғам мен жүйені тұтас қамтитыны белгілі.
Жас ұрпақтың бүгінгі саяси мәдениеті мен сана-сезімінің қалыптасуына анағұрлым әсер етуші негізгі көздердің бірі бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Республикамыздың саяси өмірі туралы негізгі мәліметтер көзі болып табылатын негізгі құралдардың бірі ретінде жастар қазақстандық теледидар (53, 7 пайыз), қазақстандық баспалар (23, 2 пайыз) және Ресейлік БАҚ (14, 3 пайыз) екенін мәлімдейді. [5]
2005 жылғы қараша айында жүргізілген зерттеулерге сүйнсек, 53, 1 пайыз жастар өздерін Қазақстанның саяси жүйесіндегі либералдық-демократиялық бағыттағы (батыс демократиясы) өзгерістердің жақтаушылры әрі ізін жалғастырушыларымыз деп есептейтінін білдірген. Қазақстанның шын мәнісінде осы бағытта дамып жатыр деп ойлайтын бойжеткендер мен ержеткендердің 17, 6 құрайды. Сонымен қатар, Қазақстандағы жас ұрпақтың саяси ахуалдың даму бағытын бағалауында бүгінгі күнгі жастар сана-сезіміндегі авторитарлық тәртіп, яғни бір адамның билігін күшейту көзқарасы (30, 4 пайыз) жиі байқалады. Осылайша, жастар дүниетанымында өздерінің тілектері мен шын мәнісіндегі саяси жүйенің дамуына қатысты көзқарастырында қарама-қайшылық байқалады.
Жастардың либералдық-демократиялық дамуды дұрыс көретіні әрі басқа да жас ерекшелігі категорияларына сәйкес социометриялық талдау нәтижесі жастардың демократиялық қалыптасуға ұмтылатын негізгі күш екенін байқатады.
Жастардың кеңестік жүйеге оралу керек деген пікірлері 11, 6 пайызды құрайды. Бұл өз кезегінде маргиналды әлеуметтің бір бөлігін құраушы топ, олардың әлі де болса бұрынғы социалистік қоғам мен мемекеттік қамқорлықты дұрыс көретіні, жеке жетістікке қол жеткізуге ұмтылуға құлшыныс білдірмейтіндер, яғни қазіргі заманның қатаң шындығына бейімделе алмаған адамдардың пікірі екені байқалады. Қазіргі жағайда 4 пайыз жастар Қазақстандағы саяси ахуалдың дамуы кеңестік жүйенің элементтерінің жалғасы, яғни тоталитарлық саяси жүйе жүзеге асырылуда деп есептейтіні байқалады. [6]
Саяси жүйенің төменгі авторитарлық жүйеге ауысуын қалайтын жастар 7, 1 пайыз құрайды. Орындаушы биліктің әрекет етуі мен дамуы әлсіреген деп бағалаған респонденттер 15 пайызды құрайды.
Қазіргі заманғы Қазақстанда үстемдік етуші саяси бағыт-бағдар төменгі авторитарлық түрге жататыны, ал шын мәнісіндегі жастар арасындағы социометриялық көрсеткіш жақтаушылардың 1/6 бөлігін құрайды. Жастардың сана-сезіміне сүйенсек, Қазақстанның саяси жүйесінің басым бөлігі авторитарлық түр бойынша дамиды деп бағаланды.
Жастардың саяси белсенділігі. Қазақстандық жастардың қоғамдық-саяси белсенділігі мен саясатқа араласу деңгейі елімізде болып жатқан саяси оқиғалар мен жағдайлар туралы жалпы хабардар болуымен байланысты. Тек жастардың үштен бір бөлігі (28, 7 пайыз) үнемі саясатқа қызығып етене араласуға тілек білдірді. Бұл санатқа астаналық жастардың (34, 4 пайыз), ержеткендер мен бойжеткендер (26-29 жас) - 32, 3 пайыз және кіші жастағы топтар (15-18 жас) - 28, 6 пайыз, сондай-ақ, қазақ ұлтынан тұратын жастарды (35 пайыз) құрайды.
Сонымен қатар, қоғамның саяси өміріне анда-санда қызығатын жастар көрсеткіші (44, 4 пайыз) құрайды. Бұл топтамада саясатқа деген қызығушылық жас рекшелігіне де байланысты екенін байқатады.
Саясатқа мүлдем қызықпайтын әрі құлшыныс білдірмейтіндер жас ұрпақтардың бестен бір бөлігін құрайды. Жастардың мұндай категориясын құраушы әлуметтік топ көбінесе ауыл жастарын (23 пайыз), орыс ұлты (25 пайыз) құрайды.
Осылайша, қазіргі жағдай жастардың өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің саяси оқиғаларына белсенді, немқұрайлы, анда-снда, орташа және бірлескен көзқарастары байқалады.
Жастардың саясатқа деген мұндай араласу деңгйі олардың жеке бас проблемаларына, сана-сезімнің жеке түсінігіне және өздерінің өмір бейнесіне аса мән беруімен түсіндіріледі. Мұнда олардың саясатқа жеке араласуы жеке қызығушылықтары мен жеке тұлғаның жаңа сұраныстарының пайда болуымен ескеріледі. [7]
Жастардың басым көпшілігінің аясатқа деген қызығушылық белгілерінің болмауы олардың белгілі бір тенденция деңгейіндегі саяси белсенділігі мен бейімделушілігінің мүлдем жоқ екендігін білдірмейді.
Жастардың саясатқа араласуында бірнеше бағыттар анық байқалады. Бұл олардың қандай-да бір нақты саяси партияларға енуіне байланысты емес, белгілі бір саяси субъектілердің экономикалық реформаларға қатынасы, мемлекеттің осы қалыптасудағы орнын бағалауда байқалады.
Жастардың оннан бір бөлігі өздерінің сана-сезімінде кеңестік қоғамның дәстүрлі эгалитарлық құндылықтардың сақталып қалғанын байқатып, жаңа экономикалық әрі саяси шындыққа бейімделуінде қиындық көргенін білдірді. Мұндай бейімделушілікте аса қиындық көрген жастар әсіресе, Қарағанды (22 пайыз), Алматы (15, 5 пайыз) және Павлодар (10, 9 пайыз) облыстарында кең таралған.
Сондай-ақ, жастар арасында демократиялық бейімделушілік анық көрінетінін ескеру керек. Жастардың бстен бір бөлігі (21, 8 пайыз) азаматтардың жоғарғы әлеуметтік қорғалуына, кәсіпкерліктің кең еркіндігіне және жеке меншік бостандығына қол жеткізген капиталистік елдердің жолымен жүруді қалайтынын білдірген. Сонымен қатар жастардың салмақты үлесі (20, 5 пайызы) мемлекеттік реттілік пен нарықтың үйлесімділігін қалайтынын білдірді.
Ал, ерекше ұлттық даму жолына бейімделу керек деген пікірдегі жастар 5, 1 ержеткендер мен бойжеткендерді құрайды. Бұл топты құраушы қазақ ұлтынан тұратын жастар тобы басқа ұлттардан 2 есеге асып түсті.
3 пайызды құрайтын жастар пікірі моральдық және діни қағидаларға негізделу керектігін қалайды. Моральдық-діни бейімделушілікті қалаушы жастар көбінесе Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастарын құрайды, олардың үлес салмағы 6, 3 пайызды құраса, бұл сұралғандардың 5 және пайызын құрайды.
Сонымен, посткоммунистік ұрпақтардың пікірлері мен ұмтылушылықтары әртүрлі екенін байқатты. [8]
Жастар және саяси элита. Әлеуметтік-саяси ахуады талдау көбінесе билік субъектілерін бағалау пікірлерінен келіп шығатынымен анықталады. Реформалар бағыт-бағдарын қолдау мен қарсы шығу деңгейі саяси билік элитасы қызметінің деңгейін қолдау немесе бағалауға байланысты.
Зерттеу нәтижесі жастардың биліктік құрылыман өздерін алшақ ұстайтын әрі бұл алшақтанудың көздерін нұсқаушы кейбір тенденциялардың болуын дәлелдейді.
Мемлекеттік органдардағы саясатқа деген сенім деңгейі
(% қатардағы жалпы сандарға)
ҚР Президенті 23, 7 41, 2 17 10, 6
ҚР Үкіметі 12, 4 42, 2 28, 7 12, 1
ҚР Парламенті 11, 4 38, 9 29, 4 15, 4
Облыс әкімі 18, 7 38, 9 23, 3 14, 1
Аудан әкімі 18, 4 35, 4 26 15, 2
Облыстық
мәсихат 10 31 29, 7 23, 9
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер жалпы алғанда саяси элита жастар арасында бас иетін беделге ие емес екенін дәлелдейді.
Жастардың толығымен сенім артатын коэффициентті көрсеткен тұлғасы ҚР Президенті болса, ең төменгі дауыс алғандар аймақтық билік өкілдері.
Жастар қауымы тарапынан өткір сынға алынғандар қатарына жоғарғы республикалық деңгейдегі әрі жергілікті билік органдары да еніп отыр.
Көрсеткіштердің төменгі сатысы жастардың белгілі бір жас ерекшелігі деңгейіне де байланысты, яғни олардың Қазақстанның болашағы ҚР Парламентіне жаңа сайланған құрамның деңгейіне байланысты деген сенімсіздіктен туындағаны өз таңдауларының қаншалықты ақталғанын білдіреді дегеннен шығады. Бұл зерттеу қорытындысымен де дәлелденді. Жастардың саяси көзқарасын сайлауға дейін зерттегенде анықталғандай, олардың болашақ Парламент қызметінің нәтижелілігіне үміт артатыны, жас сайлаушылардың төрттен бір бөлігі болашақ орган өкілдерінің құрамы елдің болашағына әсер ете алатынын сенімсіз екенін (47, 8 пайыз) көрсетсе, 14, 4 пайыз жастар электораттың атына кері пікір айтты. [9]
Бұл көріп отырғанымыздай, сайлауға дейінгі анықталғын көзқарастар тұжырымы.
Осылайша, жастар сана-сезіміндегі жеке бастың қамын ойлау (индивидуализация) өсе түскені туралы тезис тағы да расталып отыр, яғни жастар көбінесе тек өз күшіне ғана сену керек деген пікірді айтады. Билікке қатысты олардың пікірі биліктік құрылым жастар проблемасына ешқандай назар аудармайды деген себепті алға тартып, олардың билікке деген сенімсіздігін дәлелдейді.
Жастардың саяси-билік элитасына қатысты кері қарым-қатынасының басты себептерінің ішіндегі ең басым түрлері: барлық деңгейдегі биліктің сыбайластылығы (37, 2 пайыз), тұрғындардың саяси белсенсіздігі (31 пайыз), ҚР Үкіметінің кәсіби еместігі (31, 8 пайыз), шенеуіктердің өз орындарында кәсіби қызметке лайық болмауы (26, 7 пайыз) дегенді білдіреді.
Мұндай саяси билік элитасын бағалаудағы алшақтық жастардың саясатты оның дәстүрлі, таптық-басқарушылық, жеке басқа табынушылық түрлерінде де жастардың үлесі аз немесе мүлдем жоқтың қасы екенін айтады. Осының нәтижесінде жстардың билік құрылымынан шын мәнісінде алыстағанын байқатады. Сонымен, қазіргі ҚР Парламентінде 30 жастағы бірде бір талапкердің болмауы, облыстық (қалалық) мәслихатта жастар тек 12 депутатқа ұсынылған. [10]
Сондықтан, талдау қорытындысы бойынша, билік біртіндеп жастардан алшақтағанын, ал жастардың биліктен өздерін ара қашықтықта ұстайтындығын көрсетті. Жастар үшін бүгінгі күнгі қызметі жас ұрпақтың көңілінен шығатын, толық сенім артуына лайық бірде-бір мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институттың болмай отырғаны анықталды.
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНУІ
Экономикалық жән саяси қатынастардағы өзгерістер барлық жүйелердегі қалыптасқан нормалар, стереотиптер, дәстүрлерге едәуір әсер етіп, жалпыадамзаттық құндылықтарға ауысу кезеңінде проблемалардың тереңдігі ме өткірлігін анықтады.
Жастардың әлеуметтену процесі жалпы үш кезеңді басынан кешіреді десек болады: азаматтық-құқықтық, материалдық-экономикалық және рухани-дүниетанымдық.
Өтпелі кезеңді басынан өткізіп отырған жастар үшін ең ауыр және ұзақ мерзімді процесс жеке тұлғаның адамгершіліктік-дүниетанымдық өсіп-жетілуі болып табылады. Дәл осы кезеңде жеке тұлғаның алдына қойған мақсат-мүдделері негізінде өмірлік мақсаттарын анықтайтын қабілеті мен жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында ішкі өзін-өзі дамыту процесі жүзеге асырылады, бұл әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуде итермелеуші күш болады.
Жасөспірім топтар өздерінің дүниетанымдық және танымдық-сезімталдығымен ерекшеленеді, бұл ерекшелік сонымен қатар өте жақын жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында да аса байқалады. Мәселен, 15-18 жастағылар - «таза» посткеңестік ұрпақ болса, 20-22 жастағылар әлі де «аралас» ұрпақ, бұдан біз жастар тобының мақсаттары мен құндылықтары арасындағы алшақтықты байқатады.
Жастар сана-сезіміндегі әртүрлі қарама-қайшылықтар бағалау, іс-әрекеттер, әрекет ету қимылдары, әрі құндылықтық икемделу процесінде едәуір өзгерістер байқалады.
Жастардың жалпы құндылықтарға икемделуі өтпелі кезеңдегі қазақстандық қоғам үшін әлеуметтік қатынастардың күрт күрделеніп әрі кең таралуына орай жастардың көптеген өмірлік икемделуіне де әсер етеді. [11]
Талдау көмегімен жастардың негізгі қажеттіліктері ретінде ірі үш икемделу құндылықтары анықталды:
Жастардың құндылықтарға икемделуі
(пайыздық өлшеммен)
Басты қажеттіліктер
Барлық жағдайы жасалған тұрғын үй 80 10, 5 3
Жақсы киіну 61 27, 3 4
Жақсы тамақтану 81, 1 9, 6 2, 2
Жақсы көріну 66, 5 19, 9 4, 3
Денсаулығы мықты болу 73, 6 13, 3 4, 2
Денсаулықты күтіп-баптау 82, 2 8, 6 1, 6
Сүйікті адамын табу 69 12, 7 7, 2
Отбасының болуы 74, 4 10, 7 4, 6
Өз-өзіне сенімді болу 84, 4 4, 3 2, 0
Баланы бағып-қағу 76, 3 9, 4 3, 9
Дәулетті өмір сүру 84, 8 5, 9 1, 5
Жеке өмірінің қанағаттанарлық болуы 80, 1 7, 9 2, 4
Үй жағдайының болуы 81, 2 8, 1 2, 4
Ата-анаға қамқор болу 82, 0 7, 0 2, 5
Әлеуметтік қажеттіліктер
Мол қаражатқа ие болу 63, 2 23, 9 3, 6
Білімді болу 76, 0 12, 2 3, 3
Жақсы достарының болуы 78, 5 9, 6 3, 0
Шығармашылық жұмыс істеу 56, 0 22, 6 9, 3
Қызықты адамдармен араласу 56, 1 25, 7 6, 6
Жоғарғы оқу орнына түсу 45, 9 26, 5 13, 3
Жеке бизнесінің болуы 42, 8 29, 8 14, 5
Астанада өз орнын табу 23, 8 30, 2 31, 7
Өзінің тәуелсідігін сезіну 65, 9 16, 7 5, 3
Өз ортасында қадірлі болу 75, 9 11, 5 2, 4
Болашаққа сенімділік 80, 2 7, 3 2, 6
Халық үшін өте маңызды іс жасау 51, 1 24, 9 9, 1
Беделді қажеттіліктер
Беделді кәсіп иесі болу 55, 5 23, 8 8, 3
Қоғамда беделді орынға ие болу 52, 2 27, 5 8, 8
Қолайлы жағдайда өмір сүру 56, 3 25, 3 8, 1
Дүние жүзін аралауға мүмкіндік болу 42, 8 31, 3 13, 8
Көңіл көтеруге мүмкіндігінің болуы 37, 9 33, 8 16, 3
Спортпен шұғылдану 49, 3 29, 0 11, 5
Эстетикалық рахат алу 41, 8 29, 6 14, 9
Өткір сезімдерге бөлену 29, 3 32, 0 23, 3
Біз көріп отырғанымыздай, қазіргі жастар үшін рухани-адамгершілік, беделдік және материалдық өмірлік мақсаттар аса маңызды.
Жастардың құндылықтарға икемделуін анықтау үшінбарлық үш түрлі қажеттіліктердің ішіндегі ең маңызды орташа көрсеткіші есептелініп алынды, құндылықтары тіркелді. Алынған нәтижелер басты қажеттіліктердің ішіндегі басқалардан ең басым түрін де анықтады (76, 9 пайыз) . Әлеуметтік және беделді қажеттіліктер ішіндегі көрсеткіштер 59, 6 пайыз және 45, 6 пайызды құрайтынын көрсетті.
Басты қажеттіліктердің өзгелерінен маңыздырақ болуы - заңды құбылыс болып отыр. Өзінің негізінде ол әлеуметтік және беделді қажеттіліктердің қалыптасуында белгілі бір деңгейде таңдаулы фактор болып табылады.
Жастардың басты құндылықтарын талдау барысында, жастардың қоғамдық сана-сезімінде жалпыадамзаттық құндылықтар қажеттілігі жоғарғы деңгейде екені анықталды: денсаулық материалдық жағдай, ата-анадан тәуелсіздік және өз-өзіне сенімділік басым болып табылады.
Құндылықтардың көрсеткіштерінің айырмашылығы олардың әлеуметтік тәжірибесінің аздығымен ерекшеленіп, жас ұрпақтың жас ерекшелігі әрі туысына қамқор болу секілді дәстүрлі құндылықтар маңызды екендігі анықталды. Жастар өздерінің ата-аналары алдындағы жауапкершілігін сезінетінін білдіріп, рухани адамгершілікті жоғарғы сатыға қояды. Мұның жүзеге асуын өмір көрсетуде. [12]
Жастардың материалдық жағдайға икемделуі олардың өмірлік жоспарын жүзеге асыру үшін өте қажетті екенін дәлелдеді. Бүгінгі таңдағы жастардың өмірге бейімделуі мен алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін, сондай-ақ кәсіптік деңгейге әрі сапалы мамандық иесі болу мен беделге қол жеткізуі әлеуметтік тұрмыс жағдайына байланысты екені анықталды. Әсіресе, жастар сана-сезіміндегі өзекті құндылық ол қазір де және болашақта да олардың материалдық жағдайы тек өзіне байланысты кенін туралы сенім бар екені байқалады.
Жастардың әлеуметтік құндылықтарына әсіресе білім, болашаққа деген сенімділік, жақсы достарының болуы мен өз достары ортасында беделінің болуы аса маңызды екені анықталды.
Егер де қайта құру кезеңіндегі жастар үшін әлеуметтік қажеттіліктердің басым бөлігі достар мен достар арасындағы жақсы қарым-қатынас, шығармашылық болса, қазіргі жастардың олардан ерекшелігі білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенімділігінің артып жетістікке ұмтыла түскені байқалады. Бұл жастардың басты айырмасы жоғарғы өз-өзіне деген сенімділігі мен индивидуализмімен сипатталады.
Дегенмен, білім алу жастар сана-сезімінде жетістікке қол жеткізу, табыс пен материалдық тұрмысты көтерудің бірден бір көзі ретінде қарайтыны анықталды. Сонымен, 45, 9 пайыз жастар жоғарғы оқу орнына түсу бұл өзі үшін аса маңызды деп есептейді екен. Бүгінгі күні білім алу мамандыққа ие болу үшін ең қоғамдық беделі бар бейімделу болып табылады. Осыдан келіп, біз жастардың жалпы сана-сезімінде «жеке тұлға мәдениеті», «білім алу» мен «кәсібилік» деген ұғымдар арасында байланыстың жоқ екендігі сақталған. [13]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz