Гүлді көбейту тәсілі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
34. Қазақстандағы өсімдіктер интродукциясының қазіргі кездегі жетістіктеріне талдау жасаңыз.
Интродуция дегеніміз - бұрын өспеген жерге, оларға тікелей әсер ете отыра басқа жерде өскен өсімдіктерді басқа жерге ауыстыру. 1868 жылы ақсүйектердің ұсынысы бойынша Воронеж, Харьков, Пенза және Николавск ботаникалық бағынан алма, жүзім, жұпаргүл, емен тұқымы, шетен, талшын, беже, япон қарағаны алып келініп отырғызылды. Бұл кезде жаппай интродукция болды. 1868 жылы бас қолбасшы Колпаковский және орманшы Баум Вернен тоғайын отырғызып, 1874 жылға ауданы 152 ондык болды. 1871 жылы қарағай, балқарағай тұқымы алынды, ал 1874 жылы ақ және сары қараған, долана, шаған отырғызылды. Осы уақытты Қазақстанның өсімдік әлемі бойынша ірі зерттеу жұмыстары жасалып олар жарыққа шықты. А.И. Шренктің Балқаш, Алакөл, Жоңғарияның солтүстігіне саяхатынан бай коллекция жинаған. Карелин Балқаш, Тарбагатай, Жоңғар Алатауында өсімдік жинаса, Семенов-Тянь-Шанский Іле алатауы, Күнгей Алатауынан, Тянь-Шань жотасынан 1200 өсімдік түрін жинаған. Жерсіндіру бойынша ең алғашқы комитет 1857 жылдың 30 қаңтарында ашылған, оның басшылары Рулье және Богданов болған. Ал 1980 жылы " Акклиматизация" журналы шыға бастаған. Жерсіндіру бөлімін әйгілі ботаник Анненков Н.И. басқарған. Сангүл және Нарын өзендерінің маңындағы ағаш-бұта түрлерінің таралуы жайлы мәліметті О.Р. Остен-Сакен жасаған екен. 1877 жылы Верныйда бақ шаруашылығы мектебі ашылды, оның басшысы Растегаев Ресейдің оңтүстігінен әкелінген барлық жемісті ағаштардың өліп қалғандағы туралы айтқан. Сондықтанда Баум Воронеж, Саратов, Қазан, курск Орлов губернияларынан әкелінген әр түрлі ағаш бұта түрлерін отырғызған екен. 1875-1876 жылдары Верныйға алма ағашының 80 сорты, үшкір жапырақты үйеңкі, американдық шаған, қара жаңғақ, бальзмды терек, австралиялық орманжаңғақ, батыстық туя, альпілік арша, Нордман майқарағайы, гималай самырсыны, тис ағаш түрлерінің тікпелері отырғызылды. Бірақ қайыңның тұқымын Баум Петропавл қаласында тапсырыс беріп, қарағаштың тұқымын Жаркенте тапсырыс берген екен. Сондықтанда Баум бастаған интродукцияны " жаппай " деп айта алмаймыз. Қаракөл тұқымбағында Мәскеу қаласынан әкелінген самырсын, сібірлік балқарағай, бальзамды майқарағай, кәдімгі қарағай, бөріқарақат, үйеңкі, қандағаш және қайыңның тұқымдарын сепкен. Бұл тұқымбақта интродуценттерді сынау жұмымтары жүргізілген, олардың сол аумақтың экологиялық жағдайына бейімделуін тексерген. Мұндай жұмыстарды эколого- географиялық эксперимент деп атауымызға болады, себебі ол кезде оған тең келетін сынақтар жүргізілмеген. Баум өсімдіктерді интродукциялау және жерсіндіру мәселелерін Гумбольдтің, Рулье, Богданов, Бекетов сияқты ғалымдардың еңбектерінен жақсы білсе де, барлық тәжірибелері жақсы бітпеген. Оның себебі ағаштардың сыналатын аймақтарының табиғатының әр алуандығы және ағаштарды таңдау, олардың сол аймақтың температурасына үйреніп кетуі өте қиың болған. Оны қазіргі тілге аударғанда, осы сынақтар ағаштардың биологиялық жағдайларын жаңа географиялық жағдайларда сынау болып табылады. 1885 жылы Верный уездінде жапырақты ағаштарлың 400 мың түрі отырғызылып, оның көбісі қарағаш, терек, тал болды. Тұқымбақтарда отырғызылатын ағаштардың басты ассортиментіне негізінен терек, тал, шаған, қайың, емен және ең көп өсірілетін қарағаш болған, олардан 100-150 пұт тұқым жинаған екен. Қарағай және тағы басқа ағаштардың интродукциясының жақсы өткендігінің дәлелі қаланы көгалдандыру және әр аймақтарда бақ, саябақтардың ашылуы. 1893 жылы Верный және Пішпек уездерінде 27 питомник жұмыс жасаған екен. Шөлді - далалы аймақтарда көбінесе қарағаш отырғызылған, себебі шөлге және аязға төзімді, әрі топыраққа талғампаз емес және питомниктере жеңіл өсірілетін ағаш ретінде. Іле, Лепсі және Балқаш көлінің маңындағы ағаш қорын Николаевский зерттеген. Жоңғар Алатауының солтүстік жоталарының қылқынды ағаштары туралы Закржевский жазған. Оңтүстік Алтайдың флорасы жайлы О. А. Федченко және Б. А. Федченко жазған. Жемісті ағаштардың интродуценті өзінің нәтижесін беріп, көп бөлігі Ресейдің орталық бөліктерінен әкелінді . Жоғарыда аталып кеткен еңбектерді барлығы ағаш және бұта түрлерінің интродукция және жерсінуіне өзінің оң әсерін тигізді, көгалдандарылатын аймақтардың ареалы кеңейді және бұрын отырғызылмаған ағаштардың көптеп отырғызылуы. Алматы ботаникалық бағына 1936 жылы Чабан П.С. Қиыр Шығыстан маньчжур жаңғағын, маньчжур жөкесін, амурлық бархыт, амурлық жүзім әкелінді. Олар өте жақсы жерсініп қазіргі кезге дейін гүлдеп, тұқым береді. Қазақстаның оңтүстік аймақтарында ағаштарды интродукциялауды Попов және Чабан деген ғалымдар жазған Алтайдағы ағаштарды интродукциялау туралы Троицкая О.В. жазған. Ол көгалдандыруға даурлық балқарағайды, тікенекті шыршаны, құлынды шыршасын, жасыл шаған, ол аязға төзімді, берлин және мәскеу терегі, маньчжур жаңғағы ол 50° С төмен аяздарды көтереді. Бүдірлі еменді суықтан, суық желден қорғау үшін, қасына жиде отырғызған. Пирамидальді терек, маньчжур жаңғағы, амур барқыты және тағы басқа ағаштардың биологиясын, экологиясын Мушегян зерттеген. 1951 жылы ол Солтүстік Америка және Қиыр Шығыстан әкелінген және Алматы ботаникалық бағының ауа райына сәйкес келетін 18 интродуцент ағаштар туралы толық мәлімет берген. Алматы ботаникалық бағының арборетумында 1947-1950 жылдары 1000 ағаш және бұта түрі сынақтан өткізіліп, оның 100 түрі бейімделген, оның 70 түрі өндіріске еңгізілген. Мушегян 1959 жылы өзінің кітабын шығарады, онда Алматы ботаникалық бағындағы 22 жыл бойы жүргізілген жерсіндіру нәтижесінде ағаштардың және бұталардың 730 түрін сипаттайды. Мушегян өзінің жинақтаған зерттеулерін 1962 және 1966 жылдары шыққан Деревья и кустарники Казахстана екі томында жазады. Өте бағалы болып саналатын ағаш түрлерін өте көп сынақтан өткізеді. Мысалға, фенология, аязға төзімділігі, жеміс беруі, әдемілігі. 1953 жылы ағаштардың өсу динамикасы, маусымды дамуы, тұқым беруі, аязға, шөлге, ыстыққа төзімділігі өлшенді. 17жыл бойы ашық тұқымдыларды зерттеу арқылы 28 ағаш түрі, 3 гибрид, декоративті формасы бар 14 ағаш түрі. Профессор Бессчетнов теректің біраз құнды, бағалы гибридтерін жасады, олар тек Қазақстанда емес оның сыртында да үлкен сұранысқа ие. Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің көбеюі және табиғатта таралуы
Вегетативтік көбею
Жанама тамыр
Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі туралы
Вегетативті жолмен көбейетін дақылдардың селекциялық жұмыстарының үдерісі
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары
Вегетативтік жолмен көбею
ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ
Бөлме өсімдіктерін іріктеп алу, өсіру және баптал күту
Жидекті дақылдар
Пәндер