Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК
Педагогика, психология және
жеке пәндер әдістемесі кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мамандық атауы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Пәні Психология
Орындаған Осерхан. А
Ғылыми жетекшісі Қырқаева Г. Ж
Дипломдық жұмысты қорғаған бағасы
Кафедра меңгерушісі п. ғ. м. Б. Батанасова
Хаттама № 20___ ж.
Көкшетау, 2016
МАЗМҰНЫ
- Қиял туралы жалпы түсінік және теориялық ойлар мен пікірлер
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының ерекшелігі
- Мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегі әңгімелер арқылы дамыту жолдары мен оның ықпалы
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Диплом Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі балалардың білімі мен тәрбие сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына, қиялын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Ертегіні оқып - білу баланың эстетикалық талғамын, құндылық көзқарасын қалыптастырумен бірге, эмоциялық сезімін және адами асыл қасиеттерін жетілдіреді.
Халықтың ауызекі шығармашылығының мүмкіндіктерін бала тәрбиесінде пайдалануды тек бүгінгі күннің проблемасы деп қарауға болмайды. Ол қайсыбір кезеңдерде болмасын психология ғылымының, зерттеу объектісінен түскен емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттігін кезінде көптеген алыс және жақын шетел психологтары (Л. С. Выгодский, С. Л. Рубинштейн, А. Я. Дудецкий), ғұлама ағартушылары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, т. б. ) өз еңбектерінде айтып, іс - тәжірибелерінде дәлелдеп берген [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; ] .
Бұл проблеманың тағылымдық идеясы, тәрбиедегі әлеуетті қазақстандық ғалымдардың іргелі (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Бегалин, М. Балтабаев, К. Қожахметова т. б. ) зерттеулерінде қарастырылады [8; 9; 10; 11; 12] .
Халықтың ауызекі шығармашылығы тарихшылар, этнографтар, өнер танушылардың еңбектерінде (М. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Қасқабасов, А. Жұбанов, т. б. ) көрініс тауып отыр[13; 14; 15; 16] .
Психология ғылымында қызығушылылықпен оқыту проблемасы да бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблема да көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударған.
Қазіргі зерттеулерде ( Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, Г. И. Шукина, Н. Г. Морозова, т. б. ) бала қиялының дамуына жан - жақты талдау берілген [17; 18; 19; 20] .
Қиялды қалыптастыру проблемасы қазақстандық ғалымдардың бірқатар зерттеулерінде қарастырылған Б. Т. Набиеваның ( сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы балалардың пәнге шығармашылық қиялын қалыптастыру) .
Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау авторладың өздерінің зерттеу объектісіне қарай психология ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің практикада қолданылып жүргенін, сондай-ақ қарастырылып отырған 5-6 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын қалыптастыру мәселесінің бұл еңбектерде қарастырылмағанын дәлелдейді.
Балалардың ұлттық мұраға шығармашылық қиялын қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің мектептегі қазіргі жағдайы арасында; қазақ халық ертегілерінің тағылымдық мүмкіндіктері мен оларды сыныптан тыс жұмыс процесінде мектепке дейінгі баланың шығармашылық қиялын қалыптастыру мақсатында жүйелі пайдаланбау арасында, мектепке дейінгі баланың халық ертегісінде шығармашылық қиялын қалыптастыру қажеттілігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми - әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі бала қиялын дамытуда ертегілерді ұйымдастыру жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: 5-6 жастағы балалардың қиялының қалыптасуындағы қазақ халық ертегілерін теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- «Қиял», «шығармашылық қиял» ұғымдарының өзара байланысын зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру;
- 5-6 жастағы балалардың шығармашылық қиялының мазмұны мен өзіндік ерекшелігін анықтау;
- Қазақ халық ертегілерінің 5-6 жастағы балалардың қиялының дамуының мүмкіндіктерін негіздеу;
- Қазақ халық ертегілерінің 5-6 жастағы балалардың шығармашылық қиялын қалыптастыру моделін жасау;
- 5-6 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын қалыптастырудағы қажетті ғылыми әдістемелік нұсқаулар жасау.
Зерттеу нысаны: 5-6 жастағы баланың шығармашылық қиялын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының дамуындағы қазақ халық ертегілерінің маңызы.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педогогикалық, фольклорлық әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бала бақшада жүргізілетін жұмыстарды талдап, қорытындылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; эксперимент нәтижелеріне баға беру; математикалық тұрғыда өңдеу;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Қазақ халық ертегілерін меңгерту балалардың танымдық қабілетін, ой-өрісін, адами қасиеттері мен эстетикалық талғамын дамытуды, оны меңгеруге шығармашылық қиялын қалыптастыруды талап етеді. Ал бұл болса, жеке тұлғаның ішкі көзқарасына сыртқы жағдайдың әсері барысында психологиялық заңдылықтарды пайдаланғанда, балаларда шығармашылық қиялын туындататын жолдары табылғанда ғана жүзеге асады. Балалардың қазақ халық ертегілерін оқып білуде шығармашылық қиялын :
- қазақ халық ертегілері туралы жүйелі теориялық қағидаларды ендіргенде;
- халық ертегілерін талдай білу дағдысын қалыптастырғанда қамтамассыздандыруға болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы:
1. «Қиял», «шығармашылық қиял» ұғымдарының өзара байланысының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылады;
- 5-6 жастағы балалардың шығармашылық қиялын қалыптастыру механизмі жасалады;
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
- 5-6 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын қалыптастырудың диагностикалық деңгейінің әдістемесі;
- 5-6 жастағы балаларға арналған «Ертегілер әлемінде» атты жұмысының бағдарламасы.
- Тәрбиешілерге арналған «Ертегілерге саяхат» іс-шаралар жоспары.
Зерттеу нәтижелері бала бақшаларда, мектептерде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Ертегілердің психологиялық жіктемесі негізделді және олардың мектепке дейінгілердің шығармашылық қиялын қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды;
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Ертегілердің 5-6 жастағы балалардың шығармашылық қиялын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады: жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік )
- Мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге) .
- Қазақ халық ертегілерінің психологиялық жіктемесі. Бұл біріншіден, қазақ халық ертегілерінің мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиялын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді. Екіншіден, қазақ халық ертегілерін нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі, үшіншіден, қазақ халық ертегілеріне балалардың шығармашылық қиялын және құндылық көзқарасын бағдарлайды.
- 5-6 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін психологиялық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интелектуалдық, еріктік компоненттері бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.
- 5-6 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеудің базасы. Тәжірибелі- эксперимент жұмысы
Көкшетау қаласының №7 «Айша» балабақшасы, №14 «Тұлпар» мектепалды даярлық тобы
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Қиял туралы жалпы түсінік және теориялық ойлар мен пікірлер
Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер (бейнелер) болумен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы (заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар және т. б. ) елестетулер болады.
Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде, тәжірибе мен білімнің негізінде қиял арқылы жасалады.
Бұл елестетулердің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулерідеп аталады.
Адамның іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ заттарды жасайды. Өзеңдердің бағытын өзгертеді, су-электрстанцияларын салады, күрделі құрылыстарды іске асырады, күрделі машиналар мен тұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны өндіріске ендіреді, яғни, өмір үшін қажіттінің барлығы іске асырылады.
Егер де өз іс-әрекетінің нәтижесін анық елестете білмесе, адам осының барлығын істей алмаған болар еді.
Сонымен, қиял деп елестетулердің негізінде бұрын-сонды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз.
Адамдардың өмірінде қиялдың ерекше рол атқаратындығын айта келіп, көптеген ғалымдар, жазушылар және суретшілер басымызда шын мәнінде жоқ нәрсенің бейнесі қалай жасалатындығын түсінуге ертеден бері талпынған болатын.
Қазіргі ұшақты ойлап тапқанға дейін сиқырлы ұшқыш кілем - ұшақ туралы халық аңыздары мен ертегілерінде айтылған еді. Олар адамдардың ұшу туралы алғашқы түсініктерін жинақтады. Бірақ ерте кезде адамдарда ұшақ туралы аңыздар, түсініктер қайдан пайда болды? Осы идеяны ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмаса да адамдар құдіретті "қимылдың күші" барлығы туралы ойға келді.
Бұл құдіретті қасиет тек ерекше дарынды адамдарға беріледі, олар шабыттың нәтижесінде тамаша өнер шығармаларын, күрделі техника саласында жаңалықтар жасай алады. Осы теория бойынша тек дарынды адамдар жаңа ойларды айта алады, идеяларды ұсына алады.
Адамның жаңаны ойлап табуы - бұл белгілі білімнің, өзгертілген және жаңарған, жетілген түрі. Фантастикалық бейнелер үшін материал әруақытта жер бетіндегі шындық құбылыстар болып табылады. Адам өзінің күнделікті іс-әрекетінде жаңа бейнелерді және заттарды жасап қана қоймайды. [21. 104-б]
Адам санасында қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін қайта жаңғырту арқылы (басқа адамдардың айтқаны арқылы) жасай алады.
Қиял - адамның өте бағалы психикалық үрдісі. Қиял тек адамға тән. Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамыды.
Қиялдың іс-әрекеті белгілі бір жағдайда қажеттіліктер арқылы пайда болады. Тарихи жағынан қиял адамның еңбек іс-әрекетіңде пайда болған ерекше қажеттілік негізінде дамыды, атап айтқанда, қоршаған дүниені қайта өзгерту қажеттілігі, адамның араласуынсыз табиғаттан көп алу міңдеті қойылды.
Қоршаған дүниені қайта өзгерту үшін алдын ала талапты елестетіп алу керек. Болашақта қиял әртүрлі адамзат қажеттіліктерінің - әлеуметтік, танымдық, эстетикалық және т. б. дамуымен байланыста дамиды.
Қиялдың іс-әрекеті естің елестетулері негізінде іске асады. Бұл елестетулер қиял елестетулерінің жасалуына материал болып табылады. Қиял үрдістерінде бізде міндетті түрде болатын қажетті елестетулердің қайта жаңғыртылуы іске асады.
Бірақ қиялдың үрдісі тек елестетулерді қайта жаңғыртумен және оларды механикалық біріктірумен шектелмейді. Қиял үрдістерінде ес елестетулері қайта өнделеді, сонымен, қайта өңдеудің нәтижесінде жаңа елестетулер жасалады.
Қиялдың жүйкелік-физиологиялық негізі адам миында бұрын ұйымдасқан уақытша байланыстардың жандануы және бұл байланыстардың жаңа тіркестерге ауысуы деп білеміз.
Қиялдың іс-әрекетінің ерекшелігі естің елестетулерін талдау және жинақтау болып табылады. Сондықтан да қиял үрдісінде қайта жаңғыртумен бірге немесе одан кейін талдау үрдісі іске асады, демек, елестетулердің бөлінуі - елестетулердің жекелеген бөліктері мен элементтерінің бөлшектелуі. Одан әрі қиялдың жинақтаушылық іс-әрекеті іске асады: бөлінген елестетулердің элементтерін басқа елестетулермен немесе елестетулердің элементтерімен араластыру және біріктіру жүреді. Осы жинақтаушылық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа елестетулер - қиял елестулері жасалады.
Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинацияболып табылады. Аглютинациядеп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесебөлімдерінің бір тұтасбейнеге ұласуымен бірігуін айтады.
Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйелдің (басы мен омырауы), балықтың (құйрығы) және көк балдырлардан (шаштары) жасалуы.
Қиялдың күрделі талдаушылық және жинақтаушылық іс-әрекеті, ерекше белгілері жазушылардың көркем әдеби бейнелерді жасауынан айқын аңғарылады. Әрбір көркем бейне болімдердің, элементтердің немесе тұтас елестетулердің бір бейнеге өзіндік бірігуі болып табылады.
Л. Н. Толстой Наташаның бейнесін жасауда ("Соғыс және бейбітшілік") кейбір мінез бітістерін өзінің әйелі Софья Андреевадан, басқаларын - әйелінің апасы Татьянадан алғанын жазды. Жаңа бейнені жасауда қиялдың қызметі қарастырған заттар мен құбылыстарын ұлғайтып немесе кішірейтіп көрсетуі мүмкін. Мысалы, орыстың былиналарында (батырлар жырларында) батырлар "тұрған орманнан биік, қозғалатын бұлттан аз-кем төмен" деген әсірелеуді (ұлғайтуды) көруге болады. [22. 28-32-б]
Осындай алыптар мен ержегейлілердің бейнелері Свифггің "Гулливердің саяхаты" романында жасалғанын білеміз.
Жалпы батырлық эпостан сол халықтың басынан кешірген сан-алуан тарихи өмірін тұтастай көруге болады. Әрине, батырлық эпоста тарихтың жекелеген оқиғалары, кейбір елестері ғана суреттелмейді, онда халықтың ғасырлар бойғы мұрат-мүдделері, арман-мақсаттары бейнеленеді.
Тарихи шындық немесе қиялдан туған әйтеуір, әр кезде өмір сүрген батырлардың ерліктері халық эпосының негізгі өзегі болады, терең идея, мазмұнды мағына береді. Сөйтіп, эпостағы халық батырының қаһармандық сом тұлғасын жасайды.
Бұл жәйт барлық халықтардың эпосына тән. Қазақтың батырлық дастандары туралы да дәл сол пікірлерді айтуға болады. Жалпы, қазақ елінің ауыз әдебиеті өте бай десек, соның ішінде ең көрнекті орын алатыны - көнеден келе жатқан дастандар - батырлық жырлары.
Эпоста батыр жалғыз суреттелмейді. Батырлық жырлардың үлкен бір ерекшелігі мұнда әрқашан батырмен бірдей тұлғаланып, бірдей тұрақты суреттелетін күрделі бейнелер бар, ол батырлардың жары, ең сенімді серігі (Қүртқа, Ақжүніс, Гүлбаршын, Назым т. б. ) олар да батырдың өзі сияқты ел қамын жеген өрендер.
Батырдың екінші бір егізіндей бірге суреттелетін сенімді серігі - оның астындағы тұлпар аты. Ат қасиетін суреттеу, оның батырға жасайтын достық әрекеттері, батырды тілеген жеріне "көзді ашып - жұмғанша" алып баратын құстан жүйрік шабысы - бәрі де батырлық жырлардан ең көрнекті орын алады.
Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Ер Тарғының Тарланы, Қамбардың Қарақасқасы және т. б. аттар жайындағы суреттер осы пікірімізді дәлелдейді. Рас, батырлар жырындағы тұлпарлардың барлығы да жүйрік.
Бірақ Тайбурылдың жүйріктігі бәрінен асып жатады. Қобыланды "Әйт, жануар, шу" дегенде:
Аршындап бурыл гулейді,
Табаны жерге тимейді.
Тау мен тасқа өрледі,
Төрт аяқты сермеді.
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі.
Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі . . . -
десе, Тайбурылдың түс кезіндегі жүрісі онан сайын үдеп кетеді. Тайбурылдың бейнесін жасау ұлғайтылып көрсетіледі. Бұл қазақ эпостарына тән тәсіл.
Жаңа қияли образ жасауда, әсіресе, батырлар жырларында, қиял - ғажайып ертегілерінде әсірелеп, ұлғайтып көрсету тәсілі (әдебиет теориясында гапербола деп аталады) кеңінен қолданылады. [23. 560-б]
Неше түрлі фантастикалық қиял-ғажайып жағдайда көрінетін тұлпалардың бәрі де еңбек адамының үйретіп, өсірген жануарлары болып келеді. Мұндай тұлпарлардың шындықтан тыс әрекет жасайтыны, адамша сөйлейтіні, айшылық жерді бір-ақ атгайтыны, от дариясынан көзді ашып жұмғанша секіріп өте шығатыны бары рас.
Бұл, әрине, халық қиялының жемісі және "осындай тұлпарлар болса екен" деген оның арманы болып табылады.
Халық арасына көп тараған, мазмұны әрі қызық, әрі қиял-ғажайып оқиғаларға құрылған көркем де әдемі ертегілердің бірі - "Керқұла атты Кендебай". Кендебай қаншама мықты батыр болса да Керқұла тұлпардың көмегінсіз мақсатына жете алмайды.
Сондықтан ертегіде Керқұла тұлпар айрықша, әстерлеп суреттеледі. "Ол көзді ашып жұмғанша айшылық жерді алты-ақ аттайтын, теңізді көл, дарияны шалшық, тауды қырат құрлы көрмейтін" тұлпар деп, ерекше әсірелей суреттей келіп, оның ең басты қасиеті адам ойын түсініп, адамша сөйлеуі.
Қиял үрдістерінде естің елестетулерін өңдеу іске асып қана қоймайды, сонымен қатар адамның ой-түйінііске асады, кейбір міңдеттер шешіледі. Сондықтан да қиял үрдістерінде ойлау мен сөйлеудің бірлігі үлкен рөл атқарады. Қиял үрдістері физиологиялық жағынан бірінші және екінші сигналдар жүйесінің өзара әрекетіне тікелей байланысты.
Қиял арқылы жасалған, нақты бейнеде белгілі бір дерексіз теориялық ой-пікірлер өте жиі ашып көрсетіледі.
Белгілі бір жағдайда әрбір суретші, ақын, сазгер шығармашылық үрдісінде бір мәселені шешеді, белгілі бір нәрсені өзі шешуге әрекеттенеді немесе басқаға түсіндіреді. Бірақ өзінің ойларын жалпы және дерексіз ұғымдарда емес, нақты бейнеде ашып көрсетеді. Мысалы, "Аққу, Шортан һәм Шаян" атты мысалында Н. А. Крылов бейнелі түрде төмендегі ойды ашып көрсетеді: "Жолдастарда бірауыздылық болмаған жағдайда, олардың ісі алға баспайды". [24. 20-23-б]
Әрбір поэтикалық шығармада, әрбір көркем суретте, сазды әуендерде біз негізгі ойды, негізгі идеяны көре білеміз. Қиялдың елестетулерінде дерексіз ұғымдарды нақтылауды біз әртүрлі аллегорияларда, метафораларда және басқа симюлистік бейнелерде кездестіре аламыз.
Мәселен, жаңа машинаны жасауда жаңалық ашушы алғашында оның жеке бөліктерінің және бөлшектерінің, оның құрылысының жалпы идеясын және бейнесін жасайды.
Ойлау іс-әрекетінде осы жекелеген елестетулерді ол болашақ машинаны бір күрделі түрге біріктіреді.
Қиял үрдістёріндегі бұл ерекшеліктің жүйке-физиологиялық негізі бас мидың қыртысы жұмысындағы жүйелілік болып табылады.
Ертедегі гректердің жасаған мифологиясы көп жағдайда олардың ойлауының жеткіліксіз дамуымен және білімнің шектелушілігімен түсіндіріледі.
Қиялдың түрлері
Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы.
Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен қүбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.
Қиялдың бұл түрі әртүрлі іс-әрекетте кеңінен қолданылады, әсіресе, оқыту үрдісінде атқаратын қызметі ерекше. Заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасау адамдардың сөзі арқылы, сонымен қатар жазба және заттай құжаттар арқылы іске асады. Қайта жасау қиялына нақты мысал ретінде біздің кинолардан көру, кітаптардан оқу арқылы Ұлы Отан соғысында батырларымыздың ерліктерін елестете аламыз.
Сол сияқты тарихтағы ұлы тұлғалар Абылайдың, Бөгенбай, Қабанбай, Исатай мен Махамбеттің, Сырымның жеңімпаз әскери жорықтары туралы, тарихи оқиғалар туралы елестетулерді қалыптастыруға болады.
Осы мысалдардан елестету объектілері өмірде болған оқиғалар, бірақ оларды біздердің санамызда қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесі, ол әртүрлі оқыған кітаптарымыз, көрген киноларымыз немесе ол туралы айтылған әңгімелер негізінде жасалып отыр. [25. 55-58-б]
Сөздік түрде берілген (мұғалімнің әңгімесі, оқулықтың мәтіні) оқу материалын меңгере отырып, оның танысқандарынан жаңа ұғымға не сәйкес келетіндігін шәкірт өзі елестетуі қажет. Мысалы, табиғаттану сияқты оқу пәнін оқып үйрене отырып, шәкірттер теңіздерді, көлдерді, тауларды, белгісіз өсімдіктерді, жануарларды өздері қиялдауы керек. Көркем әдебиетті оқығанда қайта жасау қиялының ролі ерекше зор.
Кітаптарды оқи отырып, мектеп баласы қайта жасау қиялының көмегімен өздері шығарманың қаһармандарын елестеді, оларды көрген сияқты болады, табиғаттың көріністерін көреді, кітапта суреттелген оқиғалардың өздерін тікелей қатынасушыларындай сезінеді. Сөз арқылы берілгенді өзі дұрыс елестету үшін жеткілікті білімі болуы қажет.
Мұғалім сабақты түсіндіргенде немесе тарихи оқиғалар суреттелген әдеби шығармалардан үзінділер оқығанда шәкірттер бұл құбылыстарды жиі дұрыс қиялдай алмайды. Тарихи деректерді олар қазіргі түсініктер және білімдерімен сәйкес қайта жаңғыртады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz