Ғылым туралы жалпы түсінік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми іс-әрекет

Жоспары:

  1. Ғылым туралы жалпы түсінік.
  2. Ғылыми білімнің құрылымы және жіктемесі.
  3. Ғылыми білімнің ұйымдастырылу формалары.
  4. Ғылыми таным принциптері.

1. Ғылым туралы жалпы түсінік.

Ғылым - қоғамның және табиғаттың объективті заңдарын алуға және оларды теориялық қорытуға; ашылған заңдар негізінде қоршаған шындықтағы құбылыстар мен процестерді сипаттауға, түсіндіруге және алдын-ала болжауға; әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыратын жаңа білімдер алуға бағытталған адамзат іс-әрекет сферасы. Ғылым туралы айтқанда оның кемінде үш аспектісін көруге болады және әр жағдайда олардың нақты ерекшеліктері байқалады:

ғылым - әлеуметтік институт (ғалымдар қауымдастығы, ғылыми мекемелер және оларға қызмет етуші құрылымдар жиынтығы) ;

ғылым нәтиже ретінде (ғылыми білімдер) ;

ғылым процесс ретінде (ғылыми іс-әрекет) .

Ғылым нәтиже ретінде білімдер жиынтығы ретінде қарастырылады. Олардың күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы олардың ақиқаттығында. (Мысалы, қарбыз) .

Ғылыми білімдер - шындықтың адам санасында бейнеленуінің ерекше формасы ретінде философия, өнер және дін сияяқты үш ерекше формада да көрінеді ( ғылым - түсініктер, өнер - образдар; ғылым - білімдер, дін - сенім (вера) ; ғылым - білімдер, философия әлемге деген жалпы көзқарастар) .

Ғылымның нәтиже ретіндегі қасиеттері:

Ғылыми білімдер дамуының кумулятивтік сипаты. Жаңа ғылыми білімдер бұрынғы білімдерді жоққа шығармай олармен интеграцияланады, толықтырылады.

Ғылымның даралануы және интеграциясы . Ғылыми білімдердің жиналуы ғылымның даралануына, бөлінуіне әкеледі (биофизика) . Сонымен қатар ғылымды интеграциялық процестер де жүріп жатыр, яғни бірнеше фактілерді, құбылыстарды түсіндіретін теориялардың пайда болуы (Д. И. Менделеевтің периодикалық заңы) .

Гносеологияда ғылымның дамуының 6 негізгі заңдылықтарын көрсетеді.

  1. Ғылымның дамуықоғамдық-тарихи практиканың қажеттіліктерімен шартталады. Ол ғылымның негізгі қозғаушы күші, қайнар көзі болып табылады. Бұл жағдайда ғылым дамуы тек практиканың қажеттіліктерімен ғана емес (мысалы, педагогикалық, білім берудің), нақылайтын болсақ ол - қоғамдық-тарихи практиканың қажеттіліктерімен шартталады.
  2. Ғылым дамуыныңсалыстырмалы өзінділігі. Практика қандай міндет қойса да оның шешілуі ғылымның белгілі бір даму деңгейін қажет етеді.
  3. Ғылыми теориялардың, идеялардың және түсініктердің, ғылыми тану әдістерінің және құралдарының дамуындағысабақтастық. Ғылым дамуының жоғары сатысы алдыңғы саты негізінде бұрын жиналған білімдерді сақтай отырып дамиды.
  4. Ғылым дамуында салыстырмалы түрдетыныштық (эволюциялық) кезеңменғылымның теориялық негіздері, оның түсініктер жүйесініңкүрт дамуы (революциялық) кезеңініңкезектесуі (ақпараттық технологияллар, гуманитарлық ғылымдар) . Ғылымның эволюциялық дамуы кезеңінде қалыптасқан теориялық көзқарастар аясында жаңа фактілер, эксперименталдық деректер біртіндеп жинақталады және солардың негізінде бұрын қабылданған теориялар, ұғымдар, принциптер кеңейеді, нақтыланады және толықтырылады. Ғылымдағы революцияда бұрынғы ғылыми көзқарастар аясына сыймайтын жаңа фактілердің жиналуы, жаңа құбылыстардың ашылуы нәтижесінде тұрақталып қалған көзқарастар түбегейлі өзгереді, іргелі қағидалар, заңдар және принциптер қайта қарастырылады. Бірақ, бұрын жинақталған білімдердің мазмұны емес, оларды теріс, қате түсіндірулер, талқылаулар түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Ғылымтануда ғылыми революциялардың келесі типтері көрсетіледі:глобалдық, локалдық және жергілікті.

Глобалдық революцияға іргелі ғылыми жаңалықтардың, табиғатпен қоғамның дамуының бұрын белгісіз болып келген заңдылықтарының ашылуы, әлемнің жаңа бейнесіне көшуі, танудың жоғары даму сатысына көтерілуі, танудың жаңа пәндік облыстарының, жаңа тану құралдарының пайда болуы, ғылымның әлеуметтік статусының өсуі, экономика, білім, денсаулық және т. б. салалардағы мәселелерді шешудегі ролінің артуы сияқты белгілер тән. Ғылым тарихында 2 глобалдық революция болды: 1) XVI-XVII ғасырлардағы Н. Коперниктің гелиоцентризмімен және Ньютонның физикасымен байланысты; 2) XX ғасырдағы ғылыми революция.

Локалдық революция жеке ғылымдардың мәселелерін қамтиды. Аталған революцияға эволюция теориясын, генетиканы, термодинамика заңдарының ашылуын жатқызуға болады.

Жергілікті революция жеке ғылымдардың маңызды бөлімдерімен байланысты. Оған Рентгеннің жаңалығы, радиоактивтіліктің ашылуы, XV-XVI ғасырлардағы географиялық ұлы ашылулар жатады.

  1. Ғылымның барлық салаларының өзара байланыстары және өзара әрекеттері, солардың нәтижесінде бір ғылым саласының пәні екінші ғылымның әдістері және тәсілдері арқылы зерттелу мүмкіндігі. Соның нәтижесінде әртүрлі құбылыстардың мәнін толық, терең және жан-жақты ашуға мүмкіндіктер туындайды. Мысалы, бүгінгі күні математика экономика, педагогика, психология және тағы да басқа ғылымдарға енді.
  2. Сын бостандығы, ешқандай кедергісіз ғылым сұрақтарын талдау, әртүрлі пікірлерді ашық және еркін білдіру.

Ғылым дамуының 3 кезеңін көрсетуге болады:

  1. ғылым дамуының классикалық кезеңі (XVII ғ. XX ғ. басы) ;
  2. классикалық емес кезең (XX ғ. басы және XX ғ. 60-шы жылдарына дейін) ;
  3. неоклассикалық емес немесе постклассикалық емес кезең (XX ғ. 60-шы жылдарынан басталады) .

Кез келген ғылым, кезкелген ғылыми зерттеу үшін білімнің ғылымилығы критерийлері, білімнің ғылыми емес формаларын да қамтитын бүкіл білімдер облысынан ғылыми білімдерді қандай белгілер бойынша бөліп алу туралы сұрақ аса маңызды болып табылады. Әртүрлі авторлар аталған ктитерийлерді әртүрлі анықтайды.

В. В. Ильин, А. Т. Калинкин білімнің ғылымилығының келесі белгілерін атайды: ақиқаттылығы, интерсубъективтілігі және жүйелілігі .

Білімнің ақиқаттылығы деп оның танылып отырған объектіге сәйкестігін айтады. Бірақ ақиқаттылық ғылыми емес, күнделікті тұрмыстық білімге де тән. Гносеологияда «білім» және «ақиқат» түсініктері ажыратылады. «Ақиқат» түсінігі білімнің шындыққа сәйкестігін, оның мазмұнының танушы субъектіге қатысынсыз (безотносительно) дәйектілігін, объективтілігіне байланысты одан (танушы субъектіден) тәуелсіздігін көрсетеді. Ал «білім» түсінігі ақиқатты мойындау формасы деп аййтуға болады.

Ғылыми білімге оның ақиқаттылығын негіздеу тән. Сондықтан ғылыми білімнің ақиқаттылығын сипаттайтын негізгі белгілерінің бірі ретінде оны жеткілікті негіздеу талабын айтуға болады. Сондықтан жеткілікті негіздеу принципі кез келген ғылымның іргетасы. Кез келген ақиқат ой ақиқаттылығы дәлелденген басқа басқа ойлармен негізделуі тиіс.

Интерсубъективтілігі критерийі ғылыми білімнің жалпылық сипатын, барлық адамдарға жалпы міндеттілігін, жалпы маңыздылығын көрсетеді. Интерсубъективтілік критериі ғылыми білімді қайта өндірілуі (воспроизводимость) талабымен нақтыланады, өзгеше айтқанда, бір жағдайдарда бір объектіні әр зерттеуші зерттегендегі алынған нәтижелердің бірдейлігі.

Жүйелілік білімнің әртүрлі формаларын сипаттайды. Ол ғылыми да, әдеби де, күнделікті тұрмыстық та білімдердің үйымдастырылуымен байланысты. Ғылыми білімнің жүйелі ұйымдастырылуы оның қатаң индуктивтік-дедуктивтік құрылымы болуымен шартталады.

Сонымен ғылыми білімнің айрықшылығы үш белгімен айқындалады: ақиқаттылығы, интерсубъективтілігі және жүйелілігі . Әр белгі жеке-жеке өз ғылымды құра алмайды. Ақиқаттылық тек ғылымға ғана тән емес. «Жалпы адасушылықта» («всеобщее заблуждение») интерсубъективті болуы мүмкін. Ал басқа белгілерден бөлек іске асырылған жүйелілік «жалған ғылымилыққа» («наукообразность») әкелуі мүмкін. Тану нәтижелерінде аталған белгілердің барлығы бірдей іске асырылғанда ғана білімнің ғылымилығын толық анықтай алады.

Ғылым білімдер жүйесі ретінде практикаға қатысты бірнеше функциялар атқарада: сипаттаушылық, түсіндірушілік, қорытушылық, болжамдық және нормативтік .

2. Ғылыми білімнің құрылымы және жіктемесі.

Ғылыми білімдер ғылымның белгілі бір салалары бойынша бөлінеді. Оны төмендегідей көрсетуге болады. (В. С. Леднев бойынша) Сурет 1

Сурет 1. Ғылыми білімнің структурасы .

Ғылыми білімдердің орталық облысын физика, химия, кибернетика, космология, антропологиялық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар, техникалық ғылымдар құрайды.

Философия бір мезгілде ғылым саласы және әлемге деген көзқарастар жүйесі болғандықтан ерекше орын алады.

Математиканың да алатын орны ерекше. Ол ғылыми білімнің жеке облысы болады, өйткені оның зерттеу пәні басқа ғылымдардың барлығы зерттейтін процестер мен құбылыстардың формалдық модельдерін құру болып табылады.

Практикалық ғылымдарға медицина, педагогика, технологиялық ғылымдар жатады.

Гнеосеологиялық, әдіснамалық деңгейіне сәйкес теориялары қатаң дедуктивтік негізде жасалатын математика, физика және кейбір жаратылыстану ғылымдары сияқты «әлді» («сильные») ғылымдарды және зерттеу объектілерінің өте күрделілігінен, құбылыстармен процестерді болжау қиындығына сәйкес гнеосеологиялық жағынан «әлсіз» («слабые») гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарды ажыратуға болады. Бұл жерде ұлы физик А. Эйнштейннің психолог Ж. Пиаженің эксперименттерімен танысқанда айтқан «физика проблемаларын зерттеу бала ойынының жұмбақтарымен салыстырғанда бала ойыны» деген сөзін еске алғанда жөн.

А. Н. Ракитов әр ғылым саласына ортақ төмендегі белгілерді көрсетеді:

1. Әр ғылым саласы белгілі бір дәрежеде жекеленген тану объектілері жиынтығына жатады;

2. Сол таным объектілері жиынтығында қатынастар, өзара әрекеттер және түрлендірулер бөлінеді және олар сол ғылымның пәні болып табылады;

3. Сол пәннің ішінен мамандар үшін түсінікті, салыстырмалы түрде «шектеулі» мәселелер бөлінеді.

4. Ғылым саласы ішінде қабылданған ақиқаттық (истина) критерилері болады.

5. Зерттеу әдістері сол саланың шешетін міндеттеріне, ақиқаттық критерилеріне бағынады және зерттеу объектісімен пәніне бағытталады.

6. Тікелей сезімдік бақылау нәтижесінде алынған білімдердің эмпирикалық базисы болады.

7. Таным саласына тән айрықша теориялық білімдер болады. Бірақ оларды ғылымның гносеологиялық идеалы - теориямен теңдестіруге болмайды.

8. Белгілі білім саласына ғана қатысты формалды жасанды тілдің болмауы. Дегенмен тілдің жартылай кәсіби концептуализациясы туралы айтуға болады.

Аталған белгілер гнеосеологиялық жағынан «әлсіз» ғылымдарға тән.

Ғылыми білімдер әртүрлі белгілерге байланысты жіктеледі:

  • білімнің пәндік облыстарының топтары бойынша:математикалық, жаратылыстану, ;
  • білімнің мәнін ашу әдісі (сипаттаушы) жәнеэссенциалистік (түсіндірмелі) . Феноменалистік білімдер сипаттау функциялары басым болатын теоряилардан тұрады. Оған педагогика да жатады. Ал эссенциалистік білімдер - талдаудың сандық құралдары негізінде жасалатын түсіндірмелі теориялар;
  • функционалдық қызметі бойынша ғылыми білімдеріргелі (фундаментальные) жәнеқолданбалы (прикладные) болып бөлінеді;
  • ойлау формалары бойынша бөлінеді. Эмпирикалық білімдер- ғылымның анықталған фактілері және соларды қорыту негізінде құрастырылған эмпирикалық заңдылықтармен заңдар. Осыған сәйкес эмпирикалық зерттеулер тікелей объектіге бағытталады және эмпирикалық, тәжірибелік мәліметтерге сүйенеді. Эмпирикалық білімдертүбінде біздің тәжірибемізден туған білімдер болғандықтан ғылыми танудың қажетті кезеңі, бірақ ол тану объектісінің пайда болуының және дамуының ішкі заңдылықтарын терең түсінуге жеткіліксіз. Теориялық білімдер- бұрын ашылған фактілермен эмпирикалық заңдылықтарды түсіндіруге, болашақ оқиғалармен құбылыстарды, фактілерді алдын-ала көре білуге, алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін, сол зерттеу пәні үшін жалпы тұжырымдалған заңдылықтар. Теориялық білімдер эмпирикалық тану кезеңінде алынған білімдерді тану объектісінің пайда болуының және дамуының заңдылықтарын, құбылыстардың мәнін аша отырып терең қорытындыларға айналдырады.

3. Ғылыми білімнің ұйымдастырылу формалары.

Кез-келген ғылыми жұмыстың нәтижесі - ғылыми білімдер. Ол білімдер белгілі бір форма түрінде болады. Ғылыми білімдерді ұйымдастырудың формалары: факт (синонимдері оқиға, нәтиже), қағида (положение), түсінік (ұғым) (понятие), категория, принцип, заң, заңдылық, теория, метатеория, идея, доктрина, парадигма, проблема, гипотеза.

Ғылыми фактіге белгілі бір ретпен тіркелген оқиғалар, құбылыстар, олардың қасиеттері, байланыстары және қатынастары жатады. Фактілер ғылымның іргетасын құрайды. Фактілер жиынтығынсыз тиімді ғылыми теория құру мүмкін емес.

Қағида - тұжырымдалған ой, ғылыми тұжырым.

Түсінік (ұғым) - заттармен құбылыстардың қасиеттерін - жалпы және айрықша белгілерін тіркеу арқылы заттарды, құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды қорытылған және абстарктіленген формада бейнелейтін ой.

Ғылымда дамудағы түсініктер (дамушы түсініктер) деген бар. Оның мәні - ғылыми мәліметтер жинақталған және ғылыми теория дамыған сайын түсініктердің мазмұны жаңа белгілермен және жаңа қасиеттермен толығуында.

Түсінік ғылыми білімдерді ұыймдастыру формаларының ішінде ерекше орын алады. Себебі, фактілер, заңдар, қағидалар, теориялар, принциптер сөз арқылы беріледі, өткені адам ойлауының ең жоғары формасы - түсініктік, сөздік-логикалық ойлау. Г. Гегельдің айтуынша «түсіну дегеніміз түсінік формасында көрсету».

Түсініктің құрылуын және дамуын формалдық және диалектикалық логика зерттейді. Формалдық логика түсініктің жалпы құрылымын, оның түрлерін, түсінікті анықтау құрылымын, түсініктер арасындағы қатынастар құрылымын зерттейді. Диалектикалық логика түсініктің ғылыми білімнің бір мәннен одан терең мәнге көшуімен байланысты қалыптасуын және дамуын зерттейді, оны танудың сатысы ретінде, ғылыми танымдық іс-әрекет қорытыныдысы ретінде қарастырады.

Категория өте кең түсінік. Онда қоршаған әлем құбылыстарының ең жалпы және маңызды қасиеттері, белгілері, байланыстары және қатынастары бейнеленеді. Мысалы, философиялық категориялар «материя», «қозғалыс», «кеңістік», «уақыт» және т. б. . Ғылымның әр саласының өз категориялар жүйесі бар.

Принцип іс-әрекет нормативі ретінде көрінеді.

Заң құбылыстар, процестер арасындағы маңызды, тұрақты қайталанатын байланыстар.

Теория түсінігі екі мағынада қарастырылады. Біріншіден, ғылымның әлсіз версиясы аясында құбылыстарды, процестерді түсіндіруге бағытталған көзқарастар, идеялар, көріністер кешені болады. Осы мағынада «теория» сөзі көп жағдайда «концепция» сөзімен алмастырылады. Ғылымның әлді версиясы аясында белгілі бір білім облысындағы маңызды байланыстар туралы тұтас көрініс беретін ғылыми білімді ұйымдастырудың ең жоғары формасы.

Идея (философиялық мағынасында қоғамды-тарихи идея ретінде) - зерттеу объектісін тек бейнелейтін ғана емес, сонымен қатар оны түрлендіру бағытын көрсететін әлемді танудың жоғары формасы. Идеяның дамуының екі бағытын көрсетуге болады: идеяның сол ғылымның ішінде дамуы және оны практикада іске асыру бағытында дамуы. Педагогикада ғылыми идеяға мысал ретінде білім беруді ізгілендіру идеясын, білім беруді демократияландыру идеясын айтуға болады. Идеяны теориядан, концепциядан ажырататын бір белгі - теорияны, концепцияны бір адам құруы және оның кең таралмауы мүмкін. Ал идея қоғамның, кәсіби қауымдастықтың (немесе оның көп бөлігінің) кең қолдауын алуы тиіс.

Парадигма да екі мағынада қолданылады. Біріншісі, негіздеу, салыстыру үшін алынған тарихтан, соның ішінде ғылым тарихынан да алынған мысал. Екіншіден, зерттеушілік міндетті шешуде үлгі ретінде алынған концепция, теолрия немесе мәселені қою моделі.

Проблема - «нені білмейтіні туралы білім» («знание о незнании»), ғылым бүгінгі күні нені білмейді, бірақ білімдегі бұл жетіспеушілік не ғылымның өзі үшін, оның теориясын дамыту үшін қажет, немесе практиканы дамыту үшін қажет, немесе екеуі үшін де қажет.

Гипотеза - ақиқаттылығы, шындығы әлі анықталмаған, дәлелдеуді қажет ететін ғылыми болжам, ғылыми тұжырым.

4. Ғылыми таным принциптері.

Қазіргі заманғы ғылым танудың үш негізгі принциптерін жетекшілікке алады: детерминизм принципі, сәйкестілік принципі және толықтырушылық (дополнительности) принципі. Детерминизм принципінің көп ғасырлық тарихы болса да ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында маңызды өзгерістер мен толықтырулырға ұшырады. Сәйкестілік және толықтырушылық принциптері ХХ ғасырдың басында пайда болды. Ол физикадағы жаңа бағыттардың кванттық механика, салыстырмалық және т. б. теорияларының дамуымен байланысты. Олар XVII - XIX ғ. Классикалық ғылымның қазіргі заманғы айналуына себеп болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту
Диалекитика және метофизика
Педагогиканың дәрістері
Терминнің басты белгілері
Ғылыми зерттеудің әдістемесі
Инженер психологиясының принциптері
Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Таным және ғылым философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz