Абылай ханның саясаттағы орны
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Абылай ханның билігінің нығаюы және оның хан сайлануы ... ... ... ...6
1.2 Абылай ханның реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Жоңғария мен Цинь империясы қатынастарындағы Абылай ханның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Абылай ханның ұлы көршілері Ресеймен және Қытаймен жүргізген сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тарихында Абылай ханның орны ерекшк. Абылай хан жау қыспағынан қысақ мемлекеттілігінің, оның тәуелсіздігін сақтап қалу жолында қолдан келген барлық айла - әрекеттерді істеп баққан.[3, 44 ,.]
Ұлы қазақ даласына, оның да табиғи байлығымен кең ресурстарында батыстан Ресей, шығыстан Жоңғария мен Қытай мемлекеттері көз алартып қана қоймай, жаулап алу саясатын іс жүзіне нақтылы практикада асыра бастаған еді. Міне дәл осындай қиындықтан ел басына күн туған кезде Абылай хан саясаты аренаға икөтерілді, қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен бостандығының сақтап қалуда баға жетпес тер төкті. Шоқан Уалихановтың бағалауы бойынша Дүрбелеңге толы дүрбілі кезең Абылайды тапқырлығы мен табандылығы, ақылдылығы мен албырлығын танытуына жағдай жасайды.[1, 19,.]
Жалпы алып қарағанда Абылай ғұмырлық тағдыры халық игілігіне бағытталған қызметтері әдебиетте біршама зерттелгенін айта кеткен жөн. Тәуелсіздігімізге қолымыз жетіп, егеменді мемлекет болғаннан кейін Абылай туралы бірнеше құнды зерттеулер мен еңбектері жарық көрді. Бірақ, бұл басылымдарды Абылай ханның өмірбаяны, оған қатысты халық арасында сақталып қалған ауыз әңгімелер, қиссалар баяндалады. Ал, оның қазақ мемлекеттілігінің құқықтық негізін нығайту жағдайындағы ойлары мен көзқарастары осы күнге дейін зерттелген емес.[4, 253,.]
Абылай ханның саяси көзқарастарының негізгі өзегі және идеясы - күшті, тәуелсіз, бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлкетін қалыптастыру. Ресей, Қытай сияқты ірі мемлекеттермен тең құқықтық дәрежеде қарым-қатыныс жасау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принципін мойындату болды. Осы мақсатқа Абылай хан сыртқы және ішкі саясаты қалыптастырады, қазақ мемлекетінде алауыздықты, сұлтандардың таққа таласу әрекеттері барлық шараларды пайдаланып, тежеуге күш салумен қатар Билер кеңесінің функцияларын да өз қолына шоғырландырады. Шоқан Уалиханов былай деп атап кеткен: Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде - бірі жоқ. Ол өктемдігін асырып, ең алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын ондай сұмдық шешім халық жиынының ұйғарымымен ғана жүзеге асатын. Сөйтіп, ол ханның билеген алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылармен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйды.[1, 10,.]
Абылай хан қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бұған дейін-ақ қазақтың үш жүзінің көп бөліктері Абылайдың билігін мойындады. ХVІІІ ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жері жоңғарлардан түгелдей азат етілді Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген Қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқыншылықтарынан азат етілді.[4, 311,.]
Тақырыптың тарихнамасы. 1771 жылы Абылай таққа отырды. Хан атағын Қытай императоры да, орыс ақ патшасы да бекітті. Іс жүзінде Абылай тек қана Орта жүздің ғана емес бүкіл үш жүзді өз аузына қаратты Қытай императоры мен орым патшасы бірін-бірі аңдып отырғанда А. Левшин айтқандай, Абылай өзінше билік, саясат жүргізді. Именно эта политика способствовало тому, что ни один киргизский хан не имел такой неограниченной власти как Абылай, - деп әділ жазды Шоқан.[2, 144,.]
Абылай хан туралы атақты тарихшы А. Левшин: Абылай тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының санын, күші жағынан болсын, сондай-ақ Ресей патшалығымен, Қытайдың Богдо ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта ерте білетін еді, - деп суреттейді. Ғұлама тарихшы В.В. Бартольд өзінің История турецко-монгольских народов атты еңбегінде самым могущественным из ханов ХVІІІ в. был хан Средней орды Аблай (1771 - 1781) , - деп түйіндейді.[1, 24,.]
Шығыс тарихын зерттеуші ғұлама, атақты академик В. В. Бартольд айтты, Абылай хан ХVІІІ ғасырдағы хандардың ішіндегі ең құдыреттісі болды (Бартольд В. В Түрік-моңғол халықтарының тарихы. Шығармалары. М., 1968, V том, 224-бет.).[1, 53 ,.]
Мұхтар Омарханұлы былай дейді: ... Сол аласапыран дәуірде қалың елдің қайраңдап жан қалама деген қазығұрттай үміті жалзыз ғана Абылай басында болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін ту көтеріп, бір араға жиған Абылай...(М. Әуезов. Әдебиет тарихы. А., 1991, 142-143 беттер).[1, 57,.]
Тақырыптың деректік қоры. Курстық зерттеу жұмысының өте маңызды деректемелік негізі қазақ қоғамы мен қазақ хандығында өте зор рөл атқарған Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты болып табылады. Сондай-ақ аса көрнекті зиялылар мен тарихшылардың еңбектері мен зерттеулері курстық жұмыстың құнды деректік қайнар көзі саналады.
Тақырыптың мақсаты. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын зерттеу, дәлірек айтқанда, Абылай ханның Жоңғар және Цинь империясымен қарым қатынасын, Ресей мен Қытай көрші елдерімен жүргізген саясатына толықтай тоқталу.
Тақырыптың міндері.
Абылай ханның қазақ қоғамындағы рөлін анықтау;
Абылай ханның билігінің нығаюы және оның хан сайлануын анықтау;
Жоңғария мен Цинь империясы қатынастарындағы Абылай ханның рөлін анықтау;
Абылай ханның ұлы көршілері Ресеймен және Қытаймен жүргізген сыртқы саясатын зерттеу.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ САЯСАТЫ
1.1 Абылай ханның билігінің нығаюы және оның хан сайлануы
Атасы Абылай, одан Уәли (Шежіреде Көркем Уәли атанған делінеді). Жас кезінде жетім қалып, нағашысы Қайып ханның ордасында немере, шөбере, туыс ағалары Сәмеке ханның, Болат хан мен Әбілмәмбет сұлтанның ордасында өскен. Хандар әулеті ақсүйек дәстүрінде тәрбиеленген, білім алған, соғыс өнеріне ерте машықтанған. Аңыз-әпсаналарда айтылатын Сабалақ лақабы оған қайратты, ержүрек, амал-айлалы батырлығы үшін қарсыластары тарапынан берілген. Сабалақ, яғни моңғол тілінде, сабаушы, жауынгер, батыр [Монгол-казах толь, Өлгий-1984,403-бет] дегенді білдіреді. Киімі жыртық, көрбала, қолбала болғаны үшін емес.[3, 44,.], [4, 247,.]
Ал, жетім қалып, Ораз есімді аталықтың тәрбиесінде болуы жөнінде аңыздай таралған әңгімелер - Аралдың Мұса ханы 1712 жылы қаза болғанда, оның Сәтемір деген ұлын Оразалы деген аталық (ханның құлы) жасырып, аман сақтап қалыпты деген дерекке [История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков, ІІІ том. Алматы 2005, С. 104.] ұқсас, ауыз әдебиетіндегі ежелгі ұйқастыра дәріптеу, айтулы тұлғалар төңірегіндегі мифтік әсірелеудің тағы бір мысалы. Әбілмансұр деген есім Абылайға қатысты жазба деректерде кездеспейді, бұл да аңыздарға кейін қосылған - арабша Жеңімпаз дегенді білдіретін лақап. Шын мәнінде, толық аты-жөні - Абылай-Мұхаммед Баһадүр сұлтан.[5, 7,.]
Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодандық шартына қол қойғаннан кейін, жаңа геосаяси жағдайда, солтүстік және шығыс шегараларды бекіту мәселесі тұрды. Тәуке хан тұсында билікті бір орталыққа шоғырландыру жөніндегі бастаманы тиянақтаған - Сәмеке хан. 173З жылы Сәмеке хан қазақ даласын билеудің жаңа тәртібін енгізіп, әкімшілік-аймақтық бөліктерге бөліп, оларға сұлтандар тағайындап, тайпа-руларды белгілеп берген. Мысалы, Абылай сұлтанға - солтүстіктегі уақ-керей, атығай, қарауыл; Құдайменде сұлтанға - қыпшақ; Әбілмәмбет сұлтанға - қуандық, керей; Барақ сұлтанға - шығыстағы найман; Абылайдың немере ағасы Сұлтанмұхаммет сұлтанға - Ертістің Жәміш, Железин бекіністеріне қарсы аймақтарды басқартқан. Абылай 1733 жылы Көкшетау өңірін басқаруға тағайындалып, немере ағасы Сұлтанмұхаммет (ауызекі Сұлтанбет, Сұлтанбек, орысша Солтанмамет аталған) екеуі отбасымен, нөкерлерімен келіп, билік қызметіне кіріскен. Түркістаннан қоныс аударғанда, қасында, әдеттегідей, аталығы, ақылшы-күтушісі болуы заңды.[9, 125,.], [7, 72,.]
Орта жүзде Абылай билігінің нығаюына оның елдегі Оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-жылдардың аяғы 60-жылдардың басы қазақтардың қырғыздармен қатынастары шиеленісіп кетті. Қазақтар да қырғыздар да көзі тіккен Жетісу жайылымдары дау нысанасына айналды. 1760 жылы қырғыздар дулат және қоңырат қоныстарына шабуыл жасады, бұған жауап ретінде Абылай едәуір әскер жинап талас қырғыздарды жеңіліске ұшыратты. 60-жылдардың аяғына қарай Абылай - Қазақстанның Оңтүстігінде де позициясын нығайтты. Қазақстанның көпшілік бөлігінде өз билігін нығайтты. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастады.[4, 260,.]
ХVІІІ ғ. 70-жылдарында Қазақстанда жаңа жалыбқазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидат ықпалды Абылай сұлтан болатын қазақ мемлекеті Абылайдың арқасында белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды.[5, 62,.]
Сол кезде Абылай Қытаймен Ресейдің қолдауына сүйеніп, халықаралық аренада белсенді әрекет жасады.1768 жылы өзінде ол Цинь императорының өзін барлық қазақтар мен сүлтандардың бастығы деп тануына қол жеткізді.[7, 379,.]
1771 жылдың күзінде қазақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар Нұралы хан және басқа билеушілер сөзсіз қолдады. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А.И. Левшиннің айтқанындай, ол оған торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғанымен кейін барлық қырқыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен төлекендіктердің сайлауы арқылы ие болды.[1, 67,.]
Бүкіл халықтық мойындауға және үш жүз ханы атағына қарамастан Абылайдың билігі шексіз болған жоқ. Кейбір сұлтандар әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дамыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай ханның қадір-қасиетін мүлдем әділетсіз иеленген өзінің бала кезінде Түркістанда болған хандықтың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі екенін жазды.[7, 79,.]
Шоқан Уалихановтың айтуы бойынша сұлтандар мен ру басылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың өзгерген саяси жүйесін аман сақтап қалу үшін орталықтандыру керек екенін өте жақсы түсінді. Орталық билдікті күшейту мақсатында Абылай қолданған шараралдың бірі тұлғаның қасиетіне-қызметіне сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге өзі құқық алды.[4, 268,.]
Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен ру басылар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Беделді билер мен жыраулар Абылай төңірегіне топтасты. Бұл саяси жестта ханға мемлекет басқаруда барынша жәрдемі мен көмегін аямады. Абылай хан жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақи кісілік рухы негізінде бір Орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында ақал салып, оған халықтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүлік, Орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арқасында бөлінеді. Тек Кіші жүзде және Орта жүзде қалып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында Барақтың ұрпақтары, ал Қытайдың шекара өңіріне жаяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары, сұлтандары билік етті.[8, 55]
1.2 Абылай ханның реформалары
Абылай ханның саяси көз қарастарында ерекше орын тепкен мәлесе қазақ халқын экстенцивтік, көшпелі өмірден, дамыған жер шаруашылығымен айналысатын отырықшылыққа көшіру идеясы болды. Оның ойынша қазақ мемлекеттілігінің процеске көтірілуі, дүниежүзілік өркениеттердің, демократиялық саяси-құқықтық тәжірибелерін пайдалануы қала салған, өнеркәсіп пен ғылымды дамытқан елде ғана іске асырылуы мүмкін. Осының көрегенділікпен болжай білген Абылай хан бұл саясатының бастамасы ретінде Ресейдең егіншілер алғызып, егін егіп, қала салуға ниет білдірді. А.И. Левшин жазбаларында Абылайдың бұл істерін айқындайтын сынандай дерек бар: В тоже время султан Аблай просил правительство русское о присылке к нему 10 человек хлебопашцев, которые могли выучить земледелию киргизов. Екатерина повелела сию просьбу исполнить...[2, 147,.]
Абылай билік жүргізуде, хандық өкіметті іс жүзінде асыруда заман талабынан шығып кете алмады. Ол қазақтың мемлекеттік аппаратын, саяси жүйесін қалыптастыруда ру басыларымен елді аузына қаратқан билерге жол бергенмен сұлтан, төрелерді басқару ісінен алшақтатқан жоқ. Оларға кеңінен жол ашып отырды. Бұл жағдай мемлекеттегі реформаторлық өзгерістердің тез қарқынмен дамуына біршама кедергі болды. Осы мәселелерді өте жақсы байқаған академик С. З. Зиманов былай деп жазды: Видную роль в системе управления ханством играли ближайшие родственники - дети и братья хана. Они как крупные феодалы являлись вассалами хана и в тоже время были связаны с ним родственными отношениями. Захват ханской власти рассматривался как успех всего ханского дома. Приход к власти одного из представитейлей феодального дома. Создавал условия для активного участия других членов дома жизни общества.
Абылай хан период расцвета своего могущества, в 70-х годах ХVІІІ в., разделил свое обширное владение, состоящие из Средней орды и частей большой и малой орды, на уделы, во главе который поставил своих многочисленных сыновей.[2, 148,.]
Бірақ, Абылай хан көп жағдайда қазақ жерінде хандық билік жүргізу барысында әділеттілікпен даналық, парасат пен кішіпейілдік сияқты қасиеттерге ие мемлекетті билейтін балаларын әр уақытта басқару ісіне тыңғиылықпен тартып отырған. Ал, дарынсыз, хан тұқымы болғанына мастаған ұлдарына билік беруден аулақ болған. Оған осы күнге дейін ел аузына сақталып қалған фольклорлық деректер куә бола алады. Мысалы Абылай хан өзі қартайған шағында хандық билікті Қасым деген баласына бермек болып, батыр, билерді жинағанда, ұлының дөрекі, менмендік қасиеттерін Алдабек, Айтбай сияқты батырлар Кішіпейілді, рақымды адамнан әкім қайсаң халыққа кеңдігі, әлдігі көп болады. Тәкәппар, кесір адамнан әкім қойсаң, бір тажал сор болады , - деп ұлылықтарын танытып, батыл пікір білдіргенде Абылай хан Қасымды сайлатпаған екен.[9, 136,.]
Абылай хан қазақ мемлекеттігіне деген көзқарастарда Тәуке хан қалыптастырған және оған үлкен мән берген Билер кеңесінің құзырын біршама шектеу, тежеу сияқты бағыттар анық байқалды. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан билік жүргізген кезде аталмыш орган өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқарып отырды. Үш жүз, рулар арасындағы шиеленістерді, дауларды шешуде, сепаратистік қимыл-әрекет жасаған сұлтандарды және жалпы трайбализмді тежеуде өкшеусіз роль атқарып отырды... Билер кеңесі өзінің мемлекеттік статусы бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болды, көшпелі қоғамның тұрмыс-тірлігіне сай қалыптасқан ұлы сол кездегі парламент және ең жоғарғы сот органы ханның ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім қабылдауы Билер кеңесінің құптауын талап еткен.[6, 17,.]
Белгілі ғылым академик С. З. Зиманов Абылай ханның керісінше, көшпелі қоғамда халық өкілеттілігін біршама тежеп, оперативтік кеңес жүргізу арқылы шешім қабылдайтын, тек айналасындағы жақын адамдар тобымен ғана келісуді заңдандырған басқарудың жаңа институтын саяси жүйеге енгізгенін тілге тиек етеді. С. З. Зиманов былай деп атап көрсетті: Абылай хан прибегал к помощи такого совета весьма редко, опирался, по-видимому его стремлением устоновит личную диктатуру, ослабить влияние крупной местной знати на казахскую власть. [8, 50,.]
Бірақ, Абылай хан заман талабының қиыншылықтары мен сыртқы агрессияға тойтарыс беру саясаты қажет еткен күшті билікке ие бола тұрып, Билер Кеңесінің құзырынан асып кете алмаған. Себебі, мал ьағып, тоз-тоз болып жүргенде Абылайды таққа отырғызып, хандық билікті қолына берген және ел басқару ісіне сенім білдірген данышпан, кемеңгер Төле би және Билер кеңесінің шешімі болды.Оны мойындамау немесе оған немқұрайлы қарау - Абылайдың жеке басының беделінің халық алдында түсуімен пара-пар еді. Ал, көшпелі қоғамның этно-нормативтік даму заңдылығы беделдің түсуі жалпы билік жүргізудің күшін әлсіретуге әкеліп соқтырып қана қоймай, хан атағынан да айырылу қаупін туғызаты хақ еді. Абылай хан бұл қағида, аксиоманы жас кезінен жаттап өскен және беделін жоғалтқан хандардың тағдырлары не болғанын да жақсы білген. Тіпті белгілі заңгер, ғалым Қайрат Сапарғалиев Абылай ханның тұсында парламентке ұқсас ақылдасу кеңесі болғаны туралы мынандай пікір білдіреді: Абылай сұлтан кезінде де, хан болғаннан кейін де маңызды мәселелерді Кеңеске салып, жан-жақты талқылап, шешіп отырған. Сондықтан Абылай барлық билікті өз қолына жинап алды деген сөз - асыра сілтеушілік болып есептеледі. Егер хан жанындағы Кеңес бір топ адамнан тұрған болса, қажетті жағдайда әр жүздің жалпы жиналысы шақырылып отырған. Бұл да Абылай хан кезінде болған әскери демократияның бір белгісі.[8, 49,.]
Менің пікірімше, қаншама шексіз билікке ие болғанымен қазақ халқы тарихында сепаратистік бағыт ұстанған, феодалдық қырқысулар жетегіндегі қазақ руларын бір орталыққа біріктіріп, іргелі қазақ мемлекетін құрудағы Абылай ханның ролі ерекше. Оның есімі қазақ халқы тарихынан көреген саясаткер, білікті дипломат ретінде орын алды. Абылай хан бір орталыққа бағынатын күшті мемлекет құру үшін қазақ хандарының саяси жүйесіне, қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға арналған бірқатар рефотматорлық жаңалықтар енгізді, білгір де, айлакер қолбасшы болды. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Церен оны ата жауым деп ұққанымен Оның қабілеті аз халықты емес, үлкен халықты басқаруға лайық, - деп Абылай ханның ерекше қасиеттеріне бас иеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің халыққа жолдауынан (15.12.99) ...халықты біріктіруші Абылай хан халықты екі қуатты күштерден сөзбен және қылышпен сақтап қалды. Бірақта бұл жеңіс уақытша болды. Біз тарихи артта қалушылық жолында қалдық. Ұлтты тұтастырып біріктіру жолында еңбек етті , - деп Абылай ханды Қазақ мемлекетінің бірлігі мен тұтастығына қосқан үлесін жоғары бағалады.[1, 8,.]
ІІ. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
2.1 Жоңғария мен Цинь империясы қатынастарындағы Абылай ханның рөлі
1745 жылдары Қалдан Серен қаза тауып, Ойрат ханының тағына басталған таласты Қалдан Сереннің ұлы Цеван Доржидан кейін хан тағына отырған Лама Доржы мен жоңғар хандығының негізін қалаушылардың ұрпағы Батыр хунтайшы Давацимен (орыс деректерінде Девачи, Ловачи, қазақтар Лабашы деп атап кеткен) арадағы қиян-кескі шайқасты Абылай өз мақсатына ұтымды пайдаланды. 1751 жылы күзде жеңіліске ұшыраған ол өзін қолдаушы хан мұрагерлерінің бірі - Әмірсанамен бірге Орта жүзге қашып барады. Қашқындарды қазақтар ілтипатпен қарсы алады. Абылай болса, Жоңғариядағы қалмақ шонжарларының таққа таласқан ұрыс-керісін сырттан бағып, бұл істен бойын аулақ ұстап, араласпауға тырысқан. Хитрый султан Аблай угождая несколько лет двум властям, одно другой противу положным, был все время приглашаем на помощь третьей, которая менее прочих была нужно ему для безопасного существования своей Орды... деп А. И. Левшин де атап көрсетеді.[7, 153,.], [3, 45,.]
1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтандар қатар аталса 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылы тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Барақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр, - деп көрсетті.[8, 53]
Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойрат қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде - тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға түсірді. 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.[10, 16,.]
1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен қатысты. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.[2, [5, 82,.]
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-1755 және 1764 жылдары қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарда шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755-1765 жылдары Қырғыз ұлысына жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.[1, 53,.]
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-1767 жылдары Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.[3, 47,.]
Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында Шаңды жорық деген атпен белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы берді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел-жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жіберді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысты. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатты. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болды.[3, 46,.]
Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болды. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбады және көбіне үстем шығып отырды. Ол қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.[10, 14,.]
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен оның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан бөліп алда, билей бер саясатының көрінісі еді. И.Неплюевтің: Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болу мүмкін деген пікірі мұны аяғақтай түседі.[7, 385,.], [5, 75,.]
Ш.Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйғандығын жазды. Шоқан: Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған, - деп атап көрсетті.[1, 22,.]
Үш жүздің ақсақалдарының бас қосқан жиынында Давацидің алдағы уақытта тигізер пайдасын ойлап, қалмақ жұртын билеп, қаһарына мінер күн туса, ол басқа жаудан гөрі біз үшін қатерлірек болар деген Абылай сөзі көп ұзамай шындыққа ұласады. 1753 жылдың 12 қаңтарында қалмақ ханы Лама Доржидің ордасын күйретіп, өзін өлтірген Даваци мен Әмірсана арасында хандықтың жартысын бөлісіп алу жөнінде талас басталып, Даваци қазақтармен одақ болу мақсатымен көмек сұрағанда, Абылай әліптің артын бағады. Бұл кезде Әмірсана Цин патшалығынан көмек сұрап, Жоңғария хандығына қол жеткізбек болғанда айлалы Қытай патшалығы оны тұтқындауды ойлайды. 1755 жылы көтеріліс шығарып, қытай әскерлерін талқандап, көрші елдерден, ең бастысы Абылайдан көмек сұраған кезде, ол одақтас ретінде қолдайды. Абылай, сірә, қазақ елімен шекарадағы маньчжур иелігінен гөрі тағында Абылайдың өз әміріне көнбіс билеуші отырған Ойрат сияқты одақтас мемлекеттің болуын көбірек қалаған болуы керек. Қалай болғанда да, Абылай дәл осы бір шешімге тәуекел жасаған кезде, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғағаны мәлім. Сөйтіп, Лама Доржының 1752 жылы Төле биді кеңесуге шақыруы, бірақ дана бидің оның ұрпақтарымен келіспей, бұл жағдайды Абылайға баяндауы, яғни Абылайдың Жоңғар хандықтарының мақсат-мүддесі неге бағытталғанын аңғарып, батыл әрекетке келуі де, осылайша соғыс пен бітім, басқа халықтармен сауда және дипломатиялық қарым-қатынас мәселелері көп талқысынан өтіп шешіліп жатқан, яғни дала демократиясы дүрілдеген кезең болғандығын айқындайды. Жоңғарияны тарихта теңдесі жоқ жылдамдықпен оп-оңай жаулап алған император Цянь-Лунның жеңімпаз армиясының жоңғар жеріне келуі Абылайдың саясатына үлкен ықпал еткен. Абылай хан қалмақпен соғысып жатқан кезде Шығыстан Жүңге әскерлері келіп, жоңғар хандығын тындым қылып, Құлжа қаласын алып, жоңғарды түгел бойсындырады. Осы қырғындауларды көрген қалмақ, торғауыт елі Жүңгенің қорғауына кірмей батысқа қарай қашты. Жол бойы қазақтан шабынды көріп, жем болумен бірге Абылайдың атағы көтерілуіне себеп болды, - дейді Қ. Халидұлы ұзақ жылдарға созылған жоңғар шапқыншылығының ақтық кезеңі жайлы.[1, 37,.], [4, 261,.]
Жоңғарлармен соғыстың өз пайдасына шешілуін көздеген Абылай оларды бір-бірімен жауластырып, әлсіретіп, титықтатып барып, тас-талқанын шығару мақсатында табанды да айлалы, астарлы саясат жүргізіп қоймады, небір жойқын ұрыстарда соғыс ісін жетік меңгерген, бес қаруы бойына сай батырларын бастап, шайқастың алдында жүрді, қолбасшылық қарым-қабілетін таныта білді. Тарихи деректер зеңбіректері мен басқа қару түрлерінен басым әрі саны мол жоңғарлармен соғыстарда үнемі ұрыс тактикасын өзгертіп, қуатты қорғаныс, ұтымды шабуылдар ұйымдастыра білгенін жеткізеді.[5, 22,.]
Абылай қалмақ нояндарының хан тағы үшін шиеленіскен қырқысын сырттай бақылап, жайбарақат қарап отырмаған. Әскерінің біраз бөлігін алып барып, жағдайдың басқа арнаға түсуіне ықпал жасаған. В том же году (1754) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz