Мемлекетіміздегі сот билігінің құқықтық реформалануы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Азаматтық iс жүргiзу заңдарымен реттелетiн қатынастар

1. 1 Азаматтық iс жүргiзу қатынастарының алғашқы шығу негiздерi………. . 7

1. 2 Азаматтық iс жүргiзу әрекеттерiнiң ерекшелiгi. . 10

2. АІЖ қатынастарының басқа құқық қатынастар жүйесінде алатын орны

  1. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының

пәні мен жүйесі. 13

2. 2 Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларының әрекеті

мен талқылау . . . 16

2. 3 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының нысаны . . . 18

2. 4 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндеттері

мен қағидаттары. 20

3. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылым ретінде

3. 1 Азаматтық іс жүргізу ғылымының пәні және тәсілі . . . 26

3. 2 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, түрлері, ерекшеліктері . . . 34

3. 3 АІЖ сатыларының түсінігі, түрлері және қайнар көздері . . . 39

Қорытынды . . . 47

Қолданылған әдебиеттер . . . 49

Кіріспе

Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр. Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.

Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі[1], дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.

Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық іс жүргізу құқығы ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналады. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық іс жүргізу құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. «діліне жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, керметтей қарапайымдылығымен азаматтық іс жүргізу құқығының теориясын сомдап береді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық іс жүргізу құқығының билік шынына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.

Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1551-1520 ж. ж. ) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағын (1548-1928 жж. ) билік құрған Есім хан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII басында Тәуке хан тұсында (1680-1718 жж. ) атақты "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды. [2]

Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Тіпті әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-құқықтықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.

Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғары заң білімін беретін оқу орындарының неліктен болмағанын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық болар. Ол кезде қазақтар үшін жоғары білім алу таптық және топтық тұрғыдан алғанда мүмкін емес-тұғын. Сонымен қатар талапкердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлайды. Мәселен, орыс университетіне түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тыңдауға, сынақ, емтихан тапсыруға және тағы да басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университеттерінде заң білімін ала алды.

Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңның енгізуді қолға алды. [3] Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қақатардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүесі де қолданылып келді.

Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді анрықты экономика құру, қазақтсандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымыздың кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді.

Бүгінде заңгерлікке әлеуметтік тұрғыдан өзгеше маңыз берілуіне байланысты ол беделді мамандыққа айналды. Оған күнделікті өмірде әркім де көз жеткізгендіктен, талдап, түсінідіріп жатуды артық деп ойлаймыз. Елімізде жүзеге асып жатқан заң жүйесіндегі игі өзгерістер заң тәжірибесін қайта қарауды талап етеді. өкінішке орай, құқықтық жүйедегі алғашқы қадамдар тағдыры - білім беру сапасына, кадрларды кәсіби даярлау деңгейіне қатысты екендігін естен шығарып алатынымызды жасыруға болмас.

Болашақта қазақстандық құқықтық білім беру бағдарламасы әдістемелік жағынан да ойластыруды талап ететін болады. Қазақстандық құқықтық білім беру саласын "еуропалық", "англо-американдық" жаққа бұрып қана қоймай, әлемдік тәжірибеге бетбұрыс жасату мәселесін естен шығырмаған жөн, дейтұрғанмен құқықты оқытуда ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мән берілуі керек. Сондықтан да құқықты оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге асыруға көңіл бөлудің орын ерекше.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде қалыптасқан соңғы он бес жыл ішінде, біздің қоғамымыздағы саяси, ақпараттық, экономикалық және құқықтық процестерді дамыту жағдайында әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірді түпкілікті өзгертетін жағдайлар, маңызды мәселелер көптеп орын алды. Мемлекетте жоғарғы маңызға ие болатын көптеген нормативті-құқықтық актілер қабылданды, олар: 25. 10. 1990жылғы «Қазақ ССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясы», Қазақстан Республикасының 16012. 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы ; Қазақстан Респуликасы Президентінің 12. 02. 1994 жылғы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы ; 30. 08. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы ; 20. 09. 2002 жылғы қабылданған №949 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының концепциясы туралы» Жарлығы. Жоғарыда аталған нормативті-құқықтық актілер қазақстандық мемлекттіліктің азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолындағы негізгі бағыттарына сілтеме жасады.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру идеясы жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жоғарғы дәрежедегі құқықтық қоғау деңгейіне жеткізу мақсатына негізделе отырып жүзеге асырылатын заңдылық қағидасын сақтауға негізделеді, бұл мәселелер адам құқықтарын қорғау туралы жалпыға бірдей декларацияда, Қазақстан аумағындағы нормативті- құқықтық актілерде, халықаралық құқық нормаларында бекітіледі.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолындағы түрлі бағыттағы қозғалыстар объективті мәселелер мен байланысты, атап айтқанда соңғы уақытта заң ғалымдарында үлкен маңызға ие болып отырған мемлекеттегі билікті бөлу концепциясын құқықтық талдау мен байланысты болады.

Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтарына бөлінуі, олардың «тепе-теңдік және тежемелік» жүйеге сүйенуі арқылы өзара байланысты болуы, құқықтық мемлекет құру процесіндегі пайда болатын көптеген қайшылықтарды шешуге, біздің көзқарасымыз бойынша үлкен көмегін тигізер еді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың №1569 12 ақпан 1994 жылғы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулысы бойынша аталған мәселелерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда «кеңестік» құқықтық жүйеден мұраға қалған тоталитарлық режимнің әсерінен, құқық қорғау және құқықты қолдану органдары репрессивті сипатта болатын, идеологиялық және саяси ұрандармен қызмет жасады. Осындай әрекеттердің негізінде, «қоғамдағы заң шеңберін тереңірек реформалау қажеттілігі туындады».

Аталған реформадағы мемлекеттік биліктің негізгі бағыттары 30тамыз 1995 жылы қабылданған Конституцияда атап көрсетілгендей, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанды қалыптастыру және дамыту үшін тиісті жағдайларды жасау болып табылады.

Сот реформасы аталған құқықтық реформадағы негізгі бір компоненті ретінде танылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл реформадағы биліктің сот тармағы қоғам алдында адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы кепіл ретінде танылады. Соттық құқықтық қолдану - қоғамдағы объективті қажеттіліктерге сәйкес заңдардың маңыздылығына баға беру болып танылады. Судъялардың өздері сот төрелігін жүзеге асыра отырып, заңдарды қолдану және талқылау мәселелерімен, олардың қайшылықтарымен кездеседі. Сондықтанда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан республикасы судъяларының ІІІ-съезінде сөйлеген сөзінде «Сот төрелігі - бұл әділеттілік» деп өтеді, Астанада 06. 06. 2001 жылы, осы съезде «әділеттіліктің қалыптасу кезеңі» ретінде Елбасы өз сөзін толықтыра түседі. Ұзақ уақыт бойы қоғамда орын алған құқықсыздық сот билігінің беделі мен күшін аңғартатын еді .

Мемлекетіміздегі сот билігінің құқықтық реформалануы жаңаша құрылу мен жаңаша түсінудің, атап айтатын болсақ, сот құрылымының ұйымдастырылуы, соттық талап өндірісінің жүзеге асырылуы, саяси-құқықтық жүйедегі сот билігінің алатын орны сот төрелігінің орындалу процедуралары, судья корпусы құқықтық мәртебесінің мәселелерімен байланысты жүзеге асырылу болып саналады. Осы аталған мәселелер бүгінгі күні толығымен әрі нақты түрде мемлекетіміздегі заңдылықтарда көрініс табады.

1. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар

  1. Азаматтық іс жүргізу қатынастарының алғашқы шығу негіздері

Азаматтың іс жүргізу құқығының, қатынасының алғаш шығу негізі мына үш тараптан тұрады: а) Азаматтың іс жүргізу құқығының нормалары; б) заңды айғақ; в) құқық қатынасына қатысатын құқықтық субъектілері.

а) Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары: Тиісті мінез-құлық ережелерін, қатынасты реттеуге, азаматтық істерде тексерумен рұқсат беру соттың қызметі болып реттеледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы барлық құқық салаларында сипатталады. Заңда белгіленгендей олар мінез-құлық ережелерін көрсетеді. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары азаматтық іс жүргізу қатынасына тиісті мінез-құлық ережелері. Барлық адамдарға тиісті ережелер бірдей қолданылуы керек. Бұл тиісті ережелер субъектінің мінез-құлқын реттейді. Заңның белгілі түрлері қоғам қатынасында белгіленіп тұруы керек. Осы сияқты нормалардың біреуі сот пен үшінші жақтың қатынастарын реттейді, екінші біреуі сот пен прокурордың арасында, үшінші бір түрі сот пен куәгердің арасындағы қатынастарды реттейді. Бұл нормалар субъектінің мінез-құлқына әсер етеді, ал субъектілер бұл нормаларға өз еркімен бағынады.

б) Заңды айғақтар. Заңда белгіленгендей азаматтық іс жүргізу құқығы шығуына алғаш рет әсер еткен заңды айғақтар болып есептеледі. Іс жүргізу құқықтық нормаларын реттеуге, сот пен іске қатысушылардың іс-әрекеттері жатады, іс жүргізу құқығы мен зардаптарды белгіленгендей оқиға айғақ ретінде қаралмайды, бұнда азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы пайда болады., істі бастауға негіз бола алады, осының арқасында іс жүргізу қатынасы пайда болады.

Сотсыз ешқандай іс жүргізу қатынасы пайда болмайды өйткені барлығы қатынастар сотпен реттелінеді. Мысалы: сот және үшінші жақ немесе сот және жауапкер қатынастары егер сот және талапкер қатынастары пайда болмағанынша бұл қатынастарда пайда болуы мүмкін емес. [4]

в) Құқық қатынасына қатынастың құқық субъектілері.

Әдебиеттерінде құқық субъектілік пен әрекет қабілеттілік біріктіріліп көрсетілген. Азаматтық құқық, құқық қатынаспен бірге пайда болады. Толық әрекет-қабілеттілік он сегізге толғанда пайда болады. Бүл ережеде заңда белгіленгендей толық әрекет қабілеттілік он сегізге толмағандарда пайда болады, ол некеге отырған кезден он алты жастан басталады. 14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандарды немесе әрекет қабілеттілігі шектелгендерді сотта заңды өкілдері қорғайды. Азаматтың құқық қатынасының ерекшеліктері;

Құқық нормаларын реттеуде құқықтық қатынас қоғамдық қатынас сияқты барлық мүмкінкіншіліктермен сипатталады. Азаматтық құқық қатынасы өздеріне берілетін ерекшеліктерін иеленеді: Нақты айтқанда азаматтық құқық қатынасында әр қашанда екі субъекті болады. Бұл азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының бірінші ерекшелігі - азаматтық іс жүргізу қатынасында екі субъектілі жүйе сот пен әр іске қатысушының арасындағы қатынастарды болжамдайды және іске қатысушылардың арасындағы қатынастарды сотсыз болмауын қадағалайды. [5]

Сот іс жүргізу жолын бақылап басқарады, іске қатысушылардың іс әрекеттерін бағыттайды, құқықтары мен міндеттерін орындалуын және іске асуын қамтамасыз етеді, биліктік мінез-құлқы бар, ұйғарым шығарады, материалды-құқықтық тартыстарды шешеді. Субъектінің құқығын қорғауды іс жүзеге асырады. Іс жүргізудегі соттың басқару рөлі, биліктік мінез-құлқында іс жүргізу құқығы ерекшелігін қолданады. Құқық өкілеттілігі мен міндеттерінің мағынасымен анықтайды. Заңда белгілегендей заң өкілеттілігін қолдана отырып сот іске қатысуының мінез-құлқын қадағалайды. Мемлекет сонымен қатар сотқада осындай мінез-құлық тәртібін және де өзінің міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартады.

Соттың құқы мен міндеттері әр іске қатысушы тұлғаның қатысуына қарай азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары мағынасына қарай қойылады.

Екінші ерекшелігі: Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы әр қашанда құқықтық нысанда беріледі, олсыз болмайды іс жүргізу қатынасының нысаны мен қорытынды емес және бұлжымас бір құрамы. Азаматтық іс жүргізу қатынасын бұлжымастығы белгілейді, азаматтық құқық қатынасының ережесімен кез-келген іс жүргізу қатынасы іске қатысушы сот немесе тұлғаның әрекетінен шығады. Заңсыз әрекеттер, заңды зардаптар туғызбайды. Іске қатысушы тұлғаның әр іс-әрекеті заңмен рұқсат етілуі керек, бұл үшін сотқа құқықтық зардап қана емес іске қатысушыларға да әсерін тигізеді және құқықтық нысанды таныстыруы керек.

Үшінші ерекшелігі: Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы олардың жүйелілігі. Азаматтық іс жүргізу сатысы соттық қызметі кезінде оның жүйесімен реттеледі және өзгереді: Азаматтық іс жүргізу қатынасының жүйесі әр іске өз бетінше. Ол істің жүруіне субъектінің санына, іске қатысушы, өндіріс сатысына қарай тәуелді және күнделікті қозғалыста болады.

Азаматтық іс жүргізу қатынастары және сот қызметінің негізі болып материалдық құқық қатынасының тартыстары болып табылады. Материалдық құқық қатынастың пайда болуы іс жүргізу қатынасының жүйесі болады, өйткені әрбір іс жүргізу қатынасы азаматтық іс бойынша шешілуі керек, негізі болып оның материалдық құқық қатынасы жатыр.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Азаматтық процесс - бұл іс жүргізу әрекеттердегі тәртіптерді және құқықтық қатынастарды реттеуі яғни өз құзыреті шегінде соттың реттеуі боп табылады. Сонымен қатар азаматтық процесс іс жүргізу процессінің қалай жүзеге асырылу тәртібін, заңмен белгіленген негізде соттың құқықтық нормаларды жүзеге асыруы. Бұл азаматтық процесс азаматтардың тараптардың арыз, шағымы келіп түскеннен бастап қаралады. Яғни, арыз келіп түскеннен бастап азаматтық іс жүргізу процессі жүзеге асырылады. [6]

Азаматтық іс жүргізу құқығы жүйесінде, тәртіп бойынша сот органдары әрқашанда белгілі бір іс жүргізу нысанында болады. Нақты бір істер өндірісі кезінде азаматтық іс жүргізу қатынастары арқылы азаматтың іс жүргізу қатынастары арқылы азаматтық іс жүргізу механизмі ашылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелетін нормалар арқылы қоғамдық қатынастар азаматтық іс жүргізу қатынастары болады. Және азаматтық іс жүргізу пәнін құрайды. Осы арқылы азаматтық іс жүргізу қатынасын қоғамдық қатынас ретінде қарауға болады, сот пен іске қатысушылар процесінде.

Азаматтық іс жүргізу қатынас ұғымын ғылымға алғаш О. Бюлов кіргізген. Ол азаматтық іс жүргізу қатынастарының құрылымын жәй тиісті азаматтың құқық мінез-құлқы ретінде қараған, ондағы сотпен екі тараптың құқығы мен міндеттері бар. О. Бюловтың ғылымын ары қарай жалғастырған А. Х. Гольмстен болған. Ал Г. А. Нефедьев өзі бір теория шығарып, осылай Бюловтың теориясын жақтаушылармен қарсы жақтары арасында дискуссия жүрді. Азаматтық іс жүргізу қатынастарын кең көлемде түсіну үшін құқық қатынастарына кіретін элементтерін оның ішінде субъектілері мен объектілерін түсіну керек.

Субъектілері: Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары, іске қатысатын сот пен тұлғалар арасындағы қатынастарды регламенттейді (тәртіптейді), әр қатысушыға іс жүргізу құқықпен міндет комплексін береді. Сол үшін іс жүргізу қатынас субъектісі болып сот және басқа да тұлғалар болып есептеледі. Іс жүргізудегі қатысатын тұлғалар өздерінің бағыттары мен тапсырмалары бойынша екі топқа бөлеміз: іске қатысушы тұлғалар және өкілді жақтар, үшінші жақтар, куәгер, аудармашы, эксперт, соттың шешімін іс жүзіне асырушылар және қоғамдық бірлестіктер. Соттың іс жүргізу құқығы оның құзыретімен және атқаратын қызметімен байланысты, олар мемлекет пен қоғамға міндетті. Сот іс жүргізу құқығы оның құзыреті және қызметі мен байланысты, осы арқылы олар мемлекет пен қоғам арасында міндеттенеді. Іс жүргізу құқығы мен іс жүргізу субъектісі болмай сот алдына қойған міндеттер мен істі аша алмайды. Іс жүргізу қатынасының субъектісі болып сот атынан істерді қарай алатын жалғыз судья немесе коллегиялық судьялар, президиум сотының іші немесе екі сот заседательінен тұрады. [7]

Объектісі: Ережеге сай азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының әдебиетіндегідей неге көз қарас түседі және неге реттеуші әсерін тигізеді. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы қоғамдық субъектілері арасындағы қатынастарды фиксация жасайды. Олардың іс-әрекеттеріне ғана әсер етеді. Осыған орай объекті деп іске қатысушылардың іс-әрекеттері деуге болады. Г. Е. Гукасян жазғандай объекті болып «Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының жүйесі деп материалдық-құқық тартыстар немесе басқа да талаптар. Соттың құқық коллизиясында осындай объектінің ұйғырымымен келісуге болмайды, іс жүргізу құқық қатынасы материалдық құқық қатынастан ерекше болады. Нақты іс бойынша, іс жүргізу құқық қатынасы материалдық құқық қатынастан ерекше болады. Сипаты, мазмұны мен ерекшелігі соттың зерттеуі мен іс жүргізу құқығының міндеттері мен мазмұны арқылы әрбір субъектінің іс жүргізу қатынасының мінез-құлқын бекітеді. »

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
Сот билігінің конституциялық негіздері
Сот және сот жүйесі
Қазақстан үкіметі
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат
Мемлекеттік - әкімшілік басқару теориясы мен тарихы
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Сот органдары және олардың қызметін жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz