Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Өнер факультеті
Бейнелеу өнері кафедрасы
Мурат Нұрғиса

5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы
Түркістан 2014

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Өнер факультеті
Бейнелеу өнері кафедрасы
Қорғауға жіберілді
___________
кафедра меңгерушісі
________ п.ғ.к., доцент м.а. Әуелбеков Е.Б.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы
Орындаған Мурат Н.
Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.к., доцент м.а. Күнпейіс Ж.Қ.
Түркістан 2014
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
"Бейнелеу өнері" кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Е.Б.Әуелбеков
Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
пәнінен курстық жұмысқа
ТАПСЫРМА №___
СТУДЕНТ____________________________ _______ ТОБЫ ____________
аты-жөні
Жұмыстық тақырыбы ___________________________________ __________
___________________________________ ____________________________
Тапсырма мазмұны
1. Оқу бағдарламасымен танысып, берілген тақырыптың мазмұнын
және мақсатын анықтау.
2. Тақырыпқа сәйкес арнайы және әдістемелік әдебиеттерді іріктеу және зерделеу.
3. Орындалатын тақырыпқа сәйкес жұмыс объектісін немесе лабораториялық жұмысты іріктеу.
4. Орындалатын тақырып мазмұнына сӨйкес жоспар түзу.
5. Кіріспеде тақырыбтың қоғамда алатын орны, мақсатын және әдістемелік міндеттерін шешу көрсетіледі (1,5 - 2 парақ көлемінде).
6. Тақырыпқа байланысты бағдарламаларға шолу жасау.
7. Күнтізбелі тақырыптық жоспар құрастыру.
8. Оқытудың тиімді әдістері мен формаларын ұсыну.
9. Технологиялық және нұсқау карталарын жасау.
10. Шеберхананы жабдықтау.
11. Қорытынды.
12. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
13. Қосымшалар
14. Жұмыстық мазмұны туралы қысқаша аннотация жазу (05 бетке дейін).
15. Сызбалар мен техникалық құжаттар ГОСТ талаптарына сай орындалады.
16. Жазбаша жұмыс көлемі 25-30 парақ компьютерде терілген, тексерілген болуы тиіс.
17. Курстық жұмыс жетекшісі пікір жазып, қорғау үшін комиссияға жолдайды.
Негізгі мәліметтер_________________________ ______________
___________________________________ ______________________
№
Түсінік хаттың мазмұны
Орындалу мазмұны
Жұмыстың парақ санының көлемі
№
Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мазмұны
Жұмыстың парақ санының көлемі
Формат
Әдебиеттер:
1. ___________________________________ _________________
2. ___________________________________ _________________
3. ___________________________________ _____________________________
4. ___________________________________ _____________________________
5. ___________________________________ _____________________________
6. ___________________________________ _____________________________
Тапсырманы өткізу мерзімі ___________________________________
Жұмысты қорғау мерзімі ___________________________________ ___
Жұмыстың жетекшісі ___________________________________ ______
(қызметі аты-жөні қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдадым:
___________________________________ ___________________________
(студент қолы тобы)
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-12
1. Жалпы білім беретін орта мектептің технология пәнінен оқу процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.1. Оқу шеберхана талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-17
1.2. Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-18
2. Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20
2.1. 7-сынып оқушыларына ұлттық бұйым сандық үлгілерін
құрастыру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-24
2.2. Үлгілік сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-25
2.3. Ұлттық бұйымдарды дайындаудың негізгі талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... 25-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Нормативтік сілтемелер
Курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан - 2030-- атты жолдауы;
- Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ - ХҚТУ - 027 - 2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен
өткізу ережесі.
Анықтамалар
Технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі.
Шеберхана - оқушылырдың технологиялық шеберлігін арттыру мақсатындағы дәріс алу және тәжірибе алмастыру кабинеті.
Станок - оқушылардың арнайы бір бұйым жасауын жеңілдетуге арналған құрылғы.
Верстак - оқушылырдың ағаш материалымен әр түрлі бұйым жасауға ыңғайлы жұмыс үстелі.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖОО - Жоғары оқу орны
СТД-120 - ағаш өндеу станогі
% - пайыз
мс - метр секунд
Гц - гига герц
ОВП-5 - өрт сөндіргіш баллоны
м[2] - метр квадрат
мм - миллиметр
ЭТ-62 - электроқайрақ
НС-12 типтегі бұрғылау станогы
Квт - киловатт
И-78 - марклі дискалы ара
И-93 - маркілі электролобзик
И-2УА - электросүргілер
С - градус цельский
См - сантиметр
ОТҚ - Оқытудың техникалық құралдары
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде білім беру жүйесінде соңғы онжылдықта тың өзгерістер жасалып, әлемдік білім беруге ұмтылуда. Сол үшін еліміздің экономикасын қарқынды дамытуда алдымен бүгінгі жасұрпақты білімдар етіп, жан-жақты даярлау үкімет алдында тұрған еңбір жауапты мәселе екендігі барша қазақстандықтарға аян. Соның бір айғағы бүгінгі мектеп реформасынының өзекті мәселесінің бірі - оқушылардың еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беруді түбірімен жаңарту және әрбір мекеме орындарында жұмыс істей білетін жан-жақты да қабілетті мамандарды даярлау, ең өзекті мәселе болып табылады. Осы орайда әрбір жас буын алдымен өз білімін жеке басына ғана емес, қоғамға да пайда келтіретін саналы азамат ретінде мектеп қабырғасынан бастау алу керектігі аталып өтілуде.
Сондықтан да мектеп қабырғасынан оқушыларға пәндік білім беріп қана қоймай, олардың болашаққа бағытталған өз ұстанымын дұрыс бағытта дамытуда олардың шығармашылық белсенділі мен шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады. Жалпы жоғары сынып оқушыларының шығармашылық белсенділік қабілеттерін дамытуда және олардың жан-жақты үйлесімді дамуында мектептегі еңбек тәрбиесінің (технология пәні арқылы берілетін) маңызы зор болып саналады.
Әсіресе білім беру ісі, балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шеше білуіміз керек.
Жалпы мемлекеттің күш-қуаты, ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің
ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың сапасымен анықталады. Сондықтан да өркениетті дамушы 50 елдің қатарында болу үшін мектеп оқушыларының әр уақытта қоғамдық санасының яғни жеке тұлғасының еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Ол үшін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда мектепте өтілетін технология пәнінің алатын орны ерекше. Технология пәнінде жоғары сынып оқушылары, қарапайым еңбек түрінен бастап өндірістік білім негіздерінің теориялық жағынан мәлметтер ала отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, техникалық шығармашылық қабілеттері артып отырады.
Дегенмен, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда қай пәннің болсада өзіндік үлесі бар болғанмен еңбекке баулу
(технология) пәнінің алатын орны ерекше екендігін атап кетуге болады.
Технология пәнінде мектеп оқушылары еңбектің алғашқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой - өрісі, сана-сезімдері және олардың пәнге деген қызығушылықтары арта түсіп, шығармашылық белсенділіктері артып отырады.
Сондықтан да жалпы білім беретін мектептің технология пәні
сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда және мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде, бүгінгі мектептің технология сабағы дегенмен өз дәрежесінде өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұсынылған оқулықтарында кемшіліктер көтеп кездеседі. Мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін дамыта түсетін арнайы дайындалған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтың қасы. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған курстық жұмыстың тақырыбы да осы мәселелердің шешімін табу мақсатында оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасауға Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау (сандық жасау өнері мысалында) -деп алуға себепші болды.
Зерттеу мақсаты - мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін ұлттық өнер арқылы дамытудың психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және
осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау;
- жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін
технология сабақтарында оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау
жасау;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін ұлттық өнер арқылы
дамыту;
Зерттеу пәні - Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін технология пәнінде дамыту.
Зерттеу әдістері - талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, сауалнама жүргізу, т.б.
Зерттеу нысанасы - жалпы білім беретін орта мектептердің оқу- тәрбие үдерісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1 Жалпы білім беретін орта мектептің технология пәнінен оқу процесі
1.1. Оқу шеберхана талаптары
Барлық оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісуі керек. Нұсқауларды тікелей жұмыс жетекшісі - мұғалім жүргізеді. Жұмыс кезінде қолданылатын құрал-саймандарға мұқият болған жөн. Қашау, балға, шапашот, пышақ және т.б. саймандардың тұтқалары сызатсыз, жарықсыз болуы тиіс. Қашаумен шабу кезінде оны ұстаудың тәртібін сақтап, шама келгенше бұтақсыз ағашты таңдап, қашауларға арнаулы ағаш балғасын қолданған дұрыс, ал темір балға қашаулардың саптарын көп кешікпей істен шығарады. Қашауды ара жігіне қарай қолданса, жұмыс өнімділігі артады. Қашаудың, балғаның, т.б. құралдардың саптарының ұзындықтары белгіленген өлшемдерге сәйкес болуы тиіс. Құрал-саймандарды ылғалдан, судан алшақ ұстаған дұрыс, су тиген жағдайда жүзі бар құралдарды тот басады. Сондай-ақ кесілетін ағашта шеге болмауы керек. Араның жүзі үнемі қайраулы, өткір, жұмысқа дайын тұрғаны абзал. Сүргіні қолданып болғаннан кейін жүзімен темірге қоюға болмайды. Оны арнаулы жерге іліп қойған дұрыс. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықты бекітілуі тиіс, кесу кезінде қолды араға жақын ұстауға болмайды, араның жүзі белгіден тайып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ағашты көкірекке, кеудеге тіреуге мүлде тыйым салынады.
Бұйымның ішін қашап, ойық жасауға арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу кауіпті болады. Сондықтан оқушыларға ондай станоктармен жұмыс істеуге мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мұғалімнің өзі жасап беруге міндетті.
СТД-120М ағаш жону станогында жұмыс істеген кезде оған жоңылатын шикізатты біліктілікпен таңдап алу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарға сай екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана станок іске қосылуы тиіс. Бұйымды жону кезінде станок тіреуіші мен айналып тұрған ағаш бұйымының ара қашықтығы 3-5 мм болуы керек. Егер ара қашықтығы одан көп болып кетсе, бұйымды нақтылы өлшеммен өндеуге қиын болады. Әсіресе, сыртқы және ішкі бөліктерін тегістеу өте қиынға соғады. Сондықтан айналып тұрған ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығын үнемі бақылап, қадағалау қажет.
Адам баласына жалпы жұмыс орнындағы ауаның тазалығы үлкен әсерін тигізеді. Шеберхананың орналасуы, ондағы ауаның температурасы, ылғалдылығы және табиғи ауа қозғалысы, т.б. ескерілуі тиіс.
Ауа құрмындағы газдардың сәлде болса өзгеруі, әсіресе реттегі сапасының төмендеуі және көмір қышқылдың ұлғаюы адамның жұмыс істеу қабілетін едәуір бәсендетеді. Егер шеберханадағы ауаның температурасы 23-25°С-тан жоғары болып кетсе, ол зиянды. Сондықтан оқу шеберханасындағы температура 18 -- 22°С мөлшерінде болуға тиіс.
Адамның денсаулығына ауаның ылғалдылы да әсер етеді. Сондықтан оқу шеберханасында санитарлық мөлшердегі ылғалдылық 40-60 % болуға тиіс, ал жазды күндері 75 %-ға дейін ұлғаюы мүмкін. Орта есеппен ауа алмасуы оқу шеберханасында және жалпы өндірістік шеберханаларда қысқы мезгілдерде 0,2 -- 0,5 мс, ал жаз кездерінде 0,5 -- 1,5 мс айналымда болуға тиіс. Ауа айналымының қозғалысы 0,15 мс-ден асқанда адам оны сезе бастайды. Есікті, ал жылы күндері терезні мүмкіндігінше ашып қойған дұрыс. Денсаулыққа зиянды ауадағы қосындылар адам ағзасына дем алу арқылы енеді. Ал шеберханадағы ауаның зиянды қосындылары дәнекерлеу кезінде, бұйымды лактағанда, тазалағанда, ағаш желімін қайнату кезінде, пышақты немесе басқа да құралдарды қайрағанда пайда болады. Сол сияқты СТД-120М ағаш станогында бұйымды жону және ағашты кесу кезінде шаңның көтерілуі де ауаның ластануына әсер етеді.
Желдеткіш шеберханаларда, арнаулы жұмыс орындарында ауаға қозғалыс енгізіп, үнемі тазартып отырады. Ол екі тәсілде қозғалысқа келеді: біріншісі -- табиғи, ал екіншісі -- механикаландырылған түрде. Табиғи ауа тербелісі есік, терезелерді ашып тастау арқылы жасалса, механикаландырылған түрі ауаны сору немесе арнаулы төбедегі желдеткіштің айналуы арқылы жүргізіледі. Арнаулы желдеткішті әр түрлі жылдамдықта айналдыруға болады. Егер желдеткіш шеберхананың барлық бөлмелерінің ауасын тазартатын болса, оны жалпылама желдеткіш деп айтамыз. Ал егер арнаулы бір орынға (шаңдалатын орындарға) арналса, оны жергілікті желдеткіш деп атаймыз.
Шеберханадағы жарық. Шеберханадағы жарықтың маңызы еңбекті қорғаудың негізгі талаптарының бірі болып табылады. Егер шеберханадағы жарық нашар болса:
жұмыстың сапасы төмендейді;
көз және бас ауруы пайда болады;
бұйымға жақын қарауға байланысты көздің жарақаттану қаупі көбейеді.
Шеберханада жалпылама және оған қосымша жергілікті жарық болуы тиіс. Жалпыламаға табиғи жарық дегеніміз -- терезе арқылы түсетін және электр қуатымен шеберхананы қамтитын жарық. Ал жергілікгі жарықтарға арнаулы станоктарға орнатылған шамдарды, жұмыс орнындағы үстелдің жанына жақын орналастырылған және жеке өшіріліп-жағатын қосқыштары бар шамдарды жатқызамыз.
Табиғи жарықтың биологиялық және гигиеналық құндылығы өте жоғары. Табиғи жарықты дұрыс пайдалану үшін шеберханаға сәуленің терезе арқылы тусуін, әйнектің сапасын, терезе, есік, қабырға сырының тусін, жұмыс үстелінің, жабдықтардың қолайлы орналасуын ойластыру керек. Сондай-ақ оған терезенің үлкен-кішілігі де әсер етеді.
Шеберханаға жарық мол түсуі үшін терезе әйнектерін жетісіне бір рет, ал сыртқы әйнек бөлігін айына 2 рет мұқият сүртіп отыру керек. Күннің сәулесі қабырға арқылы шағылыс беру үшін терезе алдында ешқандай кедергі болмауы тиіс. Мысалы, перде, құрал-саймандар, т.б.
Жасанды жарық табиғи жарықтың жетіспеушілігіне байланысты қолданылады.
Жалпы жұмыс орнындағы электр жарығы бөлме көлеміне есептелініп орнатылуы тиіс. Мұндағы негізгі міндет -- көзге шағылыс түсірмеу, көз жанарына зиян келтірмеу.
Қорғанысы бар шам артық шағылыстан қорғай отырып, жарықты барлық аймақтарға біркелкі жіберу міндетін атқарады. Ол шеберханаға өте қолайлы, әрі қауіпсіз. Ағаш кесу, бұйым жону, құрал-саймандарды қайрау, егеу, т.б. жұмыстар кезінде жағымсыз дыбыстар -- тарсыл, шуыл шығады. Шулы дыбыс адамның ойлау қабілетіне өсер ететіндіктен, жұмыстың сапасы кемиді.
Тербеліс. Физикалық заңдылық түрғысынан қарағанда шу мен тербелістің аса айырмашылығы жоқ, бірақ олар адам ағзасына екі түрлі есер етеді, мысалы, тербелісті адам денесімен сезінсе, ал шуды құлақ аркылы сезінеді. 150 Гц және одан жоғары шуға құлақ шыдай алмайды. Жасөспірім оқушылар үшін шудың шамасы 65-70 Гц-тен аспауы керек.
Тербеліс станоктың немесе механикаландырылған құралдың дұрыс орнықпауынан, еден үстіне орната салу сияқты себептерден пайда болады. Тербелістер жалпылама және жергілікті болып екі түрге бөлінеді.
Жалпылама тербеліс адамның барлық жүйесіне әсер етеді Ал жергілікті тербеліс белгілі бір жерді ғана қамтиды, мысалы, тек қолды. Сондықтан шулы, жағымсыз дыбыс шығаратын құрал-саймандар негізгі жұмыс орнынан бөлек орналастырылуы шарт.
Электр қауіпсіздігі. Әрбір шеберханада станоктардың ток өткізгіш кабельдері жіңішке темір құбырдың, ішімен жүргізілуге тиіс. Әсіресе, кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса мұқият болған жөн. Өйткені кабельдің үстіне ауыр зат түсіп кетсе, оны бұлдіруі мүмкін. Еден үстімен өтетін кабелдің ұзындығы өте қысқа болуы тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеуі керек. Яғни оқушылар жүрмейтін жерді, еден жағалауын, т.б. қамтуы тиіс. Ал егер ол есік табалдырығы арқылы өтсе, онда құбыр беті қорғаныш ағашпен жабылуы керек. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ ток күшін айырып-қосуға арналған ажыратқыш болады. Ол ажыратқыш негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы керек. Мысалы, мүғалімнің құрал-саймандар сақтайтын бөлмесінде немесе қауіпсіз, оқушылар келмейтін орында болуға тиіс. Ажыратқышты іске қосу жұмысы тек мұғалімге ғана жүктеледі, оны қосуға ешбір оқушының, тіпті мектеп қызметкерлерінің құқығы жоқ. Әрбір электр станогындағы ток жермен жалғастырылуға тиіс, егер бұл талап орындалмаса, оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы керек.
СТД-120М және басқа да станоктармен жұмыс істеген кезде ток сымында шағылыс үлшындары немесе күйік иісі байқалса, станоктың айналу жылдамдығы бәсендесе, дереу мұғалімге хабар берген жөн. Ондай жағдайларда станокты өшіру қажет.
Механикаландырылған құралдармен жұмыс істер алдында мүғалім міндетті түрде тексеріп, оны іске қосып беруге тиісті.
Өрт қауіпсіздігін сақтау. Шеберханаларда өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері қатаң талап етіледі. Өрттің шығу ссбептері:
ток күшіндегі жалғамдардың осал болуы;
станоктардағы бақылау қосқыштарының әлсіздігі;
қайрақ станогында ағаш ұнтақтарының шоғырлануы;
ашық және арнаулы жабық татталардың талаптарға сай қолданылмауы;
муфельді пешпен жұмыс істеу кезіндс қауіпсіздік ережелерінің орындалмауы және онда өнделген темір бұйымдарды қоятын арнаулы орындардың болмауы;
үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс істеу кезінде талаптардың
орындалмауы;
оқушылардың білім дәрежесінің төмендігі, т.б.
Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы құралдар міндетті түрде болуға тиіс. Олар талаптарға сай түгел әрі іске қосуға әрдайым дайын болуы керек. Өрт сөндіруге арналған су жүйесі әрдайым іске қосылып, дайын тұруы шарт. Бұл ретте барлық жауапкершілік оқу шеберханасының мұғаліміне жүктеледі деп атап корсеткен.[3]
Шеберханада жанғыш заттарды, мысалы, ацетон, арнаулы бояу езгіш, бояу, жанармайдың түрлері, т.б. сақтауға мүлдем тыйым салынады.
Оқу шеберханасъшда өрт қауыпсіздігінің құралдары міндетті түрде болуға іиіс. Оған өрт сөндіргіш ОВП-5 баллоны, ішкі су краны, күрек, ілгек темір, сүймен, құм, шелек кіреді. Өрт сөндіруге арналған құралдар әрдайым қолдануға дайын тұруы керек. Өрт сөндіргіш баллондар көбікті, газды және ұнтақты болып әр топқа бөлінеді. Қазіргі кезде химиялық көбіктердің көптеген түрлері қолданылады, олар: ОХП-10, ОП-М, 0П-9ММ, т.б.
Баллонды іске қосу үшін алдымен оның көбік шығатын түтігін тазалап аламыз. Содан ксйін баллонның жоғары жағындағы тұтқаны кері қарай, 180°-қа тоқтағанша бұраймыз. Оң қолмеи жанындағы тұтқадан, ал сол қолмен түбінен ұстап, баллонды тез арада төмен қаратып төңкереміз. Оны іске қосу кезінде еденге немесе қатты затқа ұрудың қажеті жоқ. Төңкерілген баллон өз бетімен іске қосылады. Қысым арқылы арнаулы түтікшесінен шыққан көбік 60 -- 65 секунд ішінде 6-8 м жерге шашырайды. Яғни қолдану кезінде оның шашырайтын қашықтығын және уақытын міндетті түрде білу шарт. Бұл баллонды өрт шыққан қатты және сұйық заттарға да (бензин, керосин, ацетон, т.б.) қолданады. Бір баллонның көмегімен 0,75 -- 10 м2 ауданға тараған өртті сөндіруге болады. Алайда баллонмен ток арқылы пайда болған өртті сөндіруге болмайды. Өйткені көбік өз бойынан ток өткізеді. Мұндай жағдайда токты өшіріп барып пайдалану керек.
Электр қауіпсіздігі. Әрбір шеберханада станоктардың ток өткізгіш кабельдері жіңішке темір құбырдың, ішімен жүргізілуге тиіс. Әсіресе, кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса мұқият болған жөн. Өйткені кабельдің үстіне ауыр зат түсіп кетсе, оны бұлдіруі мүмкін. Еден үстімен өтетін кабелдің ұзындығы өте қысқа болуы тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеуі керек. Яғни оқушылар жүрмейтін жерді, еден жағалауын, т.б. қамтуы тиіс. Ал егер ол есік табалдырығы арқылы өтсе, онда құбыр беті қорғаныш ағашпен жабылуы керек. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ ток күшін айырып-қосуға арналған ажыратқыш болады. Ол ажыратқыш негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы керек. Мысалы, мұғалімнің құрал-саймандар сақтайтын бөлмесінде немесе қауіпсіз, оқушылар келмейтін орында болуға тиіс. Ажыратқышты іске қосу жұмысы тек мүғалімге ғана жүктеледі, оны қосуға ешбір оқушының, тіпті мектеп қызметкерлерінің қүқығы жоқ. Әрбір электр станогындағы ток жермен жалғастырылуға тиіс, егер бұл талап орындалмаса, оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы керек.
Араның жүзі үнемі қайраулы, өткір, жұмысқа дайын түрғаны абзал. Сүргіні қолданып болғаннан кейін жүзімен темірге қоюға болмайды. Оны арнаулы жерге іліп қойған дұрыс. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықты бекітілуі тиіс, кесу кезінде қолды араға жақын үстауга болмайды, араның жүзі белгіден тайып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ағашты көкірекке, кеудеге тіреуге мүлде тыйым салынады.
Бұйымның ішін қашап, ойық жасауға арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу кауіпті болады. Сондықтан оқушыларға ондай станоктармен жұмыс істеугс мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мүғалімнің өзі жасап беруге міндетті.
СТД-120М ағаш жону станогында жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты біліктілікпсн таңдап алу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарга сай екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана станок іске қосылуы тиіс. Бұйымды жону кезінде станок тіреуіші мен айналып тұрған ағаш бұйымының ара қашықтығы 3 -- 5 мм болуы керек.
1.2. Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету
Аралас станок стол үстінде сүргілеу және дискалы ара -1 дана, стол үстінде қойылатын ағаш ендеу токарь станогы 2-дана, ЭТ-62 (электроқайрақ) типтегі электр қайрақ 1-дана, НС-12 типтегі бұрғылау станогы - 1- дана. Шеберханаларға жабдықтарды тандап алуда, әр түрлі типтегі станоктарға койылатын талаптарды ескеру керек.
Бұргылау станогы. Көпшілігінде ағаш және метадды бұрғылауда, мектепте бұрғылау диаметрі 12 мм дейінгі бұрғылау станогы тиімді. Бұрғылау станоктарының жалпы мәліметі төмендегідей. Ең үлкен диаметр 12 мм, доңгелек стол 200x250 столдың қолмен көтерілуі 100-150 мм. Шпиндельдің шығуы 100-150 мм электроқозғалткыштың қуаты 0,25-0,3 квт.
Қайрау станогы. Ағаш және металл өңдейтін құрал-саймандарды
қолмен кайрау үлкен қиындық тудырады. Оқу шеберханалары үшін қайрау станогының шығарылған қозғалтқыш өсінің екі шетіне дөңгелек қайрақтар бекітіледі.
Ағаш өңдеу токарь станогы. Стол үстіне қойылатын СТД-120 ағаш өндеу станогі және оның толықтырылған бұрғылау жабдығы түрі СТД-120М мектеп кабырғасында кеңінен қолданылады (3-сурет).
Центр аралығының ең үлкен кашықтығы 500 мм, центр биіктігі 120 мм, сондай-ақ алдыңғы топайы электроқозғалтқыш қызметін атқаратын және өңделетін дайындама бекітілетін тетікпен жабдықталған токарь станоктары да қолданады.
СТД-120 м ағаш токарь станогы
Дискалы ара. Оқу шеберханалары үшін аралас дискалы ара станогы орнатылады. Пышақ ұзындығы және дисканың диаметрі 120 мм. Дискалы арада қосымша жабдықсыз-ақ ағаш аралаумен қатар шпунт, фальцы, т.б. кеседі.
Мектепте И-2УА типтегі электросүргілер, И-93 маркілі электролобзик, И-78 марклі дискалы ара т.б. кең көлемде қолданылады. Аталған құрал-саймандарды мектептерде пайдалану өте тиімді бірақ олармен жұмыс істеу мұғалімге ғана рұксат етіледі.
Шеберханада жабдықтарды орналастыруда көптеген талаптарды ескеру керек. Механикалық жабдықтарды мұғалімнің жұмыс орнына мүмкіндігінше жақын орналастырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың станоктарды және станоктардағы жұмыстарды қадағалауына жеңіл болады.
Дискалы арамен сүргілеу станоктарын косымша бөлмеге орналастыру керек. Верстактарды және станоктарды орналастыруда, жарықтың оқушылардың жұмыс орнына түсуіне өзара орналасу қашықтықтарына қойылатын талаптарды орындау керек. Шеберханаларда оқушылардьщ дайындап аяқталмаған жұмыстарын сақтайтын орын болуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда көптеген қиындыктар туындауы мүмкін.
2. Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
2.1 7-сынып оқушыларына ұлттық бұйым сандық үлгілерін
құрастыру технологиясы
Ежелден қазақ халқы үй жиһаздарын ағаштан жасалған өнердің қас
шебері болғанын біздер тарихтан білеміз. Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс аймақтарымен Алтай төңірегінде қайың, шырша, қарағай секілді ағаш түрлері көптеп өссе, оңтүстік өңірде терек, қара тал, жиде және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz