Педагогикалық құбылыстарды зерттеу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық зерттеудегі математикалық және статистикалық әдістер.

Жоспары
1. Математикалық әдістер.
2. Статистикалық әдістер.

1. Математикалық әдістер.
Адамды қоршаған әлемнің екі жағы бар – сандық және сапалық. Сапас –
заттың қандай екендігін көрсететін қасиеттер жиынтығы. Ал саны (количество)
осы қасиеттің шамасын, мөлшерін анықтайды.
Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде сандық әдістерді қолданудағы
негізгі кедергі олардың табиғаты және сипатымен байланысты. Классикалық
матемаикалық аппарат педагогикалық күрделі құбылыстарды талдау үшін
ыңғайланбаған. Бұл кемшілікті екі жолмен жоюға болады:
1) дәстүрлі математикалық әдістермен талдау үшін құбылыстарды қарапайым
түрге келтіру;
2) формалды сипаттаудың жаңа әдістерін жасау және қолдану.
Педагогикада сандық әдістерді қолданудың екі бағытын ажырату қажет.
Біріншісі – бақылаудың, сауалнаманың және эксперименттің нәтижелерін өңдеу
үшін, екіншісі – оқыту-тәрбие процесін модельдеу, диагнстикалау, болжау,
компьютерленіру үшін.
Бірінші бағыт әдістері қазіргі кезде кең қолданылады. Оған регистрация
(тіркеу), ранжирлеу, шкалалау әдістері жатады.
Регистрация әдісінің мәні зерттеушіге қажетті белгілі бір қасиеттері
бойынша ажыратылатын объектілерге нақты сандарды беру болып табылады.
Мысалы, қандай да бір қасиет бөлініп алынады да, бақылауда немесе
эксперимент барысында осындай қасиеті бар объект немесе құбылыс кездескен
әрбір жағдайда ол белгіленіп отырады. Сондай әр объектіге немесе құбылысқа
1 беріледі, ал осындай қасиеті жоқ объект немесе құбылыс 0 деп
белгіленеді.
Заттар мен құбылыстар регистрациялау (тіркеу) үшін аталған белгісі бар
заттармен құбылыстарды ондай белгісі жоқтардан ажырата білу жеткілікті.
Мұндай регистрация зерттеліп отырған құбылыстарды сипаттаушы шамаларды
анықтау мөлшерін береді.
Мысалы, сыныптағы үлгермеуші әр оқушыны регистрациялай (тіркей) отырып
сыныптағы үлгермейтін оқушылар санын алады, сабақтан себепсіз қалған
оқушыларды регистрациялау (тіркеу) арқылы белгілі уақыт аралығындағы
сабақтан себепсіз қалу саны анықталады.
Аталған мысалдардан регистрация әдісі арқылы оқу үлгерімі, сабаққа
қатысу сияқты белгілерді сандық бағалауға мүмкін екендігін көреміз.
Сонымен, регистрация әдісі сандық эталондар туралы білімдерді талап
етпейді. Оның негізінде физикалық емес, логикалық өлшеу жатыр, яғни аталған
объектінің нақты қасиеті бар белгілі бір топқа жататындығын анықтау. Бұл
өте маңызды ерекшелік. Ол зерттеліп отырған құбылыстың қасиеттерінің өзін
сандық анықтау мүмкін болмаған жағдайда да өлшеуге мүмкіндік береді.
Мұндай жағдаймен зерттеуші жиі кездеседі. Мысалы, материалдық емес
педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде. Сондықтан регистрация
бүгініг күні педагогтардың жиі қолданатын сандық зерттеу әдісі болып
табылады. Оны сонымен қатар педагогикада бүгінгі күнге дейін білімдердің,
іскерліктердің, адамгершілік қасиеттердің қалыптасу сандық өлшеу мүмкін
еместігімен де түсіндіруге болады.
Регистрация әдісінің мәнінің өзінен оны қолдану шекарасы туындайды.
Регистрация әдісін қолданудың қажетті және жеткілікті шарты – кез келген
жағдайда зерттеуші сол белгісі бар объектіні ондай белгісі жоқ объектіден
бірден бөліп алуға мүмкіндік беретін дәл критерийдің болуы. Критерий
тіркелетін белгіні нақты және бірмәнді сипаттауы керек. Мысалы, қандай
оқушыларды үлгеретін оқушылар, оларды үлгермейтін оқушылардан қалай
ажырату керек екендігін нақты анықтап алмай олардың санын есептеуге
болмайды.
Педагогикалық зерттеулерде педагогикалық құбылыстарды рангілеу әдісі
маңызды орын алады. Рангілік бағалау белгінің (признак) шамасын (величина)
өлшеу мүмкін болмаған жағдайда және бұл шаманың өзі қандай екенін жағдайда
қолданылады.
Рангтік бағалау әдісінің мәні объектілерді немесе құбылыстарды
қарастырылып отырған белгінің шамасының өсуі немесе кемуі бойынша ретпен
орналастыруда. Сосын әр объектіге немесе құбылысқа сол қатардағы орнын
білдіретін рет саны беріледі. Ол сан ранг деп аталады.
Зерттеліп отырған белгісінің шамасы (величина признака) көп объектіге
ондай белгісінің шамасы аз объектіден үлкен сан беріледі. Ал көрші
рангтерінің мәндерінің ара қашықтығы еркін болуы мүмкін (оны зерттеушінің
өзі анықтайды).
Рангтік бағалау үлгісі ретінде оқушылардың жұмыстарын және жауаптарын
бес балдық шкала бойынша бағалауды айтуға болады.
Педагогикалық құбылысты рангтік бағалау әдісіне мысал:
Оқушылар тобы бақылау жұмысын орындады. әр оқушы 10 сұраққа жауап беруі
керек. Оқушылардың жауаптарын бес балдық шкала бойынша бағалау төмендегідей
жүргізілді:

дұрыс жауаптар саны: 1 2 3 4 5 6 7 8
9 10

баға: 2
3 4 5
 
Өсу ретінде жазылған кез–келген сандар реті жарамды, себебі санаудың
нольдік нүктесі мен терттік өлшеудегі көрші екі сандардың арасындағы
интервал белгісіз.
Бұл сандар осы бақылау жұмысы, бөлімы, курсы және т.с.с. бойынша
оқушылардың білім көлемін емес, олардың білімдерінің рангтік бағасын
береді.
Рангтік баға оқушының басқа оқушылар арасындағы орнын көрсетеді (мысалы,
оқу үлгерімі белгісі бойынша). Бірақ, интервалдың өзінің шамасын
анықтамайды, өйткені ол еркін түрде алынады.
Жоғарыда келтірілген мысалдан 4 алған бала 2 алған баладан екі есе
көп біледі деген қорытынды жасауға болмайды. Ол тек бірінші баланың
білімінің көлемі екінші баланың білімі көлемінен көп екендігін ғана
білдіреді.
Рангтік сандар реттік болып келетіндіктен және интервалдық мәні
болмайтындықтан (интервалдар шартты, тұрақты емес) ол сандармен ешқандай
арифметикалық амалдар жасауға болмайды.
Рангтік бағалау әдісі кең қолданылатын негізгі область – оқыту
процесіндегі субъективтік, материалдық емес құбылыстарды және оқыту мен
тәрбие барысында қалыптасатын әртүрлі психикалық қасиеттер мен процестер.
Рангтік өлшеудің қажетті және жеткілікті шарттары:
1) зерттеліп отырған объектіде немесе құбылыста қажетті белгінің бар
немесе жоқ екендігін анықтау үшін нақты критериидің болуы;
2) зерттеліп отырған объектіде немесе құбылыста сол белгінің сандық
шамасын анықтау үшін критериидің болуы.
Соңғы критерии зерттеушіге зерттеліп отырған белгінің шамасын жуықтап
бағалауға (мысалы үлкен-кіші формуласы бойынша), яғни аталған белгі осы
объектілерде бірдей немесе бірдей емес дамығандығын анықтауға мүмкіндік
беруі тиіс.

2. Статистикалық әдістер.
Статистиканың негізгі үш бөлімін көрсетуге болады:
1) сипаттау статистикасы;
2) индуктивтік статистика;
3) корреляция.
Сипаттау статиситикасы деректерді кестелер, графиктер түрінде сипаттауға
мүмкіндік береді.
Индуктивтік статистиканың міндеті - осы таңдаудағы алынған нәтижелерді
аталған таңдау алынған барлық популяцияға таратуға болатындығын немесе
болмайтындығын тексеру.
Корреляцияны өлшеу екі айнымалының бір-бірімен қаншалықты байланысты
екендігін білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы бір айнымалының мәнін
білсек, екінші айнымалының мүмкін болатын мәнін болжауға болады.
Корреляция дәрежесін қорытуға немесе еспетеуге мүмкіндік беретін
статистикалық әдістердің екі түрі бар: параметрлік және параметрлік емес
әдістер.
Қазіргі кезде кең қолданылатын параметрлік әдістерде орта мән немесе
деректер дисперсиясы (дисперсия данных) сияқты параметрлер қолданылады.
Параметрлік емес әдістер зерттеуші өте аз таңдаулармен немесе сапалық
деректермен жұмыс істегенде қолданылады. Бұл әдістер есептеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми педагогикалық зерттеулер
Педагогикадағы əдіснамалық білім деңгейлері жəне өзіндік ерекшеліктері, оларды жете ұғыну
Педагогикалық зерттеуде теориялық әдістерге сипаттама
Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістері
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
Педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдістер жүйесі(жалпы сипаттама)
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері
Статистикалық әдіс
Педагогика ғылымы
Пәндер