Тауық тәрізділердің кең тараған түрлері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тауықтәрізділер (Galliformes) - құстардың бір отряды.
Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді.
Тауық тәрізділер:
Құр тәрізділер
1. Аққұр (Lagopus lagopus)
a. Lagopus lagopus maior
b. Lagopus lagopus brevirostris
2. Тундра аққұры (Lagopus muta)
a. Lagopus muta nadezdae
3. Құр (Tetrao tetrix)
a. Tetrao tetrix viridanus
b. Tetrao tetrix mongolicus
4. Меңіреу құр (Tetrao urogallus)
a. Tetrao urogallus uralensis
b. Tetrao urogallus taczanowskii
5. Сұр құр (Tetrastes bonasia)
a. Tetrastes bonasia sibirica
Қырғауылдар
1. Алтай ұлары (Tetraogallus altaicus)
2. Гималай ұлары (Tetraogallus himalayensis)
a. Tetraogallus himalayensis saurensis
3. Кекілік (Alectoris chukar)
a. Alectoris chukar koroviakovi
b. Alectoris chukar falki
c. Alectoris chukar dzungarica
4. Дала шілі (Ammoperdix griseogularis)
5. Сұр шілі (Perdix perdix)
6. Сақалды шіл (Perdix dauurica)
7. Бөдене (Coturnix coturnix)
8. Қырғауыл (Phasianus colchicus)

Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық - 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 - 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 - 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі - өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі.
Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына", алтай ұлары Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Тауықтар-отряд тармағы - Galli .Бұл отряд тармағының өкілдерінің салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін жетеді. Қабырғаларында ілгек тәрізді өсіндісі болады, төсінің қыр сүйегі жақсы дамыған. Жіліншіктің алдыңғы жағында екі қатар көлденең орналасқан мүйізді қалқанша, өңеште жүқа қабырғалы үлкен жемсау болады. Етті қарынның бүлшық еті күшті және ішкі жағынан қатты мүйізтектес кутикуламен қапталған. Ішек өсінділері дамыған. Қораздары ірі және ашық түсті, яғни жыныстық диморфизм байқалады. Балапандары ширақ , жұмыртқадан шыға сала аналықтың соңынан еріп жүреді және оған еліктеп өзгеше қоректене бастайды. Тауықтар отряд тармағы 2 түқымдас үстіне, 6тұқымдасқа, 84 туысқа бөлініп, 252 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 12 туыстың 21 түрі, ал Қазақстанда 13 түрі үялайды.

Кракстер тұқымдасүсті - Cracoidea. Бүған ең қарапайым тауықтар жатады, олардың тепкісі (батқы) болмайды, ал артқы саусағы басқа саусақтармен бір деңгейде орналасады. Жүмыртқаны жарып шыққан балапандарда қақпа қауырсындардың түбіртегі болады.
Тұқымдас үсті 2 түқымдасқа бөлінеді.

Үлкен аяқтылар не қоқыс тауықтары тұқымдасы - Megapodiidae.
Салмағы 2 кг-дай болатын қүрлықта тіршілік ететін қүстар жатады. Денесі тығыз, аяқтары ұзындау, кейде ұзын қүйрықты. Басында қауырсынсыз терілері болады. Тұқымдаста 7 туысқа жататын 11-дей түр бар. Қоқыс қүстардың көбею процесі өте қызық және ол бүта куркетауыгында (Alectura lathami) жан-жақты зерттелген. Бүл қүс Оңтүстік - Батыс Австралияның шөлейтті аудандарында мекендейді. Алдымен аталығы тереңдігі 0,5м және диаметрі 3-5 м болатын шүңқыр қазады, содан соң шұңқырды жапырақпен толтырады, үстінен топырақ төгеді, нәтижесінде биіктігі 1 м-дей үйінді пайда болады. Жапырақтар жайлап шіриді, үйінді ішінде температура біртіндеп көтеріледі, 2-3 айдан соң оған жүмыртқа салатын уақыт болады. Аталығы үйіндінің ортасына дейін тар жол жасайды, аналығы бірінші жүмыртқасын салады. Келесі жүмыртқа 4 күннен кейін салынады және т.т. Сонымен арасынан 4 күннен салып 20-25-ке дейін жұмыртқалайды. Жүмыртқа салу кезегін аталығы реттеп отырады, ол ауа- райы қолайсыз күндері, үйінді ортасына жол салуға ерініп, аналығына кедергі келтіреді, ол жүмыртқасын жақын жерге салып жоғалтады. Үйінді ішінде жұмыртқа шайқалып жатқан кездегі температураны да аталығы реттейді, ол ауа-райы мен маусымға байланысты топырақ қабатын не ашады, не жабады, жұмыртқа жатқан камерадағы жылылықты реттеп, оңтайлы 34-40 ° температураны үстап түрады. Температура бас терісінің жалаңаш учаскесі немесе тілі арқылы реттелуі мүмкін. Инкубация 2-3 айға созылады. Үя инкубатор ретінде 6-9 ай қызмет атқарады. Балапандары ширақ, жұмыртқадан шыға салысымен - ақ өз бетінше тіршілік ете бастайды. Қоқыс тауықтары кез-келген өсімдіктектес және жануартектес азықпен қоректенеді.Қоқыс тауықтары Австралияда пайда болған деп есептейді.

Кракстер түқымдасы - Cracidae. Салмағы 4 кг-ға дейін жететінОрталық және Оңтүстік Американың ормандарында таралған қүстар.Қаңқасында ауа көп болады. Кеңірдегі, әсіресе аталықтарында, өте үзарған және түзақ қүрайды. Кейбір түрлерінің басында қауырсынды айдары болады. Кракстар аталығының шағылысу мүшесі (пенис) болады.
Моногамдар, жерде-ағашта тіршілік етеді, ағаш сүлбелерінде қарапайым үя жасйды. Үясында, әдетте 2 жүмыртқа болады, оны аналығы шайқайды.Шамамен бір айдан соң көзі ашық, үстін мамық басқан, қақпақауырсындарының түбіртегі дамыған балапандар шығады. Алғашқы күндерібалапандары ағаш сүлбесінде ересектері әкелген омыртқасыздарды, жемістерді, түқымдарды жеп тіршілік етсе, бір аптадан соң олар бүтақтан-бұтаққа қалықтап үшып, ересектеріне еріп, өз бетінше қорегін іздейді.
Кракстардың пайда болған орталығы Оңтүстік Америка болып табылады және түқымдасқа 11 туысқа жататын 39 түр бірігеді.

Қырғауылтектестер түқымдасы - Phasianidae. Бүл отрядтың негізгі түқымдасы, Антарктида мен Солтүстік жарты шардың биік ендіктерінен басқа барлық континенттерде кең тараған 175 түр жатады.
Қүртектестерден ерекшілігі қырғауылтектестердің танау тесіктері қауырсынмен жабылмаған және жіліншігі жалаңаш. Қырғауылтектестерді шорманда, далада, шөлде және таудың түрлі биігінде кездестіруге болады. Жерде тіршілік етуте бейімделгел; десе де ағашқа қонақтайды және оның сүлбесінде түнейді. Құртектестер сияқты, бүларға да күрделі құсойнақ тән. Біраз түрлері - моногамдар, басқалары - полигамдар. Үясы топырақтағы жай шүңқыр, үяда түр ерекшеліктеріне байланысты 5-20 жүмыртқа болады. оларды әдетте мекиені шайқайды. 2,5-4 аптадан соң балапандары аздап ұша бастайды, Ірі түрлерінің балапандары біршама кеш үша бастайды және жыныстық жетілуі де кеш - 1-3 жылға созылады. Көп үшпайды, бірақ жылдам жүгіреді және шөп пен бүта арасында жақсы жасырына алады, Көбеюден басқа кезде аздаған топ қүрып, жерде қоректенеді. Өсімдік қоректі азықты - түқым, жидекті үнатады, қүрттар, моллюскалар, насекомдардан да бас тартпайды.Қырғауылтектестерде 175 түр (48 туысқа бірігеді) бар, олар әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда көп. ТМД елдерінде 7 туысқа жататын 12 түр үялайды. Қазақстанда 8 түр кездеседі, ал 7-і: кәдімгі қыргауыл, сур жсәне сақалды шіл, гимлай және алтай үлары, бөдене (бытпылдақ) және кекілік мекендейді..Түқымдас ішіндегі қатынас шат-шытырман, бірақ бірнеше топты: 1- америкалық бөденелер; 2-ескі дүние бөденелері; 3-шілдер, кекіліктер, ұларлар; 4-аргустар, тауыстар (павлин); қырғауылдар, нағыз тауықтар, трогопандар топтарын ажыратуға болады.Үй тауықтарының түқымдары жабайы күйінде Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейтін банкив тауыгын (Gallus gallus) қолға үйрету нәтижесінде пайда болған деп есептейді

Цесяркатектестер түқымдасы - Numididae. Түқымдасқа 5 туысқа бірігетін 7 түр жатады. Бүлар - тек Африкада мекендейтін, теңбіл түсті, болмайтын тауықтәрізді қүстар . Мекендейтін ортасы - түрлі бұталар, орман алқаптары, тау бөктері. Тез жүгіреді, сирек үшады. моногамдар. Үяда 20-ға дейін жүмыртқа болады. Үясын мұқият түрде жасырады. Қорегі-өсімдіктер және майда омыртқасыздар.Қазіргі кезде көптеген елдерде цесаркаларды қолда өсіреді. Үй түқымдары ісршама ірі (3-4 кг), ал жабайы түрлерінің салмағы 1 кг-ға әзер жетеді.

Құртектестер тұқымдасы - Tetraonidae. Қүртектестер Европа, Азия және Солтүстік Американың ормандарында, тундрада, орманды далаларда және далалы аймақтарында кең тараған. Салмағы 5 кг-ға дейін жетеді. Жерде немесе ағашта тіршілік етеді. Көпшілік түрлері - отырықшы, жыл қүстары аздау. Ерекше белгілері: танау тесіктері қауырсынмен жабылған, жіліншігқауырсынды (толықтай не жартылай). Көптеген түрлерінде қысқа қарай саусақтарының екі жағынан мүйізді немесе қауырсынды шаңғы түзіледі, ол қарда малтықпай жүру қызметін атқарады. Біраз түрлері - моногамдар (шіл, сүр қүр), басқалары -полигамдар (меңіреу қүрлар, қүрлар, монтайшіл). Мекиені ұя салуға және балапандарын тәрбилеуде белсенді Балапандары ширақ, 10 күнде бүғынуға немесе аса биік емес бүтаққа ұшып-қонуға қабілетті. Жыныстық жағынан 1-2 жылда жетіледі. Негізінен өсімдікқоректілер - өсімдіктердің жасыл бөлігін, түқымын, жидекті, насекомдарды, қүрттарды қорек етеді. Қыста азық қүрамы көп емес - бүршік, қылқанжапырақ, жас өркендер. Бүл түқымдаста 11 туысқа бірігетін 17 түр бар, олардың 8 түрі (5 туыс)' ТМД елдерінде кездеееді және үялайды. Қазақстанда 5 түр (4 туыс) мекендейді.

1-Қүр, 2-Мещреу қүр, 3-Кавказ қүры , 4-Тас қүры; 5-Гималай үлары; 6-Алтай үлары; 7-Тибет үлары, 8 - Кавказүлары;9-Каспииүлары; 10-Қырғауыл, қиыршығыс формасы; 10 a-Кавказ формасы.

1-Ақ шіл, жазда және қыста; 2-Тундра шілі, жазда және қыста; 3-Монтайшіл; 4-Сүр қүр; 5-Бөдене; 5а-қиыршығыстық форма; 6-Сақалды шіл; 7-Шөл-дала шілі; 8-Кекілік; 9-Сүр шіл; 10-Турач; 11-Үшоймақ шіл.

Тауықтар -- тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі - бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 - 2,2, қоразы 2,5 - 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 - 2,8 және 3,4 - 3,8; етті тұқымы 3 - 3,5 және 3,8 - 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 - 41 г. болса, 7 - 8 аптада 1,5 - 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 - 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 - 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 - 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 - 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 - 50 г, ал соңына қарай 57 - 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 - 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 - 60%-ы жас, 30 - 35%-ы - 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 - 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі - арнайы дайындалған құрама жем.
Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады.

Қан айналымы
Құстардың қан айналымы қосмекенділер мен жорғалаушылардан күрделі. Жүрегі төрт бөліктен : екі құлақша және екі қарыншадан құралып, оң және сол жақ жартыларға бөлінеді. Жүректегі салатамыр және көктамыр қаны бірімен-бірі араласпайтындықтан, бүкіл ағзаға тек оттегіне қаныққан қан таралады.
Құстың денесіндегі қан екі шеңбер бойынша айналады, олар үлкен және кіші қанайналым шеңбері деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасынан шыққан салатамырдағы қан бүкіл денені аралап, денедегі жасушаларға оттегін береді, көмірқышқыл газға қанығып, оң жақ құлақшаға оралады. Бұл- үлкен қанайналым шеңбері. Оң жақ құлақшадағы көктамыр қаны оң жақ қарыншаға өтіп, өкпеге барады , құрамындағы көмірқышқыл газды өкпеде қалдырып, өкпедегі оттегімен қаныққан соң сол жақ құдақшаға құяды. Бұл- кіші қанайналым шеңбері. Құстың жүрегі қуатты жұмыс істейтіндіктен, қан тамырларды бойлай шапшаң ағып, ағзаға қажетті мөлшерде оттегі мен қорек жеткізеді. Сондықтан құс денесіндегі температура тұрақты (40-45 градус) болады.

Зәр шығаруы
Құстардың зәршығару мүшесі-жамбас қуысында орналасқан қызыл түсті екі бүйрек. Құста қуық болмайды, бүйректен тараған екі несепағардың өзекшесі тікелей клоакаға ашылады.

Тырна тәрізділер
Тырналар
1. Сұр тырна (Grus grus)
2. Ақ тырна (Grus leucogeranus)
3. Ақбас тырна (Anthropoides virgo)
Сутартарлар
1. Сутартар (Rallus aquaticus)
2. Тартар (Porzana porzana)
3. Кішкене тартар (Porzana parva)
4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс топтары. Қыртөсті құстар
Қазақстанда мекендейтін құстар
Құстар
Құстардың көбеюі
Құстардың экологиялық топтары
Биология сабағында құстар класын оқыту
Құстар класының сипаттамасы
Ньюкасл құс ауруы кезіндегі балау қою әдістері және алдын алу шаралары
Құстар және құстардың көбейуі
Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы
Пәндер