Информациялық жүйенің ұғымы



Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Информациялық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .6
1.1. Информация туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .6
1.2. Информациялық жүйе туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3. Информациялық жүйенің негізгі
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...16
1.4. Информациялық қарым-
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. Информациялық жүйенің объектіге бағдарланған
ұғымы ... ... ... ... ... 27
2.1. Аты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
1. Өрісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.3. Қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28
2.4. Әдісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.5. Берілгендер мен мақсат арасындағы
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Бұл маған не
берді? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...37
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .38

Глоссарий

Информация – қоршаған орта жөніндегі бізге байланыссыз барлық
мағлұматтар.

Объект – уақыт бойынша орнықты, кеңістікте шектелген және бүтін бірлік
ретінде қабылданатын құрылым.

Орта – бөлініп алынған объектінің ахуалына әсер ететін және, керісінше,
олардың ахуалдарына объект әсер ететін, басқа потенциалды объектілердің
жиынтығы.

Қарым-қатынас - объект мен орта ахуалдары параметрлерін белгілі бір
уақыт аралығында өзара байланыстыра отырып өзгертетін процесс.

Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын
сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды қабылдаушымен қарым-қатынас
орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).

Информациялық ресурстар дегеніміз информациялық жүйелердегі
(кітапханалардағы, архивтердегі, қорлардағы, деректер базалары мен
банктеріндегі және т.б) жеке құжаттар мен олардың жиындары. Қысқаша
айтқанда, информациялық ресурстар деп информациялық жүйедегі жалпы көпшілік
пайдалана алатын информация жиынын атайды.

Информациялық жүйе (ағылш. information system; орыс. информационнная
система) - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және
басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың
өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты
сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы
мәтінінің мағыналық бөлігінде – мәліметтерді сақтау және олармен амал-
әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын
тұжырымды схема, информациялық база және информациялық процессор болып
табылады.

Жүйе деп бір жағынан жалпы бүтін болатын, екінші жағынан өзара
байланысқан құрамдас бөліктердің жиыны ретінде қарастыратын кез келген
объектіні атайды.

Жүйе деп кез келген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын,
басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп
түсінуге болады.

Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.

Экономикалық информациялық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу
және кері информациялық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының,
ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар,
құралдар, тәсілдер жиынтығы.

Информациялық үрдіс - информацияға қолданылатын амалдардың тізбегін
айтамыз

Құрылым - жүйенің элементтерінің жиыны және олардың арасындағы өзара
байланыстар.

Салыстырмалылық қасиет – жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының
кірістері, шығыстары, мақсаттары мен шектеулерінің зерттеу мақсатына
тәуелді екендігін анықтайды.

Бөлінгіштік қасиет - жүйенің әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла
алатын ішкі жүйелерге бөліне алатындығын анықтайды.

Тұтастық қасиет – жүйенің толық әрекет етуіндегі,оның ішкі жүйелерінің
іс-әрекетімен сәйкесті келісілген түрде ұйымдастырылатындығын анықтайды.

Информациялық жабдықтау – бұл информациялық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады.

Техникалық жабдықтау – бұл информациялық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын
техникалық жабдықтар жиынтығы.

Жад – объектінің информациялық кодтарды ин-терпретациялау аппаратындағы,
оның информациялық қарым-қатынастарының жекелеген актілері нәтижесінде
пайда болатын және осы актілер аяқталған соң біршама уақыт бойы сақталатын,
өзгерістер.

Болжау – жаңа информацияны, осы сәтте түскен информацияны бұрын түскен
информация жиынтығымен салыстыру негізінде алуды имитациялау.

Информацияның жалпылануы – қарапайым дербес оқиғалардың орын алғандығы
туралы информацияның, осы дербес оқиғалар оның жекелеген элементтері
ретінде кірігетін жоғары деңгейдегі белгілі бір оқиғаның орын алғандығы
туралы информацияға түрленуі.

Дезинформация - информацияның бір объектіден екіншісіне, оның іске
асырылуы біріншісі үшін мақсатқа сай, ал екіншісіне – мақсатқа сай емес
ахуалында берілуін айтамыз

Информациялық код дегеніміз - зат пен энергияның информация берілетін
түрі

Кері байланыс дегеніміз – осы ұйым қызметкерлерінің өңдеген ішкі
информациясының белгілі бір бөлігі кіріс информацияға қосылып, оны
толықтыруы.

КІРІСПЕ

Ғылымға, экономикаға, өндіріске информациялық процестерді енгізу
ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі информациялық технологияларға
негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз
шығармашылық әлеуметін толық аша алатыңдай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз
білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: информациялық жүйенің обьектіге бағдарланған
ұғымын анықтау.
Кез келген оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты
болады. Олар: оқытуды ұйымдастыру технологиясы, оның технологиялық базасы,
жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі. Информациялық жұйелердің
топтасуы мен құрылымы мәселесі көбінесе автоматтандырылған оқыту ісінде
қолданылады. Автоматтандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды
қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ
мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидакгикалық
мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программалары
мен жаңа информациялық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту
технологияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.
Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың,
сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз
мүмкіндіктерін береді. Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға
олардың өздігінен білім алуына бағытталған шараларды ұйымдастыру ісі
шығады. Бұл біздің курстық жұмыстың теориялық маңыздылығын анықтайды.
Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын
сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды қабылдаушымен қарым-қатынас
орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).
Қазіргі қоғамның дамуы информациялық қоғам немесе білімдер қоғамы
деп аталынатын өзінің жаңа формациясына өту жағдайында. XXI – ғасыр жаңа
информациялық технологиялардың (IT) адам қызметі мен өмірінде кеңінен
пайдалануымен сипатталынатыны көпшілікке мәлім. Осыған байланысты әрбір
қоғамның немесе мемлекеттің даму деңгейі олардың халқының жаңа
информациялық технологияларды игеруі мен пайдалануы дәрежесімен анықталады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты
қарастырылған.
1- бөлімде информациялық жүйенің ұғымы, яғни информация және
информациялық жүйелер және т.б. жайлы мағлұмат келтірілген.
2- бөлімде информациялық жүйенің объектіге бағдарланған ұғымы жайлы
мәліметтер қарастырылған.

1. Информациялық жүйе

1.1 Информация туралы түсінік

“Информация” сөзі Аристотель заманында–ақ белгілі болған. Сонан бері
2500 жылдан астам уақыт өтті. Алайда, ол жиырмасыншы ғасырдың ортасынан
бастап, байланыс немесе кодтарды беру теориясына қатысты (тасымалдау)
техникалық мағынада Клод Шеннон енгізгеннен соң ғана, пайдаланыла бастады.
Сонан бері “информация” ұғымы, көп жағдайларда, интуитивті түрде
пайдаланыла отырып, адамзат қызметтерінің әр саласында әр түрлі мағынаға ие
болып келеді. Ғалымдар информацияның өз қызметі ерекшелігіне сай негізгі
қасиеттерін бөліп ала отырып, оны өз мақсаттарына сай, субъективті түрде
түсінуге тырысуда. Мәселен:
Информация – қоршаған орта жөніндегі бізге байланыссыз барлық
мағлұматтар.
Информация – білім өсімшесі.
Информация – берілгендер мен оларға адекватты әдістердің өзара
қарым–қатынасының жемісі.
Информация – түрлі процестерді басқарудың ерекше тетiгi.
“Информация” ұғымының барынша жалпылама анықтамасын беру үшін оның,
біріншіден, әрбір нақты көрінісіне сай келетін, екіншіден, оны басқа
ұғымдардың пайда болуынан ажырататын, қасиеттерін бөліп көрсету керек.
Басқаша айтқанда, белгілі бір құбылыстың “Информация” ұғымына қатысты
екендігін анықтайтын қажетті және жеткілікті шарт көрсетілуі тиіс.
Информацияның жалпылама анықтамасын беруде “объект”, “орта”,
“операциялық орта” және “қарым-қатынас” ұғымдары фундаментальді роль
атқарады. Объект – уақыт бойынша орнықты, кеңістікте шектелген және бүтін
бірлік ретінде қабылданатын құрылым. Орта – бөлініп алынған объектінің
ахуалына әсер ететін және, керісінше, олардың ахуалдарына объект әсер
ететін, басқа потенциалды объектілердің жиынтығы. Қарым-қатынас - объект
мен орта ахуалдары параметрлерін белгілі бір уақыт аралығында өзара
байланыстыра отырып өзгертетін процесс. Орта бөлініп алынған объектінің
ахуалына әсер ететін барлық потенциалды объектілерді қамтитындықтан, тұйық
жиын болып табылады.
Ортадағы барлық объектілер түрлі күрделіліктегі құрылымдарға біріккен
элементар бөлшектерден тұрады. Сондықтан объектілер арасындағы қарым-
қатынастардың барлығы элементар бөлшектер арасындағы қарым-қатынастар
түрінде болады да, микродүние физикасы заңдарына сәйкес орын ала отырып,
орнықтылықтары әр түрлі құрылымдардың құрылуына алып келеді. Бұл
құрылымдарды, орнықтылықтың белгілі бір деңгейінен бастап, операциялық орта
ретінде қарастыруға болады. Операциялық ортадағы элементар қарым-
қатынастар, бір элемент екіншісіне қанша мәлімет берсе, екінші элемент
сонша мәлімет алатындықтан толығымен симметриялы.
Элементар бөлшектер қарым-қатынасының, құрылым ретіндегі объектінің
орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қызмет жасайтын бөлігі объектіні “өзі үшін
зат” ретінде анықтайды. Элементар бөлшектер қарым-қатынасының, объектінің
басқа объектілермен қарым-қатынасынан көрінетін екінші бөлігі, объектіні
“басқа үшін зат” ретінде анықтайды. Яғни, объектілер қарым-қатынасы заңдары
олардың элементар бөлшектерінің қарым-қатынас заңдарының салдары болып
табылады. Сондықтан, бөлшектер мен олардың түрлері неғұрлым көп және
олардың объект құрылымындағы жиынтығы неғұрлым күрделі болған сайын, сол
ғұрлым қарым-қатынастардың дербес заңдылықтарынан жалпы заңдылық алу
күрделене түседі. Бұл кезде, объектілер қарым-қатынастары заңдылықтарының
орнықтылығының жоғарылауын қамтамасыз ететін және орнықтылықтың белгілі бір
деңгейінен бастап бұл заңдылықтарды жекелеген элементар қарым-қатынастар
заңдылықтары ескерілмейтін дербес заңдылық деп қарастыруға болатын, үлкен
сандардың статистикалық заңы басты роль атқарады. Осылайша элементар
бөлшектер қарым-қатынастарынан атомдар, молекулалар заңдарынан бастап,
макродүниелік және әлеуметтік заңдарға дейінгі заңдар қорытылып
шығарылады. Жоғары деңгейдегі объектілер қарым-қатынастары заңдылықтары,
оларды құрастыратын төменгі деңгейдегі объектілер қарым-қатынастары
заңдарының статистикалық интеграциясы негізінде құрылады. Сондықтан, қарым-
қатынас жасаушы топтар мөлшері онша көп болмайтындықтан, әлеуметтік қарым-
қатынас заңдылықтарының орнықтылығы үлкен сандар заңы орнықты жұмыс жасауы
үшін жеткіліксіз.
Ортадағы барлық қарым-қатынастарда энергия жоғарғы деңгейдегі
объектілерден оң кері байланыс арқылы элементар объектілерге беріліп
отырылады. Ортадағы энергия алмасу түріндегі қарым-қатынас та, бір объект
екіншісіне қанша энергия берсе, екінші объект сонша энергия алатындығынан,
сақталу заңына бағынады. Басқа кез-келген қарым-қатынас объект және энергия
алмасу арқылы өтетіндіктен, объект пен энергия алмасу фундаментальді қарым-
қатынас болып табылады. Фундаментальді қарым-қатынас, қарым-қатынас
константалары қосындысы өзгермейтіндіктен, ортадағы жалпы тепе-теңдікке
әсер етпейді.
Операциялық орта жұмысында орнықтылықтың жоғары деңгейі сақталуы
үшін, ортаның ыдырау хаосына қарсы тұратын үлкен мөлшердегі энергия қажет.
Энергия жеткіліксіз болса, орнықтылық жойылады. Мәселен, қыздыру барысында
барлық кристалдық құрылымдар ериді және буланады. Бу мен судан энергия
алынып кетілсе, кристалдану орталығы айналасында жаңа құрылым пайда болып
дами бастайды. Кристалдану орталығы – орнықтылықтың бұзылу орталығы.
Келесі мысал. Бөтелкедегі газ молекулалары көптеген жылдар бойы ұшып
жүре береді. Сол молекулалардың бүкіл әлемде теңбе-тең үлестірілуін
қамтамасыз ету үшін өте үлкен температура қажет. Алайда, мұндай температура
жоқ. Сондықтан молекулалар гравитациялық қойыртпақтарға бірігеді.
Тығыздықтың флуктуациялары орнықтылықтың бұзылу орталықта-рын құрайды.
Жануарлар дүниесінде бір-бірін тебу, ымдау, қатты дауыс шығару және
т.б. арқылы қарым-қатынас жасау үшін көп энергия қажет. Адамға ұқсас
жануарлардың көбеюі барысында мұндай қарым-қатынас үшін энергия жеткіліксіз
бола бастады. Нәтижеде жаңа құрылым – тіл пайда болды. Жаңа ахуалда босаған
шексіз көп энергия адамның дамуына бағытталды.
Сонымен, энергия жеткіліксіздігі жағдайында ОО-да орнықтылықтың
бұзылу орталықтары, информацияның берілгендері пайда болады. Орнықтылықтың
бұзылу орталығы пайда болысымен, оның жанынан екінші бір орнықтылықтың
бұзылу орталығы пайда болады. Бұл құбылыс себеп-салдарлық байланыстардың
құйындануы деп аталады: орнықтылықтың бұзылу орталығы орнықтылықтың бұзылу
орталығы болғандықтан пайда болады. Кей кездері (әсіресе техникада) бұл
эффект оң кері байланыс делінеді.
Себеп-салдарлық байланыстардың құйындану процестерінің көптеген
қиылысу нәтижесінде өзінен төменгі иерархиялық деңгейдегі бір немесе
бірнеше қабаттармен оң кері байланысты қамтамасыз ететін жаңа құрылым пайда
болады. Құрылым, жоғары деңгейдегі құрылыммен салыстырғанда тиімді болған
жағдайда, жаңа ОО құраушы объект ретінде бөлініп алынады (зафиксируется).
Яғни, берілгендердің жаңа типі нәтижесінде пайда болады. Себеп-салдарлық
байланыстардың құйындану процесі ортаны өзін өзі жаңаша ұйымдастыруға
мәжбүрлейтін “өмірлік” күш болып табылады.
Сонымен, фундаментальді қарым-қатынастар комбинациясы негізінде, ОО
мен орта арасында, себеп-салдарлық байланыстардың құйындану процесі
түріндегі жоғары деңгейдегі қарым-қатынас орнауы мүмкін. ОО-да өзінен
төменгі иерархиялық деңгейдегі бір немесе бірнеше қабаттармен оң кері
байланысты қамтамасыз ететін жаңа құрылым пайда болғанда, орта бұл
құрылымды жоғалтпайтындықтан, мұндай қарым-қатынас бейсимметриялы болады.
Себеп-салдарлық байланыстардың құйындану процесі негізінде фундаментальді
қарым-қатынастар түрлерінің комбинациясы жатқандықтан, бейсимметриялы қарым-
қатынас барысында объект пен энергия мөлшерінің өзгеруі орын алады.
ОО мен орта арасындағы, ОО белгілі бір құрылымды алғанда орта оны
жоғалтпайтын қарым-қатынас - информациялық қарым-қатынас, ал
информациялық қарым-қатынас арқылы берілетін және теңбе-тең деп атауға
болатын көптеген информациялық берілгендер қасиеттерінің жинақталу нәтижесі
болып табылатын құрылым информациялық құрылым, немесе тек информация деп
аталады.
Бұл анықтамадан информацияның үш, ең жалпы қасиеті шығады. Бірінші
қасиет – информация ОО мен орта арасындағы қарым-қатынассыз пайда болмайды.
Екінші қасиет – қарым-қатынас барысында орта информацияны жоғалтпайды.
Үшінші қасиет - информация теңбе-тең деп атауға болатын көптеген
информациялық берілгендер қасиеттерінің жинақталу нәтижесі.
Информация туралы түсінік екі объектінің – информация беруші мен
информация қабылдаушы арасындағы  қарым-қатынастан туады. Информация
сигнал (signum – белгі) түрінде берушіден қабылдаушыға жеткізіледі. Мысалы,
электр, жарық, дыбыс және т.б. сигналдар. Сигналдардың пайда болуы 
энергия  алмасудың әсерінен болады. Сигналдарға байланысты, информация
үзіліссіз және үзілісті (дискретті) түрде  болуы мүмкін.
Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті  түрде сипаттайтын
сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды қабылдаушымен қарым-қатынас
орнатылғанда ғана  пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).
Бұл анықтамадан мынадай тұжырымдар жасауға болады:
— информация объективті болуы тиіс;
— информация сигналдар түрінде объектілердің қарым-қатынасынан ғана
туады;
— информацияны  әртүрлі  қабылдаушы өзінше қабылдайды.
Жоғарыда аталынған информацияның сипатын  оның кейбір мынадай
қасиеттерімен толықтыруға болады; информация дәл, толық, сенімді,
актуальді, қол жетерлік болуы тиіс.
Информацияның қоғамдағы маңызы аса зор, информациясыз ғылыми-техникалық
прогрестің және  экономикалық дамудың болмайтыны, адам толыққанды өмір сүре
алмайтыны анық.
Информация келесі негізгі функцияларды орындауға арналған:
— танымдық функциясының мақсаты – жаңа информация алу;
— коммуникативтік функция  адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауды
қамтамасыз ету;
— басқару функциясының мақсаты – басқарылуға тиісті жүйенің тиімділігін
қамтамасыз ету.
Информацияның аса қажеттілігі  — адам өмірінде және оның  қызметінде
белгілі бір мәселе жөнінде дұрыс шешім қабылдау қажет болғанда жиі 
кездеседі.
Информацияны пайдалану және онымен жұмыс істеу белгілі бір амалдарды
орындауды қажет етеді. Информацияға қолданылатын негізгі амалдар мыналар:
— информацияны жинақтау және құрастыру;
— информацияны сақтау;
— информацияны компьютер жадына енгізу;
— информацияны компьютерде бейнелеу;
— информацияны компьютер жадынан шығару;
— информацияны берушіден  пайдаланушыға жеткізу;
— информацияны өңдеу;
— информацияны қорғау.
Информацияға қолданылатын амалдардың  тізбегін информациялық үрдіс
(процесс), ал  оны жүзеге асыратын  жүйелерді информациялық жүйелер
(системалар) деп атайды.
Қазіргі замандағы  қоғам дамуының бір ерекшелігі – индустриалды қоғамнан
информациялық қоғамға өту кезеңі. Бұл кезеңді қоғамды информацияландыру
кезеңі деп атайды. Мұның негізгі себебі — информацияның қоғамдағы, өндіріс
пен шаруашылықтағы маңызы мен ролінің артуына байланысты. Кез-келген
ұйымның   немесе кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін материалдық
ресурстардың (табиғи шикізат пен энергетика көздері, еңбек пен қаржы
ресурстары және т.б.)  болуы жеткіліксіз екендігі дәлелденді. Әрбір
әлеуметтік, экономикалық немесе инженерлік жобаның жасалынуы мен жүзеге
асырылуы оның информациямен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты.
Сондықтан материалдық ресурстармен қатар информациялық ресурстардың
жеткілікті болуы қоғам дамуының кепілі.
Информациялық ресурстар дегеніміз информациялық жүйелердегі
(кітапханалардағы, архивтердегі, қорлардағы, деректер базалары мен
банктеріндегі және т.б) жеке құжаттар мен олардың жиындары. Қысқаша
айтқанда, информациялық ресурстар деп информациялық жүйедегі жалпы көпшілік
пайдалана алатын информация жиынын атайды.
Информациялық ресурстың  материалдық ресурстан ерекшелігі – қоғамның 
дамуының нәтижесінде, егер материалдық ресурстардың көпшілігі азайып немесе
таусылатын болса, ал информациялық ресурстар пайдаланғаннан азаймайды,
керісінше, дамып  көлемі арта береді.
Соңғы жылдарда ұлттың немесе мемлекеттің даму деңгейі, олардың
дүниежүзілік рейтингісі қоғамның информацияландырылуына тікелей байланысты
деп есептелінеді. Қоғамның информацияландырылуының техникалық бөлігі –
жедел әрі сапалы информация алу мен жинақтауды қамтамасыз ететін
компьютерлік құралдармен жабдықталуы. Осы істің ғылыми негізі —
информатика. Информатика жаңа информациялық технологиялар (IT) мен
жүйелерді құрастыруға жағдай жасайды.
Адамзат тарихында ұзақ уақыт бойы информацияны өңдеу мен жеткізуге
байланысты мәселелерді шешудің негізгі құралдары ретінде адамның зердесі,
көзі, мұрыны, тілі мен құлағы ғана болып келді. Ғалымдардың тұжырымы
бойынша, адамзат қоғамының дамуына өте зор әсер еткен оқиға — жазудың пайда
болуы.  Оның арқасында білімді жинақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу
мүмкіншілігі туды. Ал XV ғасырда баспа  станогының пайда болуы кітап шығару
ісінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бұл оқиғалар (жазу мен кітап басу)
адам өмірінің, мәдениетінің, өндірісінің күрт өсуіне жағдай жасады.
XIX ғасырдың соңында электр қуатын пайдалану телеграф, телефон, радио
сияқты жаңа құралдарды пайдалануға мүмкіншілік берсе, ал XX ғасырда ғылым
мен техниканың, өндірістің үдемелі дамуының нәтижесінде электрондық —
есептегіш машиналар (ЭЕМ) пайда болды. Бұл оқиғалардың арқасында  адам
өмірінде, қоғамның дамуында, информацияны өңдеу, сақтау және жеткізу ісінде
ғылыми-техникалық  революция жасалынды деуге болады.
Қазіргі қоғамның дамуы информациялық қоғам немесе білімдер қоғамы
деп аталынатын өзінің жаңа формациясына өту жағдайында. XXI – ғасыр жаңа 
информациялық технологиялардың (IT) адам қызметі мен өмірінде кеңінен
пайдалануымен сипатталынатыны көпшілікке мәлім. Осыған байланысты әрбір
қоғамның немесе мемлекеттің даму деңгейі олардың  халқының жаңа
информациялық технологияларды игеруі мен пайдалануы дәрежесімен анықталады.

1. Информациялық жүйе туралы түсінік
Информациялық жүйе (ағылш. information system; орыс. информационнная
система) - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және
басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың
өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты
сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы
мәтінінің мағыналық бөлігінде – мәліметтерді сақтау және олармен амал-
әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын
тұжырымды схема, информациялық база және информациялық процессор болып
табылады.
Ең алғашқы информациялық жүйелер 50-жылдары пайда болды. Олар есептерді
өңдеу үшін қолданылатын және электромеханикалық бухгалтерлік есептеу
машинасында ғана жүзеге асырылған. Бұл жылдары информациялық қағаз-
құжаттарын дайындауға кететін уақытпен шығындарды азайтуға көмектесті. 60-
жылдары информациялық жүйелерге қатысты өзгешелер ене бастады. Олардан
алынған информация көптеген параметрлер бойынша уақытылы есеп берушілер
үшін қолданыла бастады. Сондықтан, ұйымдарға бұрынғыдай тек жалақыны
есептеу, өңдеу ғана емес, көптеген функцияларды жүзеге асыруға қабілетті
кең ауқымды компьютерлік жабдықтар қажет болады. 70-жылдары 80-жылдардың
басында информациялық жүйелер шешім қабылдау үрдістерін сүйемелдейтін және
жылдамдататын басқаруды бақылау құрамы ретінде кеңінен қолданыла бастады.
80-жылдардың соңында информациялық жүйелерді қолданылу концепциясы тағы да
өзгерді. Олар ақпараттың стратегиялық көзіне айналып кез-келген кәсіби
ұйымдардың барлық деңгейінде қолданылды. Осы периодтағы информациялық
жүйелер қажетті ақпаратты уақытында бере отырып, ұйымдарға қызметкерлердің
сәттілікке жетуге, жаңа тауарлармен қызметтер құруға, шикізаттың жаңа
нарығына өтуге сенімді серіктестермен келіссөз жүргізуге төмен баға бойынша
өнім шығарылымын ұйымдастыруға т.б көмектесті.
Жүйе деп бір жағынан жалпы бүтін болатын, екінші жағынан өзара
байланысқан құрамдас бөліктердің жиыны ретінде қарастыратын кез келген
объектіні атайды. Жүйе құрамына мынадай компоненттер енеді: Құрылым -
жүйенің элементтерінің жиыны және олардың арасындағы өзара байланыстар.
Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады. Кіріс және шығыстар.
Жүйенің өмір сүру заңы – кіріс және шығыс өзгерісін байланыстыратын
функция. Мақсат және шектеулер – жүйенің сапалы қызмет етуі белгілі бір
айнымалының мәндерімен байланысты. Айнымалылардың біреуі әдетте максималды
мәнге бағытталып, мақсаттық функция немесе жай ғана мақсатты анықтайды, ал
қалған айнымалыларға шектеулер қойылады.
Жүйенің мынадай қасиеттерін қарастырайық: салыстырмалылық, бөлінгіштік,
тұтастық.
Салыстырмалылық қасиеті – жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының
кірістері, шығыстары, мақсаттары мен шектеулерінің зерттеу мақсатына
тәуелді екендігін анықтайды.
Бөлінгіштік қасиеті - жүйенің әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла
алатын ішкі жүйелерге бөліне алатындығын анықтайды.
Тұтастық қасиеті – жүйенің толық әрекет етуіндегі,оның ішкі жүйелерінің
іс-әрекетімен сәйкесті келісілген түрде ұйымдастырылатындығын анықтайды.
Экономикалық информациялық жүйелер нақты өмірдегі қандай да бір
экономикалық объектінің іс-әрекеті жөніндегі ақпаратты жинақтаумен,
сақтаумен,өңдеу және тасымалдаумен айналысады. Олар деректерді өңдеу
мәселесін шешуге, құжаттық жұмыстарды автоматтандыруға, керекті ақпаратты
іздеуге және жасанды интеллект әдісіне негізделген шешім қабылдауға
арналған.
Жүйе деп кез келген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын,
басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп
түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара
айшықтанады. Информатика саласында жүйе түсінігі көп қолданылады және әр-
түрлі мағыналы болып келеді. Бағдарламалық және техникалық құралдар
жиынтығына сәйкестендіріліп жиірек қолданылады. Жүйе деп компьютердің
аппаратық бөлігі де атала береді. Қолданбалы есептерді шешуге, көптеген
құжаттарды енгізуге және есептерді басқаруға арналған, процедуралармен
толықтырылған бағдарламаларды жүйе ретінде көрсетуге болады. Жүйе
түсінігіне қосымша Информациялық сөзі оның құрылу және жұмыс жасау
мақсатын білдіреді. Информациялық жүйелер кез-келген аймақтағы есептерді
шешу процесінде қажетті жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, ақпаратты жіберумен
қамсыздандырады. Олар жаңа өнімдер құруға және мәселелерді (маңызды
проблемаларды) шешуге көмектеседі. Информациялық жүйелер – қойылған
мақсатқа жету және ақпаратты тасымалдау, өңдеу үшін сақтауға арналғандарды
қолданудың, әдістер мен қызметшілердің, құралдар жиынтығының өзара
байланысы. Қазіргі уақытта информациялық жүйелер түсінігін дербес
компьютерде ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралдары ретінде
есептейді. Үлкен ұйымдарда дербес компьютермен бірге информациялық жүйелер
техникалық базасының құрамына мэйнфрейм немесе супер ЭЕМ-ді кіргізуге
болады. Егер шығарылған ақпаратты және оларды алу мүмкіндігіне арналған
адам ролін есепке алмаса онда өздігінен информациялық жүйелерді техникалық
іске асырудың мәні болмайды. Компьютер мен информациялық жүйелердің түсінік
айырмашылығы әр түрлі. Арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған
компьютерлер, информациялық жүйеге арналған құралдар және техникалық базасы
бола алады.
Информациялық жүйелердің құрылымы подсистема деп аталатын оның жеке
бөліктерінің жиынтығын құрайды.
Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.
Информациялық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз
подсистема жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда
классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал подсистеманы
қамтамасыз етуші деп атайды. Сондықтан, кез келген информациялық жүйенің
құрылымы 1-суреттегі қамтамасыз етілетін подсистема жиынтығы ретінде
көрсетілуі мүмкін.

1-сурет. Информациялық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін подсистема
жиынтығы

Қамтамасыз ететін подсистема ішінде информациялық, техникалық,
математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету
бойынша бөліп қарастыруға болады.
Информациялық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау
үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.
Информациялық қамтамасыз ету – информациялық топтар схемасының,
құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация
жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесі.

Техникалық қамтамасыз ету – информациялық жүйелердің жұмысына арналған,
сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін
құжаттардың техникалық әдістерінің комплексі.

Техникалық әдістер комплексі мыналарды құрайды:
o кез келген модельді компьютерлер;
o ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
o мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;
o өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын
құрылғылары ;
o эксплуатациялық материалдар және т.б.
Математикалық және программалық қамтамасыз ету – информациялық
жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық әдістердің комплексін
бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер,
алгоритмдер мен программалар жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:
o басқару процестерін модельдеу әдістері;
o басқарудың типтік есептері;
o математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай
қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.
Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық
өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.
Жүйелік программалық қамтамасыз етуге тұтынушыларға негізделген және
ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі
қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты информациялық
жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына
әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар
пакеті (ҚПП) кіреді.
Өндірістік қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс-
әрекеті және өзара информациялық жүйені құру мен эксплуатациялау
процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде
информациялық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені
анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып
табылады.
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік
органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа
нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары
кіреді.
Информациялық жүйе пайдаланушы қолданатын бағдарламамен қамтамасыз
етілген терминалдар тобынан құралған электронды машинадан тұрады.
Терминалдар мамандардың жұмыс орнында орналасып, машинадан кез-келген
қашықтықта болуы мүмкін.
Үлкен немесе орташа информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі
қызметі тұтынушы белгілі бір информациялық сервиспен қамтамасыз етіп,
басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.
Қазіргі кезеңдегі информациялық қызмет көрсету жүйелері тұтынушылармен
екі режимде жұмыс істей алады:
Біріншісі тапсырманы орындау режимі, оның мәні тұтынушы машинаға
тапсырыс береді. Онда берілген мәліметтерді өңдеу процесіне нұсқаумен
қолданбалы бағдарламаны қолдану қажеттілігі туралы түсінік беріледі.
Екіншісі қолданбалы бағдарламаның өзімен жұмыс тәсілдері.
Осы заманғы информациялық жүйелер жоғарғы тез әрекетті, әрі үлкен жады
көлемін иемденеді. Олардың әрқайсысы бір мезетте жергілікті және
терминалдың бірталай бөлігімен жұмыс істейді.
Осының арқасында информациялық жүйе:
- әртүрлі тектес жұмысты автоматтандырады;
- жүйедегі информацияны бақылау және қателіктерді жою;
- тұтынушылардың жүйеде сақталынатын информацияларды әрдайым жаңарту;
- тұтынушылардың тапсырмасын тез орындау және т.б. жұмыстарды істей алады.
Информациялық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі
ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды
ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын,
дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Информациялық
жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: информациялық және
технологиялық. Информациялық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді
қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде
пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен,
оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, информациялық жүйені
баптаумен байланысты.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды қамтамасыз
ету құралдары – ақпараттық жүйелерді жобалауда құрылатын немесе
қолданылатын және олардың эксплуатациясын қамтамасыз ететін программалық,
техникалық, лингвистикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық құралдар.
Информациялық жүйелерге келесі талаптар қойылады:
1. Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;
2. Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;
3. Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;
4. Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.
Экономикалық информациялық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу
және кері информациялық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының,
ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар,
құралдар, тәсілдер жиынтығы. Информациялық жүйелер миссиясы. Информациялық
жүйелер және информациялық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу
моментінен бастап бар.  Өйткені оның дамуының кез келген сатысында басқару
қажеттілігі бар. Ал басқару үшін жүйелендірілген, алдын-ала дайындалған
ақпарат қажет. Демек, информациялық жүйенің миссиясы – оның барлық
ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты
өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін информациялық және техникалық
орта құру. Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр.  Информациялық жүйе
негізінде – информацияны өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада информациялық
жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару
объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей 
информациялық жүйені басқару органдары бар.

2. Информациялық жүйенің негізгі қасиеттері

Информациялық жүйелердің қасиеті. Кез келген информациялық жүйелер
өзінің құрылымы, басқарылатын жүйенің жалпы принциптері негізі бойынша
анализдеуге кезігуі мүмкін. Информациялық жүйелер динамикалық және дамушы
бола алады. Информациялық жүйелерді құру барысында жүйелік ықпал жасау
керек. Информациялық жүйенің шығу өнімдері шешім қабылдау негізіндегі
ақпараттар бола алады. Қазіргі уақытта информациялық жүйелерді компьютердің
көмегімен таралған жүйелер деген көзқараста. Бірақ информациялық жүйені
компьютерсіз вариантта алып қарауға болады. Бірнеше фирмалардан тауарды
сатып алу кезінде информациялық жүйе сатып алушыны тіркеуге алады. Ол:
сатып алушылар тобын анықтап, олардың құрамы және сұранымдарын, содан кейін
өзінің стратегиялық көптік топтарға бағытталуына, потенциальды сатып
алушыларға әр-түрлі ұсыныстар жіберуге, тұрақты сатып алушыларға тауарларға
және қызметтерге рұқсат береді.
Информациялық жүйенің негізгі қасиеттері:
1. Талданады және жүйені тұрғызу принцпінің негізінде тұрғызылады және
басқарылады;
2. Информациялық жүйелер динамикалық және дамымалы болып табылады;
3. Информациялық жүйені тұрғызу барысында жүйелік тұрғыны қолдану қажет
етіледі;
4. Информациялық жүйенің өнімі болып шешімін негіз қабылдау құрайтын
ақпарат табылады;
5. Информациялық жүйені ақпаратты өңдейтін адам – компьютерлік жүйе
ретінде қабылдау керек.
Қазіргі кездегі информациялық жүйе туралы түсінік компьютерлік
техниканың көмегімен жүзеге асатын жүйе түсінігі ретінде қалыптасып келеді.
Жалпы жағдайда  информациялық жүйені компьютерлік нұсқада да түсінуге
болады. Информациялық жүйенің жұмысын түсіну үшін алдымен оның шешетін
мәселесінің мәнін содан кейін жүзеге асырылатын ұйымдастырылған үрдістерді
түсіну қажет. Мысалы, шешім қабылдауды сүйемелдеу үшін компьютерлік
информациялық жүйе мүмкіндіктерін анықтау барысында келесі қадамдарды
ескеру керек.
1. Шешілетін басқару есептерінің құрылымдылығы;
2. Шешім қабылданатын фирма басқарылуының иерархия деңгейінің болуы;
3. Бизнестің кез-келген функциялық саласына жататын есептердің шешілуі;
4. Қолданылатын информациялық технологияның түрі.
Информациялық жүйелердің спецификалық күшіне байланысты, олардың
құрамындағы ең бір қажетті қасиеттерінің бірі оның сенімділік қасиеті болып
табылады. Сенімділік функциясы – бұл жүйе қасиеті. Ақпараттың қателіксіз
құрылуына жауап береді. Информациялық жүйелердің сенімділік функциясы
шығатын нәтижеден көрінеді, себебі ол жай қасиеті ғана емес, жеке тұрғыдан
үлкен мағынаға ие болып, ақпаратқа қойылған талапқа сай және нақты
шығарылуын қамтамасыз етеді.
Информациялық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни
осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер
арқылы жүзеге асады. Әрбір информациялық жүйені информациялық обьектілердің
бірігуін  қамтитын қандайда бір ақпарттық кеңістікті бейнелейтін пәндік
саланы иемденеді. Информациялық жүйелерді келесі топтарға бөлеміз:
1) Информациялық-анықтамалық жүйелер. Олар ақпаратты жинап оны
пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталатын жүйелер. 
2) Информацияны - іздеу. Бұл қажетті ақпараттарды алу үшін желі арқылы
ізденіс жүйесі. Мысалы: интернет жүйесі; 
3)  Информациялық - кеңес беретін жүйелер. Олар обьектінің күйі мен
жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп нақты жағдай үшін қажетті пікірлерді
ұсынады. Мысалы: эксперттік, интеллектуалдылық жүйелер; 
4)  Информациялық - басқару жүйелер. Мекеменің дамуын жоспарлау және
жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетіп тиімдеу жүйелері. Мысалы: дайын
өнімдерін есептеп талдау, сату жұмыстарын автоматтандыру; 
5) Информациялық есептеуіш жүйелер. Мекемелерді, кәсіпорындарды
дамытудың бірден-бірі қаржылық есептеуіш жүйелері. Ол жүйенің жұмысын
жүзеге асыруға  алдына қойған мақсаттарға жетуге жеңілдік жасайды. Мысалы,
1С бухгалтерлік есептеу жүйесін алуға болады.
Информациялық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы. Информациялық
саладағы соңғы озық технологияларды пайдаланса, бұл жүйе жұмысының
өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет.
Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл  талаптар мыналар:
• Информациялық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
• Информациялық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
• Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Информациялық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар. Информациялық
ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін
құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі.
Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде
кіріс құжаттары жатады.

Информациялық жабдықтауға қойылатын талаптар. Ақпараттың қолдануысыз
басқару процесі мүмкін болмағандықтан, информациялық жүйеде ақпаратпен
жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.

Информациялық жабдықтау (АЖ) – бұл информациялық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Информациялық жабдықтаудың негізгі бағыты
сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, информациялық базаға өзгеріс
енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен
тұрады.
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар. Автоматтандырылған
информациялық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты
ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз –
информациялық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер
мен жабдықтардың жиынтығы. Ол информациялық жүйені тұрғызу мен қолдануға
қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын,
байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе
қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Информациялық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау
шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне
ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау информациялық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін
өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге
сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы –
математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын,
жаңа информациялық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді.
Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай
қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған информациялық
жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау
мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның
ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары информациялық жүйені тұрғызудың,
жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару
ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара
қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.
Информациялық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы
нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық
және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен информациялық жүйені
қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының
барлығы информациялық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру –
құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру — әдістемелік шешімдеріндегі
ұйымдастырумен жабдықтау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар. Техникалық жабдықтау – бұл
информациялық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар
жиынтығы. Басқарудағы информациялық кезең жеке операциялардың, олардың
жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды төрт сатыға топтауға болады:
1. Информацияны алу.
2. Информацияны түрлендіру.
3. Информацияны тұтыну.
4. Информацияны сақтау.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын
бастапқы информацияны жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын
қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың
және басқалардың қызметін бейнелейтін информация алу.
Екінші саты – информацияны түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік
және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты – операциялар тобын және олардың басқарушылық шешімдерді
қабылдау үшін, әрі басқарудың информациялық кезеңдерін жалғастыру үшін
информацияны тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың информациялық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі
техникалық жабдықтар қолданылады:
1. Информацияны жинау және тіркеу;
2. Информацияны өткізу;
3. Машиналық тасығыштарды дайындау;
4. Информацияны өңдеу;
5. Ұйымдастыру техникасы.
Информацияны жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді
тасығыштарға тіркеуге арналған.
Информацияны өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына
және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде
қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық
тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі
кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға
жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

3. Информациялық қарым-қатынас

Енді объектінің ортамен информациялық қарым-қатынасы дамуын, объектінің
өзінің дамуына байланысты қарастыралық.
Өлі құрылымдар (формалар). Сонымен, барлық объектілер түрлі
күрделіліктегі құрылымдарға біріккен элементар объектілерден тұрады.
Сондықтан объектілер арасындағы қарым-қатынастардың барлығы элементар
объектілер арасындағы элементар қарым-қатынастар түрінде болып келеді де,
микродүние физикасы заңдарына сәйкес орын алады. Бұл элементар қарым-
қатынастар толығымен симметриялы. Шын мәнінде, осы элементар қарым-
қатынастар, элементар объектілер негізінде орнықтылықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сигналдарды информациялы-энтропиялық талдау
Сигналдарды информациялы-энтропиялық талдау жайлы
Шеннон энтропиясының мағынасы
Кейбір астрофизикалық құбылыстарды динамикалық хаос теориясы әдісімен сипаттау
Сигналдарды информациялы-энтропиялық талдау туралы
Бейсызық физика әдістерін қолданып радиофизика негіздерін оқыту
Энтропия түсінігі
ДИНАМИКАЛЫҚ БЕЙБЕРЕКЕТТІК
КҮРДЕЛІ СИГНАЛДАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ
Медицинадағы ақпараттық технологиялар
Пәндер