Сәулет өнерінің ерекшеліктері


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. Негізгі бөлім

1. 1 Құрылыс аймағын баяндау . . . 6

1. 2 Бас жоспардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері… . . . 7

ІІ. Сәулеттік-құрылыстық бөлім

2. 1Іргетас . . . 11

2. 2Еден . . . 12

2. 3 Есік. Терезе . . . 13

2. 4Ғимараттың бетон элементтері . . . 14

2. 5 Қабырға . . . 15

2. 6 Аралық қабырға . . . 16-18

2. 7 Аражабын . . . 19-20

2. 8 Төбежабын . . . 21-22

III. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

3. 1 Жылумен қамтамасыз ету . . . 23

3. 2. Канализация . . . …. 23

3. 3 Жарықтандыру . . . 24-25

3. 4. Электрмен қамтасыз ету . . . … . . . 25

3. 5 Өрт қауіпсіздігі . . . 26-27

3. 6 Қауіпсіздік техникасы . . . 27

3. 7. Экологиялық қауіпсіздік . . . 28

3. 8 Желдету жүйесі . . . 29

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сәулет өнері барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі. Ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Заманауи көзқараста сәулет бұл - ғимарат пен үймереттерді және олардың кешендерін жобалау мен құрастыру өнері. Ол өмірлік процесстердің барлық жақтарын ұйымдастырады.

Сәулетші ғимараттарды жобалау барысында ежелгі рим сәулетшісі Витрувийдің триадасын әр уақытта есте ұстауы тиіс. Ол: «беріктілік, пайдалылық, әсемділік». Осы триадаға сәйкес ғимараттар функцианальды (ыңғайлы, пайдалы), конструктивті (берік, үнемді), эстетикалық (әдемі, мағнасына сәулеті сай болуы) талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Сәулет өнерінің мақсаты - кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым - құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Функцианальдық ерекшелігіне байланысты ғимараттардағы бөлмелер құрамы, өлшемі, арасындағы байланыстар анықталынады. Ол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Осы талаптар негізінде ғимараттар кеңістіктегі үш өлшемде, планда, фасадта, қимада жобаланады.

Барлық ғимараттардың сол және басқадай функционалды процесстеріне сәйкес келетін рационалды жоспарлануынан басқа, баспалдақ, лифт, жабдықтар мен инженерлік құрылғыларды (санитарлық, жылытқыш, вентиляциялық аспаптар) дұрыс жайғастыру қамтамасыз етіледі. Осылайша ғимарат пішіні көбіне функционалды заңдылықтармен анықталады, бірақ оған қоса ол әсемдік заңдары бойынша салынады.

Құрылыс шығындарын қысқарту ғимараттың рационалды көлемді-жоспарлау шешімдері, құрылыс және әрлендіру материалдардың дұрыс таңдалынуы, конструкцияны жеңілдету, құрылыс әдістерін жетілдіру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттің экономикалық нарыққа өтуіне байланысты, конструктивті және декоративті құрылыс материалдарының қағидалы жаңа түрлерінің саны артты. Осы арада, құрылыс материалдар нарығында бәсекелестіктің өршуіне байланысты олардың арзандалуы, сапасы мен сұрыптамасының қайтымсыз жақсаруы ұдайы жүріп жатады.

Ұсынылатын жоба конструктивті ерекшеліктері мен қолданылатын материалдары бойынша ыңғайлы жобаланған, қатал функцияналды талаптарға жауап беретін, архитектуралық мәнерлігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде қымбат емес және сапалы тұрғын.

I. Негізгі бөлім

1. 1 Құрылыс аймағын баяндау

Бұл алаң ІІ климаттық ауданда, ылғалдықтың 3 - нші сызығында, Б - эксплуатация щартында орналасқан.

Курстық жоба аумағы 1050 м 2 . Ғимарат Арал қаласы, Райым ауылында жобаланған мансардты тұрғын үй.

Жобада көрсетілген климаттық белгілер:

Жылу периоды - 172 тәулік

Желдің ұйытқу жылдамдығы - 0, 38 КПа

Қар бетінің салмағы - 1, 2 КПа

Желдің басым бағыты - Оңтүстік - Батыс

Грунттың аязды тереңдігінің нормативі- 0, 9 м

Сыртқы ауадағы қыстық температура - - 23 0 С

Бас жоспарда қарастырылатын аумақтар:

Участка аумағы - 1050 м 2

Құрылыс аумағы - 195 м 2

Көгалдандыру аумағы - 104 м 2

1. 2. Бас жоспардың техникалық - экономикалық көрсеткіштері

Бас жоспарда қарастырылатын аумақтар:

Қатты төсем аумағы 200 м 2

Көгалдандыру пайызы - 35 %.

Ғимараттың ішкі бөлігін және сыртқы бөлігін әрлеу

Ғимарат ішкі қабырғасы жақсы сапалы сылақпен сыланған. Оның үстіне су эмульсиялық бояумен сырланған. Бұл бояу ұзаққа шыдайды, және көп бүлінбейді.

Ал ғимараттың ішкі төбесіне алдымен жағылады. Онан кейін лакталған кермелі төбе салынған. Бұл кермелі төбе дыбыс оқшаулағыш және әдемі көрінеді. Себебі ғимараттың ішінде ойын - сауық бөлмелері көп.

Ғимараттың ішкі еденіне линолеум материалы жайылады.

Ғимараттың қасбеті әдемі болуы қашан да, қай ғимаратта да маңызды. Сондықтан бұл ғимарат әдемі көрінуі үшін бір - біріне жақсы үйлесетін түстерді қосып шықтық. Ғимарат сыртына сылақ беті жағылған. Оның бетіне ең сапасы мықты лакталған плиталармен қапталған. Бұл плиталарды салу себебі шірімейді, ісінбейді, жаңбырлы күндері жуылып кетеді.

Астыңғы цоколь қабатына іргетас сыртына әсемделген декорлы тастар мозаика стилінде құрастырылған.

Сыртқы қабырғаның түсіретін салмағы

δ1= 300 мм, силикат кірпіш;

δ2= 10 мм, цементті - құмды қоспа;

δ3= мм, жылытқыш - пенополистирол;

δ4= 10 мм, цементті - құмды қоспа;

Келтірілген қоршаушы конструкцияның қарсы жылу беруін - R0, ГСОП - ң тәуелділігімен қабылдаймыз.

ГСОП = (tb - tот. пер) ∙ zот. . пер

tb - ішкі ауа температурасының есебі;

tb - 180С - қоғамдық ғимараттар үшін;

tот. пер - орташа температура

zот. . пер - ауаның төмен немесе тең 80С температурасының орташа тәуліктік кезеңдегі ұзақтылығы;

tот. пер= - 30С

zот. . пер= 207 сут

ГСОП = (18 - ( - 3) ) ∙ 207 = 43470С сут

Келтірілген қоршаушы конструкциясының қарсы жылу беруі

R°=2, 4+((3-2, 4 ) ∙347) /((6000-4000) ) =2, 5 (м ∙С) /Вт

R0 көлемінің орнына тең 2, 5 (м ∙С) /Вт қоя отырып жылытқыш қабатының қалыңдығын табамыз:

2, 5 = 1/23 + 0, 30/0, 87 + 0, 01/0, 93 + δ3/0, 041 + 0, 01/0, 93 + 1/8, 7

2, 5 = 0, 04 + 0, 34 + 0, 01 + δ3/0, 041 + 0, 01 + 0, 11

2, 5 = 0, 51 + δ3/0, 041

δ3 = (2, 5 - 0, 51) ∙ 0, 041 = 0, 05

Жылытқыш қалыңдығы 5 см.

δ = 0, 01 + 0, 30 + 0, 05 + 0, 01 = 0, 37

Қабырғаның түсіретін салмағы 0, 37.

Монтаж жұмыстарына жұмсалатын кран

Монтаж жұмыстары үшін жұмысы жақсы кран таңдалуы қажет. Ол жүк көтеруіне байланысты болады. Ол үшін біз ДЭК - 251 (гусеничный) қаз тәріздес кранын таңдап алдық. Бұл кран толық айналым жасайды, өзі орын ауыстыра алады, ең бастысы 25 т жүкті көтере алады.

Бұл кран тиеу - түсіру жұмыстарын атқарады. Бұл кранның тұмсық - жебесі 14м, қосымша 8, 75 м тағы жалғануына болады. Кранның тұмсық - жебесінің әрбір 5 м сайын 2 тіреуден тіреліп отырады. Тұмсық - жебе оңай ұзартылып оңай жиналады. Бұл кран ерекшелігі дизель мен электрмен жүреді.

Кранда 60 КВт және 100 КВт қуаттылықпен дизельді генератор қозғалтқыш орналасқан. Ішкі электрлік желісі 380 В 3 фазалы айнымалы тоқпен жабдықталған.

Бұл ДЭК - 251 краны ерекше орын алаңын таңдамайды, өзі жүріп тұра қалады. Жүрісі қаздыкіндей болғандықтан кез - келген радиусты бұрыштардан оңай айналып өте алады.

Кранның ішкі кабинасы жылы материалдармен жабдықталған. Бұл заманауи ИЗОТОН материалы. Кабина ішінде желдеткіш қондырғы орнатылған. Ең бастысы кабина ішінде көру көкжиегі анық көрінеді. Себебі краншы жұмыс барысын анық көруі тиісті.

Кран ауыр жүкті көтеру үшін ең мықты Г бейнелі имектелген ілгіш мықты болуы керек. Имек ілгештер екі топқа бөлінеді: 2 белбеуліжәне 4 белбеулі. Ауыр жұмыстар үшін 4 белбеулі ілгіш дұрыс болады. Себеі мұндай ғимаратта ірі габаритті конструкциялар жасалады.

Бұл ілмектер «Промстальконструкция» фирмасында жасалған. Жүк көтергіштігі 5 т. Ілмектің өз салмағы 0, 09 т. Ілмектің ұзындығы 5 м.

ІІ. Сәулеттік-құрылыстық бөлім

Ғимарат жай жоспар бойынша мына осьтерде орналасқан:

А - Г осьінде, 1 - 8 осьтердерінде орналасқан.

15, 0 м - 44, 10 м өлшемді қамтиды.

Ғимарат мансардты тұрғын үй.

1 қабат биіктігі - 3 м.

2 қабат биіктігі - 3 м.

Қабырғалар силикат кірпіштен қаланған.

Ғимараттың қызмет ету мерзімі - 100 жыл.

2. 1. Іргетас

Іргетас - бұл ғимараттың жер бетінен төмен орналасқан бөлігі. Іргетас ғимараттан түсетін жүкті қабылдауға және негіздікке беруге қызмет етеді. Іргетастың төменгі бөлігі табан деп аталады.

Ірге тас, фундамент(лат. Fundamentum -негіз) ғимараттың немесе құрылыстың түсірілген салмақты жердің қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер не су астындағы бөлігі. Ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.

Жобаланған ғимараттың іргетасы ленталық және құрамалы болып келеді. Бұл іргетас орташа есеппен алғанда 150, 0 кН\ м салмақты көтеруге шақталған. Гидроизоляция ретінде ыстық битумды қоспа жағылған.

Жобадағы іргетастың жер бетіндегі биіктігі 50 см, ал жер атындағы бөлігі 30 см биіктікті құрайды. Суреттегі іргетастың құрылымы.

Іргетастар - ғимараттардың жер үстіндегі конструкцияларының салмағын көтеріп топырақты негізге тарататын, әдетте жер астында орналасатын конструциялық бөлшек.

Іргетастар көтергіш қабырғалар мен бағандардың астына орналасады. Топырақты негіздер берік болып, ғимараттардың салмағынан аз ғана шөгуі керек. Негіздердің беріктігі топырақтардың минералдық құрамына, тығыздығына және ылғалдығына тәуелді. Іргетастардың орналасу тереңдігі топырақтардың беріктігіне және ғимараттардың салынатын климаттық ауданына байланысты есептелініп тағайындалады.

2. 2. Еден

Еден 0, 000 таза еден белгісінен басталады. Жобаланған ғимараттың едені М150 - 20 мм цемент пен құм қосылған қоспадан құйылып жасалынған. Оның бетіне құралмалы 20мм паркеттен жасалынған.

Едендердің қасиеті мен сыртқы түрі бөлменің пайдалану құндылығы мен интерьерінің сәулетіне айтарлықтай ықпал етеді. Еденнің типін таңдай отырып, оның ғимараттардағы құны олардың жалпы құнының 18% -іне дейін жететінің ескеру керек. Құрылыстық құнынан өзге, оның пайдалану және жөңдеу құнын ескеру қажет. Едендерді аражабындарға немесе тікелей топыраққа салады.

2. 3. Есік. Терезе

Есіктер тақталарының ашылу тәсілдері бойынша айқара ашылатың, тербемелі, жылжымалы және айналмалы болып бөлінеді. Ең кеңінен тараған ол айқара ашылатын есіктер. Олар бір жақтаулы, екі жақтаулы жіне бір жарым жақтаулы өту үшін кеңінен пайданылатын әр түрлі енді тақталы есіктері бар, қысқасын ірі габаритті заттарды өткізу талап етілген жағдайларда ашады.

Жобаланған ғимараттың есігі ағашты қаңқадан жасалған. Есіктер қораптан, ұсынылған рамалардан, қабырғаның есік ойықтары қорғанынан, тағылатын есік қораптарынан тұрады.

Жобаланған ғимараттын терезесі металды пластиктен. Олар өзінің техникалық және пайдалану сапаларымен ағаштан неғұрлым жақсы(аз қима, металға жақын, бояуларды талап етпейді, шірімейді, қисаймайды және кеппейді) . Терезе блоктары әйнек мұқабаларынан және терезе тақталарынан тұрады. Терезе 2 рет әйнекпен бөлек мұқабадан құралады, ішке ашылады. Әйнек қалындығы 4мм. Терезелер өлшемі 1400 х 1800.

Есік Терезелер

Есіктер - ғимараттардың сыртқы ортамен және бөлмелердің ара қатынасын қамтамасыз ететін конструкциялық бөлшек.

2. 4. Ғимараттың бетон элементтері

Төбенің жабындары темірбетонды плиталармен жабылған. Оның ені 220 мм. Бұл плиталарды қабырғаға орналастыру үшін М100 немесе М50 цементті - құмды қоспа жағылады. Оның қалыңдығы 20 мм. Темірбетонды плита қабырғадан 120 мм ден аз қашықтақта жатпау тиісті. Қатарлас жатқан екі темірбетонды плита арасын цементті - құмды қоспамен толтырылады.

Терезе үсті мен есіктер үстіне арнайы өлшемге сай темірбетонды итарқа қойылады. ПБ19 - 3П осы итарқа көп қолданылады.

Темірбетон конструкциялары

Плиталар көлденең қимасының түріне қарай қуысты және қырлы болып бөлінеді. Құрастырмалы конструкциялардағы плиталардың қалыңдығы 25¸60мм, ал тұтас конструкциялардағы плиталардың қалыңдығы 5¸100мм.

Плиталар біраралық және көпаралық болады. Плиталарды дәнекерленген торлармен арматуралайды. Торларды иілу момент эпюрасына сәйкес қойылады. Жұмыс өзектер иілу моменттін қабылдайды осы моменке есептелінеді, ал таратып тұратын өзектер күшті қабылдамайды, олар торды жинау үшін керек. Торлардың маркалары стандарт бойынша ГОСТ алынады.

Темірбетон арқалықтар көлденең қималары түрлі пішінді болуы мүмкін: тік бұрышты, тавролы, қос тавролы, траперциялық.

2. 5. Қабырға

Ғимараттың қабырғалары 2 қабаттан тұрады. 1, 2 қабаты силикат кірпіштен қаланған. Яғни ол кірпіш қалануы бойынша 250 мм кірпіш қойылады. Оның үстіне 120 мм 2 кірпіш қаланады. Бұл силикат кірпіштен «Термолюкс» фирмасынан алынған. Сапалы, әрі бағасына қолайлы кірпіштер. Цементті - құмды қоспа үшін М100 және М75 маркалы цемент қолданылады.

Қабырғалар деп ғимараттардағы іргетастардан басталатын көтеруші және қорғаушы құрылымдар деп аталады. Олар сыртқы және ішкі қабырғалар болып бөлінеді. Жасалынған қабырғалар ғимаратқа көп бос орын, яғни бөлме болып қалдырады. Қабырғаларда терезе мен есік қуыстары қалады. Есік терезе үстіндегі тіректерді, аражабынды ұстап тұрады.

Қабырға сыртына 40 мм экструдирленген пенополистирол жылытқаш материалы пайдаланылған. Бұл жылытқыш пенополистирол материалы LAIT BATTS (Rocwool ) болып келеді.

Қабырғалар (іргелер) - бөлмелерді ауа-райының әсерелерінен сақтайтын ғимараттарда тік орналасатын көтергіш конструциялық бөлшек.

Қабырғалар ғимараттардың ауданы мен көлемінде орналасуына байланысты, сыртқы, ішкі және арақабырға болып бөлінеді. Сыртқы қабырғалардың астыңғы жағын - іргелік (цоколь) деп атайды. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы жылу техникасы заңдарымен есептелініп тағайындалады. Қабырғалар көтергіш және қорғағыш конструциялық бөлшек болғандықтан, олар берік, орнықты және жылу сақтағыш қасиеттерін пайдалану мерзіміне қарамастан жоғалтпауы керек.

2. 6. Аралық қабырғалар

Аралық қабырғалар шығындалатын материалдарының мөлшері, сондай- ақ жұмыс көлемі жөнінен азаматтық ғимараттың елеулі элементтерінің бірін құрайды. Тұрғын ғимараттағы арақабырғалардың жалпы ауданы сыртқы қабырғалардың ауданынан шамамен 3 есе үлкен және аражабынның ауданынан 2 есе үлкен.

Аралық қабырғалар қызметі бойынша пәтераралық, бөлме аралық және санитарлық бөлмелерге арналған болып бөлінеді. Біріншісі екінщісімен салыстырмалы түрде қарағанда, дыбысоқшаулауға және отқа төзімділікке қатысты алғанда, жоғарылатылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Әжетхана бөлмелерінің арақабырғаларына ылғалға төзімділік, олардың беттерін әрлеудің гигиеналығы жөнінде жоғарлатылған талаптар қойылады.

Аралық қабырғалар қолданылатын материалдаррының тегіне қарай былай бөлінеді: ағаш, қышты(кірпіштен, қышты тастардан және тақталардан жасалған ) және аралас( әр түрлі материалдардан жасалған: гипсбетон, гипсакартон, пластик, шыны және т. б. ) . Ал бұл ғимараттың арақабырғалары 160 мм бетонды панель бөліктерден құралған.

Аралық қабырғалар үйдің, кеңсенің жалпылама айтқанда белгілі бір аймақтың ара жігін ажыратып, бөліп тұруға арналған құрылыстың бөлшегін пайдалана білу. Олар материалдық, функционалдық, құрылымы бөлімдеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Кірпіш тасты аралық қабырғалар.

Кірпіш тасты аралық қабырғаларды (12 см) етіп қалайды. Кірпіш тасты аралық қабырғаларды ағашпен бөгіттеу қажет емес. Цемент арқылы аралық қабырғаларды нақышына келтіріп, тастарды қалайды. Тастың көлеміне қарай аралық қабырғалардың қалыңдығына қарай шығын кетеді.

2. Гипсті аралық қабырғалар

Гипсті аралық қабырғалар тақталарын қалыптастыру үшін текшелер жиектеріне шегелеп таза еден тақталарында құрылғыға орналастырылады. Ілінісу тақталарын сылақ ерітіндісімен толтыра бастайды. Пластиналар арасындағы тік буын ерітіндісімен толтырылады. Келесі бірінші жолды ерітіндісімен толтырылған тақталар қатарынан құяды.

Шынылы аралық қабырғалар

Бұл әдетте стационарлық нұсқасы. Негізгі артықшылығы - бөлікте кеңістік тұтастығын сақтау және сол уақытта бөлмеде көрнекі бөлу - екі тұрғын үй және кеңсе үй - жайларда оларды пайдалануға әкеледі. Шыныдан жасалған тұтас шыны қалқалар клубтар мен мейрамханаларда соншалықты танымал, толығымен мөлдір, бірегей аралық қабырғалар әдемі көрінеді. Шыны блоктарын (шыныдан жасалған блоктар) пайдалану, байланысты олардың ішкі қуысы сәндік, сонымен қатар жылу мен шуды сақтау функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жылжымалы аралық қабырғалар

Мұндай аралық қабырғаларда аса ұтқырлықпен орнатылады, себебі бір ғана тетік арқылы олар жылжып, жалған қабырғаға айнала қалады. Кеңселік арақабырғаларды ретінде пайдаланлады, олар бірнеше бөлмелер конференц-залында бірнеше секунд ішінде бөлек бөлмелерге содан кейін қайта бөлуге мүмкіндік береді.

5. Мобильді аралық қабырғалар

Жиһаз қалқалап - бұл ХХІ ғасырдың ноу-хауы - (қажет болған жағдайда) бөлменің пайдалы кеңістік барынша ұлғайту, сондай - ақ жиһаз роликті жабдығымен оңай өзгертуге мүмкіндік беріп бөлме конфигурациясын жасау. Жиһаз жасалғаны үшін, интерьер безендіру нұсқаларының саны іс жұзінде шексіз болады.

6. Ағаш аралық қабырғалар

Ағаштан жасалынған аралық қабырғалар аты айтып тұрғандай тек қана ағаштар арқылы жасалынады. Ол орнатылған ғимарат стиліне қарай әр түрлі болып келеді. Әркімнің фантазяисына қарай әртұрлі структурада болады.

7. Жасанды бейорганикалық материалдан жасалған аралық қабырғалар.

Жасанды бейорганикалық материалдардан жасалған аралық қабырғалар бетон, керамика, сылақ, қож, блок және т. б. материалдардан жасалады, Олар арнайы кілей немесе жапсыруға арналған құралдармен орнатылады.

8. Аквариуымды аралық қабырғалар

Аралық қабырғалардың бұл түрі қазіргі заманға сай жасақталған және өте сәнді әрі әдемі көрінетін түрі. Мұндай аралық қабырғалар түрі үйге де басқада ғимаратқа келушілерге жағымды әсер етеді. Себебі тіршілік иелерінің сырттан тыс бейқом өмір сүруі жан тыныштандырып, керемет көңіл күй сыйлайды.

9. Құрастырмалы аралық қабырғалар

Мұндай аралық қабырға түрлері әсіресе кеңселерде қолданылады, бір орыннан екінші орынға жылжытудың оңай әрі тиімді жолы. Кез келген уақытта құрастырмалы аралық қабырғалардың ыңғайлылығы көрінеді. Оларды тек кеңселерде емес сонымен қатар фильм түсіру кезінде көптеп қолданылады.

10. Қаңқалы аралық қабырғалар

Аралық қабырғалардың қаңқалы түрлері қалыңдығы 5-6 см және ұзындығы 9-10 см-ден тұратын тақтайшалардан құралады. Қаңқалардың бекіткілерінің ара қашықтығы 0, 75 - 1, 2 метрді құрып, аралары шегемен бекітіледі. Ойықтарына қаңқасы қалыптастыру үшін ендірілген болты (бөгеті) бар тартпаны үстіңгі бетіне қояды. Есік жақтаулары шегелермен жиектеп тиекке шегелейді. 1, 9 - 2, 5 см қалыңдықтағы тақталармен екі жағына көлденеңінен қояды. Тақтайлар ені 12 см етіп балталайды.

11. Жасанды және табиғи тастармен жасалған аралық қабырғалар

Ондай материалдарға: кірпіш, шаңға блок және қыш тастар, туфтар, әктас тағы да басқа сынды тастар жатады, ондай аралық қабырғалар орнату үшін шеберлікті қажет етеді. Олар цемент, арнайы кәлеймен бір біріне бекітіліп орнатылады. Бұл аралық қабырғалардын барлығын бұл жобада қолдануға болады.

2. 7. Аражабын

Қазіргі құрылыста негізінен мынандай аражабындар қолданылады: тұтасқұймалы темірбетонды немесе зауыттың әзірленген ірі өлшемді біріңғайластырылған элементтер жасалған құрастырмалы. Бірақ, аражабындардың ағаштар және болат аралықтар бойынша нұсқалары да болу мүмкін, өйткені, бірқатар жағдайларда ғимаратты қайта құрылымдауы жүргізіледі.

Бұл нысанның аражабыны зауыттың өнімі. Темір бетонды плита қалыңдығы 220 мм. Темірбетонды плита көп қуысты болып келеді. Екі плита арасы цементті - құмды қоспамен толтырылады.

Аражабындар қызметтері бойынша қабатаралық, шатыраралық, яғни, жоғарғы қабатты шатырдан бөліп тұратын, үйасты қабатынан және жартылай үйасты қабатынан бөлетін, төменгі қабатты топырақтан бөлетін болуы мүмкін.

Олар жанушылық дәрежесі бойынша жанбайтын, қиын жанатын және жанатын болып бөлінеді.

Аражабындаға қойылатын негізгі талаптар мыналар: қызметтік(соның ішінде, мәселен, су өткізбеушілік, жоғарлатылған дыбысоқшаулау және басқалар) техникалық ( өртке қарсы, беріктік, қаттылық, ұзақ уақыттылық ), сәулеттік- көркем және үнемділік талаптары.

Аражабындар - көлденең орналасып, ғимараттарды қабаттарға бөлетін көтергіш конструкциялық бөлшек. Ғимараттардың биіктік бойына орналасуына байланысты жаппалар төмендегідей бөлінеді:

- қабат аралық, үйлерді қабаттарға бөлетін;

-жертөле аралық, жертөле мен бірінші қабаттың ортасында;

Ғимараттардың сыртқы қабырғалары болатын немесе оларды жеке-жеке бөлмелерге оқшаулайтын құралым элементтері; ғимараттағы негізгі күш түсетін құралым (көтергіш құралым) міндетін де атқарады. Қоршау құралымы - вертикальді (қабырғалар, аралық қабырғалар) және горизонтальді (аражабын, төбежабын) болып бөлінеді. Сыртқы қоршау құралымы ғимараттарды атмосфералық әсерлерден (температура, ылғал және жел, шу) қорғау, ал ішкі Қоршау құралымы ғимараттың ішін жеке бөлмелерге бөліп, дыбыс өткізбеу әрі жылу сақтау үшін пайдаланылады. Жасалу әдісіне қарай Қоршау құралымы тұтас (құрылыс орындарында тұрғызылатын) және құрастырмалы (үлкен панельді, ірі блокты) болады. Құралымы бойынша бір не біртектес материалдан (ағаш, кірпіш, жеңіл бетон, гипс қабырғалар) жасалатын қарапайым (“бір қабатты”) және бірнеше элементтерден немесе қабаттардан (мыс., күш түсетін, оқшаулағыш, т. б. ) дайындалған кешенді (“көп қабатты”) Қоршау құралымы болып ажыратылады. ұимараттардың сыртқы Қоршау құралымы кірпіштен қаланады немесе жеңіл бетоннан жасалады, ауыр және темір-бетон сыртқы күш түсетін құралымдарға, ал гипс-бетон бөлме араларын бөлуге қолданылады. Қоршау құралымында қажетті беріктік, орнықтылық, от пен суыққа төзімділік және ұзақ мерзімге шыдамдылық, т. б. қасиеттер болуы шарт.

2. 8. Төбежабын

Төбенің ең беткі қабатына қазіргі заманғы үздік өнім «Антикор МПБ» төбе кілемі материалымен жабылған. Бұл сұр түсті, 3 қабатталған.

Шатырдың ішкі бөлігі итарқамен көтеріліп, жұқа ағаштар қағып минералды материалдармен қапталады.

Төбежабындар - көлденең орналасып, ғимараттардың жоғарғы қабатын жабатын көтергіш конструциялық бөлшек. Төбежабындарға ғимараттың шатырларын орналастырады.

Төбежабын-құрылыста кеңінен қолданылатын темірбетон конструкцияларының бірі, көбінесе жабын ретінде өндіріс ғимараттарында кеңінен колданылады.

Атқаратын қызметі-ғимаратымызды атмосфералық жауын-шашыннан қоргаиды, тік және көлденең орналасқан бағаналарға тіреуіш функциясын атқарады.

Төбежабын аралығы-төбежабынның технологиялық жағдайына келісті белгіленеді.

Қарастырылатын конструкцияның құрамындағы бетон қоспасының маркасы M400 және бетонның беріктігі бойынша класы B30.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Араб және мұсылман елдерінің өнері
Романдық өнердің стильдік формалары
Ақса мешітінің құрылысы
Ежелгі Отырар қаласы
Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие жұмыстарын қалыптастыру
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz