Ғылыми ізденістің кезеңдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Зерттеу тақырыптары мен мәселелерін анықтау

  • ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі ретінде
  • Ғылыми ізденістің алғашқы кезеңіЗерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу. Ғылым тілі

1. Ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі

Зерттеу жұмысы зерттеудің объективті аймағын өңдеуден басталады, яғни шешімін табуды талап ететін маңызды мәселелер жинақталған педагогикалық шындықтың сферасынак. Объектілік аймақты таңдау келесі объективті факторлармен анықталады: оның маңыздылығы, шешілмеген мәселелердің саны, жаңалығы мен перспективтілігі және субъективтік факторлар: білімі, өмірлік тәжірибесі, бейімділіктері, зерттеушінің қызығушылықтары, оның қандай да бір тәжірибелік іс-әрекет бағытымен байланысы, белгілі бір тақырыпқа бағытталғак оның ғылыми ұжымымен, ғылыми жетекшісімен аныкталады. Білім беру-тәрбиелеу жүйесін жаңартумен байланысты өзекті сфералар өте көп. Бұл, біріншіден тәрбиенің жаңа мазмұнын анықтау мен тексеру, бұл оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді технологиялары мек әдістемелерін өңдеу, қатынастарды қалыптастыру, білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жаңа типтеріне көшу, мектеп және әлеуметтік сферамен байланысты мәселелер, білім берудің тиімді технологияларына көшу. Келесі қадам бір бірімен тығыз байланысты мәселе мен зерттеу тақырыбын анықтау. Мәні жағынан, тақырыптың мазмүнында мәселе болу керек, және тақырыпты саналы анықтап оны нақтылау үшін зерттеу мәселесін табу керек. Зерттеу мәселесі «білу мен білмеу» жағдайы ретінде көрініс береді, яғни мәселеде ғылыми білімдегі аралық бейнеленеді. Мәселе - таныс нәрсе мен таныс емес нәрсенің арасындағы көпір, оны белгіліні салыстыра отырып, белгілі бір аймағына бағыттала отырып қана табуға болады. Егер қойылған мәселе мен оның мазмұны еш нәрсемен қайшы келмесе, онда оның нәтижесіз болу қаупі бар. Қойылған фактілер мен теориялық ойлардың қайшылығы, фактілерді түсіндіру мен интерпретациялау арасындағы қайшылықтар мәселенің мәні болып табылады. Ғылыми мәселе өздігінен пайда болмайды, тәжірибе мен ғылыми әдістерді терең зерттеудің нәтижесі болып табылады., танымдык үрдістердің тарихи белгілі бір кезеңіндегі қайшылықтарын бейнелейді. Ғылыми мәселені қалыптастыру дегеніміз - екіншілердің арасынан маңыздыны бөліп алу біліктілігін көрсету деген сөз, белгілі нәрсе мен ғылымда белгісіз зерттеу пәнін анықтау. Осылайша, зерттеу пәніне қатысты білу мен білмеудің арасындағы шекараны көрсету мүмкін болса, онда ғылыми мәселені ашу қиын болмайды.

Бүгінгі күні мысалы, білім берудің нормативті мазмүны мен жеке мүмкіндіктер, бейімділіктер, қызығушылықтар арасында; дені сау адамдарды қалыптастыру міндеті мен мектептегі сабақтардың бірсарындылығы, гиподинамика, оқу тапсырмаларының жүктемесі арасындағы піскен қайшылықтар нақты анықталып отыр. Анықталған қайшылықтардан шығатын мәселе өзекті болып, өмірге кіретін немесе кіруге тиісті жаңаны бейімдеуі керек. Қазіргі таңдағы мәселелер, білім беруді гуманизациялау және демократиялау, жеке ерекшеліктерді ескеру және әрбір оқушының мүмкіндіктерін дамыту, мектептерде тәрбиелеуші ортаны қалыптастырумен байланысты.

Тәжірибелік міндеттерден ғылыми мәселеге өту үшін кем дегенде екі процедураны іске асыру керек: осы тәжірибелік міндеттерді, шешу үшін, қандай ғылыми білімнің керек екендігін анықтау; осы білімнің ғылымда бар екендігіне көз жеткізу. Егер білім бар болып және оларды тек таңдап, жүйелеп, пайдалану керек болса, онда ғылыми мәселе пайда болмайды. Егер қажетті білім жеткіліксіз болса, толық және айқын емес болса, онда мәселе туындайды. Оны бөліп алып, ары қарай шешу үшін тақырып бойынша бар нәрселерді толық қарастыру керек. Тәжірибелік міндетті шешу үшін теориялық және қолданбалы мәселелердің түтас кешенін өңдеу керек, керісінше, ірі ғылыми мәселені шешу үшін тәжірибелік міндетердің біреуін ғана емес түтас катарык шешу керек.

Мәселедегі қайшылық тақырыптан тікелей және жанама түрде өз бейнесін табу керек. Мәселені дұрыс кою - ғылыми ізденістің жемісті болуының шарты. Мәселе тақырыпта болуы мүмкін немесе тақырыптың мәселелігі оны талқылаудан табылуы керек. Мәселеден шыккан тақырып педагогикалық процестің белгілі бір кезеңдері мен жағдайына және жалпы мәселенің белгілі аспектілерін ашумен байланысты нақты объектілерге айқын болу керек.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі дегеніміз - қазіргі кезеңдегі қоғамның халықтық білім беруге, мәселенің ғылыми әдебиеттерде өңделуіне, мектеп тәжірибесіндегі оның жағдайына қойылатын талаптардың бейнеленуі. Таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу кез келген зерттеудің бастапқы кезеңі болып табылады. Өзектіліктің бейнеленуі көп сөзбен жеткізілмеу керек. Оны бейнелеуде алыстан бастаудың қажеті жоқ. Оның маңыздылығы, яғни мәселелік ситуацияның және тақырып өзектілігінің неден көрініс беретіндігін машиналық жазумен бір бетпен жеткізген жеткілікті.

Кез-келген ғылыми зерттеу жаңа қүбылыстарды тану үрдісіндегі белгілі қиындықтарды жою үшін, бұрын белгісіз болған фактілерді түсіну үшін және танымдық емес фактілерді түсіндірудің ескі жолдарының толық еместігін көрсету үшін жүргізіледі. Бұл қиындықтар ғылыми білім танымның жаңа міндеттерін шешуде жеткіліксіз болған жағдайда айқын көрініс береді.

Зерттеу өзектілігін негіздеудің бірнеше жолдары бар: жеке фактілер бойынша тәжірибедегі мәселенің күйі және тақырып анықталады; автор немесе өзге ғалымдар орындаған зерттеудің мәліметтері талданады; қолымызда фактілер бар - олардың ішіндегілері; қандай да бір нәтиже беретін себептер анықталады (мысалы, компьютерлік оқытуды ендіру төменгі сынып оқушыларының интеллектуалдық рфераларының дамуына қалай әсер етеді, осыдан барып өзектілік туындайұы) ; тәжірибенің даму тенденциясы, оның қажеттіліктері талданады; тәжірибенің және теорияның қажетіліктерін анықтау жолы бойынша негіздеу жүреді.

Барлық аталған бағыттар біржақты немесе шектеулі. Мысалы, егер тек қана тәжірибенің қажеттілігінен ғана бастасақ, онда осы мәселенің теорияда шешілген мәселе екендігін аңғармай қалуымыз мүмкін.

Зерттеу өзектілігін дәлелдеу бағыттары:

  • адамдардың көпшіліктері осы зерттеуді жүзеге асыру қажеттілігін каншалықты қалайтындығын анықтау;
  • осындай қажеттіліктер қоғамда бар ма;
  • тәжірибенің жағдайы қарастырылады, егер қажеттілік бар болса, онда осы мәселенің тәжірибе аркылы қаншалықты қанағаттанатынын анықтау;
  • ұсынылға мәселелердің теориядағы өзектілігі анықталады.

Мысал ретінде, тақырып өзектілігін негіздеуді теорияның дамуының қажеттілігімен қалай жүзеге асатындығын қарастырып көрейік. Келесі бағыттар ұсынылады: і) әдісетді қарастыру негізінде қандай да бір толықтырулар енгізуді табу; 2) зерттелген және зерттелмегендерді ашу және объектіні дамытудың қажеттілігін анықтай отырып, зерттеу жүргізудің қажетекендігі туралы қорытынды жасау; 3) осы кезге дейін мәселе қандай теориялық позициялармен шешілгендігін қарастыру.

2. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу

Зертеу оның объектісі мен пәнін анықтаудан басталады. Философия әлеуметтік тұлға болып табылатын адамның практикалық және теориялық іс-әрекетінің зерттеу заты боп табылатын объективті шындықтың белгілі бір бөлшегін объекті деп айтады.

Таным заты -деп тәжірибеде белгіленген және адамның практикалық іс-әрекет процесіне еңгізілген, нақты жағдайда және белгілі бір шарт бойынша нақты мақсатпен зерттелетін объектінің

Ерекшеліктерімен қасиеттерін айтамыз.

Объект туралы білімнің даму мөлшеріне қараай оның жаңа қырлары ашылып, оның өзі тану затына айналады. Сөйтіп зерттелетін зат оның объектісіне қарағанда біршама нақты түсінік болып табылады. Ол бар болғаны объектінің бөлігі, белгілі бір қыры, элементі. Мысалы оқыту процесі зерттеу объектісі болса ол зерттеу заты етіп оқытудың әдістерін ғана аламыз.

« Объект» және « зат» ұғымдары салыстырмалы ұғымдар. Айталық оқыту әдістері объектінің ролін атқарса сол әдістердің бір тобы мәселен оқытуды көтермелеу әдісі зерттеу затты болады. Сондықтан зерттеуші белгілі бір зерттеудің барысында ненің объекті, ненің зерттеу заты болатының нақты белгілеу керек. Бұның өзінде объект үш қиырсыз кең көлемде алынбай нақты зерттеу заттының сыртында тұрған нақты шындық болғаны жөн.

Қаралып отырған зерттеу заты объектінің басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста салынып сипат алады. Мысалы біз оқыту түрін зерттеген кезде сол оқыту процесі зерттеу объектісі болып табылады да оқытуды ұйымдастыру түрлері оның құрамдас бөліктерінің міндетін атқарады. Егер зерттеу объектісі етіп одан көрі кеңдеу ұғымды мәселен мектептің қызметін алатын болсақ оқытуды ұйымдастыру түрлері мен мектеп өмірі арасындағы байланыс зерттеу затының орнында болуы мүмкін. Оқыту түрінің барлық мәнді сипаттары оқытудың міндеттеріне оқытудың мазмұнына оқытудың әдістеріне және оқыту құралдарына байланыстыра қаралады. Яғни оқу процесінің басқа қырыларымен өзара байланыста қаралып сондықтан зерттеу объектісі болып табылады.

Зертеудің объектісі мен заты арасындағы қатынасты қарауға байланысты мына мәселеге назар аудару пайдалы : зерттеу заты болып педагогикалық жүйенің элементтері ғана емес сонымен бірге зерттеу проблемасының өзі де алынуы мүмкін. Мысалы, зат аралық байланыстың тиімділігін арттыру проблемасы оқытуда дербес ықпал етуді ұйымдастыру проблемасы. Сөйтіп зерттеу заты мен зерттеу проблемасы өзара тығыз байланыста, ал белгілі бір жағдайларда бірдей болуы да мүмкін. Дегенмен, принципті тұрағында алғанда оларды ажырата білу керек. Зерттеу заты - көбінесе объектінің элементі (мысалы оқытуды ұйымдастыру түрлері зерттеу заты, ал оқу процесі оның объектісі болады) .

Ал зерттеу заты мен байланысты болатын проблема өзіне тән ерекшеліктерге де ие болады. Ол кейбір проблемалық жағдайлардың атап айтқанда нақты практикадағы зерттеу затының жағдайы мен қоғамның оған деген талаптарының қайшылықтарының көрсететін сипаттама болып табылады. Сондықтан зерттеу проблемасы әр дайым зерттеу затын жетілдіру мен анықталған қайшылықтардың себептерін көрсетумен педагогикалық практикадағы зерттеу затының тиімділігімен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар жүйесін жасау мен зерттеу заты туралы теориялық білімді тереңдету мен байланыста болады. Сондықтан зерттеу заты етіп оқу процесі ол зерттеу объектісі етіп тұтас педагогикалық процесс алынған жағдайда оқу процесін ұйымдастыру оның тиімділігін көтеру процесс қызметінің сапасын жақсарту және оның нәтижелерін жетілдіру т. б. жағдайлар зерттеу проблемасның ролін атқару мүмкін. Сөйтіп зерттеу проблемасы өсе келе зерттеу мақсатына айналады. Оны зерттеуші пайда болған проблемаларды шешу процесі кезінде алдына мақсат етіп қояды. Сөйтіп зерттеудің мақсаты қандайда бір проблеманы шешу болып табылады. Зерттеудің заты проблемасы және мақсаты ғалымның ғылыми еңбегіндегі табысты қамтамасыз ететін ғылымның дамуына және оның практикаға әсер етуіне қолайлы жағдай туғызатын бір сыпыра талаптарды шешетіндей болу керек.

Белгілі бір заттың зерттеу проблемасы ең алдымен өзекті және әлеуметтік сұранысқа сай келетіндей мәнді болғаны жөн.

Яғни, зерттеу заты мен зерттеу проблемасын таңдау барысында қоғамның қазіргі мектептегі оқыту ісіне деген талаптарын назарда ұстаған жөн. Айталық, қазіргі жағдайда оқыту мен тәрбиелеудің сапасы көтеруге байланысты, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін дамытуға қатысты, олардың өз беттерімен білім алуға, ғылыми жәнек қоғамдық саяси ақпараттар ағымында дұрыс бағыт алуын қалыптастыру проблемаларын зерттеудің маңызы зор.

3. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.

. Белгілі бір проблеманы шешу кез келген ғылыми зерттеудің мақсаты болып табылады.

Мақсат - зерттеудің нақты міндеттеріне бөлінеді. Зерттеу міндеттерін зерттеуші пайда болған проблемаларды теориялық талдау негізіне және оны шешуді мектеп практикасында бағалау негізінде қояды. Бар нәрсені талдап алмай болуға тиіс жобаны игеру мүмкін емес. Өкінішке қарай мұндай кемшіліктер педагогикалық зерттеуде әлі де кездеседі.

Қандайда бір проблеманы шешудің теориялық және практикалық жағдайын талдау осы мәселеге қатысты әдебиеттер мен танысудан басталады. Бұл ретте проблеманың теориясына қатысты кітаптармен ғана емес, сонымен бірге мектептердің белгіленген бағыттағы жұмыс тәжірбиесі туралы жарық көрген шығармалармен де қаруланған да дұрыс. Әдеби бастауларды оқып үйрену кезінде мына мәселелерге назар аударған дұрыс:автордың идеясы, зерттелетін проблемаға оның көзқарасы; оны оқып үйрену барсында автордың қол жеткен табыстары; оның көзқарасы, қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан қалай ерекшеленеді, оның осы проблеманы шешуге қосқан үлесі қандай; бақа зерттеушілермен пікір таласқа түскенде автор қандай негіздерге сүйенеді; автордың қандай идеялары тиімді айғақтармен негізделген, ал қайсылары дәлелді дәйексіз;

Автордың қандай идеялары, қортындылары, ұсыныстары дау тұғызады және неліктен дау туғызады; проблеманың қандай негізгі сұрақтары жұмыста көрініс таппаған; бұл проблемаға қатысты қандай міндеттерді көтеруге болады.

Әдебиетті осылай алдын ала талдау ғалымның өз зерттеуінің міндеттерін жобалауға, мүмкіндік береді.

Зертеудің міндеттері мынандай элементтерді өз құрамына кіргізеді:

  • жалпы проблеманың құрамына кіретін белгілі бір теориялық мәселелерді шешу;
  • осы проблеманың практикалық шешімдерін тәжірбие жүзінде оқып үйрену, оның түрлі жағдайын анықтау, түрлі кемшіліктері мен қиындықтарын, олардың себептерін озық тәжірбиелерінің түрлі сипатттарын, тағы басқа қасиеттерін белгілеу;
  • Алға қойылған дидактикалық міндеттерді шешу үшін қажетті шаралар жүйесін негіздеу;
  • Ұсынылған шаралар жүйесінің негізінде тәжірбиелік тексерулер жүргізу және олардың тиімділік талаптарына сай келуін анықтау;
  • Зрттеудің нәтижелерін практикалық жұмыста пайдаланау үшін әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері салыстырмалы түсініктер.

Бір зерттеудің міндеттері келесі зерттеуде барынша нақты міндеттерге бөлініп зерттеудің мақсаты ролінде көрініс беруі мүмкін, әрбір зерттеуге қойылатын басты талапқа зерттеу тақырыбының, объектісінің, зерттеу затының, проблемасының мақсаты мен міндеттері, оның құрылымыныа логикалық тұрғыдан сай келуі деп есептейміз.

Айтылып отырған міндеттердіңжиынтығы зерттеудің мақсатын тұтастай көрсетуге бағытталған. Жұмыстың мақсаты зерттеу проблемасына сақадай сай келуі қажет. Мұндай логиканың бұзылуы зерттеуде бейберекетсіздікке жол беріп, қойылған міндеттерді толық орындауға кедергі жасайды.

Зерттеудің мазмұнындағы жаңалықтарды мақсат логикасында ашып көрсетіп, зерттеудің міндеттерін шешкенде нақтылау қажет.

Болжамның (гипотеза) екі түрі болуы мүмкін: біріншісі суреттемелі болжам - онда зерттеудің себептерімен мүмкін болатын салдары суреттеледі. Екіншісі түсіндірмелі болжам - онда белгілі бір себептердің мүмкін болатын болжамдары түсіндіріледі, сондай-ақ бұл салдар міндетті түрде көрініс беретін шарттар сипатталады. Яғни, бұл салдарда қандай факторлар мен шарттар болатыны түсіндіріледі.

Суреттмелі болжам болуы мүмкін жаңалық туралы ештеңе айтпайды. Ал түсіндірмелі болжамда себептердің болуға тиіс салдарлары көрініс табады.

Заңдылық себептерді салдарларымен шарттарды суреттейді. Сондықтан түсіндірмелі болжамдар зерттеушілерді құбылыстар, факторлармен шарттар арасында белгілі бір заңдылық байланыс барын көрсететін болжамдардың айтуына мүмкіндік болжамдардың айтылуына мүмкіндік туғызады. Нақытылап айтсақ педагогикалық зерттеулердегі болжамдар белгілі бір шарт бойынша құралдарын бірі екіншісі қарағанда бір шама тиімді екенінің айқындайды.

Болжамдар жасалып болғанан кейін зерттеудің әдістері таңдалып алынады. Зерттеудің әдісі ғылымның алдында тұрған міндеттерідің ерекшеліктеріне қарай таңдалады.

Педагогика ғылымы түрлі әдістеріне бай. Сондықтан ғалым өз мақсатына қол жеткізу үшін нақты әдістерді тиімді пайдаланса сол неғұрлым үлкен жұмыстар тыңдыра алады. Соған байланысты әсіресе жас зерттеушілер алдарына қойылған міндеттерінің ғылыми мақсатын орындауда логикалық заңдылыққа ден қойғаны дұрыс.

Жалпы және түрлі үлгілердің ішінен зерттеудің бірнеше негізгі кезеңдерін таңдап алып олардың әр қайсысына қолайлы ғылыми педагогикалық әдісті қолданған пайдалы болады. Зерттеу міндеттерін шешудегі алғашқы кезеңдердің бірі зерттеу затының негізгі түсініктерін жалпы сипаттау болып табылады. Яғни, бұл түсініктерді анықтау олардың негізгі компонентерін (қандай құрамнан) көрсету ұғым туралы түсінік беретін белгілерді негіздеу олардың дамуының мүмкін болатын деңгейін белгілеу және осы деңгейлерге жету жолдарын қалыптастыру.

Бұл кезеңде теориялық ізденіс тәсілдерін пайдалану оны проблеманың ерекшеліктеріне және өзінің мүмкіндіктеріне қарай таңдау. Сонай -ақ проблеманы зерттеу үшін нақты әдістемелік концепцияларды пайдалану табиғи қажеттілік болып табылады. Зерттеудің келесі кезеңде бұқаралық мектептерде түрлі міндеттерді практикалық шешудің қалыптасқан жағдайын талдау қажеттігі пайда болады. Осыған орай зерттеуші нақты педагогикалық процесті талдау әдісімен (бақылау, әңгімелесу т. б. ) қаруланады, одан кейінгі кезеңде болжамдарын нақтылау қажеттігі яғни, қойылған мақсатқа жету үшін қандай құралдар кешені тиімді болатының анықтау керек болады. Олар объектінің дамуына орай өзгеріске ұшырап зерттеудің түрлі деңгейінде әр алуан құралдар тиімді болады. Бұл жерде белгілі бір әдістердің таңдау кестесін пайдаланған пайдалы бұл кестені былайша көрсетуге болады.

Белгілі бір сапаны қалыптастыру деңгейлері, міндеттерді шешу деңгейлері және т. б.: Белгілі бір сапаны қалыптастыру деңгейлері, міндеттерді шешу деңгейлері және т. б.
Міндеттерді шешуге қажетті шарттар: Міндеттерді шешуге қажетті шарттар
Міндеттерді шешуге қоладанылатын құралдар: Міндеттерді шешуге қоладанылатын құралдар
Оқыту құралдарының тиімділігін оқып үйренуге қолданылатын әдістер: Оқыту құралдарының тиімділігін оқып үйренуге қолданылатын әдістер
Белгілі бір сапаны қалыптастыру деңгейлері, міндеттерді шешу деңгейлері және т. б.: Бірінші деңгей және оның белгілері
Міндеттерді шешуге қажетті шарттар:
Міндеттерді шешуге қоладанылатын құралдар:
Оқыту құралдарының тиімділігін оқып үйренуге қолданылатын әдістер:
Белгілі бір сапаны қалыптастыру деңгейлері, міндеттерді шешу деңгейлері және т. б.: Екінші деңгей және оның белгілері
Міндеттерді шешуге қажетті шарттар:
Міндеттерді шешуге қоладанылатын құралдар:
Оқыту құралдарының тиімділігін оқып үйренуге қолданылатын әдістер:

Зерттеудің келесі кезеңде болжамның шыдыққа сай келуін тексеру жүзеге асыралады. Сондықтан бұл жерде іс-әрекетке тәжірбие әдістерін қолданған тексеру тәжірбиелерін пайдаланған дұрыс. Бұл тиісті педагогикалық міндеттерді шешу үшін барынша қолайлы варианттарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Зерттеуші өз жұмысының қортындысында қандай әдістерді қолданатында ойластыруы керек. Зерттеу нәтижелерін тұжырымдап педагогикалық процестің белгілі бір қырларын жеттілдіруі жөніндегі ұсыныстарды жасағанда әдістерді анықтаудың маңызы зор. Көп жағдайда тәжірбие мәліметтерін теориялық тұжырымдау және процесті одан әрі жетілдіруді болжау әдістері араластыра қолданылады. Сөйтіп зерттеу әдістерін таңдай ғалымның іс-әрекетіндегі жай ғана жұмыс тәсілін емес шешілуге тиісті міндеттердің проблемалардың мазмұнын зерттеушінің мүмкіндіктерін анықтап, жинақтап барып таңдалатын ерекшелік болып табылады. Осыған орай педагогикаға ғылымында бар әдістерді пайдалана беру тиімді еместігін оның ішінен нақты зерттеу жұмысына қолайлы әдістерді пайдаланғанда ғана алға қойылған міндеті ойдағыдай тағы атап көрсетеміз. Зерттеу әдістерін таңдап алғаннан кейін зерттеудің заты мен проблемасын нақты таңу оқып -үйрену міндеті қойылады. Яғни, алға қойылған міндеттерді таңдап алған әдістер деңгейінде шешу қажет болады. Көбінесе бұл жұмыс проблеманы теориялық талдаудан басталады. Бұл ретте ең алдымен проблеманы әдістемелік негіздеу және логикалық тарихи талдау міндетін жүзеге асыру қажет.

4. Ғылым тілі.

Ғылыми-зерттеу жұмысына кіріскен кезде, біріншіден ғалымдардың карым-қатынастарында қолданылатын ғылыми тілді құрған жөн. Ғылым іілі ерекше және ғылыммен бірге пйда болып дамиды, сонымен қатар әрбір нақты ғылымның ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның объектісі болып объективті өмірдің әр түрлі жақтары мен құбылыстары табылады. Гылыми танымның тілі дегеніміз - калыптасқан тіл, ягни алғашқы белғілср (алфавит және формула, дәлелдер қүрудың логикалық-семантикалық ережелері) . Ғылыми тілдің ерекшелігін ескере отырып, келесідей екі жағдайды естен шығармаған жөн: біріншіден, ғылыми тілдің пайда болуының көзі мен шарты қарапайым тіл. Оның қолайлылығы мен әмбебантығы ғылымның үғымдық аппаратьгның дамуына мүмкіндік береді. Екіншіден, ғылыми тіл ғалымдар үшін үнемді әрі қолайлы, ол ең соңында қарапайым тілге аударылуы керек, өйткені ғылыми зерттеу нәтижслсрі ғылыми мәліметтерді пайдаланушылардың кең шеңберіне түсініксіз болып қалуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы
Ізденістің әдіснамалық негізі
Жоғары мектепте оқытудың сабақтан тыс формалары
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Педагогика ғылымының әдістері
Нақты тәжірибе кезеңі
Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы
Пікірталас түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz