Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешекте дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшы адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы мол келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі - туризм саласы екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде ұсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты - Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризммен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді.
Курстық жұмысымның өзектілігі - Қазақстанның туризм саласы алға жылжу байқалғанымен туризм дамуының айтарлықтай жақсарғанын көре алмаймыз, жыл сайын шетел туристерін тарту үшін әр түрлі іс-шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрса да, бұл тек теңіздегі тамшыдай ғана. Қазақстандағы туристік сала негізінен сыртқа шығу туризмнің дамуына бағытталған. Ал сырттан кіру жəне ішкі туризмді дамытуға назар қойылмаған. Осы жоғарыда айтылғандар негізінде курстық жұмыс өзекті деп қорытынды жасалынады.
Курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайына талдау жүргізе отырып, перспективті бағыттарын анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалды:
- Туризм тарихы, экономикалық мәнін зерттеуу;
- Туризм экономикалық сала ретіндегі мәнін зерттеу;
- Туризм саласын экономикалық басқару жолдарын зерттеу;
- Халықаралық туристік нарық ерекшеліктерін зерттеу;
- Туризмдегі туристік нарық және сұранысты зерттеу;
- Əлемдік туристік ағындағы отандық туризмнің даму жағдайын зерттеу.
1 ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Туризм тарихы және экономикалық мәні
Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын біздің заманымызға дейін үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар.
Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде - XX ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік ұлттық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі өндірістік сала. Туризм жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес көзі болып табылады.
Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын сала. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың сала болып табылады.
Егеменді Қазақстан да туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер жүргізіліп, 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны − 229 014 адамды құрайды. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің жалпы саны − 94 692 адамды құрайды. Ішкі туризм − 98 332 адам көлемінде. Ең төменгі көрсеткішті келу туризмі құрайды, ондағы адам саны − 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі − 48 пайызға тең, ал келу туризмі тек − 19 пайыз ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің арасында үлкен айырмашылық бар, бұл Қазақстанда келу туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді.
Туризм экономикасы - индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніңіз, туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.
Қазақстанда экстремалды туризмнің бір түрі болып есептелетін ғарыштық туризм қарқындап дамып келеді. Қазақстан аумағында атақты "Байқоңыр" космодромы болғандықтан шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған туризм түріне дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен пайданы экологиялық мәселелерін шешуге және табиғатты қорғау шараларына жұмсар еді. Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді. Туристік саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуының негізі каланды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бастапқы уақытта туристік нарық әлемдік және халықаралық стандарттар бойынша бәсекеге қабілетті бола алмады. 2000 жылдың соңында Қазақстанда туризм саласында айтарлықтай өзгерістер көп болды. Туристердің келуі бойынша 2002 жылы ең жоғары көрсеткішіті көрсетті. 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы келген туристердің саны 1 миллион адамға көбейген, ал өз кезегінде 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда адам саны жарты миллионға кеміген. Мұндай көрсеткіштер 2001 жылы жалпы әлем тарихында туризм саласын дамыту қолайсыз болғандығын көрсетеді. Мұның себебі, шетелдермен іскерлік қарым-қатынастың төмендеуі болып табылады. Іскерлік және кәсіби мақсатпен Қазақстанға қызыға келген туристер саны 62, 4 пайызды құрай отырып, уақыт өте келе төмендей тусуде. Сонымен қатар Қазақстанның көрікті жерлерін, туристік объектілерін шетелге кең түрде насихаттайтын жарнамалар да елімізде жоқ болды. Қазақстанның туризмі әлемнің көптеген елдерінде туристік өкілдіктер мен тур орталықтарға және әлемдік нарыққа қазақстандық туристік өнімдерін енгізуге жұмыстарына зәру болды.
Қазақстанда шетелге шыққысы келетіндердің саны жыл сайын арта түсуде. 2001 жылы кетушілер саны 5 пайызды, ал 2002 жылы 47 пайызды құрады. 2003 жылы бұл көрсеткіш 48 пайызға көтерілді, яғни, кетушілер саны 2 374 021 адамды құрады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның инфрақұрылымының төмендігін, ал шетел қызмет көрсету деңгейінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді. Сондықтан туристік қызмет көрсету нарығында мүдделі министірліктер мен уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы мен нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа жолдауында бірнеше рет аталып өтілді.
Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады. Дамыған елдердегі экономикалық саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға негізделген әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдің географиялық орналасуы және оның табиғи-климаттық ресурстары мен көрікті жерлері тікелей туризмді дамытуға қолайлы құндылық ретінде саналады.
Ұлттық экономиканы қайта реформалау, туристік ұйымдардың қызмет ету жүйесіндегі айтарлықтай өзгерістері мен саланы басқару тетіктерінің өзгеруі, қазіргі уақыттағы жағдайымен байланысты бірқатар мәселелерді туындатты. Сонымен бірге, туризмнің дамуы тұрғындардың денсаулықтарын нығайту және қолайлы демалу жағдайларын қамтамасыз ету жағдайында маңызды әлеуметтік міндетті шешуге ықпал етеді. Соңғы он жылдықта Қазақстан әлемдік туристік нарықтың белсенді қатысушысы ретінде танылуда. Мемлекет территориясының әртүрлі бағытқа қолдануға қолайлы 80 негізгі ландшафтық-рекреациялық зонаға бөлінуі, ел аумағында туризмді дамытуға қолайлы жағдайлардың болуы, мемлекетте жыл бойы туристік-рекреациялық қызметтерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
1. 2 Туризм экономикалық сала ретіндегі мәні
Туризм саласын экономикалық қатынастарды зерттейтін экономиканың тікелей дамуына байланысы бар сала ретінде қарауымыз керек. Туризм - ол өнеркәсіп үрдістері арасындағы пайда болуы мен дамуын, туристік өнімдер мен қызметті бөлу және пайдалану, сөйтіп тұтынушының сұранымын қанағаттандыру болып табылатындықтан экономикаға тікелей қатысты деп білеміз. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр. Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса - бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің бірі - туризмді дамытуды қолға алуымыз керек.
Бүгінгі күнде дүниежүзі бойынша туризм саласынан ел бюджетіне түсетін қаржы мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан түсетін табыстан кейінгі кіріс көзі болып табылады. Сол сияқты Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректеріне сүйенетін болсақ ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін қамтыса, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын қамтыйды екен, ал әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтыйды. Туризм саласы Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне және оның әр тараптануына тікелей ықпал ететін бірден-бір фактор. Қазақстанда туризм саласының болашағы өте зор. Қазақстан дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуі үшін, экономиканың барлық бағыттарын жан-жақты саралап жандандыруымыз қажет және оның ішінде, қазіргі туризмді дамыту біздің басты міндетімізге айналуы қажет. Өйткені туризм саласын дамыту экономиканың басқа да салаларының дамуына әсер ететінін білеміз, сол кезде еліміз шикізатқа тәуелділіктен де арылар еді деп. Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. Қазақстандағы туризм индустриясының осы уақытқа дейін дамымай қалуының негізгі себептерінің бірі оған экономиканың саласы ретінде біраз уақытқа дейін мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеді және шындап қолға алынбаған. Енді қазіргі уақытта экономиканың бір саласы туризмді дамыту алға қойған мақсаттардың бірі деп алып отырмыз. Бағдарламада қойылған мақсаттарға сәйкес, мемлекет іскер топтармен бірігіп еліміздің барлық облыстарында туристік инфрақұрылымды белсенді қалыптастыру жүмыстары жүргізілуде. Туризм саласын туристік инфрақұрылымсыз елестету мүмкін емес. Туристік инфрақұрылымының дамуы, өз кезегінде ішкі және сыртқы туризм өрісінің кеңеюіне жол ашып береді. Біздің мемлекетімізге келген туристер көбінесе туристік инфрақұрылымымен байланыста болғаны анық. Туристік инфрақұрылым дегеніміз демалуға келген адамдардың жағдайын жасау болып табылады. Яғни, олардың ойдағыдай демалуы, ем алуы, қажетті керек-жарақтарын табуы үшін жағдайлар жасалуы қажет. Егер біз мемлекетіміздің бірінші мәселесінің бірі туристік инфрақұрылым деп алатын болсақ, ол үшін туристік инфрақұрылымға әсер ететін кемшіліктер мен мәселерді талқылап, жою жолдарын іздеп, артықшылықтар мен жетістіктерін басқа елдерге көрсетіп, мемлекетімізді жандандыратын болсақ, онда еліміз Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттер қатарынан көрінуі мүмкін. Осыған орай, біз туристік инфрақұрылымның дамуы туризм және экономика салалары жағынан маңыздылығы зор екенін анықтадық. Біріншіден, Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылым жоғарғы дәрежеде дамытылса, онда туристердің қажеттіліктері толықтай қанағаттандырылды деп есептеуге болады. Ал екіншіден, туризм және экономика салаларының даму дәрежесі шетелдік мемлекеттермен қатарлы болады.
Туристік инфрақұрылымды дамытуда Қазақстанда көптеген жобалар қолға алынуда, онын бірі Батыс Еуропа - Батыс Кытай ірі көлік дәлізі. Сонымен қоса, 2014 жылы елбасымыз Нұрлы Жол жолдауында туристік инфрақұрылымды дамытуға ұлттық қордан ақша бөлінеді деп атап өтті.
Туристік инфрақұрылымның құрамы экономика салалары сияқты бірнеше салаларға бөлінеді. Оларға: көлік түрлері, орналастыру орындары, қоғамдық тамақтану орындары, байланыс және жолдың сапасы кіргізіледі. Әрбір салада өзіндік бір шарттар болады. Оларға: құрамы, даму дәрежесі, қызмет көрсетулер саны мен сапасы, қызмет көрсетулер түрлері мен географиялық қасиеттерін жатқызамыз.
Ал, елімізде туризм инфрқұрылымын дамыту мақсатында бізде көз сүйсінетін жерлер өте көп, табиғаты таңғажайып керемет жерлер де аз емес. Суы, табиғаты, ауасы мың бір ауруға шипа Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы. Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтынымыз шындық.
Осы көрікті жерлерді ірі туристік өңірге айналдырса, туризм саласындағы бәсекелестік те артып, сапалық көрсеткіштерінің артуына жағдай туары сөзсіз. Соның нәтижесінде отандық туризм саласы шетелден турист тартатындай қабілетке ие болар еді. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйене отырып елімізге келген туристерді орналастыру орындары қызметтерінің қаншалықты өзгеріп отырғанын байқаймыз.
Кесте 1
Қазақстанға келген туристерді орналастыру орындарының қызметтері
Қортындылай келе, кестеде көрсеткен мәліметтерге оң баға беруге болады. Онда орналастыру орындарының саны 2015 жылы 42, 5 пайыз өскен, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 49 тармаққа көтерілгенін байқаймыз. Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемі бойынша айтатын болсақ, 2015 жылды 2012 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырсақ 41 тармаққа өскенін көрсетіп тұр. Іс-жүзінде барлық көрсеткіштер деңгейі бойынша қарастырған жылдарда экономикамыздың қарқынды дамуына туризмнің қосқан үлесі байқалады. Бұл ел экономикасын дамытуды одан әрі инвестициялауға жол ашатын қолайлы кезең болды.
Еліміздегі қазіргі туризм жұмысшы халықтың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болып келеді, сол уақытта адамның демалуға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік туады. 2015 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда орналастыру орындарымен кызмет көрсетілген келушілер саны өте көп болмасада 39% өскенін байқаймыз.
Кесте 2
Қазақстанға келу және шығу туризмі бойынша туристер саны
Қортындылай келе, келтірілген нәтижелер бойынша Қазақстанға келу және шығу туризмі бойынша келушілер үлесі жоғары қарқынмен дамып келеді. Мәселен, орта есеппен 2015 жылы елімізде бұл көрсеткіш келу туризмі бойынша келушілер саны 13, 1% құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсті. Ал шығу туризмі бойынша келушілер саны үлесі бойынша бұл көрсеткіш 27, 9 пайызға өскендігін байқаймыз. Кесте бойынша соңғы жылдары елімізге сырттан келетіндер санының төмендеуін құрайтындардың бірі туризм индустриясы объектілерінің моральдық тозуына және инфрақұрылымның жоқтығына байланысты тартымдылығы аз болып келеді.
Қазіргі таңда туризм саласын ұлттық экономикадан бөлек жеке дамиды деп қарауымызға болмайды. Туризм ол экономиканың барлық салаларын бір-бірімен байланыстырады. Транспортты, ауылшаруашылығын, бір жағынан құрылысты, сонымен қатар туризмге қажетті құралдарды және өндірістің техникалық жағдайын ұсынады, былайша айтқанда туризмнің техникалық-материалдық жағдайын қалыптастырады, екінші жағынан өндірілген туристік өнімдерді тұтынушыға жеткізеді. Түрлі салалардың бір-бірімен қатынаста болуының нәтижесінде көпсалалы функционалды туристік кешен пайда болады, өзі өндірген туристік өнімдер мен экономика салаларының өндірген туристік өнімдері, тауарлары, қызметі және сатуды бірлесіп атқарады. Сондықтан еліміздің ұлттық экономикасы тікелей немесе жанама түрде туристік кешеннің қызмет атқаруына қатысады.
- Туризм саласын экономикалық басқару жолдары
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туризм халық шаруашылығында дербес сала екені айқын және бұл экономикалық құбылыс болып есептелінеді. Туризм экономикасында алғашқыда «экономика» термині екі мағынада қаралды:
- Халық шаруашылығы және оған материалдық өндіріс саласын және өндіріс емес саланы қосқанда;
- Ғылыми пән ретінде қарау, оған елдің халық шаруашылығын және кейбір өлкелерін, сонымен қатар жеке секторлар мен өнеркәсіптің кейбір шарттары мен элементтерін зерттейді.
Туризм экономикасына экономикалық қатынастарды зерттейтін ілім ретінде қарау қажет. Туризм саласы өнеркәсіп үрдістері арасындағы пайда болуы мен дамуын, туристік өнімдер мен қызметті бөлу және пайдалану, сөйтіп тұтынушының сұранымын қанағаттандыру болып табылады. Туризм экономикасы қазіргі ғылыми пән ретінде қаралып, экономикалық қатынастардың салалар арасындағы аспектілерді зерттеп қана қоймайды, сонымен қатар өндірісте болатын құбылыстар мен үрдістерді, туристік өнімдерді пайдалану мен алмастыруын қалыптастырады, сонымен қатар ішкі және сыртқы нарықта қызмет етеді.
Қазіргі қалыптасқан туризм экономикасы туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза деп қарауымыз қажет. Онда көптеген жекеменшік пен жұмыс істейтін субъектілер бар. Осы уақытқа дейін туризм шаруашылық саласы немесе салааралық кешен деген тақырыпта пікір-талас жүріп жатыр. Күрделі әлеуметтік-экономикалық сала өз кезегінде басқа салалардың дамуына ықпал етеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz