Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қабілет, Ұйымдастырушылық қабілет, Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру ұғымдарының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың мазмұны және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

II. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2.1 Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың формалыры, әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Анықтау эксперименті жұмысы және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

КІРІСПЕ

Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлемдік білім кеңістігіне енуіміз - жоғары, кәсіби білім беретін оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау үшін мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыруды талап етеді. Себебі жаңа формация мұғалімдері кәсіби тұрғыда қалыптасуы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы жоғары оқу орындары даярлайтын бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дайындығына байланысты. Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуы жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие мен білім беруге мүмкіндік береді. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дамыту мен ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру ол бүгінгі біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Сонымен қатар Білім ғасыры атанған ХХІ ғасырда оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындады.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу, - деп атап айтты [1]. Қазіргі технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жоғары білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі бастауыш сынып мұғалімнің қабілетіне тікелей қатысты. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастырушылық қабілетінің қалыптасуы, олардың білікті маман болуы өзекті мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген [2]. Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік. Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған қабілет, қабілеттілік терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған қабілеттерді меңгерген, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр. Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы орайда, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатты. Мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеттері мен біліктіліктері туралы классикалық педагогика өкілдері А.Дистервег, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, және т.б. педагогикалық мұраларында қарастырылған. Сонымен қатар, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, және т.б. қазақтың біртуар зиялы азаматтары да мұғалімдердің білімін көтеруіне, әдістемелік дайындығына атсалысқаны белгілі. Мұғалімнің қалыптасуы сол кезеңдегі білім жүйесінің дамуымен тікелей байланысты.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру мәселесін талдау. Мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер орындалады:
қабілет, ұйымдастырушылық қабілет, бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеті ұғымдарына анықтама беру;
бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың мазмұны мен құрылымын зерттеу;
бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың формалары мен әдістерін зерттеу;
зерттеу бойынша тәжірибе жүргізу, нәтижесін қорытындылау.
Зерттеудің пәні: ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сынып мұғалімдері.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері айқындалса, негізгі бөлімде бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың мазмұны, құрылымы, педагогикалық шарттары, формалары мен әдістері қарастырылған. Қорытынды бөлімде зерттеу бойынша тұжырым жүргізіліп, пайдаланылған дерек көздері қолданыған әдебиеттер тізімінде көрсетілген.

І. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қабілет, Ұйымдастырушылық қабілет, Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру ұғымдарының мәні
Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялықерекшелігі.[3]
Күнделікті ауызекі сөзде "қабілет" деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.
Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады.
Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады.
Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді - дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз.
Қабілеттік өлшем - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады.
Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.
Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Мәселен капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды.
Қабілет және нышан. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді.
Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шорты бола алмайды. Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате.
Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі.
Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін - талант деген сөзбен белгілейді.
Талант - бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.
Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады.
Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді.
Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.
Жас балаларда әрекеттің әр түрлі байланысты бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз бейімділікті айырған дұрыс.
Адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны тәжірбелі етіп орындауында. Меселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал : алдамшы түрінде әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады.
Мәселен, алты жасар бала, үйіне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдерді көп білуімен таңқалдырған екен. Оған шешісі де мәз болады. Бірақ әлгі бала оң қолың қайсы, сол колың қайсы дегенде, бала жауап бере алмай қиналған екен. Бұдан біз балада тек алдамшы бейімділіктің болғанын көреміз.
Бала дүниеге келгенде өзінің табиғи мүмкіндіктерінен, нышандарымен келетіні рас. Бірақ сол нышандар тек оқу-тәрбие процесінің ықпалымен ғана қабілеттікке айналады. Мәселен, бала адам сөзін сөйлемей өмір сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмайды. Сол сияқты сурет салуға үйретпесе,ән салуға нышаны бар адамды ән салуға үйретпесе,оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал.
Адамның қабілет саласындағы айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу керісінше сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі - зеректілігімен, екіншілері - байқағыштығымен, үшіншілері - материалды еске сақтағыштығымен көзге ерекше түседі.
Адам психикасының басты бір ерекшелігі бір қасиеттік орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты.
Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан, бүларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мүғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалімнің осындай жұмыстарының бірі оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру.
Бастауыш кластарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең-жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән-күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады. [4]
Ұйымдастырушылық қабілет - қандай да істі ұйымдастыруға бағытталған қабілет. Ұйымдастырушылық істерді басқару мен ұйымдастыру саласындағы орналастыруды, қорларды жұмылдыруды, ортамен байланысты, тәлімгер мен оқушылардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін шығармашылық қабілет.[5]
Мұғалім тұлғасының мінездік ерекшеліктеріне - патриоттық сезім , кәсіптік педагогикалық бағыты, танымдық бағыты . Т. А. Ильина мұғалімнің кәсіптік маңызды сапаларын Міндеттік себептеріне байланысты бірнеше топқа жіктеді: а) міндетті ә) өте маңызды б) Мүмкіндігінше в) мұғалімге қажетсіз сапалар.
Міндетті деген сапалар ға тоқталатын болсақ , олар кәсіптік қызметпен тікелей байланысты сапалар болып табылады . Маңызды сапалар тобына адамгершілік, имандылық сезімдердің жоғары дәрежеде қалыптасқан деңгейі, балаға деген сүйіспеншілік, ізгілік, педагогикалық байқағыштық, ұйымдастырушылық қабілет, мейірімділік пен әділдік , ұстаздық борыш пен жауапкершілік, сөйлеу мәдениеті, байсалдылық жатады.
Мұғалімге мүмкіндігінше болуға керек деген сапаларға оның дауысы, сыртқы келбеті жақсы талғам, оқушыны өзіне тарта білуі ойдың ұшқырлығы, көңілдің көтеріңкі болуы шарт.
Педагогке қажетсіз деген сапаларға физикалық жетіспеушілікті де кіргізе аламыз. Мысалы, жүйке ауруларымен ауыру, сыртқы келбетінің кемістігі, сөзінің кемістігі, есту қабілеті нашарлар, жүрек - тамыр ауруларымен ауыратындар педагогтық қызметке жарамсыз деп есептелінеді.
Мұғалімге керек емес сапалар тобы өктемшілдік, арсыздық, қызбалық, сылбырлық, білім таяздығы өзін-өзі ұстай алмау т.б. критериймен ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта жалпы білім қоғам талап ететін қажеттілік қана емес, сонымен қатар жеке адамның өзінің интеллектуальды, адамгершілік, гуманистік тұрғыдан дамуды қажет ететін , оның қоғамдық мәдени өмірге , кәсіптік еңбекке қатысып, білімін одан әрі жетілдірудің мөлшері болып табылады. Қазіргі өмірдің прогресивті өзгерісі мен білім беру жүйесінің оқыту мазмұнымен технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына соқтырды, педагогикалық білімге деген сұраныс, дәстүрлі технологияның тиімділігінің төмендігі, оқытудың жаңа технологиясын ендіруге білім мазмұнынын ғылыми әдістермен ұштастырып, білімді ғылыми негізде құруға кері әсер етіп отырған психологиялық кедергілерді жою білім мазмұнын анықтаудан басталуы қажет. Мектептегі білім мазмұны мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Кәсіптік-педагогикалық қызығудың негізгі көрсеткіштері болып табылатындар - балаға деген сүйіспеншілік, олардың ата-анасына деген жағымды көзқарас - мұғалімнің білім қорының толық, нақты болуы және өз білімін үнемі толықтырып отыруы -педагогикалық жұмысқа белсенді қатысу. Қабілеттілік тек қана мұғалім болумен пайда болмайды, ол балалармен жұмыс істеуге қойылатын талаптармен де қалыптасады. Педагогикалық қабілеттіліктің құрылымына педагогикалық байқағыштық, педагогикалық шығармашылық, педагогикалық ойлау, талап қоюшылық , педагогикалық такт, жаңашылдық т.б. компоненттер де кіреді. В. П. Крутецкий педагогикалық қабілеттіліктердің барлығын жинақтай отырып, тұлғалық, дидактикалық, ұйымдастырушылық - коммуникативтік деп бөлді.
Тұлғалық қабілеттілік - балаға деген жақындық, өмірге деген қызығушылықпен қарай білу және т. б.
Дидактикалық шешендік қабілет - оқытатын пәнін жетік меңгеру оны балаларға түсінікті етіп баяндай алу және т. б.
Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеті - оқу тәрбие процесін ұйымдастыруға ынтасы, көңілі, қабілеті болу , оқушылардың еріктік қасиетін қозғай алу қабілеті.
Қазіргі кездің мұғаліміне маңызды қабілеттілік төмендегідей болып табылады:
оқу - тәрбие процесін шығармашылықпен ұйымдастыра білу қабілеті;
оқушыны түсіне білу;
оқушымен бірге жұмыс істей білу;
Ұйымдастырушылық қабілеті;
Оқу материалын оқушыға эмоциямен түсіндіре білу;
Педагогикалық қабілет -өзінің ерекшеліктабиғатымен сипатталады .
Бұлардың барлығына қарапайым дағдылар кіреді: сөйлеу дағдысы, сөйлеу этикеті, дикция, өзін -өзі ұстай білу, сыртқы келбеті, жүріс - тұрысы т.б.
Құрылымдық дағдылар: оқу-тәрбие процесін жоспарлай білу, оқушыларға жеке қарым-қатынас, бағыт көрсету -кез-келген сабақ ,сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының құрылымын дұрыс таңдай білу және оған қатысты материалдарды жинақтау .
Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеті мынадай элементтермен түсіндіреледі: сабақта оқушы әрекетін ұйымдастыру, iс-әрекеттердің мақсаты мен міндеттерін анықтау, ұжымды қалыптастыру, cынып белсенділерін ұйымдастыру, ата-аналармен , қоғамдық ұйымдармен жұмысты ұйымдастыра білу.
Коммуникативтік қабілеттілік: оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен мақсатты, жағымды қарым - қатынас жасай білу, ұжымдағы қарым - қатынас пен ұжымдар арасындағы қарым - қатынас жағдайларын бақылап отыру, болашақ мұғалімнің коммуникативті қабілеті, сыныпты өзіне қарата алу, қарым-қатынас жасаудың алдын - ала жүйесін білу, оқушы психологиясын, көңілін тез аңғара алу қабілеті кіреді.
Гностикалық қабілеттілік: оқушыны зерттей білу, жұмыстың әдіс тәсілдерінің нәтижесін біліп отыру, оқушы білімділігін және тәрбиелілігін анықтап, зерттеп отыру,педагогикалық тәжірибені оқып меңгеру. [6] Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.

1.2 Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырудың мазмұны және құрылымы

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. [7] Осы ұстанымға жетудің бірден - бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырыпбілім сапасын арттыру, сондай - ақ рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу -осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмысістейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат қана шеше алады. Олар-дүниетанымдылық,шығармашылық және терең білімділік.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі ұйымдастырушылық қабілеті, жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді. [8]
Қыран - түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талап сыйлайды деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзешген сияқты. Еліне қорған, ұлтына қамқор болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы өзгерістерге сын көзбен қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім қабылдай алуы қажет - ақ.
Бастауыш сынып - оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. [9] Оқушылардың қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді.
Ұйымдастырушы адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады.
Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілін үйрету - сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді.Ана тілін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құзыреттілік теориясы
Білім берудің құрылымы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Бастауыш сынып мұғалімінің өзін өзі жетілдіру жолдары
Пәндер