Өрік тұқымдастар өнімі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

52. Кәдімгі өрік (Armeniaca ruderalis) -интродукциялау жолдарын талдаңыз

Өрік - жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 - 4 жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 - 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. Әр түбінен 15 - 20 (7 жылдық ағаш), 60 - 100 кг (15 - 20 жылдық ағаш) жеміс алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 - 70 г. Жемісінің құрамында 4 - 20% қант, алма және лимон, т. б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0, 4 - 1, 3% пектин заттары, ал тұқымында 29 - 58% май болады. Жемісінің өзін, кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Өрік ағашын егісті желден қорғайтын орман алқабында отырғызады және шабдалымен телу үшін өсіріледі. Өріктің мәдени сорттарын көбейту тәсілі - ұластыру. Негізгі отырғызу тәсілі тік бұрышты, қатар аралығы 6 - 8 м, қатар іші 5 - 6 м. Отырғызғаннан кейін жас ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру үшін шырпу (қысқарту, сирету) жұмыстарын жүргізіп, 3 - 4 жылда бір рет органик және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет.

Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бір түрі - кәдімгі өрік (A. vulgarіs) өсіріледі.

Кәдімгі өрік -Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Мұның бұрынғы КСРО-да 4 түрі бар: Сибирь өрігі, моңғол өрігі, қара өрік және кәдімгі өрік. Өріктердің кептірілген жемістері (өрік, құрағы, шапталы) және консервісі тамаққа жұмсалады. Өріктің негізгі сорттары: «Қызылбет», «Амброзия», «Луиза», «Шалах», «Хосровшам», «Хурмаи», «Бұхара», «Товарищ», «Ансу» және т. б.

Өсімдік туралы

Өрік - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын өсімдік. Жабайы түрі Қазақстанның Жоңғар Алатауында кездеседі, сондықтан өріктің Отаны - Қазақстан деп айтуымызға әбден болады. Шығыс, Орта Азия, Кавказ аймақтарында таралған. Еуропаға абрикос Армениядан келгендіктен, өріктің отаны деп саналған. Латынша «armeniacus» деп аталуы да осы себептен. Ал француздар өріктің атауын өз ыңғайына келтіріп «abricot» атын берсе, соңғы атауы немістердің «Abrikosse» сөзінен алынып, орысша «Абрикос» аталып кеткен. Өріктің 8-ге жуық түрі, 20 жуық сұрыпы бар. Қазіргі кезде өрік барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі. АҚШ-та, Австралияда да өседі. Өрікті экспортқа ең көп көлемде шығаратын Иран мен Түркия. Өрік ағашының биіктігі 5-12 м, кейде тіпті бұтатектес өсімдік. Сұрыпына қарай жапырағы жұмыртқа, жүрек, домалақтау пішінді, жиектері аратісті. Гүлі ақ, қызғылт түсті, жағымды хош иісі болады. Наурыз-сәуір айларында гүлдеп, шілде айында жеміс береді. Жемісі сарғыш-қызыл, жұмсағы тығыз, ортасында сүйегі бар. Дәмді, тәтті. Жылда жеміс береді. Өрік ағашы 100 жылға дейін өмір сүреді, 25-40 жыл жеміс береді. Өрікті тұқымнан және вегативтік тәсілмен қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызғаннан кейін 3-4 жылы жеміс бере бастайды. 5-ші жылы 3-5 кг, 7-ші жылы 15-20 кг, ал 15-20 жылы 60-100 кг-ға дейін жеміс береді. Кавказда, Орта Азияда бір ағаштан 300-400 кг жеміс беретін сұрыптары бар. Өрік - жылусүйгіш өсімдік. Өрік желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Құрғақшылыққа төзімсіз. Қырқу-кесу жұмыстарын күзде жүргізеді. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.

Қолданылуы

Өрік ағашының өнімі - пайдалы тәтті жемістердің бірі. Өрік қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1, Р, РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Кептірілген өріктің құрамында калий мен қант көп болады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. Кептірілген өрікті несеп айдағанға қолданады. Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады.

53. Ледебур бадамы (Amygdalus ledebouriana) интродукциялау жолдарын талдаңыз

Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) - қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі - көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды) .

Бадам, миндаль (Amyg-dalus) - раушангүл тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта.

Қазақстанда 5 түрі кездеседі, олардың ішінде шаруашылықтық маңызы бары (A. communіs) Оңтүстік Қазақстанда қолдан өсіріледі. Бадамның биіктігі 6-10 м, пішіні - пирамида тәрізді немесе дөңгелек болады.

Жабайы түрі бұта болып өседі, бұтақшалары тікенекті, тамырлары топыраққа терең бойлайды. Бадамның жемісі сүйекті, салм. 0, 6 - 5, 4 г, дәнінің үлесі 12 - 80 г. Жемісі тәтті немесе қышқылтым келеді. Жемісі тәтті сорттарының құрамында 40 - 80 г май, 20 - 25 грамм белок, 5 грамм қант және 3-ке жуық шырыш, ал жемісі ащы сорттарында 2, 5 грамм эфир майы (амигдолин) болады. Бадам - жылу, жарық сүйгіш өсімдік, ол сондай-ақ қуаңшылыққа, суыққа төзімді, ағаштар түріндегілері - 27 С° аязға дейін шыдайды. Жыл сайын өнім береді. Бадамды тұқымынан өсіруге, немесе өсімді (вегетативті) жолмен көбейтуге болады. Ағаштары 100 жылдай жасайды, 30-40 жыл жақсы жеміс береді. Екпе көшеттері отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жемісбереді, орта есеппен әр га-нан 10-25 ц өнім алынады.

Ледебур бадамы (Prunus tenella, Amygdalus ledebourіana) - бадам туысына жататын бұта.

Биіктігі 2 м-дей.

Гүлі ашық қызыл түсті, жапырақ жарған кезде гүлдейді.

Тұқымынан және вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс салады.

Жемісі тәтті не қышқылтым, дәнінде 72% май болады. Дәні тағам өнеркәсібінде, майы дәрі жасау үшін пайдаланылады.

Ледебур бадамы - жылу сүйгіш, қуаңшылық пен аязға да төзімді өсімдік.

Оны Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағында қолдан өсіріледі.

Таралуы

Ауа райы бір қалыпты жылы болатын және субтропиктік аймақта, Орта Азия мен Монголияда, Қытайдың орталық таулы аудандарында бадамның 40-қа жуық жабайы түрі өседі. КСРО-да мұның 16 түрі бар, оның екеуі жеміс үшін өсіріледі.

Бадам - жылу мен жарық сүйгіш әсемдік, қуаңшылық пен аязға да төземдінің өзі қыста 26-27°С суыққа тәзеді, ал шырын жүрген кезде гүл жаратын бүрі 19°С суықта тіршілігің тоқтатады. Сондай-ақ гүл жаруы аяқталар кездегі 2°С, ал жеміс салар кездегі 1°С суықтық бадамның одан әрі өсуіне зор зиян тигізеді. Далалық Бадам ерте гүлдейтін бұта, әсемдік үшін өсіріледі. Қарапайым бадамның биіктігі 6-10 м, жемісі тәтті не қышқылтым, дәнінде 72 % майы бар. Дәні тағам өнеркәсібінде, майы дәрі дайындау үшін пайдаланылады. Бадамды тұқымынан өсіруге не вегетативтік жолмен көбейтуге болады. Оны бақта қатар аралығын 6Х9, ңайтқыш шашылып, топырағы өнделеді, өсімдік зиянкестері мен кеселіне қарсы шаралар жүргізіледі. Бадамның көп тараған сорттары: Десертный, Ялтинский, Никитинский-62, Лангедок (Оңт. Франциядан әкелінді), Дрейк, Нонпарель (Калифорниядан әкелінді), Никитский урожайный, Чуянгинский - 51, Р. Консайский-565

54. Іле бөріқарақаты (Berberis iliensis) интродукциялау жолдарына сипаттама беріңіз

Бөріқарақат, зерек (Berberіs) - бөріқарақат тұқымдасына жататын көп жылдық тікенді бұта. Қазақстандағы 9 түрі Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Алтайда, Тарбағатай тауларында, Зайсанда, Қарқаралыда, тау беткейлері мен тасты шатқалдарда, тау өзендерінің жағалауында өседі. Оның ішінде Қарқаралы бөріқарақаты мен Іле бөріқарақаты Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ең жиі кездесетін түрі - кәдімгі Бөріқарақат (heteropoda) . Оның биіктігі 2 м-дей. Жапырақтары ірі, ұзындығы 7, 5 см, ені 4 см-дей, спираль тәрізді бұралып өседі. Гүлдері ұсақ, ашық сары түсті, әрі хош иісті, шашақты гүлшоғырына топталған. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, қыркүйек - қазанда жемісі піседі. Жемісі - көп тұқымды жидек. Бөріқарақат - бал-шырынды өсімдік, жемісі тағам және шарап өндірісінде қолданылады. Тамырынан сары бояу алынады. Оның жемісі, жапырақтары және қабығы емдік мақсатқа пайдаланылады.

Табиғатта 400-ден аса түрі кездеседі. Мәңгіжасыл түрлері: жасыл жапырақты, қызылқоңыр жапырақты және мол жемісті, ұсақ жапырақты болады. Ал, биіктігіне қарай бөріқарақат он шақты топқа бөлінеді. Олардың арасында биіктігі 30 см болатын және 3 метрден асатын үлкен бұталыларын да кездестіруге болады. Көгалдандыруда бөріқарақатты жапырағының және жемісінің әдемілігі үшін отырғызады. Жапырағы әдемі түрлерін гүлзар, рокарий және жасыл шарбақ ретінде өсіреді. Бұтағын кесіп шар, төртбұрыш, цилиндр пішінінде де өсіруге болады. Бірақ ботаника бағы үшін бөріқарақатты қырқып, пішіндеп өсірудің қажеті жоқ. Еркін өскен бөріқарақаттың бір бұтағының ұзындығы 3 метрге дейін жетеді. Қазақстан жерінде өсетін бөріқарақаттың жапырағы сопақ, ұсақ, қызыл және жасыл түсті болып келеді. Сабағы тікенді. Қазақстанның Алтынемел және Шарын қорықтарында Қызыл кітапқа енген Іле бөріқарақаты өседі. Мамыр, маусым айларында гүлдейді, жаздан күзге дейін жапырақтары әдемі қызыл түске еніп, қыс кезінде қып-қызыл жеміс береді. Жемісінен тосап, кондитерлік тағамдар дайындайды. Ал, жіңішке жапырақты бөріқарақат жұпар иісімен бағаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Шырынды жемістерден тұқымын алу
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
Мемлекеттік қорықтар
Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
Минералдардың алмасуы
Алматы қорығының физикалық – географиялық ерекшеліктері
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеуі
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz