Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІСТІК КЕШЕН

1. Бөлім: Топ психологисының пәні, міндеттері, мақсаты, зерттеу әдістері
және теориялары.

1 тақырып: Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну.

Мақсаты: Топтың әлеуметтік салада алатын орнының маңыздылығымен қатар топ
психологиясын зерттеген ғалымдардың тұжырымдамаларымен, топ түрлерімен және
қазіргі кездегі топ психологиясын зерттеу жолдарының бағыттарымен
таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Алғашқы топ психологиясы теориялары. – М. Лацарус пен Х.Штейнталь,
В.Вундтың, Г.Тард, С.Сигеле мен Г.Лебон еңбектері, У. Макдауголлдың
Әлеуметтік қылық инстинктері теориясы.
2. Үлкен және кіші топтарды зерттеу.
3. Қазіргі топ психологиясын когнитивистік және гуманистік тұрғыдан
зерттеу.

Әлеуметтік психология мен психологияның  негізгі қарастыратыны –
индивид, жеке тұлғаны зерттейтін  психологтар  индивидтердің  ішінара жеке
даралық  механизмдері  мен олардың  бір-бірінен  ерекшеліктеріне  көңіл
аударса, әлеуметтік психология  индивидтерден  тұратын  адамдар тобы 
тұтастай алғанда  бір-бірін қалай бағалайды, бірне-бірі қалай әсер етеді
деген мәселемен айналысады.
Әлеуметтік психологияның  дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл
деп санайды, осы жылы ағылшын психологі В. Макдугалдың Әлеуметтік
психологияға кіріспе  еңбегі  Европада басылып шықса, Америкада социолог
Э. Росстың Әлеуметтік психология деген  еңбегі де жарық көрді. 
Дегенмен,  1897 жылы  Дж. Болдуиннің Әлеуметтік психологиядан зерттеулер
атты  еңбегінде де осы мәселені қарастырады.
Өз дамуында  әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда  көптеген
қиындықтарға кез болды.  Егер ХХ ғасырдың  бас кезінде  зерттеушілер 
көбіне қоғамдық  көпшіліктік психологияны  зерттеуге көңіл бөлсе, ал
ғасырдың  ортасында  шағын топтар,  адамдардың әлеуметтік  бағдары, 
топтарға әсре ету тәсілдері мен әртүрлі  тұлғааралық қатынастарға  көңіл
бөліне бастады.
Американ психологі  Д. Майерстің  анықтауынша: әлеуметтік психология
– адамдар бір-бірі туралы  қалай ойлайды, бір-біріне  қалай әсре етеді
және  бір-біріне қалай  қарайтынын зерттейтін  ғылым.
Американ зерттеушісі  О. Клейнбергтің  айтуынша,  әлеуметтік
психолгияның  көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда
болған.
Жаңа заман  философиясында  (ХУ-ХУІІ ғ.ғ.)  Гоббс, Локк, Гельвеций,
Руссо,  Гегельдерді атап өту қажет.
ХІХ ғасырдың орта тұсында  қоғамдық процестерге қатысты  көптеген 
ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезде тіл білімі қарқындап
дамыды. Осы кезеңде  Европада  капитализмнің  дамуына байланысты, әртүрлі
елдер арасындағы  экономикалық қатынастар  көбейіп, халықтар миграциясы
белсенді орын алды.
Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың,  басқа халықтың  психологиялық
ерекшеліктерін  ескеру проблемалары туындады. Проблемаларды шешу тек  біл
білімінің қолынан келмеді. Сондықтан психология мен  әлеуметтік
психологияның дамуына жол ашылды.
Көптеген  алғашқы әлеуметтік  - психологиялық теориялар  арасынан 
негізгі үш бағытты  бөліп алуға болады: халықтар психологиясы,  көпшілік
психологиясы,  әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.
ХІХ ғасырдың  басында әлеуметтік психологияның  эксперименттік
ғылымға  айналу кезеңі  деп саналады. Европада В. Мид, АҚШ ғалымы Ф. Олпорт
ұсынған, әлеуметтік психологияны  эксперименттік психологияға  айналдыру
 қажет деген ұсыныстар берді.
Зерттеу объектісі ретінде негізгі назар -  шағын топтарға бөліне бастады.
50-ші жылдардан бастап  негізгі төрт бағытқа көңіл аударылды: бихевиоризм, 
психоанализ,  когнитивтік,  интеракционизм. 
 
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Топ психологиясының дербес ғылым ретінде пайда болуы.
2. Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо,  Гегельдердің еңбектері.
3. Әлеуметтік  - психологиялық теориялардың негізгі бағыттары: халықтар
психологиясы,  көпшілік психологиясы,  әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер
теориясы.
4. Үлкен және кіші топтар түсінігі.

Әдебиеттер тізімі:
1. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.:Наука, 1994
2. Андреева Г.М., Богомолова Н.Н., Петровская Л.А. Современная социальная
психология на Западе. Теоретические ориентации. – М.: МГУ, 1978
3. Робер М.А., Тильман Ф. Психология индивида и труппы. – М.:Прогресс, 1988

2 тақырып: Топ психологиясын зерттеудің методологиялық және әдістемелік
мәселелері.

Мақсаты: Топты экспериментальді және коррекциялывқ зерттеулермен және
топты зерттеу методологиясымен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ғылыми зерттеу методологиясы және топ психологиясы
2. Топты эксперименталды және коррекциялық зерттеу.
3. Топты психологиялық зерттеу әдістерімен мен әдістемесі.

Әлеуметтік психологияда зерттеу әдістерін екі топқа бөліп қарастыруға
болады. Зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.
Зерттеу әдістерінің  өзі  - ақпаратты жинау, оны өңдеу болып екіге
бөлінеді.
Мәліметтерді жинау әдістеріне: бақылау,  құжаттарды қарастыру, өңдеу, 
сұрау әдістері, тестілер,  социометрия әдісі және де эксперимент.
Әленуметттік психологияда  зерттеулердің  әрбірінде  бақылау бірлігі
зерттеу затына байланысты  нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай 
- бақыланатын жағдайдың  уақыт аралығы, бақылау  бірліктерін  бөліп алудың 
көптеген жолдары  болғанымен, бұл мәселе аяғына дейін  шешілмеген.
Сонымен қатар  топтық сынақтардан  көрі жеке тұлғалық  сынақтар 
қолданылады. Тестер  көмекші  әдістерге жатады. Сондықтан да олардың 
нәтижелері  басқа әдістер арқылы  алынған  деректермен  сәйкестенуі керек,
бұл әдіс көбіне  жеке тұлға проблемасын зерттейді

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Бақылау, контентанализ (құжаттарды зерттеу), сұрақтамалар, жеке адамға
топтың бағасы, социометрия, тесттерді топ психологиясыныңзерттеу
әдістерінің бірі ретінде қолдану ерекшеліктері;
2. Әлеументтік психологиялық эксперимент, квазиэксперимент.
3. Статистикалық талдау деген не?

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. Донцов А.И. Психология коллектива. –М.:МГУ, 1984
2. Методы исследования межличностного восприятия под ред. Г.М.Андреевой. –
М.:МГУ, 1984
3. Методы социальной психологий Под ред. Е.С.Кузьмина. – Л.:ЛГУ, 1977.
4. Введение в практическую социальную психологию Под ред. Ю.М. Жукова.
–М.:Наука, 1994

3 тақырып: Топты зерттеудің әлеументтік психологиялық мәселелері

Мақсаты: Топтың әлеуметтік психологиялық мәселелерін, топ белсенділердің
топ мүшелеріне әсерін, қоғамдық қатынастар жүйесінде топтың алатын орнын
студенттерің түсініп өз тәжірибесінде қолдану мақсатында жүргізіледі.
Қарастырылатын сұрақтар:

1. Кіші топ, оның пайда болуы.
2. Топ белсенділігінің іс-әрекетпен байланысы теориясы. Лидер стилі
түсінігі.
3. Топ аралық қатынастар психологиясы.
4. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі тұрақты әлеуметтік топтар
(класстар, әлеуметтік сатылар, ұлт, кәсіби топтар, маргиналды
құрылымдар).
5. Үлкен әлеуметтік топтардың қоғамдық психологиялық құрылымы.

Тәрбиелеу объектісі ретінде  жеке тұлғадан  гөрі әртүрлі сипаттар
бойынша  біріктірілген  адамдар топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде
топта қалыптасады, топ ішіндегі  қатынастарды  тікелей көрсететін 
амалданған  көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы  мынада:  топ –
белгілі  бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі  бір әрекет түрінің 
субъектісі  болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың  жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл  сөз ХУІІ ғасырдың аяғынан
кейін  пайда болды.  Сонымен топты  төмендегідей сипаттағы  жеке
адамдардың  жиналысы құрайды деп саналады:
1)    бір-бірімен жиі  арақатынас;
2)    өздерін бір топтың мүшесі ретінде санайтын;
3)    өздерінің қызығушылықтары бойынша  жалпы нормаларды бөлісетін;
4)    рөлдер  бөлісінің  бірдей жүйесіне қатынасатын;
5)    бірдей  объектілер мен  идеялармен  өзін теңестіретін;
6)    топты қанағаттанудың қайнар бұлағы  ретінде қабылдайтын;
7)    өзара байланыста болатын;
8)    өздерін біртұтас сезінетін;
9)    өздеріне қатысты іс-әрекетті  реттейтін.
Топқа  психологиялық анықтама беретін болсақ онда белгілі бір
сипаттамалар негізінде  негізінде  әлеуметтік біртұтастылықтан  бөлініп
шығатын  шамасы шектелген  жалпыламалық болып  табылады.
Топтарды өлшемі бойынша келесідей  бөлу кең таралған:
· үлкен және кіші топтар;
·  нақты және шартты.
Нақты топтар дегеніміз  - белгілі бір  бір іс-әрекетке түсетін 
күрделі түрде  ұйымдасқан  адамдар тобы.
Шартты топтар дегеніміз – бір-бірімен тікелей немесе жанама 
объективтік  арақатынас жасамайтын  субъектілерден тұрады. Олардың
әлеуметтік және  психологиялық сипаттамалары  ортақ болады.
Үлкен шартты топтарды зерттеу  олардың  мүшелерінің  дамуын болжауға 
және оларға қатысты  өзінің  стратегиясын  жасауға  мүмкіндік береді.
Кіші топтар  бұл -  ортақ мақсаттармен  немесе міндеттермен 
біріктірілген, әрқашанда тікелей  қатынас жасайтын  жеке адамдар.
Ішкі құрылысының қарапайымдылығы  кіші топтың  ерекшелігі болып
табылады.  Кіші топта әдетте,  беделді лидер немесе  беделді жетекші
болады.
Топ  мүшелерінің арақатынасын реттеуші  реттеуші ұйымның  сипатына
байланысты  топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың  құрылымының  сырттан
берілетінін болжайды, ал  топтың ресми емес  ұйымын адамдардың 
психологиялық арақатынасы  қалыптастыратын ішкі  құрылымдық ерекшеліктер 
реттейді.
Бұл топтарды келесідер сипаттайды:  олардың арақатынасы топтық іс-
әрекеттің  мазмұнына байланысты болмай симпатия – антипатияның  тікелей
қатынастарына ғана  байланысты болады.
Мұндай бірлестіктер  әдетте ерікті  уақытша ғана болады,
көзқарастырадың ұқсастығымен айқындалады.
 
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Кіші топқа сипаттама.
2. Топ белсенділері.
3. Топ өлшемі.
4. Топтағы жеке адам ұғымы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. Донцов А.И. Психология коллектива. –М.:МГУ, 1984
2. Кричевская Р.Л., Дубовская Е.М. Психология малой гурппы. – М.:МГУ, 1991
3. Майерс Д. Социальная психология. – СПб.: Питер Ком, 1999
4. Методы исследования межличностного восприятия под ред. Г.М.Андреевой. –
М.:МГУ, 1984
5. Обозов Н.Н. Межличностные отношения. –Л.:ЛГУ, 1979.
6. Робер М.А., Тильман Ф. Психология индивида и труппы. – М.:Прогресс, 1988

4 тақырып: Топтағы қарым-қатынас

Мақсаты: Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Адамдар коммуникациясының ерекшелігі.
2. Қарым-қатынас құрылымы мен мазмұны, механизмдері мен формалары.
3. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті
жағы.

Психология ғылымындағы  негізгі  ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-
қатынассыз  жеке  адамды түсіну оның  дамып жетілуін талдау  мүмкін  емес.
М.И.Лисина Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген
және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара
іс-әрекеті - деп көрсетеді.
Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық
құбылыс - дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.
Е.В.Руденский бойынша,  қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; -
адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; - қарым-қатынас субъектілердің
өзара іс-әрекеті.
Л.К.Аварченко: Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру
формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті - деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу,
өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну
барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама,
тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас,
соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды
пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс
болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық  қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке
дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-
әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және
көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай
қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін
психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-
қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені
игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке
адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас
адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-
қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық
процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Психология ғылымындағы  негізгі  ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-
қатынассыз  жеке  адамды түсіну оның  дамып жетілуін талдау  мүмкін  емес.
М.И.Лисина Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген
және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара
іс-әрекеті - деп көрсетеді.
Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық
құбылыс - дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.
Е.В.Руденский бойынша,  қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; -
адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; - қарым-қатынас субъектілердің
өзара іс-әрекеті.
Л.К.Аварченко: Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру
формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті - деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу,
өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну
барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама,
тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас,
соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды
пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс
болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық  қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке
дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-
әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және
көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай
қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін
психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-
қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені
игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке
адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас
адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-
қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық
процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынас теориялары.
2. М.И.Лисина еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселелері.
3. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес) қарым-қатынастарға
түсініктеме беріңіз?
4. Қарым-қатынастағы коммуникация, перцепция, интеракция ұғымдары.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. Бодалев А.А. Личность и общение. – М.:Педагогика, 1983
2. Гозман Л.Я. Психология эмоциональных отношений. – М.:МГУ, 1987.
3. Донцов А.И. Психология коллектива. –М.:МГУ, 1984
4. Методы исследования межличностного восприятия под ред. Г.М.Андреевой. –
М.:МГУ, 1984
5. Обозов Н.Н. Межличностные отношения. –Л.:ЛГУ, 1979.
6. Петровская Л.А. Компетентность в общении. –М.:МГУ, 1989.
II Бөлім: Топ және жеке адам.

5 тақырып: Топтағы жеке адам мәселесі.

Мақсаты: Жеке адамның топтағы алатын орны, коммуникативті қаситтері,
әлеуметтік бағдары мен компетенттілігі жайлы мағлұматтар беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жеке адам және топ.
2. Жеке адамның қарым-қатынас стильдері.
3. Жеке адамның коммуникативті қасиеттері.
4. Әлеуметтік бағдар. Аттитюдтер және диспозициялар.
5. Жеке адамның әлеуметтік психологиялық компетенттілігі.

Әлеуметтік ортада өмір сүруінің екі жағы бар, ол - әлеуметтік
тәжірибені меңгеру мен оны іске асыру проблемасы.
Енді бүгін біз осы айтылған екі жақты біріктіріп тұлғаның басқа
адамдармен байланыс жүйесін, яғни топ ішіндегі дамуын қарастырамыз,
себебі: тұлға тек бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынастарда ғана дамиды.
(Петровский бойынша).
Әлеуметтік және топ психологиясында тұлғаны өзара әсерлесетін және
қарым-қатынаста болатын субъект деп түсіну маңызды.
Әлеуметтену процесінде қалыптасқан әлеуметтік ұстанымдар ол -
тұлғаның әртүрлі топтарда, әлеуметтік ортада әрекет жасау салдарынан үнемі
бір орнында тұрмай өзгерістерге ұшырап отырады. Тұлғаның дамуына нақты
топтың, әлеуметтік ортаның алатын маңызы өте зор.
Ломовтың тезисі бойынша: қоғамдық қатынастар жүйесі - тұлғаның жалпы
объективті негізін құрайды деген.
Сондықтан, мәселені тұлға мен топ емес топтағы тұлға деп
қарастырған жөн. Сонда ғана тұлғаның әлеуметтік бірдеңгейлі проблемасын
жан-жақты талдауын қамтамасыз ететін қасиеттері қалыптасатын болғандықтан
ол қандай топтарда, қандай адамдармен қарым-қатынаста болатындығы
маңызды.
Барлығымызға белгілі принцип: тұлға болып тумайды, тұлға
қалыптасады, сондықтан тұлғаның қандай топта, қандай ортада қалыптасатыны
өте маңызды.
Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы топтың қандай қасиеттеріне тәуелді,
екіншіден, топтың психологиялық сипаты оны құрайтын адамдардың жеке
қасиеттеріне қалай тәуелді екенін анықтау мәселесі туындайды.
Тұлғалық қасиеттерді әлеуметтік психологияда жүйе түрінде
қарастырады. Жүйелік зерттеулермен А.Н. Леонтьев еңбектерінен таныспыз.
Тұлғаны жүйелік қасиет деп қарастыра отырып, ол тұлғаны қолдауды ұсынады.
Петровский тұлғаның топқа қабылдану проблемасы қарастырыған.
Коломинский бойынша, әр топтың өзіндік ерекшелігі бейнесі (лицосы)
бар деген ұйғарымда болған.
В.С. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Инженер психологиясының принциптері
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Психология тарихы туралы
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер