Су жағалап өсетін өсімдіктер түрлері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

«Ерінгүлділер, сабынкөктер, дүнгіршектер тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері»

Ерінгүлділер (лат. Lamiáceae), немесе Тауқалақайгүлділер (лат. Labiátae) Қосжарнақтылар класының тұқымдасы, тұқымдасқа 250-дей тегі және 7850-дей өсімдіктер кіреді, оның арасында кең таралған: жалбыз, сәлбен, жаужапырақ, тасшөп, киікоты, т. б. түрлер кіреді. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар.

Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.

Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2, 4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5) С(2+3) А4Ж(2) .

Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.

Негізгі туыстары:

  1. Acanthomintha
  2. Achyrospermum - Ахироспермум
  3. Acinos - Душевка, или Щебрушка *
  4. Acrocephalus
  5. Acrotome
  6. Acrymia
  7. Adelosa
  8. Aegiphila
  9. Aeollanthus
  10. Agastache - Многоколосник *
  11. Ajuga - Живучка *
  12. Ajugoides
  13. Alajja *
  14. Alvesia
  15. Amasonia
  16. Amethystea - Аметистея *
  17. Anisochilus
  18. Anisomeles
  19. Archboldia
  20. Asterohyptis
  21. Ballota - Белокудренник *
  22. Basilicum - Базилик
  23. Becium
  24. Benguellia
  25. Blephilia
  26. Bostrychanthera
  27. Bovonia
  28. Brazoria
  29. Bystropogon
  30. Callicarpa L. - Красивоплодник
  31. Capitanopsis
  32. Capitanya
  33. Caryopteris - Орехокрыльник *
  34. Catopheria - Катоферия
  35. Cedronella
  36. Ceratanthus
  37. Chaiturus - Щетинохвост *
  38. Chamaesphacos *
  39. Chaunostoma
  40. Chelonopsis
  41. Chloanthes
  42. Cleonia
  43. Clinopodium - Пахучка *
  44. Colebrookea
  45. Collinsonia
  46. Colquhounia
  47. Comanthosphace
  48. Congea
  49. Conradina - Конрадина
  50. Coridothymus
  51. Cornutia
  52. Craniotome

Таралуы

Қазақстанда ерінгүлді өсімдіктердің жебір туыстыларынан - 27, жыланбас туыстыларынан - 22, көкжалбыз туыстыларынан 16 түр белгілі. Бұлар хош иісті болғандықтан, парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Ежелгі Мысырда жебірмен мәйіт бальзамдалған. Сан алуан эфир жайы көп мөлшерде хош иісті лаванда, гүлшетен, молдавандық жыланбастан алынады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатайдың альпілік белдеулерінде өсетін аталықты жыланбастың жер бетіндегі бөліктерінде 0, 4%-ға дейін эфир майы болады. Ол - бал жинағыш өсімдік. Ерінгүлділер ағашы тек тропикте өседі. «Жарғақты хиптис» деп аталатын бразилиялық түрі ағаш тәрізді ерінгүлділердің ең биігі. Оның биіктігі 12-15 метрге жетелі. Ал өзге ерінгүлді ағаштардың биіктігі 5 метрден аспайды. Ерінгүлді лиана аз мөлшерде тропиктік аймақта кездеседі. Оған америкалық салазария туысын, кейбір томағашөп түрлерін және гавайлық стеночипа туысын жатқызуға болады.

Қолданылуы

Ерінгүлділердің әр түрлі эфир майын көп мөлшерде өндіруде маңызы зор. Олардың көпшілігі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мәселен, дәрілік жөтелшөп. Халықтық медицинада демікпені, асқорыту мүшелерінің талаурауын емдеуге және жүйкені тыныштандыруға пайдаланылады. Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайдаланылатын да түрлері (кәдімгі жұпаргүл) бар.

Жалбыз (лат. Mentha) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік.

Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Жане де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады.

Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментю парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.

Биологиялық сипаттамасы

Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.

Жалбыздың қасиеттері

Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі - қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.

Жалбыздың пайдасы

Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға, тамақтан уланғанда, асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда, қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға, 6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды. Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады.

Түрлері:

  1. Mentha aquatica L. - Мята водная
  2. Mentha arvensis L. - Мята полевая, немесе Мята луговая
  3. Mentha australis R. Br. - Мята австралийская
  4. Mentha canadensis L. - Мята канадская
  5. Mentha cervina L.
  6. Mentha cunninghamii Benth.
  7. Mentha dahurica Fisch. ex Benth. - Мята даурская
  8. Mentha diemenica Spreng.
  9. Mentha gattefossei Maire
  10. Mentha grandiflora Benth.
  11. Mentha haplocalyx Briq.
  12. Mentha japonica (Miq. ) Makino - Мята японская
  13. Mentha laxiflora Benth.
  14. Mentha longifolia (L. ) Huds. - Мята длиннолистная
  15. Mentha micrantha (Benth. ) Des. -Shost. - Мята мелкоцветковая
  16. Mentha pulegium L. - Мята болотная, немесе Мята блошница
  17. Mentha requienii Benth.
  18. Mentha satureioides R. Br.
  19. Mentha spicata L. - Мята колосистая
  20. Mentha suaveolens Ehrh. - Мята душистая, немесе Мята круглолистная
  21. Кермек жалбыз- Mentha piperita

Кермек жалбыз - биіктігі 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүлдері ұсақ, түсі - бозғылт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Өркендердің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі. Гүл шірнелігінде тәтті тірне жиналады.

Кермек жалбыз - маңызды дәрілік өсімдік. Оның жапырақтарында 3%-ға дейін, гүлшоғырларында 6%-ға дейін эфир майы болады. Жалбыз майы ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Бас сақиналы, асқазан, тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі. Дәрілерге, парфюмерия бұйымдарына хош иіс беру үшін өте пайдалы. Соңғы кезде Ресей кермек жалбызды қолда өсіре бастады. Кермек жалбыздың бір гектарынан 18-25 ц түсім алуға болатыны анықталды.

Кермек жалбыз - ылғал, жарық, топырақ құнарлылығын талап ететін өсімдік. Оны тамыреабақ кесінділерінен көбейтеді. Өсімдіктің қаулап өсуі үшін орташа тәулікте 18-220С температура қажет. Температура бұдан жоғарылап кетсе, жалбыздың өсуіне кедергі жасайды. Тамырсабақты ерте көктемде егеді. Ол үшін жыртылған жердің тереңдігі 8-10 см болуы шарт. Жалбыздың түсімін гүлдеу кезінде жинайды. Өсімдік сабақтарын жасыл күйінде орып алып, май алады. Дәріханаға қажетті жапырақтар бөлігін кептіріп, кепкен жапырақтарды бастырады.

Көкжалбыз

Еріндігүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді. Аталығы - 4. Жемісі -жаңғақша. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады.

Жебір немесе Жебіршөп (лат. Thymus) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті шала бұталар туысы.

Еуразия және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 150-дей (кейбір мәліметтерде 400-ге жуық) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, жазық жерлерінде, қиыршықтасты тау бөктерлерінде өсетін 27 түрі бар.

Көбірек тарағандары :

  1. Кәдімгі жебір - Thymus vulgarіs,
  2. Маршал жебірі - Thymus marschallіanus
  3. Қызғылт жебір - Thymus roseus.

Биіктігі 1 - 25 см. Сабағы түп жағынан сүректеніп қатайып кеткен. Жапырағы бүтін жиекті, сағақты, кейде сағақсыз. Ұсақ, қызғылт, күлгін кейде ақ түсті гүлдері шоғырбас гүлшоғырын құрайды.

Гүлдері қос жынысты, аталығы - 4, аналығы - біреу, тостағанша жапырағы да, күлте жапырақшасы да - бесеу. Мамыр - тамыз айларында гүлдеп, маусым - қыркүйекте жеміс береді. Гүл тәжі бозғылт қос ерінді, үстіңгі ерінінің бас жағында ойығы бар, және төменгісі үшжапырақты, аталығы төртеу. Гүлдеу мерзімі өте ұзақ (мамырдан тамызға дейін) , жемістері ұсақ, қара шар тәрізді, маусым-қыркүйек айларында піседі. Барлық жебірлердің құрамында эфир майы көп болғандықтан күшті хош исті. Бұл түрден өндірісте эфир майы дайындалады. Шикізат-кептірілген сабақтардан, жапырақтардан, гүлдерден тұрады, «чабрец щөбі» деп аталады. Эфир майы парфюмерия, косметика, консервлеуде және кондитер өндірісінде, кейде тағамға дәм беру үшін пайдаланады.

Жемісі - жаңғақша. Жебірдің құрамында эфир майы көп. Одан алынатын тимол медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Жебір шөбі - ертеден келе жатқан емдік зат, тіпті Ежелгі Грецияда пайдаланылған. Біздің елімізде суықтигенде, тіс ауруларына, асқазан т. б жиі қолданады. Жақын түрлері барлық белгілі, жөтелге қарсы ішетін тәтті сироп - пертусиннің негізгі құрамы болып табылады. Басқа бағалы қасиеті - омарталық және декоративтік. Ауа райы қолайлы жылдары ол мықты деген омарталық өсімдіктермен бәсекелес бола алады, әсіресе жазықта, далада және тауда. Саяжайларда өсіру болады. Жақсы күтім жасалған болса тұқымнан өскен дербес түр екінші - үшінші жылдары гүлдейді .

Кәдімгі жебір

Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны - Жерорта теңізі. Ол - хош иісті, бұтағы тармақталған көпжылдық бұта. Гүлдері жапырақ қолтығында шоғырланып өседі. Гүлінің екі ерінді, бес тісшелі тостағаншасы болады. Жемісі - 4 жаңғақша. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Кәдімгі жебір - дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан халықтық медицинада оны көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаюға қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан, тіс пастасына, тазартқыш сабынға қосады.

Сәлбен, шалфей (Salvia) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 - 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі - жаңғақша. Сәлбен - хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Сәлбен - тауқалақай туысына жатады. Тұқымдасында 700-ге жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық жылы аймақтарында таралған. Біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы түрлері бар. Тропикалық аймақтарда ол көпжылдық өсімдік болғанымен, біздің климаттық жағдайда тек біржылдық гүлдер. Биіктігі 20-50 см аралығында. Молынан гүлдейтін кезі шілде айынан бастап алғашқы суық түскенге дейінгі аралық. Түріне қарай гүлінің түсі ақ, күлгін, күрең, қызыл, қызғылтым болады.

Қолданылуы

Қызыл түсті түрі ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Қала көгалдандыруда да қызыл түсі үлкен қолданыста. Гүлзарларға және түбектерге де егеді. Жеке аулаларға бойы 25-30 см-лік түрлерін өсірген дұрыс. Биік түрлерін жиі және молынан отырғызбаса, гүлі сирек болып көрінеді. Түсіне, биіктігіне қарай жеке-жеке топтастырып отырғызған дұрыс. Сәлбеннің 5-6 түсті түрінен ғана жеке гүлзар жасауға болады. Түбектерге аласа түрлерін отырғызады. Әр көшеттің арақашықтығы 18-20 см-ден кем болмауы керек.

Күтімі

Ашық күнде және алакөлеңкеде де өсе береді. Алакөлеңкеде егілген гүлінің түсі қанық, гүлдеуі ұзағырақ болады. Топырағы жеңіл, орташа құнарлы, ылғалды болғанын қалайды. Жаз айында түбін бірнеше дүркін қопсытып, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айында жинайды.

Көбейтілуі

Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінге бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің аяғында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап 60 күннен кейін гүлдей бастайды. Сонымен қатар қалемшелеп те көбейтуге болады. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді. Гүл формуласы: Т(5) К(2+3) А2Ж(2) .

Қырынан қарағанда гүлі аузын ашқан адамның кескінін бейнелейтін, үстіңгі 2 күлтесі - жоғары ерінді, астыңғы 3 күлтесі төменгі ерінді еске түсіретін өсімдіктер ерінгүлділер тұқымдасына топтастырылған. Бұлардың жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Ерінгүлділер - бұталы, шөптекті өсімдік. Сабағы - төрт қырлы.

Түрлері:

  1. Salvia aethiopis L. - Шалфей эфиопский
  2. Salvia africana L. - Шалфей африканский
  3. Salvia apiana Jeps. - Шалфей белый
  4. Salvia argentea L. - Шалфей серебристый
  5. Salvia aurea L. - Шалфей золотистый
  6. Salvia austriaca Jacq. - Шалфей австрийский
  7. Salvia azurea Lam. - Шалфей лазоревый
  8. Salvia brachyantha (Bordz. ) Pobed. - Шалфей короткоцветковый
  9. Salvia brandegeei Munz - Шалфей Брандеги
  10. Salvia canariensis L. - Шалфей канарский
  11. Salvia candelabrum Boiss. - Шалфей свечевидный
  12. Salvia carduacea Benth. - Шалфей чертополоховый
  13. Salvia chamaedryoides Cav. - Шалфей дубровниковый
  14. Salvia clevelandii (A. Gray) Greene - Шалфей Кливленда, немесе Шалфей кливлендский
  15. Salvia coccinea Buc'hoz ex Etl. - Шалфей ярко-красный
  16. Salvia columbariae Benth. - Шалфей голубиный
  17. Salvia compar (Wissjul. ) Trautv. ex Sosn. - Шалфей равный
  18. Salvia daghestanica Sosn. - Шалфей дагестанский
  19. Salvia deserta Schangin - Шалфей пустынный
  20. Salvia divinorum Epling & Jativa - Шалфей предсказателей, немесе Шалфей наркотический
  21. Salvia dominica L. - Шалфей Доминика
  22. Salvia dumetorum Andrz. ex Besser - Шалфей зарослевый, немесе Шалфей кустарниковый
  23. Salvia farinacea Benth. - Шалфей мучнистый
  24. Salvia forskahlii L. - Шалфей Форскаля
  25. Salvia glutinosa L. - Шалфей клейкий, немесе Шалфей железистый
  26. Salvia involucrata Cav. - Шалфей покрывальный
  27. Salvia judaica Boiss. - Шалфей иудейский

Дәрілік сәлбен (лат. Salvia officinalis) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік өсімдігі.

Ботаникалық сипаттамасы

Дәрілік шалфей - бұл өсімдік жартылай бұта, биіктігі 50 см, өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт -жасыл түсті болады.

Сабақтары бұтақталған, төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады

Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады. Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан. Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз) .

Гүлдері сабақтарының ұштарында кішкентай жапырақтардың қолтығында шоқтанып орналасқан, сондықтан сирек масақты гүл шоғырын түзеді. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады. Күшті хош иісі бар. Дәмі ащы.

Сабынкөктер тұқымдасы (Scrophulariaceae) Норичниковые - қос жарнақты шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта және шырмауық тәрізділер, көпшілік түрлері сапрофит, жартылай паразит және паразит болып келеді. Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі, негізінен, қоңыржай және субтропиктік белдемдерде өсетін 250 туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 23 туысқа бірігетін 170-тен аса түрі белгілі. Олар республиканың барлық облыстарында кездеседі. Сабынкөктер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары көбіне кезектесіп, кейбір түрлерінде қарама-қарсы не жеке-жеке орналасады. Гүлі қос жынысты, пішіні, құрылысы жағынан алуан түрлі болып келеді. Тостағаншасы ұзынды-қысқалы 4 - 5 тостағанша жапырақшалардан, күлтесі 4 не 5-тен тұтасып кеткен, пішіні дөңгелек не қос ерінді болады. Аталығы негізінен төртеу, аналығы жоғары жатынды, қос ұялы. Жемісі - көп тұқымды қорапша, сирек жидек тәрізді. Көптеген түрінің тұқымдары желмен тозаңданады, вегетативті көбейетін түрлері де кездеседі. Сабынкөктер тұқымдасының көпшілігі егістік пен шабындықтардың арам шөбі, кейбір түрлері улы болады, араларында балды және дәрілік түрлері де кездеседі.

Сабынкөк (Scrophularia) - сабынкөктер тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдіктер, кейде бұта, жартылай бұта түрлері де кездеседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 15 түрі бар. Соның ішінде көп тараған түрі - буылтық сабынкөк (Scrophularіa nodosa), ылғалы мол орманда, бұта арасында, кейде егістікте арамшөп ретінде кездеседі. Биіктігі 120 см, сабағы төрт қырлы, жапырақтары созылыңқы, шеті ара тісті тілімделіп келген. Ұсақ гүлдері қоңыр-жасыл түсті, масақ гүлшоғырына топталған. Жемісі - қосұялы қорапша. Буылтық сабынкөктің құрамында сапонин мен алкалоидтар бар. Сабынкөктер балды, дәрілік және әсемдік өсімдіктер, араларында улы түрлері де кездеседі. Сиыр мен қой жемейді. 2 түрі: жоңғар сабынкөгі (Scrophularіa dshungarіa) және нұрания сабынкөгі (Scrophularіa nuranіa) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су жағалап өсетін өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ұғымдары
«Сарғалдақтар, балдыршөптер, сужұлдыздар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері»
Тараңдар, тұңғиықтар, мүйізжапырақтар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері
«Балдыршөптер, құртқашаштар тұқымдастарының өкілдері»
Су жағалап өсетін теңгебастар, сукөріктер, астық, қиякөлеңкелер тұқымдастары
Су жағалап өсетін плаун және мүктәрізділер
«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер»
Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
«Су жағалап өсетін зостералар, наядалар және алисмалар тұқымдастарының өсімдіктері»
Жер-су аттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz