Қызылжидек сараптамасы


Кәдімгі қызылжидек (Vaccіnium vіtis-idaеa) өсімдігін интродукциялау әдістерін көрсетіңіз, сараптамажасаңыз
Тұқымдасы: Ericaceae
Туыс: Vaccinium
Түрі: V. vitis-idaea
Қызылжидек немесе Итбүлдірген (лат. Vaccinium vitis-idaea) - тұқымдасы Vaccinасае (Вересковые) Вакциниум (Vaccinium) бөлімшесіне жататын биіктігі 15-20см көпжылдық өсімдік, жартылайбұта. Латынша аты "vitis-idaea" қазақшаға аударғанда "Ид тауындағы жүзім" деген мағынаны білдіеді (Крит аралы) .
Итбүлдірген - қаражидек туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Көкшетауда, Алтайда аралас орманда, қылқан жапырақты ағаштардың арасында өседі. Биіктігі 2, 5 - 25 см. Сопақша келген, етженді мәңгі жасыл жапырақтарының ұзындығы 5 - 27 мм, ені 3 - 12 мм. Гүлі солғын қызғылт, шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, тамыз - қыркүйекте жеміс береді. Ашық түсті қызыл жемісі жеуге жарамды келеді. Итбүлдірген. жемісінің құрамында 8 - 12% қант және органикалық қышқылдар, глюкозидтер, вакцилин, т. б. заттар бар. Жемісі жақсы сақталады, тосап, маринад дайындалады, кондитер өнеркәсібінде пайдаланады. Жапырағында 5 - 7% арбутин, глюкозид, флавонол, илік заттар болады. Жапырақтарын суға қайнатып, ревматизмге қарсы және несеп айдауға қолданады. Гүлінен ара бал жинайды.
Биологиялық сипаттама
Тамырсабағы жіп тәрізді, тамырсабағымен тамырларынан жоғарға қарай 15-20см сабағы көтеріледі.
Жапырақтары кезек оналасқан, қысқа сабақты, жұмыртқа пішінді, тегіс, жылтыр, ұзындығы 2-3 см, ені 1, 5 см.
Гүлдері майда, қос жынысты, ақшылқызыл түсті, 10-20 данадаң өсімдіктің жоғарғы жағында гүлшоғырына жиналған. Көктемнің соңында - жаз басында гүлдейді.
Жемісі майда, етжең, түсі қызыл, қар астында көктемге дейін сақталады.
Химиялық құрамы
Қызылжидектін жапырағы медицинада дәрі етінде пайдаланады. Қызылжидек құғақ жапырағының құрамында арбутин, фенолгликозидтер, урсол қышқылы бар.
Пайдалануы
Бүйрек аурулары, ревматизм, подагра, туберкулез ауруларын қарсы қосымша емі ретінде қолданылады.
Жемісінін шырынын гипертонияда, невроз, және жүкті әйелдердің аемиясына қарсы ем болып табылады.
Дәрілік өсімдік Биік андыз - Inula helenium өсімдіктерін интродукциялау жолдарына сипаттама беріңіз
Тұқымдасы: Asteraceae
Туыс: Inula
Түрі: I. helenium
Андыз (лат. Inula) - астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары - биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I. grandis) . Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2. 5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат - эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.
Биік андыз (лат. Inula helenium) - астралылар тұқымдасына жататын, биіктігі 1, 5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік, андыздың бір түрі.
Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.
Таралуы
ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары - Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.
Дайындалуы
Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С - тан артпайтын температурада кептіреді.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері
Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0, 5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0, 5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.
Химиялық құрамы
Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар.
Қолданылуы
Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz