Дәрілік өсімдіктерді интродукциялау әдістері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Интродукцияланған көк-сағыз бақбағы T. kok-saghyz өсімдігінің онтогенезіне сипаттама жасаңыз
Бақбақ (лат. Taraxacum) - астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз бақбағы (T. kok-saghyz). Көксағыз бақбағы (лат. Taraxacum kok-saghyz) - астралылар тұқымдасы, бақбақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстандағы каучук өсімдігі. Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 -- 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір -- мамыр айларында гүлдейді, мамыр -- маусымда жеміс береді. Жемісі -- дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.
Емдік қасиеті
Көксағыз бақбағы (T. kok-saghyz) - көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадіртұтып, сүйіспенші- лікпен жер күні,денсаулық эликсирі деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Гре- цияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар писанли ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латын- ша taraxic -- көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. tarassein -- тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөніс- тердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант -- инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат -- глико- зид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, аш- қылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.

Отандық ғалымдардың дәрілік өсімдіктерді интродукциялау әдістерін талдау жасаңыз
Интродукция латынша - introducto деген сөз, орысша введение - жерсіндіру деген мағынаны береді. Жерсіндірудің негізгі мақсаты белгілі бір жерге лайықтап жабайы өсімдікті мәдени түрге қалыптап, шаруашылыққа пайдалану.
Қысқаша айтқанда, жерсіндіру кезінде қоршаған ортаның климат және басқа да ерекшеліктері өсімдіктің тұқым қуалау қасиетіне әсер етіп, оны сол ортада жақсы өсуге бейімдейді.
Жерсіну жұмыстарының жетістігі көбінесе тұқымнан өсімдік алу мүмкіндігімен анықталады. Интродукциялық жұмыста ең маңыздысы тұқымдық дәннің өзін анықтау болып табылады, ол осы тұқымдық өсімдіктің қандай түріне, туысына, әртүрлілігіне, типіне немесе сортына жататындығын көрсетеді.
Интродуценттермен жұмыс істегенде көбінесе ГОСТ - та көрсетілмеген өсімдіктің тұқымдары зерттеледі, сондықтан сол түрдің систематикасына жақын келетін тұқымдарға арналған әдістемені қолданады.
Интродуцент тұқымдарының сапасы жемістері пісіп жетілгеннен кейін немесе тұқым мен қалыптастыру мүшелерінің процесі кезіндегі зерттеу міндеттеріне байланысты анықталады. Тұқымның егінге жарамдылық сапасын келесідей анықтайды: салмағы 1000 штук, өсудің өңгіштігі және қуаттылығы, өміршеңдігі, ылғалдылығы және аурумен немесе зиянкестермен зақымдалған тұқымдар. Осы әдістемелермен қатар тұқым сапасының анализі әртүрлі бояғыш заттармен бояу жолымен, сонымен қатар, бірнеше физикалық әдістермен жүргізіледі.
Салмағы 1000 тұқым-грамм түрінде көрсетілген тұқымның ылғалдылығы мен ірілігінің көрсеткіші болып табылады. Шектелген тұқымның санындағы интродукциялық жұмыстың құрылымын ескере отырып, салмағы 1000 штук тұқым, олардың жалпы санының пропорционалдылығымен есептелінеді. Ол үшін: 1) әрқайсысында 500 тұқымнан екі проба және олардың салмағының қосындысы өлшенеді, есептелінеді; 2) әрқайсысында 250 тұқымнан екі проба өлшеніп, есептелінеді және проба салмағының қосындысы 2-ге көбейтіледі; 3) 250 тұқымнан тұратын бір проба өлшеніп, есептелінеді және оның салмағы 4-ке көбейтіледі; 4) әрқайсысында 100 тұқымнан екі проба өлшеніп есептелінеді және олардың салмағы 5-ке көбейтіледі.
Өнгіштігі деп - өсіруге қолайлы ортада белгілі уақыт ішінде (әрбір дақылға қарасты) тұқымның жақсы өскін бере алатын қабілеттілігі. Өнгіштіктің проценттік көрсеткішін өсіп жетілген тұқымдардың жалпы санына қарасты анықтайды. Өнгіштіктің қуаттылығы деп - әр дақылға тән белгі бір уақыт аралығында тұқымдардың бір уақытта өсіп жетілуі.
Өнгіштікке анализ жасау үшін 100 штуктан (немесе 25-50 қайта есептеумен) 3-4 проба таза тұқым алынады. Әр пробаны Петри табақшасына орналастырады. Тұқымды 0,5-1,5см аралықта біркелкі араластырады. Құмда өсіргенде оларды қалыңдығына тең тереңдікте орналастырады. Әр пробаға оның номерін, күнін, түрін жай қарындашпен этикеткаға жазып қояды. Төсек ретінде сүзгіш қағазды (аз дегенде 2 қатар) марлі немесе қыздырылған құмды қолданады. Төсекті ылғалдандыру үшін сүзгіш қағазды және марліні суға салады да, артық суын жылжытып шығарады, құмды 60%-ке дейін ылғалдандырады (дәнді бұршақ дақылдар үшін 80%-ке дейін). Тұқымдардың өсіп жетілуі тұрақты және өзгермелі температурада да жүргізіле береді. Сондықтан да міндетті түрде термостатта немесе тоңазытқышта қажетті температураны күнделікті ұстап тұру қажет; кеуіп кетуге немесе тым ылғалдануға (бір термостатқа су құйылған ыдысты қойып, оны 3 күн сайын ауыстырып отыру керек) жол бермеу; термостаттарды желдетіп тұру, күнделікті Петри табақшаларының қақпақтарын бірнеше секундқа ашып отыру; декадада бір рет термостатты сумен шаю және дезинфекциялау; Петри табақшасына тұқымды салмас бұрын, оны спиртпен немесе 1800С-тан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді интродукциялау
Дала жағдайында өскен стевия линияларының биологиялық ерекшеліктері
Гүлді көбейту тәсілі
Жеміс өсімдіктерінің генофондын және интродукциясын сақтау
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
ҚР ғылыми мекемелеріндегі тағамдық өндіріс
Өсімдіктер биохимиясы
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Пәндер