Дәрілік өсімдіктерді интродукциялау әдістері жайлы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
45. Интродукцияланған Alisma plantago-aguatica және Plantago media L. көп жылдық шөптесін өсімдігінинтродукциялау әдісін талдаңыз
Алисмалар - Alismataceae Vent. - Частуховые
Солтүстік жарты шардың тропикалық және қалыпты ауа райы бар аймақтарына, алисмалардың 70-ке жуық түрлері таралған. Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде олардың 15-ке жуығы кездеседі, ал Қазақстан жерлерінде ұшырасатын 8 түрі Алисма жұлдызжеміс, жебежапырақ сияқты туысқа топтастырылған.
Саяз суларда, батпақты жерлерде және су бойларында өсетін көпжылдық, сирек бір жылдық, өсімдік.Кейде түп жағы жуандау келінетін жапырақтары, кездесіп бекіген, жапырақ алақандары жәй (қарапайым), бүтін, дөңгелектеу, жұмыртқа пішіндес, қандауыр тәрізді немесе торланған жүйкелері бар, жебе сияқты да болады. Жиі гетерофилия құбылысы болып тұрады, өйткені, суға батып тұрған жапырақтары белдік тәріздес ұзын болса, қалқып тұратын және су бетіндегілері басқа пішінді болады. Олардың вегетативті органдарында жиі шырын жиналатын орындар кездеседі.
Жанама сабақшалардағы шоқжапырақтармен бірге дамитын сыпырғыш немесе шашақ тәріздес гүлшоғыры бар. Қынапты, актиноморфты циклді немесе гемициклді, қос жынысты немесе дара жынысты, қос гүлсеріктерінен тұрады. Сондай-ақ гүлі - 3 бос тостағанжапырақшалары бар тостағаншадан және 3 бос күлтежапырақшалы күлтеден құралған. Бір немесе бірнеше шеңберге орналасқан андроцейі 6 аталықтан тұрады. Үш аталығы бар түрі сирек кездеседі. Жұп болып бекіген аталықтары жиі ыдырауға ұшырап отырады.Тозаңқаптары төртұялы. Аталық жіпшелердің ішкі немесе түп жағына қарай шырын жинайтын орны пайда болады.
3,6 немесе одан да жемісжапырақтарынан тұратын, апокарпты генецейі бар. Түйіннің түбінен басталатын аналық мойын ұзын және қисықтау келеді.Кейде бірнешеу болатын, тұқым түрі - біреу. Жемісі көп жаңғақша, сирак жапырақшалы болады.Жалпы алисмалардың жабайы және мәдени өсірілетін түрлері де бар. Мысалы: жебежапырақтың тағамдық қасиеті басым болса, ал алисма сияқты туысы улы қасиетімен белгілі.
Алисма - Alisma L. - Частуха
Гүлдері қос жынысты, аталығы 6-у; аналықтары мен жемісшелері жалпақ немесе аздап дөңес гүл тұғырында шеңбер немесе жұлдызшалы орналасқан; жапырақтары ауалық жұмыртқа тәрізді немесе ланцетті, кейде төменгі жапырақтары жүзгіш, әдетте дәл сондай формалы. Жеміс жапырақшалары 1 тұқым бүрлі; жемісшелері бос, көп, сақина тәрізді орналасқан.
Бақажапырақ а. - A. plantago-aquatica L. - Ч. подорожниковиднаяя. - Аналық бағаны тік, гүл түйінінен ұзынырақ; аталықтары эллипсті тозаңдықты, аналығынан екі есе ұзын; жемісшелерінің арқасы 1-2 бороздалы және 2 арқаулы; табақша мен сағаққа тілімделген тек ауалық жапырақты өсімдік; сулы формалары болмайды. Жапырақтары жасыл, ұзын сағақты, тамырлы жер таған түзеді, жұмыртқа тәрізді немесе эллипсті, үшкір, түбі дөңгеленген немесе аздап-жүрек тәрізді; гүлдері ұзын сыпырғы түзеді; күлте желектерінің ұштары дөңгеленген. Ұзындығы 10-80 см көпжылдық; VI-VIII гүлдеп, жеміс береді. Қазақстанның барлық жазық жерлеріндегі тұщы су қоймаларының жағалауларындағы суда кездеседі. Улы, крахмалды өсімдік.

Бақажапырақ тұқымдасы, тартар тұқымдасы (лат. Plantaginaceae) - қос жарнақтыларға жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейбіреулері шала бұталар. 3 туысқа жататын 260-қа жуық түрі белгілі. Бақажапырақ тұқымдасы негізінен қоңыржай белдеулерде, ал кейбір түрлері тропикалық аймақтарда кездеседі. Қазақстанда оның 1 ғана бақажапырақ туысы бар. Олар өзен, көл жағаларында, шабындықтарда, шөлді, құмды, далалы жерлерде, жол бойында өседі. Гүлдері ұсақ, масақ тәрізді гүл шоғырына жиналады не шоқпарбас гүл құрап, жапырақ қолтықтарына орналасады. Қос кейде дара жынысты болады. Мамыр -- қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі -- екі ұялы қорапша. Олардың тұқымы мен жапырақ құрамында гликозид, каротин, С витамині, 4%-тей илік заттар бар. Бақажапырақ тұқымдасы дәрілік өсімдік, шырынын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланады, кейбір түрлерінің жапырағы қан тоқтатуға, жараны емдеуге қолданылады.
Бақажапырақ , тартар, жолжелкен (лат. Plantago) - бақажапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін, кейде шала бұта түрінде өсетін өсімдіктер туысы.
Биологиялық сипаттамасы
Жер шарының барлық жерінде өседі, 260-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарында таралған 16 түрі бар. Оның ішінде үлкен бақажапырақ (P. major), орташа бақажапырақ (P. medіa), қандауыр бақажапырақ (P. lanceolata) түрлері көбірек тараған. Олар өзен-көл жағалауларында, тарда, шөлді-далалы, арамшөп өскен бос жерлерде, жол бойында, құрылыс маңында өседі. Сабағының биіктігі 20 - 70 см-дей. Жапырақтары сопақша, жалпақ қандауыр пішінді, бүтін жиекті, олар тамыр түбіне шоғырланып өседі. Сабақ бойына қарама-қарсы, кейде кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері ақшыл қоңыр, сиректеу ашық көгілдір түсті, масақ тәрізді гүлшоғырына топталған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді интродукциялау
Гүлді көбейту тәсілі
Дала жағдайында өскен стевия линияларының биологиялық ерекшеліктері
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Жеміс өсімдіктерінің генофондын және интродукциясын сақтау
ҚР ғылыми мекемелеріндегі тағамдық өндіріс
Өсімдіктер биохимиясы
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Ботаникалық бақтың реконструкциясы
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Пәндер