Геоботаникада қолданылатын әдістер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: биология және биотехнология

Кафедра: биоалуантүрлілік және биоресурс

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Геоботаникалық әдістер»

Орындаған: Қуан Лаззат

Қабылдаған: Әметов Әбибулла Әметұлы

Алматы 2017ж

Геоботаникалық әдістер - геоботаникада қолданылатын әдістер. Дистанциалық, далалық маршрутты және эксперименталды, сонымен қатар камералық зертханалық, дистанциялық өсімдікті оптикалық және басқа да құралдардың көмегімен оқу жатады, мысалға фотосуретке түсіру, аэротаксация, спутниктен бақылау және фотоға түсіру және т. б. Геоботаникалық нысандарды дистанциалық әдістермен құралдардың көмегімен қашықтықта ұзақ уақыт бойы бақылауға болады. Далалық маршруттылар арасында неғұрлым танымалдары сынамалы алаңды геоботаникалық суреттеу. Маршрутты және экспериментальды далалық зерттеулер нәтижелерін түрлі математикалық әдістерді қолдана отыра дайындайды.

Ценотикалық ортаны зеттеу әдістері. Фитоценоздың су жағдайларын зерттеу. Фитоценоздың ауа ағынын зерттеу.

Автотрофты организмдер қарапайым неорганикалық заттардан күн сәулесі қуатының қатысымен органикалық затты синтездейді. гетеротрофты организмдер автотрофтар өндірген дайын органикалық затпен қоректенеді. Олар органикалық затты қолдану тәсіліне қарай биотрофтар және сапротрофтар деп бөлінеді. Биотрофтар тірі организмдердегі органикалық затты қолданады, ал сапротрофтар өлі ұлпалармен қоректенетіндер. Автотрофтыларды екіге ажыратады: Фотоавтотрофтылар және хемоавтотрофтылар. Фотоавтотрофтылар өзінің қоректенуін органикалық заттарды күн сәулесіә қатысымен синтездеп жүзеге асырады, яғни фотосинтез нәтижесінде. Өсімдікте бұл үшін бірқатар активті пигменттер бар. Барлық автотрофты организмдерді тіршілік әрекетінің өнімдеріне қарай продуценттер деп атайды.

Фитоценоздарды универсалды бағдарламамен зерттейді. Ең алдымен олардың структурасын зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына (жер беті бөлігі мен тамыр системаларының), осы фитоценоздың түзілуіне жекелеген түрлердің ұатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да параметрлеріне көңіл бөледі.

Фитоценологтардың басты мақсаты шалғындарды, ормандарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және өсімдіктер жабынының басқа типтерін (оның ішінде мысалы, ауыл-шаруашылық дакылдары мен ағаштардың көшеттерімен ауыстырылғандары да бар) тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болыптабылады. Фитоценологтар агрономдармен, топырақтанушылармен, экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада қалайда жолға қоюдың жоспарын жасау үстінде. Олар шөлді және шөлейт аймақтарда, қорықтарда жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге олар ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді дұрыс жоспарлауға (пландауға) және үлкенді-кішілі қалаларды, елді мекендерді, үлкен кен орындарын игеруге байланысты бүлінген жерлерді (терриковдарды, золоотвалдарды, хвосто-хранилищелерді) көгалдандырудың жоспарларын жасауға қатысады.

Зерттеудің фенологиялық әдістері

Даладағы фенологиялық фазаларды белгілеу үшін Алёхиннің белгі жүйесі пайдаланылды:

- өсімдік тек вегетацияланған;

Ù - өсімдік сабақтарын және көрінетін бутондар шығаруы;

) - өсімдік гүлдеу алды фазасында;

o - өсімдік толық гүлдеу фазасында;

• - өсімдік негізгі аспектіні береді;

( - өсімдік гүлдеп болу фазасында;

+ - өсімдік гүлдеп болды, бірақ тұқымдары әлі піспеді;

# - тұқымдары немесе жемістері піскен және шашырауда;

~ - гүлдеп жіне гүлдер шарығаннан кейін вегетация кезеңі.

Фенологиялық спектрді дайындау кезінде Шалыт әдісі қолданылды [1946], фенофаздық сегменттер солдан оңға қарай көктемгі оянудан бастап күзгі сусынға дейін орналасқан.

Бақылау аудандарының әдісі біріншілік индикацияда егер индикатор ретінде тұтастай таралған табиғи объектілер пайдаланғанда қолданылады. Мысалы, топырақ немесе тау жыныстары. Бұл жағдайда кез - келген өсімдік қауымдастығы бұл объектілермен байланыста болады. Мысалы, топырақпен байланыссыз өсімдік бірлестігін қарастыра алмаймыз. Д. Д. Вышевкиннің анықтауынша, (1977) бақылау аудандары болып бірізді, үнемі берілген аудандарда бірнеше өсімдік қауымдастығының рельеф жағдайына, топыраққа және басқа да физико-географиялық комплекстерге байланысты қайталанып отыратын аудандар табылады.

Бақылау аудандарын таңдаудың жақсы әдісі болып оларды аэрофототүсірілімдер арқылы анықтау табылады. Ол үшін алдын ала далаға шықпас бұрын қосымша камералық белгілеу жүргізіледі. Осылайша зерттеуші индикаторларды анықтап, шекараларды тушьпен сызып берілген территорияны қарастырады. Нәтижесінде болашақ жұмыстың территориясында аэрофототүсірілімнің неше типі бар екені анықталады. Әрбір аэрофототүсірілім белгілі бір қауымдастықты немесе қауымдастық кешенін көрсетеді.

Бақылау аудандарын таңдау үшін барлық түрлері 3-5 рет қайталанатындай болуы қажет. Былайша, бір ауданды таңдау мүмкін емес, сондықтан бірнеше ауданды таңдайды. Сараман бір картаның бетінің масштабы 1:100 000 болатынын, нәтижесінде жұмыстың ауданының 20% құрайтын кем дегенде 5 ауданды таңдау керектігін көрсетті. Бұл аудандар өзінің тұтастығында жұмыстың территориясының кішірейтілген көшірмесі болады. Бақылау аудандарын қарап таңдау олардың жүйелігін қамтамасыз етеді.

Егер аэрофототүсірілімдер болмаса, бақылау аудадарын таңдау үшін ірі немесе орташа масштабты территория типтері (ормандар, бұталар, шалғындық, батпақ т. б) көрсетілген топографиялық карталар қолданылады. Алайда топографиялық карталарды пайдалану анық болмайды. Тек оны алу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоботаникалық әдістер
Геоботаникалық әдістер жиынтығы
Геоботаникалық әдістер туралы
Геоботаника
Геоботаникалық зерттеулер
Геоботаника жайлы
«Фитоценоз, фитоценоздың түрлік қрамы»
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Экология және тұрақты даму пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz