Геоботаник. Геоботаниканың зерттеу объектісі - фитоценоз


Геоботаника, фитоценология (гр. ge - жер және ботаника) - жердің өсімдік жамылғысы, оның құрылымы, өсімдіктер бірлестігінің (фитоценоздардың) таралу заңдылығын, құрылысын, дамуын, олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым; ботаниканың бір тарауы; жер бетінде өсімдіктердің және өсімдіктер кауымдастығының таралуын және таралу зандарын зерттейтін биогеографиянын бір саласы.
Геоботаника терминін 1886 жылы орыс ботанигі Ф. И. Рупрехт пен неміс ғалымы А. Гризебах ұсынған.
Геоботаниканың қалыптасқан бірнеше ғылыми мектептері бар: француз-швейцарлық (Браун - Бланке), скандинавиялық (Е. Дюрие), ағылшын-американдық (Ф. Е. Клементс, И. Г. Генслей), ресейлік (В. Н. Сукачев, В. В. Алехин) .
Геоботаниканың нысанына фитоценоз бен оны түзетін өсімдік жамылғысы жатады. Жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында калыптасты. Геоботаника физикалық географиямен, гидрологиямен, геоморфологиямен, климатологиямен, топырақтанумен және тағы да басқалары ғылымдармен тығыз байланысты.
"Геоботаника" терминін алғаш рет неміс ғалымы А. Гризебах ұсынды (1866) .
Қазақстанда қалыптасуы[өңдеу]
Қазақстанда жүйелі түрде геоботаникалық зерттеулер 1932 жылы бұрынғы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасының ботаникалық секторы ұйымдастырылған соң, кейін 1946 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ботаникалық институты (қазіргі Ботаникалық және фитоинтродукция институты) құрылғаннан кейін кең көлемде жүргізіле бастады.
Қазір республикада геоботаника саласында:
өсімдіктер бірлестіктерінің құрылысы мен бөлінуінің заңдылығын зерттейтін - морфологиялық;
олардың қоршаған орта мен байланысын анықтайтын - экологиялық;
жер бетіндегі өсімдіктер түріне қарап, жер асты суын, топырақтың тұздылығын, жер бетіне жақын кен байлықтарын анықтайтын - көрсеткіштік (индикациялық) ;
жер бетіне таралу заңдылығын ашатын - географиялық және жалпы салалық бағыттар белгілі.
1951 - 52 жылдары Каспий маңы геоботаникалық экспедициясы Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы шөл және шөлейт жерлердегі жайылым өсімдіктерін зерттеп, картаға түсірді (Б. А. Быков) .
1963 - 65 жылдары Павлодар облысының аумағы картаға түсірілді (С. А. Арыстанғалиев, И. О. Байтулин, Ө. Қ. Қисықов) .
Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде өсімдік топтарының құрамы мен құрылысы, аймақтық ерекшеліктері, олардың жайылым мен шабындықтардағы маусымдық динамикасы, биол. өнімділігі, жайылым-шабындықтардағы жемшөптік, өсімдік түрлерінің антропогендік ауысулары анықталды (Н. В. Павлов, Е. А. Ақелеуов, Байтулин) . Қазақстанда геоботаникалық зерттеулер мен Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институты, республикадағы жоғары оқу орындарының тиісті кафедралары шұғылданады.
Геоботаникалық карталар
Әр түрлі дәрежедегі (ассоциациядағы, формациядағы, тағы да басқалары) өсімдік бірлестігінің кеңістіктегі орналасуын, олардың кеңістіктегі қиюласуларын (кешендерін, қатарларын) және ортамен байланыстарын көрсететін карталар.
Геоботаниканың ғылымдар кешеніне кіреді:
Өсімдіктердің экологиялық физиологиясы Популяциялық биология Өсімдіктер экологиясы(демоэкология) Флористика
Флорогенетика(флора тарихы) Қауымдастықтар экологиясы(синэкология) Ботаникалық география Хорология(ареал таксоны туралы ғылым)
ГЕОБОТАНИКА ІРІ ТӨРТ БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ: 1. қоныстанған организмдер құрамын, фитоценозда организмдердің таралуын фитоценоздың өнімділігін зерттейді. 2. Синбиология- организмдердің өзара күресін, өзара бірлесіп тіршілік етуін, фитоценоздың қайта жандануын, ауысуын, сонымен қатар фитоценоздың қайта ауысуы кезінде осы заңдылықтардың жүруін зерттейді. 3. Синэкологиялық- фитоценозға қоршаған ортаның әсерін, фитоортаның ценобионттардың түзілуіне әсерін, ценоздың климаттық және маусымдық өзгерістерін, фитоортаның және сыртқы ортаның өзгеру жолы мен фитоценоздың қайта жандануын зерттейді. 4. Ценогеография- фитоценоздың кеңістікте таралуын және олардың таралу кезіндегі өзгеруін зерттейді.
Геоботаника пәнінің мақсаты- өсімдіктерді топтастырудағы заңдылықтарды топтастырылған өсімдіктердің сапасы мен құрылысын, қолдану жолдары(өнімділігін жоғарылату және жақсарту, жаңасын қалыптастыру) мен тиімді пайдалану жолдарын зерттеу. Геоботаниканың негізгі зерттеу объектілері- фитоценоздар және олардан құрылған өсімдік топтары. Геоботаника (фитоценология) құрлымына төмендегідей міндеттер кіреді:
Табиғи және адам қолымен жасалған фитоценоз типтерін зерттеу ( өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамын анықтау) ; Фитоценоздың құрылысын және флористикалық құрамын анықтау; Өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамының, фитоценоздың флористикалық құрамы және олардың құрылысының, топографиялық және климаттық жағдайға байланысты таралуын және кеңістіктік байланыстылығын, ортаның биотикалық факторы және адамзат қызметімен байланыстылығын (таралу заңдылығы, фитоценоз топографиясы және географиясы, геобиотикалық аймақтарға бөлу, өсімдіктерді картаға түсіру) анықтау;
Ішкі және сыртқы факторларға байланысты ( генезис және өсімдіктер эволюциясы, фитоценоз динамикасы, сукцессиялық қатар) фитоценоздың ауысуы және өзгеруін, қалыптасуын зерттеу; Әсер етуші жағдайларға байланысты фитоценоздағы өсімдіктердің өзара өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері(өсімдіктердің фитоценотикалық арақатынасына талдау) ; әсері, өзара
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz